ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.21K subscribers
7.38K photos
859 videos
8 files
3.43K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз pinned «ҚазМұнайГаз Мәжілістегі Үкімет сағатында жетістіктер мен жоспарлар туралы есеп берді 🗣 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 25 қарашада Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндама жасап, компанияның жетістіктері мен қазіргі қызметі туралы…»
🏆ҚазМұнайГаз командасы «Самұрық-Қазына» ІХ Спартакиадасында үш алтын медаль иеленді

🗣Спартакиада спорттың 11 түрінен өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрама командасы жоғары деңгейде шеберлік көрсетіп, спорттың бірнеше түрінен жүлделі орындарға ие болды. Компаниялар тобынан 80-ге жуық қатысушы ҚМГ туының астында өнер көрсетті.

Спартакиададағы ҚМГ нәтижелері:
1️⃣орын — волейболдан ерлер құрамасы («ҚазТрансОйл» АҚ);
1️⃣орын — баскетболдан ерлер құрамасы («ҚазТрансОйл» АҚ);
2️⃣орын — волейболдан әйелдер құрамасы (Атырау мұнай өңдеу зауыты);
3️⃣орын — футзалдан ерлер құрамасы («Өзенмұнайгаз» АҚ);
3️⃣орын — арқан тарту бойынша ерлер құрамасы («Өзенмұнайгаз» АҚ).

⚽️ Сондай-ақ ҚазМұнайГаз «Алтын дубль» номинациясының иегері атанды (Үздік қақпашы — Жалғас Әбдінасыров, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ).

Жеке спорт түрлері бойынша ҚМГ нәтижелері:
1️⃣орын — армрестлинг (ерлер 80 кг дейін) Дәурен Енсеп («ӨзенМұнайСервис» ЖШС);
2️⃣орын — жүзу (әйелдер 40 жастан жоғары — 400м) Ирина Филяева («ҚазТрансОйл» АҚ);
2️⃣орын — жүзу (ерлер 40 жасқа дейін — 800м) Игорь Сорокин («ҚазТрансОйл» АҚ);
3️⃣орын — асық ату («Ембімұнайгаз» АҚ);
3️⃣орын — үстел теннисі, Ахметбек Биятов («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ);
3️⃣орын — киберспорт, Нұркен Мағзомов — ойынның үздік мергені (Атырау мұнай өңдеу зауыты).

Жеңімпаздарымызға еңбегі, табандылығы және жеңіске деген ерік-жігері үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍87🏆3🆒1