DALA INSIDE
12K subscribers
399 photos
126 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💥 «Бұл – абсурд»: депутат Самат Нұртаза самокаттарға қатысты талқыланып жатқан түзетулерге қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында самокаттарды реттеу жөніндегі жаңа ұсыныстарға байланысты өткір пікір жариялады. Ол түзетулердегі ең үлкен қайшылық – жауапкершіліктің жеке және жалға алынған самокаттар арасында әртүрлі белгіленуі екенін айтты.

Депутаттың айтуынша, егер азамат өз самокатымен жолға шығып, ереже бұзса, айыппұл тікелей өзіне салынады. Ал дәл сол әрекетті жалға алынған самокатпен жасаса, айыппұл сервис компаниясына жүктеледі.

«Бұл – абсурд және толық жауапсыздық. Ең күлкілісі, егер сіз автокөлікті жалға алып, жол ережесін бұзсаңыз, айыппұлды өзіңіз төлейсіз. Бәрі күндей анық. Ал самокаттарда – таза сюрреализм», – деп жазды Нұртаза.


Самат Нұртаза сондай-ақ Президенттің «жүргізу мәдениетін қалыптастыру қажет» деген сөзін еске салып, кінәлі адам жазадан тыс қалатын жүйеде мәдениет қалыптаспайтынын айтты.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍31😁8👎5😱1
💵 Қаржыгерлер: «Бәйтеректің» артықшылықтары банктерді бәсекеден ығыстыруы мүмкін

Келесі жылы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі экономиканы кредиттеуге шамамен 8 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Алайда, мұндай қомақты қаражат инфляцияны жеделдетіп, фискалдық саясаттың жоспарланған нәтижелеріне түзетулер енгізуі ықтимал.

«Бәйтеректе банктермен бірдей кредит беру, кепілдендіру, сақтандыру құралдары бар, бірақ толыққанды реттеу жоқ. Қаржы институттары арасында бәсеке әділ болуы үшін ережелер барынша ұқсас болуы қажет», – дейді, Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Ұлттық Банктің пікірін бірқатар эксперттер қолдап отыр. Қаржылық кеңесші, Qazaq Expert Club мүшесі Жания Сандыбай "Мемлекеттік кепілдікке сүйенетін холдинг төмен пайызбен кредит бере алады, бұл жеке банктер үшін нарықтық теңсіздік туғызады. Сонымен қатар, тиімсіз жобалар көбейсе, холдингті қайта капиталдандыру қажеттілігі туған сайын жасырын мемлекеттік қарыз өседі" дейді.

Экономист Гүлфайруз Жүнісбекованың сөзінше, 8 трлн теңгенің қысқа мерзімде экономикаға түсуі инфляциялық қысымды айтарлықтай арттырады. Сол себепті, мұндай шараларды сақтықпен қабылдаған жөн.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍14😁6👎1
🚊 ҚТЖ VS агрофермерлер: шектеулер Қазақстан экономикасын тұралатпай ма?

«Қазақстан темір жолы» енгізіп отырған шектеулер салдарынан отандық фермерлер өздерінің дәстүрлі экспорттық нарықтарынан айырылып, олардың орнын Ресей мен Өзбекстанның бәсекелестері басып келеді.

КТЖ «Сарыағаш» халықаралық өткелі арқылы жүк қабылдауға конвенциялық тыйым енгізді. Бұл өткел Қазақстанның Орталық Азия елдеріне: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстанға бағытталған астық экспортының негізгі арнасы. Алайда шектеу транзиттік тасымалдарға қолданылмайды. Соның нәтижесінде шетелдік экспорттаушылар қазақстандық өнім өндірушілер босатқан нарықтарды тез арада игеріп жатыр.

Сала өкілдерінің айтуынша, КТЖ кезең-кезеңімен енгізетін мұндай шектеулер ұн тарту кәсіпорындарын жарты қуатпен жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Өндірушілер тұрақты және әлеуетті тұтынушыларынан айырылып, өндіріс жүктемесінің төмендігінен шығынға батады. Оған қоса вагондардың бос тұруы үшін айыппұл төлемек. Бұл ретте мемлекет те елеулі салық кірістерінен қағылып отыр.

Нәтижесінде Қазақстанның астық және ұн өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі төмендеп, экспорттық позициялары әлсірей түсуде.

https://xn--r1a.website/dalainside
🤯17😡11👎2😁1
«Силлено» компаниясы жас мамандарды іріктеудің алғашқы кезеңін бастады

"Силленно" полиэтилен зауытын салып жатқан ҚазМұнайГаз, СИБУР және SINOPEC бірлескен кәсіпорны С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 4-курс студенттері үшін алғашқы пилоттық тестілеу өткізді.

Мақсат – студенттердің білім деңгейін бағалап, болашақта зауыттың операциялық блогында жұмыс істеуге дайындығын анықтау. Тестілеу «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары» мамандықтарының студенттері арасында өтті. Білімі жеткілікті қатысушылар Силлено конкурстық комиссиясымен сұхбатқа шақырылады. Іріктеуді сәтті өткен түлектерге оқу бітірген соң жұмыс ұсынылмақ.

Осыған ұқсас тестілеулер Силлено серіктес колледждерінде де өтеді. Олар: С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж, APEC PetroTechnic жоғары колледжі және Мақат мұнай-газ колледжі.

Бұған қоса, қазақстандық жас инженерлер Tecnicas Reunidas (TR) компаниясының Мадридтегі бас кеңсесінде оқу бағдарламасының тәжірибелік кезеңін бастап кетті. Бірінші ағымның жартысын Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен APEC PetroTechnic жоғары колледжі сынды Атыраудағы жоғары оқу орындардың түлектері құрайды

Сонымен қатар, қатысушылар қатарында Қазақ-Британ техникалық университеті (Алматы), Nazarbayev University (Астана), Satbayev University (Алматы) және Yessenov University (Ақтау) студенттері бар. Бағдарлама ірі өнеркәсіптік жобаларға қажетті инженерлік дағдыларды дамытуға бағытталған.

Үздік қатысушылар бағдарлама аяқталғаннан кейін Силлено жобасына немесе TR-дің халықаралық жобаларына қосыла алады.
👍27👏2
🚊 Брифингтен экспорт маңызды. ҚТЖ басшысының тұтығуы кездейсоқ емес

ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте журналистердің сұрағына сенімсіздеу жауап беріп, желіде сынға қалды. Бір қарағанда әлсіз коммуникация болып көрінгенімен, DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше Алдыбергенов бір жарым тәулік бойы ұйықтамай, Сарыағаш бекетінде өте алмай тұрған қазақ фермерлерінің вагондары мәселесін шешіп, сол ұйқысыз күйінде бірден брифингке шығып кеткен екен.

"Алдыбергенов кез-келген кездесулерде еркін сөйлеп, өзін сенімді ұстайды. Брифинг болар алдында Өзбекстан тарапымен кездесіп, вагондарды шекарадан өткізу үшін екі түн ұйықтамады. Ондай кезде адамның миы баяулап, реакциясы нашарлайды. Сондықтан оны жақсы түсінемін", - дейді дереккөз.


7 желтоқсанда Қазақстан мен Өзбекстан Сарыағаш бекеті арқылы астық пен азық-түлік пойыздарының өтімділігін арттыру мәселесін тәулік бойы режимде келісті. Мыңдаған тонна астық вагондарының жиналып қалуы, логистикалық тығын, экспортшылардың шығыны үлкен проблемаға айналған болатын. Мұндай кезде брифингте сөз саптау емес, үлкен стратегиялық мәселенің шешілгені анағұрлым маңызды.

ҚТЖ-да шынымен ұйқы жоқ. Ұлттық компания Қытай–Еуропа жаңа трансқазақстандық дәлізінің жүрегі болып табылатын «Достық – Мойынты» жолының екінші желісін баптауда. Алматы торабын тең жартыға жеңілдететін «Жетіген – Қазыбек бек» айналма желісін салып жатыр. Оңтүстікті елдің негізгі теміржол желісімен тікелей жалғап, Сарыағаштағы жүктемені азайтып, транзиттік ағындарды қайта үлестіретін «Дарбаза – Мақтаарал» желісі, Солтүстікке және Ресей бағыттарына жолды 320 шақырымға қысқартатын Қытаймен үшінші шекаралық өткел - «Бақты – Аягөз» жобасын жылдам режимде іске асыруда. Оған «Мойынты – Қызылжар» теміржолын қосыңыз. Ішкі тасымал аясында, 119 вокзал жаңғыртылып, оның ішінде 80 вокзал биыл аяқталады.

Сондықтан Талғат Алдыбергеновтың брифингтегі шаршаулы өндірістегі жағдайдың бір көрінісі. Жылдар бойы шешілмей келе жатқан Сарыағаш түйіні, трансшекаралық логистика, Қытай–Еуропа дәліздері, инфрақұрылымдық қысым дәл қазір Қазақстан үшін стратегиялық мәселе болып отыр. Оны түн ұйықтамай, зырлап жүгіріп шешпесе болмайды.

Біздің ойымызша, қоғам басшылықтың сөйлеу стилінен бұрын, қандай шешімдер қабылданды, қандай нәтижеге қол жетті деген маңызды сұрақтарға көбірек мән беруі керек.

Теміржол - ел экономикасының тамыры. Оның жаңа картасын салып жатқан адамдардың мінсіз спикер болмауы да мүмкін. Бірақ әдемі сөйлейтін дилетанттан көрі өз теміржол ісінің кәсіби маманы бізге көбірек пайдасын тигізеді.

https://xn--r1a.website/dalainside
😁25👍23👏1
💥 Атамекеннің тағдыры жаңа жылдан кейін шешіледі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының болашағы бойынша жабық есік жағдайындағы консультациялар қаңтар-ақпан айларында өтуі тиіс. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, палатаның жұмысы, жарна бойынша, шығын бойынша жағдайын толық реформалау бойынша ұсыныстар көбейген. Тіпті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын жауып, рұқсат беруші функцияларын профильді министрлік комитетіне беру туралы радикалды идея да талқыға салынады. Мемлекет өзіне бұл функцияларды алғысы келе ме, басты сұрақ осында.

«Қазір "Атамекен" палатасы мемлекетке де, өзінің басты клиенті – бизнеске де ұнамай барады. Ешкім жақтырмайтын, еш жерге симайтын изгой ұйымға айналып кеткен. Бизнестің мүддесін қорғау бойынша бастамалары әлсіз. Ал Үкімет үшін оңай илейтін жұмсақ қамыр сияқты. Өзіне ақша төлейтін ірі бизнеске ғана қызмет еткісі келеді. Оны жасыратын ештеңе жоқ, барлығы көріп отыр. Қазіргі басшысы да саяси аренадағы ықпалы, кәсіби ұйымдастыру жұмысы жағынан әлсіз. Осылардың барлығы жан-жақтан қордаланып, палатаның мүлде абыройсыз ұйымға айналуына алып келді», - дейді, дереккөз.


Палата өзі құрылған уақытта қажет болды, актуалды болды. Бірақ қазір өз миссиясын түгескен сияқты. Енді «Атамекен» өзінің басты функциясын орындауды тоқтатып, бизнестің дамуына кедергі келтіретін құрылымға айналып барады. Яғни қазіргі таңда бұл ұйымнан кәсіпкерлерге нақты пайда жоқ, керісінше ол бизнес үшін артық бюрократиялық тосқауыл деңгейіне жетті. Енді кәсіпкерлердің барлығы палатаның өздерінің құқықтары мен мүддесін қорғау ісін ойдағыдай атқара алмағанын айтып жүр. «Атамекен» көбіне алып компаниялардың сөзін сөйлеуге бейім де, шағын және орта бизнестің мәселелеріне тиісті деңгейде араша түспейді. Соңғы қабылданған Салық кодексіндегі шағын және орта бизнеске ауыр тиетін өзгерістер кезінде «Атамекеннің» дауысы мүлде шыққан жоқ. Тіпті палатаны ешкім тыңдамайтын сияқты.

Оған қарамастан, «Атамекен» палатасы бизнес өкілдерінен жыл сайын мүшелік жарналар жинайды. Жаңа жылдан кейін жағдай қиындайтындықтан, енді мүшелік жарналарды төлеу бизнес үшін қосымша қаржылық болмақ. Қазіргі инфляция, салықтардың өсуі жағдайында бұл «жығылғанға жұдырық» болып отыр. Палата кейбір міндетті қызметтерін, мысалы, өндірушілерге берілетін индустриялық сертификатты тек мүшелік жарна төленген жағдайда ғана беретіні бизнесті қосымша қыспаққа алған қисынсыз талаптардың бірі болып отыр. Яғни, кәсіпорын палатаға қарызы болса, тауардың отандық өндіруші екендігі жөніндегі сертификатты ала алмайды.

Ал сонда жиналған ақша бизнесті қорғау ісіне кетіп жатыр ма? Олай деп айта алмаймыз. Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылы ҰКП жалпы бюджеті 12 миллиард теңгеден асқан, оның 10,7 млрд теңгесін кәсіпкерлерден жиналатын мүшелік жарналар құрады. Бұл қаржының негізгі бөлігі ірі бизнес субъектілерінен түседі. Енді осы жиналған 12 миллиард теңгенің басым бөлігі тікелей бизнеске қызмет көрсетуге емес, палатаның өз шығындарын өтеуге кетеді. Кеңселерді жалға алу, қызметкерлерге айлық төлеу, іссапар сынды шығындары өте көп. Одан бизнеске пайда бар ма?

Не болса да, келесі жылы осы сұрақтардың барлығы күн тәртібіне қойылмақ. «Атамекен» бойынша шешім қабылдаудың уақыты баяғыда келген еді. Тек 2020 жылғы пандемия, одан кейінгі қайта қалпына келу үрдістері бөгет болып қалды.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍23😡2
Forwarded from KUSPEKOV OLZHAS🇰🇿
Жүктер тоқтап тұр, адамдар қаза табуда: ҚТЖ-де не болып жатыр?

Бүгінде Қазақстанда экспортқа бағытталған жүктер ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз қалып отыр. Вагондар станцияларда үйіліп, кәсіпкерлер нақты қаржылық шығынға батып жатыр. ҚТЖ-дегі қиындықтар енді жекелеген техникалық ақаулар емес - бұл ел экономикасына, жұмыс орындарына және Қазақстанның іскерлік беделіне тікелей әсер етіп отырған жүйелі мәселеге айналды.

Теміржол желісінде шамадан тыс жүктеме мен басқарылу деңгейінің төмендеуі байқалады. Жөнелту станцияларының жеткілікті дамымауы салдарынан вагондар нормативтен тыс жиналып қалуда, іс жүзінде есептен шығып қалатын «тасталған пойыздардың» саны артып келеді. Тасымалдауға берілетін өтінімдерді келісу үдерісі әлі де ашық емес, ал басқару барған сайын қолмен реттеу режиміне көшуде.

Шекаралық бағыттардағы ахуал да алаңдатарлық. Мысалы, Сарыағаш станциясы Өзбекстан бағыты бойынша екі елдің теміржолдары арасындағы үйлесімсіз әрекеттерге байланысты өткізу мүмкіндігінің шегіне жеткен. Бұл ретте жергілікті деңгейдегі клиенттер нақты әрі түсінікті кері байланыс ала алмай отыр: шешімдер орталықтандырылған, ал жауапкершілік айқын емес. Соның салдарынан экспорттық ағындар баяулап, транзиттік тасымалдар керісінше басымдықпен жүріп жатыр. Көрсеткішті дерек: бір ғана айдың ішінде қазақстандық өнім экспортына 20-дан астам шектеу енгізілген, ал транзит бойынша бір жылда - бірде-бір шектеу болмаған.

Экспорттаушылардың өтінімдері қысқартылып немесе «техникалық мүмкіндіктің болмауы» деген уәжбен кері қайтарылуда. Оның ішінде ай басталар алдындағы қосымша жоспарлар да бар. Бұл өндірістердің тоқтауына, шетелдік серіктестер тарапынан айыппұлдарға және Қазақстанға жеткізуші ретінде деген сенімнің әлсіреуіне алып келеді.

Мәселені ушықтырып отырған тағы бір жайт - ел ішіндегі вагон тапшылығы. Бос вагондар шетелде апталап тұрып қалады, ал оларды қайтару үдерісі түрлі шектеулерге тіреледі. Миллиардтаған инвестициялар мен өткізу қабілетінің өскені туралы есептерге қарамастан, бизнес жүктерді әкетудің нақты ұлғайғанын сезінбей отыр. Тіпті Қытай бағыты бойынша өткізу қабілеті бес есеге артты деп жарияланғаннан кейін де тасымалдауды келісуден бас тарту саны көбейген.

Қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Мойынты–Шығанақ учаскесінде төрт қызметкердің қаза табуы және Алматы-2 вокзалында балаларды қоса алғанда 52 адамның жаппай улануы - логистикада ғана емес, өндірістік және қоғамдық қауіпсіздіктің базалық бақылауында да елеулі ақаулар барын көрсететін дабыл.

Осы жағдайда басты сұрақ туындайды: отандық экспорттаушы теміржол жүйесіне қаншалықты сенім арта алады? Әлде ел экономикасы ҚТЖ ішкі мәселелерін реттегенше уақыт жоғалтуы керек пе? Қазіргі ахуал мұндай күтудің құны тым жоғары екенін көрсетіп отыр.

🔽🔽🔽
😡9🤯2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚦 Qarzhy Saqshysy: қаржылай қауіпсіздікке арналған ұлттық цифрлық бастама

Қазақстанда қаржылық сауат пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ауқымды республикалық компьютерлік ойын — Qarzhy Saqshysy өтті.

Жоба 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық қағидаты аясында ұйымдастырылды.

Игі бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігі мен AML Academy бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Негізгі мақсат - жасөспірімдер мен жастардың қаржылық тәуекелдерге қарсы иммунитетін қалыптастыру, цифрлық ортадағы қауіптерді дер кезінде тануға үйрету. Интерактивті ойын форматында қатысушылар виртуалды қаржыны басқару арқылы нақты өмірде жиі кездесетін қауіп-қатерлермен бетпе-бет келді. Олар дропперлік схемалардың белгілерін ажыратуды, қаржылық пирамидаларды тануды, фишингтік сайттарды шынайы сервистерден айыруды тәжірибе жүзінде меңгерді.

Жобаға еліміздің барлық өңірінен 800 мыңнан астам 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері қатысып, бұл бастаманың ауқымы мен өзектілігін айқын көрсетті. Қорытынды кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар құнды сыйлықтармен марапатталады.

Qarzhy Saqshysy - қаржылық сауатты, саналы әрі жауапты ұрпақ қалыптастыру жолындағы жүйелі қадам. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы жылдары да жалғасын тауып, қаржылай қауіпсіздік мәдениетін нығайтатын тұрақты ұлттық дәстүрге айналмақ.
👍17👏2🔥1
👀 Хакерлер Қазақстандағы әр спортшы мен бапкердің аты жөні, ЖСН-ы мен мекенжайына дейін біліп алды

Қазақстанның ресми спорт саласын қамтитын «Esport» (esport.gov.kz) ақпараттық жүйесінің деректері хакерлер қолына түскеннен кейін ауқымды ведомствоаралық ішкі қызметтік тексеріс басталды дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Хакерлер осы деректерді ашық ресурстарға жариялай салған. Яғни бүкіл әлемге еліміздегі әр спортшы мен бапкердің аты жөні, ЖСН-ы мен мекенжайына дейін ақпараттар тарап кеткен.

Алғашында бұл проблема және оған мемлекеттік органның жауабы туралы Ulysmedia.kz жазған болатын. Порталдың ақпаратынша, Туризм және спорт министрлігі ресми жауабы арқылы бұл жағдайды мойындаған.

«Esport» ақпараттық базасынан 286 мың жазба қолды болған. Қазір осы мәселеге жауапты Спорт және туризм министрлігі хакерлердің «Esport» жүйесін қалай бұзып кіргенін хабарламай отыр. Жалпы бұл жағдайдың өзі Туризм және спорт министрлігінің өз ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетіне күмән тудырады, дейді дереккөз.


Жақын уақытта аталған министрліктің Бәстерді бірыңғай есепке алу жүйесін (ЕСУ) кураторлыққа алу тиіс екені туралы ақпарат бар. Ал бұл жүйеде шамамен 1 миллион қазақстандықтың аса сезімтал деректері - банк шоттары мен карталарына қатысты ақпарат сақталмақ.

Қазірдің өзінде ЕСУ деректерінің қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар көбейіп келеді. Егер бұл жүйе де хакерлік шабуалға ұшараса, онда миллиондаған қазақстандықтар өз ақшаларынан әп сәтте айрылып қалуы мүмкін. Ал оған кім жауап береді?

Дереккөздің айтуынша, дәл қазір «Esport» ақпараттық базасының қалай бұзылғаны туралы қорытынды есеп өте маңызды болып отыр. Оның нәтижесінде біраз кадрлық шешімдер шығарылып, жұмыстан босатулар жүріп, сөгістер жариялануы мүмкін. DALA INSIDE бұл маңызды мәселені бақылауда ұстамақ.

https://xn--r1a.website/dalainside
😡16😁3👍1
💰 Есепке ілінбеген байлық. Мемлекет сирек металдардан қалай ұтылып отыр?

Қазақстаннан минералды шикізат экспорты мәселесі соңғы айларда таза техникалық дискурстан шығып, қоғамдық және саяси деңгейдегі талқылауға айналды. Парламент пен медиа кеңістігінде ел аумағынан шығарылатын руда мен концентраттың нақты құрамын бақылау мәселесі көтерілгеннен кейін, бұл тақырып мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігімен тікелей байланысты күрделі сұраққа айналды. Әсіресе, ілеспе компоненттердің, ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызы бар сирек кездесетін металдардың толық әрі дәл есепке алынбай қалуы мүмкін деген мәлімдемелер қоғам назарын өзіне аударды.

Пікірталастың ушығуына биыл «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтің уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдаған депутаттық сауалы түрткі болды. Онда принципті мәселе көтерілдіген еді. Мемлекет экспортқа жөнелтілетін минералды шикізаттың нақты құрамын қаншалықты тиімді бақылап отыр және талдау мен есепке алу жүйесіндегі олқылықтар салдарынан бюджет айтарлықтай кірістен қағылып отырған жоқ па?

Осы сұрақтардың аясында елдегі ірі жер қойнауын пайдаланушылардың бірі - «Қазақмыс» корпорациясы қоғамдық назардың ортасына шықты. Талқылауға компанияның химиялық зертханаларының бұрынғы басшысы Бақыт Әділованың «Гиперборей» YouTube-арнасында жасаған ашық мәлімдемелері себеп болды.

Әділованың айтуынша, мәселе кәсіби ортада жедел технологиялық бақылау үшін қолданылатын, жартылай сандық сипаттағы рентген-спектрлік талдау әдісіне тіреліп отыр. Бұл әдіс өндірістік процестерді оперативті бақылауға қолайлы болғанымен, маманның сөзінше, ұлттық және мемлекетаралық стандарттар экспорттық операциялар, өзара есеп айырысу және кедендік рәсімдер кезінде толыққанды химиялық талдауды талап етеді. Яғни, мәселе әдістемелік айырмашылықта ғана емес, есептің дұрыстығы мен мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауда жатыр.


Бақыт Әділова 2019 жылдан бастап Балқаш өңіріндегі орталық химиялық зертханалардың аутсорсингке берілуіне ерекше назар аударады. Оның пікірінше, дәл осы кезеңнен бастап бақылау жүйесінің ашықтығы әлсірей бастаған. Мыс концентраты тек мыс қана емес. Оның құрамында әлемдік нарықта сұранысы жылдан-жылға артып келе жатқан бағалы және сирек кездесетін элементтер бар. Егер осы ілеспе компоненттер толық әрі дәл есепке алынбаса, мемлекет экспортталатын ресурстың нақты құнын бағалай алмайды.

Наурыз айының басында аталған мәселе ресми түрде парламент алаңына шықты. Мәжілісте Азат Перуашевтің депутаттық сауалы жолданып, онда баспасөзде жарияланған материалдар мен «Гиперборей» арнасында айтылған деректерге тікелей сілтеме жасалды.

2025 жылдың қазан айында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қосымша бақылау тетіктерінің қажеттігін іс жүзінде мойындады. Ведомство «Эксклюзив» басылымының сауалына берген жауабында сирек кездесетін металдарға қатысты бақылауды күшейту жоспарларын жария етті. Атап айтқанда, халықаралық қатысушылармен бірлесіп мамандандырылған зерттеу орталығын құру, сондай-ақ аккредиттелген зертханалар тізімін қалыптастыру көзделіп отыр.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда металдық бақылаудың көзден таса жасалуына жол беруге болмайды. Бұл мемлекеттің есепке ілінбей қалған байлығын ұрлау сынды процестер туғызуы мүмкін.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍19
🤡 Егер атыңызға алаяқтық кредит ресімделсе, не істеу керек?

Кредиттің алаяқтық жолмен ресімделгенін айтып кредиторға қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз. Мыналарды: картаны, шотты және қосымшаны бұғаттауды, жүгіну фактісін тіркеуді талап етіңіз.

Полицияға өтініш беріңіз (eGov, eOtinish немесе жеке барып). Банктің/МҚҰ-ның күнін, сомасын және атауын көрсетіңіз. Барлық дәлелдемені (SMS, алаяқтар қоңырау шалған нөмірлердің скриншоттары, хат-хабарлар, үзінді-көшірмелер) қоса беріңіз.

Полиция жәбірленуші деп тану туралы қаулыны (ҚПК-нің 71-бабы), немесе
қылмысқа ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі шаралар қабылдау туралы ұсынуды (ҚПК-нің 200-бабы) беруге тиіс, құжат тікелей кредиторға жіберіледі. Бұл құжат кредитордың пайызды (айыпақыны) есептеуін және қарызды өндіріп алуын тоқтата тұру үшін қажет.

Кредитор полиция құжатын алғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде: пайызды және айыпақыны (өсімпұл, айыппұл) есептеуді тоқтатуға; берешекті өндіріп алуды және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті.

Банктің/МҚҰ-ның бас тартуын және полицияның процестік құжатын тіркеп, шағымды eOtinish порталы арқылы жіберіңіз.

Алаяқтық кредитті есептен шығару автоматты түрде болмайды. Бұл банк/МҚҰ тарапынан бұзушылықтардың расталған фактілері, сондай-ақ полиция мен соттың құжаттары болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Егер банк немесе МҚҰ міндетті талаптарды бұзса және полиция алаяқтық фактісін растаса қандай бұзушылықтар маңызды болып саналады?

1) онлайн-кредитті ресімдеу кезінде биометриялық идентификаттау жоқ;
2) кредит клиенттің қарыз алудан ерікті түрде бас тартқаны туралы белгі қойылған кезде беріледі. Кредит берудің жас шектеулері бұзылған (кредитор бөлімшесінде жеке өзі болған кезде ресімделген кредитті алуға олардың келісімінсіз 21 жасқа толмаған немесе 55 жастан асқан адамға кредит берілген, не eGov порталы, кредиттік бюро немесе электрондық үкіметпен ықпалдастырылған кредитор жүйелері арқылы онлайн режимінде); банкте 150 АЕК-тен жоғары сомаға және МҚҰ-да 75 АЕК-ке алғашқы тұтынушылық кепілсіз онлайн кредит беру жүзеге асырылды; «шешім қабылдау кезеңі» сақталмаған – ақша белгіленген уақыттан бұрын берілген: 150-ден 255 АЕК-ке дейінгі сомаға банктік қарыз шарты жасалғаннан кейін және қарыз алушының келісімін алмай, 8 сағат бұрын, 255 АЕК-тен жоғары сомаға – 24 сағат бұрын; 75 АЕК-тен астам сомаға микрокредит 24 сағат бұрын.
Көрсетілген шектеулер, егер клиент бір күн ішінде бірнеше онлайн-кредит ресімдесе де қолданылады.

Ерекшеліктер: кредит тауарға, қызметке немесе жұмысқа ақы төлеу үшін беріледі және тікелей сатушыға төленеді немесе егер кредит бойынша берешекті сол банкте немесе микроқаржы ұйымында, сондай-ақ төлем картасы бойынша белгіленген лимит шегінде 150 АЕК дейін өтеу көзделсе.


Қандай құжаттар қажет? Сізді жәбірленуші деп тану туралы полиция қаулысы (ҚПК-нің 71-бабы), немесе алаяқтық мән-жайларын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы полицияның ұсынысы (ҚПК-нің 200-бабы).
👍6
🥣 Кремльдегі кешкі аста Тасмағамбетовтың саяси карьерасы талқыланған

Нұрсұлтан Назарбаевтың Кремльге жасаған биылғы жорығында АТБ Банк бойынша гарантиялар, Өзбекстанды Еуразиялық Одаққа ресми тартудың мүмкіндіктері мен Иманғали Тасмағамбетовтың болашағы сөз болған. Ресей протоколындағы инсайдер көп ақпаратпен бөлісе алмаса да, осы негізгі үш тақырыпты астарлап жеткізді.

Ресейдегі Азия-Тынық мұхит банкі Назарбаевқа қарайды. Соңғы жылдары банк табысты бола бастады. Биылғы болжам бойынша таза табысы 16 миллиард рубль шамасында болуы тиіс. Бұл 100 миллиард теңгеден асады. «Назарбаев 2028 жылдан қалдырмай барлық бизнес активтерін Ресейге шоғырландырғысы келеді. Сондықтан Қазақстанның бірінші президентіне Ресейдің санкциядан босағаны аса қажет», - дейді, DALA INSIDE тілдескен екінші дереккөз.

«Назарбаев барлық бизнес активтерін Ресейге көшіріп, оларды АТБ Банк төңірегіне шоғырландырып, АТБ Групп дегендей басқарушы холдинг жасай алады. Бұл егер Қазақстанда оның активтері тым қатты қысым көре бастаған жағдайға әзірленіп қойылған сценарий. Путиннен өзі дүниеден өтіп кеткен жағдайда, АТБ-ны талан-таражға салдырмай балаларының иелігінде қалдыруды сұрағаны анық. Егер Ресейге салынған санкциялар жойылатын болса, биыл 20 жасқа толған Тауман Нұрсұлтанұлы банкке иелік етуге дайын. Бірақ қазіргі жағдайда ол өзін Батыс үшін токсик саналатын активтермен байланыстырғысы келмейді», - дейді, дереккөз.


Назарбаев үшін ең ұтымды вариант – өзіне жақын адамның Қазақстан билігіне келгені болып тұр. Онда бизнесінің барлығын Ресейге көшіріп әуре болмайды. Кремльдегі кешкі кездесуде Тасмағамбетовтың саяси болашағының сөз болуы осы амбициядан туған дүниелер. ОДКБ төрағалығын босатып берген Иманғали Тасмағамбетов Путинге Қазақстандағы келесі президенттік сайлауға қатысамын деген нақты уәдесін бере қойған жоқ. Кремль Тастан бұған қатысты жауабын 2026 жылдан қалдырмай айтуын өтінген деген ақпарат бар.

«Бұл жолы Тасмағамбетов президенттік амбициясынан түбегейлі бас тартуы мүмкін. Соңғы жылдары оның ел басқаруға деген көзқарасы біршама өзгерді. Физикалық белсенділігі, саяси жауапкершілігі көп президенттік жұмыстан көрі оған бос уақыты бар, өзінің сүйікті жазу, архив істерімен айналысқан көбірек ұнап жүр. Сондықтан Қазақстан тарапы беделді халықаралық қордың басшылығын ұсынса, Тасмағамбетов қарсы болмауы тиіс», - дейді, дереккөз.


Бұл жағдайда Кремль өзінің запастағы варианты Мәулен Әшімбаевпен жұмыс істеп көруге тырысады. Мәскеудегі аналитиктер Әшімбаевтың келесі президент болуға потенциалы жоғары деп есептеп отыр.

Кешкі аста Владимир Путин Өзбекстанмен интеграциясын күшейту мәселесін көтеріп, Назарбаевтың осы бағыттағы қолдауын сұраған. Әбішұлының Өзбек президенті Шавкат Мирзиёевке қаншалықты сөзі өтері белгісіз. Бірақ ол уәдені орындауға тырысып, Мирзиёевке қоңырау шалып та үлгерді. Енді Назарбаев Путинмен келесі жылы мамыр айында кездесіп, бір шәй ішуге уағдаласқан. Әбішұлының оған дейін Ресей соғысын тоқтатып, санкциялар қамытын шешеді деген үміті бар.

Бір нәрсені мойындау керек. Назарбаев Путинге ақыл-кеңесін айтқанда, үнемі тезірек бейбіт келісімге келу қажеттігін ескертіп отырады. Жалпы Назарбаев соғысуды жан-тәнімен жек көретін адам. Оған бейбіт заманда өмір сүру, тыныш бизнес істеу, тірліктер мен жобалар жасау қатты ұнайды.

https://xn--r1a.website/dalainside
👎24🤮20😁6🤝4🤯3👍1
🛢️🇺🇲 Chevron Қазақстанда қалатын болды

DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, алдын-ала консультацияларда Қазақстан Chevron компаниясының Теңіз кенішіндегі жұмысын жалғастыра беруіне принципиалды келісімін бірден берген. Шеврон болса Қазақстанмен контрактты ұзартуды өзінің негізгі стратегиялық тапсырмасының бірі деп бекітіп қойған. Бір сөзбен айтқанда, екі тарап та ортақ жұмыстың жалғаса бергенін қалап отыр.

Бірақ келесі контракт 40 жылдық ұзақ мерзімге созылмауы тиіс, дейді дереккөз.

«Қазақстан 20-25 жылдық келісім-шарт нобайын ойластырып отыр. Шеврон болса кемінде 30 жылға шарт жасасқысы келеді. Тараптардың арасында осындай техникалық түйткілдер бар. Бірақ бастысы принципиалды келісімге қол жеткізілгендіктен, мұндай техникалық мәселелер тез шешіледі», - дейді, дереккөз.


Қазақстан тарапы біріккен кәсіпорын - Теңізшевройл басшылығына отандық мамандардың көбірек тартылуын сұраған. Шамамен 2028 жылы қазіргі директоры Уильям Якобидің орнын қазақстандық маман басуы мүмкін. Бұл жағынан алғанда Шеврон тарапынан проблема жоқ.

Теңіз мұнай кеніші бойынша Қазақстан мен Шеврон арасындағы 40 жылдық ғасыр контракты 2033 жылы аяқталады. 2028 жылға дейін тараптар осы келісімді ұзарту мәселесін шешуі тиіс. Теңіз кен орны Chevron компаниясына оның әлемдік дәлелденген мұнай қорының шамамен 23%-ын береді. Теңіз сияқты алпауыт кеніштер ұзақ уақыт бойы жоғары өндіріс деңгейін ұстап тұра алады.

Шевронның мұнай қорының шамамен тең жартысы АҚШ-та орын тепкен. Ол негізінен сланц бассейндерінде орналасқан. Ал сланцтың игеру мерзімі тым қысқа. Мысалы, 7-9 жылдан кейін сланц кеніші қысымды ұстамай, мұнай бермей қояды. Сонымен қатар, Шеврон Қарашығанақта да үлес ұстап отыр. Ол жердегі лицензиясы 2037 жылға дейін жарамды. Егер Chevron Теңізден айырылса, компанияның болашағы үлкен күмән тудырар еді. Сондықтан АҚШ алпауыты үшін мәселені қазір шешіп тастап, белгілі-бір гарантияға ие болған аса тиімді.

Қазір Теңіз кенішін игеріп жатқан Теңізшевройл бірлескен кәсіпорнында Шеврон 50%, ExxonMobil - 25%, Қазақстан - 20% және Лукойл 5% үлеске ие. Әу баста ТШО 50 де 50 болып, Шеврон мен Қазақстан арасында қылдай тең бөлінген болатын. Бірақ 1994-1996 жылдары Қазақстан өз үлесінің жартысын (ТШО-ның 25 пайыз үлесін) бір миллиард долларға ExxonMobil-ға сатып жіберді. Одан кейін Лукойлға 5% үлес берді. Енді Лукойл санкцияға ұшырағандықтан ТШО-дағы үлесі бойынша мәселені 11 күннің ішінде шешуі тиіс. Егер Лукойл сатып алушы таппаса, онда Қазақстан осы үлеске негізгі кандидат бола алады.

Chevron Венесуэладағы әлемдегі ең ірі мұнай қорын игеруге қатыса ма? Егер Шеврон бұл мүмкіндікке қол жеткізсе, болашақта олар үшін Теңіз мұнайының стратегиялық маңызы төмендеуі мүмкін. Себебі Венесуэладағы дәлелденген мұнай қоры Теңіз кенішін он орап алады. Және Шеврон үшін АҚШ-қа жақын жердегі кенішке иелік ету керемет логистикалық перспектива ашпақ. Бұл фактор американдықтардың Теңіз кеніші бойынша келіссөздердегі позициясын нығайтып тұр.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍29👎4😁2😱2
🤌 Мәскеудегі қазақ лоббиі Владимир Соловьевты «орнына қою» мәселесін ақылдасты

Мәскеудегі қазақ лоббиі Қазақстан мен Ресей арасындағы климаттың жылы және тұрақты болуына мүдделі. Себебі, Ресейде қазақ олигархтарының үлкен инвестициялары мен бизнестері бар. Владимир Соловьев сынды Z-пропагандистер екі жақты бизнес аһуалға тек қана кедергі келтіруде. DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, ол үлкен қаржылық топтарға ұнамай отыр.

«Жабық есік жағдайында талқыланды. Осы аптада Кремльге жақын олигарх Сулейман Керимов арқылы Владимир Соловьевке Қазақстанға мүлде тиіспеуін сыпайы түрде ескертуі тиіс. Соловьев ақылға көнбесе, Тигран Кеосаян сценарийін қайталап, Соловьевті өмірден «аластатып» жіберу вариантын қарастыруы мүмкін. Бірақ бұл ең ақырғы нұсқа. Оған дейін жеткізбейтін сияқты. Пропагандист Сулейман Керимовтен қатты қорқады», - дейді, дереккөз.


Қазақстандық капиталдың Ресейдегі негізгі активтері банк саласынан қонақүйлер желісіне дейін созылып, өте ауқымды империяны құрайды. Азия-Тынық мұхит банкі Нұрсұлтан Назарбаевқа, The Carlton, Mövenpick, Pana отельдер желісі Болат Өтемұратов пен Қайрат Итемгеновке тиесілі. Сонымен бірге қазақ акционерлері КАМАЗ бен ГАЗ өндірістік топтарында өз үлестерін ұстап отыр. Осы капитал үшін Қазақстан мен Ресейдің арасы тыныш болып, түрлі саяси ойындардан аулақ жүргені тиімді. Себебі олар әзірбайжан бизнесінің Мәскеуде біршама позициясынан айрылып қалғанын өз көзімен көрді.

Мәскеулік пропагандистер анда-санда Қазақстанға тиісіп тұруды әдетке айналдырған. Кеосаян, Симоньян, Мардан, Федоров, Соловьевтар 2022 жылдан бері бұл тақырыпта тым еркінсіп кетті. Кейбір кезде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі нота жолдап жүрді.

Мұндай саяси интригалар бизнеске де ұнамайды. Себебі, инвестициялық ахуал нашарлап, капиталдың қауіпсіздігіне қатер төнеді. Сол себепті Соловьев мәселесі осы аптада шешілуі тиіс.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍62😁12🤮5👎1
💥 Алматы сотында атышулы адвокат Мұрат Адамды лицензиясынан айыру мәселесі қаралып жатыр

Сотқа жүгінуге Ішкі істер органдарының ұсынысы негіз болған. Аталған талап-арыз адвокаттың кәсіби қызметіне, сондай-ақ қолданыстағы заңнама мен Кәсіби этика кодексінің талаптарын сақтауына берілетін бағамен байланысты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаевтың айтуынша, ведомствоның ұстанымы адвокаттың әрекеттеріне қатысты нақты деректер мен құқықтық бағаға сүйене отырып қалыптастырылған.

«Алдымен атап өткім келетіні, Әділет департаментінің сотқа берген талабы тек адвокаттың кәсіби мінез-құлқына және оның заңнама мен Кәсіби этика кодексінің талаптарын сақтамауына қатысты. Талап-арызды беруге Ішкі істер органдарының ұсынысы негіз болды», – деді Қанат Базарбаев.

Оның айтуынша, бұл істе шешуші мәнге 2025 жылғы 1 желтоқсанда Алматы қаласында жүргізілген санкцияланған тергеу әрекеттері ие. Дәл сол күні адвокаттың өзін ұстауы, сондай-ақ одан кейін қоғамдық кеңістіктегі әрекеттері құқықтық бағалаудың нысанына айналған.

«2025 жылғы 1 желтоқсанда түскі уақытта санкцияланған тінту жүргізіле бастады. Ал шамамен бір сағаттан кейін, түске таман, нақтырақ айтқанда сағат 12:50-де кеңсеге адвокат М. Адам келді. Ол тергеу әрекеттеріне қатысуға жіберуді талап етті. Алайда маңызды жайт – ол өзінің қорғаушы мәртебесін растайтын ешқандай құжат ұсынған жоқ. Яғни сол сәтте М. Адам іс жүзінде процесс қатысушысы болмағанын түсіну қажет», – деп түсіндірді Қанат Базарбаев.

Алматы қаласының Әділет департаментінде адвокаттың процессуалдық мәртебесі болмаған жағдайда оның тергеу әрекеттеріне қатысуға құқығы жоқ екеніне назар аударды. Алайда бұл жайт сол күні-ақ оның қоғамдық кеңістікте белсенді түрде мәлімдеме жасауына кедергі келтірмеген.

«Сол күні сәл кейінірек, шамамен сағат 14:30-да, ол әлеуметтік желілерде (Facebook, YouTube, Instagram) 16 жарияланым таратып үлгерді. Ол жазбаларында қорғауындағы адамның құқықтары бұзылды деп көрсетіп, іске жіберілмегенін және тергеу тарапынан заңсыз әрекеттер болды деп мәлімдеді. Мұны өзі қоғамды жаңылыстырып, деректерді бұрмалап отырғанын анық біле тұра жасаған. Мұның барлығы тиісті хабарлама алынғанға дейін болған», – дейді Қанат Базарбаев.

Ведомстводан мәлімдегендей, кейін сот актісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының әрекеттерінің заңдылығы расталған. Алайда соған қарамастан, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар шығару жалғаса берген.

«2025 жылғы 10 желтоқсанда Алматы қаласының тергеу соты тергеу әрекеттерін заңды деп танып, шағымды қанағаттандырмағанына қарамастан, адвокат М. Адам әлеуметтік желілерде жалған жарияланымдар жасауды жалғастырды. Бұл жазбалар рұқсат етілген құқықтық қорғау шегінен шығып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары мен сотқа қысым көрсету ретінде бағалануы мүмкін. Аталған деректер ведомствоаралық тергеу-жедел тобының материалдарымен расталады», – деп атап өтті Базарбаев.
Алматы қаласының Әділет департаментінде ведомствоның әрекеттері тек құқықтық сипатта екенін және адвокатура институтының өзіне қарсы бағытталмағанын атап өтті.

https://xn--r1a.website/dalainside
👎7😱6👍1🤯1
Умар Кремлевтің досы Қазақстандағы букмекерлік бизнесті бақылауға алды

2025 жылдың соңында Қазақстанда елдің букмекерлік нарығын бақылау үшін күрес аяқталды деп жазады, Агентство.Новости. Желтоқсан айында Парламент заң қабылдап, 30 желтоқсанда оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойып бекітті. Бұл заң букмекерлерді мемлекеттік Бірыңғай есепке алу жүйесімен (БЕАЖ/ЕСУ) жұмыс істеуге міндеттейді.

Жүйенің идеясына емес, оның Ресейдегі ЦУПИС көшірмесі болатынына және Ресейдің технологиялық архитектурасын қолдануына отандық нарық ойыншылары мүлде қарсы болғаны еді. Олардың тәуекелдер мен қауіптер бойынша ескертулері мүлде құлаққа ілінген жоқ.


БЕАЖ технологиялық мердігері ретінде Nomapay компаниясы таңдалған. Аталған компанияның құрылтайшысы өзін Ресей Президентінің Қауіпсіздік қызметінің басшысы Алексей Рубежнойдың досы, Умар Кремлевтің «бауырымын» деп атайды.

2025 жылдың қарашасында депутат Бақытжан Базарбек Мәжілістің заңнама жөніндегі комитет отырысынан екі бейнежазба жариялады. Бірінші видеода ол БЕАЖ-ді «тек ширма» деп атап, оның «ресейлік» Nomapay мүддесіне қызмет етіп отырғанын, ал оның артында Умар Кремлев тұрғанын айтты. Ал Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің шенеунігі енгізіліп жатқан жүйенің «біздің нарыққа бейімделген ресейлік өнім» екенін, оған құқықтарды мемлекет Nomapay-ден сатып алғанын растады.

Nomapay туралы не белгілі?

Компания 2024 жылдың 11 шілдесінде, заң бірінші оқылымда қабылданғаннан кейін бар болғаны үш күн өткен соң құрылған. Құрылтайшысы – қазақстандық спорт блогері Айтым Жақыпов, ал директоры – «Каспий» тауар биржасының бұрынғы президенті Эрик Танаев. Умар Кремлев пен Айтым Жақыпов бір-бірін «бауырмыз» деп атайды және бірге түрлі шараларға қатысады.

Интерактивті ставкалар бойынша аударымдарды есепке алу орталығы (ЦУПИС) атты ресейлік жүйе 2016 жылдан бері жұмыс істейді. 2021 жылы бұл жүйе Умар Кремлевке жақын адамдардың бақылауына өтті деп жазған еді, «Проект» басылымы. Сол жылы ЦУПИС барлық букмекерлер үшін жалғыз әрі міндетті жүйе болып бекітілді.

Ең өкініштісі, тура осы монополия енді Қазақстанда да орнап отыр.

https://xn--r1a.website/dalainside
😡56👎23🤯3💯2
💫 Kcell Қазақстанда 2026 жылы ең жылдам интернет ұсынған

Интернет қосылымының сапасын талдауға маманданған SpeedGeo платформасы Қазақстандағы байланыс нарығына қатысты жыл сайынғы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Рейтинг мобильді интернет жылдамдығына қатысты пайдаланушылар жүргізген өлшемдер негізінде жасалған.

SpeedGeo-ның 2025 жылғы есебіне сәйкес, деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы бойынша Kcell көш бастады.

Компания желісінде download speed көрсеткіші 61,1 Мбит/с-қа жетіп, бұл нәтижемен Kcell Қазақстандағы мобильді байланыс операторлары арасында бірінші орынды иеленді.


Зерттеу SpeedGeo (V-SPEED) платформасының краудсорсингтік деректеріне негізделген. Платформа интернет жылдамдығын мобильді қосымша арқылы пайдаланушылардың өздері жасаған өлшемдер арқылы жинайды. Зертханалық жағдайдағы тестілерден айырмашылығы, бұл өлшемдер абоненттердің күнделікті қолдану тәжірибесін көрсетеді. Демек, жылдамдық үйде немесе жұмыс орнында тіркеледі.

Қазақстандағы мобильді интернет сапасын талдау барысында смартфондар мен планшеттер арқылы 59 214 тест жүргізілген. Ал сымды интернет сапасын бағалау үшін Ethernet және Wi-Fi қосылымдары арқылы жасалған 111 807 өлшем пайдаланылған.

SpeedGeo деректерінің үлгі көлемі жүздеген мың немесе миллиондаған өлшемдерді талдайтын ірі халықаралық платформалармен салыстырғанда аздау. Осыған байланысты жарияланған мәліметтерді бүкіл нарықты толық қамтитын әмбебап рейтинг ретінде емес, пайдаланушы тәжірибесіне негізделген краудсорсингтік зерттеу нәтижесі ретінде қарастырған жөн.
👍18👎12🔥3🤯1🤮1
❤️ «Әйел вице-президент» сценарийінде Жанасова мен Еспаеваның кандидатуралары бар

Қазақстанда енгізілуі тиіс вице-президент институтында «әйел вице-президент» сценарийі де қарастырылған дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Оның айтуынша, үміткерлер шорт-тізімінде Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Әсел Жанасова мен Мәжіліс вице-спикері Дәния Еспаева тұр.

«Вице-президенттің мемлекет атынан халықаралық форумдарға қатысып, шетелдік делегациялармен кездесу өткізу функциясына Әсел Жұбанышқызы мен Дәния Мәдиқызы да тура келеді. Ал Парламент, яғни болашақ Құрылтаймен тығыз жұмыс істеуде Дәния Еспаеваның тәжірибесі мол. Бірақ Президент қызметін уақытша атқару қажеттілігі туындап қалса, онда Әсел Жанасованың экономикалық біліктілігі сәл жоғарырақ. Және ол логистикалық стратегияны жақсы меңгерген», - дейді, дереккөз.


Әсел Жанасова жас және энергиясы көп. Ал Дәния Еспаева парламентаризм ісінде мол тәжірибе жинаған. Бұл ретте жас энергия мен мол тәжірибе арасында таңдау жасауға тура келеді.

Бірақ дәл қазір «әйел вице-президент» сценарийі басты вариант болып қарастырылмаған. Дереккөз сөзінше, негізгі шорт-парақта Сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бар. Енді Президенттің алдында күрмеуі қиын дилемма пайда болды.

«Үштіктің бірі вице-президент болса, тең баланс ұстау үшін екінші тұлғаны Құрылтай спикерлігіне, үшінші қайраткерді Үкімет басқаруға жіберу туралы шешім қабылдануы мүмкін», - дейді, дереккөз.


Экономикалық реформалардың негізгі картинасын айқындап алған Қазақстан енді саяси трансформацияны бастап кетті. Ол шамамен 2027 жылы аяқталады деп күтілуде.

https://xn--r1a.website/dalainside
🤮13😁10👍4😱4👎1