💥 Болат Назарбаев: Шегінерге жер жоқ, артымызда Никольский
Бүгін Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды. Қарасай аудандық соты «Барыс» автобазары орналасқан 37,6 гектар жер телімін сатып алу келісімін жарамсыз деп тану туралы прокуратура арызын қанағаттандырды.
Оның алдында Болат Назарбаев Алматыдағы "Оптовка" базарынан да үмітін үзген. Өткен жылдың қазан айында сот оптовканы басқаратын "Найза-БН" фирмасын мемлекетке қайтару туралы шешім шығарған болатын. Себебі, 1,5 миллиард теңге тұратын базарды Болат Назарбаев небары 300 миллион теңгеге сатып алған еді.
Енді Болат Назарбаевта Алматының қақ ортасындағы "Никольский" базары ғана қалды. Оған базарды 2017 жылдары Жер қатынастары басқармасында басшының орынбасары болған Ардақ Самамбетов деген шенеуік өз бұйрығымен аударып берген.
DALA INSIDE дереккөзі, Болат Назарбаевтың өз каналдары арқылы "Жаңа Қазақстан" билігіне ескерту жасағанын хабарлайды. Егер құзырлы органдар "Никольский" базарын коммуналды меншікке қайтару туралы сөз қозғай бастаса, онда "Бөкең" биліктің әлсіз тұсы - Жаңаөзен жұмысшыларымен байланыс орната бастамақ. Ол үшін жас, көзге түсіп жүрген оппозиционерлермен астыртын келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.
https://xn--r1a.website/dalainside

👍90😁41🖕6❤5🔥4👏1🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Петропавлда псевдоқозғалыс құрып, Қазақстаннан бөлінгісі келген провокаторлар қамауға алынды
"Үш адам ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды. Қалған адамдарға да тергеу амалдары жүріп жатыр. облыстық ҰҚК департаментімен бірлескен тергеу комиссия жұмыс істеп жатыр.
Саясаттанушылар мен өзге де мамандар сараптама жасап, "сепаратизм және мемлекеттік құрылысқа қауіп төндіру" деген қорытынды жасады. Бұл – ауыр қылмыс санатына жатады. Он жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – облыстық прокуратура өкілі.
Солтүстік Қазақстанда 19 адам 19 наурыз күні "Халық кеңесін" құрып, "Қазақстаннан бөлінеміз" деп мәлімдеген видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырған еді. Кейін қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.
Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

👍196🔥11👏9🙏4😡1
🌱 АЭС керек екенін экологтар да түсініп отыр
«АЭС салуға болашақ өмірдің өзі мәжбүр етіп отыр», - дейді, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультеті, ЮНЕСКО және тұрақты даму кафедрасының профессоры Жұманәлі Еркінбекұлы. Себебі, баламалы энергия көздерін жаңғыртайық десек, жел Қазақстанның барлық жерінде үздіксіз соқпайды. Оған қоятын электр станциясының күші жетіспейді.
«Құлама су болса – тапшы. Күннен өндіру үшін таза кварц керек. Ол – қымбат. Егер бәрін ойластырып істесек, қоршаған ортаға, Балқашқа зияны тимейтіндей амалын жасауға болады. Өндіріске қажетті су тұщы болуы керек Сондықтан АЭС салудан басқа жол жоқ. Таразыға салсақ, АЭС-ке жүгінеміз. Айналасы 50 жылда мұнай қоры таусылады. Қазір қаржы көзі бар кезде елімізде неге энергиямен қамтамасыз етіп алмасқа?»
Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры Мәнсия Садырова, АЭС керек, тек енді халыққа соны түсіндіру маңызды дейді.
«Әлемнің 30-дан астам елінде бар. Халық арасында АЭС-тың пайдасын, оның қаншалықты қоғамға беретін оң әсерін, қаншалықты экологияға тиімді екенін түсіндіретін шараларды жалғастыра берсе, халықтың ой-пікірі оңалады деп ойлаймын. АЭС салу – заманның талабы. Дүниежүзілік алпауыт елдер энергияны осы дүниеден алып, қолданып отырғалы қай заман. Ол бізге керек. Атом энергиясы – таза энергия. Негізінен біздің қазіргі қолданып жүрген энергия көздеріне қарағанда АЭС арқылы алынған энергияның экологияға зияны керісінше аз»
https://dalainside.kz/04/jana-qazaqstan/18/2023/937/

DALA инсайд
Эколог мамандар: АЭС-тен Балқашқа келер қауіп жоқ - DALA инсайд
АЭС-те радиоактивті қалдықтар сыртқа шықпайды. Бірнеше контур болады. Сол контур бойында салқындатылады
👍47😡10❤2🤩1
⚡️ Жаңа Қазақстанға жаңа қатер төнді: Әблязовпен байланысы бар ұйым Ақорданы әбігерге салғалы тұр
Украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үйдің табалдырығын тоздырып жүр деп жазады Dalainside.
Кремльмен шайқасып жатқан Киевке көмек көрсетуді сұрап Вашингтондағы беделді шенділермен келіссөз жүргізетін қор соңғы кездері Жаңа Қазақстанға шүйлігетін әдет тапқан. Ақорда пен Киевтің арасы араз емес. Қазақ билігі Украинаның аумақтық тұтастығына сый-құрметпен қарайтынын әлденеше рет мәлімдеген.
Солай бола тұра соңғы уақта қор жетекшісі Людмила Козловскаяның риторикасы күрт өзгерген. Intelligenceonline.com мәліметіне сай украин заңгерінің қолында Тоқаевтың Путиннің"құпия одақтасы" екенін дәлелдейтін айғақтар бар. Ақорда Кремльге санкциядан айналып өтуге жәрдемдесіп жатыр.
DALA INSIDE дереккөзінің айтуы бойынша Козловская 23 наурызда "Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама әзірлеп, 🇺🇸 АҚШ-тың Әділет министрлігіне тапсырған. Американың FARA (Foreign Agents Registration Act) "шетел агенттері" туралы заңының алгоритмі осыны талап етеді. Баяндаманың контексі - "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.
Бұған Мұхтар Әблязовтың қандай қатысы бар? Біздің топшылауымызша "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырып отыр.
Мұндай ұйғарым жасауға бірнеше логикалық себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге дерлік Қазақстанға қатысты. "Тоқаевтың Путинге болысып отырғанын дәлелдейтін" баяндама жасап, оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа алғыс айтқан. "Ашық диалогтың" Әблязовпен аффирленгеніне бұған дейін Батыстағы бірқатар тәуелсіз ұйымдар да назар аударған еді.
Dalainside Козловскаяның ресми Киевке қаншалықты қатысы барын алдағы уақытта анықтайды. Білеріміз, украин лоббисінің Колумбия округіндегі (District of Columbia) тірегі күшті, тілеулестері көп. Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тандемі күш біріктірген болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.
Әблязов пен Козловскаяның арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде жатыр, ол жайлы осыдан бірнеше жыл бұрын елдегі сарыжағал басылымдар жарыса жазған. DALA INSIDE бұған қатысты дақпырт пен қаңқу сөзден бойын аулақ ұстайды.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үйдің табалдырығын тоздырып жүр деп жазады Dalainside.
Кремльмен шайқасып жатқан Киевке көмек көрсетуді сұрап Вашингтондағы беделді шенділермен келіссөз жүргізетін қор соңғы кездері Жаңа Қазақстанға шүйлігетін әдет тапқан. Ақорда пен Киевтің арасы араз емес. Қазақ билігі Украинаның аумақтық тұтастығына сый-құрметпен қарайтынын әлденеше рет мәлімдеген.
Солай бола тұра соңғы уақта қор жетекшісі Людмила Козловскаяның риторикасы күрт өзгерген. Intelligenceonline.com мәліметіне сай украин заңгерінің қолында Тоқаевтың Путиннің
DALA INSIDE дереккөзінің айтуы бойынша Козловская 23 наурызда "Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама әзірлеп, 🇺🇸 АҚШ-тың Әділет министрлігіне тапсырған. Американың FARA (Foreign Agents Registration Act) "шетел агенттері" туралы заңының алгоритмі осыны талап етеді. Баяндаманың контексі - "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.
Бұған Мұхтар Әблязовтың қандай қатысы бар? Біздің топшылауымызша "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырып отыр.
Мұндай ұйғарым жасауға бірнеше логикалық себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге дерлік Қазақстанға қатысты. "Тоқаевтың Путинге болысып отырғанын дәлелдейтін" баяндама жасап, оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа алғыс айтқан. "Ашық диалогтың" Әблязовпен аффирленгеніне бұған дейін Батыстағы бірқатар тәуелсіз ұйымдар да назар аударған еді.
Dalainside Козловскаяның ресми Киевке қаншалықты қатысы барын алдағы уақытта анықтайды. Білеріміз, украин лоббисінің Колумбия округіндегі (District of Columbia) тірегі күшті, тілеулестері көп. Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тандемі күш біріктірген болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.
Әблязов пен Козловскаяның арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде жатыр, ол жайлы осыдан бірнеше жыл бұрын елдегі сарыжағал басылымдар жарыса жазған. DALA INSIDE бұған қатысты дақпырт пен қаңқу сөзден бойын аулақ ұстайды.
Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍97😱9👏5🔥4🖕4❤3🙏1
⚡️ Дариға Назарбаева Лондондағы зәулім сарайын сатып, тыныштық тапты
Выходу к морю телеграм арнасынан жеткен хабар бойынша атышулы Дариға Назарбаева Лондондағы дүние-мүліктерінен біртіндеп арыла бастаған. Соның ішінде ағылшынның әйгілі жазушысы Артур Конан Дойлдың кейіпкерлері Шерлок Холмс пен доктор Ватсон тұрды деген Бейкер-стриттегі (221б) үй көптен бері көпшіліктің назарын аударып жүрген-ді.
Бейкер-стриттегі үйдің қожайыны Дариға Назарбаева екенін 2015 жылы Global Whitness зерттеу жобасы анықтаған.
Ол кезде Назарбаеваның иелігіндегі үй 185 млн фунт стерлингке бағалаған-ды (теңгеге шаққанда 84 млрд!). Мұны The Times газеті де растаған-тұғын. Аталған басылым кезінде Бейкер-стриттегі үйді Дариға Назарбаеваның экс-күйеуі Рахат Әлиев 140 млн фунт стерлингке сатып алғанын жазған.
Рахат Әлиев қаза болғаннан кейін әйгілі үй Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәлі Әлиевтің иелігіне өткен еді.
Осыған дейін Бейкер-стриттегі әйгілі үй Farmont Baker Street Ltd компаниясына тиесілі болған. Аталған компания БАӘ-де тіркелген Landmark Network Real Estate LLC компаниясына қарағанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.
2022 жылы Farmont Baker Street компаниясының директоры мен заңды мекен жайы өзгерген. Осыдан кейін бизнес-реестрде біз сөз етіп отырған үйдің жаңа қожайындары ретінде Джош Баумгартен мен Адам Шварцтің есімдері атала бастады.
Джош Баумгартен мен Адам Шварц Angelo Gordon деп аталатын инвестициялық компанияның Лондондағы филиалының директоры болып қызмет атқарады. Активтері 53 млрд 💰-ды құрайтын Angelo Gordon американдық зейнетақы қорларының капиталдарын тиімді жобаларға инвестициялап пайда табатын компания.
Осыдан кейін Дариға Назарбаеваның Бейкер-стриттегі үйі Нью-Йорктың іргесіндегі Джерси қаласына тіркелген Baker Melcombe Property Ltd компаниясының иелігіне өтті. Дариға Назарбаева әлемнің назарын аударған үйді американдықтарға сатып, тыныш тапқан сынды.
Айтпақшы, кезінде 140 млн фунт стерлингке сатып алған үйін 110 млн-ға әрең өткізген Назарбаева 30 млн фунт стерлинг шығын шегіпті. Бірақ қойны-қонышы ақшаға толы Назарбаева үшін бұл бас ауыртатын мәселе емес. Қайда қалмаған миллиондар десеңізші?..
Ең бастысы енді оның құлағы тыныш: әлемдік ақпарат "Бейкер-стриттегі әйгілі үйді айлыққа қарап отырған Дариға Назарбаева қалай ғана алды?" деп қазбалауды доғарады.

👍70😡34❤5🔥3👏2😢1
⚡️ Біз мәңгүрт екенбіз! Қазақстанға қашып келген якут әншісінің ащы шындығы...
Соғысқа жол жоқ! No war! Сэрии суох буоллун! Тәуелсіздік таңы ататын күн жақын...
Әлемжелідегі "Азат Якутия" парақшасының қақ маңдайында осы үндеу менмұндалап тұр. Соғыс басталған тұста ашылған парақшаның аудиториясы соңғы уақытта күрт артып, сегіз мыңдық межеге жетті.
Бұл кездейсоқ емес. Өз жерінде ұрпақ өрбітіп, өсіп-өнгісі келетін ұлт ұлдарын ⚰️ ажалға айдап салған Кремльдің ырқынан шығуға тырысуда. Якуттардың сана-сезімінде бұрын-соңды болмаған трансформация жүріп жатыр.
Ал осынау қозғалыстың бастауында тұрған якут белсендісі, 🎸рок-әнші Айхал Аммосов жыл басында Ресейден Қазақстанға бас сауғалауға мәжбүр болды. Якутиядағы азаттық символына айналып үлгерген Аммосов "орыс әлемімен" ақырына дейін арпалысуға бел буып отыр.
Ата-анасының азан шақырып қойған аты -Игорь екен. Есейе келе түр-тұлғасының Игорекпен мүлде үйлеспейтінін, мұның зорлықпен таңған есім екенін түсінген. Айхал саха тілінде әйдік, әйгілі деген мағына береді.
"Холод" журналына сұхбат берген Аммосов орыстандыру саясатының зардабы якут халқының сүйегіне өтіп кеткенін айтыпты.
"Соғыстан қашқан якуттардың көпшілігі Қазақстанды паналады. Мұнда келгеннен кейін өзіміздің мәңгүрт екенімізді түсіндік.
Ресей бізді қойдай өргізіп, қозыдай көгендеген екен. Сөз саптауымыз, жүріс-тұрысымыз, ішер ас, киер киімімізге дейін орыстың исі сіңіпті. Якут көшелерінде мен секілді "Игорь" мен "Ивандар" өріп жүр. Олар бұл есімдерді басқыншылардың күшпен таңғанын білгісі де келмейді.
Қазақтар? Біз оларға қызыға қараймыз. Өз тілінде именбей, еркін сөйлеседі. Көше атауларын ұлттың арғы-бергі тарихындағы қайраткерлерге қайтарған. Бізде бұның бірі де жоқ. Якуттердің бүгінгі буыны мәңгүрттік дейін айықпас дертке шалдыққан. Ел билігі Кремльдің қазанын асып, отын жағып отыр...", - деп қынжылады Айхал.
Әйтсе де якуттардан күдер үзуге әлі ерте. Елде Путинді қамшының астына алуға әзір аудиторияның шоғыры ұлғайып келеді.
"Пропаганданың уыты өне-бойына тарай қоймаған ақыл-есі түзу якуттар Путиннің шапқыншылығын ақтамайды. Халықтың сабыр суы сарқылып, жанартаудай атқылауға шақ тұр. Бірақ бағдар берер, жол бастар көшбасшы жоқ. Путиннің тұсындағы Ресей якуттың бас көтерер белсенділерін қынадай қырды", - дейді Аммосов.
❗️ 2009 жылы Саха Республикасы (Якутия) тәуелсіздіктен бас тартты. Бас тартуға мәжбүр болды. Қазір ол Ресейдің құрамындағы шағын федералды аймақ, этникалық топ.
DALA экожүйесіне қарасты Dalanews.kz сайтында осыған байланысты: "Якутия тәуелсіздіктен айырылды. Қалай? Неге?" деген тақырыптағы сараптама жарық көрген ➝ dalanews.kz/yakutiya
Dalainside рок-әншімен көлемді сұхбат құруға талпынады. Бізге жеткен мәлімет бойынша Айхал Қазақстанда ұзақ аялдағысы келмейді, сондықтан асығу қажет. ФСБ якуттың рок-әншісін қолға түсіру үшін жанталасуда.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Соғысқа жол жоқ! No war! Сэрии суох буоллун! Тәуелсіздік таңы ататын күн жақын...
Әлемжелідегі "Азат Якутия" парақшасының қақ маңдайында осы үндеу менмұндалап тұр. Соғыс басталған тұста ашылған парақшаның аудиториясы соңғы уақытта күрт артып, сегіз мыңдық межеге жетті.
Бұл кездейсоқ емес. Өз жерінде ұрпақ өрбітіп, өсіп-өнгісі келетін ұлт ұлдарын ⚰️ ажалға айдап салған Кремльдің ырқынан шығуға тырысуда. Якуттардың сана-сезімінде бұрын-соңды болмаған трансформация жүріп жатыр.
Ал осынау қозғалыстың бастауында тұрған якут белсендісі, 🎸рок-әнші Айхал Аммосов жыл басында Ресейден Қазақстанға бас сауғалауға мәжбүр болды. Якутиядағы азаттық символына айналып үлгерген Аммосов "орыс әлемімен" ақырына дейін арпалысуға бел буып отыр.
Ата-анасының азан шақырып қойған аты -
"Холод" журналына сұхбат берген Аммосов орыстандыру саясатының зардабы якут халқының сүйегіне өтіп кеткенін айтыпты.
"Соғыстан қашқан якуттардың көпшілігі Қазақстанды паналады. Мұнда келгеннен кейін өзіміздің мәңгүрт екенімізді түсіндік.
Ресей бізді қойдай өргізіп, қозыдай көгендеген екен. Сөз саптауымыз, жүріс-тұрысымыз, ішер ас, киер киімімізге дейін орыстың исі сіңіпті. Якут көшелерінде мен секілді "Игорь" мен "Ивандар" өріп жүр. Олар бұл есімдерді басқыншылардың күшпен таңғанын білгісі де келмейді.
Қазақтар? Біз оларға қызыға қараймыз. Өз тілінде именбей, еркін сөйлеседі. Көше атауларын ұлттың арғы-бергі тарихындағы қайраткерлерге қайтарған. Бізде бұның бірі де жоқ. Якуттердің бүгінгі буыны мәңгүрттік дейін айықпас дертке шалдыққан. Ел билігі Кремльдің қазанын асып, отын жағып отыр...", - деп қынжылады Айхал.
Әйтсе де якуттардан күдер үзуге әлі ерте. Елде Путинді қамшының астына алуға әзір аудиторияның шоғыры ұлғайып келеді.
"Пропаганданың уыты өне-бойына тарай қоймаған ақыл-есі түзу якуттар Путиннің шапқыншылығын ақтамайды. Халықтың сабыр суы сарқылып, жанартаудай атқылауға шақ тұр. Бірақ бағдар берер, жол бастар көшбасшы жоқ. Путиннің тұсындағы Ресей якуттың бас көтерер белсенділерін қынадай қырды", - дейді Аммосов.
❗️ 2009 жылы Саха Республикасы (Якутия) тәуелсіздіктен бас тартты. Бас тартуға мәжбүр болды. Қазір ол Ресейдің құрамындағы шағын федералды аймақ, этникалық топ.
DALA экожүйесіне қарасты Dalanews.kz сайтында осыған байланысты: "Якутия тәуелсіздіктен айырылды. Қалай? Неге?" деген тақырыптағы сараптама жарық көрген ➝ dalanews.kz/yakutiya
Dalainside рок-әншімен көлемді сұхбат құруға талпынады. Бізге жеткен мәлімет бойынша Айхал Қазақстанда ұзақ аялдағысы келмейді, сондықтан асығу қажет. ФСБ якуттың рок-әншісін қолға түсіру үшін жанталасуда.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍156🔥13❤11😢9👏4😱4
🙍 Құда, ты куда?
Дербес зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке қатты ренжіді, дейді DALA INSIDE дереккөзі.
Сатқалиевтің қызы Анадэльдің Назарбаевтың бейресми ұлы Тауманмен неке қиғаны туралы хабар отандық ақпарат кеңістігінде кең тараған еді. Жеке басқа қатысты ақпараттың ресми орган болып табылатын ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі арқылы жоққа шығарылғаны қызық болды.
Бірақ, шын мәнінде, дереккөз 2019 жылы Лондонда бірге оқитын Анадэль мен Тауманның көңіл жарастырып, оған Алмасадам Сатқалиевтің рұқсат бергенін айтады. Ал Нұрсұлтан Назарбаев екі жасты шақырып алып, батасын беріп, сол кезде 15 жастағы Анадэльдің құлағына сырға салған.
Содан бері Алмасадам Сатқалиевтің тасы өрге жүріп, "Самұрық-Қазына" қорының тізгінін ұстаған болатын. Тәкаппарлық та пайда болды.
Бірақ "Қаңтар оқиғасынан" кейін бәрі күрт өзгерді. Кезінде Назарбаев Сатқалиевті биік лауазымдарға тағайындаса, енді соңғысы өзінің құда екенін мойындамады.
Ал қазақ "Құда мың жылдық" деуші еді.

😁136👍16🖕6❤4🔥3👏1
🙈 ChatGPT: Жамасын қайылдырды
Жасанды интеллекттің шала қазақ болуы DALA INSIDE жоспарларын бұзды. ChatGPT-мен интеграция аясында ол жазған пост мәтіндері мүлде түсініксіз, қисынсыз болып шығуда.
"Бізге уақыт керек сияқты. Алдағы уақытта жасанды интеллект қазақ тілін жетік меңгереді деген үмітіміз бар. Әзірге біз телеграм арнамызды жасанды интеллекттің қолына беруден бас тарттық. Бұрынғыдай авторлар істей береді", - деді, DALA INSIDE бас редакторы Думан Бықай.
Қазақ тілі - түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады.
ChatGPT - OpenAI компаниясының тілдік модельге негізделген жасанды интеллект өнімі.
DALA INSIDE - БАҚ ретінде тіркелген қазақтілді тұңғыш телеграм арна.

👍83❤7🔥4👏1
⚡️Күдебаевтың қашуына қырғыздың «Робин Гуды» көмектескен
Желіде Серік Күдебаевтың қашуын қылмыстық ортада «Коля-қырғыз» деген лақап атпен танымал қырғыздың қылмыс әлеміндегі серкесі Қамшы Көлбаев ұйымдастырды деген ақпарат тарауда.
Осы ретте қырғызстандық қылмыс әлемінің серкесі Көлбаевтың Қазақстанмен байланысы бар деген заңды сұрақ туындайды.
Қанды қаңтар оқиғасынан кейін Серік Күдебаевқа «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік» деген айып тағылып, іс қозғалған еді. Серік Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұра, қызметтік міндетін тастап, қарасын батырған болатын.
Сол кезде Алматы облысының экс-әкімі Қанат Бозымбаев 5 қаңтардағы облыстық штаб отырысында коменданттың барлық өкілеттігі генералға берілген айтқан-ды. Бірақ сол күні Серік Мырзақұлұлы кезекшілік пунктінен 300 шақырым жердегі туған ауылына тартып отырған.
Ал 2023 жылдың қаңтарында Серік Күдебаевқа қарсы сот ісі басталған болатын. Дәл осы күні ҚР Парламенті Мәжілісінде Қаңтар оқиғасы туралы фильм көрсетіліп, онда Алматы облысының полиция бастығының қарулы күзетпен бірге өзі күзетуі тиіс департамент ғимаратынан шығып кеткені көрсетліді.
Ал сәуірдің 1 мен 2-сі күні әлеуметтік желілерді Серік Күдебаевтың шетелге қашып кеткені жайында хабар тарады. Ол Қырғызстанған өтіп, одан әрі қарай Түркияға ұшып кеткенін оқырмандар жақсы біледі.
3 сәуірде Күдебаев ауруханадан сот залына жеткізілуі керек еді. Бірақ Талдықорған қалалық сотының судьясы сол Алматы облысының бұрынғы полиция басшысын іздеуге жариялады.
Қазір әлеуметтік желіде Күдебаевтың қашып кетуіне Қамшы Көлбаев көмектескені туралы ақпарат тарады. Айтпақшы, Қырғызстанда да бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ тергеушілер ресми түрде түсініктеме берген жоқ.
«Коля-қырғызды» көп адамдар байларды тонап, тапқанын кедейлерге бөліп беретін «Робин Гуд» атайды екен.
Айталық, Қырғызстанда пандемия кезде Қамшы Көлбаев белгілі тележүргізуші Ассоль Молдокматованың өтініші бойынша туған жері Шолпон-Атадағы ауруханаға медициналық құрал-жабдық сатып алып, қажетті дәрі-дәрмектерді алуға ақша берген еді.
Сонда оны «жерлестері үшін аянбайтын қырғыз халқының нағыз ұлы» деп атаған-ды.
Ал 2020 жылдың қазан айында Көлбаев қандай да бір себептермен қамауға алынып, Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Қылмыстық ұйым құру немесе оған қатысу» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Құқық қорғау және барлау органдарының мәліметінше, Көлбаевтың қылмыстық әрекеттері көптеген бағыттар бойынша өрбіген. Оған есірткі тасымалы, қару-жарақ саудасы, бопсалау, рэкет, жылжымайтын мүлік, тонау, автокөлік ұрлығы, бандитизм, ақшаны жылыстату, мемлекет мүлкін ұрлау және тапсырыс бойынша кісі өлтіру бойынша айыптар тағылған. Бірақ 2021 жылдың наурыз айында ол кепілмен босатылды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, қырғыздың Робин Гуды бір жылдары елін тастап, Қазақстанға да қоныс аударған деседі. Сол кезде Көлбаев Күдебаевпен ауыз жаласуы мүмкін.

👍48❤1😡1
🤜 Жұмысшыларын толқуға шығарған Жаңаөзендік "БерАли Маңғыстау" компаниясының басшылары сотталуы мүмкін
Ulysmedia.kz жазуынша, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі «БерАли Маңғыстау» компаниясы мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу бастаған.
Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша (бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру, яғни ұрлау) бойынша жүріп жатыр.
Жалған қызмет актілерін жасату арқылы біршама қаражат қолды болған. Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 200 миллион теңгені құрайды.
Қаржы мониторингі агенттігі ресми ақпарат берген жоқ. Істің анық-қанығы анықталуда.

👍65😁8❤5
Forwarded from Үйде жатпа!
Люкс по-алматински
немесе ең әдемі жеріміздің өзі осындай болса, онда біз қайтып туристер тартамыз?
Біз Алматыға The Ritz-Carlton фешенебельді отеліне ұшып келген, Есентайға жаққа қоныстанған шетелдіктің көзімен қарап көрдік.
Спойлер: егер ол Есентай өзенінің жағалауында қыдырамын деп далаға шықса, бұдан былай Алматыға ешқашан келмейтін секілді. Себебін эко авторымыз дайындаған арнайы репортаждан оқыңыз.
Өте қызықты материал👇
https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/ljuks-po-almatinski-the-ritz-carlton-feshenebeldi-ona-jine-ayalda-an-sheteldik-turisti-nege-dala-a-shy-pa-any-d-rys/

Үйде жатпа
Люкс по-алматински. The Ritz-Carlton қонақүйіне аялдаған шетелдік далаға шықпасын деп тілейік - Үйде жатпа
Шетелдіктер бізге келіп, көрікті жерлерімізді көрсін дейміз. Бірақ ол үшін қарапайым, болмашы нәрселерді де жасай алмай отырмыз. Сол себепті, алдымыз әдемі болғанымен, артымыз ашық болып тұр
👍45😱12😁4😢4
🇰🇿📈🇨🇳 "Қорғастың" ашылуы мен Юань көктемі. Теңге биржада жыбырлай ма?
Бүгін "Қорғас" халықаралық сауда орталығы қайта ашылды. Ол 2020 жылы пандемия кезінде жабылып қалған болатын.
Қазақстан-Қытай шекарасының ашылуы, визалық шектеулердің алынып тасталуы екі ай бұрын Қазақстанның бас импортері атанған Қытайдың осы позициясын жақсы күшейте алады. Біз Ресейден толық Қытайға бұрылдық. Осы ретте мұнай бағасымен қатар теңге курсына әсер ететін екінші фактор - сыртқы сауда балансына қатысты сұрақтар туындайды.
2022 жылы сыртқы сауда профициті 36,3 миллиард долларды құрады. Яғни, баланс жағымды болып, біз экспорттаған тауар бағасы импорттан 36,6 миллиард долларға асты. Жағымды баланс ұлттық валютаның күшті болуын қамтамасыз етеді.
Биыл жағымды баланстан айрылып, сауда балансында дефицит болатын түрі бар. Қытайдан көбейетін импорт инфляцияның төмендеуіне себеп болса да, теңге бағамын сәл құлдырататынын болжай аламыз.
Үкімет үшін ұлттық валютаның идеалды курсы - долларына 470 теңге. Бюджет осы параметрмен жасалған болатын. Және теңге сол межемге тез жете алады.
Елде юаньмен операция көбейетіндіктен, және Ресейдің валюталық корзинасы юаньға ауысқандықтан, Қытай ақшасы курсының өсу мүмкіндігі жоғары. Себебі, сұраныс артатыны көрініп тұр.

😡44👍20❤2👏2😱1🙏1
🔥 Рамиль Мухоряповтың бизнесі Тимур Турловқа өтті
Тимур Турлов иелік ететін Freedom Holding Corp. "Chocotravel" (ішіне Aviata да кіреді) сервисін сатып алды. Ол үшін Турлов 32,3 миллион доллар төледі. Мәміле жыл соңына дейін жабылуы тиіс.
«Біз өз клиенттеріміз үшін цифрлық сервистердің толық құнды экожүйесін құрудамыз, сондықтан Aviata мен Chocotravel-дің сервистерін сатып алу — бұл топтың дамуына қисынды үлес», - деді, Тимур Турлов.
Choco холдингі енді тек жеткізіп берумен айналыспақ. Бұл нарықта оларға Glovo, Wolt пен Яндекс сынды азулы бәсекелестер бар. Ал Рамиль Мухоряпов Турлов ұсынған ақшаға қарыздарын жаппақ. Сонымен қатар, ол бизнесті басқаруды Николай Мазенцевке толық тапсырып, шетелде біраз демалуы мүмкін. Себебі, соңғы уақыттары Қазақстанда тұру Мухоряпов үшін психологиялық жағынан қиын болған еді.
Екі қошқардың басы бір қазанға сия ма? Бұған дейін нарықтағы қаржы сервистерінің екі IT-алпауыты Турлов (Freedom) пен Ломтадзе (Kaspi) бір-бірін орағытып, тіке бәсекелестіктен қашып жүрген еді. Турлов Каспидің огородына кірмей, цифрлі сақтандыру мен ипотеканы айналдырып жүрсе, Ломтадзе тек жеке және заңды тұлғалар кредитін, Kaspi.kz қосымшасындағы төлемдер, аударымдар, билет сату бағытын дамытып келген.
Сонымен Турлов Ломтадзенің тікелей бәсекелесі Chocotravel-ді сатып алды. Демек, жекпе-жек енді басталады. Kaspi Travel vs Chocotravel. Попкорн дайын тұрсын.
Ал Мухоряпов демалсын. Нағыз акулалар енді келді.
#PR

👍84🔥10❤7👏3🙏1
💸🙍 Инфляциямен не істейміз? Ұлттық Банк барлық сарапшылар, экономистер, қаржыгерлер мен профессорларды жинады
Ұлттық Банк Алматыда «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуде.
Басты сұрақ - инфляцияны таргеттеу моделі, яғни 2025 жылдан бастап инфляцияны 3-4% түсіру бойынша мақсаттың қаншалықты дұрыс қойылғанын бағалау. Оған сырттан келген тәуелсіз тарап өз пікірін айтуы тиіс.
Инфляциямен күресте барлық мемлекеттік органдар жұмысының үйлесім табуы да сөз болады. Бұл ретте, әңгіме бюджеттік қағидаға тіреліп тұр.
"Проциклдік фискалдық саясат, экономиканың теңгерімсіз құрылымы кезінде эмиссиялық қаржыландыру түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар инфляцияның рекордты жеделдеуіне қолайлы негіз болды", - деді, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.
Және баға неден өсіп жатыр? Оның негізгі себептерін анықтау қажет. Бұл сұрақтарға сыртқы тараптың бағасы алынса, Ұлттық Банк ақша-несие саясатын анағұрлым тиімді жүргізуге қосымша мүмкіндік алатын болады.

👍38🔥4👏4❤1😢1
👀 Атаманның ақыры. Тимур Құлыбаевқа да тықыр таянды
Назарбаевтың күйеу баласы демонополизацияланбақ. Экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы отырысы кезінде "Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының бірі заңсыз жекешелендірілген" деген пікір айтылды. Ал Премьер-Министр Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға бұл мәселені қолданыстағы заңнама аясында пысықтауды тапсырды.
@NRG_monitor дереккөздерінің ақпараты бойынша әңгіме "PetroRetail" компаниясы төңірегінде болып отыр. Бұл Тимур Құлыбаевтың компаниясы, ол бұрын "ҚазМұнайГаз" деген атымен белгілі болған "QazaqOil" АЗС-теріне иелік етеді.
Өз кезегінде @dalainside дереккөзі Тимур Құлыбаевтың АЗС желісін өзінде қалдыру мүмкіндігі бар екенін айтады. Әңгіме жекешелендіру кезінде соның қолына өтіп кеткен мемлекеттік мүліктің аукцион барысында тым арзан бағалануында. Егер келіссөздер барысында Тимур Құлыбаев онымен келіссе, онда мемлекетке үстінен қомақты қаржы төлеп, "PetroRetail" активтерін өзінде қалдыра алады.
Гегельді көрген, Бабельді де біле алады
Тимур Құлыбаев - тамаша стратег. Бірақ осы қабілетінің барлығын ол өзін байыту үшін ғана жұмсады. PetroRetail - оның керемет дайындалған, ұзақ операциясы. Ол шамамен 12 жыл уақыт алды. Естеріңізде болса, 2014 жылдан бастап сіздер "Мемлекет - нашар менеджер" деген қанатты сөзді жиі ести бастадыңыздар. Осы тұжырымның артында, мемлекет көп шығындалған, негізін қалап берген бизнестер тиімсіз, жекеге берейік деген ұсыныстар айтыла бастады. Оның бәрі жайдан-жай емес еді.
"Ребрендинг пен реакционеринг" операциясы
Тимур Құлыбаев елдің мұнайгаз саласының кураторы болғандықтан, 2000 жылдардан бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жеке АЗС желілерін салу бойынша бастамасына қатысы болғаны анық. Сол жылдары "ҚазМұнайГаз Өнімдері", "Торговый дом «КазМунайГаз" еншілес ұйымдары ашылып, АЗС желісін кеңейту үшін инвестициялар құйылды. Сол кездегі «Торговый дом «КазМунайГаз» бас директоры Төлеген Бозжановтың ақпараты бойынша, бір жаңа станция тұрғызудың құны 500-900 мың доллардың аралығында болған.
Ал 2019 жылы жеке қолға өтер алдында осы бизнесті мемлекет атынан басқарып отырған «KMG-Retail» фирмасы 301 жанармай бекетіне иелік етіп тұрды. Сатылар алдында бизнес тәуелсіз бағалаудан өтті. Deloitte жүргізген бағалау есебіне сай, бүкіл мемлекеттің еңбегі 59,9 миллиард теңгеге бағаланған.
Мемлекет жаман менеджер емес еді. «KMG-Retail» 2018-2019 жылдары елге 6,8 миллиард теңге табыс әкелді. Сонысына қарамастан, АЗС желісі мемлекет үшін артық жүк деп танылып, 2019 жылдың 1 сәуірінде оны «PetroRetail» фирмасы 60,5 миллиард теңгеге (сол кезде 163,3 миллион доллар) сатып алады. Ол фирма аукционға небәрі 12 күн қалғанда құрылған. Электронды үкімет деректері бойынша, оның құрылтайшысы ретінде «Prime case» ЖШС, «East Trade Solutions» ЖШС, Бақыт Сағынтаева мен Руфат Ходжалақов көрсетілген. Ал «Prime case» ЖШС «Head Company» фирмасы мен Данияр Абулғазинге тіркелген. Данияр Абулғазиннің Тимур Құлыбаевтың талай жылдан бері бірге келе жатқан сенімді серіктесі екенін айтуға болады. Сөйтіп жекешелендіруден 2 жыл өткеннен кейін, Тимур Құлыбаевқа қарасты «Joint Technologies» фирмасы ың-шыңсыз «PetroRetail» құрылтайшысы атана салады.
Осылайша, Тимур Құлыбаев іске асырған ұзақ мерзімді шахмат жүрісі 2021 жылы аяқталды. Оның негізгі кезеңі - яғни мемлекеттің долларларын шашып, болашақта жекешеленетін бизнестің базасын құрып алу 2009 жылы басталған еді. 12 жылдық операция күйеу бала үшін сәтті аяқталғандай көрінген. Бірақ әттең, "Қаңтар оқиғасы" орын алып, заман өзгеріп, Құлыбаев өз еңбегінің жемісін жей алмады.
Іші жаңарып, құлпырып тұрған "QazaqOil" заправкасынан бензин құйдырып, қызыл жилет киген кассир қызбен әзілдесіп тұрғанда, осы керемет оқиғаны есіңізге алсаңыз болады.

👍74🔥58😁14❤6🙏1
🔥Манчестер Сити vs Арсенал матчында 10 000₸ дейін қайтару мүмкіндігі
АПЛ-дағы чемпиондық үшін күрес. "Манчестер Сити" чемпионат көшбасшысы "Арсеналды" қабылдайды. Ұзақ уақыт бойы лондондық команда бірінші сапты ұстады және жеңілген жағдайда оны қарсыласына беруі мүмкін. "МанСитидің" жүрісі жақсы және бұл матчта жетістікке жетуге тырысады, бірақ біз Чемпиондар лигасын ұмытпауымыз керек, ол үшін жауынгерлік құрамды сақтау керек. Екі команда үшін де өте маңызды матч.
🔵 Сондықтан 1XBET «Тәуекелсіз ұтыс тігу» акциясына қатысуды ұсынады. Спорт эмоцияларының бас демеушісі ұтыс тігу сәтсіз болған жағдайда, 10 000 дейін қайтарады. 1XBET бірге алаң болмаңыз.
👉 Толығырақ сілтемеде

🖕35👍10🔥3😁3❤2😱2😢2👏1
🌱🇪🇺 Еуроодақ «жасыл энергия» таксаномиясына атом энергетикасы саласын да енгізді
Енді Еурокомиссия әзірлеген «жасыл энергетиканы» дамыту бойынша арнайы жоспарға сай, жасыл энергетикаға 250 миллиард еуро субсидия бөлінетін болады. Демек, болашақта атом электр станцияларының құрылысы да субсидиялануы мүмкін. Мұны Еуроодақ өзінің болашақ энергетикалық қауіпсіздігі үшін жасап отыр. Олар баламалы энергетикада АҚШ пен Қытай алға озып кетеді деп қауіптенеді. Себебі, Қытай алдағы 15 жылда 50 АЭС салуға шешім қабылдаған. Онымен қатар, аспан асты елі күн панельдерінің технологиясын барынша арзандатып, одан алынатын электр энергиясының құнын түсіруге бекініп отыр. Сол себепті, энергетика нарығында көштен қалып қою мүмкіндігі Еуропа елдерін кәдімгідей мазалауда.
Қазақстан да өз стратегиясы бойынша 2060 жылы толық мұнай мен көмір жағудан арылуы тиіс. Еліміз жасыл энергияны дамытудың бір бағыты ретінде атом электр станциялары құрылысын қарастырады. Қазір ғалымдар, экологтар бас қосып, осы құрылыстың аспектілері мен қоршаған ортаға әсерін жан-жақты талқылай бастады.
https://dalainside.kz/04/manyzdy/26/2023/949/

Экологтар АЭС жобасына сараптама жасамақ - DALA инсайд
Экологтар АЭС құрылысын қолдайды. Бастысы - ол қоршаған ортаға зиян тигізбеуі керек
👏26👍12❤5👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Айтқанымыз айдай келді: Әблязов-Козловская тандемі Жаңа Қазақстанды санкция батпағына батырмақ...
Бұған дейін Dalainside украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үй табалдырығын тоздырып жүргенін хабарлаған.
"Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама әзірлеген Козловская әлгі құжатты АҚШ-тың Әділет министрлігіне апарып тапсырған.
DALA INSIDE "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырады деген-ді. Бұған арна оқырмандарының біразыкүмән келтірген .
Артынша Әблязовтың өзі де мәлімдеме жасап, Ақорданы "Ресейге санкцияны айналып өтуге жәрдемдесіп жатыр" деп айыптады.
Мұқаң Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қорының деректеріне сүйеніп отыр. Баяндама өзегі - "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.
"Ашық диалогтың" арғы жағында Әблязовтың сұлбасы тұрғанына дәлел болар бірнеше себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге жуық Қазақстанға қатысты.
"Тоқаевтың Путинге болысып жатқанын дәлелдейтін фактілерді жиып-теріп", оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа арнайы алғыс айтқан.
❗️ "Былтыр Қазақстан Ресейге құны 437 мың доллар болатын 11,5 тонна оқ-дәрі экспорттады. Бұған қоса, 2022 жылы арнайы мақсатта қолданылатын лазерлер, радиолокациялық, радионавигациялық және қашықтан басқарылатын радиоаппаратура, жартылай өткізгіш құралдар экспорттаған" деп жазды қор жетекшісі Людмила Козловская желідегі парақшасында.
Осыған орай "Азаттыққа" сұхбат берген олигарх:
"Батыс пен АҚШ Тоқаев, Тасмағамбетов және Василенкоға (СІМ орынбасары) персоналды санкция салу керек. Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев та осы тізімге ілігуі тиіс...", – деді.
Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тізе қосқан болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
Бұған дейін Dalainside украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үй табалдырығын тоздырып жүргенін хабарлаған.
"Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама әзірлеген Козловская әлгі құжатты АҚШ-тың Әділет министрлігіне апарып тапсырған.
DALA INSIDE "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырады деген-ді. Бұған арна оқырмандарының біразы
Артынша Әблязовтың өзі де мәлімдеме жасап, Ақорданы "Ресейге санкцияны айналып өтуге жәрдемдесіп жатыр" деп айыптады.
Мұқаң Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қорының деректеріне сүйеніп отыр. Баяндама өзегі - "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.
"Ашық диалогтың" арғы жағында Әблязовтың сұлбасы тұрғанына дәлел болар бірнеше себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге жуық Қазақстанға қатысты.
"Тоқаевтың Путинге болысып жатқанын дәлелдейтін фактілерді жиып-теріп", оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа арнайы алғыс айтқан.
❗️ "Былтыр Қазақстан Ресейге құны 437 мың доллар болатын 11,5 тонна оқ-дәрі экспорттады. Бұған қоса, 2022 жылы арнайы мақсатта қолданылатын лазерлер, радиолокациялық, радионавигациялық және қашықтан басқарылатын радиоаппаратура, жартылай өткізгіш құралдар экспорттаған" деп жазды қор жетекшісі Людмила Козловская желідегі парақшасында.
Осыған орай "Азаттыққа" сұхбат берген олигарх:
"Батыс пен АҚШ Тоқаев, Тасмағамбетов және Василенкоға (СІМ орынбасары) персоналды санкция салу керек. Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев та осы тізімге ілігуі тиіс...", – деді.
Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тізе қосқан болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://xn--r1a.website/dalainside
👍131🔥20❤10😱7👏5😢4😁1🙏1
🤜💥 Күдебаев бітті, Байбек басталды
Қашып кеткен "генерал" Күдебаевтың елге қайтарылуы әккі сарапшылардың езуіне күлкі ұялатқаны рас. Серік Күдебаев неге Солтүстік Кипр немесе Дубайға өтіп кетпеді? Жыл сұрағы осы болып тұр.
Күдебаев неге сенді? Түркиямен арада экстрадиция бойынша келісім бар екенін білмеді ме? Қазақстан "гүленшілердің" басым бөлігін Түркияға тапсырғаннан кейін, ресми Анкара да Астана запростарына өте жауапты қарайды. Генерал оны білмеуі мүмкін емес.
Осы құпияны тек Күдебаевтің өзі біледі. Уақыты келгенде айтар. Бірақ ол ұзаққа созылатыны анық. Себебі, "генерал" қашамын деп басына бәле тілеп алды. Енді әу баста 8 жыл болып тұрған болжамды жазасы 15 жылға ұзаруы тиіс.
Күдебаевтың ұсталуымен, Қайрат Боранбаевтың сотталуымен Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің мойнындағы тергеу тұзағы тартыла түсті. Боранбаевтың жер мәселесіне қатысты тергеуге берген ақпараты бар. Күдебаев та көп ақпарат бере алады.
@dalainside дереккөзі 2023 жылдың аяғына дейін Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалады деген пікірде. Басты айып - Алматы жерлерін олигархтарға үлестіру. Жерге қатысты махинациялар саны бойынша Байбек Храпуновтан кейін екінші орында тұр. 2015-2019 жылдары Алматы әкімі болған ол сол азғантай уақытта көп былық жасап үлгерген. Алматыдағы жер махинациясы бойынша үшінші орында Бәйбектен кейін әкім болған Бақытжан Сағынтаев келеді.
"Байбек кезеңі" демалыс аймақтары мен заңмен қорғалатын жерлерді мемлекет меншігінен шығарып, олигархтарға берумен ерекшеленді. Сол жылдары Есентай, Көктөбе сынды көптеген элиталық тұрғын үй кешендері пайда болды. Медеу, Бостандық, Наурызбай аудандарының құрылыс жоспарлары қайта-қайта түзетілді.
Байбек екі жарлық шығарған. Оның нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерлері "Омирекс" пен "Атлас девелопмент" фирмаларына өтті. Ал ол фирмалардың негізін Динара Құлыбаева қалаған.
Одан бөлек, Медеу және Бостандық аудандарында 116 гектардан астам табиғи зоналар мен демалыс орындары коттедждер мен көппәтерлі үйлер салу үшін олигархтарға сатылып кетті.
Ол эпизодтарды дәлелдеу тергеуге еш қиындық тудырмайды. Басты қиындық - Байбекті Солтүстік Кипрден шығарып алу.

👍132❤9🔥9😁4👏2🙏1
⚡️ Amanat мүшесі басқыншыларды қолдай ма?
Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауды ұсынды деп жазды КазТАГ.
«Түркия тартымдырақ, Зеленский мырза! Ол жерде жыл бойы жылы», - деп жазды Башинская Facebook-тегі Deutsche Welle парақшасының астына.
Мақалада Зеленскийдің Қырымды Украинаға қайтаруды көздейтін қарымта шабуылды жоспарлап отырғаны айтылған.
Президент Yle арнасына берген сұхбатында Украинаның майдандағы жетістігі Батыстың қару-жарақ тасымалына байланысты екенін атап өткен.
Зеленский соған қарамастан соғыс ұзақ мерзімге, тіпті ондаған жылдарға созылуы мүмкін екенін ескерткен.
Сұхбатты тыңдап шыққан Башинская Украин президентін кекетіп, мұқатып өтіпті.
Желідегі жұрт Қазақстан азаматы бола тұра, оның басқа елдің президентін кемсіткеніне, одан бұрын басқыншыларға қолдау білдіргеніне наразы.
Депутат бауырлас Түркияға да тіл тигізгенін де байқамай қалса керек. Түрік елшілігі мұны елеусіз қалдырмасы анық.
Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша партия басшылығы Башинскаяның оғаш қылығынан хабардар. Алдағы күндері оған қатысты шара қабылданбақ.

👍163😱30🔥10😁6👏4❤3😢2🤩1
🤜💸 Котак VS доллар: кім жеңеді?
Үндістандағы үшінші ірі банк - Kotak Mahindra Bank басшысы Удай Котак "АҚШ доллары - әлемдегі ең ірі қаржылық террорист" деп мәлімдеді.
"Біздің барлық ақшамыз ностро шоттарында (әлемдік қаржы нарығындағы валюталық операцияларға және шетел валютасымен есеп айырысуға байланысты пайдаланылады) жатыр. Ал АҚШ-та отырған әлдекім кез-келген уақытта бізге "ертеңнен бастап ол шоттан ақша шеше алмайсыз" деп айта алады. Бітті. Сонымен шаруаңыз бітеді", - деп түсіндірді, Котак мырза.
Удай Котак 14,5 миллиард доллар байлығымен Forbes рейтингінде 124-ші орында келеді. Ол Қазақстанға үнді миллиардері Гаутам Аданидің жобасы арқылы өз қаржысымен кіруі керек еді. Бірақ Адани мырза "байтал түгіл бас қайғы" кебін киіп, махинациялардан 100 миллиард доллар жоғалтты. Қазақстанға арнаған жобаларын ысырып қойды.
Қазір Қытай, Ресей, Үндістан мен Бразилия сыртқы саудада доллар емес, өз валюталарымен есеп айырысу моделін қолдануды күшейтті. Ол үшін тараптар бір-бірінде корреспонденттік шот ұстайды. БРИКС аймағында юань долларды алмастыра алар еді. Бірақ Үндістан мен Қытай арасындағы шекаралық жанжал салдарынан Үндістан Қытай валютасына бас игісі келмеді.
Ресей керісінше сыртқы алыс-берісте юаньға толық ауысуда. РФ Орталық банкі осы аптада 200 миллион долларға юань сатып алмақ. АҚШ Қаржы министрлігі БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР) тарапынан жасалып жатқан "дедолларизация" қадамын мұқият бақылап отыр.

👍63😁32❤7🔥5👏2😱1👌1