Атырау облысында Газ сепарациялау кешенінің алғашқы қадасы қағылды
🏗️19 қарашада Теңіз кен орнының алаңында Газ сепарациялау кешенінің (ГСК) алғашқы қадасын қағу рәсімі өтті. Қуаты жылына 9,1 млрд м³ құрғақ газ өңдейтін ірі кәсіпорынның құрылысы — еліміздің мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың маңызды кезеңі.
Жалпы, нысан құрылысы алаңында 22 мыңға дейін қада қағу жоспарланған. Барлық қада қазақстандық өндірушілерден сатып алынуда.
🏭 Жоба полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытын жылына 1,6 млн тоннаға дейін этанмен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар кешен жылына 360 мың тоннаға дейін пропан өндіреді. Бұл фракциялар «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін құрғақ тазартылған газдан бөлініп алынады.
📌 Газ сепарациялау кешенінің іске қосылуы тұрақты шикізат базасын қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бұл Мемлекет басшысы айқындаған мұнай-газ химиясы кластерін және шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерге сәйкес келеді.
▪️ Жобаны жүзеге асыру кезінде қазақстандық қамту үлесін арттыруға ерекше назар аударылады. Отандық кәсіпорындар, өндірістік сервистер және білікті мамандар тартылатын болады.
▪️ Қазақстандық кәсіпорындар шығаратын өнім ауқымды көлемде пайдаланылмақ: 1 млн 193 мың м³ инертті материал, 27 мың тоннадан астам металл конструкциялар, сондай-ақ негізгі электр-техникалық жабдықтар (7 модульдік қосалқы станция, 62 трансформатор, 220 кВ ашық тарату құрылғысы) және ірі технологиялық жабдықтар — пропан сақтауға арналған көлденең буллиттер мен 4 ірі колонна.
▪️ Жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі де жоғары. Құрылыс кезеңінің ең қарқынды сәтінде Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары үшін 3 500-ге дейін уақытша жұмыс орны, сондай-ақ 400 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кешенді іске қосу 2028 жылдың соңына, ал пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.
⚙️ Кешеннің негізгі технологиясы — сұйытылған көмірсутек газдарын өңдеу және фракциялау саласында әлемдік жетекші Honeywell UOP компаниясының технологиялық шешімдері.
📱 ҚазМұнайГаз
🏗️19 қарашада Теңіз кен орнының алаңында Газ сепарациялау кешенінің (ГСК) алғашқы қадасын қағу рәсімі өтті. Қуаты жылына 9,1 млрд м³ құрғақ газ өңдейтін ірі кәсіпорынның құрылысы — еліміздің мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың маңызды кезеңі.
Жалпы, нысан құрылысы алаңында 22 мыңға дейін қада қағу жоспарланған. Барлық қада қазақстандық өндірушілерден сатып алынуда.
Анықтама:
Жобаны «KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) жүзеге асыруда. Құрылыс Италияның Tecnimont S.p.A. (Maire тобы) басқаратын халықаралық консорциуммен бірлесіп жүргізілуде. Консорциум құрамына CCIC (Ливан) компаниясы кіреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍3❤2👏1 1
В Атырауской области забили первые сваи Газосепарационного комплекса
🏗️Забивка первых свай для Газосепарационного комплекса (ГСК) состоялась 19 ноября текущего года на площадке Тенгизского месторождения. Строительство крупного предприятия мощностью переработки до 9,1 млрд м³ сухого газа в год является важным этапом развития отечественной нефтегазохимической отрасли.
В целом, планируется погрузить до 22 000 свай, которые полностью закупаются у казахстанских производителей.
🏭 Проект направлен на обеспечение полиэтиленового завода «Силлено» необходимым сырьем — этаном до 1,6 млн тонн в год. Также ГСК будет вырабатывать пропан в объеме до 360 тысяч тонн. Эти фракции извлекаются из сухого очищенного газа, поступающего от ТОО «Тенгизшевройл».
📌 Реализация проекта ГСК позволит сформировать устойчивую сырьевую базу и обеспечить выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью, что соответствует стратегическим приоритетам, обозначенным Главой государства по развитию нефтегазохимического кластера и несырьевого экспорта.
▪️ В ходе реализации проекта особое внимание будет уделено увеличению доли казахстанского содержания путем вовлечения отечественных предприятий, производственных сервисов и квалифицированных кадров.
▪️ Планируется масштабное использование продукции отечественных производителей, включая до 1 млн 193 тыс. м³ инертных материалов и более 27 тыс. тонн металлоконструкций, а также размещение заказов у казахстанских производителей на ключевое электротехническое (7 модульных подстанций, 62 трансформатора, открытое распределительное устройство 220кВ) и крупногабаритное оборудование (горизонтальные буллиты хранения пропана и 4 крупные технологические колонны).
▪️ Проект также имеет значимый социально-экономический эффект. На пике строительства будет создано до 3 500 временных рабочих мест из числа жителей Атырауской и Мангистауской областей, постоянных рабочих мест — 400. Запуск производства намечен на конец 2028 года с вводом в эксплуатацию в 2029 году.
⚙️ Основная технология комплекса основана на решениях американской компании Honeywell UOP, мирового лидера в области переработки и извлечения сжиженных углеводородных газов.
📱 ҚазМұнайГаз
🏗️Забивка первых свай для Газосепарационного комплекса (ГСК) состоялась 19 ноября текущего года на площадке Тенгизского месторождения. Строительство крупного предприятия мощностью переработки до 9,1 млрд м³ сухого газа в год является важным этапом развития отечественной нефтегазохимической отрасли.
В целом, планируется погрузить до 22 000 свай, которые полностью закупаются у казахстанских производителей.
Справочно:
Проект реализуется ТОО «KMG PetroChem» (дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз»). Строительство осуществляется в партнёрстве с международным консорциумом под руководством итальянской компании Tecnimont S.p.A. (группа Maire, Италия), в состав которого входит Consolidated Contractors International Company (CCIC, Ливан).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12👏7❤4👍4 2
KMG Skills: Атырауда слесарь, дәнекерлеуші және машинистер сынға түсуде
🗣 Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында «KMG Skills» кәсіби дағдылар чемпионатының практикалық кезеңі өтіп жатыр.
🧰 «APEC Training Center» ЖШС оқу базасында технологиялық қондырғыларды жөндеу және қызмет көрсету слесарі, электр газбен дәнекерлеуші, электромонтер, компрессорлық қондырғылардың машинисі, бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматика слесарі бойынша 38 маман шеберліктерін көрсетуде.
📌 Айта кетейік, 18-21 қараша аралығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтіп жатқан «KMG Skills» чемпионатына ҚМГ-ның 19 еншілес және тәуелді ұйымдарынан 100-ге жуық адам қатысуда. Конкурс 3 кезеңнен тұрады.
📱 ҚазМұнайГаз
— Мен «электр газбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша практикалық сынға түскен 9 маманның жұмысын бақылап тұрмын. Практикалық тапсырмада электр газбен дәнекерлеушілер өздеріне берілген пластина мен труба купонында техникалық талаптарға сәйкес сапалы дәнекер жігін орындауы керек. Әр маманға 2 сағат уақыт берілді, — дейді тәуелсіз сарапшы Ерлан Жалғасов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥3❤1
«KMG Skills»: слесари, сварщики и машинисты показывают мастерство в Атырау
🗣 В Атырау стартовал 1 этап практической части чемпионата по профессиональным навыкам «KMG Skills» среди рабочих профессий группы компаний АО НК «КазМунайГаз».
🧰 В соревнованиях на базе учебного центра ТОО «APEC Training Center» приняли участие слесари по ремонту и обслуживанию технологических установок, электрогазосварщики, электромонтеры, машинисты компрессорных установок и слесари по контрольно-измерительным приборам и автоматике. Всего 38 специалистов.
📌 Отметим, что масштабное соревнование KMG Skills, которое проходит в рамках «Года рабочих профессий», объединило порядка ста лучших специалистов из 19 дочерних и зависимых предприятий АО НК «КазМунайГаз». Конкурс состоит из 3 этапов.
📱 ҚазМұнайГаз
— В мои обязанности судьи входит контроль за 9 специалистами в номинации «Электрогазосварщик». В практическом задании работники должны выполнить качественный соединительный шов в соответствии с техническими требованиями на выданной им пластине и трубном купоне. Каждому специалисту выделено 2 часа, — отмечает независимый эксперт Ерлан Жалгасов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥2❤1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
KMG Skills: Атырауда слесарь, дәнекерлеуші және машинистер сынға түсуде 🗣 Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында «KMG Skills» кәсіби дағдылар чемпионатының практикалық кезеңі өтіп жатыр. 🧰 «APEC Training Center» ЖШС…
Атырау қаласында өтіп жатқан «KMG Skills» кәсіби чемпионаты жұмысшы мамандардың білімі мен біліктілігін шыңдайды. Сынға түсіп жатқан әріптестеріме баға берсем «сен тұр, мен атайын» деген мықтылар. Сондай шебер мамандардан өзімнің үйренерім көп деген ой түйдім. Әрине, жарыс болған соң бар күшімді, білімімді салып, бағымды сынайтын боламын.
Чемпионаттың бірінші кезеңінде электромонтерлер электр жүйелерінде айнымалы токтың жиілігі мен кернеуін өзгерту арқылы электрқозғалтқыштың айналу жылдамдығын реттеу бойынша тапсырмаларды орындады. Өзіме жүктелген тапсырмаларды талапқа сай әрі ойдағыдай орындап шықтым деп есептеймін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥4❤1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
KMG Skills: Атырауда слесарь, дәнекерлеуші және машинистер сынға түсуде 🗣 Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында «KMG Skills» кәсіби дағдылар чемпионатының практикалық кезеңі өтіп жатыр. 🧰 «APEC Training Center» ЖШС…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«APEC Training Center» ЖШС оқу базасында өткен жарыстар
Соревнования на базе учебного центра ТОО «APEC Training Center»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10👍7❤2🤝1
«KMG Skills» байқауы кезеңдерінің бірі Ембімұнайгаз компаниясының кен орнында өтті
🗣 «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионатының тағы бір кезеңі Атырау облысындағы «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының оқу полигонында өтті.
👷♂️ Мұнда 33 адам өзара сынға түсті, олар мұнай және газ өндіру, ұңғымаларды зерттеу, мұнайды дайындау жөніндегі операторлар (тауар операторы) және технологиялық қондырғылардың операторлары. Жалпы жарысқа «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «CASPI BITUM» БК» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «Dunga operating GmbH», «Урал Ойл энд Газ» ЖШС жұмысшылары қатысты.
💯 Практикалық тапсырмаларды орындау барысында қызметкерлер өз шеберліктерін көрсетсе, қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби дағдыларын бағалады.
📌 Айта кетейік, чемпионат жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып қана қоймай, барлық қызметкердің өндірістік міндеттерді сапалы орындауға ынталандырады.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥3❤1