DALA INSIDE
12K subscribers
399 photos
126 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🔥 Ауруын жасырған өледі. Блогерлер альянсының басшысы Ғалым Байтөк МАЭК-те істен шыққан бірінші энергоблок проблемасын көтерді.

"Есть такая народная мудрость, "прячешь болезнь, смерть разоблачит". Сегодня произошла опять авария в системе "KEGOK" в Мангыстауской области. Грохнулся первый энергоблок МАЭК. К сожалению такие аварии стали случаться все чаще и чаще. Остановилась львинная доля нефтедобывающих предприятий АНПЗ, Каражанбас, Казтрансойловские "дочки и внучки" и главное без света осталось население...

Я не буду говорить о сабботаже в целом, сейчас все можно списать на износ оборудования, я о другом. Почему сразу не заявили о объеме аварии? Изначально вышла информация, что только пару предприятий остановились, а потом уже страна узнала, через "независимые" паблики, что авария эта почти катастрофа регионального уровня! Отвественные за информацию лица, что думали?", - деп жазады, Байтөк фейсбук парақшасында.
👍78😱154🔥3👏2👎1🤝1
💸🇺🇲 АҚШ Дариға Назарбаева мен Болат Өтемұратовқа санкция салмақ

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей мен Қазақстанның олигархтарын «посткеңестік мафия» деген санатқа жатқызып, енді осы мафиямен белсене айналыспақ.

"Посткеңестік мафия" клубына АҚШ пен Ұлыбританияда құны 10 миллион доллардан асатын пентхаустар мен үйлері бар, Қазақстан, Ресей, Украинадан шыққан және билік кландарымен сыбайласқан олигархтар енді.

АҚШ бұл бастаманы Ұлыбританиямен алдын-ала келісіп алған. Ресми Лондон Дариға Назарбаеваның Британиядағы мүлкін бұғаттау процесін бастауы тиіс. Ал АҚШ алдымен Болат Өтемұратовпен айналысатын болады. Одан кейінгі кезек Владимир Ким, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, Әлия Назарбаева, Ахметжан Есімов, Ғалымжан Есенов, Болат Назарбаевтарға келмек.

АҚШ Мемлекеттік департаменті болжамы бойынша, қазақ және Ресей олигархтары өз елдерінен орташа есеппен 200 миллиард доллар ұрлап кеткен. АҚШ бұған бей-жай қарап отырғысы келмейді.

"Жаңа Қазақстан" үшін сын сәті туды. АҚШ пен Еуропа олигархтар активтерін оңай бұғаттайтыны мәлім. Бірақ олар Қазақстанға қайта ма? Әлде біз АҚШ тарапынан жасалған интеллегентті рэкетке тап боламыз ба?

Біздің Әділет министрлігін "Стати кейсінен" кейін халықаралық келіссөздерге жіберудің өзі ұят. Тек Бас прокуратураға сенім арта аламыз.

Назарбаевшылардың ендігі өмірі бал болмайды. Ол туралы әлі айтамыз. Арнамызға жазылыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍23126👏14🔥9🤝5👎1
💸 «Назарбаев кланы» 7 жылда 130 млрд долларды шетелге шығарған…

Ескі Қазақстанның «өкілдері» жұрттың аузынан жырып сыртқа тасыған капиталдың шеті мен шегі көрінер емес.

Ұрлықтың масштабы Жаңа Қазақстан мәлім еткен ресми цифрлармен өлшенбесі күн өткен сайын айқындалып келеді. Тоқаев ізін кесуді тапсырған заңсыз капитал шартарапта шашырап жатыр.

DALA INSIDE ақшаны шемодандап тасыған ат төбеліндей топтың тойымсыздығына таң қалуда.

Тәуелсіз журналистердің халықаралық бірлестігі (ICIJ) таратқан ақпарат бойынша Дариға пен Болат Назарбаев, Болат Өтемұратов, Қайрат Сатыбалды, Тимур Құлыбаев, Владимир Ким секілді «Назарбаев кланының» Қазақстаннан астыртын алып шыққан ақшасы 130 млрд 💰-дан асып жығылады.

Енді мынаған назар аударыңыз: бұл соңғы 7 жылдың көлеміндегі барланған ақша! Оған дейінгі іс-әрекеттері әлі зерттелу үстінде.

Үлкен кісінің «еркелігін» отыз жыл бойы үнсіз көтергенімізді есепке алсақ, ұрлықтың масштабын көз алдыңызға елестете беріңіз.

Шетелдік медиадағы Қазақстанға қатысты контентті синтездеген DALA INSIDE: «Назарбаев кланы» жүргізген күмәнді транзакциялар 🇺🇸 АҚШ-тағы Қаржы махинациясына қарсы агенттік назарына ілікті» (FINCEN) деп пайымдайды. Бюро мамандарына есеп-шоттардың аккаунттарын (иелерін) анықтау қиынға соқпас.

Дегенмен, «Ескі Қазақстанның» өкілдері де ақымақ емес. Барымта, сырымтамен келген капиталды бірнеше этаптан тұратын күрделі транзакциялар арқылы тазалап, "адал" активке айналдырудың тәсілдерін жетік меңгерген. Осы арқылы ақшаның түп-төркінін, шығу тегін жасыра аласыз.

Неде болса күзді күтейік. Оған дейін Әкежан Мағжанұлы да қарап жатпай, маңызды мәлімет ұсынар деген ойдамыз. Ілгеріде аты аталғандар FINCEN-нің назарына іліксе, мұның соңы санкцияға ұласуы тиіс.

Мәселе, бұған Жаңа Қазақстан қандай реакция береді? Айналдырған 6-7 жылда 130 млрд долларды «қылғытып» жібергендерді соттан сотқа сүйрелейтін кезге куә боламыз ба?!

Бұл туралы әлі айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
😱63👍49🔥297👏3👌3🙏2👎1😁1
⚡️ Қазақстандағы Православ шіркеуінде үлкен өзгерістер жүруде! Мәскеу Патриархатының қамытынан құтылу процесі басталды…

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша еліміздегі Православ шіркеуінде 🇷🇺 Ресейдің басқыншы саясатын қолдамайтын поптардың қатары көбейу үстінде.

Шіркеу қызметкерлерінің арасында Украинаның ізімен Мәскеу Патриархатынан бөліну идеясы (автокефалия) қызу талқылануда.

Бұған ұйытқы болғандардың бірі - иеромонах Иаков.

Кремль шапқыншылығын айыптаған Иаков Қазақстандағы Православ шіркеуін Мәскеумен байланысты үзіп, автокефалияға ұмтылуға үндеуде. Оның бастамасымен ұйымдастырылған «соғысты тоқтату» петициясына орыс православ шіркеуінің 300-ге жуық қызметкері қол қойған.

«Путинді пір тұтатын бас шіркеуді денацифицикациялау және демилитаризациялау қажет. Еуразиялық одақ? Бұл ұйымнан да үзілді-кесілді бас тартатын уақыт келді», - деген еді иеромонах.

Патриарх Кириллдің қаһарынан қорыққан еліміздегі орыс шіркеуінің төрағасы, митрополит Александр Иаковты қуғындауға тырысқанмен онысынан түк шықпады.

Иаков Ресейге қарсы агитацияны күшейте түсуде. Қазақтілді аудиторияның симпатиясы оған қысым көрсетуге жол бермей тұр. Иеромонахтың құдайға табыну рәсімін мемтілде өткізгені қазақтарға ұнап қалғаны өтірік емес.

Есесіне, Мәскеудің қабағы түйіле түсуде. Путиннің басқыншы саясатын қолдайтын, алайда онысын ашық айта алмайтын еліміздегі шіркеу басшыларының Иаковты атарға оғы жоқ.

Иеромонахтың жақтастары оны батыл қимылға баруға шақырып отыр. «Қазақстандағы тәуелсіз Православ шіркеуінің тұңғыш төрағасы болуға лайықсыз» дейді олар. Иаков та бұған кет әрі емес.

«Мәскеуден бөліну процесі басталып кетті. Тарихи тұрғыда әділдік орнауы керек. Патриарх Кирилл орыс шіркеуін құрдымға кетіріп тынады. Біз онымен бірге құзға құлауға міндетті емеспіз», - дейді ол.

❗️ Автокефалия идеясы ақиқатқа айналса Мәскеу Патриархаты Ресейден тыс аумақтағы шіркеулері мен епархиясының тең жартысынан айырылады. Дін дегеніміз идеология, мұндай «рычактан» айырылу Кремльдің Қазақстандағы саяси ықпалын әлсірете түспек.

«Мәскеу мұны тежеуге тырысады. Алдағы уақытта иеромонах Иаковты "Батыстың тыңшысы", "АҚШ-тың агенті" дейтін материалдар күрт көбейеді. Иаковтың идеясы Мәскеу Патриархатының юрисдикциясына қарайтын Орта Азиядағы өзге де шіркеулерге ой салуы мүмкін», - дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Бұл туралы әлі айтамыз. Арнаға жазылуды ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍183👏168🔥4😱4🙏3👌1
⚡️ ​​Семьяға тиесілі миллиардтар Швейцария банкінде сүрленіп жатыр. Шетелдік дипломат Тоқаевқа қандай мәлімет берді?..

Тоқаевтың 🇨🇭 Швейцария Сыртқы істер министрін құрметті қонақ етіп, Ақордада арнайы қабылдауы тегін емес.

DALA INSIDE орыстілді кеңістікте қызу талқыланып жатқан тақырыпқа құлақ түрді.

Орыстілді медиа:

"Тоқаев пен "банктердің отанынан" келген дипломаттың жүздесуі Назарбаев кланын талқандауға бағытталған батыл қадам" деп топшылайды.

Бізге жеткен инсайд бойынша Тоқаевпен келіссөз жүргізген Иньяцио мырза Женевадағы экс-президенттің активтері турасында құнды мәлімет берген.

Шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға кіріскен Жаңа Қазақстан Назарбаев отбасын айналып өтер болса, халықтың қарғысына ұшырарын түсінеді.

Семьяның шартарапта шашырап жатқан капиталы 50 млрд доллардан асып жығылады. Мұның сүбелі бөлігі Швейцарияның ең ірі деген қаржы конгломераты 🏦 Credit Suisse-тің есеп-шотында сүрленіп жатыр.

Назарбаев отбасы сары майдай сақтап отырған активке ауыз салу үшін лайықты аргумент қажет. Ол бізде бар.

Швейцария билігі күмәнді ақшаның "шығу тегін" анықтауда өз аумағындағы банктерден ақпарат алуға кедергі келтірмейтінін мәлімдеген.

Тоқаев осы мүмкіндікті тас қып ұстауы тиіс.

Жемқорлардың жеп-ішкенін тінтумен айналысатын халықаралық орталықтың мәліметінше (OCCRP) Назарбаев кланы Credit Suisse-тің кеңсесінен шықпайды.

Үлкен кісінің үлкен қызы Швейцариядан құны 60 млн 💵-дан асатын сырты дуалмен қоршалған көне сарай сатып алған.

Семьяның сыртқа тасыған капиталы ұрлықпен келгенін дәлелдеу қиынға соқпас.

Алдағы айларда "Швейцария соты отбасының байлығын бұғаттады..." деген ақжолтай жаңалықты естуге жазсын.

Бұл туралы әлі де айта түсеміз. Арнаға тіркеліп алыңыз 👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍218🔥2722👏10😁5🙏4😱3
🇷🇺🏦 Bereke Bank СБЕР көлеңкесінен шыға алмады

Қазақстандық Bereke Bank өз клиенттеріне әлі күнге дейін Сбербанк логотипі бар банк карталарын беріп жатыр деп жазады, Frank Media.

Bereke-ге қатысы бар DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, кезінде Қазақстандағы Сбербанк жүздеген мың пластик картасы болванкасын алдырып қойған болатын. Оларды далаға тастап, жаңа картаға тапсырыс беру тиімсіз деп танылды. Себебі, жаңа технологиялардың дамуымен, банк картасына 1-2 жыл ғана уақыт қалды деп болжанып отыр. Одан кейін NFS арқылы картаның орнына смартфон пайдаланылатын болады.

Bereke Bank түсінікті себептермен 2022 жылды 124 миллиард теңге шығынмен аяқтаған еді. 2023 жылдан бастап банк плюске шыға бастады. Қазір үкіметтік "Бәйтерек" холдингі банкті сатумен айналысып жатыр.

DALA INSIDE мәліметі бойынша, мәміледе араб капиталының көлеңкесі бар. Себебі, кезінде арабтардың бірнеше ірі фондтарында жұмыс істеген екі қаржыгер қазір Bereke Bank штатына алынып, жаңа команда жасақтау бойынша консультант болып отыр.

"Бәйтерек" холдингінің Біріккен Араб Әмірліктерінің Mubadala қорымен ара-қатынасы өте жақсы екенін ескерсек, осы қордың болашақта Bereke Bank акционерлік капиталына енетіні күмән келтірмейді.

Bereke Bank сатылуы бойынша ресми жаңалықтар жыл соңына таман пайда болуы тиіс. Дью дилижанс та осы уақытта аяқталады.

Көзге білінбейтін суасты экономикалық, қаржылық ағыстар туралы білу үшін, арнамызға жазылыңыздар👇


https://xn--r1a.website/dalainside
👎47👍217😢2
⚡️Киев Назарбаевтың кеудесіне таққан төсбелгілерді қайтарып алмақ...

Украиндардың Тұңғыш президентке деген өкпесі қара қазандай. Жаңа Қазақстан орнағалы иммунитеті әлсіреген Назарбаевты атақ-марапатынан айыру үрдісі жалғасын табуда.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Киев идеологтары түрлі кезеңде Әбішұлының кеудесіне таққан 🏅орден-медалдарды кері қайтаруды ойласа бастаған.

Соғыс басталғалы 🇺🇦 украин қоғамының ой-санасында күрделі өзгеріс жүрді. Халық дос пен дұшпанды айыра алмаған осыған дейінгі орысшіл биліктің шешімдерін қайта қарауды талап етуде. Соның ішінде - төсбелгі мәселесі де тыс қалмақ емес.

DALA INSIDE-тың анықтағанындай Назарбаев Украинаның бірқатар мәртебелі наградасымен марапатталған. Алғашқысын 1997 жылы Кучманың қолынан алды. «Екі ел арасындағы достық пен әріптестікті дамытуға сіңірген еңбегі үшін» кнәз Ярослав Мудрый атындағы І дәрежелі төсбелгіні кеудесіне тақты.

Экс-президенттің кеудесін көмкерген салпыншақтардың арасында «Еркіндік» (Свободи) орденінің орны бөлек. Мұны 2010 жылы 70-ке толарда әзір Ресейде бой тасалап жүрген Виктор Януковичтің қолынан алды.

Ескерту: «Еркіндік» ордені шетел басшыларының кеудесіне тағылатын ең беделді марапат. Онымен терезесі тең деуге тұрарлық награда кемде кем.

Бұл орденмен әдетте Украинаның егемендігі мен тәуелсіздігін бекітуге айрықша үлес қосқан, демократияға дем берген, сөз бостандығы мен адам құқығы үшін талмай тер төккен тұлғалар награтталады.

Украин қоғамының ашу-ызасын туғызып отырған да осы жайт. Назарбаев аталған критерийлердің бір де біріне сай келмейді. Майдандағы халықтың тегеурініне төтеп бере алмай, Ресейді паналауға мәжбүр болған Янукович Назарбаевты орденге ұсынарда ілгерідегі принциптердің бір де бірін есепке алмаған…

Киев идеологтары мен украин қоғамының мұндай әділетсіздікке көнгісі жоқ. Ел басқарған тұста Қырымға қатысты позициясын нақты айқындай алмаған Назарбаевты атақ-даңқынан айыруға бекіп отыр.

Экс-президент 2013 жылғы 🗽 Еуромайданды төңкеріске теңеген болатын.

«Еркіндікке ұмтылған украин халқының көңілінде дік қалды. Назарбаевтың сол бір сөзі айналып алдынан шықты. Одан бері де Киевтің көңіліне тиген бірқатар мәлімдеме жасап, Ресейдің ыңғайына жығылды. «Украинада ұлттық тұтастық жоқ…» дей келе, путин пропагандасының риторикасын қайталады. Назарбаевтың кеудесіне таққан төсбелгілерді қайтару шешілген мәселе», - дейді бұл ретте DALA INSIDE дереккөзі.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍160🔥3313👏7👌5😱3👎1🥰1
🇺🇲💥 АҚШ Ресейден уран алуға тиым салмақ. Онда Қазақстанға сұраныс арта түседі

Конгресс жақын уақытта HR 1042 заңын қарастырмақ. Авторы Кэти МакМоррис Роджерс жобаны энергетика, климат пен желілік қауіпсіздік комитетіне таныстырып шыққан болатын. Комитетте айтылған мәліметтерге сай, 2021 жылы АҚШ-қа жеткізілген уранның 14 пайызы Ресейден, ал 35 пайызы Қазақстаннан келген. Енді Ресей ығыстырылса, АҚШ қазақ уранына ауысатын болады.

Бұған дейін Қазатомпром қол астында тұрған әлемдегі ең үлкен уран кеніші "Буденовское" активінен айрылып қалған еді. Бірақ, Іңкай кен орнына 25 жылдық контракт алды.

Бұған дейін жазған, "Буденовское аферасын" тағы бір еске сала кетсек.

Назарбаев пен Путин біздегі уран рудниктеріне бірлескен кәсіпорындар ашып, әр кәсіпорын акциясының тең жартысын Ресейге, яғни "Росатомға" беру бойынша келіседі. Ресей есесіне өзіндегі уран байытатын комбинат (АО "ЦОУ") акцияларының тең жартысын Қазатомпромға беруі тиіс. Қазатомпром жоспары бойынша, олар уран өндіріп, оны ЦОУ-да байытып, сосын Өскеменге апарып, дайын таблетка жасап, АЭС-терге сататын болады.

Рудниктер акцияларының жартысын Росатомға беріп жатқан кезде, Ресей жағы бір рудниктің үлесін Росатомға емес, олигарх Анисимовқа беруді сұрайды. Яғни, олар өз коррупциялық схемаларын жүзеге асырған. Қазақстанға бәрібір болғандықтан, Анисимовке бере салады.

Қызық әлі алда. Енді Жәкішевтен кейін Қазатомпромды, одан кейін тағы 2 жыл ҚР Энергетика министрлігін басқарған Владимир Школьниктің Қазақстанға опасыздық жасағанын айқын көре аламыз. Біз ірі рудниктеріміздің тең жартысын Ресейге беріп, есесіне "ЦОУ" уран байыту орталығының жарты үлесін алдық қой. Сол Қазатомпромның үлесін 2020 жылы біздің тарап Ресейге 100 миллион доллар үшін қайтарып бере салған. Өздеріне тек 1% акция ғана қалдырған.

Сонда Анисимов бізден алған бір рудниктің тең жарты үлесін Росатомға 1,2 миллиард долларға сатты. Ал Қазатомпром ең ірі 5-6 рудниктің жарты үлесін Ресейге беріп, соның есесіне уран байыту орталығының жарты үлесін алды да, оны күлкілі баға - 100 миллион долларға қайтып бере салды.

Уран туралы алдағы уақытта әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
👍99😱408🔥6👎1😁1🙏1
⚡️ Халықтан ұрланған активтерді қайтару: "Отбасы өкілдері" тыпырши бастады...

Тоқаев халықтан ұрланған ақшаны кері қайтару туралы тағдыршешті құжатқа қолын қойып, мөрін басты.

DALA INSIDE заңның маңызды тұстарына үңіліп, келесідей тезистерді теріп алды. Сонымен, бұл заң:

▪️ Коррупцияға батқан, олигархтармен ауыз жаласқан, биліктегі аға-көкесін арқаланатын тұлғаларға қарсы қолданылады.

▪️ Меморгандарда, мемкомпанияларда, жартылай мемсекторда жауапты қызметте отырған тұлғалар да осы заңның сүзгісінен өтеді.

▪️ Бұдай былай шотында шекті мөлшерден асып жығылатын активі бар (44 млрд 850 млн теңге немесе 100 млн доллар) тұлғалар күдікке ілігеді. Олардың капиталын тексеруде су жаңа заңның талап-шарттары қолданылады.

▪️ Жауапты орган «жұрттың аузынан жырып, ақшаны сыртқы тасыды» деген тұлғаларға қатысты мағлұмат жинап, мониторинг жүргізеді. Олардың капиталына қатысты күмән-күдік расталған жағдайда Активті қайтару реестріне енгізеді.

▪️ Реестрге енгендер мыңғырған миллиондарын маңдай терін сығып, адал жолмен тапқанын дәлелдеуі тиіс. Әйтпесе активтің шығу тегі күмәнді деп саналады.

▪️ Клептократтың арты қуыс: дәулетінің қалай келгенін білетіндер капиталын сыртқа шығаруға асығары анық. Мұның алдын алу үшін жауапты орган сотқа шағымдана алады.

▪️ Жаңа Қазақстан активті қайтарудың екі жолын ұсынып отыр. Мұның бірі – ерікті түрде, бұған көнбесе күштеп (соттың шешімімен) қайтаруға тура келеді.

▪️ Шетелдік юридикциялармен проблема болмауы тиіс. Ақорда халықаралық әріптестікті де жолға қойған. Шартарапта шашырап жатқан капиталды қайтару бойынша ақпарат алмасу алгоритмі әзірленген.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша заң әлі де толығады. Ақорда идеологтары мұны келер жылдың еншісіне қалдырып отыр.

Бастысы алғашқы қадам жасалды. Ұзақ күттірген құжат 10 күннен кейін толыққанды күшіне енбек. Жаңа Қазақстанды құруға алғышарт болатын заң ескі Қазақстанның өкілдерін түн ұйқысынан айыруы тиіс.

Бұған дейін Назарбаев кланына «тиесілі» миллиардтар Швейцария банкінде сүрленіп жатқанын хабарлағанбыз. Назарбаев отбасы сары майдай сақтап отырған активке ауыз салу үшін лайықты аргумент қажет. Ол бізде бар.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍14814😁12🔥10🙏5👎2
Еліміздегі Home Credit Bank былтыр өз акционерін ауыстырды. «Ресей Хоум Кредит энд Финанс Банкі» компаниясы акцияларын Чехия азаматтары сатып алды. Home Credit Bank активтерінің көлемі бойынша елде 13-ші орынға ие.

Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров банктің цифрлық дәуірде қалай дамып жатқаны туралы әңгімеледі. Осы сұхбаттың маңызды жерлерін назарларыңызға ұсынамыз.

https://dalainside.kz/07/manyzdy/13/2023/1017/

#pr
👍35👎154👏2😢2🔥1
Алматы кәсіпкерлері 2Gis картасына байкот жариялауды ойластырып отыр

2Gis картадағы түрлі бизнес жарнамасына кәсіпкерлерден ай сайын абоненттік төлем алады. Алматы үшін осы төлем күрт өсіп кеткен. Ол кәсіпкерлердің наразылығын туғызды.

Әлем қалаларында Google картасы басымдыққа ие болса, Алматыда 2Gis көбірек таралған болатын. 2Gis АҚШ санкциясына ұшыраған Ресейдің СБЕР тобына қарайды.

Кезінде 2Gis қосымшасы модераторларының Choco мен Пинта бойынша қазақ тіліне қатысты барлық пікірлерді өшіріп тастауы қазақтілді аудиторияның шамына тиген еді. Бірақ ол кезде қазақтілді аудитория 2Gis сервисіне байкот жарияламады.

2Gis-ке қатысты Cancel Culture жалпыұлттық сипат ала ма? Әзірге ол жағы белгісіз.

Бойкот барысын бақылап отыру үшін арнамызға жазылып алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍217🔥5😱5👌43😢1🙏1
📺💸 Ескі Қазақстан "бізге КТК телеарнасы қаншалықты керек?" деген ойға шома бастады

КТК телеарнасының қожайыны - "Тұңғыш Президент қоры" және оның артында тұрған Дариға Назарбаева үшін телевизиялық активті ұстап отырудың саяси және қаржылық тәуекелдері күннен-күнге артып барады. Сондықтан, жабық есік жағдайында, телеарнаны нарыққа шығарып, әділ бағаға сату бойынша ұсыныстар да айтылды.

"Жаңа Қазақстан" КТК арнасына енді мемлекеттік тапсырыс бермейтіні түсінікті. Бірақ, басты қауіп онда емес - КТК-ның негізгі жарнама берушілері болып табылатын ірі тұтынушылық брендтер (Colgate, Ariel, автосалондар, тампондар) тележарнамаға деген бюджеттерін қысқартып, интернетке ауыса бастаған. 2023 жылдың I тоқсанынан бастап, Қазақстанда жарнама ауқымы бойынша интернет телевизияны басып озды.

КТК телеарнасы 2020 жылғы пандемияда шығынға батып, сол минусты 2021 жылғы табыстан да жаба алмады. 2022 жылғы таза пайда 160 миллион теңге болды. Оны биыл Дариға Назарбаева кем-кетікті жабу үшін телеарнаның өзінде қалдырды.

2023 жылдың есебін тек келесі жылы көре аламыз. Қымбат телевизиялық құрылғылардың амортизациясын және жарнаманың қысқаруын ескере отырып, КТК телеарнасының биыл қаржылық жағынан табысты болатыны біршама күмән туғызады.

"Қаңтар оқиғасынан" 3 ай өткеннен кейін, "Коммерциялық телевизиялық арна" акционерлік қоғамы жарияланған жай акциялардың санын тағы 2 622 850 акция шығару арқылы көбейту туралы шешім қабылдаған еді. Сонда жалпы саны 8 152 925 дана акция сатылымға шығарылып, оны 1,2 миллиард теңеге бағаланған телеқұрылғыны компания капиталына енгізу арқылы "Тұңғыш президент қоры" сатып алған. Дариға Назарбаев арнаны бұрын түрлі сенімді өкілдер арқылы басқарып келсе, сол 2022 жылы өзінің қожайындық құқығын ресми рәсімдеп тастады.

Басты сұрақ - КТК-ны кім сатып ала алады? Ол арзан актив емес. Бірақ ең бастысы, оны сатып алатын қаржылық топтарда "Жаңа Қазақстан" тарапынан бейресми рұқсат болу керек. "Сол жағалау" батасын бермесе, қазіргі уақытта ірі БАҚ-ты сатып алу - өзіңе сот үкімін жазуға парапар тірлік. Осы ретте, кейбір инфомейкерлер Тимур Турловтың есімін атап қалды. Бірақ оның жақында ғана жаңа медиахолдингке (Курсив, Жетінші арна) ие болғанын назарда ұстасақ, оған КТК-ға шығындалу артық болатын сияқты.

DALA INSIDE "Ескі Қазақстан" мен "Жаңа Қазақстан" арасындағы активтер көшін бақылап отыр. Бізге жазылыңыздар👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍53🔥4414👎2😁2👏1😢1
Жүр! Біздің үйде теледидар бар, шәй ішеміз

Беларусь президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтан көптен бері Минскіге көшіп келуін сұрап жүр дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Батька Назарбаевты өзінің ескі досы деп санайды. Және кемінде 2 гектар жер беріп, Минскіде тұратын тағы бір экс-президент Құрманбек Бәкиевтің жанына отырғызып қоймақ. Батька Бәкиевке "Заславль-2" резиденциясынан 70 сотық жер бөліп, оған Бәкиев үй салған болатын. Сонымен бірге, Бәкиевтер отбасына Беларусь азаматтығы берілді.

Бірақ, Назарбаевтың Минскіге көшкісі жоқ. Ол қаланың климаты, инфрақұрылымы Нұрекеңе ұнамайды. Тұңғыш президенттің ең жаны сүйетін жері - Бодрум. Бодрумда керемет резиденциясы бар. Эгей теңізінің жағасы, ауасы өмірдің соңғы жылдарын өткізуге анағұрлым қолайлы. Оның үстіне Режеп Тайып Ердоған Назарбаевті түркі әлемінің ақсақалы деп таниды және әрқашан сыйлап тұрады.

Батьканың неге экс-президенттер коллекционеріне айналғысы келетіні түсініксіз. Пригожині бар, Бәкиеві бар, жаман айтпай жақсы жоқ Назарбаев та қосыла қалса, Минск "аннан қашқан, мыннан қашқандар" мекеніне айналатын болады. Сол тізімге Лукашенконың өзі де қосылуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1991-2019 жылдар аралығында басқарды. 2022 жылдың қаңтар айына дейін де билік рычагтарын сақтап отырды.

DALA INSIDE Назарбаевтың қызықты өмірін аяғына дейін бақылап отырмақ. Арнамызға жазылып қойыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍82😁209👎2😱2🔥1
🎤 Бибігүлден Black Eyed Peas-ке дейін. Азия дауысына аз қалды

Келесі аптада Алматыда «Медеу» мұз айдынында аты аңызға айналған «Азия дауысы» фестивалі басталады. 3 күн концерт болады.

Бірінші күні фестивальді аңыз әнші Бибігүл Төлегенова ашады. Одан кейін халық алдында заманауи қазақ эстрадасының белді әртістері - Молданазар, RaiM, Ерке Есмахан, V$XV PRINCE, Мирас Жүгінісов, Мархаба Сәби, ORYNKHAN, Ирина Кайратовна, ZAQ сынды өнерпаздар шықпақ.

Екінші күні – сахнада BLACK EYED PEAS! Олар әлемдік хиттерін орындайды. Энергиясы Медеуді жаратыны сөзсіз.

Фестивальдің үшінші және соңғы күні Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жәмилә Серкебаева, Еркеш Шәкеев, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Әділ Чекилов, Парвиз Назаров, Жылдыз Осмоналиева, Бауыржан Исаев, «Дара» тобы өнер көрсетпек. Ал "Ялла" тобы хедлайнер болады.

Үшінші күні билет алғандар арасында Chevrolet Onix көлігі ойнатылады.

DALA INSIDE - "Азия Дауысы" таңдап алған жалғыз телеграм арна атанды.
48👍35👎10🔥3👏2
🇰🇿💸 Қаржы министрлігіндегілер жынданып отыр

Швеция сотының шешімімен Қазақстан Анатоли мен Габриэль Статилерге тез арада 75 миллион доллар тауып беруі тиіс. Әйтпесе, іс нашарлайды. Ол 33,7 миллиард теңге. Оңай ақша емес.

Бірақ, онымен тоқтамайды. Швеция соты Қазақстаннан ортақ есеппен 497,6 миллион доллар арыз сомасын, оған 2009 жылдан бергі проценттер (250 миллион доллар), плюс сот шығыны деп бағаланған 9 миллион доллар өндіріп алмақ. Сонда: 497,6 + 250 + 9 = 756,6 миллион доллар. Қазір төлейтін 75 миллион долларымыз осының бір бөлігі ғана. Кем дегенде 10 рет осылай төлеп отырамыз. 756,6 миллион долларыңыз 340 миллиард теңгеге парапар.

Ең сорақысы, Қазақстан соттасамын деп 12 жылдың ішінде 300 миллион доллар жаратып жіберген. Оның қызығын сол кездегі Әділет министрі Марат Бекетаев, досы Бауыржан Байбек, ағылшынның "REED Smith" заңгерлік фирмасы, "Arcanum Global" барлау агенттігі көрді. Бұдан Мәсімов те біраз тиын жасап алды.

Жалпы алғанда, Қазақстан 1 миллиард долларды далаға шашты. Бұл бір EXPO-ның құны. Енді осы қателіктің төлемі келе жатыр. Ақшаны қайдан аламыз?

Қаржы министрлігі бюджеттің ақшасына ортақтасқан осы мәселеге жынданып отыр. Себебі, ақша ештеңеге жетпейді. Бюджет табысынан шығысы көп. Дефицит тоқтаусыз артуда. Мысалы, биылғы мемлекеттік бюджеттің шығыстары былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 27 процентке өсіп кеткен. Бұл өте сұмдық нәрсе. Бюджет шығыны осы жылдың төрт айында 7,8 триллион теңгеге жетті. Дефицит өсіп келеді және ол тесікті жабу үшін Қаржы министрлігі бас-көзге қарамай қарыз ала бастады. Енді қарызды қайтарып отыру үшін жыл сайын 744 миллиард теңге керек болады.

Бұл салмақтың бәрі халыққа салынуда. Биылдан бастап кішкентай ИП-лардың өздеріне дейін салықтық жеңілдіктер алынып тасталды. Айыппұлдар жүйесін автоматтандырып, халықтан барынша көп айыппұл жинауға тапсырма берілді. Ақшасы болуы мүмкін, салық төлемей жүрген блогер, әнші, тамада, таксист, курьер барлығын салыққа отырғызудың кешенді қадамы басталды. Осылайша, үкімет өз қателігінің ақшалай сомасын халыққа артты.

DALA INSIDE Статилер оқиғасын қадағалап, сараптап отыр. Бізге жазылып алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👎125👍43😱2710😁3🔥2🥰2👏1
💸🌐 Қазақ жемқорлары криптаға ауыса бастады

Есіл өзенінің сол жағалауындағы қазақ шенеуіктері ірі көлемдегі қаржылық операцияларды криптобиржаларға ауыстыратын украин мамандарын өздеріне тартып жатыр. Ол туралы DALA INSIDE дереккөзі айтты. Астанада көлеңкелі криптокластер құрылуда. Ол TOR "жасырын интернет" жүйесі мен анонимды криптобиржаларға негізделген.

Астанада есірткі, қару-жарақ бизнесі аса дамымағандықтан, көлеңкелі криптобиржаға келетін негізгі қаржы ағыны пара беруге (откат) арналған ақшадан тұрады. Ал құқық қорғау органдары криптооперациялар тізбегін көре алмас үшін, криптомиксерлер қолданылатын болған.

"Махсутов" кейсінен кейін, криптовалютаға деген қызығушылық Шымкентте де күрт артты. Енді пара берушілер де, пара алушылар да анонимді криптоәмиан ұстауы тиіс. Криптоделдалдар осы әмиянды ашады, транзакцияға көмектеседі, криптоәмияннан ақшаны офшорға шығарып береді. Ол үшін кем дегенде 10% ұстайды. Одан бөлек, анонимді криптобиржалардың комиссиясы 35 пайыздан асады. Сонда, қазақ парасының тең жартысын биржа құрған, криптаны білетін шетелдіктер өз қалтасына басуда.

Қаржы мониторинг агенттігі де өз штатына криптооперацияларды жаңғақша жағатын мамандар тартып, арнайы бөлім ашуға зәру. Бірақ, мықты кәсіпқойлар үшін мемлекеттік орган ұсынған айлық күлкілі болып көрінді. Сондықтан ешқайсысы бара қоймады.

Осының нәтижесінде, крипта жарысында жемқорлар мемлекеттен оқ бойы озық келеді. Бірақ капиталдың сыртқа аға бастауы - бүкіл елдің болашағына ауыр соққы болып тиіп жатыр.

DALA INSIDE - көлеңкелі криптосекторды зерттей бастады. Бұл туралы әлі көп жазамыз. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
😱63👍29😁97🔥2
⚡️ Ұрланған активтерді қайтару: Қажыгелдинге альтернатива табылды

Жаңа Қазақстан жасанды интеллектінің (AI) көмегіне жүгінгелі отыр. Жылдар бойы Назарбаев кланы жасырған капиталдың ізін кескен Мағжанұлы Ақордаға керек болмай қалған сынды.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша шетке кеткен капиталды қайтаруда Тоқаевтың төңірегі Техаста орналасқан технологиялық компанияға көз тігіп отыр.

Қазақ азаматы Елисар Нұрмағамбетов жетекшілік ететін Black Ice AI компаниясы барымта-сырымтамен келген 💰 активтің есеп-қисабын жасап, оның шығу тегі мен ақырғы аялдаған жерін анықтаумен айналысады.

Жасанды интеллект Қажыгелдинге қарағанда қауырт қимылдайды, оның саяси амбициясы жоқ. Тоқаев пен оның төңірегіне ақыл айтпайды. Қателіктерін көзге түртіп көрсетпейді.

Бізге жеткен мәлімет бойынша компания жетекшісі Елисар Нұрмағамбетов Астанаға арнайы келіп, еліміздің барлау қызметіне жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін таныстырған. Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі, ҰҚК секілді құрылымдар шеттегі активті қайтаруда қосымша көмектің қажет боларын мойындап отыр.

Қаржы саласындағы ұрлық-қарлықты жасанды интеллектінің көмегімен анықтайтын компанияның арғы жағында 🇺🇸 АҚШ пен Ұлыбританияның барлау қызметі тұр.

Black Ice AI -ға жетекшілік ететін Елисар Нұрмағамбетовке бір кезгі ЦРУ агенті Scott Uehlinger жәрдемдеседі. Компаниядағы 15-ке жуық аналитик әр жылдары АҚШ-тың түрлі мемагенттіктері, соның ішінде НАСА-да жұмыс істеген.

❗️ Бұған дейін Forbes-қа сұхбат берген Нұрмағамбетов Жаңа Қазақстанның заказы бойынша шеттегі активін жасырған бірқатар тұлғаның әмиянына үңілгенін мәлімдеген.

«Ақорда тым сылбыр қимылдауда. Ескі Қазақстанның өкілдері активін жасырудың түрлі тәсілдерін біледі. Ширақ қимылдау қажет. Шеттегі капиталды соңғы тиынына дейін елге қайтару құр қиял. Мұның 10 пайызын қайтарсақ та үлкен жетістік», - дейді Нұрмағамбетов.

Айтуынша, Black Ice AI ақшаның тазалығын анықтамайды. Бұл арнайы қызмет өкілдерінің жұмысы. Жасанды интеллект активтің кімге тиесілі екенін тауып береді. Былайша айтқанда, атын атап, түсін түстейді.

Айталық, қияндағы Кайман аралында аты-жөні белгісіз қазақ олигархының «алтын сандығы» жасырулы жатыр дейік. Ол Болат Өтемұратовқа тиесілі болуы мүмкін (шартты түрде). Жаңа Қазақстан әлгі байлыққа Өтемұратов иелік етерін сезсе де, дәлелдей алмай дал болады. Міне, осы кезде жасанды интеллект көмекке келеді.

Black Ice AI-дың АҚШ билігінің алдында да абыройы жоғары.

Кремль? МемДеп қазақ азаматы жетекшілік ететін компанияға санкциялық барлау жұмысын жүргізуді тапсырғалы отыр. АҚШ санкциясын айналып өтіп жатқан Ресейдің әрекеті алдағы уақытта қазақ азаматы ойлап тапқан софттың назарына ілігеді.

Қажыгелдин? Мағжанұлына альтернатива табылған сынды. Tax justice network-тың мәліметінше Назарбаев кланы өткен 30 жылда 140–160 млрд долларды офшорға шығарған.

Бұл туралы әлі де айта түсеміз. Арнамызға тіркеліп алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👏65👍56🔥133😱2🙏2
🍼 Қазақ елі Анисимовтың "әдемі откатына" мәз болды

"Қазақстан халқына" қоры биылғы жартыжылдықтың есебін жариялады. Оны аудиторлар тексеріп, растығына кепіл беріп отыр.

Қор биыл 24,6 миллиард теңге жаратқан. Оның әділ үлестіріліп жатқанына әңгіме жоқ, себебі әр тиын тексеріліп отырады. Ал Қорға ақша қайдан түсті? Ең қызығы осы жерден шықты.

Қорға биылғы алты айда 23,4 миллиард түссе, соның 22,3 миллиард теңгесін Василий Анисимов берген. Анисимов кезінде Алматыда туған, біздің Нархозда оқыған Ресей олигархы. Ол Әлішер Усмановпен бірге "Металлоинвест" алпауытын құрып, содан көтерілген болатын. Ресей санкцияға іліге бастағанда Ресей азаматтығынан бас тартып, екінші азаматтығы - Хорватия паспортымен қалды. Анисимовтың "Қазақстан халқына" қорына 22 миллиард теңгені Алматыда туғаны үшін санап бермегені белгілі. Сонда не үшін?

Анисимов Қазақстан уранын Ресейге 1,2 миллиард долларға сатты. Теңгемен есептесек, 540 миллиард теңге. Оған Қазақстан Үкіметі "ҚазАтомПром" ұлттық компаниясының қолында акцияға опцион бола тұра жол берді. Сондағысы осы 4 пайыздық откат үшін бе?

Ол не уран, қалай сатылды, оның барлығын кезінде тәптіштеп жазған болатынбыз. Қысқаша еске салсақ. Бұл оқиға "Буденовское афера" деп аталады.

Кезінде Назарбаев пен Путин біздегі уран рудниктеріне бірлескен кәсіпорындар ашып, әр кәсіпорын акциясының тең жартысын Ресейге, яғни "Росатомға" беру бойынша келіседі. Ресей есесіне өзіндегі уран байытатын комбинат (АО "ЦОУ") акцияларының тең жартысын Қазатомпромға беруі тиіс. Қазатомпром жоспары бойынша, олар уран өндіріп, оны ЦОУ-да байытып, сосын Өскеменге апарып, дайын таблетка жасап, АЭС-терге сататын болады.

Рудниктер акцияларының жартысын Росатомға беріп жатқан кезде, Ресей жағы бір рудниктің үлесін Росатомға емес, олигарх Анисимовқа беруді сұрайды. Яғни, олар өз коррупциялық схемаларын жүзеге асырған. Қазақстанға бәрібір болғандықтан, Анисимовке бере салады.

Біз ірі рудниктеріміздің тең жартысын Ресейге беріп, есесіне "ЦОУ" уран байыту орталығының жарты үлесін алғанымызбен, Қазатомпром 2020 жылы сол үлесті Ресейге 100 миллион долларға қайтадан сатып жіберген. Ал Анисимов бізден алған бір рудниктің тең жарты үлесін Росатомға 1,2 миллиард долларға өткізді.

Сондықтан Анисимов "Қазақстан халқы" деп аталатын балақайға чупа-чупс беріп кетті. Балақай чупа-чупс сорып отырғанда, үлкен ағайлар әлі біраз шаруаның бетін қайырмақ. Дәл осы "чупа-чупс" әдісін Тимур Құлыбаев, Владимир Ким, Эдуард Огай сынды олигархтар да қолданған еді. Бірақ олар сыйлығын 10 миллиард теңгеден асырмаған. Анисимов иә, "Жаңа Қазақстан" тарихындағы ең үлкен чупа-чупс сатып алып берген олигарх болып тұр.

Уран туралы алдағы уақытта әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
👍90😱34😁175🔥4👏1
⚡️ Еуропарламенттегі «Әблязовтың адамы» Жаңа Қазақстанның жынына тиюде…

Ресейден алшақтап, 🇪🇺 Батысқа біртабан жақындаған Жаңа Қазақстан жаңа проблемаға жолықты. Еуропарламенттің Орталық Азияға жауапты шенеунігі талайдан бері Тоқаевқа шүйлігіп жүр.

Былтыр дәл осы уақытта депутат Никколо Риналди Италия түрмелерін шарлап, темір торда жатқан қауыммен тілдескен-тұғын. Шенеуніктің жанына Әблязовтың «оң қолы» саналатын Ботагөз Жәрдемәліні ертіп жүргенінен секем алған едік.

Содан бергі уақытта Риналдидің риторикасы күрт өзгеріп, Ақорданы айыптаудан аузы босамай келеді. Орта Азия, соның ішінде Қазақстанмен арадағы стратегиялық серіктестікке жауапты шендінің қазақ билігін қарғап-сілеуі сырт көзге ерсі көрінетінін мойындау керекпіз.

Түнеукүні Италиядағы танымал радиоға сұхбат берген еуродепутат «Тоқаев Путинге жәрдемдесіп жатыр» дей келе, Қазақстанға да санкцияға салу мәселесін табанды түрде талап етерін мәлімдеді.

Риналди бұған дейін ДВК-ның үгіт- насихаттын жүргізіп, «Ақорда Мұхтардың атын атаудан қорқады» деген.

DALA INSIDE Риналдиды «Әблязовтың сыбайласы» деп санайды. Бізге жеткен мәлімет бойынша беделді шенеунік қазақ олигархы қаржыландыратын «Ашық диалог» (ODF) қорының астауынан жем жеп жүр. Брюсселде орналасқан қор жайында бұған дейін де егжей-тегжейлі жазғанбыз.

Еуропарламенттегі беделді шендінің риторикасы әрі оның Әблязовпен ауыз жаласқаны Ақорданың жынына тиюде. Астана мен Брюсселдің арасына сына қаққысы келетін Риналдидің жақтастары көбейе түссе, Қазақстанға қатысты позиция да қатаңдары белгілі.

Ескі Қазақстанға күн бермеген Әблязов және оған қарасты «Ашық диалог» қоры соғыс басталғалы дамыл таппай жүр. «Санкция? Тоқаев Путинге болысуда…» дегенді Батыс депутатының аузына салып берген Мұқаң Жаңа Қазақстанға да тыным бермейтін түрі бар.

Ал қазақ билігі Батыстың аумалы-төкпелі позициясын (двойной стандарт) түсінбей дал болуда. Әблязовтың ақпараттық шабуылы үдей түспеса, толастамасы анық. Ақорда идеологтары бұған қалай жауап қатпақ?..

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
👍12717😁9🔥6👏3😱3🥰1