DALA INSIDE
12K subscribers
399 photos
126 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
☀️🏭 Жел мен күн қуаты өндіріске жетпейді. Декарбонизация жағдайында өндіріске АЭС керек

Металлургия институтының инженері Ермек Қожамсүгіров Қазақстанға АЭС-тің не үшін керек екенін түсіндірді.

"Декарбонизация бойынша еліміз Париж келісіміне қол қойса да, әзірге көміртегіден құтылу оңайға соқпайды. Шын мәнінде, көмір жағатын ЖЭО-да да жұмыс істейтін инженер АЭС-те де істей алады. Екеуінде де бір генератор. Бір айырмашылығы, ЖЭО-да көмір, ал реакторда изотопты уран болады.

Бізде күн, жел балама энергия көзін дамыту қолға алынған. Бірақ оның жағымды және жағымсыз тұсы бар. Бізде үнемі жел тұрмайды. Төрт мезгілдің ауа райы да басқа. Сондықтан да жел генераторы тұрақты энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Тура осы мәселе күн генераторына да қатысты. Қазақстанда наурыз айынан тамыз айына дейін орташа есеппен 12 сағат күн жарқырап тұруы мүмкін. Ал одан кейін күн көзі көп шыға қоймайды. Сондықтан мұның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Жаз кезінде күн панелдері 15-30 градусқа дейін істейді. Оның үстіне Қазақстан аумағында күн радиациясы жоғары. Бұл күн панелін құртуға әкеп соғады. Күн және жел балама энергия көзінің қауқары мен күші ауқымды өндіріс ошақтарына жетпейді. Мұны тек шалғайда жатқан елді мекендердегі мал және ауыл шаруашылығымен айналысатын қожалықтарға пайдалануға болады. Мұздатқышты қосуға, телефон қуаттауға күші жетеді. Ал машина жасау, металлургия зауыттары үшін АЭС салу қажет", - дейді, инженер.

Мысалы, бір Оңтүстік Кореяның өзінде 26 атом реакторы жұмыс істейді. Олар тұрақты, кепілдендірілген, арзан энергия көзінің арқасында дамып келеді. Ал АҚШ-та 142 атом реакторы, Жапонияда 52 атом реакторы бар. Сол сияқты Франция электр энергиясының 80 пайыздан астамын АЭС арқылы қамтамасыз етіп отыр. Әлемнің дамыған елдері, әйгілі G7, G8-ге кіретін мемлекеттерде атом энергетикасы айтарлықтай жоғары деңгейде дамыған. Неге десеңіз, атом энергетикасы мемлекеттің экономикалық дамуының локомотиві.

https://dalainside.kz/05/manyzdy/16/2023/984/
👍694👎3😢2🔥1
⚽️Ман Сити  vs Реал Мадрид матчында 10 000₸ дейін қайтару мүмкіндігі

🔥 Манчестер Сити мен Реал Мадрид кездесуі өздігінше жыл ойыны болды. Ағылшындар соңғы жылдардағы әлемнің ең үздік клубы болса, испандықтар - Чемпиондар лигасының жеңімпазы. Бұл матч күтпеген сәттерге толы болмақ!

🔵 Арнайы осы матчқа орай «Тәуекелсіз ұтыс тігу» акциясы ұйымдастырылды, оның аясында кез келген адам өзінің сүйікті командасының жеңісіне ұтыс тіге алады. Ал егер болжам сәтсіз болса, 1XBET фрибет түрінде 10 000 теңгеге дейін қайтарады. Спорт эмоцияларының бас демеушісімен бірге фаворитіңізді қолдаңыз

Толық ақпарат сілтемеде

Барлық оқиғалардан, сондай-ақ супержүлделер мен фрибеттерден хабардар болыңыз

#pr
😢17👍9
⚡️ Росатомның араны ашылып барады: Ресейлік монополист Қазақстанның стратегиялық нысанын сатып алды

«Қазатомпромға» қарасты уранға бөгіп жатқан «Буденов» кеніші ресейліктердің қарамағына өтті. «Росатом» бұдан былай кеніштің 49 пайыз акциясына иелік етеді.

Ең қызығы, «Қазатомпромның» бұрынғы басшылығы: бас директор Ғалымжан Пірматов, басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов, бас операциялық директор Асылан Бөлекбай және басқа да топ-менеджерлер «Буденновты» ресейлік монополиске сатуға қарсы болған.

Себеп: құпия, астыртын жасалған келісімнің мән-жайы белгілі болса, таяқтың бір ұшы өздеріне тиеді деп алаңдаса керек. Ресейлік монополисмен келіссөздер жабық есік жағдайында жүрген.

Пірматов бастаған топ-менеджерлер компанияда ұзақ аялдауды жөн көрмей, бірінің артынан бірі кете бастаған. «Жаңа Қазақстан үшін стратегиялық нысанды саудаға салуда «Самұрық Қазына» белсенділік танытты», – деп жазады осы тұста Блумберг.

«Росатомның» Түркістан облысындағы «Буденов» уран кенішін айналсоқтап жүргеніне талай жыл болды. Ресейліктердің «доляға» кіргісі келетін дәмесі барын Dalainside бұған дейін егжей-тегжейлі жазған еді.

«Қазатомпром»? Компанияның былтырғы жылғы есебінде осынау құнды активтің ресейліктердің иелегіне өткені елеусіз ғана айтылған. Соған қарағанда компания басшылығы мұның соңы айғай-шуға ұласарын күні бұрын сезсе керек.

DALA INSIDE -қа жеткен мәлімет бойынша «Росатом» «Самұрық Қазынаға» 1,6 млрд доллар санап берген. Келісімді «Газпром» қаржыландырған. Ресейліктер 2045 жылға дейін кеніштің қызығын көрмек. Кеніштегі барланған уран қоры 250 мың тоннадан асып жығылады.

Ресейлік монополист «Буденовке» бұдан бұрын ауыз салған. 2009 жылы «Росатом» кеніштің 4 учаскесін сатып алады. Ал күні кешегі келісімге сай №5, 6 және 7-ші учаскелердің қойнауындағы уранды «Қазатоммен» бірлесіп өндіреді. Былайша айтқанда, «Буденов» басыбайлы Ресейдің қарамағына өтті деуге негіз бар.

Жаңа Қазақстан осылайша ресейлік алпауыт компанияның әлемдік уран нарығындағы позициясын нығайта түсуге өз үлесін қосты.

❗️ Жәкішев кеткелі «Қазатомнан» мән кеткендей. Компания соңғы жылдары өзінің иелігінде уран кеніштерін жаппай саудалауда. Ұлттық компания былтыр тағы сол Түркістанда орналасқан «Орталық» кәсіпорнындағы 49 пайыз акциясын China General Nuclear Power корпорациясына сатқан. Келіссөз құны 435 млн доллар деп хабарланған еді.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👎134😱53👍18😢156🔥4😁4
🇰🇿🇪🇺 Жаңа Қазақстанның Брюссель жорығы: Нұртілеу сапары сәтті болды ма?

Еуроодақтың аға дипломаты Жозеп Бөрелмен жүздескен Сыртқы істер министрі Жаңа Қазақстанның санкцияны айналып өтуге жол бермейтінін, әлгіндей әңгіме шыққалы шекараны тарс жапқанын, бұдан былай Ресейге тасымалданатын кір жуғыштардың саны күрт төмендерін айтып, өз атынан кепілдік берген.

Кір жуғыштарды тілге тиек еткеніміз тегін емес. Соғысқа дейін: 2021 жылы Қазақстаннан Ресейге бірде бір «стиралкі» жөнелтілмеген. Былтыр бұл көрсеткіш 100 мыңнан асып жығылған!

Мұны Бөрел мырза білмейді емес, біледі. Нұртілеумен ауыр әңгіме өрбіткен Батыс дипломаты санкцияның 11-ші пакеті Қазақстанды да шарпып өтуі мүмкін деген қаупін жеткізген. Брюсселдің эмбаргасын айналып өтуге «атсалысып» келгенімізді растайтын айғақ барын айтқан.

Нұртілеудің Брюссель сапары Бөрелмен ғана шектелген жоқ. Қазақ дипломаты Батыстағы басқа да беделді тұлғалармен жабық есік жағдайында жүздесіп, Тоқаевтың тұсындағы оң өзгерістер туралы есеп берген. Ақорданың Украинаның аумақтық тұтастығына құрметпен қарайтынын кезекті рет еске салған.

Біздің де "көзіріміз" бар. Ол қазба байлық. Қытай мен Ресейден қол үзген Еуроодақ Қазақстанның қойнауындағы 30 түрлі құнды шикізаттың Батыс нарығына тасымалдануына мүдделі.

Соның ішінде: бериллий, тантал, ниобий секілді аэроғарыш, электроника өндірісіне ауадай қажет сирек металдар бар.

DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша Нұртілеу мен Батыс дипломаттары Еуроодақ өкілдері мен Қазақстан билігінің арасында жедел ақпарат алмасатын байланыс каналын құруға уағдаласқан. СІМ басшысы Батыс санкциялары енді енді еңсе тіктей бастаған елді есеңгіретіп кетерін ескерткен.

Ресейдің түбіне жететін 11 пакеттің қарсаңында Брюсселдегі бюрократтармен тіл табысып қайтқан Нұртілеу «осы жолғы санкция Қазақстанды да қамтиды» деген қауіптің алдын алғандай.

🇷🇺 Ал, Мәскеу ше?

Ресейде: "Астана Батыстың лагеріне өтті..." деген пікір белең алып тұр. СІМ басшының сапарынан кейін бұған біржола бекіген Кремль алдағы уақытта "Қазақстанды сабасына түсіру" операциясын қолға алмақ.

"Ресейден алшақтаудың соңы санкцияға қарағанда әлдеқайда ауыр зардапқа алып келерін ескертеміз. Батыс Орта Азияға тұмсық тығуын доғармаса контршара қабылдауға тура келеді», - дейді осы тұста Лавровтың орынбасары Михаил Галузин.

Контршара? Демек, бізді провокацияның жаңа порциясы күтіп тұр.

Бұл жайлы алдағы уақытта айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍95🔥1211👌4👎1🙏1🤝1
🏦 "Береке банкте" береке болмай тұр. "Бәйтерек" проблемалық портфелді сатуға қойды...

Аргумент: "Бәйтерек" холдингіне Береке банкті "асырау" ауыр соққан сыңайлы.

Путиннің авантюрасынан алдымен Сбербанк зардап шекті. Санкция салдарынан есеп-қисап жасасу мүмкіндігінен айырылған ресейлік банк Қазақстандағы еншілес ұйымды сатып тынған еді.

"Береке" енді "Бәйтерекке" де керек болмай қалды...

Сбербанктен мұраға қалған құрылымды санкция құрсауынан шығару үшін "Бәйтерек" біраз тер төкті. Бұған холдингтің сапындағы шетелдік топ-менеджерлер үлес қосты деп топшылауға болады.

"Берекені" реприватизация жасауға шешім қабылдаған холдинг қаржы институтының 100 пайыз акциясына иелік етеді.

"Бәйтерек" банктің бабын білетін халықаралық деңгейдегі қалталы, қауқарлы инвестор іздеуде. Осы арада бір нюанс бар:

Dalainside-қа пікір білдірген сенімді дереккөз: түп-тұқияны Ресейден тарайтын банкке "құда түсушілер" жоқтың қасы деп отыр. Батыс акционерлері Сбербанктің шекпенінен шыққан құрылымның қожайыны атанып репутациясына дақ түсіргісі келмейді. Катарлық кәсіпкерлер де "Берекеден" бәлендей потенциал көріп тұрған жоқ.

Жаңа Қазақстан қытайлық инвесторларға қолқа салуы мүмкін. Бірақ олардың да мұндай авантюраға араласа қоюы екіталай.

"Бәйтеректің" банкті сату туралы шұғыл шешім шығарғаны да түрлі ойға жетелейді.

❗️ Санкцияға ұрынбау үшін Брюссельге сапар шеккен Смайылов үкіметі соңынан сөз ерген құрылымнан біржолата құтылу туралы ұйғарымға келгендей. Бастауын Ресейден алатын банкті жекенің қолына табыстай отырып, санкция тәуекелін төмендетуге болады.

Біздегі ақпарат бойынша "Береке банк" холдингтің қалтасына салмақ салып отыр. Салдарынан "Бәйтеректің" маневр жасайтын мүмкіндігі шектеліп, банктен өзге маңызды жобалары тұралап қалған.

"Берекені" кім алады? "Береке" кімге керек? Банктен арылуды көздеген холдинг басшылығы үшін бұл сауалдың басы ашық.

"Бәйтерек" демекші, ұлттық компания жыл басында Батыстың үш бірдей ТОП-менеджерін жұмысқа шақырған.

Холдинг басшысы Қанат Шарлапаев неміс - Манфред Грундке, америкалық Дэниел Уитт және француз қаржыгері Мари-Элен Берарды аттай қалап алдырған. Бұлардан келіп-кетер пайда бар ма? 🧐

DALA INSIDE бұл жайлы арнайы зерттеу жүргізуде. Арнамызды бақылап отырыңыз 👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍54😁13👎3👏32🔥2🙏2😱1
🎤 «Жас қанат -2023» байқауының форматы өзгерді

Бұрын «Жас қанат» үш күн бойы «минус 1» фонограммасымен өтетін. Енді олай емес.

Биыл жас таланттар әр сайыс күні әртүрлі музыкалық сүйемелдеумен өнер көрсетеді деген шешім қабылданды. Байқаудың бірінші күні олар өз әндерін Александр Беляков жетекшілік ететін эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шырқайды. Екінші күні «минус 1» фонограммасымен өнер көрсетеді. Ал үшінші күні оларды гитарист, аранжировкашы, композитор, музыкалық продюсер және дирижер Илья Башкатов басқаратын, құрамында 6 инструменталшы, 4 үрмелі аспапшы және 3 бэк-вокалист бар бэнд сүйемелдейтін болады.

Байқауда алғаш рет Гран-при тағайындалды. Бұған дейін «Жас Қанатта» небәрі 3 жүлделі орын болған. Енді «Азия дауысы» фестивалі мен «Жас қанат» байқауының негізін салушылар - Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев атындағы Гран-при пайда болды.

DALA INSIDE - «Жас қанат - 2023» байқауының ресми ақпараттық серіктесі! Бізден жаңалық күтіңіздер!

#pr
👍526👎3
👋🏭 Россотрудничество Қазақстан уранындағы Ресей ізін жасырмақ

Россотрудничествоға барлық мүмкін тетіктер арқылы, Росатомның қазақ уранының жартысын қолына түсіруіне байланысты негативті жуып шаюға тапсырма берілді. Кремльге бағынатын, Қазақстанда жұмыс істейтін Sputnik.kz, Zakon.kz ақпарттық порталдары Ресейдің урандағы үлесін азайтып көрсететін ақпараттар тарата бастады. Жақын арада Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов сынды Россотрудничество пулындағы саясаттанушы/блогерлердің материалдары да жарық көрмек. Онда қазақ уранын Ресей өндірсе, онда тұрған ештеңе жоқ деген месседждер айтылатын болады. Бірақ Россотрудничество үлкен проблемаға тап болуда - оның қазақтілді аудиторияға сөзі өтетін тұлғасы болмай тұр. Тек оппозицияның бір жас өкілімен келісімге келгендей болған. Бірақ ол тек Ресейдің Қытайға қарсы астыртын ақпараттық ойындарына ғана көмектесе алатынын білдіріп отыр.

Росатом Қазақстандағы ең ірі уран запастары жатыр деп болжанған "Буденовское" кен орнының жартысын өз бақылауына алған болатын. Осы стратегиялық жүрістен кейін, 2-3 жыл айналасында қазақ жеріндегі уран өндірісі бойынша Ресей Қазатомпроммен теңеседі, ал 5-7 жылда, егер басқа ойыншылардың үлесін астыртын сатып ала бастаса, тіпті бізден артық өндіре бастауы мүмкін.

Росатом "Буденовское" кенішінің 49 пайызына иелік ететін Степногорск тау-химия комбинатын (СТХК) Яков Клебанов пен Василий Анисимовтан сатып алды. @NRG_monitor дерегі бойынша, салықтарды есептегенде мәміле құны 1,6 миллиард долларды құраған. Росатом үшін бұл тамаша келісім. Ал Қазақстанға одан еш пайда түспеді. Клебановтар кезінде осы комбинатты Кәрім Мәсімовтың көмегімен арзанға алған еді. Бұл жердегі басты сұрақ, неге қолында басым опционы бар Қазатомпромға осы акцияларды сатып алуға мүмкіндік берілмеді?

Росатомның СТХҚ-ны сатып алуын дайындайтын қимылдар басталғанда, Қазатомпромның көптеген топ-менеджерлері қарсылық білдіріп, жұмыстан кете бастаған болатын. Олар бұл былыққа араласқысы келмеді. Ал Қазатомпромның акционері бұл мәселеде белден басып жіберді. Бірақ "Самұрық-Қазынаның" да оны өздігінен шешпегені, түпкі шешімнің сол жағалаудағы ең үлкен кабинетте немесе Кремльде қабылданғаны анық. Ең қызығы, біз стратегиялық уран запасымызды олардың қолына ұстата салуымыз үшін, Ресей бізге қандай уәде берді? Бұған жауап жоқ.

Бас Прокуратура өзі үшін бұл мәселені қарындаштың ұшына түртіп қойды, дейді DALA INSIDE дереккөзі. Қазір болмаса да, 7-8 жылдан кейін үлкен қылмыстық істер қозғалатыны анық. Жауапты тұлғалар істі болар, дүркіреп сот процестері өтер. Бірақ Қазақстан қолын кеш сермеп қалмай ма?

5 жылдан кейін жаппай электромобильдерге өтетінімізді айқын болжауға болады. Такси, көлік, автобус, комбайн, эксковатор, бәрі тоқпен істеп, жаңа типті батареяларға ауысамыз. Сол кезде бензин/дизель құнсызданып, электр тұтынуымыз қарыштап артпақ. Сонда уранның болашақтың отыны болатыны сөзсіз. Ертең алтынға бағаланатын дүниені қазір бақырға, су тегінге беріп отырған қылығымыз еш логикаға сай келмейді.

Ресей СТХҚ-ны сатып алғанымен, ол жерге әлі қанатын жайып, орнығып үлгермеді. Сондықтан қазақ қоғамындағы осы сұраққа қатысты толқулардан қорқады. Себебі, жер мәселесі сияқты халық көтерілсе, Қазақстандағы құзырлы орган келісімді заңсыз деп тауып, комбинатты мемлекет меншігіне қайтарып алуы мүмкін. Сол себепті Россотрудничество оппозиционерлердің тамырын баса бастады. Росатом да қазақ аудиториясымен жұмыс істеуге бюджет бөлуді ойластырып отыр.

Росатомның Россотрудничествомен ортақ жобасы туралы алдағы уақытта айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
👍142😱25😢159👎8🔥5😁1🙏1
🇷🇺🤜🇰🇿 Уран аферасы. Қазақстанды Ресейдің вассалы қылу операциясы қалай жүзеге асты?

Қазақстанда орналасқан, әлемдегі ең үлкен уран кеніші "Буденовское" активінің Ресей олигархы Анисимовқа қалай өткенін Арманжан Байтасовқа сұхбат берген Мұхтар Жәкішев айтып берді. Ол кезде Жәкішев "Қазатомпром" ұлттық уран операторының басшысы болғаны есімізде.

Назарбаев пен Путин біздегі уран рудниктеріне бірлескен кәсіпорындар ашып, әр кәсіпорын акциясының тең жартысын Ресейге, яғни "Росатомға" беру бойынша келіседі. Ресей есесіне өзіндегі уран байытатын комбинат (АО "ЦОУ") акцияларының тең жартысын Қазатомпромға беруі тиіс. Қазатомпром жоспары бойынша, олар уран өндіріп, оны ЦОУ-да байытып, сосын Өскеменге апарып, дайын таблетка жасап, АЭС-терге сататын болады.

Рудниктер акцияларының жартысын Росатомға беріп жатқан кезде, Ресей жағы бір рудниктің үлесін Росатомға емес, олигарх Анисимовқа беруді сұрайды. Яғни, олар өз коррупциялық схемаларын жүзеге асырған. Қазақстанға бәрібір болғандықтан, Анисимовке бере салады.

Қызық әлі алда. Енді Жәкішевтен кейін Қазатомпромды, одан кейін тағы 2 жыл ҚР Энергетика министрлігін басқарған Владимир Школьниктің Қазақстанға опасыздық жасағанын айқын көре аламыз. Біз ірі рудниктеріміздің тең жартысын Ресейге беріп, есесіне "ЦОУ" уран байыту орталығының жарты үлесін алдық қой. Сол Қазатомпромның үлесін 2020 жылы біздің тарап Ресейге 100 миллион доллар үшін қайтарып бере салған. Өздеріне тек 1% акция ғана қалдырған.

Сонда Анисимов бізден алған бір рудниктің тең жарты үлесін Росатомға 1,2 миллиард долларға сатты. Ал Қазатомпром ең ірі 5-6 рудниктің жарты үлесін Ресейге беріп, соның есесіне уран байыту орталығының жарты үлесін алды да, оны күлкілі баға - 100 миллион долларға қайтып бере салды. Мұны қалай атауға болады?

Владимир Школьник өзінің Қазақстандағы басты миссиясын - уран бойынша бізді Ресейге толық тәуелді қылу арманын орындап кетті. Миссиясы аяқталғаннан кейін ол Қазақстаннан кетіп, өзінің жүрегіндегі нағыз отаны - Ресейге қоныс аударды.

Қазақстанды бөлшектеп сатқандар туралы алдағы уақытта әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
😱140👍49🔥3211👏6😁2👎1
⚡️ Еуразиялық одақ саясиланбайды. Тоқаевтың негізгі ұстанымы осы!

Президенттің баспасөз хатшысы Мемлекет басшысының Мәскеу сапарын түйіндеді.

"Еуразиялық одақ? Интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – Президенттің негізгі ұстанымы.

Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді...", - дейді Руслан Желдібай.

Толығырақ ➡️ https://dalanews.kz/bas-takyryp/89737-euraziialyq-odaq-saiasilanbaydy-toqae
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍88🔥15😁12👏43🤝2👎1
🔥Қытай орыстың газынан бас тартты. Мишустин сапары сәтсіздікке ұшырады

Кремль Украинаға соғыс ашып, Батыспен жүз шайысқалы бері өзінің отын энергетикалық ресурстарын Қытайға экспорттайтынын айтып, «Сила Сибири-2» газ құбырын салу турасында мәселе көтеріп келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды. Бұл үшін бірінші кезекте Қытайдың қолдауы керек. Әзірше ресми Бейжің Ресейдің позициясын қолдаған жоқ.

Reuters агенттігінің таратқан ақпаратына сенсек, бүгінде Қытай Ресейден гөрі Түркіменстаннан газ құбырын тартуға ықыласы ауып отыр.

7 жылдан бері Ресей Қытайға қарай «Силу Сибири-2» газ құбырын тартып, жылына қосымша 50 млрд текше метр көгілдір отынды экспорттауды көздеген болатын.

Бірақ өңірдегі саяси ахуалды басшылыққа алған Қытай Ресейдің арзан газынан бас тартып, өздеріне қажетті көгілдір отынның қомақты бөлігін Түркіменстаннан тасымалдауды жөн деп тапты.

Қытай Түркімен газы 30%-ға қымбат болса да, осы бағытты таңдады. Алдағы уақытта түркімендер «Line D» газ құбыры арқылы Қытайға жыл сайын тағы да 30 млрд текше метр газ экспорттайтын мүмкіндікке ие болады.

Осылайша Қытай «Силу Сибири-2» газ құбырының құрылысын тағы да белгісіз мерзімге шегерді.

🕶– Дәл қазір Қытай Орталық Азия аумағында энергетикалық инфрақұырылымдарға инвестиция салуды оң шешім деп қабылдайды. Өйткені, Орталық Азияның энергетикалық желілерін дамыту ісі Қытай үшін стратегиялық маңызды мәселе болып тұр. Бұл жерде коммерциялық тұрғыдан пайымдау қателік болады, – дейді Reuters агенттігіне пікір білдірген белгісіз қытайлық шенеунік.

Таяуда Financial Times басылымы да «Сила Сибири-2» газ құбырын тартуға қатысты келісімдерді кейінге қалдырғанын жазған болатын.

Ал осыдан біршама уақыт бұрын Қытайға ресми сапармен барған Ресей премьер-министрі Михаила Мишустин де бұл істі тездетуге күш салғанымен, оның әрекетінен түк шықпады. Қытай қазір Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қалай аяқталатынын күтіп, аңысын аңдуда.

Бүгінде Қытай сырттан қомақты газ сатып алатын дүниежүзіндегі үш елдің бірі. Олар өздеріне қажетті көгілдір отынды газ құбыры арқылы Ресей, Мьянма және Орталық Азия (негізінен Түркіменстан) елдерінен тасымалдауда. 2022 жылы Қытай газ құбырлары арқылы 45, 8 млн тонна көгілдір отын тасымалдаған. Бұл Қытайдың тұтынатын жалпы газының 17%-ын ғана құрайды.

Сонымен қатар Қытай өткен жылы 63, 4 млн тонна сұйытылған газды да өзге елдерден сатып алды. Бұдан сұйытылған газ Қытайдың сұрынысын 41%-ға қанағаттандырып отырғанын байқаймыз.

Қазір Қытайға айналасындағы елдерден газ құбыры арқылы көгілдір отынды тасымалдау аса тиімді болып тұр. Сол себепті жақын уақытта Қытай өзіне қажетті газдың 20%-ын газ құбырлары арқылы тасымалдауға күш салады.

Қытай 2014 жылы «Line D» газ құбырын салуды ойға алғанда оның құны 6,7 млрд долларға бағалған болатын. Күні кеше ғана Сианьда өткен «Орталық Азия және Қытай» форумында төраға Си Цзиньпин Орталық Азиядағы Қытайға тартылған төртінші газ құбырын тездетіп салуға пәрмен бергені белгілі.

Өткені жылы Қытайдың Түркіменстаннан экспорттағангазы 35 млрд текше метрді құраған болатын. Ал дәл осы уақытта Ресейден тасымалдаған газдың көлемі 16 млрд текше метрге (4 млрд доллар) жеткен-ді.

Егер «Line D» газ құбыры салынатын болса, Қытайға негізгі газ экспорттаушы ел Түркіменстан болады. Ал бұл жайт Ресейдің арқасына аязадай бататына айтпасақ та түсінікті.
👍161🔥118👏8😱3👎1🙏1👌1
⚡️ Жәкішов, Байтасов, Сәтпаев. Кремль Қазақстанның либералды өкілдеріне соғыс ашты...

Мәскеу қазақстандық медиа кеңістіктегі танымал орыстілді тұлғаларды қаралау операциясын әзірлеу үстінде.

DALA INSIDE-қа жеткен ақпарат бойынша Кремль осы күнге дейін «орыс әлемінің» өкілдерімен дәм-тұзы жарасып келген медиа-магнат Арманжан Байтасовқа кектеніп алған. Күні кеше 🇷🇺 Роскомнадзордың пәрменімен Арманжанға тиесілі Arbat-media агенттігінің Ресей аумағында ақпарат таратуына шектеу қойылды. Аргумент: агенттік Ресей агрессиясын айыптаған. Соғысқа қатысты Мәскеудің саясатына қайшы мәлімет таратқан.

Байтасов мұны ауыр қабылдады. Себеп: Arbat-media-ны оқитын аудиторияның 40 пайызы ресейлік оқырмандар.

Алайда Кремль идеологтары үшін бұл жеңіл жаза. Арекеңнің You-tube арнасында төбе көрсеткен – Алексей Арестович, Агиль Рустамзаде, Аббас Галямов сынды Ресейдің антиподтары Қазақстандағы орыс пропагандасының түндігін түрген.

❗️ Таяу күндері Байтасов бастаған Қазақстанның батысшыл, либералды өкілдеріне қарсы арам, лас ақпараттар тарай бастайды. Оның алғашқы белгілері байқала бастады.

Пропагандист Маргарита Симонянмен аффирленген телеграм-арнада Байтасовтың көгілдір жігіттермен көңіл көтергені, бұл үшін Мәскеудегі моншаны жалға алып, 400 мың долларды далаға шашқаны туралы провокация пайда болды. Кремль Байтасовқа тізесін батыра алмайды, сондықтан осындай пасық, сасық амалға баруға мәжбүр.

Путин пропагандистерінің нысанасына іліккендердің арасында Байтасовтан бөлек – саясаткер Мұхтар Жәкішев, экономистер Алмас Шөкин, Рақым Ошақбаев, саясаттанушы Досым Сәтпаев, тіпті ешкіммен қақ-соғы жоқ дейтін Нұрлан Смағұлов та бар.

Смағұлов демекші, Ресей нарығына кірсе, тұзаққа түсерін сезген «Астана Моторстың» қожайыны Петербордағы «Хюндайдың» зауытын сатып алудан айнып қалған.

Жәкішевтің жайы бөлек әңгіменің арқауы. Мұхтарды қаралайтын контенттің бағыт-бағдары – «қазақтың атом өндірісін 🇺🇸 АҚШ-тың қолына ұстатпақ болды. Ол үшін оған қомақты гонорар төленді...», - дегенге саяды. Бірақ, көзі ашық қазақтілді аудитория мұндайға алдана қоймайды. Қазақстандағы Кремль «жансыздары» Жәкішевтің жұрт алдындағы абыройын төгудің өзге жолын іздестіру үстінде.

Досым Сәтпаевқа да «досье» тігіліп жатыр. Әлбетте, Кремль мұны қазақстандағы ресейшіл күштердің көмегімен жүзеге асырары анық. Еліміздегі ресейшіл сарапшылар мен ресейшіл БАҚ Мәскеуден түсетін транзакцияны асыға күтіп отыр.

Dalainside дереккөзінің айтуынша Кремль бұл тарапта Ермұхамбет Ертісбаевпен консультациялар өткізуі мүмкін.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍120😱23🔥85😢3👏1😁1
⚡️ Мәсімовтың ізімен: атышулы «Дикий Арман» америкалық лоббистердің көмегіне жүгінді

«Мұрттыдан» кейін үкім күтіп отырған қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) жұрт алдында жағымды имидж қалыптастыруға қарекет етуде. Мақсат: манипуляция жасау, сол арқылы соттың жұмсақ үкім шығаруына ықпал ету.

Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша «Дикий Арман» Кәрім Мәсімовтен үлгі алып, америкалық лоббистердің көмегіне жүгінген.

Метт Лауер мен Грейс Фенстермейкердің есім-сойы сіз бен бізге бейтаныс болғанмен, лобби әлемінде бұлардың атынан ат үркеді. «Метт мен Грейс» тандемі жетекшілік ететін Qorvis PR компаниясы алдағы айдан бастап Арекеңнің жағымды образын қалыптастыруға қауырт кіріседі.

Арманның адвокаты Евгений Яворский бұлармен бірігіп жұмыс істеуге уағдаласып, 15 мамырда қажетті құжаттарға қол қойған.

Вашингтондық лоббистердің негізгі миссиясын ілгеріде айттық. Қоғаммен байланыстың қыр-сырын жете меңгерген бұлар: «Арман ұлт жанашыры. Қаңтар кезінде халықты сабырға шақыруға тырысты…» деген тезисті қоғамның құлағына сіңіреді, сот алды консультациялар береді, жаза мерзімін жеңілдетудің жолын іздестіреді.

«Дикий Арманға» тағылған айыпты айтып жатпай-ақ қоялық. Тоқаевты төңкеруге тырысқаны былтырғы жылдан бері баспасөз бетінен түспей келеді.

Лоббистер - Метт Лауер мен Грейс Фенстермейкердің 💰 гонорарын Жұмагелдиев отбасы өз қалтасынан төлейді. Бұл екеуі де осыған дейін санкцияға ұшыраған ресейлік Внешэкономбанкке ақыл-кеңес берген. Былайша айтқанда, Қазақстанның саяси кеңістігі аталған жұпқа таңсық емес.

Dalainside мына сұраққа жауап беруге дағдарып отыр: Ескі Қазақстан өкілдерінің 🇺🇸 АҚШ-тан араша сұрауында не сыр бар? Осыған дейін 18 жылға кесілген ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімов те вашингтондық лоббистердің аяғына жығылған еді. «Мұртты» америкалық атышулы лоббист Девид Меркелді аттай қалап алдырған. Меркель бұдан бөлек karimmassimov.com сайтының админі болған еді.

Жақын күндері «Дикий Арманға» қатысты тағы бір инсайд жарық көреді. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍70😱12🔥65👎3
⚡️💰 Қор нарығына ақша құйғыңыз келе ме?

Жаңа Қазақстанда биржа арқылы инвестициялауға қызығушылық артып келеді.

Қаржылық сауаты өскен сайын, азаматтар да өз қаржысын тиімді инвестқұралдар арқылы көбейтіп, одан банк депозиттерінен көбірек пайда табуға болатынын түсіне бастады.

Бірақ бір нюанс бар: бұл нарықта алаяқтарға ұрыну тәуекелі жоғары.

Елімізде екі қор биржасы жұмыс істейді. Олар:

1️⃣ Қазақстан қор биржасы (KASE)

2️⃣«Астана» халықаралық қаржы орталығына қарасты AIX биржасы.

Биржада сатып алушы, немесе сатушының атынан жұмыс істеуге өкілеттілігі бекітілген тұлға (заңды тұлға) брокер деп аталады. Операциялар брокер арқылы жүреді.

Егер сіз инвестициямен айналысқыңыз келсе, брокерді қалай таңдау керек? Нағыз брокер мен алаяқты қалай ажырата аламыз?

❗️ Алаяқ брокерді анықтаудың алгоритмін DALA INSIDE әзірлеген инфографикадан көре аласыз (суретте).

Сенімді брокерде келесідей кейс болады:

Кәсіби брокер сізге нарықтан жоғары кірістілікке еш уақытта уәде бермейді. Егер мұндай ұсыныс түсіп жатса, онда бірден сезіктенуіңіз қажет.

Алаяқтар көп жағдайда адамның аз уақытта көп пайда табамын деген үмітіне жұмыс істейді.

Мысалы, жылына 40-50% кірістілік алу шын мәнінде мүмкін болса да, оның үлкен тәуекелі бар.

Нағыз кәсіби брокер алдымен өз клиентінің табыстылық және оның мерзімі бойынша талап-тілегін біліп, соған сай инвестициялық стратегия әзірлейді.

Клиент стратегияны мақұлдағаннан кейін ғана, соның аясында инвестициялау жүзеге асырылады.

Олардың ішінде консервативті, яғни кірістілігі көп болмаса да, тәуекелі аз стратегия, кірістілік деңгейі мен тәуекелі теңдестірілген жоспар, немесе жоғары кірістілікке қол жеткізу үшін тәуекелі жоғары стратегиялар кездесіп жатады.

Егер сіз инвестор болғыңыз келсе, төмендегі сілтемеге өтіп, толық ақпарат алуыңызға болады.

Толығырақ ➡️ https://dalanews.kz/brokerler

#Freedom #PR
👍32🔥21👏1
⚡️ Жаңа Қазақстан vs Назарбаев кланы: Сатыбалдының шетелде жасырған кезекті қазына байлығы табылды

Ескі Қазақстанның активтерін елге қайтару процесі қарқынды жүруде. Антикор Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының кезекті капиталын тапты.

"Мамыр айының соңында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтардық" - деп хабарлады агенттік.

Қаражат мемлекет кірісі ретінде есептеліп, әлеуметтік мақсатқа жұмсалатын болады.

Агенттік таратқан ақпаратқа сай Сатыбалдының үстінен іс қозғалғалы Жаңа Қазақстан Қайрекеңнің және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттарын елге қайтарған.

Мүліктік активтердің санатына: әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

"Сатыбалдыұлы және басқа да адамдарға қатысты елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару үстіндеміз", - дейді Антикор.

Тоқ етерін айтқанда, заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍123🔥13👏87🤝6😱4🙏2
🇰🇿🌹 Смайылов факторы. Премьер-Министр қиын тапсырманы ақырындап еңсере бастады

Қазақтың маңдайына біткен 11-ші Премьер - Әлихан Смайылов өз елін қиын кезеңнен алып келе жатыр. Біз оның экономикада консерваторлы жолмен жүретінін бұған дейін жазған болатынбыз. Бірақ Әлихан есімді азаматтардың қай уақытта да ең алдымен өз елінің мүддесін жоғары қоятынын ескерсек, небір сынға қарамастан Смайылов бір ізбен жүріп, өз жолынан ауытқымады.

Мамыр айында инфляция жалпы алғанда төмендеу трендінде. Қазір оның жылдық мәні 14% төңірегінде жайғасты. Смайылов кабинетіне сәл креатив жетіспейтінін оның алдында жазған болатынбыз. Бірақ Премьер бізге қарағанда көбірек біледі, мүмкін басқа ойы бар болар.

"2022 жылғы наурыз" мәселесін шешу оңай емес. Инфляция сол мезетте аспанға ұшқан болатын. Смайылов инфляцияны 20,3%-дан 14 пайызға түсірді. Бірақ тағы 4 пайыз асуын алуы тиіс.

Бір күмәнды жері, азық-түлік арзандаса да, азық-түлікке жатпайтын тауарлар санаты аз болса да қымбаттаған. Премьердің екінші гештальті - бюджет дефициті. Басқа елдермен салыстырғанда дефицит үлесі төмен болса да, ол соңғы 5 жылда тоқтаусыз өсіп келеді. Бұл ойланатын нәрсе. 2022 жылдан бері Экономика министрлігі Премьерді тыңдамайтын болған. Себебі, ҰЭМ Президент пен Премьер айтқан, тапсырған нәрселерге мүлде кереғар қадамдарға батыл бара бастады. Және Қуантыровты тоқтатар "ұлы күш" әзірге Қазақстан аумағынан табылмай отыр.

Ел экономикасы стагнацияда отырғаны жасырын емес. Тек жеңіл стагнацияны ауыр формасына апару әрекеттері ойландырады. Сырт күштердің қасақана тапсырысы емес деген сұрақ туындап отыр. Смайлов кабинетінде сыртқы елге қызмет ететін жансыз бары анық. Ол кім? Және Премьер оны біле ме?

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍97👎19😁138🔥3👏3
🎤 Жас Қанат - 2023" финалистері анықталды!

2 маусымда, Республика сарайының сахнасында көрермендер жартылай финалды тамашалады.
Ал екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша сегіз көшбасшы анықталды. Бұрын ойлағандай жеті емес, сегіз еді. Өйткені екі қатысушы бірдей ұпай жинады. Олар алтын, күміс, қола қанатты және Гран-приді сарапқа салады.

Сонымен, орындар келесідей бөлініп отыр:

1. Нарғыз Жанұзақова, Ақтөбе, 219 ұпай
2. Алмагүл Батталиева, Алматы, 218 ұпай
3. Ерназар Жұбан, Атырау, 215 ұпай
4. Аружан Бисембай, Орал, 206 ұпай
5. Нариман Жолдасбеков, Петропавл, 205 балл
6. Беназир Әлімхожаева, Алматы және Мадина Қабдолла, Павлодар, 198 ұпай
7. Нұрасыл Сатыбалды, Шымкент, 190 ұпай

«Жас Қанат 2023» финалды күнінде барлық конкурсанттар белгілі композитор, дирижер, аранжировкашы Илья Башқатов жетекшілік ететін ұжымның сүйемелдеуімен өнер көрсетпек.

DALA INSIDE - Жас Қанат пен Азия дауысы фестивальдары таңдап алған тұңғыш қазақтілді телеграм арна
🤩20👍158🔥4
🎤 Атыраулық Ерназар Жұбан Жас Қанатты жеңіп алды

Алматыдағы Республика сарайында «Жас қанат – 2023» жас орындаушылар байқауы аяқталды.

Қазылар алқасының бірауыздан шешімімен байқауда алғаш рет бекітілген Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев атындағы Гран-при атыраулық Ерназар Жұбанға берілді. «Алтын қанат» (1-орын) ақтөбелік Нарғыз Жанұзақоваға, «Күміс қанат» (2-орын) алматылық Беназир Әлімходжаева, «Қола қанат» (3-орын) алматылық Алмагүл Батталиеваға бұйырды.

Қалған төрт финалист байқаудың дипломанты атанды. Олар – оралдық Аружан Бисембай, петропавлдық Нариман Жолдасбеков, павлодарлық Мәдина Қабдолла және шымкенттік Нұрасыл Сатыбалды.

DALA INSIDE - Жас Қанат пен Азия дауысы фестивальдары таңдап алған тұңғыш қазақтілді телеграм арна
🔥52👍226👏3
🤌 Миттал ешкімді тыңдамайды. "АрселорМитталТеміртау" өте түсінікті месседж жіберді

Миллиардер Лакшми Миттал Қазақстанды халықаралық инвесторлар алдында ұятқа қалдырды. Және "Жаңа Қазақстанның" аузымен ғана орақ ора алатын фикция екенін дәлелдеп бермек. "Жаңа Қазақстан" Митталға барлық бағыттар бойынша ойсырай ұтылды және түк істей алмады. Лакшми Миттал иә, иә деп бас шұлғып, "уәде бере салу" тактикасымен елімізді әбден ит қылды. Оны өздері АММ-2023 конгресінде айтқан мәлімдемесімен айқын дәлелдеп отыр.

"АрселорМитталТеміртау" болат департаментінің техникалық директоры Константин Цимбалдың айтуынша, компания мемлекет жоспарлап отырған шығарындыларды азайту мақсатында 2025 жылға дейін өндірісті жаңарта алмайды. Яғни олар, өздері 2021 жылы келісіп, қол қойған Экологиялық Кодексті орындамайтындарын ашық айтуда.

Әңгіме мынада. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша "АрселорМитталТеміртау" 2025 жылы өзінің шығарындыларын 147 мың тоннадан асырмау керек. Ол қазіргі АМТ шығарып отырған зиянды қалдықтардан 30% төмен. Компания қазіргі өндірістік көрсеткіштерді сақтап қала отырып, экологиялық талаптарды орындауы үшін оған өндірісті технологиялық жаңарту керек. Ал АМТ еш уақытта модернизация жасамаған және жасауға мүлде құлықсыз. Енді олар "экологиялық талап қойсаңыздар, оған сай болу үшін біз өндірісті азайтып, жұмысшыларды қысқартамыз. Сонда сендердің бізден алатын салықтарын азаяды, жұмыссыздар көшеге шығады" деп Үкіметті шантаждап отыр. Бірақ 2021 жылы өздері осы талаптарға келісіп, 2025 жылы бәрін қатырамыз деп қол қоя салған болатын.

Миттал Қазақстанды "банан" республикасы мен аборигендер мекені деп санайтыны өтірік емес. Ол Еуроодақ алдында құрдай жорғалап, олардың барлық экологиялық талаптарын уақытылы, кейде жоспардан артық орындап келеді. Оның батыстағы, тіпті Украинадағы зауыттары заманауи, озық технологиямен жарақталған. Себебі Миттал ол жақта ешкімнің онымен әмпей-жәмпей болып жатпайтынын біледі.

Ал Қазақстанға келгенде тіпті бір болт ауыстырмай, ескі кеңестік атам заманғы құралдармен жұмыс істетіп отыр. Колонизатордың өз колониясынан бар сөлін сығып алатыны сияқты, Миттал да Қазақстанға бір тиын салмай, соңғы тамшысына дейін сорып тастамақ.

Осы жолда Миттал "Жаңа Қазақстанның" өзіне түк істей алмайтынына анық көз жеткізді. Сәуір айында Қазақстанның арнайы прокурорлары Люксембургтен ArcelorMittal алпауыты басшыларынан жауап алуды сұрап, запрос жібергенін жазған болатынбыз. Ол запросқа ешкім тіпті жауап та бермеген. Люксембург біздің прокурорлардың хатын жәшікке лақтыра салған сияқты. Айдаладағы Қазақстан кімге керек?

Миллиардер Лакшми Миттал Қарағанды металлургия зауытын өз қолына түсірген 16 жылдан бері Теміртауда қаза тапқандар саны 100-ге жуықтаған. Лакшми Митталға бағынатын әлемдегі барлық болат қорыту зауыттарының ішінен "АрселорМиттал Теміртау" апат саны мен оның құрбандары бойынша алда келеді. Прокурорлар осыны халықаралық юрисдикцияда тергеп көргісі келген. Оларды ешкім көзге де ілмеді.

Назарбаев тақтан тайғалы Миттал да Қазақстанға назар аударуды қойды. Александр Машкевич басқаратын ERG корпорациясы да тура осылай істеп отыр. АМТ да, ERG де "Білгендеріңді істеңдер, біз мүмкіндігінше сендерден бәрін сорып аламыз. Түк қалмағанда кетіп қаламыз да, сотқа беріп, Ұлттық Қорларыңа арест қойғызамыз", - деген позиция ұстануда. АМТ Қазақстаннан түскен пайдаға Еуропадағы зауыттарын жаңартып алса, ERG Қазақстандағы кәсіпорындарын залогқа қойып, ол кредиттерді Люксембургке шығарып алған. Ал кредиттерін Ресейге салынған санкцияны сылтауратып төлемей отыр.

Жаңа экология министрі Зүлфия Сүлейменова осы бағытта дым бітірмеді. Жолаған да жоқ. Бірақ ешкімді адам құрлы көрмей отырған Митталдарға Қазақстан Африкадан төмен үшінші әлем елі, қазақтар аборигендер. Не болса да, ащы шындық осы.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👎89👍54😱2915😁6🔥2😡1
👍"Жұрттың бәрі Жәкішев емес". ҚазАтомның "токсичный" активтерден тазарғаны кімге керек?

Естеріңізде болар, Жәкішев абақтыдан босап шыға Байтасовқа берген сұхбатында ҚазАтомға келгенде, сол тұстағы Үкіметбасы Нұрлан Балғымбаевтың кәсіпорынды банкроттық деңгейге жеткізіп, тарқатуды тапсырғанын айтқан.

Балғымбаевтың дегені болмай, Мұхтардың шала-жансар күйдегі кәсіпорынды әлемдік деңгейдегі алып кәсіпорынға айналдырғанын бәріміз білеміз.

Жәкішев Балғымбаеевтың айтқанын екі етпей орындап, ҚазАтомды құрдымға құлатқанда бізде атом өндірісі мүлде болмас еді.

Қазір ғой, "Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша бірінші орында тұр" деп бөскен кезімізде кеудемізге нан пісердей болады.

Алып кәсіпорынды аяққа тұрғызған Жәкішевке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. 👏

Назарбаев режимі Жәкішевтің соңына түсіп, түрмеге тоғытпағанда ҚазАтом бұдан да қуатты, "Росатомның" алдында бас имейтін әлемдік компанияға айналар ма еді.

Біздің айтпағымыз басқа. Таяуда сапарлап жүріп ҚазАтомда жұмыс істейтін инженермен кездесіп қалдық. Біраз әңгіме айтылды.

Әңгіме барысында Ақтау қаласындағы су тұщытатын МАЭК кәсіпорынына қатысты сыр суыртпақтадық:

Бәленшеке, Ақтаудағы МАЭК ҚазАтомға қараушы еді. Ондағы жағдай қалай? Кәсіпорынға қатысты біраз әңгіме тарағанын байқадық..., – деп сұрақты төтесінен қойдық.

– Қазір МАЭК ҚазАтомға қарамайды. Сондықтан ондағы жағдайдан хабарсызбын, – деп әңгімені қысқа қайырды.

– Сонда қалай... МАЭК қазір қайда қарайды?

– ҚазАтом Лондондағы қор биржасына шығар алдында өзінің "токсичный" активтерінен құтылу туралы шешім қабылдаған.

Менің білуімше, сол кезде МАЭК бірінші кезекте ҚР Энергетика министрлігіне берілді, артынша Маңғыстау облысы әкімдігінің балансына өтті, – деп өз білгенімен бөлісті.

Сол сәтте жардың жағасында, тарқаудың аз-ақ алдында тұрған ҚазАтомды банкрот қылмай, кәсіпорынды терең шыңыраудан сүйреп шыққан Жәкішевтің бейнесі көз алдымызға елестеді.

Мұхтар тағы 5 жыл ҚазАтом-да жұмыс істегенде Ақтаудағы МАЭК те қолдан-қолға өтпей, табысты кәсіпорынға айналар ма еді деген ой санамызда қылаң берді.

Иә, ҚазАтомды ми батпақтан суырып алған Жәкішев Ақтаудағы МАЭК-ті "токсичный" күйге түсірмес еді. Бірақ жұрттың бәрі Жәкішев емес.

ҚазАтом-ның Лондон қор биржасына шыққаны жақсы. Бірақ алып кәсіпорынның әлемдік аренаға шығу үшін өзіне тиесілі салалық кәсіпорынды сыртқа тепкенін миға сидыра алмай қойдық.

Атом өндірісіне қатысты мекеменің "ҚазАтомөндіріспен" қосарлана дамығаны дұрыс емес пе?

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыздар👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍11116🔥6😁2👎1🥰1👏1🙏1👌1
🌱 Болашақта адамзат отын жақпайды. Энергияны ядролық реакция бермек

Бұл туралы эколог Орынбасар Тоғжанов айтты. Оның пікірінше, ғылыми зерттеулер тұрғысынан айтсақ, атом электр станциясының Балқаш көліне тікелей зияны бар деуге негіз жоқ. Суды тек тұтас жүйені салқындату үшін ғана қолданады. Сол үшін де көп ел атом электр станцияларын теңіздің, көлдің жағасына салады.

Бүгінде адамзатты қатты қинап тұрғаны – бүкілғаламдық жылыну процесі. Бұл өмір сүруді аса қиындататын процесс. Осы жағынан алғанда атом электр станциясының пайдасы бар. Біріншіден, атмосфераға ешқандай көмірқышқыл газын, басқа да парниктік газдарды шығармайды. Бір сөзбен айтқанда, АЭС – ең таза экологиялық әрі тиімді энергия.

Жаңа типті атом электр станцияларының қауіпсіздігі күшейіп, олар экологиялық таза болғандықтан, қазір экологтардың өздері көмір жағатын жылу электр станциячларынан тезірек атом электр станциясына көшуді қолдап отыр. Олар АЭС-ті сенімді энергия көзі және қоршаған ортаны ластамайтын болашақтың технологиясы деп санауда.

Атмосфераға көмір, газ, мазут сынды көмірсутектердің жанған қалдығы шыққан сайын, бүкілғаламдық жылыну процесі тез жүріп келеді. Бұл үрдісті тоқтатпай, бақылаудан шығарып алсақ, адам айтқысыз апаттарға тап боламыз. Адамзат өз болашағы үшін тезірек шешім қабылдауы тиіс.
https://dalainside.kz/05/manyzdy/31/2023/992/
👍40🔥114👎4👌1
⚡️ Тимур тыпырши бастады: Үкіметтегі "Құлыбаевтың адамдары" Қажыгелдиннің назарына ілікті

Бұған дейін Борейкоға сұхбат берген экс-премьер "активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары араласты" деген болжам айтқан. Мағжанұлының пайымдауынша "Тимурдың командасы" аталған заң жобасын сұйылтып жіберуге мүдделі.

Қажыгелдиннің нысанасына іліккен азаматтардың есім-сойы кім?

DALA INSIDE осы тарапта тәуелсіз зерттеу жүргізуге тырысты.

"Шеттегі активтерді қайтару туралы" заңның "черновигін" қолмен ұстап, көзбен көргендердің бірі - Рустам Жүрсінов. Бұл кім дерсіз? Ол еліміздегі кәсіпкерлер құқын қорғайтын арнайы уәкіл, былайша айтқанда "бизнес омбудсмен".

Аталмыш заң Мәжіліс талқылауына түспей тұра Жүрсіновтың қолынан өткен.

"Бизнес омбудсмен" заңсыз активті "іздеу" мен "кәмпескелеудің" алгоритмімен алдын-ала асықпай-cаспай танысып алған. Бізге жеткен мәлімет бойынша Жүрсінов заңгерлердің көмегіне жүгініп, заң жобасының олқы тұстарын анықтауға тырысқан. Кім үшін, не үшін, ол жағы бізге белгісіз…

Заңсыз капиталды елге қайтару мақсатында құрылған комиссия құрамында Бас прокурордың орынбасары - Ұлан Байжанов бар. Құрылымның елеусіз мүшесі емес, осы комиссия төрағасы Тоқаевтың білдей бір "зам-ы".

Осы тұста "активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары тұмсық тықты" деген Қажыгелдиннің тұспалын фактчектен өткізуге тура келеді. Әкежанның түйсігі әдеттегідей әлдебір шикілікті сезсе керек…

Біз сөз өткен Жүрсінов пен Байжанов та "күйеубаланың" сыралғы серіктері. Құлыбаев "ҚазМұнайГаздың" орынбасары қызметін атқарған 2000-шы жылдары аталған жұп карьералық баспалдақпен қарыштап көтерілді.

Жүрсінов кейіннен тағы сол Құлыбаев жетекшілік еткен "ҚазЭнержи" бизнес қауымдастығының заңгерлік бөлімін басқарды. "Бизнес омбудсмен" атанбай тұра, тағы сол Құлыбаев басқаратын "Атамекен" палатасының вице-президенті болды.

❗️ DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша соңғы кездері Тимурдан маза кетіп, тыпырши бастаған. Кешеге дейін Жаңа Қазақстанның саяси элитасы сапындағы тамыр-таныстарына арқаланып келген Құлыбаев Қажыгелдин таратқан инсайдтың соңы айғай-шуға ұласа ма қауіптенеді.

"Активтерді қайтару? Алдымен "Атамекен" палатасының басшысын, сол палатаға мүше азаматтарды тексеріп, олардың активтері мен дүние мүлкін тергеуіміз қажет", - дейді осы тұста Мағжанұлы.

Айтуынша, Бас прокурордың орынбасары (кімді меңзегенін түсінген боларсыздар) өзінің Швейцариядағы зәулім сарайы туралы ел алдында есеп беруі қажет.

Қажыгелдин? Оған құдай қуат берсін дейміз. Экc-премьер америкалық лоббистерді араға салып Назарбаевтың күйеубаласын санкцияға мықтап отырғызуды мақсат тұтып отыр.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
👍207🔥33👏109🙏7😱3👎1