ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.2K subscribers
7.38K photos
859 videos
8 files
3.43K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚазМұнайГаз бен CNPC стратегиялық серіктестікті нығайтуда

📍 Бейжіңде ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CNPC Президенті Хоу Цицзюнмен кездесті.

🗣 Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық, мұнай өндіру тиімділігін арттыру, Шымкент МӨЗ (ПҚОП) қуатын кеңейту және мұнай-газ-химия жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

CNODC-мен (CNPC еншілес компаниясы) бірлескен жұмыс шеңберінде Каспий маңы ойпатының шығыс бортындағы жаңа учаскелер зерттелуде. Тиімділігі төмен және игеруі қиын мұнай-газ кен орындарында мұнай алу коэффициентін арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық шешімдер қаралды. Мұнай беруді арттыруға бағытталған технологияларды сынайтын кен орындары да анықталды.

📊 Компаниялар ПҚОП қуатын 6-дан 12 млн тоннаға дейін арттыру жобасы бойынша алдағы жоспарлармен бөлісті.

✔️ Сондай-ақ отандық фермерлер үшін маңызды азот тыңайтқышын өндіруге арналған Карбамид жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесінің қорытындылары қаралды. Жобалық қуаты – жылына 1 млн тоннаға дейін, жоба құны – шамамен 1,5 млрд долл.

🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаларды табысты іске асыруға және ҚМГ мен CNPC арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға сенім білдірді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍72💯1🤝1
КазМунайГаз и CNPC укрепляют стратегическое партнёрство

📍 В Пекине председатель Правления КМГ Асхат Хасенов провёл встречу с президентом CNPC Хоу Цицзюнем.

🗣 Стороны обсудили вопросы сотрудничества в геологоразведке, повышения эффективности добычи нефти, расширения мощностей Шымкентского НПЗ (ПКОП) и реализации нефтегазохимических проектов.

В рамках совместной работы с CNODC (дочерняя компания CNPC) изучаются новые участки на восточном борту Прикаспийской впадины. Были рассмотрены научно-технические разработки, направленные на увеличение коэффициента извлечения нефти на низкорентабельных и трудноизвлекаемых месторождениях нефти и газа. Определены месторождения для испытания технологий повышения нефтеотдачи.

📊 Компании обменялись дальнейшими шагами по проекту Расширения мощностей ПКОП с 6 до 12 млн тонн.

✔️ Также рассмотрены итоги предТЭО проекта Карбамид по производству важного для отечественных фермеров азотного удобрения. Предполагаемая проектная мощность — до 1 млн тонн в год, стоимость — около 1,5 млрд долл.

🤝 По итогам встречи стороны выразили уверенность в успешной реализации проектов и укреплении стратегического партнёрства между КМГ и CNPC.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1332🤝2
Қаражанбасмұнай автопаркін жаңартуды жалғастыруда

🚛 «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) автопаркіне жаңа 12 арнайы техника қосылды. Технологиялық көлік департаменті қызметкерлеріне 25 тонналық автокран кілттері табысталды.

⚙️ Жаңа автокрандар ұңғымаларды орнату, өндірістік-техникалық жабдықтарды көтеру, бұрғылау қондырғысын көшіру, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу үшін пайдаланылады. Бұл өндірістегі жұмысты жеңілдетіп, тиімділікті арттыруға айтарлықтай әсер етеді.

✔️ Жыл басынан бері ҚБМ автопаркі жалпы саны 63 техникамен толықты. Көліктерді жаңарту бағдарламасы аясындағы жұмыстар жоспар бойынша жалғасады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥2👏2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥4👏2
Каражанбасмунай продолжает обновлять автопарк

🚛 Автопарк АО «Каражанбасмунай» (дочерняя компания КазМунайГаза) пополнился 12 единицами новой спецтехники. Cотрудники департамента технологического транспорта получили ключи от 25-тонных автокранов.

⚙️ Новые автокраны будут использоваться для установки скважин, подъёма производственно-технического оборудования, перемещения буровых установок, проведения капитального и подземного ремонта скважин и других важных работ. Это позволит значительно упростить выполнение производственных задач и повысить общую эффективность.

✔️ С начала года автопарк КБМ уже пополнился 63 машинами. Модернизация транспорта продолжается в соответствии с планом компании.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍5👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Эмиссияларды бақылауға арналған автоматтандырылған жүйе қалай жұмыс істейді?

⚡️ Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының төрт технологиялық нысанында эмиссияларға бақылау жүргізетін автоматтандырылған жүйе іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз.

⚡️ Бүгінгі бейнероликте экологияны бақылау құралдары пештер мен қазандықтардың түтін газдарындағы күкірт ангидриді, күйе, азот оксиді және көміртегі оксиді шығарындыларын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретіні айтылады. Бақылау жүйесінің деректері әр 20 минут сайын «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйе арқылы бақылаушы мемлекеттік органдарға беріледі.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2💯21
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥇 «Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегері Қыдырәлі Балғабай Азия чемпионы атанды

📍 14-15 желтоқсан күндері Бахрейнде 12-17 жас аралығындағы спортшылар арасында аралас жекпе-жектен (ММА) Азия чемпионаты өтті.

🥊 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жаңаөзендік Қыдырәлі Балғабай алтын медаль иегері атанып, Қазақстанның абыройын асқақтатты.

🗣 Қыдырәлі спортпен 5 жасынан бастап айналысады. Кудо мен аралас жекпе-жекке қызыққан ол осы уақытқа дейін алты дүркін Қазақстан чемпионы атанып, бірнеше халықаралық жарыстарда жеңімпаз болды. Жас спортшының айтуынша, Азия чемпионатындағы жеңіс — әлемдік додаларда топ жаруға ынталандыратын маңызды жетістік.

🗣 Қазіргі таңда Қыдырәлі «Жарқын Болашақ» бағдарламасы арқылы Астанада орналасқан Басқару колледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алады. Спорттағы жетістіктерімен қатар, ол білім жолында да биіктен көрінуді мақсат еткен. Тәуелсіздік күні қарсаңында көк туымызды желбіреткен Қыдырәлі Балғабайдың жеңісті сәттері көп болсын деп тілейміз!

«Жарқын болашақ» бағдарламасы ҚМГ-ның қолдауымен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда бағдарлама аясында 1 000 астам маңғыстаулық жеткіншек еліміздің озық оқу орындарында сапалы білім алып жатыр.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥3🏆21
KPI Астанада жаңа қойма ашты: солтүстік өңірлерге өнім жеткізу мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқарды

🔒 «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) Астана қаласында полипропиленді сақтау және жылдам жеткізу үшін қойма ашты.

✔️ 500 тонна дайын өнімге есептелген жаңа қойма Қазақстанның солтүстік өңірлерінің өңдеуші компаниялары үшін полимер шикізатының логистикалық қолжетімділігін арттырады және клиенттерге өнім жеткізу мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін айтарлықтай қысқартады.

🗣 Жаңа қойманың ашылуында ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов отандық өндірушілерді қолдау үшін логистикалық желіні дамытудың маңызын атап өтті.

— ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — KPI клиенттерді қолдау бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. KPI басымдықтарының бірі — ең алдымен отандық тауар өндірушілердің полимерлерге деген қажеттіліктерін өтеу. Биыл Қазақстанда полипропилен бағасы көршілес елдермен салыстырғанда ең төмен болды. Ішкі өңдеу нарығын дамытуға қатысты келесі қадамымыз — 2025 жылы Шымкент қаласында еліміздің оңтүстік өңірлері үшін осындай қойма ашу, — деді Ә.Мағауов.


📈 Бүгінгі таңда полипропиленнің ішкі нарығында KPI үлесі 50%-ды құрайды, бұл ішкі нарықта бағалардың бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. KPI-дің Сату қызметі және тұтынушылар сервисінің басшысы Дамир Әбелдиновтің айтуынша, компания тауарды өңдеуші кәсіпорындарға теміржол көлігімен жөнелту мүмкіндігін ұсынып, кросс-докинг қызметін іске қосты. Бұл сервис өнімді сақтауға шығын шығармай, полипропиленді экономикалық тұрғыдан тиімді сатып алуға мүмкіндік береді. Келесі жылы өнімді сатып алушылардың теміржол және тұйық станцияларына жеткізе отырып, сервис аясын кеңейту жоспарда.

✔️ Астанада қойманың ашылуында бірінші клиент — «Aqua Atom» отандық компанияға полипропилен жеткізілді. Бұл компания ай сайын 5 тоннаға жуық өнімді тұтынып, суды тазарту үшін әлемдік деңгейдегі полипропилен сүзгілерін шығарады. Компанияның өнімдері жоғары технологиялық жабдықта KPI полипропиленінен жасалады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👍4👏1🤝1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🤝2👏1
KPI открыл новый склад в Астане: сроки доставки сокращены с 10 до 1 дня для северных регионов

🔒 ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI — дочерняя организация АО НК «КазМунайГаз») открыло в Астане склад для хранения и оперативной доставки полипропилена.

✔️ Новый склад, рассчитанный на 500 тонн готовой продукции, повысит логистическую доступность полимерного сырья для компаний-переработчиков из северных регионов Казахстана и существенно сократит сроки доставки до клиентов — с 10-ти до 1-го дня.

🗣 На открытии нового склада заместитель председателя Правления КМГ Асет Магауов отметил значимость развития логистической сети для поддержки отечественных производителей.

— Дочерняя компания КазМунайГаза — KPI продолжает последовательную работу по клиентоориентированности компании. Одним из важных приоритетов KPI является удовлетворение в первую очередь потребностей в полимерах отечественных товаропроизводителей. На протяжении текущего года цена на полипропилен в Казахстане была самой низкой среди сопредельных стран. Следующим нашим шагом по развитию внутреннего рынка переработки будет открытие аналогичного склада для южных регионов страны — в городе Шымкент в 2025 году, — отметил А.Магауов.


📈 На сегодня доля KPI на внутреннем рынке полипропилена составляет 50%, что говорит о конкурентоспособности цен на внутреннем рынке. Руководитель службы продаж и клиентского сервиса KPI Дамир Абельдинов подчеркнул, что компания предоставляет переработчикам возможность отгрузки железнодорожным транспортом и запускает сервис кросс-докинга, что позволяет экономически эффективно приобретать полипропилен, избегая затрат на хранение. В следующем году планируется расширение сервиса с доставкой продукции до железнодорожных станций и тупиков покупателей.

✔️ С открытием склада в Астане полипропилен был поставлен первому клиенту — отечественной компании «Aqua Atom», потребляющей около 5 тонн продукции ежемесячно и выпускающей полипропиленовые фильтры мирового уровня для очистки воды. Продукция компании производится на высокотехнологичном оборудовании из полипропилена KPI.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥3🤝2
ҚМГ «Болашақ» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жандандырады

🤝 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қарамаржан Групп» ЖШС «Болашақ» жобасы бойынша ынтымақтастық қағидаттарына қатысты түпкілікті келісімге қол жеткізді.

✔️ Компаниялар жаңа «Болашақ» жер қойнауын пайдалану жобасын бірлесіп іске асыру бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттарын бекітті.

📍 Болашақ учаскесі Маңғыстау облысында орналасқан. ҚазМұнайГаз бен Карамаржан Групп тереңдігі 3500 және 4500 метр болатын екі барлау ұңғымасын бұрғылауды, сондай-ақ 432 км2 алаңда 3D-сейсмикалық барлау жүргізуді жоспарлап отыр.

🖋 Тиісті келісімдерге қол қою көмірсутектерді іздеу саласында жергілікті компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ҚМГ-ның отандық инвесторлармен ынтымақтастық орнатуға деген ұмтылысын айқындай түседі.

«Болашақ» жобасын іске асыру ҚМГ-ның геологиялық барлау қызметінің Қазақстандағы перспективалы мұнай-газ учаскелерін зерттеуге және игеруге бағытталған маңызды қадамы болмақ.

✔️ Жоба Маңғыстау облысының көмірсутек қорын ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін болады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍4🤝21
КМГ активизирует работы по геологоразведке на участке «Болашак»

🤝 АО НК «КазМунайГаз» и ТОО «Карамаржан Групп» достигли окончательной договоренности касательно принципов сотрудничества по проекту «Болашак».

✔️ Компании согласовали основные условия для совместного проведения геологоразведочных работ по проекту недропользования «Болашак».

📍 Данный участок расположен в Мангистауской области. КазМунайГаз и Карамаржан Групп планируют пробурить две разведочные скважины глубиной 3500 и 4500 метров, а также провести 3D-сейсморазведку на площади 432 км².

🖋 Подписание соответствующих соглашений подтверждает стремление КМГ к сотрудничеству с отечественными инвесторами, открывая новые возможности для местных компаний в области поиска углеводородов.

Реализация проекта «Болашак» станет важным этапом геологоразведочной деятельности КМГ, направленной на изучение и освоение перспективных нефтегазовых участков в Казахстане.

✔️ Проект будет способствовать увеличению запасов и созданию новых рабочих мест в Мангистауской области.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍182🤝2🔥1