⚡️ Ұрланған активтерді қайтару: Қажыгелдинге альтернатива табылды
Жаңа Қазақстан жасанды интеллектінің (AI) көмегіне жүгінгелі отыр. Жылдар бойы Назарбаев кланы жасырған капиталдың ізін кескен Мағжанұлы Ақордаға керек болмай қалған сынды.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша шетке кеткен капиталды қайтаруда Тоқаевтың төңірегі Техаста орналасқан технологиялық компанияға көз тігіп отыр.
Қазақ азаматы Елисар Нұрмағамбетов жетекшілік ететін Black Ice AI компаниясы барымта-сырымтамен келген 💰 активтің есеп-қисабын жасап, оның шығу тегі мен ақырғы аялдаған жерін анықтаумен айналысады.
Жасанды интеллект Қажыгелдинге қарағанда қауырт қимылдайды, оның саяси амбициясы жоқ. Тоқаев пен оның төңірегіне ақыл айтпайды. Қателіктерін көзге түртіп көрсетпейді.
Бізге жеткен мәлімет бойынша компания жетекшісі Елисар Нұрмағамбетов Астанаға арнайы келіп, еліміздің барлау қызметіне жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін таныстырған. Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі, ҰҚК секілді құрылымдар шеттегі активті қайтаруда қосымша көмектің қажет боларын мойындап отыр.
Қаржы саласындағы ұрлық-қарлықты жасанды интеллектінің көмегімен анықтайтын компанияның арғы жағында 🇺🇸 АҚШ пен Ұлыбританияның барлау қызметі тұр.
Black Ice AI -ға жетекшілік ететін Елисар Нұрмағамбетовке бір кезгі ЦРУ агенті Scott Uehlinger жәрдемдеседі. Компаниядағы 15-ке жуық аналитик әр жылдары АҚШ-тың түрлі мемагенттіктері, соның ішінде НАСА-да жұмыс істеген.
❗️ Бұған дейін Forbes-қа сұхбат берген Нұрмағамбетов Жаңа Қазақстанның заказы бойынша шеттегі активін жасырған бірқатар тұлғаның әмиянына үңілгенін мәлімдеген.
«Ақорда тым сылбыр қимылдауда. Ескі Қазақстанның өкілдері активін жасырудың түрлі тәсілдерін біледі. Ширақ қимылдау қажет. Шеттегі капиталды соңғы тиынына дейін елге қайтару құр қиял. Мұның 10 пайызын қайтарсақ та үлкен жетістік», - дейді Нұрмағамбетов.
Айтуынша, Black Ice AI ақшаның тазалығын анықтамайды. Бұл арнайы қызмет өкілдерінің жұмысы. Жасанды интеллект активтің кімге тиесілі екенін тауып береді. Былайша айтқанда, атын атап, түсін түстейді.
Айталық, қияндағы Кайман аралында аты-жөні белгісіз қазақ олигархының «алтын сандығы» жасырулы жатыр дейік. Ол Болат Өтемұратовқа тиесілі болуы мүмкін (шартты түрде). Жаңа Қазақстан әлгі байлыққа Өтемұратов иелік етерін сезсе де, дәлелдей алмай дал болады. Міне, осы кезде жасанды интеллект көмекке келеді.
Black Ice AI-дың АҚШ билігінің алдында да абыройы жоғары.
Кремль? МемДеп қазақ азаматы жетекшілік ететін компанияға санкциялық барлау жұмысын жүргізуді тапсырғалы отыр. АҚШ санкциясын айналып өтіп жатқан Ресейдің әрекеті алдағы уақытта қазақ азаматы ойлап тапқан софттың назарына ілігеді.
Қажыгелдин? Мағжанұлына альтернатива табылған сынды. Tax justice network-тың мәліметінше Назарбаев кланы өткен 30 жылда 140–160 млрд долларды офшорға шығарған.
Бұл туралы әлі де айта түсеміз. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside

👏65👍56🔥13❤3😱2🙏2
🍼 Қазақ елі Анисимовтың "әдемі откатына" мәз болды
"Қазақстан халқына" қоры биылғы жартыжылдықтың есебін жариялады. Оны аудиторлар тексеріп, растығына кепіл беріп отыр.
Қор биыл 24,6 миллиард теңге жаратқан. Оның әділ үлестіріліп жатқанына әңгіме жоқ, себебі әр тиын тексеріліп отырады. Ал Қорға ақша қайдан түсті? Ең қызығы осы жерден шықты.
Қорға биылғы алты айда 23,4 миллиард түссе, соның 22,3 миллиард теңгесін Василий Анисимов берген. Анисимов кезінде Алматыда туған, біздің Нархозда оқыған Ресей олигархы. Ол Әлішер Усмановпен бірге "Металлоинвест" алпауытын құрып, содан көтерілген болатын. Ресей санкцияға іліге бастағанда Ресей азаматтығынан бас тартып, екінші азаматтығы - Хорватия паспортымен қалды. Анисимовтың "Қазақстан халқына" қорына 22 миллиард теңгені Алматыда туғаны үшін санап бермегені белгілі. Сонда не үшін?
Анисимов Қазақстан уранын Ресейге 1,2 миллиард долларға сатты. Теңгемен есептесек, 540 миллиард теңге. Оған Қазақстан Үкіметі "ҚазАтомПром" ұлттық компаниясының қолында акцияға опцион бола тұра жол берді. Сондағысы осы 4 пайыздық откат үшін бе?
Ол не уран, қалай сатылды, оның барлығын кезінде тәптіштеп жазған болатынбыз. Қысқаша еске салсақ. Бұл оқиға "Буденовское афера" деп аталады.
Кезінде Назарбаев пен Путин біздегі уран рудниктеріне бірлескен кәсіпорындар ашып, әр кәсіпорын акциясының тең жартысын Ресейге, яғни "Росатомға" беру бойынша келіседі. Ресей есесіне өзіндегі уран байытатын комбинат (АО "ЦОУ") акцияларының тең жартысын Қазатомпромға беруі тиіс. Қазатомпром жоспары бойынша, олар уран өндіріп, оны ЦОУ-да байытып, сосын Өскеменге апарып, дайын таблетка жасап, АЭС-терге сататын болады.
Рудниктер акцияларының жартысын Росатомға беріп жатқан кезде, Ресей жағы бір рудниктің үлесін Росатомға емес, олигарх Анисимовқа беруді сұрайды. Яғни, олар өз коррупциялық схемаларын жүзеге асырған. Қазақстанға бәрібір болғандықтан, Анисимовке бере салады.
Біз ірі рудниктеріміздің тең жартысын Ресейге беріп, есесіне "ЦОУ" уран байыту орталығының жарты үлесін алғанымызбен, Қазатомпром 2020 жылы сол үлесті Ресейге 100 миллион долларға қайтадан сатып жіберген. Ал Анисимов бізден алған бір рудниктің тең жарты үлесін Росатомға 1,2 миллиард долларға өткізді.
Сондықтан Анисимов "Қазақстан халқы" деп аталатын балақайға чупа-чупс беріп кетті. Балақай чупа-чупс сорып отырғанда, үлкен ағайлар әлі біраз шаруаның бетін қайырмақ. Дәл осы "чупа-чупс" әдісін Тимур Құлыбаев, Владимир Ким, Эдуард Огай сынды олигархтар да қолданған еді. Бірақ олар сыйлығын 10 миллиард теңгеден асырмаған. Анисимов иә, "Жаңа Қазақстан" тарихындағы ең үлкен чупа-чупс сатып алып берген олигарх болып тұр.
Уран туралы алдағы уақытта әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

👍90😱34😁17❤5🔥4👏1
⚡️ Еуропарламенттегі «Әблязовтың адамы» Жаңа Қазақстанның жынына тиюде…
Ресейден алшақтап, 🇪🇺 Батысқа біртабан жақындаған Жаңа Қазақстан жаңа проблемаға жолықты. Еуропарламенттің Орталық Азияға жауапты шенеунігі талайдан бері Тоқаевқа шүйлігіп жүр.
Былтыр дәл осы уақытта депутат Никколо Риналди Италия түрмелерін шарлап, темір торда жатқан қауыммен тілдескен-тұғын. Шенеуніктің жанына Әблязовтың «оң қолы» саналатын Ботагөз Жәрдемәліні ертіп жүргенінен секем алған едік.
Содан бергі уақытта Риналдидің риторикасы күрт өзгеріп, Ақорданы айыптаудан аузы босамай келеді. Орта Азия, соның ішінде Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікке жауапты шендінің қазақ билігін қарғап-сілеуі сырт көзге ерсі көрінетінін мойындау керекпіз.
Түнеукүні Италиядағы танымал радиоға сұхбат берген еуродепутат «Тоқаев Путинге жәрдемдесіп жатыр» дей келе, Қазақстанға да санкцияға салу мәселесін табанды түрде талап етерін мәлімдеді.
Риналди бұған дейін ДВК-ның үгіт- насихаттын жүргізіп, «Ақорда Мұхтардың атын атаудан қорқады» деген.
DALA INSIDE Риналдиды «Әблязовтың сыбайласы» деп санайды. Бізге жеткен мәлімет бойынша беделді шенеунік қазақ олигархы қаржыландыратын «Ашық диалог» (ODF) қорының астауынан жем жеп жүр. Брюсселде орналасқан қор жайында бұған дейін де егжей-тегжейлі жазғанбыз.
Еуропарламенттегі беделді шендінің риторикасы әрі оның Әблязовпен ауыз жаласқаны Ақорданың жынына тиюде. Астана мен Брюсселдің арасына сына қаққысы келетін Риналдидің жақтастары көбейе түссе, Қазақстанға қатысты позиция да қатаңдары белгілі.
Ескі Қазақстанға күн бермеген Әблязов және оған қарасты «Ашық диалог» қоры соғыс басталғалы дамыл таппай жүр. «Санкция? Тоқаев Путинге болысуда…» дегенді Батыс депутатының аузына салып берген Мұқаң Жаңа Қазақстанға да тыным бермейтін түрі бар.
Ал қазақ билігі Батыстың аумалы-төкпелі позициясын (двойной стандарт) түсінбей дал болуда. Әблязовтың ақпараттық шабуылы үдей түспеса, толастамасы анық. Ақорда идеологтары бұған қалай жауап қатпақ?..
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽
https://xn--r1a.website/dalainside
Ресейден алшақтап, 🇪🇺 Батысқа біртабан жақындаған Жаңа Қазақстан жаңа проблемаға жолықты. Еуропарламенттің Орталық Азияға жауапты шенеунігі талайдан бері Тоқаевқа шүйлігіп жүр.
Былтыр дәл осы уақытта депутат Никколо Риналди Италия түрмелерін шарлап, темір торда жатқан қауыммен тілдескен-тұғын. Шенеуніктің жанына Әблязовтың «оң қолы» саналатын
Содан бергі уақытта Риналдидің риторикасы күрт өзгеріп, Ақорданы айыптаудан аузы босамай келеді. Орта Азия, соның ішінде Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікке жауапты шендінің қазақ билігін қарғап-сілеуі сырт көзге ерсі көрінетінін мойындау керекпіз.
Түнеукүні Италиядағы танымал радиоға сұхбат берген еуродепутат «Тоқаев Путинге жәрдемдесіп жатыр» дей келе, Қазақстанға да санкцияға салу мәселесін табанды түрде талап етерін мәлімдеді.
Риналди бұған дейін ДВК-ның үгіт- насихаттын жүргізіп, «Ақорда Мұхтардың атын атаудан қорқады» деген.
DALA INSIDE Риналдиды «Әблязовтың сыбайласы» деп санайды. Бізге жеткен мәлімет бойынша беделді шенеунік қазақ олигархы қаржыландыратын «Ашық диалог» (ODF) қорының астауынан жем жеп жүр. Брюсселде орналасқан қор жайында бұған дейін де егжей-тегжейлі жазғанбыз.
Еуропарламенттегі беделді шендінің риторикасы әрі оның Әблязовпен ауыз жаласқаны Ақорданың жынына тиюде. Астана мен Брюсселдің арасына сына қаққысы келетін Риналдидің жақтастары көбейе түссе, Қазақстанға қатысты позиция да қатаңдары белгілі.
Ескі Қазақстанға күн бермеген Әблязов және оған қарасты «Ашық диалог» қоры соғыс басталғалы дамыл таппай жүр. «Санкция? Тоқаев Путинге болысуда…» дегенді Батыс депутатының аузына салып берген Мұқаң Жаңа Қазақстанға да тыным бермейтін түрі бар.
Ал қазақ билігі Батыстың аумалы-төкпелі позициясын (двойной стандарт) түсінбей дал болуда. Әблязовтың ақпараттық шабуылы үдей түспеса, толастамасы анық. Ақорда идеологтары бұған қалай жауап қатпақ?..
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽
https://xn--r1a.website/dalainside
👍127❤17😁9🔥6👏3😱3🥰1
📜 "Ақсақалдар кеңесі" әкімдер мен министрлер кандидатурасын майшаммен қарамақ
Мемлекеттік мәселелерде жоғары басшылыққа кеңес беру, жөн сілтеу үшін құрылған, құрамына қазақтың 9 сыйлы ақсақалы кіретін бейресми алқа - АК-ның құзыреті күшейе бастады. Әкімдер мен олардың орынбасарлары жемқорлықпен ұстала беретіндіктен, ұсынылған кандидатуралар арасынан кіршіксіз таза, жүрегіне коррупция жұқтырмаған үміткерді іріктеу осы ақсақалдарға тапсырылды.
Алдымен АК Шымкентті реттемек. Параға қатысты ұсталған әкімнің орынбасары Мақсұт Исаховтың ісі сотқа жетсе, Шымкент әкімі Марат Әйтенов заң бойынша отставкаға арыз беруі тиіс. Әйтенов кете ме, қала ма, оны ақсақалдар шешетін болады. Одан кейін Алматы облысындағы "біраз мәселелер" қаралмақ. Ал күзде Қарағанды бойынша шешім қабылданады деп жоспарланған.
Ақсақалдар "Ұлы дала империясын" гүлдендіре ала ма? Оны уақыт көрсетеді. Өмірлік тәжірибесі мол болғандықтан, АК сабырлы және байыпты кесімдер айтып жүр. Сондықтан ол Қазақстанға керек екені даусыз.
Ақсақалдардың елге сіңіріп жатқан ерен еңбегін DALA INSIDE бақылап отырады. Келесі жазбада Әбілазов туралы жеткен керемет инсайдпен бөлісеміз. Бізге жазылып алыңыз👇

👍91😁18❤8👎5🔥3👌2👏1
Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега-жұлдыздары «Азия дауысы – 2023» фестивалін жандырды
Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті.
Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы «Where is the Love?» хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Бірге атап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды.
Кешегі концертте кішігірім оқиға болды – Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады.
DALA INSIDE - ақпараттық серіктес атанған тұңғыш телеграм арна

👍41❤5👎3😁2👏1
🏦 Теңгеге тықыр таяна бастады
Күзге таман ұлттық валюта бағамы долларына 460 межесінен аса бастауы ықтимал. Себебі, биылдың екінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы төлем балансы 2,7 миллиард долларға минусқа кеткен. Яғни, импортқа жұмсалатын қаржы экспорттан түсетін түсімнен артып кетіп отыр. Импорт көлемі 22 пайызға артса, экспорт керісінше 7 пайызға қысқарған.
Екінші тоқсанда Қазақстанның мұнайдан түсетін выручкасы 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 31 пайызға азайған. Себеп - мұнай бағасы биыл төмендеп барады. Бұл Ұлттық қорға биыл түсетін қаржының біз ойлағандай керемет болып шықпайтынын байқатып отыр.
Қазір теңге биржада Ұлттық банктің бюджет трансферті бойынша конвертациялары мен квазимемлекеттік компаниялардың валюталық выручканы сату бойынша операцияларының арқасында ғана өзін ұстап тұр. Бірақ выручка азайған сайын, конвертация көлемі азаймақ. Сол кезде теңге бағамына қысым көбейе түседі.
Әрине, Ұлттық банк қандай да бір ауыр шокты болдырмайтыны анық. Егер ондай сигналдар болса, интервенция механизмі іске қосылады. Биылдан басталған мамыражай уақытта интервенция болмаған еді. Ал күзде турбулентті кезеңге аяқ басуымыз ғажап емес.
Интервенция - Ұлттық банктың теңге бағамына дем беру үшін биржада өз қорындағы долларларды сату операциясы.
DALA INSIDE теңге курсын бақылап отыр. Бізге жазылыңыз👇

👍55😱8😁6❤4🔥2👏1
🇰🇿🆚🇷🇺 Тоқаевтың маневр алаңы тарылуда: Ресейге тәуелділік қауіпті межеге тақап қалды…
Мұнай тасымалында бәз баяғыша Мәскеуге кіріптармыз. КТК-ның шүмегіне тас кенеше жабысып алған Путин Ақорданы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауда.
Қазақтың «қара алтыны» Ресейдің құбырларын қуалай, Еуропаның қоймаларына құйылуда. Қауіпті тенденцияны тежеуге келгенде Смайылов үкіметі шарасыздық танытып отыр.
Жаңа Қазақстан Транскаспий дәлізінің потенциалын пайдалану керектігін жақсы түсінеді. Бірақ оны игеруге келгенде ескі Қазақстаның әдетіне басып енжар қимылдауда.
Биыл экспортқа жөнелтілген мұнайдың96 пайызы (!) Ресей аумағы арқылы өткен. Кремль пулына кіретін телеграм арналар осынау «ақжолтай» жаңалықты жарыса жазып, жұрттан сүйінші сұрауда.
Тоқаев? Мұнай транзитінде Ресейден өзге маршрут табу туралы президент тапсырмасы аяқсыз қалған тәрізді.
Ресейден өзге арна арқылы тасымалданған мұнай экспорты мизерлі деңгейде. Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы жеткізілген мұнай көлемі былтырдан бері 3,4 пайыздан 3,7 пайызға өскен. Мардымсыз ба? Мардымсыз.
DALA INSIDE-тың білуінше Ақтаудың іргесіндегі Құрық портына Марабаевтар кланы иелік етеді. Нұржан Марабаев басқаратын «Semurg invest» компаниясы Құрықты логистикалық хабқа айналдыруға уәде еткен. Транскаспий дәлізіндегі операторлармен байланыс орнату Марабаевтың мойнына жүктелген еді. Нұржанның әкесі Жақып Марабаев Қаңтар трагедиясына дейін ҚазМұнайГаздың вице-төрағасы болған…
Бізге жеткен ақпар бойынша Құрыққа араб инвесторлары қызығуда. Жыл басында Астанаға арабтардың аталған саладағы алпауыты Abu Dhabi Ports делегациясы келіп қайтқан.
❗️ Тоқаев Транскаспий коридоры арқылы тасымалданатын мұнай көлемін жылына 20 млн тоннаға (күніне 400 мың баррель) жеткізуді тапсырған. Мұнай сатумен жан бағып отырған (экспорттық табысының 60 пайызы ✔️) Жаңа Қазақстан үшін Құрық порты жақсы көзір болар еді.
Жаңа терминал? Оның қашан салынары белгісіз. Марабаевтар кланы жобаны аяқтауға 100 млн 💲 сұрап отыр.
DALA INSIDE Путинге кіріптар болуымызға Қазақстанда мұнай өндіретін 🇺🇸 ExxonMobil, Shell, Eni, 🇯🇵 Inpex секілді трансұлттық компаниялар да жауапты деп есептейді. Альтернативті маршрут іздеуге асықпаған бұлар 1500 шақырымға созылып жатқан КТК-ның теңқожайыны. Олар мұнайды теміржолмен тасымалдау, оны Құрыққа жеткізу, әрі қарай Бакудің құбырына құю процесін қып-қызыл шығын көреді.
КТК Астананың мұнай тасымалы саласындағы амбициясына қолбайлау болуда, алайда әзір одан өзге балама жоқ. Орта дәліз арқылы жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдауға Құрықтың қуаты жетпейді.
Путин? ЛНР мен ДНР мойындаудан бас тартқан Тоқаевтың сөзінен кейін Кремль көсемі КТК-ны бітеп тастағанын ұмытқан жоқпыз. Бұл әрекетін кейіннен тағы бірнеше мәрте қайталады.
Путиннің шантажынан шаршаған Тоқаев Транскаспий дәлізінен үлкен үміт күткен. Ақтау - Баку – Жейхан мұнай маршрутының мүмкіндігін сарқа пайдалансақ Кремль провокациясына төтеп берерлік иммунитет қалыптасар ма еді…
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Мұнай тасымалында бәз баяғыша Мәскеуге кіріптармыз. КТК-ның шүмегіне тас кенеше жабысып алған Путин Ақорданы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауда.
Қазақтың «қара алтыны» Ресейдің құбырларын қуалай, Еуропаның қоймаларына құйылуда. Қауіпті тенденцияны тежеуге келгенде Смайылов үкіметі шарасыздық танытып отыр.
Жаңа Қазақстан Транскаспий дәлізінің потенциалын пайдалану керектігін жақсы түсінеді. Бірақ оны игеруге келгенде ескі Қазақстаның әдетіне басып енжар қимылдауда.
Биыл экспортқа жөнелтілген мұнайдың
Тоқаев? Мұнай транзитінде Ресейден өзге маршрут табу туралы президент тапсырмасы аяқсыз қалған тәрізді.
Ресейден өзге арна арқылы тасымалданған мұнай экспорты мизерлі деңгейде. Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы жеткізілген мұнай көлемі былтырдан бері 3,4 пайыздан 3,7 пайызға өскен. Мардымсыз ба? Мардымсыз.
DALA INSIDE-тың білуінше Ақтаудың іргесіндегі Құрық портына Марабаевтар кланы иелік етеді. Нұржан Марабаев басқаратын «Semurg invest» компаниясы Құрықты логистикалық хабқа айналдыруға уәде еткен. Транскаспий дәлізіндегі операторлармен байланыс орнату Марабаевтың мойнына жүктелген еді. Нұржанның әкесі Жақып Марабаев Қаңтар трагедиясына дейін ҚазМұнайГаздың вице-төрағасы болған…
Бізге жеткен ақпар бойынша Құрыққа араб инвесторлары қызығуда. Жыл басында Астанаға арабтардың аталған саладағы алпауыты Abu Dhabi Ports делегациясы келіп қайтқан.
❗️ Тоқаев Транскаспий коридоры арқылы тасымалданатын мұнай көлемін жылына 20 млн тоннаға (күніне 400 мың баррель) жеткізуді тапсырған. Мұнай сатумен жан бағып отырған (экспорттық табысының 60 пайызы ✔️) Жаңа Қазақстан үшін Құрық порты жақсы көзір болар еді.
Жаңа терминал? Оның қашан салынары белгісіз. Марабаевтар кланы жобаны аяқтауға 100 млн 💲 сұрап отыр.
DALA INSIDE Путинге кіріптар болуымызға Қазақстанда мұнай өндіретін 🇺🇸 ExxonMobil, Shell, Eni, 🇯🇵 Inpex секілді трансұлттық компаниялар да жауапты деп есептейді. Альтернативті маршрут іздеуге асықпаған бұлар 1500 шақырымға созылып жатқан КТК-ның теңқожайыны. Олар мұнайды теміржолмен тасымалдау, оны Құрыққа жеткізу, әрі қарай Бакудің құбырына құю процесін қып-қызыл шығын көреді.
КТК Астананың мұнай тасымалы саласындағы амбициясына қолбайлау болуда, алайда әзір одан өзге балама жоқ. Орта дәліз арқылы жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдауға Құрықтың қуаты жетпейді.
Путин? ЛНР мен ДНР мойындаудан бас тартқан Тоқаевтың сөзінен кейін Кремль көсемі КТК-ны бітеп тастағанын ұмытқан жоқпыз. Бұл әрекетін кейіннен тағы бірнеше мәрте қайталады.
Путиннің шантажынан шаршаған Тоқаев Транскаспий дәлізінен үлкен үміт күткен. Ақтау - Баку – Жейхан мұнай маршрутының мүмкіндігін сарқа пайдалансақ Кремль провокациясына төтеп берерлік иммунитет қалыптасар ма еді…
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍122😱17❤7🔥5🙏4👏2😁1
🇰🇿☕️ Әблязов "Жаңа Қазақстанмен" сөйлеспек
Мұхтар Әблязов араға кісі салып, Ақордаға хат жіберуді ойластыра бастады. АҚШ Сотының Әблязовтың БТА банкінен ақша жымқырғанын мойындауы оған ауыр тиіп отыр. Маневр аясы тарыла бастады, әрі нағашы ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға қайтып кетті де, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Әблязовтың қаржылық схемаларын жайып салған болатын.
Осындай жағдайда, Мұхаң "Жаңа Қазақстанмен" өзіне тиімді шарттармен келіссөз жүргізіп көрмек.
Оның көздегені: Қазақстанда қылмыстық айыптан толық ақталып, өз активтерінің өмірінің соңына дейін жететін келісілген бөлігін сақтап қалу. Өз кезегінде, ол "Жаңа Қазақстанға" Назарбаевтың шетелдегі активтерін қайтаруға көмектеспек, әрі өзінің активтерімен бөлісетін болады.
"Жаңа Қазақстанға" оның хаты әлі келмеді. Бірақ Әблязов үшін үлкен проблема бар.
Ол -Ресей . Ресейде Мұхаң қылмыскер болып саналады. Және оның аяғы қазақ топырағын басқан сәттен бастап, Ресей экстрадиция бойынша өтініш береді. Ал мемлекетаралық келісім бойынша, Қазақстан Әблязовты Ресейге беруі тиіс.
Ұрының арты қуыс демекші, Әблязов енді қай қуысқа кірерін білмей отыр. Эквадор варианты бар. Егер оны таңдаса, Әблязов Латын Америкасына қоныс аударып, өмірінің соңғы жылдарын сол жақта өткізбек.
Әблязовтың тағдырын әлі де саралаймыз. Арнамызға жазылып қойыңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Мұхтар Әблязов араға кісі салып, Ақордаға хат жіберуді ойластыра бастады. АҚШ Сотының Әблязовтың БТА банкінен ақша жымқырғанын мойындауы оған ауыр тиіп отыр. Маневр аясы тарыла бастады, әрі нағашы ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға қайтып кетті де, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Әблязовтың қаржылық схемаларын жайып салған болатын.
Осындай жағдайда, Мұхаң "Жаңа Қазақстанмен" өзіне тиімді шарттармен келіссөз жүргізіп көрмек.
Оның көздегені: Қазақстанда қылмыстық айыптан толық ақталып, өз активтерінің өмірінің соңына дейін жететін келісілген бөлігін сақтап қалу. Өз кезегінде, ол "Жаңа Қазақстанға" Назарбаевтың шетелдегі активтерін қайтаруға көмектеспек, әрі өзінің активтерімен бөлісетін болады.
"Жаңа Қазақстанға" оның хаты әлі келмеді. Бірақ Әблязов үшін үлкен проблема бар.
Ол -
Ұрының арты қуыс демекші, Әблязов енді қай қуысқа кірерін білмей отыр. Эквадор варианты бар. Егер оны таңдаса, Әблязов Латын Америкасына қоныс аударып, өмірінің соңғы жылдарын сол жақта өткізбек.
Әблязовтың тағдырын әлі де саралаймыз. Арнамызға жазылып қойыңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍63👎17😁15❤10😱4🔥1
⚰️ Адам басына 5 мың доллар: Кремль қазақтарды украин топырағын тыңайтуға шақыруда...
Киевті үш күнде алмақшы болған Путиннің ресурсы сарқылуда: солдаты таусылуда.
Украин пабликтеріндегі қорқынышты кадрлардан жүрегі шайлыққан есі дұрыс орыстар сүйегі ит- құсқа жем болған жерлестерінің кебін кигісі жоқ. Оларды окопқа сүйреу жүйенің түбіне жететін фактор. Мобилизация туралы пәрмен беру Пригожин бүлігінен де қауіпті болмақ.
Соңғы күндері Кремльге тиесілі әлемжеліде «қазақтарды соғысқа шақырған ақпараттар тарай бастады» деп жазады DALA INSIDE.
Басқыншылардың қатарына қосылғаны үшін бірден5 мың доллар бонус төлейтін «жарнама» Қазақстанның ақпараттық кеңістігін емін-еркін кезіп жүр. Ресей армиясының сапына өтіп, толыққанды контрактіге қол қойған қазақтарға ай сайын 2 мың доллар төленетіні айтылыпты, бұдан бөлек басқа да жеңілдіктер боларына жеңіл-желпі тоқталып өткен.
Қазақстан мен Ресейдің туын біріктіріп, «Плечом к плечу» дейтін ұранмен таргеттелген ақпараттың түп қайнары Ресейдің Қиыр Шығысындағы Сахалин облысында орналасыпты.
Осы өңірдегі Адам капиталын дамыту агенттігі қазақтарды украин топырағын тыңайтуға шақырып отыр.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша еліміздің солтүстік өңірлерінде көптен бері Ресейдің «ячейкалары» жұмыс істейді. Соңғы айларды бұлардың белсендігі күрт артқан.
ФСБ-дан ұдайы нұсқау алып отыратын бұларға: теріскей өңірдегі сепаратистік көңіл-күйді өршіту, Ресейге жылы қабақ танытатын жергілікті тұрғындарды соғысқа тарту миссиясы жүктелген. Әл-әзір аталған «ячейкалар» Қостанай облысында қызу жұмыс жүргізуде.
DALA INSIDE «вербовкіні» тоқтату үшін еліміздің ақпараттық шекарасына шлагбаум орнату қажет» деп есептейді. Теріскейдегі орыстілді бұқара Кремльдің уағызына уланып, пиғылы бұзылуда. Өңірдегі орыстанған қазақтардың арасында Путинді пір тұтатындар көп.
Бұған дейін Қазақстаннан бөліну туралы талап қойған Қызылжар қаласындағы бір топ коллаборанттың үндеуі Ақорданы аса қатты алаңдатып отырғанын хабарлағанбыз.
Тоқаев идеологияға жауапты тұлғалардың мұндай олқылыққа жол бергеніне қынжылыс білдірген. Президенттің теріскейді қазақтандыру туралы тапсырмасы өз деңгейінде орындалмаған, солтүстіктегі орыстанған аудиториямен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізілмеген.
Қалай болғанда да қазақтарды соғысқа шақырған «жарнама» Ақорда тарапынан реакциясыз қалмауы тиіс.
Ал оккупанттар украин жерінде қойша қырылуда. «Медузаның» дерегі бойынша украин жерінде 48 мыңға жуық басқыншының сүйегі шіріп жатыр.
DALA INSIDE Қазақстанда бой тасалаған🦠 ресейлік хакер Никита Кислицын туралы зерттеу жүргізуде. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Киевті үш күнде алмақшы болған Путиннің ресурсы сарқылуда: солдаты таусылуда.
Украин пабликтеріндегі қорқынышты кадрлардан жүрегі шайлыққан есі дұрыс орыстар сүйегі ит- құсқа жем болған жерлестерінің кебін кигісі жоқ. Оларды окопқа сүйреу жүйенің түбіне жететін фактор. Мобилизация туралы пәрмен беру Пригожин бүлігінен де қауіпті болмақ.
Соңғы күндері Кремльге тиесілі әлемжеліде «қазақтарды соғысқа шақырған ақпараттар тарай бастады» деп жазады DALA INSIDE.
Басқыншылардың қатарына қосылғаны үшін бірден
Қазақстан мен Ресейдің туын біріктіріп, «Плечом к плечу» дейтін ұранмен таргеттелген ақпараттың түп қайнары Ресейдің Қиыр Шығысындағы Сахалин облысында орналасыпты.
Осы өңірдегі Адам капиталын дамыту агенттігі қазақтарды украин топырағын тыңайтуға шақырып отыр.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша еліміздің солтүстік өңірлерінде көптен бері Ресейдің «ячейкалары» жұмыс істейді. Соңғы айларды бұлардың белсендігі күрт артқан.
ФСБ-дан ұдайы нұсқау алып отыратын бұларға: теріскей өңірдегі сепаратистік көңіл-күйді өршіту, Ресейге жылы қабақ танытатын жергілікті тұрғындарды соғысқа тарту миссиясы жүктелген. Әл-әзір аталған «ячейкалар» Қостанай облысында қызу жұмыс жүргізуде.
DALA INSIDE «вербовкіні» тоқтату үшін еліміздің ақпараттық шекарасына шлагбаум орнату қажет» деп есептейді. Теріскейдегі орыстілді бұқара Кремльдің уағызына уланып, пиғылы бұзылуда. Өңірдегі орыстанған қазақтардың арасында Путинді пір тұтатындар көп.
Бұған дейін Қазақстаннан бөліну туралы талап қойған Қызылжар қаласындағы бір топ коллаборанттың үндеуі Ақорданы аса қатты алаңдатып отырғанын хабарлағанбыз.
Тоқаев идеологияға жауапты тұлғалардың мұндай олқылыққа жол бергеніне қынжылыс білдірген. Президенттің теріскейді қазақтандыру туралы тапсырмасы өз деңгейінде орындалмаған, солтүстіктегі орыстанған аудиториямен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізілмеген.
Қалай болғанда да қазақтарды соғысқа шақырған «жарнама» Ақорда тарапынан реакциясыз қалмауы тиіс.
Ал оккупанттар украин жерінде қойша қырылуда. «Медузаның» дерегі бойынша украин жерінде 48 мыңға жуық басқыншының сүйегі шіріп жатыр.
DALA INSIDE Қазақстанда бой тасалаған
https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍73😱23👎10🔥5❤2🙏2😁1👌1
🇷🇺👊 "Бірінші Жамаубаевті құртамыз". Ресей Қазақстандағы жауларының тізімін жаңалады
Ұзақ жылдары бойы осы тізімде антипутиншіл көзқарасын жасырмайтын қоғам қайраткері Арман Шораев көш бастап келген еді. Енді солтүстік көршінің ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевті атарға оғы болмай жүр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға жақын DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.
Олар Жамаубаевті АҚШ комиссарларының жетегінде кетіп, Ресейдің параллельді импортына шектеу қоя алатын "тауарларды онлайн бақылау" жүйесін енгізді деп айыптап отыр. Жалпы, Кремльдің ойынша Жамаубаев санкцияларды орындауда сылбыр қимылдаудың орнына, тым ширақ, белсенді жұмыс істеуде.
Енді Арман Шораев тізімде екінші орынға түсіп қалды. Сонымен қатар, Ресейге "дос емес" Қазақстан азаматтарының тізіміне саясаттанушы Досым Сәтбаев, экс-ақпарат министрі Асқар Умаров, экс-консул Мейрам Қанапия, сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед, депутат Асхат Аймағамбетов, бас прокурор Берік Асылов (Қазақстанда Z, V символикаларына тиым салу туралы бастамасы үшін), блогер Оңғар Қабден кіреді.
Антитізіммен қатар, Ресейдің достары жазылған тізім де бар. Ресейді қолдайтын, болашақта марапатқа ие болуы тиіс тұлғалардың арасында депутат Айдос Сарым, саясаттанушылар Петр Своик, Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов, журналист Анастасия Ахметова, дінтанушы Мұртаза Бұлұтайды атап өтуге болады. Оған қоса тізімде түрлі әскери жастар клубтарының жетекшілері, орыстілді бірнеше сайт редакторлары да кезігеді.
Соңғы айда Кремльдің ішінде саяси агония орын алып жатқандықтан, DALA INSIDE солтүстік көршінің ішкі саяси кухнясын зерттеп отыр. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

👍149😁22❤12😱6👏4🔥2👎1
⚡️⛩Amanat мүшесі жапон халқына тіл тигізді! Токио жақын күндері Астанаға нота жолдайды...
Еліміздегі антиамерикашыл ұстанымдағы сарапшылар Тоқаевты тобықтан қағуда.
Путин пропагандасына тән агрессивті риторика парасатты елдерден қол үзгісі келмейтін Жаңа Қазақстанның репутациясын кірлетуде.
Amanat мүшесі, "кремлшіл" сарапшылар пулына кіретін Марат Шибұтов Хиросиманы атқылаған Әміриканың әрекетін ақтап, жапон ұлтын «кровожадные у@бки и мр@зота» деп балағаттады (қаз қалпында).
DAlA INSIDE-қа жеткен ақпар бойынша Шибұтовтың шовинистік жазбасы жауапсыз қалмайды.
🇯🇵 Токио жақын күндері Астанаға нота жолдауды көздеп отыр.
Ал, Шибұтовтың жай жатқан жапондарға соқтығуы бекер емес.
Бұған дейін қазақ баспасөзіне сұхбат берген жапон елшісі Жун Ямада мырза "біздің ұлт та Совет үкіметінің репрессивті саясатынан жапа шекті..." деп мәлімдеген.
"Қызыл қырғынның" салдарынан миллиондаған қазақтың құрбан болғанын ашып айтқан.
Хиросима мен Семей полигонын сөз ете келе, бұл тұрғыда қазақ пен жапонның қайғысы егіз деген еді.
"Сталин заманында қуғын-сүргін көріп, Қазақстанға жер аударылған 60 мың жапонды қазақ халқы аман алып алды. Сол тұстары Сібірге айдалған өзге бауырларымыз аштан қатты. Біз сіздерге мәңгі бақи қарыздармыз...", - деген болатын Ямада мырза.
Міне, осы сұхбат Кремльдің жанды жеріне тисе керек.
"Шибұтовтың Мәскеудегі кураторлары екі ел арасына от салу туралы тапсырма берген" деп пайымдайды DALA INSIDE.
Ал Amanat партиясынан ресми жауап күтеміз. Партия мүшесінің әрекетіне әділ баға берілуі тиіс. Шибұтовты саяси ұйымның сапынан шығару мәселесі күн тәртібіне қойылуы қажет-ақ.

👍150😱37👏6❤5👎3🔥3😢1
🇰🇿🤝 Қазақтың "екінші Әлиханы" қайда барады?
Премьер Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинетінің басына бұлт үйіріле бастаған сияқты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет жұмысына үш бағыт бойынша көңілі толмайтыны байқалды:
а) бюджет шығындарының тоқтаусыз өсуі;
ә) бүкіл энергетикалық (ТЭЦ, құбыр), коммуналды инфрақұрылымның ескіруі;
б) мәселені шешуде креативті көзқарастың жоқтығы.
Жалпы, Әлихан Смайыловта креативпен үлкен проблема бар екенін талай рет жазған болатынбыз. Барлық жарқын бастамаларды үкіметішілік бюрократия жеп қойды. Бюрократия - қазақтың нағыз сорына айналып отыр. Премьердің айтқаны әкімдерге басқаша жетеді. Мысалы, Смайылов "шаш" десе, облыс әкімі оны "құлақ" деп естиді, ал мәселеге қатысы бар аудан әкіміне (мектеп, аурухана директоры) ол тіпті "мұрын" болып естіледі. Сонда, нақты проблеманы шешуі тиіс, сол жерде отырған жауапты тұлға "шаш" мәселесінің орнына "мұрынмен" айналысып отырады.
Әлихан Смайылов та шаршады. Қазақтың маңдайына біткен саясаткер іштей "ұлттың Әлиханы" ретінде тарихта қалғысы келген. Бірақ оны система жеп қойды.
Премьерді орнынан алып тастау қиын емес. Дәл осы кезде Қазақстанның жалпыұлттық трагедиясы алдымыздан шығады. Премьер қылып енді кімді тағайындаймыз? Бізде лайықты адам жоқ. Егер Роман Скляр тағайындалса, екі жылдан кейін еліміз бюджеттік кризиске ұшырап, Қазақстан дефолт жариялауы ғажап емес.
Жаңа Қазақстанның тұңғыш премьері Әлихан Асханұлы жаңа экономика жасай алмады. Ол инфляцияны 20,3%-ға көтеріп алды да, артынан 14 пайызға түсіре білді. Бар күші соған кетті. Сөйтіп жүргенде, әкімдер білгенін істеді. Сондықтан, осы күзде Смайыловтың премьер креслосында қалу шансы тек 30%-ды құрайды дейді, DALA INSIDE инсайдері.
Мұның алдынғы посттарымызда жазғанымыздай, проблема Әлихан Смайыловта емес. Проблема - қалыптасып қалған системада. Оны өзгерту, бұзу ешкімнің қолынан келмеді. Басқарудың жаңа жүйесі құрылмады. Баяғы модельдер, докладтар, трансферттер, бюджет шығындары мен қызметтік хаттар. Система бір-бірінен аумайтын 20 Смайылов туып тастап отыра береді және оның ештеңесі кетпейді.
Жаңа премьер кім болса да ескі басқару жүйесін толық бұзып, бюрократиядан арылған жаңа жүйе құрып үлгермесе, ол да осы системаның кезекті құрбаны болмақ.
Үкімет шын жаңара ма? Бірге бақылап отырамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

👍137👎5❤4🔥4😁3😱3👌3
Қазақтар неге Англияны төңіректей бастады? Seasonal worker визасының басымдығы неде? Ағылшын фермерлері қанша төлейді? Жұмысшы визасын қалай алуға болады?..
DALA INSIDE осы тақырыпқа тереңірек үңілуге тырысты.
Соғысқа дейін Англиядағы "маусымдық жұмысты" негізінен Украинаның қыз-келіншектері мен ер-азаматтары атқарған екен. Мәселен: 2021 жылы 19 мың украин азаматы осы визаның мүмкіндігін пайдаланып, ағылшын фермерлерінің бау-бақшасын қорыған.
Путин шапқыншылығы украин халқын қолына қару алуға мәжбүр етті. Салдарынан жазғытұрым Англияға ағылатын жұмысшылардың саны да айтарлықтай азайған. Былтыр Seasonal worker визасы арқылы 7300 украин азаматы "қарға қууға" келген. Бұл адам күшіне мұқтаж Англияның фермерлері үшін жеткіліксіз. Жергілікті тұрғындар мұндай жұмысқа бара бермейді. Соғыс та ұзаққа созылатын сыңайлы. Енді не істемек керек?
Тығырықтан шығу үшін осы елдің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты департаменті (қысқаша DEFRA) Орта Азияға мойын бұрады. Өз еліндегі жоқшылық пен таршылықтан қажыған қазақ, өзбек, қырғыз Англияға ағылады.
DALA INSIDE осы елдің 🇬🇧 Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасына үңіліп, ағылшын жерінде қанша қазақ жүргенін анықтауға тырысты. Еңбегіміз еш кеткен жоқ.
Тап қазір ағылшын елінде 2672 қазақ жүр. Былтырғы Seasonal worker визасынан осынша жолдама бұйырған. Қырғыздардың саны бізден екі есе көп (4341 адам). Өзбектер де аз емес (4233 адам). Тәжіктер де 4 мыңға жетеқабыл (3894).
Өткен жылғы «seasonal worker-ден» берілген 34 500 визаның 44 пайызын Орта Азиядан келген жұмысшылар «иемденіп» кеткен. Англияны «станнан» келген жұмыс күші жаулап алды деуге негіз бар.
DALA INSIDE-тың пайымдауынша бұл үрдіс 🇷🇺 Кремльдің Орта Азиядағы ықпалын әлсіретеді. Өзбек пен қырғыз, тәжік мигранттары үшін Ресей нарығының тартымдылығы төмендейді. Олар Батыстың құндылықтарын бойына сіңіріп оралады...
Орыстар ше? Олар өзінен көрсін. «Seasonal worker» визасының дәмін татып, қызығына кіре бастаған шақта (2021 жылы 2200 ресейлікке жолдама берілген) Путин шатақ шығарды. Британия агрессор елдің азаматтарына берілетін жолдама санын күрт қысқартып, жұмыс іздеп келген жүздеген орысты келген ізімен кері қайтарған. Былтыр бұл визаға бар болғаны 500 ресейліктің өлдім-талдым дегенде қол жеткен.
❗️ Ал шетелге кеткісі келетін қазақтар мына мүмкіндікті мүлт жібермеуі тиіс:
Келер жылы Seasonal worker визасы арқылы берілетін жолдама саны ұлғаяды. Бұл үшін премьер Риши Сунакқа арнайы алғыс айту керекпіз. Жонсон үкіметі маусымдық жұмыстың ережесін қайта қарап, квота санын қысқартпақ болған. Оның орнын басқан Сунақ (құдай тілеуіңді берсін) керісінше квота санын көбейтуге шешім қабылдады.
Биылдыққа берілген жолдама саны 45 мың виза. Алдағы жылы да осы көлемдегі квота беріледі. Қажет болған жағдайда Сунак үкіметі жолдама санын тағы 10 мыңға ұлғайтады. Бұл тек бау-бақшамен байланысты виза, бұған қоса құс шаруашылығынан хабары бар қазақтарға арнап қосымша 2 мың жолдама бөлінген.
Ағылшын фермерлеріне жалданып, тәуір табыс табуға мүмкіндік беретін жолдаманы Англияның Ішкі істер министрлігі таратады. Көші-қон критериімен осы тұстан таныса аласыз.
Seasonal worker визасы аты айтып тұрғандай маусымдық жолдама. Британияда тұру уақытыңыз шектеулі (6 ай), премьер Сунактан жеңілдік талап етіп, пикет өткізе алмайсыз, отбасыңызды әкелуге де рұқсат етілмейді.
Маусымдық жұмысшылардың қағаз-құжатын рәсімдейтін ресми тіркелген 6 оператор бар. Бұлар:
• AGRI-HR
• Concordia
• ethero (trading as TELPASC)
• Fruitful Jobs
• HOPS Labour Solutions
• Pro-Force
Ағылшындар маусымдық жұмысшыларды осылар арқылы жалдайды. Британдар біздей емес, виза рәсімдеумен айналысатын компанияларға қатаң талап қойған.
(жалғасы ⬇️)
https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍103❤14👏3🤝3🔥1
(жалғасы) Англияда 2672 қазақ жүр. Британияны «Станнан» келгендер жаулай бастады...
Англияның иммиграциялық заңнамасын шолып шыққан DALA INSIDE виза рәсімдейтін компанияларға қатысты келесідей мәлімет тапты:
Операторлар жұмысшылармен хат – хабар алмасып, олардың жалақысы үзілмей төленуін қадағалап отыруға міндетті. Англияға апару үшін пара дәметкен компания «қара тізімге» енеді.
Виза алған азаматтардың 97 пайызы жұмыс орнына кешікпей келуі және белгіленген мерзімде (6️⃣ ай) Англияның аумағынан шығып кетуі тиіс. Жұмыс беруші жұмысшыларды жатын орынмен қамтамасыз етеді. Оны да операторлар бақылайды. Айтылған талаптың бірінен ақау шықса әй-шәйға қарамай лицензиясынан айырады.
Ағылшын тілін білу шарт емес. Ілгерідегі 6 оператор іріктеуден өткен азаматқа Англияға баратыны туралы сертификат береді. Жақсы өмірге жол ашатын бір тілім қағазға қол жеткізсеңіз өзгесінің жүгі жеңіл.
Осы сертификат ертеңгі күні Англияға барғанда «сізге сағатына 💷 10,42 фунт стерлингтен кем төлемейді және жұмыс уақытыңыз аптасына 32 сағаттан аспайды» деген кепілдік береді.
Виза тоқтап қалмай ма?
Бұған жауап іздеген DALA INSIDE «бау-бақша саласында маусымдық жұмыс күшінен бас тарта алмаймыз» деген DEFRA-ның жылдық есебін сүзіп шықты.
Англияның Фермерлер одағы (NFU) да осы ұстанымда. 55 мың мүшесі бар Одақтың ағылшын парламентіндегі лоббистері Seasonal worker визасын тағы 5 жылға созуға мүдделі, ал жолдаманың мерзімін 6 айдан 9 айға дейін созбақшы.
Англиядағы жұмысшы қазақтар тек🐦 «қарға қуып» жүрмегені анық. Бау-бақшамен байланысты маусымдық жұмысқа: дәнді-дақылды жинау, өңдеу, арамшөп жұлу, суару жүйесін жүргізу, жер жырту, туннель тазалау, жылыжайдағы көкөністер мен жеміс-жидек күтімі сынды міндеттер кіреді.
Қазақтың қыз-жігіттері Англияның бау-бақшамен айналысатын екі ірі өлкесі Кент және Херефордшир қалашығында еңбек етуде.
Егер "қарға қуғым келмейді, бау-бақшада істеу ауыр" десеңіз, Seasonal workers-ке балама болатын басқа да визалар болар. Соның бірі - Skilled Worker. Ол үшін ауыл шаруашылығына аса қат мамандықтың бірін игеру және ағылшын тілін білу шарт.
"Қара жұмысқа қырым жоқ. Креативті, шығармашыл адаммын. Офисте отырғанды ұнатамын" десеңіз, оған арналған виза және бар. Ол үшін Creative Worker visa-сына тапсырасыз.
Ал егер "мұндайды місе тұтпаймын. Ескі Қазақстанның өкілімін. Жиған – тергенімді Лондонға инвестицияламын...» десеңіз Expansion Worker визасы дайын тұр.
Англия - ауқатты ел. Ағылшын фермерлері беретін жұмыс ставкасын Қазақстан қанша тыраштанса да тауып бере алмайды. Жастар оны ұтымды пайдалануда.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Англияның иммиграциялық заңнамасын шолып шыққан DALA INSIDE виза рәсімдейтін компанияларға қатысты келесідей мәлімет тапты:
Операторлар жұмысшылармен хат – хабар алмасып, олардың жалақысы үзілмей төленуін қадағалап отыруға міндетті. Англияға апару үшін пара дәметкен компания «қара тізімге» енеді.
Виза алған азаматтардың 97 пайызы жұмыс орнына кешікпей келуі және белгіленген мерзімде (6️⃣ ай) Англияның аумағынан шығып кетуі тиіс. Жұмыс беруші жұмысшыларды жатын орынмен қамтамасыз етеді. Оны да операторлар бақылайды. Айтылған талаптың бірінен ақау шықса әй-шәйға қарамай лицензиясынан айырады.
Ағылшын тілін білу шарт емес. Ілгерідегі 6 оператор іріктеуден өткен азаматқа Англияға баратыны туралы сертификат береді. Жақсы өмірге жол ашатын бір тілім қағазға қол жеткізсеңіз өзгесінің жүгі жеңіл.
Осы сертификат ертеңгі күні Англияға барғанда «сізге сағатына 💷 10,42 фунт стерлингтен кем төлемейді және жұмыс уақытыңыз аптасына 32 сағаттан аспайды» деген кепілдік береді.
Виза тоқтап қалмай ма?
Бұған жауап іздеген DALA INSIDE «бау-бақша саласында маусымдық жұмыс күшінен бас тарта алмаймыз» деген DEFRA-ның жылдық есебін сүзіп шықты.
Англияның Фермерлер одағы (NFU) да осы ұстанымда. 55 мың мүшесі бар Одақтың ағылшын парламентіндегі лоббистері Seasonal worker визасын тағы 5 жылға созуға мүдделі, ал жолдаманың мерзімін 6 айдан 9 айға дейін созбақшы.
Англиядағы жұмысшы қазақтар тек
Қазақтың қыз-жігіттері Англияның бау-бақшамен айналысатын екі ірі өлкесі Кент және Херефордшир қалашығында еңбек етуде.
Егер "қарға қуғым келмейді, бау-бақшада істеу ауыр" десеңіз, Seasonal workers-ке балама болатын басқа да визалар болар. Соның бірі - Skilled Worker. Ол үшін ауыл шаруашылығына аса қат мамандықтың бірін игеру және ағылшын тілін білу шарт.
"Қара жұмысқа қырым жоқ. Креативті, шығармашыл адаммын. Офисте отырғанды ұнатамын" десеңіз, оған арналған виза және бар. Ол үшін Creative Worker visa-сына тапсырасыз.
Ал егер "мұндайды місе тұтпаймын. Ескі Қазақстанның өкілімін. Жиған – тергенімді Лондонға инвестицияламын...» десеңіз Expansion Worker визасы дайын тұр.
Англия - ауқатты ел. Ағылшын фермерлері беретін жұмыс ставкасын Қазақстан қанша тыраштанса да тауып бере алмайды. Жастар оны ұтымды пайдалануда.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍148❤18🔥10👏7😁1
🏦🇷🇺 Назарбаевтың ресейлік банкінде таққа талас қызуда
"Назарбаев фондқа" қарасты "Pioneer Capital Invest" фирмасы иелік ететін Азия-Тынық мұхиты банкінде Данияр Әкішевтың адамдарын Әлихан Смайыловтың командасы ығыстыра бастады. Әлихан Смайылов өз адамдарын АТБ Банкінің (Азия-Тынық мұхиты) директорлар кеңесіне енгізіп жіберген. Соның салдарынан Данияр Әкішев тағайындаған банктің басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков орнынан кетпек.
DALA INSIDE дереккөзі кадрлық ауыс-түйістің осы күзде орын алатынын растады. Қазір екі сценарийдің бірі жүріп жатыр.
Бірінші сценарий. Әлихан Смайыловтың АТБ Банкіне қол сала бастауы, банк қожайыны Нұрсұлтан Назарбаевтың Әкішевтің орнын Смайыловпен ауыстырғысы келетінін айғақтайды. Бұл дегеніміз Смайылов өзінің "Жаңа Қазақстандағы" мансабын тастап, "Ескі Қазақстанға" оралады деген сөз. Шын айтқанда, Смайыловты адам еткен Назарбаев еді. Онда Смайылов үш аптадан кейін Премьер-Министр қызметінен кетеді.
Екінші сценарий. "Жаңа Қазақстан" Жусан банкті реттегеннен кейін Назарбаевтың Ресейдегі банкіне ауыз салды. Демек, АТБ Банкі Назарбаевтың қаржыгері Данияр Әкішевтен Тоқаевтың қаржыгері Әлихан Смайыловқа өтіп жатыр. Бұл жағдайда да, "қазақтың Әлиханына" премьерліктен кетуге тура келетін сияқты. Тіпті Әлиханды премьерліктен алып тастау үшін оған осындай "тәтті ұсыныс" айтылуы мүмкін.
Кезінде банкрот болған АТБ Банкті Ресей орталық банкі аукционда сатқан болатын. Сонда Данияр Әкішев басқарып отырған, Назарбаев иелік ететін "Pioneer Capital Invest" әлгі банкті 193 миллион долларға сатып алған. 2022 жылы банкті басқаруға келген қазақ қаржыгері Қайрат Алтынбеков АТБ-ны плюске шығарып, 325 миллион рубль таза пайда көрсеткен. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша банк өзін сатып алуға жұмсалған қаржының кем дегенде 35 пайызын ақтап алмақ.
АТБ Банк күлшелі активке айналғаны сол еді, оған деген тартыс күшейе түсті. Қазақ лоббистері Ресейде өзара қырқысып жатса да таң қалуға болмайды.
DALA INSIDE жағдайды бақылауды ұстайды. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

👍94❤10😁6🔥4👏2🙏1
⚡️ Ресейлік «Царьград» сайты Қазақстанда ұлт араздықты қоздырғаны үшін бұғатталды
Ақпармин ресейлік олигарх Константин Малофеев иелік ететін медиахолдингке бірнеше рет ескерту жасаған. Сайт басшылығы Қазақстанның шағымына құлақ аспады. Керісінше "қазақ ұлтшылдарына" тіл тигізіп, теріскейді тартып алуға қатысты контентті көбейте түскен. Ақыры, бұғатталып тынды.
Холдингтің иесі олигарх Малофеев 2014 жылдан бері Украинаның шығысындағы сепарларды үзбей қолдап келеді. Ол Путиннің сенімді деген сыбайластарының бірі.
DALA INSIDE-тың анықтағанындай Малофеев православ шіркеулерін қаржыландырады әрі шіркеудегі үгіт-насихатты сүзгіден өткізетін кураторлардың бірі.
Бізге жеткен мәлімет бойынша еліміздегі Православ шіркеуінде Ресейдің басқыншы саясатын қолдамайтын поптардың қатары көбейу үстінде. Шіркеу қызметкерлері Киевтің ізімен Мәскеу Патриархатынан бөліну идеясын (автокефалия) қызу талқылауда.
Ал сала басшысы Дархан Қыдырәлі ресейлік пропагандистердің нысанасына ілігуі мүмкін. Еліміздегі Шибұтов, Әшімбаев сынды ресейшіл сарапшылар мұның "қауіпті үрдіс" екенін айтып, дабыл қағуы ғажап емес. Министр осы беттен қайтпай информалаңды ресейдің шлагынан тазарта түседі деген ойдамыз.

🔥122👍82❤10👏6😁2🙏1
⚡️Тоқаевтың төзімі таусылды: Митталға қатысты қатаң шешім қабылданады...
Президент Тоқаев «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Смайылов үкіметі мен Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептерін мұқият тергеуді тапсырды.
Зардап шеккендерге қажет көмекті көрсету жөнінде пәрмен берілді.
Миттал? Смайылов бастаған министрлер кабинеті кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен ауыр әңгіме өткізеді.
Жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде талап қойылмақ.
Үнді миллиардері иелік ететін кәсіпорындарда жиі қайталанатын апат
үрдіске айналып барады.
"Бұл олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді", - дейді Тоқаев.
Алдағы күндері Митталға қатысты қатаң шешім шығады деп күтеміз. Жаңа Қазақстан оған шығар есікті нұсқауы тиіс...
"Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді", - дейді осы тұста Ақорда.
Миллиардер Лакшми Миттал Қарағанды металлургия зауытын өз қолына түсірген 16 жылдан бері Теміртауда қаза тапқандар саны 100-ге жуықтаған.
Бұған дейін DALA INSIDE Митталдың ешкімді тыңдамайтынын,
ал "Жаңа Қазақстанды" фикция деп санайтынын🔠 жазған.
❗️ Сәуір айында Қазақстанның арнайы прокурорлары Люксембургтен ArcelorMittal алпауыты басшыларынан жауап алуды сұрап, запрос жібергенін жазған болатынбыз. Ол запросқа ешкім тіпті жауап та бермеген. Люксембург біздің прокурорлардың хатын жәшікке лақтыра салған сияқты...

ал "Жаңа Қазақстанды" фикция деп санайтынын
❗️ Сәуір айында Қазақстанның арнайы прокурорлары Люксембургтен ArcelorMittal алпауыты басшыларынан жауап алуды сұрап, запрос жібергенін жазған болатынбыз. Ол запросқа ешкім тіпті жауап та бермеген. Люксембург біздің прокурорлардың хатын жәшікке лақтыра салған сияқты...
https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍122😁29🔥8😱8❤7👏7🙏2
🏴 Тоттенхэм - Манчестер Юнайтед матчынан ₸20 000 дейін қайтару мүмкіндігі
«Тоттенхэм» Гарри Кейнсіз болса да, жоғары орын үшін күресуге деген ынтасымен «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды. Екі клуб та, әсіресе лондондықтар, жеңіске жету үшін барын салады. Сарапшылардың пікірінше, осы маусымда екі топтың күштері тепе-тең.
🔵 Таңдауыңызды жасау үшін 1XBET «Тәуекелсіз ұтыс тігу» акциясын дайындады. 1XBET сайтында немесе қолданбасында болжам қалдырыңыз және ұтылсаңыз, 20 000 дейін қайтарып алыңыз. Спорттық эмоциялардың бас демеушісімен бірге сүйікті командаларыңызға қолдау көрсетіңіз!
🔥 Ойынға ұтыс
Барлық оқиғалардан, сондай-ақ супержүлделер мен фрибеттерден хабардар болыңыз

👎57👍11❤1👏1💯1
📹 Билік 8 прикол жинап қойған. Біреуі Миттал резонансы бойынша дайын тұр
Өтірік прокурордың гүлді тартып алуы, лифтте жігіттердің сүйісуі, әншінің мас болуы сынды резонанс тудыра алатын, қоғам назарын бұрып әкететін мықты видеокомпроматтар саны сегізге жетті.
Егер Лакшми Миттал, оның Қазақстанмен арадағы құпия контракты бойынша шу шығатын болса, осы видеоның бірі қолданылатын болады, дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Ол видео оңтүстік облыстардың бірінде түсірілген. Шенеуік пен эстрада жұлдызына қатысы бар.
Пропагандада бұл әдіс "сасық майшабақ" деп аталады. Яғни, сасық иісімен бәрін жайпап алу. Қазақстан оны 2016 жылдан бері жиі қолданатын болған. Кейде тиімді, кейде тиімсіз шығады. Нақты кепілдік жоқ.
8 видеокомпромат билікке жақсы мүмкіндік береді. Бұған дейін олардың жинайтыны төрт видеодан аспайтын.
DALA INSIDE перденің арғы жағына үңіліп, сол жағалау құпияларымен бөлісіп отырмақ. Бізге жазылып алыңыз🔽
https://xn--r1a.website/dalainside
Өтірік прокурордың гүлді тартып алуы, лифтте жігіттердің сүйісуі, әншінің мас болуы сынды резонанс тудыра алатын, қоғам назарын бұрып әкететін мықты видеокомпроматтар саны сегізге жетті.
Егер Лакшми Миттал, оның Қазақстанмен арадағы құпия контракты бойынша шу шығатын болса, осы видеоның бірі қолданылатын болады, дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Ол видео оңтүстік облыстардың бірінде түсірілген. Шенеуік пен эстрада жұлдызына қатысы бар.
Пропагандада бұл әдіс "сасық майшабақ" деп аталады. Яғни, сасық иісімен бәрін жайпап алу. Қазақстан оны 2016 жылдан бері жиі қолданатын болған. Кейде тиімді, кейде тиімсіз шығады. Нақты кепілдік жоқ.
8 видеокомпромат билікке жақсы мүмкіндік береді. Бұған дейін олардың жинайтыны төрт видеодан аспайтын.
DALA INSIDE перденің арғы жағына үңіліп, сол жағалау құпияларымен бөлісіп отырмақ. Бізге жазылып алыңыз
https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁80👍52🔥3😱3❤2👌1😡1
⚡️ Тоқаев vs Путин: қырғызбен арадағы су дауында Кремль көсемінің сұлбасы көрінеді...
Мәскеу Ақордаға қырғыз билігі арқылы қысым жасамақшы. Санкцияға іліккісі келмейтін Қазақстан тыйым салынған тауарларды өз аумағы өткізуге қатаң шектеу қойған.
Тоқаевты тәубесіне түсірудің бір амалы - шантаж. 🇷🇺 Кремль идеологтары бастауын қырғыз жерінен алатын өзендердің (Шу мен Талас) шүмегін бұрап, су мәселесін саудаға салмақ. Батыспен арасы суый бастаған Жапаров билігінің Мәскеудің жетегіне еруден өзге амалы жоқ.
"Жапаров Кремльдің сөзін сөйлер болса, мұның соңы аймақтық деңгейден асып, халықаралық конфликтіге ұласады. Дамыған елдердің технологиясына сусап отырған Ресей әлгіндей саяси интригаға барудан тайынбайды. Қырғыз билігі трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы халықаралық құқықты табанға таптаса, бұдан Өзбекстан да зардап шегеді" дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Аймақ елдері үшін ауыз су тапшылығы өте нәзік мәселе. Аймақты "асырап" отырған Әмудария мен мен Сырдария секілді негізгі су артерияларының ернеуі тарылып келеді. Бұлар таяздана түссе Орта Азиядағы бес мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы да тежелері айдай анық.
Су мәселесінде Қазақстан қырғыз билігінің қас-қабағына қарауға мәжбүр. Шу мен Таластың арнасын реттеп отыратын бүкіл плотина, су қоймалары, басқа да көмекші құралдар қырғыз жерінде орналасқан. Бұл тұрғыда көрші елге кіріптар екенімізді Мәскеу де беске біледі.
Кремльден пәрмен келсе 🇰🇬 Пішкек су мәселесін саяси саудаға салуы ғажап емес. Қырғызстан тарапы бұған дейін де су дауын "рычаг" ретінде қолданған. 2018 жылы екі елдің үкімет мүшелері Шу өзенін пайдалануға қатысты ортақ ұйғарымға келе алмай тарқасқан-тұғын. Сол жылы қысастық қылмаса да, былтырғы жылы қырғыз тарапы Шудың "аузын буып" тастаған. Салдарынан Жамбыл облысындағы 49 мың гектар суармалы жер күнге қақталған болатын.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Тоқаев трансшекаларлық өзендерді пайдалану мәселесін БҰҰ мінберінде сөз етуі мүмкін.
Брюсселдің ескертуінен кейін "қара тізімдегі" тауарларды Қазақстан арқылы тасымалдау сап тыйылған еді. Санкцияның қамытын киген Ресей үшін Орта Азия осы күнге дейін логистикалық хабтың қызметін атқарып келді.
Тек былтырдың өзінде басқыншы ел аймақ арқылы 🇪🇺 "Made in EU-де" жасалған 20 млрд доллардың (2 млн тонна) тауарын алдырған. Батыс бұғанҚазақстанның сүбелі үлесі қосқанын біледі. Қару-жараққа қажетті жартылай өткізгіштер, микросхемалар, электроника және басқа да қат өнімдер қазақ жерін басып өткен.
Брюсселдің сабыры сарқыла бастаған шақта Ақорда Ресеймен арадағы алыс-беріске қатаң бақылау орнатқан. Шекарадан кірген, шыққан тауар атаулы мұқият сүзгіден өтетін болған. Осылайша параллелді импорттың жолы кесілген еді.
Путин сырт көзге сыр бермегенмен, мұндайды кешірмесі белгілі. Тоқаевтың жағасына жармасуды Жапаровтың көмегімен жүзеге асырмақ. Қазақ пен қырғыздың арасына от салу сценарийін пысықтап жатқан Кремль идеологтары су дауын ұшықтыра түсуге мүдделі. "Осы арқылы Ақорданы сабасына түсіреміз, қазақтар алдымызға жорғалап келеді..." деп топшылайды. Тоқаев бұған көне қояр ма екен?..
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Мәскеу Ақордаға қырғыз билігі арқылы қысым жасамақшы. Санкцияға іліккісі келмейтін Қазақстан тыйым салынған тауарларды өз аумағы өткізуге қатаң шектеу қойған.
Тоқаевты тәубесіне түсірудің бір амалы - шантаж. 🇷🇺 Кремль идеологтары бастауын қырғыз жерінен алатын өзендердің (Шу мен Талас) шүмегін бұрап, су мәселесін саудаға салмақ. Батыспен арасы суый бастаған Жапаров билігінің Мәскеудің жетегіне еруден өзге амалы жоқ.
"Жапаров Кремльдің сөзін сөйлер болса, мұның соңы аймақтық деңгейден асып, халықаралық конфликтіге ұласады. Дамыған елдердің технологиясына сусап отырған Ресей әлгіндей саяси интригаға барудан тайынбайды. Қырғыз билігі трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы халықаралық құқықты табанға таптаса, бұдан Өзбекстан да зардап шегеді" дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Аймақ елдері үшін ауыз су тапшылығы өте нәзік мәселе. Аймақты "асырап" отырған Әмудария мен мен Сырдария секілді негізгі су артерияларының ернеуі тарылып келеді. Бұлар таяздана түссе Орта Азиядағы бес мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы да тежелері айдай анық.
Су мәселесінде Қазақстан қырғыз билігінің қас-қабағына қарауға мәжбүр. Шу мен Таластың арнасын реттеп отыратын бүкіл плотина, су қоймалары, басқа да көмекші құралдар қырғыз жерінде орналасқан. Бұл тұрғыда көрші елге кіріптар екенімізді Мәскеу де беске біледі.
Кремльден пәрмен келсе 🇰🇬 Пішкек су мәселесін саяси саудаға салуы ғажап емес. Қырғызстан тарапы бұған дейін де су дауын "рычаг" ретінде қолданған. 2018 жылы екі елдің үкімет мүшелері Шу өзенін пайдалануға қатысты ортақ ұйғарымға келе алмай тарқасқан-тұғын. Сол жылы қысастық қылмаса да, былтырғы жылы қырғыз тарапы Шудың "аузын буып" тастаған. Салдарынан Жамбыл облысындағы 49 мың гектар суармалы жер күнге қақталған болатын.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Тоқаев трансшекаларлық өзендерді пайдалану мәселесін БҰҰ мінберінде сөз етуі мүмкін.
Брюсселдің ескертуінен кейін "қара тізімдегі" тауарларды Қазақстан арқылы тасымалдау сап тыйылған еді. Санкцияның қамытын киген Ресей үшін Орта Азия осы күнге дейін логистикалық хабтың қызметін атқарып келді.
Тек былтырдың өзінде басқыншы ел аймақ арқылы 🇪🇺 "Made in EU-де" жасалған 20 млрд доллардың (2 млн тонна) тауарын алдырған. Батыс бұған
Брюсселдің сабыры сарқыла бастаған шақта Ақорда Ресеймен арадағы алыс-беріске қатаң бақылау орнатқан. Шекарадан кірген, шыққан тауар атаулы мұқият сүзгіден өтетін болған. Осылайша параллелді импорттың жолы кесілген еді.
Путин сырт көзге сыр бермегенмен, мұндайды кешірмесі белгілі. Тоқаевтың жағасына жармасуды Жапаровтың көмегімен жүзеге асырмақ. Қазақ пен қырғыздың арасына от салу сценарийін пысықтап жатқан Кремль идеологтары су дауын ұшықтыра түсуге мүдделі. "Осы арқылы Ақорданы сабасына түсіреміз, қазақтар алдымызға жорғалап келеді..." деп топшылайды. Тоқаев бұған көне қояр ма екен?..
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍168🔥19😱16😡15😁5👎4😢3💯3
⚡️ Самат Әбіш тыныш қана Түркияда тұрып жатыр...
Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш қуғын-сүргіннен аман.
Жалғанды жалпағынан басқан әулеттің өкілі қазір тыныш қана Түркияда тұрып жатыр. Жан-жағы таумен қоршаған Эгей теңізінің емдік суына балтырын малып, күн нұрынан нәр алуда. Осы күнге дейін барымта-сырымтамен тапқан капиталы оған уайым-қайымсыз өмір кешуге мүмкіндік береді.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Саматтың түрік жерінен тұрақ табуына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі (Milli İstihbarat Teşkilatı, MIT) рұқсат берген.
Саматтың Түркиядан өзге барар жер, басар тауы жоқ десек, қателескен боламыз. Назарбаевтың немере інісі Әмірліктерден, соның ішінде Дубайдан жылжымайтын мүліктің бірнешеуін алып тастаған. Тықыр таяғанын сезсе, әлгі жаққа қас пен көздің арасында тайып тұрады.
ҰҚК? «Үш әріп» басшылығы Әбіштің қайда тұрып жатқанын білмейді емес. Біздегі инсайд бойынша ҰҚК мен MIT Әбішке қатысты ортақ ұйғарымға келген, ұдайы ақпарат алмасып отырады.
Ал «әулеттің шипасы бітті...» деуге әлі ерте. Отыз жыл бойы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ықпалды тұлғалармен тығыз контакті орнатқан Назарбаев кланы Жаңа Қазақстаннан ығар емес.
Саматтың ағасы Қайрат Сатыбалды былтырғы жылдың наурызында Дубайға қашқалы тұрған жерде құрықталған. DALA INSIDE-тың қолындағы ақпарат бойынша қазір ол Өскемендегі түрмеде жатыр. ҰҚК-нің экс төрағасы Мәсімов те осы жерде жазасын өтеуде.

👍98😱10👏5🔥4😁4💯4