ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.19K subscribers
7.38K photos
859 videos
8 files
3.43K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз pinned «ҚазМұнайГаз Мәжілістегі Үкімет сағатында жетістіктер мен жоспарлар туралы есеп берді 🗣 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 25 қарашада Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндама жасап, компанияның жетістіктері мен қазіргі қызметі туралы…»
🏆ҚазМұнайГаз командасы «Самұрық-Қазына» ІХ Спартакиадасында үш алтын медаль иеленді

🗣Спартакиада спорттың 11 түрінен өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрама командасы жоғары деңгейде шеберлік көрсетіп, спорттың бірнеше түрінен жүлделі орындарға ие болды. Компаниялар тобынан 80-ге жуық қатысушы ҚМГ туының астында өнер көрсетті.

Спартакиададағы ҚМГ нәтижелері:
1️⃣орын — волейболдан ерлер құрамасы («ҚазТрансОйл» АҚ);
1️⃣орын — баскетболдан ерлер құрамасы («ҚазТрансОйл» АҚ);
2️⃣орын — волейболдан әйелдер құрамасы (Атырау мұнай өңдеу зауыты);
3️⃣орын — футзалдан ерлер құрамасы («Өзенмұнайгаз» АҚ);
3️⃣орын — арқан тарту бойынша ерлер құрамасы («Өзенмұнайгаз» АҚ).

⚽️ Сондай-ақ ҚазМұнайГаз «Алтын дубль» номинациясының иегері атанды (Үздік қақпашы — Жалғас Әбдінасыров, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ).

Жеке спорт түрлері бойынша ҚМГ нәтижелері:
1️⃣орын — армрестлинг (ерлер 80 кг дейін) Дәурен Енсеп («ӨзенМұнайСервис» ЖШС);
2️⃣орын — жүзу (әйелдер 40 жастан жоғары — 400м) Ирина Филяева («ҚазТрансОйл» АҚ);
2️⃣орын — жүзу (ерлер 40 жасқа дейін — 800м) Игорь Сорокин («ҚазТрансОйл» АҚ);
3️⃣орын — асық ату («Ембімұнайгаз» АҚ);
3️⃣орын — үстел теннисі, Ахметбек Биятов («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ);
3️⃣орын — киберспорт, Нұркен Мағзомов — ойынның үздік мергені (Атырау мұнай өңдеу зауыты).

Жеңімпаздарымызға еңбегі, табандылығы және жеңіске деген ерік-жігері үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍87🏆3🆒1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆Команда КазМунайГаза завоевала три золотые медали на ІХ Спартакиаде «Самрук-Казына»

🗣Спартакиада проходила по 11 видам спорта. Сборная команда АО НК «КазМунайГаз» вновь продемонстрировала высокий уровень мастерства и сплоченности, заняв призовые места в нескольких дисциплинах. Порядка 80 участников из группы компаний выступили под флагом КМГ.

Результаты КМГ на Спартакиаде:
1️⃣место — мужская сборная по волейболу (АО «КазТрансОйл»);
1️⃣место — мужская сборная по баскетболу (АО «КазТрансОйл»);
2️⃣место — женская сборная по волейболу (Атырауский нефтеперерабатывающий завод);
3️⃣место — мужская сборная по футзалу (АО «Озенмунайгаз»);
3️⃣место — мужская сборная по арқан тарту (АО «Озенмунайгаз»).

⚽️ Также «КазМунайГаз» стал обладателем номинации «Золотой дубль» (лучший вратарь — Жалгас Абдинасыров, АО НК «КазМунайГаз»).

Результаты КМГ по индивидуальным видам спорта:
1️⃣место — армрестлинг (муж. до 80 кг) Даурен Енсеп (ТОО «Озенмунайсервис»);
2️⃣место — плавание (жен. старше 40 лет — 400 м) Ирина Филяева (АО «КазТрансОйл»);
2️⃣место — плавание (муж. до 40 лет — 800м) Игорь Сорокин (АО «КазТрансОйл);
3️⃣место — асық ату (АО «Эмбамунайгаз»);
3️⃣место — настольный теннис, Ахметбек Биятов (АО НК «КазМунайГаз»);
3️⃣место — киберспорт, лучший снайпер игры — Нуркен Магзомов (АНПЗ).

Выражаем искреннюю признательность нашим победителям за их труд, стойкость и волю к победе!

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥145🏆5🆒1
Жаңаөзеннен Дубайға: «Жарқын болашақ» бағдарламасы маңғыстаулық музыканттың арманын орындады

🎼 Дария Сүлейман — Жаңаөзен қаласында туып өскен. «Жарқын болашақ» бағдарламасының грант иегері — 17 жастағы талантты музыкант Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде скрипка мамандығы бойынша білім алуда.

🎸🪇🪕 Дарияның музыкалық жолы бала кезінен басталған, 11 жасында саз мектебіне жазылып, скрипка аспабын меңгерген. Қазір скрипкамен шектелмей, фортепиано, домбыра және альт аспаптарын да меңгеруде. Жаңаөзендік бойжеткенге «Жарқын болашақ» бағдарламасы армандаған оқу орнына түсуге зор мүмкіндік берді.

2023 жылы Дария «Шабыт» оқу орнының 25 жылдығына орай өткен концертте Айман Мұсаходжаева және Димаш Құдайбергенмен бір сахнада өнер көрсетті. Биыл Дубайда өткен «Middle East Classical Music Academy» фестивалінде Еуразиялық симфониялық оркестрдің құрамында скрипкада ойнады.

Ол қазақ өнерін әлемге танытуды және ауыл-аймақтарда классикалық музыканы дамытуды армандайды.

— «Жарқын болашақ» бағдарламасы арқылы көптеген қалаларда болып, кәсіби музыканттардан сабақ алып, алғаш рет шетелде өнер көрсеткеніме қуаныштымын, — дейді ол.


Дария үшін Астанаға қоныс аудару оңай болмаған көрінеді.

— Үйде жалғыз қыз болғандықтан, ата-анам менің олардың қастарында болғанымды қалады. Бірақ сапалы білім алуға берілген мүмкіндікті жақсы түсініп, ақ жол тіледі, — деп еске алды ол.


✔️ «Жарқын болашақ» бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және «Samruk Kazyna Trust» қорының қолдауымен іске асырылуда. Бағдарлама Жаңаөзен қаласы, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының жасөспірімдеріне арналған. Жобаның мақсаты — маңғыстаулық жасөспірімдердің сапалы білім алып, кәсіби ортаға бейімделуіне жан-жақты қолдау көрсету.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11👍4🔥2🕊2