DALA INSIDE
12K subscribers
399 photos
126 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🇺🇲💥 АҚШ Ресейден уран алуға тиым салмақ. Онда Қазақстанға сұраныс арта түседі

Конгресс жақын уақытта HR 1042 заңын қарастырмақ. Авторы Кэти МакМоррис Роджерс жобаны энергетика, климат пен желілік қауіпсіздік комитетіне таныстырып шыққан болатын. Комитетте айтылған мәліметтерге сай, 2021 жылы АҚШ-қа жеткізілген уранның 14 пайызы Ресейден, ал 35 пайызы Қазақстаннан келген. Енді Ресей ығыстырылса, АҚШ қазақ уранына ауысатын болады.

Бұған дейін Қазатомпром қол астында тұрған әлемдегі ең үлкен уран кеніші "Буденовское" активінен айрылып қалған еді. Бірақ, Іңкай кен орнына 25 жылдық контракт алды.

Бұған дейін жазған, "Буденовское аферасын" тағы бір еске сала кетсек.

Назарбаев пен Путин біздегі уран рудниктеріне бірлескен кәсіпорындар ашып, әр кәсіпорын акциясының тең жартысын Ресейге, яғни "Росатомға" беру бойынша келіседі. Ресей есесіне өзіндегі уран байытатын комбинат (АО "ЦОУ") акцияларының тең жартысын Қазатомпромға беруі тиіс. Қазатомпром жоспары бойынша, олар уран өндіріп, оны ЦОУ-да байытып, сосын Өскеменге апарып, дайын таблетка жасап, АЭС-терге сататын болады.

Рудниктер акцияларының жартысын Росатомға беріп жатқан кезде, Ресей жағы бір рудниктің үлесін Росатомға емес, олигарх Анисимовқа беруді сұрайды. Яғни, олар өз коррупциялық схемаларын жүзеге асырған. Қазақстанға бәрібір болғандықтан, Анисимовке бере салады.

Қызық әлі алда. Енді Жәкішевтен кейін Қазатомпромды, одан кейін тағы 2 жыл ҚР Энергетика министрлігін басқарған Владимир Школьниктің Қазақстанға опасыздық жасағанын айқын көре аламыз. Біз ірі рудниктеріміздің тең жартысын Ресейге беріп, есесіне "ЦОУ" уран байыту орталығының жарты үлесін алдық қой. Сол Қазатомпромның үлесін 2020 жылы біздің тарап Ресейге 100 миллион доллар үшін қайтарып бере салған. Өздеріне тек 1% акция ғана қалдырған.

Сонда Анисимов бізден алған бір рудниктің тең жарты үлесін Росатомға 1,2 миллиард долларға сатты. Ал Қазатомпром ең ірі 5-6 рудниктің жарты үлесін Ресейге беріп, соның есесіне уран байыту орталығының жарты үлесін алды да, оны күлкілі баға - 100 миллион долларға қайтып бере салды.

Уран туралы алдағы уақытта әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
👍99😱408🔥6👎1😁1🙏1
⚡️ Халықтан ұрланған активтерді қайтару: "Отбасы өкілдері" тыпырши бастады...

Тоқаев халықтан ұрланған ақшаны кері қайтару туралы тағдыршешті құжатқа қолын қойып, мөрін басты.

DALA INSIDE заңның маңызды тұстарына үңіліп, келесідей тезистерді теріп алды. Сонымен, бұл заң:

▪️ Коррупцияға батқан, олигархтармен ауыз жаласқан, биліктегі аға-көкесін арқаланатын тұлғаларға қарсы қолданылады.

▪️ Меморгандарда, мемкомпанияларда, жартылай мемсекторда жауапты қызметте отырған тұлғалар да осы заңның сүзгісінен өтеді.

▪️ Бұдай былай шотында шекті мөлшерден асып жығылатын активі бар (44 млрд 850 млн теңге немесе 100 млн доллар) тұлғалар күдікке ілігеді. Олардың капиталын тексеруде су жаңа заңның талап-шарттары қолданылады.

▪️ Жауапты орган «жұрттың аузынан жырып, ақшаны сыртқы тасыды» деген тұлғаларға қатысты мағлұмат жинап, мониторинг жүргізеді. Олардың капиталына қатысты күмән-күдік расталған жағдайда Активті қайтару реестріне енгізеді.

▪️ Реестрге енгендер мыңғырған миллиондарын маңдай терін сығып, адал жолмен тапқанын дәлелдеуі тиіс. Әйтпесе активтің шығу тегі күмәнді деп саналады.

▪️ Клептократтың арты қуыс: дәулетінің қалай келгенін білетіндер капиталын сыртқа шығаруға асығары анық. Мұның алдын алу үшін жауапты орган сотқа шағымдана алады.

▪️ Жаңа Қазақстан активті қайтарудың екі жолын ұсынып отыр. Мұның бірі – ерікті түрде, бұған көнбесе күштеп (соттың шешімімен) қайтаруға тура келеді.

▪️ Шетелдік юридикциялармен проблема болмауы тиіс. Ақорда халықаралық әріптестікті де жолға қойған. Шартарапта шашырап жатқан капиталды қайтару бойынша ақпарат алмасу алгоритмі әзірленген.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша заң әлі де толығады. Ақорда идеологтары мұны келер жылдың еншісіне қалдырып отыр.

Бастысы алғашқы қадам жасалды. Ұзақ күттірген құжат 10 күннен кейін толыққанды күшіне енбек. Жаңа Қазақстанды құруға алғышарт болатын заң ескі Қазақстанның өкілдерін түн ұйқысынан айыруы тиіс.

Бұған дейін Назарбаев кланына «тиесілі» миллиардтар Швейцария банкінде сүрленіп жатқанын хабарлағанбыз. Назарбаев отбасы сары майдай сақтап отырған активке ауыз салу үшін лайықты аргумент қажет. Ол бізде бар.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍14814😁12🔥10🙏5👎2
Еліміздегі Home Credit Bank былтыр өз акционерін ауыстырды. «Ресей Хоум Кредит энд Финанс Банкі» компаниясы акцияларын Чехия азаматтары сатып алды. Home Credit Bank активтерінің көлемі бойынша елде 13-ші орынға ие.

Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров банктің цифрлық дәуірде қалай дамып жатқаны туралы әңгімеледі. Осы сұхбаттың маңызды жерлерін назарларыңызға ұсынамыз.

https://dalainside.kz/07/manyzdy/13/2023/1017/

#pr
👍35👎154👏2😢2🔥1
Алматы кәсіпкерлері 2Gis картасына байкот жариялауды ойластырып отыр

2Gis картадағы түрлі бизнес жарнамасына кәсіпкерлерден ай сайын абоненттік төлем алады. Алматы үшін осы төлем күрт өсіп кеткен. Ол кәсіпкерлердің наразылығын туғызды.

Әлем қалаларында Google картасы басымдыққа ие болса, Алматыда 2Gis көбірек таралған болатын. 2Gis АҚШ санкциясына ұшыраған Ресейдің СБЕР тобына қарайды.

Кезінде 2Gis қосымшасы модераторларының Choco мен Пинта бойынша қазақ тіліне қатысты барлық пікірлерді өшіріп тастауы қазақтілді аудиторияның шамына тиген еді. Бірақ ол кезде қазақтілді аудитория 2Gis сервисіне байкот жарияламады.

2Gis-ке қатысты Cancel Culture жалпыұлттық сипат ала ма? Әзірге ол жағы белгісіз.

Бойкот барысын бақылап отыру үшін арнамызға жазылып алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍217🔥5😱5👌43😢1🙏1
📺💸 Ескі Қазақстан "бізге КТК телеарнасы қаншалықты керек?" деген ойға шома бастады

КТК телеарнасының қожайыны - "Тұңғыш Президент қоры" және оның артында тұрған Дариға Назарбаева үшін телевизиялық активті ұстап отырудың саяси және қаржылық тәуекелдері күннен-күнге артып барады. Сондықтан, жабық есік жағдайында, телеарнаны нарыққа шығарып, әділ бағаға сату бойынша ұсыныстар да айтылды.

"Жаңа Қазақстан" КТК арнасына енді мемлекеттік тапсырыс бермейтіні түсінікті. Бірақ, басты қауіп онда емес - КТК-ның негізгі жарнама берушілері болып табылатын ірі тұтынушылық брендтер (Colgate, Ariel, автосалондар, тампондар) тележарнамаға деген бюджеттерін қысқартып, интернетке ауыса бастаған. 2023 жылдың I тоқсанынан бастап, Қазақстанда жарнама ауқымы бойынша интернет телевизияны басып озды.

КТК телеарнасы 2020 жылғы пандемияда шығынға батып, сол минусты 2021 жылғы табыстан да жаба алмады. 2022 жылғы таза пайда 160 миллион теңге болды. Оны биыл Дариға Назарбаева кем-кетікті жабу үшін телеарнаның өзінде қалдырды.

2023 жылдың есебін тек келесі жылы көре аламыз. Қымбат телевизиялық құрылғылардың амортизациясын және жарнаманың қысқаруын ескере отырып, КТК телеарнасының биыл қаржылық жағынан табысты болатыны біршама күмән туғызады.

"Қаңтар оқиғасынан" 3 ай өткеннен кейін, "Коммерциялық телевизиялық арна" акционерлік қоғамы жарияланған жай акциялардың санын тағы 2 622 850 акция шығару арқылы көбейту туралы шешім қабылдаған еді. Сонда жалпы саны 8 152 925 дана акция сатылымға шығарылып, оны 1,2 миллиард теңеге бағаланған телеқұрылғыны компания капиталына енгізу арқылы "Тұңғыш президент қоры" сатып алған. Дариға Назарбаев арнаны бұрын түрлі сенімді өкілдер арқылы басқарып келсе, сол 2022 жылы өзінің қожайындық құқығын ресми рәсімдеп тастады.

Басты сұрақ - КТК-ны кім сатып ала алады? Ол арзан актив емес. Бірақ ең бастысы, оны сатып алатын қаржылық топтарда "Жаңа Қазақстан" тарапынан бейресми рұқсат болу керек. "Сол жағалау" батасын бермесе, қазіргі уақытта ірі БАҚ-ты сатып алу - өзіңе сот үкімін жазуға парапар тірлік. Осы ретте, кейбір инфомейкерлер Тимур Турловтың есімін атап қалды. Бірақ оның жақында ғана жаңа медиахолдингке (Курсив, Жетінші арна) ие болғанын назарда ұстасақ, оған КТК-ға шығындалу артық болатын сияқты.

DALA INSIDE "Ескі Қазақстан" мен "Жаңа Қазақстан" арасындағы активтер көшін бақылап отыр. Бізге жазылыңыздар👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍53🔥4414👎2😁2👏1😢1
Жүр! Біздің үйде теледидар бар, шәй ішеміз

Беларусь президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтан көптен бері Минскіге көшіп келуін сұрап жүр дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Батька Назарбаевты өзінің ескі досы деп санайды. Және кемінде 2 гектар жер беріп, Минскіде тұратын тағы бір экс-президент Құрманбек Бәкиевтің жанына отырғызып қоймақ. Батька Бәкиевке "Заславль-2" резиденциясынан 70 сотық жер бөліп, оған Бәкиев үй салған болатын. Сонымен бірге, Бәкиевтер отбасына Беларусь азаматтығы берілді.

Бірақ, Назарбаевтың Минскіге көшкісі жоқ. Ол қаланың климаты, инфрақұрылымы Нұрекеңе ұнамайды. Тұңғыш президенттің ең жаны сүйетін жері - Бодрум. Бодрумда керемет резиденциясы бар. Эгей теңізінің жағасы, ауасы өмірдің соңғы жылдарын өткізуге анағұрлым қолайлы. Оның үстіне Режеп Тайып Ердоған Назарбаевті түркі әлемінің ақсақалы деп таниды және әрқашан сыйлап тұрады.

Батьканың неге экс-президенттер коллекционеріне айналғысы келетіні түсініксіз. Пригожині бар, Бәкиеві бар, жаман айтпай жақсы жоқ Назарбаев та қосыла қалса, Минск "аннан қашқан, мыннан қашқандар" мекеніне айналатын болады. Сол тізімге Лукашенконың өзі де қосылуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1991-2019 жылдар аралығында басқарды. 2022 жылдың қаңтар айына дейін де билік рычагтарын сақтап отырды.

DALA INSIDE Назарбаевтың қызықты өмірін аяғына дейін бақылап отырмақ. Арнамызға жазылып қойыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍82😁209👎2😱2🔥1
🎤 Бибігүлден Black Eyed Peas-ке дейін. Азия дауысына аз қалды

Келесі аптада Алматыда «Медеу» мұз айдынында аты аңызға айналған «Азия дауысы» фестивалі басталады. 3 күн концерт болады.

Бірінші күні фестивальді аңыз әнші Бибігүл Төлегенова ашады. Одан кейін халық алдында заманауи қазақ эстрадасының белді әртістері - Молданазар, RaiM, Ерке Есмахан, V$XV PRINCE, Мирас Жүгінісов, Мархаба Сәби, ORYNKHAN, Ирина Кайратовна, ZAQ сынды өнерпаздар шықпақ.

Екінші күні – сахнада BLACK EYED PEAS! Олар әлемдік хиттерін орындайды. Энергиясы Медеуді жаратыны сөзсіз.

Фестивальдің үшінші және соңғы күні Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жәмилә Серкебаева, Еркеш Шәкеев, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Әділ Чекилов, Парвиз Назаров, Жылдыз Осмоналиева, Бауыржан Исаев, «Дара» тобы өнер көрсетпек. Ал "Ялла" тобы хедлайнер болады.

Үшінші күні билет алғандар арасында Chevrolet Onix көлігі ойнатылады.

DALA INSIDE - "Азия Дауысы" таңдап алған жалғыз телеграм арна атанды.
48👍35👎10🔥3👏2
🇰🇿💸 Қаржы министрлігіндегілер жынданып отыр

Швеция сотының шешімімен Қазақстан Анатоли мен Габриэль Статилерге тез арада 75 миллион доллар тауып беруі тиіс. Әйтпесе, іс нашарлайды. Ол 33,7 миллиард теңге. Оңай ақша емес.

Бірақ, онымен тоқтамайды. Швеция соты Қазақстаннан ортақ есеппен 497,6 миллион доллар арыз сомасын, оған 2009 жылдан бергі проценттер (250 миллион доллар), плюс сот шығыны деп бағаланған 9 миллион доллар өндіріп алмақ. Сонда: 497,6 + 250 + 9 = 756,6 миллион доллар. Қазір төлейтін 75 миллион долларымыз осының бір бөлігі ғана. Кем дегенде 10 рет осылай төлеп отырамыз. 756,6 миллион долларыңыз 340 миллиард теңгеге парапар.

Ең сорақысы, Қазақстан соттасамын деп 12 жылдың ішінде 300 миллион доллар жаратып жіберген. Оның қызығын сол кездегі Әділет министрі Марат Бекетаев, досы Бауыржан Байбек, ағылшынның "REED Smith" заңгерлік фирмасы, "Arcanum Global" барлау агенттігі көрді. Бұдан Мәсімов те біраз тиын жасап алды.

Жалпы алғанда, Қазақстан 1 миллиард долларды далаға шашты. Бұл бір EXPO-ның құны. Енді осы қателіктің төлемі келе жатыр. Ақшаны қайдан аламыз?

Қаржы министрлігі бюджеттің ақшасына ортақтасқан осы мәселеге жынданып отыр. Себебі, ақша ештеңеге жетпейді. Бюджет табысынан шығысы көп. Дефицит тоқтаусыз артуда. Мысалы, биылғы мемлекеттік бюджеттің шығыстары былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 27 процентке өсіп кеткен. Бұл өте сұмдық нәрсе. Бюджет шығыны осы жылдың төрт айында 7,8 триллион теңгеге жетті. Дефицит өсіп келеді және ол тесікті жабу үшін Қаржы министрлігі бас-көзге қарамай қарыз ала бастады. Енді қарызды қайтарып отыру үшін жыл сайын 744 миллиард теңге керек болады.

Бұл салмақтың бәрі халыққа салынуда. Биылдан бастап кішкентай ИП-лардың өздеріне дейін салықтық жеңілдіктер алынып тасталды. Айыппұлдар жүйесін автоматтандырып, халықтан барынша көп айыппұл жинауға тапсырма берілді. Ақшасы болуы мүмкін, салық төлемей жүрген блогер, әнші, тамада, таксист, курьер барлығын салыққа отырғызудың кешенді қадамы басталды. Осылайша, үкімет өз қателігінің ақшалай сомасын халыққа артты.

DALA INSIDE Статилер оқиғасын қадағалап, сараптап отыр. Бізге жазылып алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👎125👍43😱2710😁3🔥2🥰2👏1
💸🌐 Қазақ жемқорлары криптаға ауыса бастады

Есіл өзенінің сол жағалауындағы қазақ шенеуіктері ірі көлемдегі қаржылық операцияларды криптобиржаларға ауыстыратын украин мамандарын өздеріне тартып жатыр. Ол туралы DALA INSIDE дереккөзі айтты. Астанада көлеңкелі криптокластер құрылуда. Ол TOR "жасырын интернет" жүйесі мен анонимды криптобиржаларға негізделген.

Астанада есірткі, қару-жарақ бизнесі аса дамымағандықтан, көлеңкелі криптобиржаға келетін негізгі қаржы ағыны пара беруге (откат) арналған ақшадан тұрады. Ал құқық қорғау органдары криптооперациялар тізбегін көре алмас үшін, криптомиксерлер қолданылатын болған.

"Махсутов" кейсінен кейін, криптовалютаға деген қызығушылық Шымкентте де күрт артты. Енді пара берушілер де, пара алушылар да анонимді криптоәмиан ұстауы тиіс. Криптоделдалдар осы әмиянды ашады, транзакцияға көмектеседі, криптоәмияннан ақшаны офшорға шығарып береді. Ол үшін кем дегенде 10% ұстайды. Одан бөлек, анонимді криптобиржалардың комиссиясы 35 пайыздан асады. Сонда, қазақ парасының тең жартысын биржа құрған, криптаны білетін шетелдіктер өз қалтасына басуда.

Қаржы мониторинг агенттігі де өз штатына криптооперацияларды жаңғақша жағатын мамандар тартып, арнайы бөлім ашуға зәру. Бірақ, мықты кәсіпқойлар үшін мемлекеттік орган ұсынған айлық күлкілі болып көрінді. Сондықтан ешқайсысы бара қоймады.

Осының нәтижесінде, крипта жарысында жемқорлар мемлекеттен оқ бойы озық келеді. Бірақ капиталдың сыртқа аға бастауы - бүкіл елдің болашағына ауыр соққы болып тиіп жатыр.

DALA INSIDE - көлеңкелі криптосекторды зерттей бастады. Бұл туралы әлі көп жазамыз. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
😱63👍29😁97🔥2
⚡️ Ұрланған активтерді қайтару: Қажыгелдинге альтернатива табылды

Жаңа Қазақстан жасанды интеллектінің (AI) көмегіне жүгінгелі отыр. Жылдар бойы Назарбаев кланы жасырған капиталдың ізін кескен Мағжанұлы Ақордаға керек болмай қалған сынды.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша шетке кеткен капиталды қайтаруда Тоқаевтың төңірегі Техаста орналасқан технологиялық компанияға көз тігіп отыр.

Қазақ азаматы Елисар Нұрмағамбетов жетекшілік ететін Black Ice AI компаниясы барымта-сырымтамен келген 💰 активтің есеп-қисабын жасап, оның шығу тегі мен ақырғы аялдаған жерін анықтаумен айналысады.

Жасанды интеллект Қажыгелдинге қарағанда қауырт қимылдайды, оның саяси амбициясы жоқ. Тоқаев пен оның төңірегіне ақыл айтпайды. Қателіктерін көзге түртіп көрсетпейді.

Бізге жеткен мәлімет бойынша компания жетекшісі Елисар Нұрмағамбетов Астанаға арнайы келіп, еліміздің барлау қызметіне жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін таныстырған. Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі, ҰҚК секілді құрылымдар шеттегі активті қайтаруда қосымша көмектің қажет боларын мойындап отыр.

Қаржы саласындағы ұрлық-қарлықты жасанды интеллектінің көмегімен анықтайтын компанияның арғы жағында 🇺🇸 АҚШ пен Ұлыбританияның барлау қызметі тұр.

Black Ice AI -ға жетекшілік ететін Елисар Нұрмағамбетовке бір кезгі ЦРУ агенті Scott Uehlinger жәрдемдеседі. Компаниядағы 15-ке жуық аналитик әр жылдары АҚШ-тың түрлі мемагенттіктері, соның ішінде НАСА-да жұмыс істеген.

❗️ Бұған дейін Forbes-қа сұхбат берген Нұрмағамбетов Жаңа Қазақстанның заказы бойынша шеттегі активін жасырған бірқатар тұлғаның әмиянына үңілгенін мәлімдеген.

«Ақорда тым сылбыр қимылдауда. Ескі Қазақстанның өкілдері активін жасырудың түрлі тәсілдерін біледі. Ширақ қимылдау қажет. Шеттегі капиталды соңғы тиынына дейін елге қайтару құр қиял. Мұның 10 пайызын қайтарсақ та үлкен жетістік», - дейді Нұрмағамбетов.

Айтуынша, Black Ice AI ақшаның тазалығын анықтамайды. Бұл арнайы қызмет өкілдерінің жұмысы. Жасанды интеллект активтің кімге тиесілі екенін тауып береді. Былайша айтқанда, атын атап, түсін түстейді.

Айталық, қияндағы Кайман аралында аты-жөні белгісіз қазақ олигархының «алтын сандығы» жасырулы жатыр дейік. Ол Болат Өтемұратовқа тиесілі болуы мүмкін (шартты түрде). Жаңа Қазақстан әлгі байлыққа Өтемұратов иелік етерін сезсе де, дәлелдей алмай дал болады. Міне, осы кезде жасанды интеллект көмекке келеді.

Black Ice AI-дың АҚШ билігінің алдында да абыройы жоғары.

Кремль? МемДеп қазақ азаматы жетекшілік ететін компанияға санкциялық барлау жұмысын жүргізуді тапсырғалы отыр. АҚШ санкциясын айналып өтіп жатқан Ресейдің әрекеті алдағы уақытта қазақ азаматы ойлап тапқан софттың назарына ілігеді.

Қажыгелдин? Мағжанұлына альтернатива табылған сынды. Tax justice network-тың мәліметінше Назарбаев кланы өткен 30 жылда 140–160 млрд долларды офшорға шығарған.

Бұл туралы әлі де айта түсеміз. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👏65👍56🔥133😱2🙏2
🍼 Қазақ елі Анисимовтың "әдемі откатына" мәз болды

"Қазақстан халқына" қоры биылғы жартыжылдықтың есебін жариялады. Оны аудиторлар тексеріп, растығына кепіл беріп отыр.

Қор биыл 24,6 миллиард теңге жаратқан. Оның әділ үлестіріліп жатқанына әңгіме жоқ, себебі әр тиын тексеріліп отырады. Ал Қорға ақша қайдан түсті? Ең қызығы осы жерден шықты.

Қорға биылғы алты айда 23,4 миллиард түссе, соның 22,3 миллиард теңгесін Василий Анисимов берген. Анисимов кезінде Алматыда туған, біздің Нархозда оқыған Ресей олигархы. Ол Әлішер Усмановпен бірге "Металлоинвест" алпауытын құрып, содан көтерілген болатын. Ресей санкцияға іліге бастағанда Ресей азаматтығынан бас тартып, екінші азаматтығы - Хорватия паспортымен қалды. Анисимовтың "Қазақстан халқына" қорына 22 миллиард теңгені Алматыда туғаны үшін санап бермегені белгілі. Сонда не үшін?

Анисимов Қазақстан уранын Ресейге 1,2 миллиард долларға сатты. Теңгемен есептесек, 540 миллиард теңге. Оған Қазақстан Үкіметі "ҚазАтомПром" ұлттық компаниясының қолында акцияға опцион бола тұра жол берді. Сондағысы осы 4 пайыздық откат үшін бе?

Ол не уран, қалай сатылды, оның барлығын кезінде тәптіштеп жазған болатынбыз. Қысқаша еске салсақ. Бұл оқиға "Буденовское афера" деп аталады.

Кезінде Назарбаев пен Путин біздегі уран рудниктеріне бірлескен кәсіпорындар ашып, әр кәсіпорын акциясының тең жартысын Ресейге, яғни "Росатомға" беру бойынша келіседі. Ресей есесіне өзіндегі уран байытатын комбинат (АО "ЦОУ") акцияларының тең жартысын Қазатомпромға беруі тиіс. Қазатомпром жоспары бойынша, олар уран өндіріп, оны ЦОУ-да байытып, сосын Өскеменге апарып, дайын таблетка жасап, АЭС-терге сататын болады.

Рудниктер акцияларының жартысын Росатомға беріп жатқан кезде, Ресей жағы бір рудниктің үлесін Росатомға емес, олигарх Анисимовқа беруді сұрайды. Яғни, олар өз коррупциялық схемаларын жүзеге асырған. Қазақстанға бәрібір болғандықтан, Анисимовке бере салады.

Біз ірі рудниктеріміздің тең жартысын Ресейге беріп, есесіне "ЦОУ" уран байыту орталығының жарты үлесін алғанымызбен, Қазатомпром 2020 жылы сол үлесті Ресейге 100 миллион долларға қайтадан сатып жіберген. Ал Анисимов бізден алған бір рудниктің тең жарты үлесін Росатомға 1,2 миллиард долларға өткізді.

Сондықтан Анисимов "Қазақстан халқы" деп аталатын балақайға чупа-чупс беріп кетті. Балақай чупа-чупс сорып отырғанда, үлкен ағайлар әлі біраз шаруаның бетін қайырмақ. Дәл осы "чупа-чупс" әдісін Тимур Құлыбаев, Владимир Ким, Эдуард Огай сынды олигархтар да қолданған еді. Бірақ олар сыйлығын 10 миллиард теңгеден асырмаған. Анисимов иә, "Жаңа Қазақстан" тарихындағы ең үлкен чупа-чупс сатып алып берген олигарх болып тұр.

Уран туралы алдағы уақытта әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
👍90😱34😁175🔥4👏1
⚡️ Еуропарламенттегі «Әблязовтың адамы» Жаңа Қазақстанның жынына тиюде…

Ресейден алшақтап, 🇪🇺 Батысқа біртабан жақындаған Жаңа Қазақстан жаңа проблемаға жолықты. Еуропарламенттің Орталық Азияға жауапты шенеунігі талайдан бері Тоқаевқа шүйлігіп жүр.

Былтыр дәл осы уақытта депутат Никколо Риналди Италия түрмелерін шарлап, темір торда жатқан қауыммен тілдескен-тұғын. Шенеуніктің жанына Әблязовтың «оң қолы» саналатын Ботагөз Жәрдемәліні ертіп жүргенінен секем алған едік.

Содан бергі уақытта Риналдидің риторикасы күрт өзгеріп, Ақорданы айыптаудан аузы босамай келеді. Орта Азия, соның ішінде Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікке жауапты шендінің қазақ билігін қарғап-сілеуі сырт көзге ерсі көрінетінін мойындау керекпіз.

Түнеукүні Италиядағы танымал радиоға сұхбат берген еуродепутат «Тоқаев Путинге жәрдемдесіп жатыр» дей келе, Қазақстанға да санкцияға салу мәселесін табанды түрде талап етерін мәлімдеді.

Риналди бұған дейін ДВК-ның үгіт- насихаттын жүргізіп, «Ақорда Мұхтардың атын атаудан қорқады» деген.

DALA INSIDE Риналдиды «Әблязовтың сыбайласы» деп санайды. Бізге жеткен мәлімет бойынша беделді шенеунік қазақ олигархы қаржыландыратын «Ашық диалог» (ODF) қорының астауынан жем жеп жүр. Брюсселде орналасқан қор жайында бұған дейін де егжей-тегжейлі жазғанбыз.

Еуропарламенттегі беделді шендінің риторикасы әрі оның Әблязовпен ауыз жаласқаны Ақорданың жынына тиюде. Астана мен Брюсселдің арасына сына қаққысы келетін Риналдидің жақтастары көбейе түссе, Қазақстанға қатысты позиция да қатаңдары белгілі.

Ескі Қазақстанға күн бермеген Әблязов және оған қарасты «Ашық диалог» қоры соғыс басталғалы дамыл таппай жүр. «Санкция? Тоқаев Путинге болысуда…» дегенді Батыс депутатының аузына салып берген Мұқаң Жаңа Қазақстанға да тыным бермейтін түрі бар.

Ал қазақ билігі Батыстың аумалы-төкпелі позициясын (двойной стандарт) түсінбей дал болуда. Әблязовтың ақпараттық шабуылы үдей түспеса, толастамасы анық. Ақорда идеологтары бұған қалай жауап қатпақ?..

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
👍12717😁9🔥6👏3😱3🥰1
📜 "Ақсақалдар кеңесі" әкімдер мен министрлер кандидатурасын майшаммен қарамақ

Мемлекеттік мәселелерде жоғары басшылыққа кеңес беру, жөн сілтеу үшін құрылған, құрамына қазақтың 9 сыйлы ақсақалы кіретін бейресми алқа - АК-ның құзыреті күшейе бастады. Әкімдер мен олардың орынбасарлары жемқорлықпен ұстала беретіндіктен, ұсынылған кандидатуралар арасынан кіршіксіз таза, жүрегіне коррупция жұқтырмаған үміткерді іріктеу осы ақсақалдарға тапсырылды.

Алдымен АК Шымкентті реттемек. Параға қатысты ұсталған әкімнің орынбасары Мақсұт Исаховтың ісі сотқа жетсе, Шымкент әкімі Марат Әйтенов заң бойынша отставкаға арыз беруі тиіс. Әйтенов кете ме, қала ма, оны ақсақалдар шешетін болады. Одан кейін Алматы облысындағы "біраз мәселелер" қаралмақ. Ал күзде Қарағанды бойынша шешім қабылданады деп жоспарланған.

Ақсақалдар "Ұлы дала империясын" гүлдендіре ала ма? Оны уақыт көрсетеді. Өмірлік тәжірибесі мол болғандықтан, АК сабырлы және байыпты кесімдер айтып жүр. Сондықтан ол Қазақстанға керек екені даусыз.

Ақсақалдардың елге сіңіріп жатқан ерен еңбегін DALA INSIDE бақылап отырады. Келесі жазбада Әбілазов туралы жеткен керемет инсайдпен бөлісеміз. Бізге жазылып алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍91😁188👎5🔥3👌2👏1
Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега-жұлдыздары «Азия дауысы – 2023» фестивалін жандырды

Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті.

Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы «Where is the Love?» хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Бірге атап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды.
Кешегі концертте кішігірім оқиға болды – Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады.

DALA INSIDE - ақпараттық серіктес атанған тұңғыш телеграм арна
👍415👎3😁2👏1
🏦 Теңгеге тықыр таяна бастады

Күзге таман ұлттық валюта бағамы долларына 460 межесінен аса бастауы ықтимал. Себебі, биылдың екінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы төлем балансы 2,7 миллиард долларға минусқа кеткен. Яғни, импортқа жұмсалатын қаржы экспорттан түсетін түсімнен артып кетіп отыр. Импорт көлемі 22 пайызға артса, экспорт керісінше 7 пайызға қысқарған.

Екінші тоқсанда Қазақстанның мұнайдан түсетін выручкасы 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 31 пайызға азайған. Себеп - мұнай бағасы биыл төмендеп барады. Бұл Ұлттық қорға биыл түсетін қаржының біз ойлағандай керемет болып шықпайтынын байқатып отыр.

Қазір теңге биржада Ұлттық банктің бюджет трансферті бойынша конвертациялары мен квазимемлекеттік компаниялардың валюталық выручканы сату бойынша операцияларының арқасында ғана өзін ұстап тұр. Бірақ выручка азайған сайын, конвертация көлемі азаймақ. Сол кезде теңге бағамына қысым көбейе түседі.

Әрине, Ұлттық банк қандай да бір ауыр шокты болдырмайтыны анық. Егер ондай сигналдар болса, интервенция механизмі іске қосылады. Биылдан басталған мамыражай уақытта интервенция болмаған еді. Ал күзде турбулентті кезеңге аяқ басуымыз ғажап емес.

Интервенция - Ұлттық банктың теңге бағамына дем беру үшін биржада өз қорындағы долларларды сату операциясы.

DALA INSIDE теңге курсын бақылап отыр. Бізге жазылыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍55😱8😁64🔥2👏1
🇰🇿🆚🇷🇺 Тоқаевтың маневр алаңы тарылуда: Ресейге тәуелділік қауіпті межеге тақап қалды…

Мұнай тасымалында бәз баяғыша Мәскеуге кіріптармыз. КТК-ның шүмегіне тас кенеше жабысып алған Путин Ақорданы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауда.

Қазақтың «қара алтыны» Ресейдің құбырларын қуалай, Еуропаның қоймаларына құйылуда. Қауіпті тенденцияны тежеуге келгенде Смайылов үкіметі шарасыздық танытып отыр.

Жаңа Қазақстан Транскаспий дәлізінің потенциалын пайдалану керектігін жақсы түсінеді. Бірақ оны игеруге келгенде ескі Қазақстаның әдетіне басып енжар қимылдауда.

Биыл экспортқа жөнелтілген мұнайдың 96 пайызы (!) Ресей аумағы арқылы өткен. Кремль пулына кіретін телеграм арналар осынау «ақжолтай» жаңалықты жарыса жазып, жұрттан сүйінші сұрауда.

Тоқаев? Мұнай транзитінде Ресейден өзге маршрут табу туралы президент тапсырмасы аяқсыз қалған тәрізді.

Ресейден өзге арна арқылы тасымалданған мұнай экспорты мизерлі деңгейде. Баку – Тбилиси – Жейхан құбыры арқылы жеткізілген мұнай көлемі былтырдан бері 3,4 пайыздан 3,7 пайызға өскен. Мардымсыз ба? Мардымсыз.

DALA INSIDE-тың білуінше Ақтаудың іргесіндегі Құрық портына Марабаевтар кланы иелік етеді. Нұржан Марабаев басқаратын «Semurg invest» компаниясы Құрықты логистикалық хабқа айналдыруға уәде еткен. Транскаспий дәлізіндегі операторлармен байланыс орнату Марабаевтың мойнына жүктелген еді. Нұржанның әкесі Жақып Марабаев Қаңтар трагедиясына дейін ҚазМұнайГаздың вице-төрағасы болған…

Бізге жеткен ақпар бойынша Құрыққа араб инвесторлары қызығуда. Жыл басында Астанаға арабтардың аталған саладағы алпауыты Abu Dhabi Ports делегациясы келіп қайтқан.

❗️ Тоқаев Транскаспий коридоры арқылы тасымалданатын мұнай көлемін жылына 20 млн тоннаға (күніне 400 мың баррель) жеткізуді тапсырған. Мұнай сатумен жан бағып отырған (экспорттық табысының 60 пайызы ✔️) Жаңа Қазақстан үшін Құрық порты жақсы көзір болар еді.

Жаңа терминал? Оның қашан салынары белгісіз. Марабаевтар кланы жобаны аяқтауға 100 млн 💲 сұрап отыр.

DALA INSIDE Путинге кіріптар болуымызға Қазақстанда мұнай өндіретін 🇺🇸 ExxonMobil, Shell, Eni, 🇯🇵 Inpex секілді трансұлттық компаниялар да жауапты деп есептейді. Альтернативті маршрут іздеуге асықпаған бұлар 1500 шақырымға созылып жатқан КТК-ның теңқожайыны. Олар мұнайды теміржолмен тасымалдау, оны Құрыққа жеткізу, әрі қарай Бакудің құбырына құю процесін қып-қызыл шығын көреді.

КТК Астананың мұнай тасымалы саласындағы амбициясына қолбайлау болуда, алайда әзір одан өзге балама жоқ. Орта дәліз арқылы жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдауға Құрықтың қуаты жетпейді.

Путин? ЛНР мен ДНР мойындаудан бас тартқан Тоқаевтың сөзінен кейін Кремль көсемі КТК-ны бітеп тастағанын ұмытқан жоқпыз. Бұл әрекетін кейіннен тағы бірнеше мәрте қайталады.

Путиннің шантажынан шаршаған Тоқаев Транскаспий дәлізінен үлкен үміт күткен. Ақтау - Баку – Жейхан мұнай маршрутының мүмкіндігін сарқа пайдалансақ Кремль провокациясына төтеп берерлік иммунитет қалыптасар ма еді…

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍122😱177🔥5🙏4👏2😁1
🇰🇿☕️ Әблязов "Жаңа Қазақстанмен" сөйлеспек

Мұхтар Әблязов араға кісі салып, Ақордаға хат жіберуді ойластыра бастады. АҚШ Сотының Әблязовтың БТА банкінен ақша жымқырғанын мойындауы оған ауыр тиіп отыр. Маневр аясы тарыла бастады, әрі нағашы ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға қайтып кетті де, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Әблязовтың қаржылық схемаларын жайып салған болатын.

Осындай жағдайда, Мұхаң "Жаңа Қазақстанмен" өзіне тиімді шарттармен келіссөз жүргізіп көрмек.

Оның көздегені: Қазақстанда қылмыстық айыптан толық ақталып, өз активтерінің өмірінің соңына дейін жететін келісілген бөлігін сақтап қалу. Өз кезегінде, ол "Жаңа Қазақстанға" Назарбаевтың шетелдегі активтерін қайтаруға көмектеспек, әрі өзінің активтерімен бөлісетін болады.

"Жаңа Қазақстанға" оның хаты әлі келмеді. Бірақ Әблязов үшін үлкен проблема бар.

Ол - Ресей. Ресейде Мұхаң қылмыскер болып саналады. Және оның аяғы қазақ топырағын басқан сәттен бастап, Ресей экстрадиция бойынша өтініш береді. Ал мемлекетаралық келісім бойынша, Қазақстан Әблязовты Ресейге беруі тиіс.

Ұрының арты қуыс демекші, Әблязов енді қай қуысқа кірерін білмей отыр. Эквадор варианты бар. Егер оны таңдаса, Әблязов Латын Америкасына қоныс аударып, өмірінің соңғы жылдарын сол жақта өткізбек.

Әблязовтың тағдырын әлі де саралаймыз. Арнамызға жазылып қойыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍63👎17😁1510😱4🔥1
⚰️ Адам басына 5 мың доллар: Кремль қазақтарды украин топырағын тыңайтуға шақыруда...

Киевті үш күнде алмақшы болған Путиннің ресурсы сарқылуда: солдаты таусылуда.

Украин пабликтеріндегі қорқынышты кадрлардан жүрегі шайлыққан есі дұрыс орыстар сүйегі ит- құсқа жем болған жерлестерінің кебін кигісі жоқ. Оларды окопқа сүйреу жүйенің түбіне жететін фактор. Мобилизация туралы пәрмен беру Пригожин бүлігінен де қауіпті болмақ.

Соңғы күндері Кремльге тиесілі әлемжеліде «қазақтарды соғысқа шақырған ақпараттар тарай бастады» деп жазады DALA INSIDE.

Басқыншылардың қатарына қосылғаны үшін бірден 5 мың доллар бонус төлейтін «жарнама» Қазақстанның ақпараттық кеңістігін емін-еркін кезіп жүр. Ресей армиясының сапына өтіп, толыққанды контрактіге қол қойған қазақтарға ай сайын 2 мың доллар төленетіні айтылыпты, бұдан бөлек басқа да жеңілдіктер боларына жеңіл-желпі тоқталып өткен.

Қазақстан мен Ресейдің туын біріктіріп, «Плечом к плечу» дейтін ұранмен таргеттелген ақпараттың түп қайнары Ресейдің Қиыр Шығысындағы Сахалин облысында орналасыпты.

Осы өңірдегі Адам капиталын дамыту агенттігі қазақтарды украин топырағын тыңайтуға шақырып отыр.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша еліміздің солтүстік өңірлерінде көптен бері Ресейдің «ячейкалары» жұмыс істейді. Соңғы айларды бұлардың белсендігі күрт артқан.

ФСБ-дан ұдайы нұсқау алып отыратын бұларға: теріскей өңірдегі сепаратистік көңіл-күйді өршіту, Ресейге жылы қабақ танытатын жергілікті тұрғындарды соғысқа тарту миссиясы жүктелген. Әл-әзір аталған «ячейкалар» Қостанай облысында қызу жұмыс жүргізуде.

DALA INSIDE «вербовкіні» тоқтату үшін еліміздің ақпараттық шекарасына шлагбаум орнату қажет» деп есептейді. Теріскейдегі орыстілді бұқара Кремльдің уағызына уланып, пиғылы бұзылуда. Өңірдегі орыстанған қазақтардың арасында Путинді пір тұтатындар көп.

Бұған дейін Қазақстаннан бөліну туралы талап қойған Қызылжар қаласындағы бір топ коллаборанттың үндеуі Ақорданы аса қатты алаңдатып отырғанын хабарлағанбыз.

Тоқаев идеологияға жауапты тұлғалардың мұндай олқылыққа жол бергеніне қынжылыс білдірген. Президенттің теріскейді қазақтандыру туралы тапсырмасы өз деңгейінде орындалмаған, солтүстіктегі орыстанған аудиториямен ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізілмеген.

Қалай болғанда да қазақтарды соғысқа шақырған «жарнама» Ақорда тарапынан реакциясыз қалмауы тиіс.

Ал оккупанттар украин жерінде қойша қырылуда. «Медузаның» дерегі бойынша украин жерінде 48 мыңға жуық басқыншының сүйегі шіріп жатыр.

DALA INSIDE Қазақстанда бой тасалаған 🦠 ресейлік хакер Никита Кислицын туралы зерттеу жүргізуде. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍73😱23👎10🔥52🙏2😁1👌1
🇷🇺👊 "Бірінші Жамаубаевті құртамыз". Ресей Қазақстандағы жауларының тізімін жаңалады

Ұзақ жылдары бойы осы тізімде антипутиншіл көзқарасын жасырмайтын қоғам қайраткері Арман Шораев көш бастап келген еді. Енді солтүстік көршінің ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевті атарға оғы болмай жүр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға жақын DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

Олар Жамаубаевті АҚШ комиссарларының жетегінде кетіп, Ресейдің параллельді импортына шектеу қоя алатын "тауарларды онлайн бақылау" жүйесін енгізді деп айыптап отыр. Жалпы, Кремльдің ойынша Жамаубаев санкцияларды орындауда сылбыр қимылдаудың орнына, тым ширақ, белсенді жұмыс істеуде.

Енді Арман Шораев тізімде екінші орынға түсіп қалды. Сонымен қатар, Ресейге "дос емес" Қазақстан азаматтарының тізіміне саясаттанушы Досым Сәтбаев, экс-ақпарат министрі Асқар Умаров, экс-консул Мейрам Қанапия, сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед, депутат Асхат Аймағамбетов, бас прокурор Берік Асылов (Қазақстанда Z, V символикаларына тиым салу туралы бастамасы үшін), блогер Оңғар Қабден кіреді.

Антитізіммен қатар, Ресейдің достары жазылған тізім де бар. Ресейді қолдайтын, болашақта марапатқа ие болуы тиіс тұлғалардың арасында депутат Айдос Сарым, саясаттанушылар Петр Своик, Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов, журналист Анастасия Ахметова, дінтанушы Мұртаза Бұлұтайды атап өтуге болады. Оған қоса тізімде түрлі әскери жастар клубтарының жетекшілері, орыстілді бірнеше сайт редакторлары да кезігеді.

Соңғы айда Кремльдің ішінде саяси агония орын алып жатқандықтан, DALA INSIDE солтүстік көршінің ішкі саяси кухнясын зерттеп отыр. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍149😁2212😱6👏4🔥2👎1
⚡️Amanat мүшесі жапон халқына тіл тигізді! Токио жақын күндері Астанаға нота жолдайды...

Еліміздегі антиамерикашыл ұстанымдағы сарапшылар Тоқаевты тобықтан қағуда.

Путин пропагандасына тән агрессивті риторика парасатты елдерден қол үзгісі келмейтін Жаңа Қазақстанның репутациясын кірлетуде.

Amanat мүшесі, "кремлшіл" сарапшылар пулына кіретін Марат Шибұтов Хиросиманы атқылаған Әміриканың әрекетін ақтап, жапон ұлтын «кровожадные у@бки и мр@зота» деп балағаттады (қаз қалпында).

DAlA INSIDE-қа жеткен ақпар бойынша Шибұтовтың шовинистік жазбасы жауапсыз қалмайды.

🇯🇵Токио жақын күндері Астанаға нота жолдауды көздеп отыр.

Ал, Шибұтовтың жай жатқан жапондарға соқтығуы бекер емес.

Бұған дейін қазақ баспасөзіне сұхбат берген жапон елшісі Жун Ямада мырза "біздің ұлт та Совет үкіметінің репрессивті саясатынан жапа шекті..." деп мәлімдеген.

"Қызыл қырғынның" салдарынан миллиондаған қазақтың құрбан болғанын ашып айтқан.

Хиросима мен Семей полигонын сөз ете келе, бұл тұрғыда қазақ пен жапонның қайғысы егіз деген еді.

"Сталин заманында қуғын-сүргін көріп, Қазақстанға жер аударылған 60 мың жапонды қазақ халқы аман алып алды. Сол тұстары Сібірге айдалған өзге бауырларымыз аштан қатты. Біз сіздерге мәңгі бақи қарыздармыз...", - деген болатын Ямада мырза.

Міне, осы сұхбат Кремльдің жанды жеріне тисе керек.

"Шибұтовтың Мәскеудегі кураторлары екі ел арасына от салу туралы тапсырма берген" деп пайымдайды DALA INSIDE.

Ал Amanat партиясынан ресми жауап күтеміз. Партия мүшесінің әрекетіне әділ баға берілуі тиіс. Шибұтовты саяси ұйымның сапынан шығару мәселесі күн тәртібіне қойылуы қажет-ақ.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍150😱37👏65👎3🔥3😢1