DALA INSIDE
12K subscribers
399 photos
126 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💼 Ұлттық Банк қабылдайтын негізгі шаралар: қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен халықтың сенімін арттыруға бағытталған қадамдар

Ұлттық Банк қаржы нарығын тұрақтандыру, инфляцияны тежеу және ұлттық валютаның сенімділігін нығайту мақсатында кешенді шаралар қабылдап жатыр. Бас банк іске асыратын қадамдардың негізгі бағыттары қандай?

Ақша-кредит саясаты

- Артық ақша нарықтан алынып, монетарлық тұрақтылық күшейтілуде.
- Резервтер жаңартылды, қысқамерзімді ноталар көбейді, валюталық операциялар теңестіріледі.

Валюта мен инвестициялар

- Валюта бағамы нарықтық заңдылыққа сәйкес қалыптасады, спекуляцияға жол жоқ.
- «Астана» ХҚО арқылы шетелдік инвестициялар тартылып, ұлттық қаржы нарығы дамытылады.

Қаржы секторы және ипотека

- Банктер халықтың борыштық жүктемесін төмендетуге тырысып, тұтынушылық кредиттеу реттеледі.
- Ипотекадағы сыйақы жаңа әдіснамаға көшеді, «қазір сатып ал – кейін төле» қызметі бақылауда болады.

Цифрлық теңге

- Бюджеттік төлемдер, әлеуметтік көмектер және «әлеуметтік әмиян» цифрлық теңге арқылы автоматтандырылып, ашық болады.

Шетелдік инвестициялар және халықаралық қаржы орталығы

- «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы ұзақмерзімді шетелдік инвестицияларды тарту.
- Ұлттық қаржы нарығын дамыту кеңесі құрылып, экономиканың басым салаларына инвестицияларды көбейту жоспарлануда.

💡 Қысқасы: Ұлттық Банк шаралары инфляцияны тежеу, ұлттық валютаны қорғау, қаржы жүйесін тұрақтандыру және халыққа қолжетімді кредиттер беру арқылы экономикалық тұрақтылық пен сенімділікті арттыруға бағытталған.
👍23😁8👎2🤮1
💥 Базарбекке Ресейлік пропагандисттер тиісе бастады

Мысалы, Zergulio телеграм арнасы былай деп жазады.

"Ресейлік ЦУПИС Қазақстан нарығына кіріп келеді. Бұл – спорттық ставкалардағы ақша ағынын толық бақылауға арналған Умар Кремлёвтің жобасы. Мұндай шешім әлемде теңдесі жоқ: бүкіл сала бір ғана бақылауға алынған қаржы құрылымына жинақталған, барлық ақша қозғалысы дәл осы жүйе арқылы өтеді. ЦУПИС-тің тең құрылтайшысы – «Мобильная карта» компаниясының артында ВТБ банкі тұр, ал ол – технологиялары мен қаржылық мүмкіндіктері зор алып ойыншы.

Дәл осындай жағдайда сахнаға Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек шығады. Ол ресейлік жүйенің енгізілуін «қатер» деп атап, «шетелдік бенефициарлар» туралы айтып, тақырыпты шайқап көруге тырысады. Қашаннан бері Қазақстан үшін «ресейлік» деген сөз «шетелдік» дегенді білдіретін болды?

Реакция көп күттірмеді: жарияланым жоғалып, тақырып жабылды. Оған жоғары жақтағылар түсіндіргені анық: қаржы жүйесі туралы әңгіме қозғалған жерде шешімді депутаттар емес, көпмиллиардтық ағындарды құрып, бақылауға қабілетті адамдар қабылдайды.

Осы жерде Умар Кремлёв қайтадан алдыңғы қатарға шығады. Қазір ол Қазақстанға ресейлік технологияны әкеліп отыр, ал оның есесіне Ресей Қазақстанның қаржы жүйесіне, әскерилер, арнайы қызмет өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер туралы ақпаратқа қол жеткізеді, ал бұған наразы болғандарға бұнымен келісуден басқа амал қалмайды.

Қазақстандық депутаттар «ресейлік» деген «шетелдік» деген сөз емес екенін неғұрлым тез ұқса, жаңа әлемдік тәртіптің инфрақұрылымына дер кезінде енуге, онда Ресей әлемдік күштің, соның ішінде жаһандық қаржының бір орталығы ретінде әрекет ететін жүйеге бейімделуге соғұрлым көбірек мүмкіндік болады. Әлде Қазақстанда ХХ ғасырда ҚазКСР инфрақұрылымын дәл сол Ресей салғанын мүлде ұмытып қалған ба? Қазір тоқсаныншы жылдар емес, Ресей ұмытшақтарға мұны есіне сала алады".

https://xn--r1a.website/dalainside 
 
👍62😡29💯10👏3
🇰🇿🇦🇲 Пашинян Астана арқылы геосаяси тупиктен шығып көрмек

Дәл қазір Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Астанаға келуі протоколдық шара емес, Ереванның болашағын жаңалайтын саяси-экономикалық маневр болды. Ереван геосаяси тұйықтан шығу жолын жанталаса іздеуде. Оның Ресеймен конструкциясы бұзылғандықтан, орнына Қазақстан-Әзірбайжан-Еуропа тізбегіне қосылуы заңды. Себебі, жағырафиялық жағынан басқа тізбекке қосыла алмайды.

Арменияға жаңа серіктес, жаңа маршрут, жаңа қауіпсіздік керек. Ал Қазақстан Еуразиялық Одақ мүшесі ретінде осыны бере алады. Ереванға Ресейге толық тәуелді болу қауіпті, Батысқа толық бет бұру мүмкін емес, ал Иран арқылы шығатын логистика шектеулі. Оның өз ішінде өндіріс аз, азық-түлік қауіпсіздігі әлсіз. Сондықтан Пашинян Қазақстанмен әріптестікті жай сөзбен емес, нақты тетікпен күшейткісі келеді. Ол Қытай-Қазақстан-Әзірбайжан-Еуропа бағытына кіріп, өзін жаңа «транзит дәлізінің» бір буынына айналдыру.

Ал азық-түлік мәселесінде Ереванның Ресей астығынан бас тартып, қазақ бидайына ауысуға мүдделі болуы жай ғана сауда емес. Бұл Ресей ықпалын біртіндеп қысқарту саясатының белгісі. 2024 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 82,9 млн доллар, 2025 жылдың 9 айында 41,6 млн долларды көрсетті. Бірақ бұл әлеуеттің 10-15%-ы ғана. Нақты мүмкіндіктер әлдеқайда кең. Олар мұнай өнімдері, химия және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, сеталл, автокөлік және қосалқы бөлшектер.

Қазақстан үшін Армения көлемі шағын, бірақ саяси тәуекелі төмен, тұрақты төлем қабілеті бар нарық. Кем дегенде 350 миллион долларлық тұрақты экспорт арнасы қалыптастыруға болады. Қазір Арменияда 120 қазақстандық компания, ал Қазақстанда 495 армян компаниясы жұмыс істейді.

Екі ел қол қойған жаңа архитектураПашинян сапарының ең маңызды нәтижесі – 2026–2030 жылдарға арналған Жол картасы және Қазақстан–Армения Іскерлік кеңесінің құрылуы. Бұл құжаттар формальды емес. Олар транзит және логистика, өнеркәсіптік кооперация, азық-түлік қауіпсіздігі, ІТ және финтех, фармацевтика және медицина, көлік байланыстары сияқты нақты салаларды қамтиды. Яғни Ереван өзінің экономикалық парадигмасын өзгертуде.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍56
🤜💰 Рассрочка қазақ халқының жаңа жауы деп танылды

Енді мемлекет жаңа жылдан кейін барлық рычагтары арқылы бөліп төлеумен күреспек. Үкіметтің ойынша, бөліп төлеудің қазақстандықтардың қарызға батуы мен инфляциядағы әсері зор. Сондықтан бұл нарықта өте қатаң тәртіп орнатылатын болады.

«Мемлекет бұл мәселе туралы негізі көптен бері ойланып жүрген. Өткен аптада Халықаралық валюта қоры еліміздегі арнайы миссиясын аяқтап, өзінің қорытынды ұсыныстарын берді. Халықаралық валюта қоры бізде біраз уақыт болып, еліміздің экономикалық жағдайын тексеріп, аудит жасаған болатын. Қорытынды есепте біздегі халыққа арналған кредиттік, қарыз нарығын қатаңдату туралы ұсыныстар бар. Халықаралық сарапшылар мен біздің қаржы билігінің ойлары бір жерден шыққандықтан, енді ештеңеге қарамай халыққа берілетін қарыз нарығын толық қысуға саяси шешім қабылданып отыр», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Негізі, рассрочкамен күрес биылдан басталып кеткен. Қазан айынан бастап Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жаңа ережелер күшіне енді. Егер бөліп төлеу сатушының өз қаражаты есебінен ұсынылса, баға жапсырмаларында бірден төлеу бағасы және бөліп төлеу бағасы бөлек көрсетілуі тиіс. Бұл сатып алушыға тауардың нақты құнын және бөліп төлеу мүмкіндігі үшін қанша шығындалатынын анық түсінуге мүмкіндік береді.
Ал егер тауарлар банктермен синхрондалған маркетплейстер арқылы сатылса, онда бөліп төлеуді сатушы емес, банк өзінің қарыз қаражаты есебінен, банк пен сатып алушы арасындағы несие шарты негізінде береді. Осылайша, жаңа ережелер тек сатушының өзі ұсынатын бөліп төлеулерге қатысты және маркетплейстер арқылы рәсімделетін банктік рассрочкаға қолданылмайды.

Мемлекет мұнымен тоқтамады. Енді сатушылар тауарды немесе қызметті өз қаражаты есебінен бөліп төлеуге ұсынған жағдайда, бұл ақпаратты кредиттік бюроларға беруге міндетті болады. Рассрочка кредитпен теңестіріледі. Кредиттік бюрода халықтың тек кредиті емес, рассрочкасы туралы да ақпарат болады. Демек, бөліп төлеуі бар азаматтардың жаңа несие алуы қиындай түспек.

«2026 жылы кредит те, рассрочка да азаюы тиіс. Үкімет қарызы бар адамдар саны қысқарып, импорттық тауардың сатылуы құлдырап, содан инфляцияның төмендеуін көздеп отыр. Бізде импорт қысқарса, ол теңге бағамына да жағымды болады», - дейді дереккөз.


Дәл қазір шамамен 5 миллион отандасымызда рассрочка бар. Кредит нарығы расымен қызып кеткен. 574 мың адамның басында 90 күннен астам төлемеген кем дегенде бір проблемалық кредиті бар. Ал қанша рассрочканың проблемалық екені олар бұған дейін кредиттік досьеге ілінбегендіктен белгісіз болып келді. Енді осының барлығы тәртіпке келтірілмек.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍37👎4🤯4🤮2😡1
🏳️‍🌈🚦 ЛГБТ насихатын шектеу: иә мен жоқ

Ақпараттық кеңістікте ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы Парламент депутаттары мақұлдаған заң бүгінде қоғам назарында. Яғни әлеуметтік желілерде, БАҚ-та және басқа да қоғамдық алаңдарда дәстүрлі емес отбасылық құндылықтарды насихаттауға жол жоқ. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, бұл нормалар балаларды қажетсіз ақпараттан қорғауға мүмкіндік береді.

Осы тұста 24.kz арнасы Астана тұрғындарының пікірін сұрап білген.

https://youtu.be/mCNZZge6el8?si=L4jk7r40CK3Z9i0h
👍41🤮4👏2💯2🤝1
ЦУПИС моделі Қазақстанға қауіп төнгізіп тұр

Қазақстан ішкі нарығын реттеу мақсатында Біріңғай есепке алу жүйесін (ЕСУ) бірнеше жылдан бері енгізе алмай келеді. Отандық шенеуіктер өз шешімін әзірлеудің орнына, Ресейдің дайын ЦУПИС деген жүйесін орната салмақ болған. Алайда Exclusive.kz басылымының арнайы зерттеуі ЦУПИС жүйесінің көршілес Ресейде еш тиімділік байқатпай, керісінше спорт саласын жемқорлық пен түрлі былыққа батырғанын айқын көрсетіп отыр.

"Ресейде ЦУПИС жүйесінің операторы «Мобильная карта» банктік емес несие ұйымы. Оған Умар Кремлёв пен «Современные платёжные решения» және «Центр прогресса бокса» атты фирмалар арқылы ВТБ банкі иелік етеді. Нәтижесінде осы топ Ресейдегі барлық заңды онлайн-бәс тігулерді, триллион рубль айналымы бар төлем нарығын, ондаған миллион ойыншының жеке деректерін, телефондарын, банктік карталарын, мекенжайы мен қаржылық тарихын бір жерге шоғырландырып алып, барлық букмекерлік компанияларға диктат орнатқан. Умар Кремлёвтің өзі Ресейде екі рет істі болған адам. Ол басқарып отырған IBA Халықаралық бокс қауымдастығы абыройдан жұрдай болып, ішкі жемқорлық пен қылмыс әлемінің серкелерімен байланысы үшін олимпиададан шеттетілді. Қазір барлық дерлік елдер IBA бәсекелесі, біздің Геннадий Головкин басқаратын World Boxing ұйымына ауысып кетті. Ал ВТБ банкі Украинаға қарсы соғысты қаржыландырғаны үшін АҚШ пен Еуроодақтың қатаң санкцияларының астында. ЦИПУС операторы - «Мобильная карта» да Еуропаның бірқатар елдерінің санкциялық тізімінде. Осындай, қылмыс әлемінің адамдары билейтін, санкцияның астында жатқан ресейлік құрылымдар басқаратын жеке жүйе қазақстандық шенеуніктерге «сәтті мемлекеттік модель» деп таныстырылған", - деп жазады, зерттеу авторлары.


Зерттеу көрсеткендей, ЦУПИС-тің шығындары оның Ресей спортқа аударуы тиіс қаржысымен теңесіп қалған. 2024 жылы Ресейде ЦУПИС бенефициарлары 31 миллиард рубль пайда көрген уақытта спортты қаржыландыру тапшылығы 18 миллиард рубльге жеткен екен. Сонда ЦУПИС Ресей спортын қаржыландыру проблемасын еш шешпеген. Себебі олар қай федерацияны қаржылай қолдайтынын өздері ғана таңдап отырған. Кей спортты алалап, бәрін бірдей қолдамаған.

Бұл спортқа деген жанашырлықтан, қазан басында отырғандардың өз қалтасын қампайтуға деген әрекеттеріне ұқсайды. Біз не десек те, ол Ресейдің ішкі проблемасы. Бірақ осы проблемалық жүйені Қазақстанға не үшін тартып жатқаны сұрақ туғызады.
👍24😱23🤯1
🚀AMARKETS - универсальная платформа для трейдинга!

Здесь можно торговать:
— металлами
— индексами
— валютными парами
— сырьём
— акциями
— криптой

Также доступны:
📊 Аналитика
📚 Обучение
📈 Торговые сигналы
🗓 Экономический календарь
🕌 Есть исламский счёт без свопов и скрытых комиссий

✔️С промокодом DALAINSIDE можно удвоить стартовый депозит.

Открыть счет в AMARKETS - https://amrkts.club/49FK8NN

®PR құқығында
👍9👎3🤩3🔥2
🛢️🇺🇦 Қазақстан Chevron арқылы Киевке ықпал жасап көретін болады

Chevron мұнай-газ алпауыты Каспий мұнай құбыры жүйесінің Новороссийскідегі мұнайды сыртқа шығарып құю қондырғысының (ВПУ) жарылуына қатысты жедел түрде жабық консультациялар өткізе бастады. Шеврон 50 пайыз үлесін ұстап отырған «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынының мұнай экспорты бойынша жылдық жоспары біршама орындалмай қалу қаупі бар дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Бүгін КТК экспорт бойынша жұмысын толық тоқтатты. АЛ ТШО жер астынан шығып жатқан мұнайды қосымша резервуарына құя тұруға мәжбүр.

Енді 2026 жылғы мұнай экспортының жағдайы мүлде бұлыңғыр. Көлемнің біразын транскаспийлік Ақтау-Баку бағытына ауыстыру мәселені шешпейді, ол бар болса 10 миллион тоннаны жаба алады және тасымалдау құнын үш есеге арттырмақ. Сол үшін Chevron-Exxon двуимвиратының лоббиі Капитолийге жақын сенаторлар арқылы Киевке ескерту жасауды дұрыс деп шешті.

«Украина Президенті Зеленскийдің офисінен енді КТК инфрақұрылымына тиіспейміз деген бейресми гарантия сұратылмақ. Chevron мен Exxon басшылары қалай болғанда да осы аптада Трамппен жүздесуге немесе телефонмен тілдесуге тырысып бағады. Сенаторларды, жалпы Конгресті барынша осы процеске араластыру жоспарланған. Қазақстан өз тарапынан Шевронның бұл бастамасын қолдап отыр. Бейресми көмектесетіні анық. Бір сөзбен айтқанда, Вашингтон Киевке «енді КТК құбырына тиіспе» деген қатаң сигнал беру тиіс. Лоббистер осыны көздеп отыр», - дейлі, дереккөз.


Киев Вашингтонды тыңдай ма? КТК-ға шабуыл ең алдымен Ресейдің қуатын азайту емес, Батыс капиталына жасалған сигналды қысым екені анық. Болашақ бейбітшілік келісімінде Киевтің өз позициясын жақсарту жолындағы ең тиімді рычагы осы КТК құбыры. Егер АҚШ бейбіт келіссөздер барысында Украинаның позициясын қолдамаса, онда американ мұнай компанияларының экспорты зардап шегеді деген емеурін. Оны Вашингтон да, Брюссель де жақсы түсінді. Ендігі доп Трамптың қолында.

Бұл жолы Украина камикадзе катер арқылы нысаналы соққы жасап, үш ВПУ-дың бірін және ең қуатты, жұмыс жасап тұрған ВПУ-2 құрылғысын жарып жіберді. Енді КТК-ның танкерлерге мұнай құю инфрақұрылымында тек екі ВПУ ғана қалып отыр. Оның бірі, ВПУ-3 кішкентай және тоқтамай жұмыс істеген жағдайда жылына 36 миллион тонна ғана мұнайды танкерге құя алады. ВПУ-1 ұзақ уақыт жөндеуде тұрды. Енді экспорттың күнделікті көлеміне шығу үшін оны тез арада іске қосу қажет.

Каспий құбыр консорциумы ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғыларын келесы жылы жаңартуды жоспарлап отырған. Бұл құрылғылар қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Drydocks World Dubai кеме жөндеу зауытында жасалып жатыр. Қазір буйдың қондырмасының ішіне кабель төсеу және герметизациялау, люк қақпақтарын келтіру мен дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өндіруші суасты құбыр желілерінің соңғы манифольдтарына арналған құбырларды сынақтан өткізуді аяқтады. КТК-ның қолданыстағы ВПУ-ларын Монакода орналасқан IMODCO компаниясы жасаған еді. Олар 2001 жылы пайдалануға беріліп, іске қосылды. Ал қосалқы ВПУ-3 2014 жылы пайда болды. Енді КТК үшін жаңа ВПУ-ларды қондыру қиын болады. Ол үшін соғыс аяқталуы тиіс немесе Украина КТК инфрақұрылымына соққы жасамаймын деген гарантия беруі керек. Қазір мұның екеуі де жоқ.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍20🤮6🤯1
💥 «Бұл – абсурд»: депутат Самат Нұртаза самокаттарға қатысты талқыланып жатқан түзетулерге қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында самокаттарды реттеу жөніндегі жаңа ұсыныстарға байланысты өткір пікір жариялады. Ол түзетулердегі ең үлкен қайшылық – жауапкершіліктің жеке және жалға алынған самокаттар арасында әртүрлі белгіленуі екенін айтты.

Депутаттың айтуынша, егер азамат өз самокатымен жолға шығып, ереже бұзса, айыппұл тікелей өзіне салынады. Ал дәл сол әрекетті жалға алынған самокатпен жасаса, айыппұл сервис компаниясына жүктеледі.

«Бұл – абсурд және толық жауапсыздық. Ең күлкілісі, егер сіз автокөлікті жалға алып, жол ережесін бұзсаңыз, айыппұлды өзіңіз төлейсіз. Бәрі күндей анық. Ал самокаттарда – таза сюрреализм», – деп жазды Нұртаза.


Самат Нұртаза сондай-ақ Президенттің «жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажет» деген сөзін еске салып, кінәлі адам жазадан тыс қалатын жүйеде мәдениет қалыптаспайтынын айтты.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍31😁8👎5😱1
💵 Қаржыгерлер: «Бәйтеректің» артықшылықтары банктерді бәсекеден ығыстыруы мүмкін

Келесі жылы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі экономиканы кредиттеуге шамамен 8 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Алайда, мұндай қомақты қаражат инфляцияны жеделдетіп, фискалдық саясаттың жоспарланған нәтижелеріне түзетулер енгізуі ықтимал.

«Бәйтеректе банктермен бірдей кредит беру, кепілдендіру, сақтандыру құралдары бар, бірақ толыққанды реттеу жоқ. Қаржы институттары арасында бәсеке әділ болуы үшін ережелер барынша ұқсас болуы қажет», – дейді, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Ұлттық Банктің пікірін бірқатар эксперттер қолдап отыр. Қаржылық кеңесші, Qazaq Expert Club мүшесі Жания Сандыбай "Мемлекеттік кепілдікке сүйенетін холдинг төмен пайызбен кредит бере алады, бұл жеке банктер үшін нарықтық теңсіздік туғызады. Сонымен қатар, тиімсіз жобалар көбейсе, холдингті қайта капиталдандыру қажеттілігі туған сайын жасырын мемлекеттік қарыз өседі" дейді.

Экономист Гүлфайруз Жүнісбекованың сөзінше, 8 трлн теңгенің қысқа мерзімде экономикаға түсуі инфляциялық қысымды айтарлықтай арттырады. Сол себепті, мұндай шараларды сақтықпен қабылдаған жөн.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍14😁6👎1
🚊 ҚТЖ VS агрофермерлер: шектеулер Қазақстан экономикасын тұралатпай ма?

«Қазақстан темір жолы» енгізіп отырған шектеулер салдарынан отандық фермерлер өздерінің дәстүрлі экспорттық нарықтарынан айырылып, олардың орнын Ресей мен Өзбекстанның бәсекелестері басып келеді.

КТЖ «Сарыағаш» халықаралық өткелі арқылы жүк қабылдауға конвенциялық тыйым енгізді. Бұл өткел Қазақстанның Орталық Азия елдеріне: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстанға бағытталған астық экспортының негізгі арнасы. Алайда шектеу транзиттік тасымалдарға қолданылмайды. Соның нәтижесінде шетелдік экспорттаушылар қазақстандық өнім өндірушілер босатқан нарықтарды тез арада игеріп жатыр.

Сала өкілдерінің айтуынша, КТЖ кезең-кезеңімен енгізетін мұндай шектеулер ұн тарту кәсіпорындарын жарты қуатпен жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Өндірушілер тұрақты және әлеуетті тұтынушыларынан айырылып, өндіріс жүктемесінің төмендігінен шығынға батады. Оған қоса вагондардың бос тұруы үшін айыппұл төлемек. Бұл ретте мемлекет те елеулі салық кірістерінен қағылып отыр.

Нәтижесінде Қазақстанның астық және ұн өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі төмендеп, экспорттық позициялары әлсірей түсуде.

https://xn--r1a.website/dalainside
🤯17😡11👎2😁1
«Силлено» компаниясы жас мамандарды іріктеудің алғашқы кезеңін бастады

"Силленно" полиэтилен зауытын салып жатқан ҚазМұнайГаз, СИБУР және SINOPEC бірлескен кәсіпорны С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 4-курс студенттері үшін алғашқы пилоттық тестілеу өткізді.

Мақсат – студенттердің білім деңгейін бағалап, болашақта зауыттың операциялық блогында жұмыс істеуге дайындығын анықтау. Тестілеу «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандықтарының студенттері арасында өтті. Білімі жеткілікті қатысушылар Силлено конкурстық комиссиясымен сұхбатқа шақырылады. Іріктеуді сәтті өткен түлектерге оқу бітірген соң жұмыс ұсынылмақ.

Осыған ұқсас тестілеулер Силлено серіктес колледждерінде де өтеді. Олар: С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж, APEC PetroTechnic жоғары колледжі және Мақат мұнай-газ колледжі.

Бұған қоса, қазақстандық жас инженерлер Tecnicas Reunidas (TR) компаниясының Мадридтегі бас кеңсесінде оқу бағдарламасының тәжірибелік кезеңін бастап кетті. Бірінші ағымның жартысын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен APEC PetroTechnic жоғары колледжі сынды Атыраудағы жоғары оқу орындардың түлектері құрайды

Сонымен қатар, қатысушылар қатарында Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы), Nazarbayev University (Астана), Satbayev University (Алматы) және Yessenov University (Ақтау) студенттері бар. Бағдарлама ірі өнеркәсіптік жобаларға қажетті инженерлік дағдыларды дамытуға бағытталған.

Үздік қатысушылар бағдарлама аяқталғаннан кейін Силлено жобасына немесе TR-дің халықаралық жобаларына қосыла алады.
👍27👏2
🚊 Брифингтен экспорт маңызды. ҚТЖ басшысының тұтығуы кездейсоқ емес

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналистердің сұрағына сенімсіздеу жауап беріп, желіде сынға қалды. Бір қарағанда әлсіз коммуникация болып көрінгенімен, DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше Алдыбергенов бір жарым тәулік бойы ұйықтамай, Сарыағаш бекетінде өте алмай тұрған қазақ фермерлерінің вагондары мәселесін шешіп, сол ұйқысыз күйінде бірден брифингке шығып кеткен екен.

"Алдыбергенов кез-келген кездесулерде еркін сөйлеп, өзін сенімді ұстайды. Брифинг болар алдында Өзбекстан тарапымен кездесіп, вагондарды шекарадан өткізу үшін екі түн ұйықтамады. Ондай кезде адамның миы баяулап, реакциясы нашарлайды. Сондықтан оны жақсы түсінемін", - дейді дереккөз.


7 желтоқсанда Қазақстан мен Өзбекстан Сарыағаш бекеті арқылы астық пен азық-түлік пойыздарының өтімділігін арттыру мәселесін тәулік бойы режимде келісті. Мыңдаған тонна астық вагондарының жиналып қалуы, логистикалық тығын, экспортшылардың шығыны үлкен проблемаға айналған болатын. Мұндай кезде брифингте сөз саптау емес, үлкен стратегиялық мәселенің шешілгені анағұрлым маңызды.

ҚТЖ-да шынымен ұйқы жоқ. Ұлттық компания Қытай–Еуропа жаңа трансқазақстандық дәлізінің жүрегі болып табылатын «Достық – Мойынты» жолының екінші желісін баптауда. Алматы торабын тең жартыға жеңілдететін «Жетіген – Қазыбек бек» айналма желісін салып жатыр. Оңтүстікті елдің негізгі теміржол желісімен тікелей жалғап, Сарыағаштағы жүктемені азайтып, транзиттік ағындарды қайта үлестіретін «Дарбаза – Мақтаарал» желісі, Солтүстікке және Ресей бағыттарына жолды 320 шақырымға қысқартатын Қытаймен үшінші шекаралық өткел - «Бақты – Аягөз» жобасын жылдам режимде іске асыруда. Оған «Мойынты – Қызылжар» теміржолын қосыңыз. Ішкі тасымал аясында, 119 вокзал жаңғыртылып, оның ішінде 80 вокзал биыл аяқталады.

Сондықтан Талғат Алдыбергеновтың брифингтегі шаршаулы өндірістегі жағдайдың бір көрінісі. Жылдар бойы шешілмей келе жатқан Сарыағаш түйіні, трансшекаралық логистика, Қытай–Еуропа дәліздері, инфрақұрылымдық қысым дәл қазір Қазақстан үшін стратегиялық мәселе болып отыр. Оны түн ұйықтамай, зырлап жүгіріп шешпесе болмайды.

Біздің ойымызша, қоғам басшылықтың сөйлеу стилінен бұрын, қандай шешімдер қабылданды, қандай нәтижеге қол жетті деген маңызды сұрақтарға көбірек мән беруі керек.

Теміржол - ел экономикасының тамыры. Оның жаңа картасын салып жатқан адамдардың мінсіз спикер болмауы да мүмкін. Бірақ әдемі сөйлейтін дилетанттан көрі өз теміржол ісінің кәсіби маманы бізге көбірек пайдасын тигізеді.

https://xn--r1a.website/dalainside
😁25👍23👏1
💥 Атамекеннің тағдыры жаңа жылдан кейін шешіледі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының болашағы бойынша жабық есік жағдайындағы консультациялар қаңтар-ақпан айларында өтуі тиіс. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, палатаның жұмысы, жарна бойынша, шығын бойынша жағдайын толық реформалау бойынша ұсыныстар көбейген. Тіпті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын жауып, рұқсат беруші функцияларын профильді министрлік комитетіне беру туралы радикалды идея да талқыға салынады. Мемлекет өзіне бұл функцияларды алғысы келе ме, басты сұрақ осында.

«Қазір "Атамекен" палатасы мемлекетке де, өзінің басты клиенті – бизнеске де ұнамай барады. Ешкім жақтырмайтын, еш жерге симайтын изгой ұйымға айналып кеткен. Бизнестің мүддесін қорғау бойынша бастамалары әлсіз. Ал Үкімет үшін оңай илейтін жұмсақ қамыр сияқты. Өзіне ақша төлейтін ірі бизнеске ғана қызмет еткісі келеді. Оны жасыратын ештеңе жоқ, барлығы көріп отыр. Қазіргі басшысы да саяси аренадағы ықпалы, кәсіби ұйымдастыру жұмысы жағынан әлсіз. Осылардың барлығы жан-жақтан қордаланып, палатаның мүлде абыройсыз ұйымға айналуына алып келді», - дейді, дереккөз.


Палата өзі құрылған уақытта қажет болды, актуалды болды. Бірақ қазір өз миссиясын түгескен сияқты. Енді «Атамекен» өзінің басты функциясын орындауды тоқтатып, бизнестің дамуына кедергі келтіретін құрылымға айналып барады. Яғни қазіргі таңда бұл ұйымнан кәсіпкерлерге нақты пайда жоқ, керісінше ол бизнес үшін артық бюрократиялық тосқауыл деңгейіне жетті. Енді кәсіпкерлердің барлығы палатаның өздерінің құқықтары мен мүддесін қорғау ісін ойдағыдай атқара алмағанын айтып жүр. «Атамекен» көбіне алып компаниялардың сөзін сөйлеуге бейім де, шағын және орта бизнестің мәселелеріне тиісті деңгейде араша түспейді. Соңғы қабылданған Салық кодексіндегі шағын және орта бизнеске ауыр тиетін өзгерістер кезінде «Атамекеннің» дауысы мүлде шыққан жоқ. Тіпті палатаны ешкім тыңдамайтын сияқты.

Оған қарамастан, «Атамекен» палатасы бизнес өкілдерінен жыл сайын мүшелік жарналар жинайды. Жаңа жылдан кейін жағдай қиындайтындықтан, енді мүшелік жарналарды төлеу бизнес үшін қосымша қаржылық болмақ. Қазіргі инфляция, салықтардың өсуі жағдайында бұл «жығылғанға жұдырық» болып отыр. Палата кейбір міндетті қызметтерін, мысалы, өндірушілерге берілетін индустриялық сертификатты тек мүшелік жарна төленген жағдайда ғана беретіні бизнесті қосымша қыспаққа алған қисынсыз талаптардың бірі болып отыр. Яғни, кәсіпорын палатаға қарызы болса, тауардың отандық өндіруші екендігі жөніндегі сертификатты ала алмайды.

Ал сонда жиналған ақша бизнесті қорғау ісіне кетіп жатыр ма? Олай деп айта алмаймыз. Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылы ҰКП жалпы бюджеті 12 миллиард теңгеден асқан, оның 10,7 млрд теңгесін кәсіпкерлерден жиналатын мүшелік жарналар құрады. Бұл қаржының негізгі бөлігі ірі бизнес субъектілерінен түседі. Енді осы жиналған 12 миллиард теңгенің басым бөлігі тікелей бизнеске қызмет көрсетуге емес, палатаның өз шығындарын өтеуге кетеді. Кеңселерді жалға алу, қызметкерлерге айлық төлеу, іссапар сынды шығындары өте көп. Одан бизнеске пайда бар ма?

Не болса да, келесі жылы осы сұрақтардың барлығы күн тәртібіне қойылмақ. «Атамекен» бойынша шешім қабылдаудың уақыты баяғыда келген еді. Тек 2020 жылғы пандемия, одан кейінгі қайта қалпына келу үрдістері бөгет болып қалды.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍23😡2
Forwarded from KUSPEKOV OLZHAS🇰🇿
Жүктер тоқтап тұр, адамдар қаза табуда: ҚТЖ-де не болып жатыр?

Бүгінде Қазақстанда экспортқа бағытталған жүктер ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз қалып отыр. Вагондар станцияларда үйіліп, кәсіпкерлер нақты қаржылық шығынға батып жатыр. ҚТЖ-дегі қиындықтар енді жекелеген техникалық ақаулар емес - бұл ел экономикасына, жұмыс орындарына және Қазақстанның іскерлік беделіне тікелей әсер етіп отырған жүйелі мәселеге айналды.

Теміржол желісінде шамадан тыс жүктеме мен басқарылу деңгейінің төмендеуі байқалады. Жөнелту станцияларының жеткілікті дамымауы салдарынан вагондар нормативтен тыс жиналып қалуда, іс жүзінде есептен шығып қалатын «тасталған пойыздардың» саны артып келеді. Тасымалдауға берілетін өтінімдерді келісу үдерісі әлі де ашық емес, ал басқару барған сайын қолмен реттеу режиміне көшуде.

Шекаралық бағыттардағы ахуал да алаңдатарлық. Мысалы, Сарыағаш станциясы Өзбекстан бағыты бойынша екі елдің теміржолдары арасындағы үйлесімсіз әрекеттерге байланысты өткізу мүмкіндігінің шегіне жеткен. Бұл ретте жергілікті деңгейдегі клиенттер нақты әрі түсінікті кері байланыс ала алмай отыр: шешімдер орталықтандырылған, ал жауапкершілік айқын емес. Соның салдарынан экспорттық ағындар баяулап, транзиттік тасымалдар керісінше басымдықпен жүріп жатыр. Көрсеткішті дерек: бір ғана айдың ішінде қазақстандық өнім экспортына 20-дан астам шектеу енгізілген, ал транзит бойынша бір жылда - бірде-бір шектеу болмаған.

Экспорттаушылардың өтінімдері қысқартылып немесе «техникалық мүмкіндіктің болмауы» деген уәжбен кері қайтарылуда. Оның ішінде ай басталар алдындағы қосымша жоспарлар да бар. Бұл өндірістердің тоқтауына, шетелдік серіктестер тарапынан айыппұлдарға және Қазақстанға жеткізуші ретінде деген сенімнің әлсіреуіне алып келеді.

Мәселені ушықтырып отырған тағы бір жайт - ел ішіндегі вагон тапшылығы. Бос вагондар шетелде апталап тұрып қалады, ал оларды қайтару үдерісі түрлі шектеулерге тіреледі. Миллиардтаған инвестициялар мен өткізу қабілетінің өскені туралы есептерге қарамастан, бизнес жүктерді әкетудің нақты ұлғайғанын сезінбей отыр. Тіпті Қытай бағыты бойынша өткізу қабілеті бес есеге артты деп жарияланғаннан кейін де тасымалдауды келісуден бас тарту саны көбейген.

Қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Мойынты–Шығанақ учаскесінде төрт қызметкердің қаза табуы және Алматы-2 вокзалында балаларды қоса алғанда 52 адамның жаппай улануы - логистикада ғана емес, өндірістік және қоғамдық қауіпсіздіктің базалық бақылауында да елеулі ақаулар барын көрсететін дабыл.

Осы жағдайда басты сұрақ туындайды: отандық экспорттаушы теміржол жүйесіне қаншалықты сенім арта алады? Әлде ел экономикасы ҚТЖ ішкі мәселелерін реттегенше уақыт жоғалтуы керек пе? Қазіргі ахуал мұндай күтудің құны тым жоғары екенін көрсетіп отыр.

🔽🔽🔽
😡9🤯2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚦 Qarzhy Saqshysy: қаржылай қауіпсіздікке арналған ұлттық цифрлық бастама

Қазақстанда қаржылық сауат пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ауқымды республикалық компьютерлік ойын — Qarzhy Saqshysy өтті.

Жоба 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық қағидаты аясында ұйымдастырылды.

Игі бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігі мен AML Academy бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Негізгі мақсат - жасөспірімдер мен жастардың қаржылық тәуекелдерге қарсы иммунитетін қалыптастыру, цифрлық ортадағы қауіптерді дер кезінде тануға үйрету. Интерактивті ойын форматында қатысушылар виртуалды қаржыны басқару арқылы нақты өмірде жиі кездесетін қауіп-қатерлермен бетпе-бет келді. Олар дропперлік схемалардың белгілерін ажыратуды, қаржылық пирамидаларды тануды, фишингтік сайттарды шынайы сервистерден айыруды тәжірибе жүзінде меңгерді.

Жобаға еліміздің барлық өңірінен 800 мыңнан астам 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері қатысып, бұл бастаманың ауқымы мен өзектілігін айқын көрсетті. Қорытынды кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар құнды сыйлықтармен марапатталады.

Qarzhy Saqshysy - қаржылық сауатты, саналы әрі жауапты ұрпақ қалыптастыру жолындағы жүйелі қадам. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы жылдары да жалғасын тауып, қаржылай қауіпсіздік мәдениетін нығайтатын тұрақты ұлттық дәстүрге айналмақ.
👍17👏2🔥1
👀 Хакерлер Қазақстандағы әр спортшы мен бапкердің аты жөні, ЖСН-ы мен мекенжайына дейін біліп алды

Қазақстанның ресми спорт саласын қамтитын «Esport» (esport.gov.kz) ақпараттық жүйесінің деректері хакерлер қолына түскеннен кейін ауқымды ведомствоаралық ішкі қызметтік тексеріс басталды дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Хакерлер осы деректерді ашық ресурстарға жариялай салған. Яғни бүкіл әлемге еліміздегі әр спортшы мен бапкердің аты жөні, ЖСН-ы мен мекенжайына дейін ақпараттар тарап кеткен.

Алғашында бұл проблема және оған мемлекеттік органның жауабы туралы Ulysmedia.kz жазған болатын. Порталдың ақпаратынша, Туризм және спорт министрлігі ресми жауабы арқылы бұл жағдайды мойындаған.

«Esport» ақпараттық базасынан 286 мың жазба қолды болған. Қазір осы мәселеге жауапты Спорт және туризм министрлігі хакерлердің «Esport» жүйесін қалай бұзып кіргенін хабарламай отыр. Жалпы бұл жағдайдың өзі Туризм және спорт министрлігінің өз ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетіне күмән тудырады, дейді дереккөз.


Жақын уақытта аталған министрліктің Бәстерді бірыңғай есепке алу жүйесін (ЕСУ) кураторлыққа алу тиіс екені туралы ақпарат бар. Ал бұл жүйеде шамамен 1 миллион қазақстандықтың аса сезімтал деректері - банк шоттары мен карталарына қатысты ақпарат сақталмақ.

Қазірдің өзінде ЕСУ деректерінің қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар көбейіп келеді. Егер бұл жүйе де хакерлік шабуалға ұшараса, онда миллиондаған қазақстандықтар өз ақшаларынан әп сәтте айрылып қалуы мүмкін. Ал оған кім жауап береді?

Дереккөздің айтуынша, дәл қазір «Esport» ақпараттық базасының қалай бұзылғаны туралы қорытынды есеп өте маңызды болып отыр. Оның нәтижесінде біраз кадрлық шешімдер шығарылып, жұмыстан босатулар жүріп, сөгістер жариялануы мүмкін. DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстамақ.

https://xn--r1a.website/dalainside
😡16😁3👍1
💰 Есепке ілінбеген байлық. Мемлекет сирек металдардан қалай ұтылып отыр?

Қазақстаннан минералды шикізат экспорты мәселесі соңғы айларда таза техникалық дискурстан шығып, қоғамдық және саяси деңгейдегі талқылауға айналды. Парламент пен медиа кеңістігінде ел аумағынан шығарылатын руда мен концентраттың нақты құрамын бақылау мәселесі көтерілгеннен кейін, бұл тақырып мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігімен тікелей байланысты күрделі сұраққа айналды. Әсіресе, ілеспе компоненттердің, ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызы бар сирек кездесетін металдардың толық әрі дәл есепке алынбай қалуы мүмкін деген мәлімдемелер қоғам назарын өзіне аударды.

Пікірталастың ушығуына биыл «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдаған депутаттық сауалы түрткі болды. Онда принципті мәселе көтерілдіген еді. Мемлекет экспортқа жөнелтілетін минералды шикізаттың нақты құрамын қаншалықты тиімді бақылап отыр және талдау мен есепке алу жүйесіндегі олқылықтар салдарынан бюджет айтарлықтай кірістен қағылып отырған жоқ па?

Осы сұрақтардың аясында елдегі ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі - «Қазақмыс» корпорациясы қоғамдық назардың ортасына шықты. Талқылауға компанияның химиялық зертханаларының бұрынғы басшысы Бақыт Әділованың «Гиперборей» YouTube-арнасында жасаған ашық мәлімдемелері себеп болды.

Әділованың айтуынша, мәселе кәсіби ортада жедел технологиялық бақылау үшін қолданылатын, жартылай сандық сипаттағы рентген-спектрлік талдау әдісіне тіреліп отыр. Бұл әдіс өндірістік процестерді оперативті бақылауға қолайлы болғанымен, маманның сөзінше, ұлттық және мемлекетаралық стандарттар экспорттық операциялар, өзара есеп айырысу және кедендік рәсімдер кезінде толыққанды химиялық талдауды талап етеді. Яғни, мәселе әдістемелік айырмашылықта ғана емес, есептің дұрыстығы мен мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауда жатыр.


Бақыт Әділова 2019 жылдан бастап Балқаш өңіріндегі орталық химиялық зертханалардың аутсорсингке берілуіне ерекше назар аударады. Оның пікірінше, дәл осы кезеңнен бастап бақылау жүйесінің ашықтығы әлсірей бастаған. Мыс концентраты тек мыс қана емес. Оның құрамында әлемдік нарықта сұранысы жылдан-жылға артып келе жатқан бағалы және сирек кездесетін элементтер бар. Егер осы ілеспе компоненттер толық әрі дәл есепке алынбаса, мемлекет экспортталатын ресурстың нақты құнын бағалай алмайды.

Наурыз айының басында аталған мәселе ресми түрде парламент алаңына шықты. Мәжілісте Азат Перуашевтің депутаттық сауалы жолданып, онда баспасөзде жарияланған материалдар мен «Гиперборей» арнасында айтылған деректерге тікелей сілтеме жасалды.

2025 жылдың қазан айында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қосымша бақылау тетіктерінің қажеттігін іс жүзінде мойындады. Ведомство «Эксклюзив» басылымының сауалына берген жауабында сирек кездесетін металдарға қатысты бақылауды күшейту жоспарларын жария етті. Атап айтқанда, халықаралық қатысушылармен бірлесіп мамандандырылған зерттеу орталығын құру, сондай-ақ аккредиттелген зертханалар тізімін қалыптастыру көзделіп отыр.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда металдық бақылаудың көзден таса жасалуына жол беруге болмайды. Бұл мемлекеттің есепке ілінбей қалған байлығын ұрлау сынды процестер туғызуы мүмкін.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍19
🤡 Егер атыңызға алаяқтық кредит ресімделсе, не істеу керек?

Кредиттің алаяқтық жолмен ресімделгенін айтып кредиторға қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз. Мыналарды: картаны, шотты және қосымшаны бұғаттауды, жүгіну фактісін тіркеуді талап етіңіз.

Полицияға өтініш беріңіз (eGov, eOtinish немесе жеке барып). Банктің/МҚҰ-ның күнін, сомасын және атауын көрсетіңіз. Барлық дәлелдемені (SMS, алаяқтар қоңырау шалған нөмірлердің скриншоттары, хат-хабарлар, үзінді-көшірмелер) қоса беріңіз.

Полиция жәбірленуші деп тану туралы қаулыны (ҚПК-нің 71-бабы), немесе
қылмысқа ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі шаралар қабылдау туралы ұсынуды (ҚПК-нің 200-бабы) беруге тиіс, құжат тікелей кредиторға жіберіледі. Бұл құжат кредитордың пайызды (айыпақыны) есептеуін және қарызды өндіріп алуын тоқтата тұру үшін қажет.

Кредитор полиция құжатын алғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде: пайызды және айыпақыны (өсімпұл, айыппұл) есептеуді тоқтатуға; берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті.

Банктің/МҚҰ-ның бас тартуын және полицияның процестік құжатын тіркеп, шағымды eOtinish порталы арқылы жіберіңіз.

Алаяқтық кредитті есептен шығару автоматты түрде болмайды. Бұл банк/МҚҰ тарапынан бұзушылықтардың расталған фактілері, сондай-ақ полиция мен соттың құжаттары болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Егер банк немесе МҚҰ міндетті талаптарды бұзса және полиция алаяқтық фактісін растаса қандай бұзушылықтар маңызды болып саналады?

1) онлайн-кредитті ресімдеу кезінде биометриялық идентификаттау жоқ;
2) кредит клиенттің қарыз алудан ерікті түрде бас тартқаны туралы белгі қойылған кезде беріледі. Кредит берудің жас шектеулері бұзылған (кредитор бөлімшесінде жеке өзі болған кезде ресімделген кредитті алуға олардың келісімінсіз 21 жасқа толмаған немесе 55 жастан асқан адамға кредит берілген, не eGov порталы, кредиттік бюро немесе электрондық үкіметпен ықпалдастырылған кредитор жүйелері арқылы онлайн режимінде); банкте 150 АЕК-тен жоғары сомаға және МҚҰ-да 75 АЕК-ке алғашқы тұтынушылық кепілсіз онлайн кредит беру жүзеге асырылды; «шешім қабылдау кезеңі» сақталмаған – ақша белгіленген уақыттан бұрын берілген: 150-ден 255 АЕК-ке дейінгі сомаға банктік қарыз шарты жасалғаннан кейін және қарыз алушының келісімін алмай, 8 сағат бұрын, 255 АЕК-тен жоғары сомаға – 24 сағат бұрын; 75 АЕК-тен астам сомаға микрокредит 24 сағат бұрын.
Көрсетілген шектеулер, егер клиент бір күн ішінде бірнеше онлайн-кредит ресімдесе де қолданылады.

Ерекшеліктер: кредит тауарға, қызметке немесе жұмысқа ақы төлеу үшін беріледі және тікелей сатушыға төленеді немесе егер кредит бойынша берешекті сол банкте немесе микроқаржы ұйымында, сондай-ақ төлем картасы бойынша белгіленген лимит шегінде 150 АЕК дейін өтеу көзделсе.


Қандай құжаттар қажет? Сізді жәбірленуші деп тану туралы полиция қаулысы (ҚПК-нің 71-бабы), немесе алаяқтық мән-жайларын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы полицияның ұсынысы (ҚПК-нің 200-бабы).
👍6