🇰🇿🌹 Смайылов факторы. Премьер-Министр қиын тапсырманы ақырындап еңсере бастады
Қазақтың маңдайына біткен 11-ші Премьер - Әлихан Смайылов өз елін қиын кезеңнен алып келе жатыр. Біз оның экономикада консерваторлы жолмен жүретінін бұған дейін жазған болатынбыз. Бірақ Әлихан есімді азаматтардың қай уақытта да ең алдымен өз елінің мүддесін жоғары қоятынын ескерсек, небір сынға қарамастан Смайылов бір ізбен жүріп, өз жолынан ауытқымады.
Мамыр айында инфляция жалпы алғанда төмендеу трендінде. Қазір оның жылдық мәні 14% төңірегінде жайғасты. Смайылов кабинетіне сәл креатив жетіспейтінін оның алдында жазған болатынбыз. Бірақ Премьер бізге қарағанда көбірек біледі, мүмкін басқа ойы бар болар.
"2022 жылғы наурыз" мәселесін шешу оңай емес. Инфляция сол мезетте аспанға ұшқан болатын. Смайылов инфляцияны 20,3%-дан 14 пайызға түсірді. Бірақ тағы 4 пайыз асуын алуы тиіс.
Бір күмәнды жері, азық-түлік арзандаса да, азық-түлікке жатпайтын тауарлар санаты аз болса да қымбаттаған. Премьердің екінші гештальті - бюджет дефициті. Басқа елдермен салыстырғанда дефицит үлесі төмен болса да, ол соңғы 5 жылда тоқтаусыз өсіп келеді. Бұл ойланатын нәрсе. 2022 жылдан бері Экономика министрлігі Премьерді тыңдамайтын болған. Себебі, ҰЭМ Президент пен Премьер айтқан, тапсырған нәрселерге мүлде кереғар қадамдарға батыл бара бастады. Және Қуантыровты тоқтатар "ұлы күш" әзірге Қазақстан аумағынан табылмай отыр.
Ел экономикасы стагнацияда отырғаны жасырын емес. Тек жеңіл стагнацияны ауыр формасына апару әрекеттері ойландырады. Сырт күштердің қасақана тапсырысы емес деген сұрақ туындап отыр. Смайлов кабинетінде сыртқы елге қызмет ететін жансыз бары анық. Ол кім? Және Премьер оны біле ме?
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside

👍97👎19😁13❤8🔥3👏3
🎤 Жас Қанат - 2023" финалистері анықталды!
2 маусымда, Республика сарайының сахнасында көрермендер жартылай финалды тамашалады.
Ал екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша сегіз көшбасшы анықталды. Бұрын ойлағандай жеті емес, сегіз еді. Өйткені екі қатысушы бірдей ұпай жинады. Олар алтын, күміс, қола қанатты және Гран-приді сарапқа салады.
Сонымен, орындар келесідей бөлініп отыр:
1. Нарғыз Жанұзақова, Ақтөбе, 219 ұпай
2. Алмагүл Батталиева, Алматы, 218 ұпай
3. Ерназар Жұбан, Атырау, 215 ұпай
4. Аружан Бисембай, Орал, 206 ұпай
5. Нариман Жолдасбеков, Петропавл, 205 балл
6. Беназир Әлімхожаева, Алматы және Мадина Қабдолла, Павлодар, 198 ұпай
7. Нұрасыл Сатыбалды, Шымкент, 190 ұпай
«Жас Қанат 2023» финалды күнінде барлық конкурсанттар белгілі композитор, дирижер, аранжировкашы Илья Башқатов жетекшілік ететін ұжымның сүйемелдеуімен өнер көрсетпек.
DALA INSIDE - Жас Қанат пен Азия дауысы фестивальдары таңдап алған тұңғыш қазақтілді телеграм арна

🤩20👍15❤8🔥4
🎤 Атыраулық Ерназар Жұбан Жас Қанатты жеңіп алды
Алматыдағы Республика сарайында «Жас қанат – 2023» жас орындаушылар байқауы аяқталды.
Қазылар алқасының бірауыздан шешімімен байқауда алғаш рет бекітілген Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев атындағы Гран-при атыраулық Ерназар Жұбанға берілді. «Алтын қанат» (1-орын) ақтөбелік Нарғыз Жанұзақоваға, «Күміс қанат» (2-орын) алматылық Беназир Әлімходжаева, «Қола қанат» (3-орын) алматылық Алмагүл Батталиеваға бұйырды.
Қалған төрт финалист байқаудың дипломанты атанды. Олар – оралдық Аружан Бисембай, петропавлдық Нариман Жолдасбеков, павлодарлық Мәдина Қабдолла және шымкенттік Нұрасыл Сатыбалды.

🔥52👍22❤6👏3
🤌 Миттал ешкімді тыңдамайды. "АрселорМитталТеміртау" өте түсінікті месседж жіберді
Миллиардер Лакшми Миттал Қазақстанды халықаралық инвесторлар алдында ұятқа қалдырды. Және "Жаңа Қазақстанның" аузымен ғана орақ ора алатын фикция екенін дәлелдеп бермек. "Жаңа Қазақстан" Митталға барлық бағыттар бойынша ойсырай ұтылды және түк істей алмады. Лакшми Миттал иә, иә деп бас шұлғып, "уәде бере салу" тактикасымен елімізді әбден ит қылды. Оны өздері АММ-2023 конгресінде айтқан мәлімдемесімен айқын дәлелдеп отыр.
"АрселорМитталТеміртау" болат департаментінің техникалық директоры Константин Цимбалдың айтуынша, компания мемлекет жоспарлап отырған шығарындыларды азайту мақсатында 2025 жылға дейін өндірісті жаңарта алмайды. Яғни олар, өздері 2021 жылы келісіп, қол қойған Экологиялық Кодексті орындамайтындарын ашық айтуда.
Әңгіме мынада. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша "АрселорМитталТеміртау" 2025 жылы өзінің шығарындыларын 147 мың тоннадан асырмау керек. Ол қазіргі АМТ шығарып отырған зиянды қалдықтардан 30% төмен. Компания қазіргі өндірістік көрсеткіштерді сақтап қала отырып, экологиялық талаптарды орындауы үшін оған өндірісті технологиялық жаңарту керек. Ал АМТ еш уақытта модернизация жасамаған және жасауға мүлде құлықсыз. Енді олар "экологиялық талап қойсаңыздар, оған сай болу үшін біз өндірісті азайтып, жұмысшыларды қысқартамыз. Сонда сендердің бізден алатын салықтарын азаяды, жұмыссыздар көшеге шығады" деп Үкіметті шантаждап отыр. Бірақ 2021 жылы өздері осы талаптарға келісіп, 2025 жылы бәрін қатырамыз деп қол қоя салған болатын.
Миттал Қазақстанды "банан" республикасы мен аборигендер мекені деп санайтыны өтірік емес. Ол Еуроодақ алдында құрдай жорғалап, олардың барлық экологиялық талаптарын уақытылы, кейде жоспардан артық орындап келеді. Оның батыстағы, тіпті Украинадағы зауыттары заманауи, озық технологиямен жарақталған. Себебі Миттал ол жақта ешкімнің онымен әмпей-жәмпей болып жатпайтынын біледі.
Ал Қазақстанға келгенде тіпті бір болт ауыстырмай, ескі кеңестік атам заманғы құралдармен жұмыс істетіп отыр. Колонизатордың өз колониясынан бар сөлін сығып алатыны сияқты, Миттал да Қазақстанға бір тиын салмай, соңғы тамшысына дейін сорып тастамақ.
Осы жолда Миттал "Жаңа Қазақстанның" өзіне түк істей алмайтынына анық көз жеткізді. Сәуір айында Қазақстанның арнайы прокурорлары Люксембургтен ArcelorMittal алпауыты басшыларынан жауап алуды сұрап, запрос жібергенін жазған болатынбыз. Ол запросқа ешкім тіпті жауап та бермеген. Люксембург біздің прокурорлардың хатын жәшікке лақтыра салған сияқты. Айдаладағы Қазақстан кімге керек?
Миллиардер Лакшми Миттал Қарағанды металлургия зауытын өз қолына түсірген 16 жылдан бері Теміртауда қаза тапқандар саны 100-ге жуықтаған. Лакшми Митталға бағынатын әлемдегі барлық болат қорыту зауыттарының ішінен "АрселорМиттал Теміртау" апат саны мен оның құрбандары бойынша алда келеді. Прокурорлар осыны халықаралық юрисдикцияда тергеп көргісі келген. Оларды ешкім көзге де ілмеді.
Назарбаев тақтан тайғалы Миттал да Қазақстанға назар аударуды қойды. Александр Машкевич басқаратын ERG корпорациясы да тура осылай істеп отыр. АМТ да, ERG де "Білгендеріңді істеңдер, біз мүмкіндігінше сендерден бәрін сорып аламыз. Түк қалмағанда кетіп қаламыз да, сотқа беріп, Ұлттық Қорларыңа арест қойғызамыз", - деген позиция ұстануда. АМТ Қазақстаннан түскен пайдаға Еуропадағы зауыттарын жаңартып алса, ERG Қазақстандағы кәсіпорындарын залогқа қойып, ол кредиттерді Люксембургке шығарып алған. Ал кредиттерін Ресейге салынған санкцияны сылтауратып төлемей отыр.
Жаңа экология министрі Зүлфия Сүлейменова осы бағытта дым бітірмеді. Жолаған да жоқ. Бірақ ешкімді адам құрлы көрмей отырған Митталдарға Қазақстан Африкадан төмен үшінші әлем елі, қазақтар аборигендер. Не болса да, ащы шындық осы.

👎89👍54😱29❤15😁6🔥2😡1
👍"Жұрттың бәрі Жәкішев емес". ҚазАтомның "токсичный" активтерден тазарғаны кімге керек?
Естеріңізде болар, Жәкішев абақтыдан босап шыға Байтасовқа берген сұхбатында ҚазАтомға келгенде, сол тұстағы Үкіметбасы Нұрлан Балғымбаевтың кәсіпорынды банкроттық деңгейге жеткізіп, тарқатуды тапсырғанын айтқан.
Балғымбаевтың дегені болмай, Мұхтардың шала-жансар күйдегі кәсіпорынды әлемдік деңгейдегі алып кәсіпорынға айналдырғанын бәріміз білеміз.
Жәкішев Балғымбаеевтың айтқанын екі етпей орындап, ҚазАтомды құрдымға құлатқанда бізде атом өндірісі мүлде болмас еді.
Қазір ғой, "Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша бірінші орында тұр" деп бөскен кезімізде кеудемізге нан пісердей болады.
Алып кәсіпорынды аяққа тұрғызған Жәкішевке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. 👏
Назарбаев режимі Жәкішевтің соңына түсіп, түрмеге тоғытпағанда ҚазАтом бұдан да қуатты, "Росатомның" алдында бас имейтін әлемдік компанияға айналар ма еді.
Біздің айтпағымыз басқа. Таяуда сапарлап жүріп ҚазАтомда жұмыс істейтін инженермен кездесіп қалдық. Біраз әңгіме айтылды.
Әңгіме барысында Ақтау қаласындағы су тұщытатын МАЭК кәсіпорынына қатысты сыр суыртпақтадық:
–Бәленшеке , Ақтаудағы МАЭК ҚазАтомға қараушы еді. Ондағы жағдай қалай? Кәсіпорынға қатысты біраз әңгіме тарағанын байқадық..., – деп сұрақты төтесінен қойдық.
– Қазір МАЭК ҚазАтомға қарамайды. Сондықтан ондағы жағдайдан хабарсызбын, – деп әңгімені қысқа қайырды.
– Сонда қалай... МАЭК қазір қайда қарайды?
– ҚазАтом Лондондағы қор биржасына шығар алдында өзінің "токсичный" активтерінен құтылу туралы шешім қабылдаған.
Менің білуімше, сол кезде МАЭК бірінші кезекте ҚР Энергетика министрлігіне берілді, артынша Маңғыстау облысы әкімдігінің балансына өтті, – деп өз білгенімен бөлісті.
Сол сәтте жардың жағасында, тарқаудың аз-ақ алдында тұрған ҚазАтомды банкрот қылмай, кәсіпорынды терең шыңыраудан сүйреп шыққан Жәкішевтің бейнесі көз алдымызға елестеді.
Мұхтар тағы 5 жыл ҚазАтом-да жұмыс істегенде Ақтаудағы МАЭК те қолдан-қолға өтпей, табысты кәсіпорынға айналар ма еді деген ой санамызда қылаң берді.
Иә, ҚазАтомды ми батпақтан суырып алған Жәкішев Ақтаудағы МАЭК-ті "токсичный" күйге түсірмес еді. Бірақ жұрттың бәрі Жәкішев емес.
ҚазАтом-ның Лондон қор биржасына шыққаны жақсы. Бірақ алып кәсіпорынның әлемдік аренаға шығу үшін өзіне тиесілі салалық кәсіпорынды сыртқа тепкенін миға сидыра алмай қойдық.
Атом өндірісіне қатысты мекеменің "ҚазАтомөндіріспен" қосарлана дамығаны дұрыс емес пе?
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыздар👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Естеріңізде болар, Жәкішев абақтыдан босап шыға Байтасовқа берген сұхбатында ҚазАтомға келгенде, сол тұстағы Үкіметбасы Нұрлан Балғымбаевтың кәсіпорынды банкроттық деңгейге жеткізіп, тарқатуды тапсырғанын айтқан.
Балғымбаевтың дегені болмай, Мұхтардың шала-жансар күйдегі кәсіпорынды әлемдік деңгейдегі алып кәсіпорынға айналдырғанын бәріміз білеміз.
Жәкішев Балғымбаеевтың айтқанын екі етпей орындап, ҚазАтомды құрдымға құлатқанда бізде атом өндірісі мүлде болмас еді.
Қазір ғой, "Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша бірінші орында тұр" деп бөскен кезімізде кеудемізге нан пісердей болады.
Алып кәсіпорынды аяққа тұрғызған Жәкішевке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. 👏
Назарбаев режимі Жәкішевтің соңына түсіп, түрмеге тоғытпағанда ҚазАтом бұдан да қуатты, "Росатомның" алдында бас имейтін әлемдік компанияға айналар ма еді.
Біздің айтпағымыз басқа. Таяуда сапарлап жүріп ҚазАтомда жұмыс істейтін инженермен кездесіп қалдық. Біраз әңгіме айтылды.
Әңгіме барысында Ақтау қаласындағы су тұщытатын МАЭК кәсіпорынына қатысты сыр суыртпақтадық:
–
– Қазір МАЭК ҚазАтомға қарамайды. Сондықтан ондағы жағдайдан хабарсызбын, – деп әңгімені қысқа қайырды.
– Сонда қалай... МАЭК қазір қайда қарайды?
– ҚазАтом Лондондағы қор биржасына шығар алдында өзінің "токсичный" активтерінен құтылу туралы шешім қабылдаған.
Менің білуімше, сол кезде МАЭК бірінші кезекте ҚР Энергетика министрлігіне берілді, артынша Маңғыстау облысы әкімдігінің балансына өтті, – деп өз білгенімен бөлісті.
Сол сәтте жардың жағасында, тарқаудың аз-ақ алдында тұрған ҚазАтомды банкрот қылмай, кәсіпорынды терең шыңыраудан сүйреп шыққан Жәкішевтің бейнесі көз алдымызға елестеді.
Мұхтар тағы 5 жыл ҚазАтом-да жұмыс істегенде Ақтаудағы МАЭК те қолдан-қолға өтпей, табысты кәсіпорынға айналар ма еді деген ой санамызда қылаң берді.
Иә, ҚазАтомды ми батпақтан суырып алған Жәкішев Ақтаудағы МАЭК-ті "токсичный" күйге түсірмес еді. Бірақ жұрттың бәрі Жәкішев емес.
ҚазАтом-ның Лондон қор биржасына шыққаны жақсы. Бірақ алып кәсіпорынның әлемдік аренаға шығу үшін өзіне тиесілі салалық кәсіпорынды сыртқа тепкенін миға сидыра алмай қойдық.
Атом өндірісіне қатысты мекеменің "ҚазАтомөндіріспен" қосарлана дамығаны дұрыс емес пе?
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыздар👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍111❤16🔥6😁2👎1🥰1👏1🙏1👌1
🌱 Болашақта адамзат отын жақпайды. Энергияны ядролық реакция бермек
Бұл туралы эколог Орынбасар Тоғжанов айтты. Оның пікірінше, ғылыми зерттеулер тұрғысынан айтсақ, атом электр станциясының Балқаш көліне тікелей зияны бар деуге негіз жоқ. Суды тек тұтас жүйені салқындату үшін ғана қолданады. Сол үшін де көп ел атом электр станцияларын теңіздің, көлдің жағасына салады.
Бүгінде адамзатты қатты қинап тұрғаны – бүкілғаламдық жылыну процесі. Бұл өмір сүруді аса қиындататын процесс. Осы жағынан алғанда атом электр станциясының пайдасы бар. Біріншіден, атмосфераға ешқандай көмірқышқыл газын, басқа да парниктік газдарды шығармайды. Бір сөзбен айтқанда, АЭС – ең таза экологиялық әрі тиімді энергия.
Жаңа типті атом электр станцияларының қауіпсіздігі күшейіп, олар экологиялық таза болғандықтан, қазір экологтардың өздері көмір жағатын жылу электр станциячларынан тезірек атом электр станциясына көшуді қолдап отыр. Олар АЭС-ті сенімді энергия көзі және қоршаған ортаны ластамайтын болашақтың технологиясы деп санауда.
Атмосфераға көмір, газ, мазут сынды көмірсутектердің жанған қалдығы шыққан сайын, бүкілғаламдық жылыну процесі тез жүріп келеді. Бұл үрдісті тоқтатпай, бақылаудан шығарып алсақ, адам айтқысыз апаттарға тап боламыз. Адамзат өз болашағы үшін тезірек шешім қабылдауы тиіс.
https://dalainside.kz/05/manyzdy/31/2023/992/

DALA инсайд
Эколог: «Радиофобияны жеңу – оңай емес. Оған уақыт керек - DALA инсайд
Франция электр көзінің 60 пайызын АЭС-тан алады. Ал радиофобия жайлаған Германияда станция жұмысын тоқтатып жатыр. Бірақ күніне бірнеше рет жер сілкінісі тіркелетін Жапонияда АЭС көп
👍40🔥11❤4👎4👌1
⚡️ Тимур тыпырши бастады: Үкіметтегі "Құлыбаевтың адамдары" Қажыгелдиннің назарына ілікті
Бұған дейін Борейкоға сұхбат берген экс-премьер "активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары араласты" деген болжам айтқан. Мағжанұлының пайымдауынша "Тимурдың командасы" аталған заң жобасын сұйылтып жіберуге мүдделі.
Қажыгелдиннің нысанасына іліккен азаматтардың есім-сойы кім?
DALA INSIDE осы тарапта тәуелсіз зерттеу жүргізуге тырысты.
"Шеттегі активтерді қайтару туралы" заңның "черновигін" қолмен ұстап, көзбен көргендердің бірі - Рустам Жүрсінов. Бұл кім дерсіз? Ол еліміздегі кәсіпкерлер құқын қорғайтын арнайы уәкіл, былайша айтқанда "бизнес омбудсмен".
Аталмыш заң Мәжіліс талқылауына түспей тұра Жүрсіновтың қолынан өткен.
"Бизнес омбудсмен" заңсыз активті "іздеу" мен "кәмпескелеудің" алгоритмімен алдын-ала асықпай-cаспай танысып алған. Бізге жеткен мәлімет бойынша Жүрсінов заңгерлердің көмегіне жүгініп, заң жобасының олқы тұстарын анықтауға тырысқан. Кім үшін, не үшін, ол жағы бізге белгісіз…
Заңсыз капиталды елге қайтару мақсатында құрылған комиссия құрамында Бас прокурордың орынбасары - Ұлан Байжанов бар. Құрылымның елеусіз мүшесі емес, осы комиссия төрағасы Тоқаевтың білдей бір "зам-ы".
Осы тұста "активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары тұмсық тықты" деген Қажыгелдиннің тұспалын фактчектен өткізуге тура келеді. Әкежанның түйсігі әдеттегідей әлдебір шикілікті сезсе керек…
Біз сөз өткен Жүрсінов пен Байжанов та"күйеубаланың" сыралғы серіктері. Құлыбаев "ҚазМұнайГаздың" орынбасары қызметін атқарған 2000-шы жылдары аталған жұп карьералық баспалдақпен қарыштап көтерілді.
Жүрсінов кейіннен тағы сол Құлыбаев жетекшілік еткен "ҚазЭнержи" бизнес қауымдастығының заңгерлік бөлімін басқарды. "Бизнес омбудсмен" атанбай тұра, тағы сол Құлыбаев басқаратын "Атамекен" палатасының вице-президенті болды.
❗️ DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша соңғы кездері Тимурдан маза кетіп, тыпырши бастаған. Кешеге дейін Жаңа Қазақстанның саяси элитасы сапындағы тамыр-таныстарына арқаланып келген Құлыбаев Қажыгелдин таратқан инсайдтың соңы айғай-шуға ұласа ма қауіптенеді.
"Активтерді қайтару? Алдымен "Атамекен" палатасының басшысын, сол палатаға мүше азаматтарды тексеріп, олардың активтері мен дүние мүлкін тергеуіміз қажет", - дейді осы тұста Мағжанұлы.
Айтуынша, Бас прокурордың орынбасары (кімді меңзегенін түсінген боларсыздар) өзінің Швейцариядағы зәулім сарайы туралы ел алдында есеп беруі қажет.
Қажыгелдин? Оған құдай қуат берсін дейміз. Экc-премьер америкалық лоббистерді араға салып Назарбаевтың күйеубаласын санкцияға мықтап отырғызуды мақсат тұтып отыр.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
Бұған дейін Борейкоға сұхбат берген экс-премьер "активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары араласты" деген болжам айтқан. Мағжанұлының пайымдауынша "Тимурдың командасы" аталған заң жобасын сұйылтып жіберуге мүдделі.
Қажыгелдиннің нысанасына іліккен азаматтардың есім-сойы кім?
DALA INSIDE осы тарапта тәуелсіз зерттеу жүргізуге тырысты.
"Шеттегі активтерді қайтару туралы" заңның "черновигін" қолмен ұстап, көзбен көргендердің бірі - Рустам Жүрсінов. Бұл кім дерсіз? Ол еліміздегі кәсіпкерлер құқын қорғайтын арнайы уәкіл, былайша айтқанда "бизнес омбудсмен".
Аталмыш заң Мәжіліс талқылауына түспей тұра Жүрсіновтың қолынан өткен.
"Бизнес омбудсмен" заңсыз активті "іздеу" мен "кәмпескелеудің" алгоритмімен алдын-ала асықпай-cаспай танысып алған. Бізге жеткен мәлімет бойынша Жүрсінов заңгерлердің көмегіне жүгініп, заң жобасының олқы тұстарын анықтауға тырысқан. Кім үшін, не үшін, ол жағы бізге белгісіз…
Заңсыз капиталды елге қайтару мақсатында құрылған комиссия құрамында Бас прокурордың орынбасары - Ұлан Байжанов бар. Құрылымның елеусіз мүшесі емес, осы комиссия төрағасы Тоқаевтың білдей бір "зам-ы".
Осы тұста "активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары тұмсық тықты" деген Қажыгелдиннің тұспалын фактчектен өткізуге тура келеді. Әкежанның түйсігі әдеттегідей әлдебір шикілікті сезсе керек…
Біз сөз өткен Жүрсінов пен Байжанов та
Жүрсінов кейіннен тағы сол Құлыбаев жетекшілік еткен "ҚазЭнержи" бизнес қауымдастығының заңгерлік бөлімін басқарды. "Бизнес омбудсмен" атанбай тұра, тағы сол Құлыбаев басқаратын "Атамекен" палатасының вице-президенті болды.
❗️ DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша соңғы кездері Тимурдан маза кетіп, тыпырши бастаған. Кешеге дейін Жаңа Қазақстанның саяси элитасы сапындағы тамыр-таныстарына арқаланып келген Құлыбаев Қажыгелдин таратқан инсайдтың соңы айғай-шуға ұласа ма қауіптенеді.
"Активтерді қайтару? Алдымен "Атамекен" палатасының басшысын, сол палатаға мүше азаматтарды тексеріп, олардың активтері мен дүние мүлкін тергеуіміз қажет", - дейді осы тұста Мағжанұлы.
Айтуынша, Бас прокурордың орынбасары (кімді меңзегенін түсінген боларсыздар) өзінің Швейцариядағы зәулім сарайы туралы ел алдында есеп беруі қажет.
Қажыгелдин? Оған құдай қуат берсін дейміз. Экc-премьер америкалық лоббистерді араға салып Назарбаевтың күйеубаласын санкцияға мықтап отырғызуды мақсат тұтып отыр.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
👍207🔥33👏10❤9🙏7😱3👎1
Forwarded from 📚Электронды кітаптар
Қазақтілді ең беделді телеграм арна
Anonymous Poll
13%
8%
25%
DALA INSIDE
22%
Dauletten
13%
4%
Ongar_Online
5%
3%
Ulys
2%
ONLINE - Амангелді Құрметұлы
5%
Жаңалықтар.кз
👍43🔥4❤2
🙅 Пэрис Хилтон Қайрат Сатыбалдыдан түңілді
Алматыда Қайрат Сатыбалды рейдерлік жолмен тартып алып, арты дауға ұласып, аяғы Антикор оны мемлекетке қайтарамыз деп жатқан қонақүй өзінің Hilton атынан айрылуға жақын.
Hilton франшизасының иесі, американ отель алпауыты "Hilton Worldwide" компаниясы өзінің брендіне нұқсан келуі мүмкін болғандықтан Алматыдағы "DoubleTree by Hilton" қонақүйінен франшизаны қайтарып алу мәселесін қарастыра бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Алматыдағы Хилтонды салуға 6 миллиард теңге кеткен. Оның кредитінің 7 пайызын мемлекет субсидиялады. Хилтон франшизаны тартып алса, ол қонақүй басқаша аталатын болады. Мысалы, "Old Kazakhstan Plaza".
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Алматыда Қайрат Сатыбалды рейдерлік жолмен тартып алып, арты дауға ұласып, аяғы Антикор оны мемлекетке қайтарамыз деп жатқан қонақүй өзінің Hilton атынан айрылуға жақын.
Hilton франшизасының иесі, американ отель алпауыты "Hilton Worldwide" компаниясы өзінің брендіне нұқсан келуі мүмкін болғандықтан Алматыдағы "DoubleTree by Hilton" қонақүйінен франшизаны қайтарып алу мәселесін қарастыра бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Алматыдағы Хилтонды салуға 6 миллиард теңге кеткен. Оның кредитінің 7 пайызын мемлекет субсидиялады. Хилтон франшизаны тартып алса, ол қонақүй басқаша аталатын болады. Мысалы, "Old Kazakhstan Plaza".
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍95😁11👌8❤7🔥4👏1
🔥🤝 DALA INSIDE Дәулет Мұқаевқа ауыз салмақ
DALA INSIDE депутат Дәулет Мұқаевтан "Dauletten" телеграм арнасын сатып алу үшін стратегиялық инвестор іздей бастады. Егер болашақ мәміле сәтті аяқталса, онда ол қазақ телеграмы нарығындағы ең үлкен сделка деп саналатын болады. Dauletten телеграмы Далаинсайдқа "ҮшD" ауқымды инфосейлс жобасын жүзеге асыру үшін керек.
"DALA INSIDE контенттік қуаты мен Dauletten аудиториясына синергия жасауды көздеп отырмыз. Егер Dauletten арнасын сатып ала алсақ, біз өткен жылы сатып алған "Электронды кітаптар" телеграм арнасының атауын "Damu arna" деп ауыстырамыз. Сонда DALA INSIDE - Dauletten - Damu arna триосы "ҮшD" экожүйесі концепциясын құрайды", - деп түсіндірді, DALA INSIDE бас редакторы Думан Бықай.
"ҮшD" экожүйесі қазақтілді телеграм кеңістігінің аудиториясын корпоративті секторға лайықтап, ірі компаниялардың қазақтілді аудиториямен жұмыс істеуі үшін дайын өнімдер, арнайы жобалар ұсынатын болады. Алғашқы өнім - "Біржылдық BOX" деп аталады. Яғни, компания бір жылға абономент сатып алып, өз ақпаратын "ҮшD" арналарында бір жыл бойы "безлимит" шығарып отыра алады. Тағы басқа да корпоративті секторға қызық болатын өнімдер дайындалған.
Стратегиялық инвестор табылса, DALA INSIDE Дәулет Мұқаевқа Dauletten арнасын сатып алу бойынша ұсыныс жасамақ. Әзірге DALA INSIDE Тик-ток кеңістігіне экспансиясын кеңейтті.
https://www.tiktok.com/@dalainside_tok

TikTok
DALA INSIDE on TikTok
@dalainside_tok 95.3k Followers, 15 Following, 1.5m Likes - Watch awesome short videos created by DALA INSIDE
👍77👎5🙏2🔥1😁1
🌙 Қайрат Шәріпбаев бұл өмірдің жалған екенін түсінді
Көптеген БАҚ Дариға Назарбаеваның екінші күйеуі деп атайтын, Ескі Қазақстан дәуірінде "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясын билеген Қайрат Шәріпбаев жетім мен жесірге де бір көзін салып қоюды ойлады.
Олигархқа қарасты «APL Construction» фирмасы әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған, жағдайы төмен және қиналып жүрген Астанадағы отбасыларға жаңа ЖК салып, пәтерлерді тегін таратып бермек. Барлығы 100 пәтер осы жылдың аяғында салынып бітеді.
Жалпы, қазақтар бұл өмірдің жалған екенін білетін ұлттар қатарына жатады. Абай Құнанбайұлы "Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын, арт жағы мұңға жуық" деген. Ал Мәшһүр Жүсіп "Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе, бірінен соң бірі бар артық – кемсіз", - деп, бұл өмірде бәрі аумалы-төкпелі екенін ескертіп кеткен болатын.
Екі нәрсені: фәнидің жалған екенін және арнамызға тіркелу қажеттігін ұмытпаңыз👇

👍110😁26👏8❤7🔥4
🔥Манчестер Сити vs Интер матчында 30 000₸ дейін қайтару мүмкіндігі
10 маусымда Чемпиондар лигасының шешуші ойыны өтеді. Ыстамбұлда итальяндық «Интер» мен ағылшындық «Манчестер Сити» ойнайды.
«Ман Ситиде» маусымның үшінші трофейін жеңіп алудың керемет мүмкіндігі бар, өйткені олар Англия кубогын жеңіп алып, Премьер-Лига чемпионы атанды. Ал «Интер» әзірге тек Италия кубогын жеңіп алды. Екі команда да қарқын алып, жеңіліссіз сериясын жалғастыруда. Бұл кездесуде кім сүрінеді?
🔵 Матч барысында алаңдамау үшін спорт эмоцияларының демеушісі 1XBET компаниясы өзінің «ТӘУЕКЕЛСІЗ ҰТЫС ТІГУ» акциясын дайындады. Сәтсіздік жағдайында 1XBET 30 000 дейін қайтарады!
🔥 Ойынға ұтыс
Барлық оқиғалардан, сондай-ақ супержүлделер мен фрибеттерден хабардар болыңыз

👎31👍9❤3👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Ильин саған айтам, Смайылов сен тыңда! Тоқаевтың үстелді тоқпақтауы тегін емес…
Экс-Төтенмин Юрий Ильинге тықыр таяған тәрізді. Отставка ол үшін тым жеңіл жаза. Абай облысындағы алапат өрт Ильиннің салдыр-салақтығы салдарынан бақылаудан шығып кетті. 14 адам опат болды. Олардың обалы кімге?...
Абай облысына арнайы барған Тоқаевтың аузынан «жаза» деген сөз жиі-жиі шықты. Соған қарағанда Смайылов үкіметіне берілген сенім кредиті сарқылған сынды.
Ильин? Экс-министр Абай облысындағы апатқа жол бергені үшін жауапқа тартылады. Отставка оның әрекетсіздігін ақтай алмайды. Президенттің сөзінен соны аңғардық…
Абай облысында арнайы штабтың мәжілісін өткізген Мемлекет басшысы өртке қатысты ұзынсонар баяндама жасауға кіріскен Төтенше жағдай вице-министрі Марат Күлдіковтің сөзін орта жолдан бөлді:
«Ильин? Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?!
14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді», - деді Тоқаев.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Тоқаев төңірегіндегі адамдардың жұмысқа деген қарым-қатынасынан түңіліп жүр. ТөтенМинге өз қолымен жетектеп әкелген Ильиннің халықтың қарғысына ұшырап, сенімді ақтай алмағаны жанына батқан. Алдағы күндері экс-министрге қатысты «қатаң шара» қабылданбақ. Айта кетелік, Төтенше жағдай министрлігі Тоқаевқа тікелей бағынатын құрылым.
Абай облысының жұртшылығымен жүздескен Тоқаев жүйенің ескі Қазақстанның әдетінен әлі күнге арылмағанын сынға алды.
«Адамдардың тағдырынамүлде немқұрайлы қарау…». Президенттің Смайылов үкіметіне берген бағасы осындай. Назарбаевтың қамырынан иленген шенді-шекпенділер Тоқаевтың аяғынан шалуды доғарар емес.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇🏽
https://xn--r1a.website/dalainside
Экс-Төтенмин Юрий Ильинге тықыр таяған тәрізді. Отставка ол үшін тым жеңіл жаза. Абай облысындағы алапат өрт Ильиннің салдыр-салақтығы салдарынан бақылаудан шығып кетті. 14 адам опат болды. Олардың обалы кімге?...
Абай облысына арнайы барған Тоқаевтың аузынан «жаза» деген сөз жиі-жиі шықты. Соған қарағанда Смайылов үкіметіне берілген сенім кредиті сарқылған сынды.
Ильин? Экс-министр Абай облысындағы апатқа жол бергені үшін жауапқа тартылады. Отставка оның әрекетсіздігін ақтай алмайды. Президенттің сөзінен соны аңғардық…
Абай облысында арнайы штабтың мәжілісін өткізген Мемлекет басшысы өртке қатысты ұзынсонар баяндама жасауға кіріскен Төтенше жағдай вице-министрі Марат Күлдіковтің сөзін орта жолдан бөлді:
«Ильин? Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?!
14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді», - деді Тоқаев.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Тоқаев төңірегіндегі адамдардың жұмысқа деген қарым-қатынасынан түңіліп жүр. ТөтенМинге өз қолымен жетектеп әкелген Ильиннің халықтың қарғысына ұшырап, сенімді ақтай алмағаны жанына батқан. Алдағы күндері экс-министрге қатысты «қатаң шара» қабылданбақ. Айта кетелік, Төтенше жағдай министрлігі Тоқаевқа тікелей бағынатын құрылым.
Абай облысының жұртшылығымен жүздескен Тоқаев жүйенің ескі Қазақстанның әдетінен әлі күнге арылмағанын сынға алды.
«Адамдардың тағдырына
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇🏽
https://xn--r1a.website/dalainside
👍176🔥12😢10🙏6👏5😁5❤2👎2🤝1
🔥🕺 Тас, давай...
Мәскеу Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарына ОДКБ-ны тарту бойынша Иманғали Тасмағамбетовты жағалай бастады. Егер Қазақстан Ресей МЧС-ін шақырса, Кремльге бастысы осы жұмысты ОДКБ "соусымен" өткізу қажет болып тұр.
DALA INSIDE дереккөзінің ақпаратынша, өзіне ОДКБ-ның ішінде жүйеқұраушы мемлекет деген статус жасап алған Ресей, осы арқылы Қазақстанды толық өзіне қарыздар етпек. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыға келген ОДКБ енді Қазақстанның шығысындағы өртті сөндіріп берсе, Кремль пропагандасы мұны талайға дейін талғажау етпек. Кремль идеологтары осыны пайдаланып Ақорданы түрлі авантюраға араластыруға тырысады.
Тасмағамбетов ОДКБ-ның әскери ұйым екенін айтып, мұндай ұсыныстардан мүмкіндігінше қорғануда. МЧС барса, ол гуманитарлы миссия, Қазақстан да Ресей өртін сөндіруге бара алады деген позицияда.
Бірақ, Кремль қайтсе де Қазақстанды Путиннің былық-шылығына араластыруды көздеп отыр. Түпкі мақсат - бізге санкция салдыру. Сонда біз Ресей мен Қытайға байланып қалатын боламыз.
Өрт біз үшін жағдайды қиындата түсті. Маневр аясы тарылуда. Егер нөсер жаңбыр жауып, мәселені өз күшімізбен шешсек, онда бір қауіптің беті қайтады. Болмай бара жатса, Ташкентке телефон шалатын сияқтымыз. Мирзиеев бізге көмектесуге дайын.
Кремль мен ОДКБ туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇🏽

👍133😱21🔥9❤6🤝2
⚡️ Абай облысындағы өрт аумағы айтарлықтай қысқарды
Өртті сөндіру жұмыстары негізінен екі бағытта: Жерновка – Шүлбі және Қаштақ ауылы маңында үздіксіз жүргізіліп жатыр
"Айта кету керек, соңғы күндері өрт аумағы айтарлықтай қысқарды, өрт сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда", – деді облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев.
Қаштақ ауылы аймағына жеке құрамның 200 адамы, 30 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка – Шүлбі ауданында 300 адам, 40 техника және 9 тікұшақ бар.
Ұранхаев Тоқаевтың сынынан сабақ алды ма?
Dalainside бұл туралы алдағы күндері егжей - тегжейлі айтады.

👍66👏8👌6🙏4🔥3
🏖️ Есенов Есімовке "Жаңа Қазақстанға" путевка алып берді
"Jusan bank" акцияларының 20 пайызына иелік ететін Ғалымжан Есенов арқылы Қазақстан Республикасы кезінде Мәсімов шетелге шығарып жіберген Жусан банкті өзіне қайтарып алды. Бұл істе Қазақстанға көп көмек берген Ғалымжан Есенов жақсы ұпай жинады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бір жағынан оның шарапаты Ахметжан Есімовке де тиіп отыр. "Жаңа Қазақстан" тарапынан экс саяси гигантқа ешқандай айып, өкпе, наразылық та жоқ. Тіпті "Отандастар" қоры, "Түркісой" басшылығы сияқты жұмысы аз, беделі әжептәуір қызметке ұсыныстар да қарастырылған болатын. Бірақ Есімов Тасмағамбетовке қарағанда "саясаттан шаршадым, іске араласпаймын" деген емеурін білдіргеннен кейін, тараптар бір-бірін мазалай бермейік деп шешті.
Жусанның қайтуымен енді мемлекет 4 банк ұстап отыр. Олар: Bereke bank, Отбасы банк, Қазақстанның даму банкі, Jusan bank. Оған қоса еліміз Еуразия даму банкінің негізгі акционері. Мұны шектен шыққан мемлекеттік капитализм деп бағаласа болады.
Осы төртеудің ішінен мемлекетке шын мәнінде экономиканы кредиттеу үшін тек Қазақстанның даму банкі керек. Сондықтан Береке мен Жусанды тез арада сату тапсырмасы тұр. Отбасы банкті шыны керек, 5 жыл бойы сатып көрді, бірақ ешбір инвестор алмай қойды. Сондықтан мемлекет амалсыз өзінде қалдыруға мәжбүр.
Қазақстандағы қаржылық активтерді сатудың бір проблемасы - инвесторлар біздің салық саясатымыздан қорқады. Аудиторлардың халықаралық үлкен төрттігі (Big4: E&Y, PWC, KPMG, Deloitte) біздің ірі компанияларға әзірлеген аудиттелген қаржылық есептерде бұл мәселе мазақ қылғандай анық жазылады. Қазақстанның салық заңнамасының түсініксіздігі, күрделілігі және кез-келген уақытта өткен кезеңдер үшін қосымша салық сала салатын практикасы ешбір инвесторға жақпады. Бір сөзбен айтқанда, біз 30 жыл бойы өте қарапайым, түсінікті, тас болып қатып қалатын Салық Кодексін жасай алмадық.
Енді не болса да, банктерді сату керек.
"Ескі Қазақстанның" есіл ерлері туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇🏽

👍56👎19❤10👌4🔥2
⚡️ Тоқаев «қазақтандыру» процесін бастап кетті. Кремль «Ата жолынан» астар іздеуде…
Алдағы айдан бастап Жаңа Қазақстан қиырдағы қандастарға атажұртына емін-еркін келіп, еңбек етуге, кәсіп бастауға мүмкіндік беретін «Ата жолы» картасын үлестіре бастайды.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Кремль идеологтарының Тоқаев бастамасынан үрейі ұшып отыр.
Картаның саяси эффектісі жойқын боларынан сезіктенген Мәскеу «Ата жолына» қарсы провокацияларға қамданып жатыр. Оны Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов сынды «орыс әлемінің» пулындағы саясаттанушы/блогерлердің қолымен жүзеге асыратын болады. Затулин, Миронов секілді «шовинистер» де тақым қысып отыр.
Бұлар:
«Ата жолы» елдегі үш миллион орыстың азаматтық құқын шектейді. Оралмандар орыс тілінің өрісін тарылтады. Олар онсызда асқынып тұрған русофобияны өршіте түседі. Бағдарлама арқылы атажұртында бизнес бастайтын қандастар орыстілді аудиторияның жеп отырған нанына ортақтасады…» деген манипуляцияға барады.
«Қазақстанда тұратын 130 ұлтты қайда жібересіздер, «қазақтандыру» процесін астыртын жүргізіп Мәскеудің ашуына тимеңдер» деген мессежді Ақордаға жолдауға тырысады.
❗️ Тоқ етерін айтқанда, Кремль Жаңа Қазақстанның ұлттық мемлекет құруына қарсы. Титулды ұлттың саны көбейгені «орыс әлеміне» қауіп төндіретін фактор.
DALA INSIDE-қа жеткен тағы бір мәлімет бойынша қазақ билігі «Ата жолы» арқылы атамекеніне инвестиция құйғысы бар қазақтарды теріскей өңірлерге бағыттауға тырысады. Картаның мерзімі 10 жылға жарамды. Оған қолы жеткен қандастар елге емін еркін кіріп, Қазақстан азаматтығымен пара-пар құқыққа ие болады.
«Ата жолы» арқылы шеттегі қандастарды теріскейге тартып, потенциалды сепарларды изоляциялауға мүмкіндік аламыз. Шеттегі қазақтар солтүстік өңірге инвестиция құйса, оңтүстіктен құйылар көш те көлікті болады.

👍281❤24👏11🔥10🙏5🥰3
🕺 Супермаркеттерде, жанармай құю бекеттерінде, коммуналдық қызметтерге төленген қаражаттың 10% қалай кайтаруға болады?
Home Card Lite келесі санаттарға жоғары кэшбэк береді:
Супермаркеттер, жанармай құю бекеттері, коммуналдық қызметтерді төлеу: ашылғаннан кейінгі алғашқы 90 күн — 10%, содан кейін — 5%
Ойын-сауық саябақтары — маусым айында 10%. Бұл санат ай сайын дауыс беру арқылы өзгереді.
Сонымен қатар, картаға қызмет көрсету, шығару және жеткізу — тегін. Барлық аударымдар мен төлемдер комиссиясыз.
Егер сізде әлі де Home Card Lite картасы болмаса, картаны жаңа ашқан адамдарға банк Welcome bonus – 1000 Т ұсынады. Ол үшін 30 маусымға дейін Home Card Lite картасын ашып, карта ашылғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей 1000 теңгеден астам сомаға сауда жасау керек.
Бонус 7 күн жарамды, сондықтан оларды жұмсауды немесе картаға аударуды ұмытпаңыз, 1 бонус = 1 теңге. Акция бұрын банк өнімдерін пайдаланбаған жаңа клиенттерге арналған.
Картаны бөлімшеде, мобильді қосымшада немесе home.kz сайтында ашуға болады.
#pr

👍27❤9👏2
🇰🇿🇹🇷 Ұлықтау рәсіміндегі оғаш көрініс: Ердоған Тоқаевқа неге өкпелі?..
Түркия көшбасшысының ұлықтау рәсімінде Тоқаевтың Ердоғаннан оқшау отыруы Тұран одағының төңірегіне топтасқан қазақтардың ұнжырғасын түсіріп жіберді.
Ердоған сол қапталына Мирзияевті, оң жағына Әлиевті отырғызғаны белгілі. Жаңа Қазақстанның лидері бұл үштіктен шеткерірек орналасты.
Қазақтілді ортаға оғаш көрінген осы көрініс түрлі пыш-пыш әңгімеге түрткі болды. Соңғы аптада арнамыздың пошта жәшігіне түскен сауалдың дені осыған арналды.
Ердоған Тоқаевқа неге өкпелі? Кім кімді ренжітті? Сенім мен сыйластыққа не себепті сызат түсті? Тұран одағының болашағы бұлыңғыр тартты ма?..
DALA INSIDE мұның жауабын мәжілісмен Самат Нұртазадан сұрады.
«Мұныдипломатиялық мінез көрсету дейді. Яғни, өкпе-ренішті білдіру ғана. Мәселе Солтүстік Кипрден шыққан болуы керек. Ол арасы сол сәтке куә адамдарға анық аңғарылған сияқты...», - дейді депутат.
Ұлықтау рәсімінде Ердоған Әзірбайжан, Өзбекстан және Солтүстік Кипр басшыларын алдымен атады. Төртінші кезекте ғана Тоқаевқа тоқталды. Неге?..
«Себебі Түркияның желкесінде тұрған, бауырлас Солтүстік Кипр мемлекетін Қазақстан мойындамады. Тоқаев: «Бұл - БҰҰ жарғысына қайшы» тікесінен айтты. Ердоған соған бұртиған болар.
Әлбетте, ешкіммен қабақ шытпай, сыйластықта өмір сүрген жақсы. Бірақ, кез келген жағдайда Қазақстан мүддесі бірінші орында тұруы тиіс.
Егер біз Солтүстік Кипрді мойындасақ, оның арғы жағында «бізді де мойында» деп Қырым, Луганскі мен Донецкі, Косова мен Тайвань тулап шығады. Президенттің Петербордағы: «Косованы да, Қырымды да мойындамаймыз» деп меңзеген сөзі Солтүстік Кипрға қатысты өз жалғасын тапты», - дейді Нұртаза.
Депутат дәл тапқан диагноздың бірі: Түркия Қазақстанның проблемасын терең түсіне алмайды дегенге саяды.
«Түркия біз секілді Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатқан жоқ. Біздегі өмір өлшемі бөлек, жер аумағымыз үлкен. Тоқаевтың тұсында қандай жағдайда болмасын өз мүддемізді алға қоятын психология қалыптастырып жатырмыз.
Бейжің көсемі елге келгенде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын қолдаймыз» дей келе, өзіне қатысты тура осындай қарым-қатынасты талап ететінін меңзеген еді. Бұл арадағы жағдай да соған ұқсас. Солтүстік Кипрді мойындап, басымызға бәле тілеп алар жайымыз жоқ. Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ!
Кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығын мойындаймыз, сыйлаймыз, қолдаймыз әрі осындай қарым-қатынасты өзімізге қатысты да талап етеміз. Тоқаевтың ұстанымы осындай», - дейді депутат.
Мәжілісмен Тұран одағы төңірегіндегі әңгімелерді иллюзияға балап отыр. Оның әскери ұйымға айналуы екіталай.
«Геосаяси аухалға шынайы көзбен қарау керекпіз. Түркияның тұрған жері бір басқа, біздің орналасу ерекшелігіміз бір басқа. Анкараның өзі НАТО-ға мүше. Одақ құрылған күнде ЕАЭО секілді экономикалық-мәдени-рухани байланыстарға негізделеді деп ойлаймын», - дейді депутат Нұртаза.
Айта кетелік, түрік көсемі бұған дейін Украинаның Донецкі мен Луганскі облыстарын тәуелсіз деп таныған Кремльдің шешімін сынға алған еді.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Түркия көшбасшысының ұлықтау рәсімінде Тоқаевтың Ердоғаннан оқшау отыруы Тұран одағының төңірегіне топтасқан қазақтардың ұнжырғасын түсіріп жіберді.
Ердоған сол қапталына Мирзияевті, оң жағына Әлиевті отырғызғаны белгілі. Жаңа Қазақстанның лидері бұл үштіктен шеткерірек орналасты.
Қазақтілді ортаға оғаш көрінген осы көрініс түрлі пыш-пыш әңгімеге түрткі болды. Соңғы аптада арнамыздың пошта жәшігіне түскен сауалдың дені осыған арналды.
Ердоған Тоқаевқа неге өкпелі? Кім кімді ренжітті? Сенім мен сыйластыққа не себепті сызат түсті? Тұран одағының болашағы бұлыңғыр тартты ма?..
DALA INSIDE мұның жауабын мәжілісмен Самат Нұртазадан сұрады.
«Мұны
Ұлықтау рәсімінде Ердоған Әзірбайжан, Өзбекстан және Солтүстік Кипр басшыларын алдымен атады. Төртінші кезекте ғана Тоқаевқа тоқталды. Неге?..
«Себебі Түркияның желкесінде тұрған, бауырлас Солтүстік Кипр мемлекетін Қазақстан мойындамады. Тоқаев: «Бұл - БҰҰ жарғысына қайшы» тікесінен айтты. Ердоған соған бұртиған болар.
Әлбетте, ешкіммен қабақ шытпай, сыйластықта өмір сүрген жақсы. Бірақ, кез келген жағдайда Қазақстан мүддесі бірінші орында тұруы тиіс.
Егер біз Солтүстік Кипрді мойындасақ, оның арғы жағында «бізді де мойында» деп Қырым, Луганскі мен Донецкі, Косова мен Тайвань тулап шығады. Президенттің Петербордағы: «Косованы да, Қырымды да мойындамаймыз» деп меңзеген сөзі Солтүстік Кипрға қатысты өз жалғасын тапты», - дейді Нұртаза.
Депутат дәл тапқан диагноздың бірі: Түркия Қазақстанның проблемасын терең түсіне алмайды дегенге саяды.
«Түркия біз секілді Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатқан жоқ. Біздегі өмір өлшемі бөлек, жер аумағымыз үлкен. Тоқаевтың тұсында қандай жағдайда болмасын өз мүддемізді алға қоятын психология қалыптастырып жатырмыз.
Бейжің көсемі елге келгенде «Қазақстанның аумақтық тұтастығын қолдаймыз» дей келе, өзіне қатысты тура осындай қарым-қатынасты талап ететінін меңзеген еді. Бұл арадағы жағдай да соған ұқсас. Солтүстік Кипрді мойындап, басымызға бәле тілеп алар жайымыз жоқ. Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ!
Кез келген мемлекеттің территориялық тұтастығын мойындаймыз, сыйлаймыз, қолдаймыз әрі осындай қарым-қатынасты өзімізге қатысты да талап етеміз. Тоқаевтың ұстанымы осындай», - дейді депутат.
Мәжілісмен Тұран одағы төңірегіндегі әңгімелерді иллюзияға балап отыр. Оның әскери ұйымға айналуы екіталай.
«Геосаяси аухалға шынайы көзбен қарау керекпіз. Түркияның тұрған жері бір басқа, біздің орналасу ерекшелігіміз бір басқа. Анкараның өзі НАТО-ға мүше. Одақ құрылған күнде ЕАЭО секілді экономикалық-мәдени-рухани байланыстарға негізделеді деп ойлаймын», - дейді депутат Нұртаза.
Айта кетелік, түрік көсемі бұған дейін Украинаның Донецкі мен Луганскі облыстарын тәуелсіз деп таныған Кремльдің шешімін сынға алған еді.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍137❤15👏8👎5🔥4😁4🙏2
⚡️ Ол Путиннің шапқыншылығын қолдайды! Ресейлік медиа маман Қазақстанда лауазымды қызметке тағайындалды...
Белгілі PR маман, әріптесіміз Назым Жанғазы ресейлік МузТВ арнасының экс-директоры Арман Дәулетияровтың қазақстандық теленарыққа кіруіне қарсы шықты.
Дәулетияров күні кеше Президент телерадиокешені төрағасының кеңесшісі боп тағайындалған.
«Бұл өте-мөте қауіпті үрдіс! Ол 🇷🇺 Ресей азаматы. Президент ТРК-сы Тоқаевтың қызметін ел-жұртқа жеткізетін негізгі құрал. Мұндай ортада өз азаматтарымыз тер төгуі тиіс. Телеарна контентін төңірегіне қазақстандық көзқараспен қарайтын азаматтар әзірлеуі қажет.
Дәулетияров? Ол шоу-бизнес өкілі. Елдегі саяси әлеуметтік-ахуалдан мақұрым. Өмірбақи ырду-дырдудың ортасында жүрген адамның мемдеңгейдегі жоба әзірлеуге өресі жете ме?! Президент қызметін насихаттау, Ақорданың ақпаратын таратуды Арман секілді адамдарға табыстауға болмайды…», - дейді ол.
Жанғазының пікірінше телеарна басшылығы өрескел қателік жіберген, кадр саясатына мұншалықты салдыр-cалақ қарауға болмайды.
❗️ "Ең сорақысы, Дәулетияров "орыс әлемінің" белсенді өкілі. Ол Путиннің шапқыншылығын жақтап, Украинаны басып жаныштауға қолдау білдірген. Оның бір жылғы бұрынғы сұхбатын шолып шыққан болсаңыз, осы айтқаныма көзіңіз жетеді.
Киевті үш күнде жаулап алуды көксеген🔫 Кремльдің ойы іске аспай, санкциялар буындыра бастаған тұста Арман бастаған "путинистер" Қазақстанға безді. Осы арада: "егер Ресей Украинаны жаулап алса, Дәулетияров Қазақстанға қайтып келер ма еді?" деген орынды сауал туындайды. Әй, қайдам! Аттап баспас еді. Сондықтан да оның қазіргі образына алданып қалмаңыздар…», - дейді Назым Жанғазы.
Оның пайымдауынша, Арман Дәулетияров МузТВ-ны басқарған тұста көрші елдерге Ресей саясатын ұлықтайтын пропагандамен айналысқан.
DALA INSIDE бұған қатысты петиция ұйымдастыруды көздеп отыр.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Белгілі PR маман, әріптесіміз Назым Жанғазы ресейлік МузТВ арнасының экс-директоры Арман Дәулетияровтың қазақстандық теленарыққа кіруіне қарсы шықты.
Дәулетияров күні кеше Президент телерадиокешені төрағасының кеңесшісі боп тағайындалған.
«Бұл өте-мөте қауіпті үрдіс! Ол 🇷🇺 Ресей азаматы. Президент ТРК-сы Тоқаевтың қызметін ел-жұртқа жеткізетін негізгі құрал. Мұндай ортада өз азаматтарымыз тер төгуі тиіс. Телеарна контентін төңірегіне қазақстандық көзқараспен қарайтын азаматтар әзірлеуі қажет.
Дәулетияров? Ол шоу-бизнес өкілі. Елдегі саяси әлеуметтік-ахуалдан мақұрым. Өмірбақи ырду-дырдудың ортасында жүрген адамның мемдеңгейдегі жоба әзірлеуге өресі жете ме?! Президент қызметін насихаттау, Ақорданың ақпаратын таратуды Арман секілді адамдарға табыстауға болмайды…», - дейді ол.
Жанғазының пікірінше телеарна басшылығы өрескел қателік жіберген, кадр саясатына мұншалықты салдыр-cалақ қарауға болмайды.
❗️ "Ең сорақысы, Дәулетияров "орыс әлемінің" белсенді өкілі. Ол Путиннің шапқыншылығын жақтап, Украинаны басып жаныштауға қолдау білдірген. Оның бір жылғы бұрынғы сұхбатын шолып шыққан болсаңыз, осы айтқаныма көзіңіз жетеді.
Киевті үш күнде жаулап алуды көксеген
Оның пайымдауынша, Арман Дәулетияров МузТВ-ны басқарған тұста көрші елдерге Ресей саясатын ұлықтайтын пропагандамен айналысқан.
DALA INSIDE бұған қатысты петиция ұйымдастыруды көздеп отыр.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍197😱38👎13❤9🤝3🔥2