ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.19K subscribers
7.36K photos
858 videos
8 files
3.42K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Еңбек адамы

🏭Амангелді Қанатов 40 жылдан бері Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын кәсіпорында 3-разрядты слесарь болып бастаған.

Амангелді Қалымұлының ЭЛТҚ АТ-2 технологиялық қондырғысының операторы ретіндегі қызметі зауыт жұмысында ерекше маңызға ие.

⚡️Бұл секция мұнайды қыздыру, буландыру, фракциялау және дистиллят буларын шоғырландыру арқылы тұзсыздандыру мен судан ажырату процесін жүзеге асырады. Зауытқа келетін мұнай алғашында электрдегидратор блогынан өтеді. Осы жерде мұнай құрамындағы су мен тұзды айыру процесі жүреді.

— Жалпы мұнайды тазарту процестері өте маңызды. Біздің блокқа келетін өнім тиісті деңгейде тазартылмаса, өңдеу жұмыстары қиындап, жабдықтарға зиян келуі мүмкін. Сондықтан өндірістегі күрделі технологиялық әдістерді жетік білу және қондырғының жұмыс ерекшеліктерін түсіну аса қажет, — дейді А.Қанатов.


🗣Оның сөзінше, жұмысшылардың қызметіне деген адалдығы кәсіпорынды жетістікке жетелейді. Осы орайда жас мамандар үздіксіз дамып, біліктілігін үнемі жетілдіруі қажет.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥7👍42
ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚМГ инвестиция тарту мәселелерін талқылады

🗣Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті.

🟦Кездесу барысында Қазақстанның көмірсутек экспортының бағыттарын дамыту, отандық энергетика саласына шетелдік инвестициялар мен озық технологияларды тарту, сондай-ақ жобаларды халықаралық компаниялардың қатысуымен іске асыру мәселелері бойынша еліміздің сыртқы саяси ведомствосы мен ҚМГ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

🟦А.Хасенов ҚР Сыртқы істер министрлігіне ұлттық мұнай-газ компаниясының мүддесін шетелде ілгерілетуге жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдірді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🔥2👍1🤝1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚМГ инвестиция тарту мәселелерін талқылады 🗣Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтің кездесуі өтті. 🟦Кездесу барысында Қазақстанның көмірсутек…
МИД РК и КМГ обсудили вопросы привлечения инвестиций

🗣В КМГ состоялась встреча министра иностранных дел Республики Казахстан Ермека Кошербаева и председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхата Хасенова.

🟦В ходе встречи были обсуждены пути укрепления взаимодействия внешнеполитического ведомства страны и КМГ по вопросам развития маршрутов экспорта казахстанских углеводородов, привлечения иностранных инвестиций и передовых технологий в отечественную энергетическую отрасль, а также реализации проектов с участием международных компаний.

🟦А.Хасенов поблагодарил МИД РК за эффективное содействие в продвижении интересов национальной нефтегазовой компании за рубежом.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥73🆒3👍1
ҚМГ басшысы Маңғыстау облысындағы еншілес кәсіпорындармен өндіріс мәселелеріне қатысты жиын өткізді

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында кен орындарды игеру тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар бойынша еншілес кәсіпорындар басшыларының есептерін тыңдады.

◾️2025 жылдың қорытындысы бойынша жедел деректерге сәйкес «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) және «Қаражанбасмұнай» АҚ-да (ҚБМ) мұнай өндіру көлемі 13,3 млн тоннаны құрады (оның ішінде: ӨМГ — 5,1 млн тонна, ММГ — 6,1 млн тонна, ҚБМ — 2,1 млн тонна).

⚙️ ӨМГ ұңғымалардың жөндеусіз жұмыс істеу кезеңін ұлғайту мақсатында жерүсті инфрақұрылымы мен жерасты жабдықтарын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар ӨМГ-ға мұнай өндіру көлемін ұлғайту үшін суландыруды басқару мен жаңа технологияларды енгізу міндеті қойылды, себебі Өзен және Қарамандыбас кен орындары ескі және игерудің соңғы сатысында тұр.

🔎 ММГ Жетібай тобының спутниктік кен орындарын игеру тиімділігін арттыру тұжырымдамасын ұсынды. Биыл жекелеген кен орындардың геологиялық құрылымын нақтылау үшін дәлдігі жоғары 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

📌ҚБМ Қаражанбас кен орнының жағалау аймағын игеру жоспарлары, жүргізілген сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелерін баяндады. Бұл іс-шаралар қорларды толықтыруға, мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған.

💻Жиында «Сапарларды басқару», өндірістік қауіпсіздіктің «TUMAR» және электронды наряд-рұқсаттар жүйесін қоса алғанда, ҚМГ еншілес кәсіпорындарында жасанды интеллектіні қолданып цифрлық шешімдерді енгізуге қатысты мәселелер жеке қаралды. Бұған қоса жұмыс істеп тұрған кен орындарының цифрлық көшірмесі жасалады деп жоспарланып отыр.

🏭«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС 2025 жылы 856,4 млн м³ шикі газды өңдеп, нәтижесінде 711,2 млн м³ тауарлық газ, 204 мың тонна сұйытылған мұнай газын және 55,4 мың тонна пентан-гексан фракциясын өндірді.

🟦Сондай-ақ жиын барысында Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының қазіргі жай-күйі талқыланды. Жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылуда және жылына 900 млн текше метрге дейін табиғи мен ілеспе газды өңдеуге қауқарлы заманауи өндірістік кешен құруды көздейді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥51
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚМГ басшысы Маңғыстау облысындағы еншілес кәсіпорындармен өндіріс мәселелеріне қатысты жиын өткізді 🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында кен орындарды игеру тиімділігін арттыру бағытында қабылданып…
Глава КМГ провел производственное совещание с дочерними предприятиями в Мангистауской области

🗣В ходе рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов заслушал отчеты дочерних предприятий по принимаемым мерам повышения эффективности разработки месторождений.

◾️По итогам 2025 года в АО «Озенмунайгаз» (ОМГ), АО «Мангистаумунайгаз» (ММГ) и АО «Каражанбасмунай» (КБМ) добыча нефти по оперативным данным составила 13,3 млн тонн (из них: ОМГ — 5,1 млн тонн, ММГ — 6,1 млн тонн, КБМ — 2,1 млн тонн).

⚙️ ОМГ ведется системная работа по модернизации наземной инфраструктуры и подземного оборудования в целях увеличения периода безремонтной работы скважин. Кроме этого, перед ОМГ поставлена задача по управлению заводнением и внедрению новых технологий для увеличения добычи нефти, так как месторождения Узень и Карамандыбас являются зрелыми и находятся на последней стадии разработки.

🔎 ММГ представлена Концепция по повышению эффективности разработки спутниковых месторождений Жетыбайской группы. В текущем году предусмотрено проведение высокоразрешающих 3D-сейсморазведочных работ для уточнения геологического строения отдельных месторождений.

📌КБМ доложил по планам освоения Прибрежной зоны месторождения Каражанбас, по результатам проведенных сейсморазведочных работ, что нацелено, как на пополнение запасов, так и на увеличение добычи нефти.

💻Отдельный блок вопросов касался внедрения цифровых решений с применением искусственного интеллекта в дочерних предприятиях КМГ, включая «Управление поездками», производственная безопасность — «TUMAR» и система электронных наряд-допусков. Также в планах создание цифровых двойников действующих месторождений.

🏭ТОО «Казахский газоперерабатывающий завод» за 2025 год переработал 856,4 млн м³ сырого газа с производством 711,2 млн м³ товарного газа, 204 тыс. тонн сжиженного нефтяного газа и 55,4 тыс. тонн пентан-гексановой фракции.

🟦Также в ходе совещания обсужден текущий статус строительства нового газоперерабатывающего завода в Жанаозене. Проект реализуется по прямому поручению Главы государства и предусматривает создание современного производственного комплекса с мощностью переработки природного и попутного газа до 900 млн кубических метров в год.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍94👏1👨‍💻1
⚡️Өткен аптаның басты оқиғалары — #KMGapta топтамасында

➡️ Құдайберген Арымбек «Қазақтүрікмұнай» ЖШС бас директоры болып тағайындалды;

➡️ ҚМГ зауыттары 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік көрсеткіштердің ең жоғары тарихи межесіне жетті;

➡️ Магистралды мұнай құбырының стратегиялық учаскесінде химиялық зертхана құрылысы аяқталды;

➡️ Oil Construction Company еңбек жағдайын жақсартуда;

➡️ Еңбек адамы: Амангелді Қанатов — Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғы операторы;

➡️ ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚМГ инвестиция тарту мәселелерін талқылады;

➡️ ҚМГ басшысы Маңғыстау облысындағы еншілес кәсіпорындармен өндіріс мәселелеріне қатысты жиын өткізді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥4👍21
⚡️Ключевые события недели — в подборке #KMGapta

➡️ Кудайберген Арымбек назначен генеральным директором ТОО «Казахтуркмунай»;

➡️ Заводы КМГ достигли исторического максимума производственных показателей по итогам 2025 года;

➡️ На стратегическом участке магистрального нефтепровода завершено строительство химической лаборатории;

➡️ Oil Construction Company улучшает условия труда;

➡️ МИД РК и КМГ обсудили вопросы привлечения инвестиций;

➡️ Глава КМГ провел производственное совещание с дочерними предприятиями в Мангистауской области.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍4🔥21
Балалар үшін жаңа мүмкіндіктер: ҚазМұнайГаз Жаңаөзенде Оқушылар сарайын салып берді

📍Жаңаөзен қаласында заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы ашылды. Қала үшін маңызы бар жоба Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды.

🗣Салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Бахытжан Таубаев, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

📚Болашақ сарайы балалар мен жасөспірімдерге шығармашылық, ғылым және спорт саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Ғимаратта робот техникасы, бағдарлама жасақтау, 2D/3D модельдеу, шет тілдері, киім дизайны және қолөнер, шахмат, вокал, сондай-ақ классикалық және халық аспаптарын үйрену кабинеттері жабдықталған.

🟦Бұған қоса, жаңартылатын энергия көздері, қолданбалы және жаратылыстану ғылымдарына баулитын зертханалар, бейнелеу өнері студиясы, хореографияны, актерлік шеберлікті, журналистиканы меңгеруге арналған телестудиясы мен ағаш шеберханалары жұмыс жасайтын болады.

🟦Орталық жоғары технологиялық құралдармен, компьютерлік техникалармен және қажетті заттармен жарақтандырылған.

🟦Кешен аумағын абаттандыруға ерекше назар аударылды: амфитеатр, субұрқақ, футбол алаңы, сондай-ақ арт нысандары бар аллея салынды.

✔️Ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрден асады. Оқушылар сарайы бір күнде 1500-ге дейін баланы қабылдай алады. Нысан ҚМГ-ның еншілес компаниялары — «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ak Su KMG» ЖШС қолдауымен салынды.

— Болашақ сарайы балалардың жан-жақты дамуына, дарыны мен қабілетін шыңдауға және сапалы білім алуына мүмкіндік береді. 2025 жылдың соңында Жаңаөзен және оған жақын орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қуаты 50 мың текше метрді құрайтын «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауыты іске қосылды. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. ҚМГ әлеуметтік жауапты компания ретінде өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде білім беретін, мәдени, медицина және спорт нысандарының бой көтеруіне үнемі мән беріп келеді. Бұл бастамалар арқылы ұлттық компания тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге өз үлесін қосып келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады, — деді ҚМГ басшысы А.Хасенов.


🚍Сонымен қатар Оқушылар сарайының салтанатты ашылуы барысында балаларды тасуға арналған жаңа шағын автобустың кілті табысталды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍124🔥43