ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
8.21K subscribers
7.4K photos
859 videos
8 files
3.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
💠 Бүгін – елімізде бұрғышылардың кәсіби мерекесі.

Былтырдан бастап қараша айының үшінші сенбісі ресми түрде бұрғышылар күні болып бекітілді.

⚡️ Абай Әсемғали Қаражанбас кен орнында бұрғылау қондырғысына жетекшілік етеді. Мұнайшының салада 34 жылдық тәжірибесі бар. Ол 2008 жылдан бері кен орнында 1500-ге жуық ұңғыны қазуға атсалысқан.

✔️ Бұрғышы осыдан 14 жыл бұрын Ақтөбе облысындағы кен орнында тереңдігі 6800 метрлік ұңғы қазғанын ерекше еске алады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👍2🔥21👏1
💠 Самат Назымов еңбек жолын бұрғышының 3-дәрежелі көмекшісі болып бастап, бұрғылау қондырғысында түрлі қызмет істеген. Салаға 25 жасында аяқ басқан ол — бүгінде бригада басқарып отырған шебер.

✔️ Ол осы алаңдағы әр қозғалысқа, техникалық және өрт қауіпсіздігіне жауапты.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍73🔥2👏2
💠 6-дәрежелі бұрғышы Юрий Биалиев Қаражанбас кен орнында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алғашында бұрғышының бірінші көмекшісі болған ол 2015 жылы бұрғышы қызметіне ауысты.

✔️ Қазір ол бір айда әріптестерімен бірге 4-5 ұңғыны қазып бітіреді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏7👍211
💠 30 жастағы Жәнібек Сатыбалдиев 2015 жылы «Жас маман» бағдарламасы бойынша «Қаражанбасмұнай» компаниясына жұмысқа тұрған.

✔️ Осыдан үш жыл бұрын бұрғылау қондырғысына келген Жәнібек бүгінде бұрғышының 4-дәрежелі көмекшісі. Ол қондырғыдағы барлық механикалық жұмысқа жауапты.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍133👏2🔥1
🔷 Өткен аптадағы басты оқиғаларды #KMGapta топтамасынан оқыңыз!

➡️ Қазақстанда газ өндіру 2024 жылдың тоғыз айында 2,8%-ға артты;

➡️ Павлодар мұнай-химия зауытында жаңа аса сенімді компрессорлар өндіріс тиімділігін арттырды;

➡️ Мамандардың кәсіби дамуы: ҚазМұнайГаз «Алып» бағдарламасын бастады;

➡️ ҚазМұнайГаз және SOCAR декарбонизация мәселелері бойынша стратегиялық келісімге қол қойды;

▶️ Қазақ мұнайының 1899 жылы басталған тарихы «ҚазМұнайГаз» компаниясының дамуымен жалғасуда. Компания мұнайшылардың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұрасын қалай сақтап келеді?

➡️ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Өзенмұнайгаз» АҚ Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерінің талаптарына қатысты хабарламасы;

▶️ Бұрғышылар күніне орай біз Жетібай кен орнында тынымсыз еңбек етіп жүрген бұрғышылар туралы бейнеролик түсірдік.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31🔥1
🔷 Ключевые события недели в нашем дайджесте #KMGapta!

➡️ Добыча газа в Казахстане выросла на 2,8% за девять месяцев 2024 год;

➡️ Новые сверхнадёжные компрессоры повысили эффективность производства на Павлодарском НХЗ;

➡️ Профессиональное развитие специалистов: КазМунайГаз запустил программу «Алып»;

➡️ КазМунайГаз и SOCAR подписали стратегическое соглашение по вопросам декарбонизации;

➡️ Также мы рассказали о том, что такое компримирование и компрессоры;

➡️ Заявление АО НК «КазМунайГаз» касательно требований работников Управления буровых работ АО «Озенмунайгаз»;

▶️ В этом видео, приуроченном ко Дню буровика, мы рассказываем о буднях специалистов по бурению, трудящихся на месторождении Жетыбай;

➡️ День буровика отметили в Казахстане. О тонкостях профессии и истории профессионалов читайте в материале Tengrinews.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍82
⚡️ KMG facts

📊 Глубина переработки на нефтеперерабатывающих заводах РК достигла 87,7% за 10 месяцев 2024 года

НПЗ КазМунайГаза планомерно увеличивают показатель глубины переработки. За 10 месяцев 2024 года при плане глубины переработки 85,1% фактический результат составил 87,7%. По итогам года при плане 84,6% прогнозируется достижение глубины переработки до 86,8%.

Глубина переработки нефти — это показатель, отражающий долю нефти, которая перерабатывается в такие ценные конечные продукты, как бензин, дизельное топливо и другие нефтепродукты, по сравнению с общей массой сырой нефти.

#KMGFacts

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1131👏1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚазМұнайГаз аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда: Сыр өңіріндегі жаңа Оқушылар сарайы 🎨🎼🎬 Қызылорда қаласында 1 қазаннан бері жаңа Оқушылар сарайы — жасөспірімдердің дамуы мен бос уақытын тиімді өткізуге арналған білім мен шығармашылықтың заманауи…
Жылдың үздік білім беру жобасы: Қазгермұнай корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласының көшбасшысы атанды

«Қазгермұнай» БК» ЖШС «2024 жылғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік кәсіпорын» байқауында «Үздік білім беру жобасы» номинациясының жеңімпазы атанды.

🗣Бұл марапат Қызылорда қаласының сол жағалауында 1 қазанда ашылған көпфункционалды оқушылар сарайының құрылысына қаржылық қолдау көрсеткені үшін берілді.

Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында II Еуразиялық әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы аясында өтті.

Жоба мынадай талаптар бойынша бағаланды:
➡️қоғамға пайдасы;
➡️тұрақтылығы мен ауқымы;
➡️жобаның ашықтығы;
➡️әлеуметтік ықпалы.

🏢 350 оқушыға есептелген көпфункционалды кешен шамамен 3 мың шаршы метр аумақта орналасқан және білім алу мен шығармашылықтың түрлі мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл жерде техникалық орталық, бағдарлама жасақтау, робот техникасы және өнеркәсіптік дизайн сыныптары, экологиялық зертхана, телестудия, жылыжай мен қысқы бақ, сондай-ақ вокал студиясы, музыкалық аспаптар мен хореография сабақтарына арналған сыныптар бар.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ бірлескен кәсіпорны.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5👍3🔥2👏2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍132👏1🙏1
Лучший образовательный проект года: Казгермунай признан лидером в корпоративной социальной ответственности

ТОО «СП «Казгермунай» стало победителем конкурса «Лучшее предприятие в области КСО 2024 года» в номинации «Лучший образовательный проект».

🗣Премия присуждена за финансирование строительства многофункционального Дворца школьников на левом берегу Кызылорды, который начал свою работу с 1 октября.

Торжественное награждение состоялось в Астане в рамках II Евразийского курултая социальных предпринимателей.

Критерии оценки:
➡️влияние на общество;
➡️устойчивость проекта и его масштаб;
➡️прозрачность и открытость;
➡️социальное влияние.

🏢 Многофункциональный комплекс, площадью около 3 тыс. кв.м, рассчитан на 350 детей и предлагает разнообразные возможности для обучения и творчества. Здесь открыты техноцентр, классы программирования, робототехники, промышленного дизайна, экологическая лаборатория, телестудия, теплицы и зимний сад, а также студии вокала, музыкальных инструментов и хореографии.

ТОО «СП «Казгермунай» — совместное предприятие АО НК «КазМунайГаз» и АО «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз».


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥52👏2
⚡️ Атырау мұнай өңдеу зауытында өткен жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде ЭЛОУ АТ-2 технологиялық қондырғының пештерінде ескірген 36 жанарғы ауыстырылды

⚡️ Іс-шара «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ-ның 2022 – 2031 жылдарға арналған төмен көміртекті даму бағдарламасына сәйкес пештерді техникалық қайта жарақтандыру жобасы аясында іске асырылды.

☑️ Зауыттың энергия тиімділігі жөніндегі бас маманы Сергей Шумиловтың айтуынша, пештерді техникалық қайта жарақтандыру жобасын жүзеге асырудың нәтижесінде тиімді жану есебінен пештерде отын шығынын төмендетуге, түтін газдарымен бірге атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайтуға және пештердің түтін сорғыштарында электр энергиясын үнемдеуге болады.

Толығырақ сайтымыздан оқи аласыз.

***

⚡️ В ходе прошедших планово-предупредительных работ на Атырауском НПЗ заменены 36 устаревших горелок на печах техустановки ЭЛОУ АТ-2

⚡️ Мероприятие было реализовано согласно проекту технического перевооружения печей в соответствии с Программой низкоуглеродного развития АО НК «КазМунайГаз» на 2022 – 2031 годы.

☑️ Как сообщил главный специалист по энергоэффективности АНПЗ Сергей Шумилов, реализация проекта технического перевооружения печей приведет к снижению потребления топлива в печах – за счёт эффективного сжигания; к уменьшению выбросов загрязняющих веществ с дымовыми газами в атмосферу и экономии электроэнергии на дымососах печей.

Подробнее на сайте.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10👏31
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өзенмұнайгаз компаниясындағы жағдайға қатысты мәлімдеме

✔️ҚазМұнайГаз Жаңаөзендегі жағдайды жіті бақылап отыр және бұдан бұрын «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты Бұрғылау жұмыстары басқармасы жұмысшыларының әр талабы бойынша нақты түсініктеме берген болатын.

🔴Бірінші күндері рұқсатсыз акцияға 1 700 адам қатысқан. Бірақ түсіндіру іс-шараларынан кейін жұмысшылардың басым бөлігі жұмыс орындарына оралды. Бүгінде 281 жұмысшы жалған ақпаратқа негізделген талап қойып, жұмысқа шығудан бас тартып отыр.

✔️2021 жылдан бастап және биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Өзенмұнайгазға 1978 адам жұмысқа қабылданып, соның 199-ы Бұрғылау жұмыстары басқармасына орналасты.

Жалпы, компанияда жақсы жағдай жасалған, бір қызметкерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау мөлшері — ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

📄 Өзенмұнайгаздың қазіргі ұжымдық шарты биыл 25 сәуірде ӨМГ мен үш кәсіподақ арасында қабылданып, әлеуметтік қолдау сомасы тағы шамамен 9 млрд теңгеге ұлғайтылды. Сонымен қатар ӨМГ жұмысшыларының жалақысына жыл сайын индексация жүргізіледі. 2022 жылы қызметкерлердің жалақысы 30%-ға, 2023 жылы 9,5%-ға, биыл 8%-ға көтерілді.

✔️Ұжымдық шартта әлеуметтік қолдаудың 40-тан астам түрі көзделген: мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге арналған сыйақы, баспана сатып алу мен кеңейтуге жеңілдікпен несие беру, медициналық қызмет көрсету, жыл сайын шипажайларға 2500 жолдама бөлінеді, ӨМГ қызметкерлерінің шамамен 4500 баласы балалар-сауықтыру лагеріне жіберіледі, ай сайын балабақша ақысы өтеледі, қызметкерлер балаларының оқу үлгеріміне қарай жоғары оқу орындарында оқыту үшін қаражат көзделген. Сондай-ақ неке қию кезінде және басқа да жеңілдіктер қарастырылған.

☑️Айта кетсек, бүгінде Өзенмұнайгаз өндіру жоспарынан қалып келе жатыр. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалмауы компанияның қаржылық жағдайына әсер ететін болады. Осыған байланысты, бұрғылау жұмыстары басқармасының мамандарын жұмысқа шығуға шақырамыз. Сондай-ақ, ел заңдарын сақтау қажет екенін еске саламыз.

Талап қойылған күннен бастап бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшыларымен Өзенмұнайгаз басшылығы келіссөз жүргізіп жатыр.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🔥4👏42
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Заявление касательно ситуации в компании Озенмунайгаз

✔️КазМунайГаз внимательно следит за ситуацией в Жанаозене и ранее дал детальные разъяснения по каждому требованию работников Управления буровых работ производственно-структурного подразделения компании «Озенмунайгаз».

🔴В первые дни на несанкционированной акции участвовали 1 700 человек. Но после разъяснительных бесед большинство работников вернулись на рабочие места. К этому времени отказываются выходить на смену 281 рабочий, выдвигая требования, основанные на недостоверных сведениях.

✔️С 2021 года и по итогам 10 месяцев текущего года на работу в Озенмунайгаз принято 1978 человек, из них 199 человек в Управление буровых работ.

В целом, в компании созданы хорошие условия, где размер социальной поддержки на одного работника — один из самых высоких в регионе.

📄 Действующий Коллективный договор Озенмунайгаза заключен 25 апреля т.г. между ОМГ и тремя Профсоюзами. В этом году размер социальной поддержки был увеличен на сумму порядка 9 млрд тенге. Также зарплата работников ОМГ ежегодно индексируется. В 2022 году зарплаты работников увеличены на 30%, в 2023 году на 9,5%, в этом году на 8%.

✔️Коллективным договором предусмотрено более 40 видов социальной поддержки: премии к государственным, национальным и профессиональным праздникам, льготный заем на приобретение и расширения жилья, медицинское обслуживание, выделяется 2 500 путевок в санатории, ежегодно около 4 500 детей работников ОМГ направляются в детско-оздоровительные лагеря, предусмотрены ежемесячные выплаты в детские сады, средства на обучение в высших учебных заведениях в зависимости от успеваемости детей работников. Также предусмотрены льготы при заключении брака и другое.

☑️Отметим, что на сегодня Озенмунайгаз идет с отставанием плана добычи. Невыполнение плановых показателей скажется на финансовом положении компании. В этой связи, призываем работников Управления буровых работ выйти на работу. Также напоминаем о необходимости соблюдения законов страны.

С первых дней выдвижения требований с сотрудниками Управления буровых работ ведет переговоры руководство Озенмунайгаза.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21👏9🔥8🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстаулық жеткіншектердің білім деңгейін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беруге арналған «Жарқын болашақ» бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясында әрбір грант иегеріне білім алуға жұмсалатын төлем, жатақхана ақысы, жол шығындары мен көтеріңкі шәкіртақы төленумен бірге, жасөспірімдердің жан-жақты дамуына да қолайлы жағдай жасалған.

⚡️Нұржан Дүйсен Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. ҚазМұнайГаздың «Жарқын болашақ» бағдарламасымен Астана қаласындағы «Қоғамдық тамақтану және сервис» колледжінің 2-курсында «Аспаз-кондитер» мамандығы бойынша білім алуда.

Нұржан өзі таңдаған мамандығын ерекше жақсы көреді, 10 жасынан аспаз болуды қалаған. Бала кездегі сол арманы «Жарқын болашақ» бағдарламасы арқылы орындалды. Ол білім алумен қатар бос уақытында тағам өнімдерін дайындайтын дәмханаларда аспаздық тәжірибесін шыңдайды.

☑️ ҚазМұнайГаздың білім грантының иегері — Нұржанды өзі армандаған әлемге әйгілі мейрамханалардың белгілі аспаздардың қатарынан көргіміз келеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🏆2