ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.18K subscribers
7.36K photos
858 videos
8 files
3.42K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Қазақстанның ең ірі мұнай-газ-химия жобасы: Атырауда полиэтилен зауытының алғашқы қазығы қағылды

📍2025 жылдың 31 наурызында Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының алғашқы қазығы қағылды.

🏗️Ауқымды құрылысты Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, СИБУР-дың басқарма мүшесі — атқарушы директоры Павел Ляхович және Sinopec компаниясының аға вице-президенті Ван Тао бастады.

✔️Жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін және инвестиция көлемі $7 млрд астам құрайтын зауыт құрылысын 2028 жылы аяқтап, өндірісті 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр. «Силлено» Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ауқымды жобалардың бірі болмақ.

⚙️Зауыт негізгі өнеркәсіп салаларында қолданылатын 20-дан астам полиэтилен түрін шығаруға қауқарлы.

📊Жоба құрылыс кезеңінің өзінде ұлттық экономикаға мультипликативті оң әсер тигізіп, Қазақстанның шикізаттық емес экспортын арттыруға ықпал етеді. «Силлено» өнімдері елдегі полиэтилен импортының 90%-ын алмастыра алады, осылайша кәсіпорынның маңызы арта түспек. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанның полиэтилен нарығы шамамен 300 мың тоннаға жетті. Ал сарапшылардың бағалауы бойынша 2035 жылға дейін бұл көрсеткіш 400 мың тоннаға дейін өсуі мүмкін. Қазақстандық тұтынушылардың полиэтиленге деген негізгі сұранысын «Силлено» қамтамасыз етуге дайын.

⚡️Зауыттың құрылыс кезеңінде шамамен 8000 жұмыс орны, ал өндіріс басталғаннан кейін 800 жұмыс орны ашылады.

Полиэтилен өндірісіне шикізат ретінде этан қолданылады. Ол «Теңізшевройл» компаниясының кен орындарынан алынған газдан ҚМГ жүзеге асыратын Газосепарациялық кешенде өңделеді. Одан әрі этан магистралды құбыр арқылы Силленоға жеткізілетін болады. Құбыр құрылысын ҚМГ жүргізеді.

✔️Болашақ кешен америкалық Lummus компаниясының технологиясымен этилен өндіруге арналған пиролиз қондырғысынан және Chevron Phillips Chemical (АҚШ), Univation Technologies (АҚШ) технологияларының көмегімен этиленді полимерлеу қондырғыларынан, сондай-ақ Axens (Франция) технологиясымен салынатын бутен қондырғысынан тұрады.

✔️Мұнай-газ химиясы саласындағы әлемдік жетекші технологиялық шешімдер жаңа өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оның сенімді жұмысына және қоршаған ортаға минималды әсеріне кепіл береді.

Құрылыс алаңындағы алғашқы дайындық жұмыстары пиролиз қондырғысынан басталды, қондырғы құрылысын EPC-мердігер Tecnicas Reunidas (Испания) Sinopec Engineering Incorporation (Қытай) компаниясымен бірлесіп жүргізетін болады.

Анықтама үшін:
Жобаны Силлено компаниясы жүзеге асырады, компания акционерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (40%), Sinopec Overseas Investment Holding (30%) және «СИБУР Холдинг» АҚ (30%).

Зауыт Қазақстанның полиэтиленге деген ішкі сұранысын қамтамасыз ете отырып, өнімдерін ТМД елдеріне, Еуропа, Қытай және Түркияға жеткізуді жоспарлап отыр.

Полиэтилен көптеген дайын өнімдерде қолданылатын негізгі шикізат. Олардың қатарында су, газ, канализация, вентиляция, жылыту жүйелеріне арналған құбырлар мен клапандар, электр және жылу оқшаулайтын материалдар, қайықтар мен жол талғамайтын көліктерге арналған корпус, техникалық жабдықтар, тұрмыстық техника, медициналық жабдықтар, автобөлшектер, ойыншықтар, барлық маркалы пленкалар, ыдыс (бутылкалар, қораптар, канистрлер және басқа), сондай-ақ тұрмыста да, өнеркәсіпте де кеңінен қолданылатын басқа да тауар түрлері бар.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9👍51🎉1🤝1
Крупнейший нефтегазохимический проект Казахстана: в Атырау забили первые сваи для полиэтиленового завода

📍31 марта 2025 года на территории специальной экономической зоны «Национальный индустриальный нефтехимический технопарк» в Атырауской области забили первые сваи в основание будущего завода по производству полиэтилена «Силлено».

🏗️Старт масштабной стройке дали аким Атырауской области Серик Шапкенов, председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхат Хасенов, вице-министр энергетики РК Кудайберген Арымбек, член правления — исполнительный директор СИБУРа Павел Ляхович и старший вице-президент Sinopec Ван Тао.

✔️Строительство завода мощностью 1,25 млн тонн полиэтилена в год и объемом инвестиций более $7 млрд планируется завершить в 2028 году и запустить производство в 2029 году. «Силлено» станет одним из масштабных проектов в обрабатывающей промышленности Казахстана.

⚙️Завод сможет выпускать более 20 марок полиэтилена, применяемых в ключевых отраслях промышленности.

📊Проект окажет мультипликативный положительный эффект на национальную экономику уже на этапе строительства и способствует росту несырьевого экспорта Казахстана. Продукция «Силлено» будет играть важную роль в замещении импорта полиэтилена, позволяя заместить около 90% импортного ассортимента. Согласно данным Бюро национальной статистики РК, в 2024 году рынок полиэтилена в Казахстане составил порядка 300 тыс. тонн, и, по оценкам экспертов, может вырасти до 400 тыс. тонн к 2035 году. Основная часть спроса со стороны казахстанских потребителей полиэтилена будет обеспечена поставками «Силлено».

⚡️Запуск завода позволит создать около 8000 рабочих мест на стадии строительства и 800 рабочих мест после запуска производства.

Сырьем для производства полиэтилена является этан, который будет выделяться на реализуемом КМГ Газосепарационном комплексе из газа с месторождений компании «Тенгизшевройл» и доставляться до Силлено по магистральному трубопроводу, который также будет построен КМГ.

✔️Будущий комплекс предполагает строительство установки пиролиза для производства этилена по технологии американской компании Lummus, установок полимеризации этилена по технологиям Chevron Phillips Chemical (США), Univation Technologies (США), а также установки бутена по технологии Axens (Франция).

✔️Технологические решения мировых лидеров в области нефтегазохимии обеспечат безопасность нового производства, что гарантирует не только высокую надежность, но и минимальное воздействие на окружающую среду.

Первые подготовительные работы на площадке начались с установки пиролиза, EPC-подрядчиком которой является Tecnicas Reunidas (Испания) в консорциуме с Sinopec Engineering Incorporation (КНР).

Справочно:
Проект реализует компания Силлено, акционерами которой являются АО НК «КазМунайГаз» (40%), Sinopec Overseas Investment Holding (30%) и ПАО «СИБУР Холдинг» (30%).

Завод обеспечит внутренний спрос Казахстана в полиэтилене и планирует поставки продукции в страны СНГ, Европу, Китай и Турцию.

Полиэтилен — является базовым сырьем для производства целого ряда продукции: трубы и клапаны для систем водо-, газоснабжения, канализации, вентиляции, отопления, электроизоляционный и теплоизоляционный материалы, корпуса для лодок, вездеходов, детали технической аппаратуры, бытовой техники, медицинской аппаратуры, автокомпонентов, игрушек, пленки всех марок, тара (бутылки, ящики, канистры и др.) и других товаров, востребованных как в быту, так и в промышленности.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👏4🔥32
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Атырауда полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы басталды.

✔️Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің батысында мұнай-газ-химия өнеркәсібі кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

*****

⚡️В Атырау началось строительство завода по производству полиэтилена.

✔️Проект реализуется в рамках поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию кластера нефтегазохимической промышленности в западном регионе страны.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥5🤝42