DALA INSIDE
12K subscribers
399 photos
126 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🇰🇿📈🇨🇳 "Қорғастың" ашылуы мен Юань көктемі. Теңге биржада жыбырлай ма?

Бүгін "Қорғас" халықаралық сауда орталығы қайта ашылды. Ол 2020 жылы пандемия кезінде жабылып қалған болатын.

Қазақстан-Қытай шекарасының ашылуы, визалық шектеулердің алынып тасталуы екі ай бұрын Қазақстанның бас импортері атанған Қытайдың осы позициясын жақсы күшейте алады. Біз Ресейден толық Қытайға бұрылдық. Осы ретте мұнай бағасымен қатар теңге курсына әсер ететін екінші фактор - сыртқы сауда балансына қатысты сұрақтар туындайды.

2022 жылы сыртқы сауда профициті 36,3 миллиард долларды құрады. Яғни, баланс жағымды болып, біз экспорттаған тауар бағасы импорттан 36,6 миллиард долларға асты. Жағымды баланс ұлттық валютаның күшті болуын қамтамасыз етеді.

Биыл жағымды баланстан айрылып, сауда балансында дефицит болатын түрі бар. Қытайдан көбейетін импорт инфляцияның төмендеуіне себеп болса да, теңге бағамын сәл құлдырататынын болжай аламыз.

Үкімет үшін ұлттық валютаның идеалды курсы - долларына 470 теңге. Бюджет осы параметрмен жасалған болатын. Және теңге сол межемге тез жете алады.

Елде юаньмен операция көбейетіндіктен, және Ресейдің валюталық корзинасы юаньға ауысқандықтан, Қытай ақшасы курсының өсу мүмкіндігі жоғары. Себебі, сұраныс артатыны көрініп тұр.

https://xn--r1a.website/dalainside
😡44👍202👏2😱1🙏1
🔥 Рамиль Мухоряповтың бизнесі Тимур Турловқа өтті

Тимур Турлов иелік ететін Freedom Holding Corp. "Chocotravel" (ішіне Aviata да кіреді) сервисін сатып алды. Ол үшін Турлов 32,3 миллион доллар төледі. Мәміле жыл соңына дейін жабылуы тиіс.

«Біз өз клиенттеріміз үшін цифрлық сервистердің толық құнды экожүйесін құрудамыз, сондықтан Aviata мен Chocotravel-дің сервистерін сатып алу — бұл топтың дамуына қисынды үлес», - деді, Тимур Турлов.

Choco холдингі енді тек жеткізіп берумен айналыспақ. Бұл нарықта оларға Glovo, Wolt пен Яндекс сынды азулы бәсекелестер бар. Ал Рамиль Мухоряпов Турлов ұсынған ақшаға қарыздарын жаппақ. Сонымен қатар, ол бизнесті басқаруды Николай Мазенцевке толық тапсырып, шетелде біраз демалуы мүмкін. Себебі, соңғы уақыттары Қазақстанда тұру Мухоряпов үшін психологиялық жағынан қиын болған еді.

Екі қошқардың басы бір қазанға сия ма? Бұған дейін нарықтағы қаржы сервистерінің екі IT-алпауыты Турлов (Freedom) пен Ломтадзе (Kaspi) бір-бірін орағытып, тіке бәсекелестіктен қашып жүрген еді. Турлов Каспидің огородына кірмей, цифрлі сақтандыру мен ипотеканы айналдырып жүрсе, Ломтадзе тек жеке және заңды тұлғалар кредитін, Kaspi.kz қосымшасындағы төлемдер, аударымдар, билет сату бағытын дамытып келген.

Сонымен Турлов Ломтадзенің тікелей бәсекелесі Chocotravel-ді сатып алды. Демек, жекпе-жек енді басталады. Kaspi Travel vs Chocotravel. Попкорн дайын тұрсын.

Ал Мухоряпов демалсын. Нағыз акулалар енді келді.

#PR

https://xn--r1a.website/dalainside
👍84🔥107👏3🙏1
💸🙍 Инфляциямен не істейміз? Ұлттық Банк барлық сарапшылар, экономистер, қаржыгерлер мен профессорларды жинады

Ұлттық Банк Алматыда «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуде.

Басты сұрақ - инфляцияны таргеттеу моделі, яғни 2025 жылдан бастап инфляцияны 3-4% түсіру бойынша мақсаттың қаншалықты дұрыс қойылғанын бағалау. Оған сырттан келген тәуелсіз тарап өз пікірін айтуы тиіс.

Инфляциямен күресте барлық мемлекеттік органдар жұмысының үйлесім табуы да сөз болады. Бұл ретте, әңгіме бюджеттік қағидаға тіреліп тұр.

"Проциклдік фискалдық саясат, экономиканың теңгерімсіз құрылымы кезінде эмиссиялық қаржыландыру түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар инфляцияның рекордты жеделдеуіне қолайлы негіз болды", - деді, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Және баға неден өсіп жатыр? Оның негізгі себептерін анықтау қажет. Бұл сұрақтарға сыртқы тараптың бағасы алынса, Ұлттық Банк ақша-несие саясатын анағұрлым тиімді жүргізуге қосымша мүмкіндік алатын болады.

#PR

https://xn--r1a.website/dalainside
👍38🔥4👏41😢1
👀 Атаманның ақыры. Тимур Құлыбаевқа да тықыр таянды

Назарбаевтың күйеу баласы демонополизацияланбақ. Экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы отырысы кезінде "Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының бірі заңсыз жекешелендірілген" деген пікір айтылды. Ал Премьер-Министр Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға бұл мәселені қолданыстағы заңнама аясында пысықтауды тапсырды.

@NRG_monitor дереккөздерінің ақпараты бойынша әңгіме "PetroRetail" компаниясы төңірегінде болып отыр. Бұл Тимур Құлыбаевтың компаниясы, ол бұрын "ҚазМұнайГаз" деген атымен белгілі болған "QazaqOil" АЗС-теріне иелік етеді.

Өз кезегінде @dalainside дереккөзі Тимур Құлыбаевтың АЗС желісін өзінде қалдыру мүмкіндігі бар екенін айтады. Әңгіме жекешелендіру кезінде соның қолына өтіп кеткен мемлекеттік мүліктің аукцион барысында тым арзан бағалануында. Егер келіссөздер барысында Тимур Құлыбаев онымен келіссе, онда мемлекетке үстінен қомақты қаржы төлеп, "PetroRetail" активтерін өзінде қалдыра алады.

Гегельді көрген, Бабельді де біле алады

Тимур Құлыбаев - тамаша стратег. Бірақ осы қабілетінің барлығын ол өзін байыту үшін ғана жұмсады. PetroRetail - оның керемет дайындалған, ұзақ операциясы. Ол шамамен 12 жыл уақыт алды. Естеріңізде болса, 2014 жылдан бастап сіздер "Мемлекет - нашар менеджер" деген қанатты сөзді жиі ести бастадыңыздар. Осы тұжырымның артында, мемлекет көп шығындалған, негізін қалап берген бизнестер тиімсіз, жекеге берейік деген ұсыныстар айтыла бастады. Оның бәрі жайдан-жай емес еді.

"Ребрендинг пен реакционеринг" операциясы

Тимур Құлыбаев елдің мұнайгаз саласының кураторы болғандықтан, 2000 жылдардан бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жеке АЗС желілерін салу бойынша бастамасына қатысы болғаны анық. Сол жылдары "ҚазМұнайГаз Өнімдері", "Торговый дом «КазМунайГаз" еншілес ұйымдары ашылып, АЗС желісін кеңейту үшін инвестициялар құйылды. Сол кездегі «Торговый дом «КазМунайГаз» бас директоры Төлеген Бозжановтың ақпараты бойынша, бір жаңа станция тұрғызудың құны 500-900 мың доллардың аралығында болған.

Ал 2019 жылы жеке қолға өтер алдында осы бизнесті мемлекет атынан басқарып отырған «KMG-Retail» фирмасы 301 жанармай бекетіне иелік етіп тұрды. Сатылар алдында бизнес тәуелсіз бағалаудан өтті. Deloitte жүргізген бағалау есебіне сай, бүкіл мемлекеттің еңбегі 59,9 миллиард теңгеге бағаланған.

Мемлекет жаман менеджер емес еді. «KMG-Retail» 2018-2019 жылдары елге 6,8 миллиард теңге табыс әкелді. Сонысына қарамастан, АЗС желісі мемлекет үшін артық жүк деп танылып, 2019 жылдың 1 сәуірінде оны «PetroRetail» фирмасы 60,5 миллиард теңгеге (сол кезде 163,3 миллион доллар) сатып алады. Ол фирма аукционға небәрі 12 күн қалғанда құрылған. Электронды үкімет деректері бойынша, оның құрылтайшысы ретінде «Prime case» ЖШС, «East Trade Solutions» ЖШС, Бақыт Сағынтаева мен Руфат Ходжалақов көрсетілген. Ал «Prime case» ЖШС «Head Company» фирмасы мен Данияр Абулғазинге тіркелген. Данияр Абулғазиннің Тимур Құлыбаевтың талай жылдан бері бірге келе жатқан сенімді серіктесі екенін айтуға болады. Сөйтіп жекешелендіруден 2 жыл өткеннен кейін, Тимур Құлыбаевқа қарасты «Joint Technologies» фирмасы ың-шыңсыз «PetroRetail» құрылтайшысы атана салады.

Осылайша, Тимур Құлыбаев іске асырған ұзақ мерзімді шахмат жүрісі 2021 жылы аяқталды. Оның негізгі кезеңі - яғни мемлекеттің долларларын шашып, болашақта жекешеленетін бизнестің базасын құрып алу 2009 жылы басталған еді. 12 жылдық операция күйеу бала үшін сәтті аяқталғандай көрінген. Бірақ әттең, "Қаңтар оқиғасы" орын алып, заман өзгеріп, Құлыбаев өз еңбегінің жемісін жей алмады.

Іші жаңарып, құлпырып тұрған "QazaqOil" заправкасынан бензин құйдырып, қызыл жилет киген кассир қызбен әзілдесіп тұрғанда, осы керемет оқиғаны есіңізге алсаңыз болады.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍74🔥58😁146🙏1
🔥Манчестер Сити vs Арсенал матчында 10 000₸ дейін қайтару мүмкіндігі

АПЛ-дағы чемпиондық үшін күрес. "Манчестер Сити" чемпионат көшбасшысы "Арсеналды" қабылдайды. Ұзақ уақыт бойы лондондық команда бірінші сапты ұстады және жеңілген жағдайда оны қарсыласына беруі мүмкін. "МанСитидің" жүрісі жақсы және бұл матчта жетістікке жетуге тырысады, бірақ біз Чемпиондар лигасын ұмытпауымыз керек, ол үшін жауынгерлік құрамды сақтау керек. Екі команда үшін де өте маңызды матч.

🔵 Сондықтан 1XBET «Тәуекелсіз ұтыс тігу» акциясына қатысуды ұсынады. Спорт эмоцияларының бас демеушісі ұтыс тігу сәтсіз болған жағдайда, 10 000 дейін қайтарады. 1XBET бірге алаң болмаңыз.

👉 Толығырақ сілтемеде

#PR
🖕35👍10🔥3😁32😱2😢2👏1
🌱🇪🇺 Еуроодақ «жасыл энергия» таксаномиясына атом энергетикасы саласын да енгізді

Енді Еурокомиссия әзірлеген «жасыл энергетиканы» дамыту бойынша арнайы жоспарға сай, жасыл энергетикаға 250 миллиард еуро субсидия бөлінетін болады. Демек, болашақта атом электр станцияларының құрылысы да субсидиялануы мүмкін. Мұны Еуроодақ өзінің болашақ энергетикалық қауіпсіздігі үшін жасап отыр. Олар баламалы энергетикада АҚШ пен Қытай алға озып кетеді деп қауіптенеді. Себебі, Қытай алдағы 15 жылда 50 АЭС салуға шешім қабылдаған. Онымен қатар, аспан асты елі күн панельдерінің технологиясын барынша арзандатып, одан алынатын электр энергиясының құнын түсіруге бекініп отыр. Сол себепті, энергетика нарығында көштен қалып қою мүмкіндігі Еуропа елдерін кәдімгідей мазалауда.

Қазақстан да өз стратегиясы бойынша 2060 жылы толық мұнай мен көмір жағудан арылуы тиіс. Еліміз жасыл энергияны дамытудың бір бағыты ретінде атом электр станциялары құрылысын қарастырады. Қазір ғалымдар, экологтар бас қосып, осы құрылыстың аспектілері мен қоршаған ортаға әсерін жан-жақты талқылай бастады.

https://dalainside.kz/04/manyzdy/26/2023/949/

#PR
👏26👍125👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Айтқанымыз айдай келді: Әблязов-Козловская тандемі Жаңа Қазақстанды санкция батпағына батырмақ...

Бұған дейін Dalainside украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үй табалдырығын тоздырып жүргенін хабарлаған.

"Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама әзірлеген Козловская әлгі құжатты АҚШ-тың Әділет министрлігіне апарып тапсырған.

DALA INSIDE "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырады деген-ді. Бұған арна оқырмандарының біразы күмән келтірген.

Артынша Әблязовтың өзі де мәлімдеме жасап, Ақорданы "Ресейге санкцияны айналып өтуге жәрдемдесіп жатыр" деп айыптады.

Мұқаң Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қорының деректеріне сүйеніп отыр. Баяндама өзегі - "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.

"Ашық диалогтың" арғы жағында Әблязовтың сұлбасы тұрғанына дәлел болар бірнеше себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге жуық Қазақстанға қатысты.

"Тоқаевтың Путинге болысып жатқанын дәлелдейтін фактілерді жиып-теріп", оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа арнайы алғыс айтқан.

❗️ "Былтыр Қазақстан Ресейге құны 437 мың доллар болатын 11,5 тонна оқ-дәрі экспорттады. Бұған қоса, 2022 жылы арнайы мақсатта қолданылатын лазерлер, радиолокациялық, радионавигациялық және қашықтан басқарылатын радиоаппаратура, жартылай өткізгіш құралдар экспорттаған" деп жазды қор жетекшісі Людмила Козловская желідегі парақшасында.

Осыған орай "Азаттыққа" сұхбат берген олигарх:

"Батыс пен АҚШ Тоқаев, Тасмағамбетов және Василенкоға (СІМ орынбасары) персоналды санкция салу керек. Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев та осы тізімге ілігуі тиіс...", – деді.

Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тізе қосқан болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍131🔥2010😱7👏5😢4😁1🙏1
🤜💥 Күдебаев бітті, Байбек басталды

Қашып кеткен "генерал" Күдебаевтың елге қайтарылуы әккі сарапшылардың езуіне күлкі ұялатқаны рас. Серік Күдебаев неге Солтүстік Кипр немесе Дубайға өтіп кетпеді? Жыл сұрағы осы болып тұр.

Күдебаев неге сенді? Түркиямен арада экстрадиция бойынша келісім бар екенін білмеді ме? Қазақстан "гүленшілердің" басым бөлігін Түркияға тапсырғаннан кейін, ресми Анкара да Астана запростарына өте жауапты қарайды. Генерал оны білмеуі мүмкін емес.

Осы құпияны тек Күдебаевтің өзі біледі. Уақыты келгенде айтар. Бірақ ол ұзаққа созылатыны анық. Себебі, "генерал" қашамын деп басына бәле тілеп алды. Енді әу баста 8 жыл болып тұрған болжамды жазасы 15 жылға ұзаруы тиіс.

Күдебаевтың ұсталуымен, Қайрат Боранбаевтың сотталуымен Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің мойнындағы тергеу тұзағы тартыла түсті. Боранбаевтың жер мәселесіне қатысты тергеуге берген ақпараты бар. Күдебаев та көп ақпарат бере алады.

@dalainside дереккөзі 2023 жылдың аяғына дейін Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалады деген пікірде. Басты айып - Алматы жерлерін олигархтарға үлестіру. Жерге қатысты махинациялар саны бойынша Байбек Храпуновтан кейін екінші орында тұр. 2015-2019 жылдары Алматы әкімі болған ол сол азғантай уақытта көп былық жасап үлгерген. Алматыдағы жер махинациясы бойынша үшінші орында Бәйбектен кейін әкім болған Бақытжан Сағынтаев келеді.


"Байбек кезеңі" демалыс аймақтары мен заңмен қорғалатын жерлерді мемлекет меншігінен шығарып, олигархтарға берумен ерекшеленді. Сол жылдары Есентай, Көктөбе сынды көптеген элиталық тұрғын үй кешендері пайда болды. Медеу, Бостандық, Наурызбай аудандарының құрылыс жоспарлары қайта-қайта түзетілді.

Байбек екі жарлық шығарған. Оның нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерлері "Омирекс" пен "Атлас девелопмент" фирмаларына өтті. Ал ол фирмалардың негізін Динара Құлыбаева қалаған.

Одан бөлек, Медеу және Бостандық аудандарында 116 гектардан астам табиғи зоналар мен демалыс орындары коттедждер мен көппәтерлі үйлер салу үшін олигархтарға сатылып кетті.

Ол эпизодтарды дәлелдеу тергеуге еш қиындық тудырмайды. Басты қиындық - Байбекті Солтүстік Кипрден шығарып алу.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍1329🔥9😁4👏2🙏1
⚡️ Amanat мүшесі басқыншыларды қолдай ма? 

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынды деп жазды КазТАГ.

«Түркия тартымдырақ, Зеленский мырза! Ол жерде жыл бойы жылы», - деп жазды Башинская Facebook-тегі Deutsche Welle парақшасының астына.

Мақалада Зеленскийдің Қырымды Украинаға қайтаруды көздейтін қарымта шабуылды жоспарлап отырғаны айтылған.

Президент Yle арнасына берген сұхбатында Украинаның майдандағы жетістігі Батыстың қару-жарақ тасымалына байланысты екенін атап өткен.

Зеленский соған қарамастан соғыс ұзақ мерзімге, тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін екенін ескерткен.

Сұхбатты тыңдап шыққан Башинская Украин президентін кекетіп, мұқатып өтіпті.

Желідегі жұрт Қазақстан азаматы бола тұра, оның басқа елдің президентін кемсіткеніне, одан бұрын басқыншыларға қолдау білдіргеніне наразы.

Депутат бауырлас Түркияға да тіл тигізгенін де байқамай қалса керек. Түрік елшілігі мұны елеусіз қалдырмасы анық.

Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша партия басшылығы Башинскаяның оғаш қылығынан хабардар. Алдағы күндері оған қатысты шара қабылданбақ.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍163😱30🔥10😁6👏43😢2🤩1
🤜💸 Котак VS доллар: кім жеңеді?

Үндістандағы үшінші ірі банк - Kotak Mahindra Bank басшысы Удай Котак "АҚШ доллары - әлемдегі ең ірі қаржылық террорист" деп мәлімдеді.

"Біздің барлық ақшамыз ностро шоттарында (әлемдік қаржы нарығындағы валюталық операцияларға және шетел валютасымен есеп айырысуға байланысты пайдаланылады) жатыр. Ал АҚШ-та отырған әлдекім кез-келген уақытта бізге "ертеңнен бастап ол шоттан ақша шеше алмайсыз" деп айта алады. Бітті. Сонымен шаруаңыз бітеді", - деп түсіндірді, Котак мырза.

Удай Котак 14,5 миллиард доллар байлығымен Forbes рейтингінде 124-ші орында келеді. Ол Қазақстанға үнді миллиардері Гаутам Аданидің жобасы арқылы өз қаржысымен кіруі керек еді. Бірақ Адани мырза "байтал түгіл бас қайғы" кебін киіп, махинациялардан 100 миллиард доллар жоғалтты. Қазақстанға арнаған жобаларын ысырып қойды.

Қазір Қытай, Ресей, Үндістан мен Бразилия сыртқы саудада доллар емес, өз валюталарымен есеп айырысу моделін қолдануды күшейтті. Ол үшін тараптар бір-бірінде корреспонденттік шот ұстайды. БРИКС аймағында юань долларды алмастыра алар еді. Бірақ Үндістан мен Қытай арасындағы шекаралық жанжал салдарынан Үндістан Қытай валютасына бас игісі келмеді.

Ресей керісінше сыртқы алыс-берісте юаньға толық ауысуда. РФ Орталық банкі осы аптада 200 миллион долларға юань сатып алмақ. АҚШ Қаржы министрлігі БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР) тарапынан жасалып жатқан "дедолларизация" қадамын мұқият бақылап отыр.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍63😁327🔥5👏2😱1👌1
💸 Home Card Lite иелері осы жылдың алғашқы 3 айында 556 миллион кэшбэк бонусын алды

Төлемдер үшін Home Card Lite картасын таңдаған қазақстандықтардың саны артып келеді.

Осы жылдың 1 қаңтары мен 30 наурызы аралығында карта иелері 10 миллиард теңгеден астам сомаға 1,6 миллион транзакция жасап, сол арқылы 555,5 миллион кэшбэк бонустарын алды.

Тұтынушылардың көбі картаны жанармай құю бекеттерінде, супермаркеттерде және коммуналдық төлемдерді төлеген кезде пайдаланған. Өйткені, Home Card Lite дәл осы санаттар үшін картаны ашқаннан кейін алғашқы 90 күн ішінде 10%, 90 күннен кейін – 5% кепілдік берілген кэшбэк қайтарады.

Айтпақшы, Home Credit Bank-те қазір мынандай акция бар. Егер 14 мамырға дейін Home Card Lite картасымен төлесеңіз, GLOVO тапсырыстарыңызды тегін жеткізіп береді.

Егер сізде бұл карта әлі жоқ болса, онлайн немесе банк бөлімшесіне барып аша аласыз. Картаны жеткізу тегін. Толық ақпарат 👉 мына жерде

2022 жылғы 17 тамыздағы ҚНРДА берген № 1.2.36/40 лицензия

#PR
👍334🔥1🙏1
🙅🇷🇺 Beeline Ресей телеарналарын еркін өшіре алады

Қазақстандағы Beeline енді Ресейге бағынбайтын болды. Ресейлік "Вымпелком" Қазақстандағы Билайнның 75% акциясын нидерландтық VEON телекоммуникациялық холдингіне 611,2 миллион долларға сатты.

Бұған дейін, 2022 жылдың күзінде қазақстандық Beeline өз кабельді жүйесінен (BeeTV) ресейлік пропагандистік телеарналарды өшіргенде, РФ президент әкімшілігіндегі шенеуіктер Вымпелком басшылығына қоқан-лоққы көрсетіп, Beeline тез арада өшкен арналарды эфирге қайтарған болатын.

Енді Ресей олай істей алмайды. Оның біздегі Beeline компаниясына еш қатысы жоқ. Біздегі Билайнның 75% акциясы VEON холдингінде, 25% акциясы Болат Өтемұратовтың қолында.

Beeline шынымен де жарқын жаққа өтті. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша, жаз айларында VEON Beeline пакетінен Ресей телеарналарын алып тастау бойынша бастама дайындайды. Оған Болат Өтемұратов келісім берсе болғаны.

Болат Өтемұратовтың саяси көзқарасы әлі күнге дейін құпия болып келе жатыр. Ол астыртын Путин мен Кремльді қолдай ма, жоқ әлде соғысқа қарсы ма, ол жағы белгісіз. Бірақ оған бәрібір позициясын білдіруге тура келмек. Жазда Beeline кабельді жүйесінен Ресейдің пропагандистік арналары жоғалып кетсе, онда Болат Жәмитұлы да жарқын жаққа ауысты деп түсінетін боламыз.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇🏽

https://xn--r1a.website/dalainside
👍202🔥6🙏43🤝3👏2🤩2😢1
⚡️ Назарбаевтың төңірегі тыпырши бастады: Қажыгелдин алдағы апта АҚШ-қа жол жүреді...

Қиырдағы қазақ оппозициясы сыртқа кеткен активтерді қайтару мәселесін мықтап қолға алмақ.

Назарбаев кланымен жалаң қолмен күресу қауіпті. Бұған Уашингтонның пәрмені мен демеуі қажет.

DALA INSIDE-қа жеткен ақпар бойынша Қазақстанның экс-премьеры, ширек ғасыр бойына қиыр қонып, шет жайлап жүрген Әкежан Мағжанұлы мамырдың ортасында АҚШ астанасына жол тартады.

Ақ үйдегі ықпалды тұлғалармен жүздесуді жоспарлап отырған Қажыгелдин Назарбаевтың төңірегі, соның ішінде экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаевқа санкция салуды табанды түрде талап етпек.

Аталған тізімде атышулы «Майшеке», Александр Машкевич те бар.

Қолды болған активтерді қайтару қорын (KIAR) құрған Қажыгелдин мықты лоббистке мұхтаж. Бұл іске Конгрестің назарын аудару оңай болмайды.

Әкежанның командасы Уашинтондағы саяси ортада әжептәуір салмағы бар Жозеф Славиктің тамырын басып көрмек.

Славик Scribe Strategies & Advisors лоббистік компаниясының жетекшісі.
Қажыгелдинмен бұған дейін де контакт орнатқан.

Экс-премьердің 2021 жылдың желтоқсанындағы Уашингтон сапарына Славиктің септігі тиген. Сол жолы Әкежан бастаған қазақ оппозициясы Конгресс мүшелерімен қауқылдасқан болатын.

Жозефтің Қазақстанмен байланысты басқа да жұмысы жетіп артылады.

❗️ Қазір ол Болат Назарбаевқа алданып қалған испан инвесторлары Нервиса Герардо и Торрес Морананың активтерін қайтара алмай мұрнынан шаншылып жүр.

Жозекең АҚШ-тағы Шетел активін қадағалау кеңсесіне (OFAC) барып Бөкеңнің үстінен арыз түсірген.

Лондонда тұратын Қажыгелдинмен Қазақстандағы оппозиция өкілдері тұрақты байланыста. Қажыгелдиннің "Қазақ активтерін қайтару" (KIAR) қоры мен Болат Әбіловтың "Елге қайтару" ұйымы етене байланыста жұмыс істейді. Бутяның сенімді адамы, қаржыгер Оразалы Ержанов сәуірдің соңында Британ астанасына барып, Әкежанмен әңгіме-дүкен құрған.

KIAR-ға көмек қолын созған құрылымдардың ішінде британ ізкесері, Орта Азиядағы автократтарға тиесілі шетелдік активті тіміскілеп жүретін Стивеном Фитцджон бар.

Фитцджонның Ventham Consulting компаниясы Қажыгелдинге Назарбаевтың құпия капиталы туралы мәлімет жіберіп тұрады. Әрине, тегін емес.

Әкежан мырзаның айтуынша Назарбаев әулетінің ел көзінен таса, астыртын алып шыққан активінің құны 100 млрд доллардан асып жығылады.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍210👏2011🔥9😱9🙏9😁4🤩3😢2👌2
👂 ChatШПТ: "Ескі Қазақстан" жаңа шифрге көшті

Назарбаев кланы және "Ескі Қазақстан" өкілдері өзара байланыс үшін Signal мессенджерін орната бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

Себебі, WhatsApp пен Телеграмға белгісіз себептермен сенімдері азайған. Әкежан Қажыгелдиннің Вашингтонға жоспарлап отырған сапары туралы жаңалық олардың арасында қызу талқылау туғызды. Қажыгелдин АҚШ Қаржы министрлігі өкілдерінен қазақстандық олигарх Тимур Кұлыбаев пен оның жары Динара Құлыбаеваға дербес санкция жариялауды сұрамақ.

Және Мағжанұлының қолында ондай шешімге дәлел ретінде жетерік материалдар бар сияқты. Тимур Құлыбаев Путин бастаған соғысқа дейін Ресейдегі бизнес истеблишмент қатарына кірген еді. Ол Газпромның директорлар кеңесінде болды. Соғыс басталғаннан кейін бір айдың ішінде Газпромдағы лауазымнан бас тартқан.

Құлыбаевтарға санкция салынса, Халық Банк ауыр жағдайға душар болатыны сөзсіз. Себебі, олигархтар отбасы Қазақстандағы ең ірі банктің 69,51 пайызына "АЛМЭКС" холдингі арқылы иелік етеді. Және Халық Банк санкцияға ұшырамас үшін, оның акцияларын басқа тұлғаға тапсыруға мәжбүр болады.

Әкежан Қажыгелдин мен Серік Медетбековтың қолында Қазақстанды 30 жыл билеген клептократиялық режимнің шетелдегі активтері бойынша толық ақпарат бар. Ол бойынша, Құлыбаевтар, Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева, Қайрат Шәріпбаев, Димаш Досан, Әлия Назарбаевалардың активтеріне құрық салып, елге қайтаруға болады.

Онда Әкежан Қажыгелдинге "Халық қаһарманы" атағы беріліп, толық ақталып, елге қайтатын жол ашылады.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍264👏20🔥18😁52🥰2😱2
🪨 Тас түскен жеріне қызыл

"Русский дом" арқылы қазақ балаларын Қырымға демалуға жіберіп жатқан Россотрудничество қайткен күнде де Петропавлдың атын Қызылжарға ауыстыртпау бойынша алдына мақсат қойып отыр.

Бұл бағыт бойынша "Ресейдің жұмсақ күші" саналатын ұйым енді ОДКБ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен тығыз әріптестік орнатпақ. Иманғали Нұрғалиұлының Сенат депутаттары мен Қызылжар әкімдігі арқылы бұл мәселеге араласуға мүмкіндігі мен саяси салмағы бар. Мамырдағы ұзақ демалыстан кейін Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Тасмағамбетовке арнайы кіріп шығуды ойластырып отыр. Екеуі де Мәскеуде тұрады. ОДКБ секретариаты Сверчков көшесінде орналасқан.

Кремль Қазақстандағы болашақ президент сайлауында Тасмағамбетовты өз кандидаты ретінде көріп отыр. Оған дайындықтың белсенді фазасы 2025 жылдары басталады деп ойластырылған. Бірақ ол конфигурацияны жоспарлап отырған Путин емес, президент әкімшілігін басқаратын Сергей Кириенко мен болашақ Ресей президенті Дмитрий Патрушев. Путин болса, қазір Украина мәселесінен басқа ешбір сұраққа бас қатырғысы келмейді.

Дмитрий Патрушев - ФСБ директоры Николай Патрушевтың баласы. Қазір ол Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында тәжірибе жинақтауда. Патрушев Путинге қауіпсіздік гарантиясын бергеннен кейін, тараптар осы шешімге келгендей болған.

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан бойынша кітапты ең көп оқыған 100 адамның қатарына кіреді. Ол орыс классиктерінің туындысын, мәдениетін, музыкасын терең меңгерді. Онымен бірге, қазақ классикалық әдебиетінің академигі десе де болады. Иманғали Нұрғалиұлы талай жазушымен жеке таныс, рухани әлемді бес саусағындай біледі.

Иманғали Тасмағамбетовтың ұлты қазақ. Сондықтан, Ресей ол арқылы өз саясатын жүргізсе де, Нұрғалиұлының жүрегінің түбіне қазаққа деген жанашырлық, ұлттық мүдде қалды деп ақырына дейін сенеміз. Сол кезде ғана мемлекеттің болашағына алаңдамауға болады.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍112😱30😁2111😢5🔥4👏4
💥 Құлыбаев әлде Жұманғарин: Қазақстан тарихында тұңғыш рет санкцияға ұшыраған тұлға кім болады?

Еурокомиссия бүгінгі отырысында санкциялардың 11-ші пакетін талқылайды. Комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйеннің ұсынысымен таныс Reuter дереккөзі, Қытай, Қазақстан, Иран мен Өзбекстанның бірқатар сауда компанияларына санкция салу мәселесі нақты қарастырылады дейді. Нақты қай компанияға санкция салынатыны туралы ақпарат жоқ.

Польша мен Литва "Қазақстанның сауда қатынасына жауапты шенеуіктеріне де санкция салайық" деген қатқыл ұсыныспен шыққан. Әңгіме - ҚР Вице-Премьері, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин туралы жүрген сияқты. Бірақ оған Нидерланды, Италия мен Франция өкілдері қарсы болды. Осы үш елдің Қазақстанда активтері мен инвестициялары бар екенін ескерсек, олардың Ақорданы ренжіткісі келмейтінін аңғаруға болады.

Жалпы, Польшаның Қазақстанды аса жақтырмайтыны байқалады. Бір ай бұрын Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын беруді қиындату осы Польша жақтан шыққан бастама еді. Ресми Варшава Қазақстанға сыни көзбен жиі қарайды. Оның нақты себептері белгісіз.

Жұманғарин бе, Құлыбаев па? Қайсысы санкцияны бірінші алады? Экс премьер Әкежан Қажыгелдиннің Вашингтонға барып, отандық олигарх Тимур Құлыбаевқа санкция салуын сұрайтыны бойынша жазған болатынбыз. Оны АҚШ қанағаттандыра ма, әлде Қажыгелдиннің меселін қайтара ма, уақыт көрсетеді.

Уақыт бәрін орнына қойды. Енді біз оларға емес, Батыс бізге қарап: "Жынымды келтірмеңізші" деп тұрған сияқты.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍105🔥9👏42🥰1😁1🙏1
⚡️ "Жаңа Қазақстан" Тимур Құлыбаевқа бір қадам жақындады

Антикор Абылай Мырзахметовтың ұсталғанын растады. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы 30 миллион 💰 парамен ұсталған.

Абылай Мырзахметовтың отандық истиблешмент тарихында ең үлкен "пара алды" деген айыппен құрықталуы біздегі реформацияның кезекті үлкен қадамы болмақ.

❗️ Бір сөзбен айтқанда, егер Мырзахметов антикор тергеушілеріне бар шындықты жайып тастаса, онда "отбасы" гештальтін жабуға зор мүмкіндік ашылмақ.

Мырзахметов 30 милллион долларды өзі үшін алмайтыны белгілі. Оған калибрі жетпейді. Сұрақ - кім үшін алды? Осы "кім" деген сұраққа жауап табу "Жаңа Қазақстанның" басты міндеті.

Құлыбаевтың "оң қолы" бұған дейін де істі болған. 2002 жылы Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған Мырзахметов жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп, қызметінен босатылған. 2003 жылы ол 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді.

Арна оқырманы, сіз біздің тарихи кезеңде өмір сүріп жатқанымызды түсінесіз бе? 30 жыл бойы құрылған клептократиялық режим домино сияқты бір күнде құлайтын болады. Оған сәл қалды.

Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍202🔥178👏6😱5😁4🥰2😢2🙏2
🏖️ Саяхатты ұнатасыз ба? Сізге тиімді ұсыныс бар

«Саяхатшыларды қорғау» –Home Credit Bank-тен сатып алуға болатын «Сентрас Иншуранс» СК АҚ сақтандыру өнімі. Әуесқой туристер үшін бір жылға 5800 теңгеге сақтандыруды мұқият қарастырған жөн. Ал демалысын нақты жоспарлаған адамдар үш айға 2320 теңгеге сақтандыру алуға болады. Сақтандыру полисін сатып алу бұл шығындарды төлеуден әлдеқайда тиімді, себебі былай есептегенде сақтандыру төлемі 1 миллион теңгеге дейін жетеді.

Сақтандыруды қалай рәсімдеуге болады? Мына сайтқа өтіп, онлайн өтініш беріңіз.

#PR
👍28🔥2👏21🙏1
🎤 Қазақ телеграмы мойындалды

Қазақстандағы байқаулар тарихында тұңғыш рет телеграм арна ақпараттық серіктес статусын алуы мүмкін.

DALA INSIDE телеграм арнасы терең тарихы бар "Жас Қанат" ән байқауының ақпараттық серіктесі болуға келіссөздер бастады.

Мұндай байқауларға бұрын ақпараттық серіктес ретінде тек дәстүрлі БАҚ тартылатын. Жыл санап жағдай өзгеріп келе жатқан сияқты.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍94🔥8👏3👌1
👉 «Жас қанат-2023» байқауына баратындар анықталды

Олардың жалпы саны 20. Әр облыс пен республикалық маңызы бар қала атынан тек бір өнерпаз қатысатын болады. Гала-концерт Алматыда өтпек.

«Жас қанат» байқауы 3 жылдық үзілістен кейін қайта жаңғырды. Тек, өкінішке орай, еліміздің бұл ірі мәдени шарасы оның негізін қалаған Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономаревсіз өтпек. Бірақ байқау ұйымдастырушылары «Жас Қанат-2023» өз атына лайық өтуі үшін барын салмақ.

«Жас қанат» ел тәуелсіздігінің құрдасы. Байқау елмен бірге қиыншылық пен сәттілікті, жеңіс пен жеңілісті де көріп шықты. Тәуелсіз мемлекетпен бірге өсті, өркендеді. Бүгіндері халықты өз шығармашылығымен қуантып жүрген жұлдыздар осы байқаудың арқасында үлкен сахнаға жолдама алған еді. Олардың ішінде – Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Жанар Дұғалова, Мәдина Сәдуақасова, Құрмаш Маханов, Сәкен Майғазиев, Гауһар Қаспақова, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Гүлнұр Оразымбетова сынды өнер саңлақтары бар.

2012 жылы жас әнші Димаш Құдайберген осы байқаудың бірінші жүлдесінің лауреаты атанған болатын. Артынан қазақ халқының мақтанышына айналған Димаштың әкесі Қанат Айтбаев ұлының бүгінгі жетістіктерінде «Жас қанат» байқауының үлесі бар екенін ерекше атап өткен.

«Жас қанат-2023» байқауы 29 мамыр мен 3 маусым аралығында Республика сарайында өтеді. Жас таланттар мен әсерлі музыка әлемі қиысқан сиқырлы мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар штаб-пәтерінде бірінен-бірі асып түсетін небір идеялар дүниеге келуде.

👉 DALA INSIDE қазақ телеграмы тарихында тұңғыш рет мұндай байқаудың ақпараттық серіктесі атанды

#PR

https://xn--r1a.website/dalainside
👍74🔥52👏2😁2😱1
🏒Норвегия vs Казахстан матчында 10 000₸ дейін қайтару мүмкіндігі

🇰🇿Біздің батыл жігіттер Норвегиямен ойнайды және бұл оңай ойын емес. Норвегия құрамасы соңғы жылдары өте жақсы ойнап жүр. Бірақ онымен топтағы маңызды ұпайлар үшін таласуға болады.

🔵1XBET өзінің сүйікті "Тәуекелсіз ұтыс тігу" акциясын дайындады. Ұтыс тігудің нәтижесі туралы алаңдамаңыз, өйткені ұтылсаңыз 1XBET 10 000 қайтарады. Біздің құрамаға қолдау көрсетіңіз!

Толық ақпарат сілтемеде

Барлық оқиғалардан, сондай-ақ супержүлделер мен фрибеттерден хабардар болыңыз

#PR
🔥9😢6👍52👏1