DALA INSIDE
11.9K subscribers
399 photos
126 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
💥 Бозымбаевтың оралуы: Тоқаевтың сенімді адамы сайлаудың аяқталар сәтін күтіп отыр...

Саясаттың қара қазанын бұрқ-сарқ қайнату үшін алақанын ысқылап, алдағы саяси науқанның аяқталуын күтіп отырған тұлғалар бар. Соның бірі – Қанат Бозымбаев.

"Мәжіліс сайлауынан кейін, жаңа Үкімет жасақталған тұста Тоқаевтың төңірегі Бозымбаевқа қатысты шешім қабылдайды" дейді Dalainside дереккөзі.

Қаңтардың қарсаңында Назарбаевтың үрім-бұтағы билеп-төстеп отырған Алматы облысын басқаруды Тоқаев Бозымбаевқа сеніп тапсырған.

Dalainside бұған дейін Қаңтардағы аласапыранда "ескі жүйенің" жанталаса күресуі 2️⃣ жерде қатты жүргенін жазған болатын.

Ең басты күрес – Астанадағы 🏰 Ақордада жүрсе, екінші жанталастың ошағына – Алматы мен Алматы облысы айналды.

Ақорда үшін арпалыста Тоқаев табандылық танытып, мемлекеттің іргесін шайқалтпай ұстап қалды. Алматы қаласында Сағынтаев позицияны беріп қойса, Алматы облысында Бозымбаев Назарбаев жандайшаптарына қарсы тұра білді. Бозымбаевтың Сағынтаевтан ерекшелігі сол, сын сағатта халықтың ортасында болды.

Оның бұл әрекеті Ақорда тарапынан сөзсіз бағалануы керек. Иә, сіз бен біз жақсы білетін әттеген-айы да бар...

Оның аузынан шыққан әйгілі 🤨 былапыт сөз экс-әкімнің мансабына балта шапты деген әңгіме бар. Расымен, сол оқиғадан кейін Бозымбаев көлеңкеге кетуге мәжбүр болды.

"Қаңтардағы былапыт сөзі үшін Тоқаев Бозымбаевты сыртқа тепті..." дейді білетіндер. Бірақ, бұл Бозымбаевты санаттан сызғанның белгісі емес.

"Ол бәрібір қайтып келеді. Президенттің маңайындағы топ оны жанынан ұзатқан жоқ. Биліктің барлық баспалдағынан өткен Бозымбаевтың арыны мен қарымына күмән келтіруге болмайды. Әзір бұған қатысты Президентті иландыру, сендіру жұмысы қызу жүріп жатыр.

Жаңа Қазақстанның саясат сахнасынан Бозымбаев сырт қалды деп сұқ саусақты бүгуге әлі ерте. Ол Үкіметті басқаруға лайықты кандидаттың біріне айналуы мүмкін, ең кемі кеңесшілік қызметке келеді. Ол президентке уәзір болуға дайын кандидат", – дейді Dalainside дереккөзі.

Оның жалайыр екені өз алдына бөлек әңгіме. Ол бірінші кезекте технократ маман. Тоқаевтың технарларға сусап отырғанын бәріміз білеміз. Бозымбаев "Кегокты" басқарып тұрғанда еліміздің Солтүстігіндегі электр қуатын Оңтүстікке жеткізіп, үлкен іс тындырғанын біреу білсе, біреу білмес.

Атышулы Әблязов Назарбаевпен сөзге келгеннен кейін "Кегоктың" көсегесін көгерту ісі Жетісудың экс-әкіміне бұйырған еді. Бұл туралы "Қала мен Дала" газетінің осы аптадағы нөмірінде егжей-тегжейі жазылады.

Айтпақшы, бұған дейін "Бозымбаевтың үстінен іс қозғалды..." деген қауесет тараған. Егер рас болса, оның дұшпандары әлдеқашан "утечка" берер еді. Соған қарағанда, бұл өсек сөз болуы әбден мүмкін.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍101🤩5👏3👎2😱2🙏2
"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев мемлекетке қарсы шығып, сотта ойсырай ұтылды

Болат Назарбаев Алматыдағы "Оптовка" базарын қайтарып аламын деген үмітінен біржолата айрылды.

Өткен жылдың қазан айында сот оптовканы басқаратын "Найза-БН" фирмасын мемлекетке қайтару туралы шешім шығарған болатын. Себебі, 1,5 миллиард теңге тұратын базарды "Бөкең" небары 300 миллион теңгеге сатып алған. Одан мемлекетке үлкен шығын келді.

Болат Назарбаев онымен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген еді. Бүгін аппеляциялық сот ол шағымды қанағаттандырмады.

Болат дәуірінің аяқталуымен олигополияның базардағы диктатурасы бітті деуге болады. "Алтын Орда" мен "Оптовка" мәселесі шешілді. Енді мемлекетке соңғы қадам жасап, Алматының қақ ортасындағы "Никольский" базарын өзіне қайтару ғана қалып отыр. Бұл ретте, 2017 жылдары Жер қатынастары басқармасында басшының орынбасары болған, жерді Болат Назарбаевқа жазып берген Ардақ Самамбетов деген шенеуікке үлкен сұрақтар туындайтын болады.

DALA INSIDE дереккөзі Болат Назарбаевтың "Никольский" базары үшін қасық қаны қалғанша айқасуға буынып отырғанын хабарлады. Бірақ мемлекет те бұл істі соңына дейін жеткізбек. Сондықтан "Қазақстан VS Болат Назарбаев" жекпе-жегінде біз үшінші раундты көретін боламыз.

Оптовканың коммуналды балансқа оралуымен биыл Алматы экономикасы одан да тезірек өсетін болады. Бұған дейін Болат Назарбаев Алматының дамуына мүмкіндік бермей келген еді. Қазір Алматы Қазақстандағы бүкіл сауданың үштен бірін (32.3%) жасайды.

Алматының экономикасы былтыр 43 миллиард доллар болды. Биыл Алматы Қазақстан бюджетіне 207 миллиард теңге беруі тиіс. Егер "Болат дәуірі" аяқталып, "Никольский" базары коммуналды меншікке қайтса, қаланың ішкі аймақтық өнімі тағы 0,3% импульс алмақ.

Бөкең туралы әңгіме әлі алда. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍222👏17🤩9
💸🤌 Не істесе де, Қазақстан жемқорлықты жеңе алмады. Жағдай жылдан-жылға нашарлап барады

Қазақстан әлемдік рейтингте тағы бір сатыға құлдырады. 2022 жылы Transparency International халықаралық ұйымы есептеген сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде еліміз 100 ұпайдан 36 ұпай жинады. 2021 жылмен салыстырғанда бұл бір ұпайға, 2020 жылмен салыстырғанда екі ұпайға аз.

Қазақстанның бағасы орташа әлемдік деңгейден төмен болып шықты. Қазір орташа әлемдік деңгей 43 ұпай.

Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия жемқорлық атымен жоқ елдер қатарына жатқызылды. Сирия, Сомали және Оңтүстік Судан - жемқорлыққа белшесінен батқан мемлекеттер. Қазақстан Данияға қарағанда Сомалиге жақынырақ орналасты.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍51😱31👎10😢8😁5👏2
🤌🏦 Қазақстанға "Kotak" та келмейтін болды

Үндістандық миллиардер Гаутам Аданидің компанияларында орын алған махинациялар туралы есеп жарияланғаннан кейін "Adani group" капитализациясы бір аптада 100 миллиард долларға құлдырады. Адани бір сөзбен айтқанда Қазақстанның екі Ұлттық қорына пара-пар ақшаны жеті күнде жоғалтып, "Азияның ең бай азаматы" мәртебесінен де айрылды.

Аданидің 10 корпорациясы Мумбай биржасында акцияларын арзандатып алды. Ал жүйеқұраушы Adani Enterprises, Adani Transmission және Adani Ports компанияларының акциялары 10 пайызға төмендеді.

Кеше "Adani Enterprises" акциялары 2 179,75 рупийге дейін төмендегеннен кейін Гаутам Адани инвесторларға ақшасын қайтарып беру туралы шешім қабылдады. Ол шешім қаржы тобының ахуалын тағы 20 миллиард долларға нашарлатып жіберді.

Бұған дейін Гаутам Адани Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізіп, Каспий түбіне логистикалық-порттық инфрақұрылым салу туралы ойланып жүрген. Ол жобаға синдикатталған заем тартылған жағдайда тағы бір олигарх, банкир Удай Котак басқаратын "Котак Mahindra group" қарыз береді деп жоспарланды. Бірақ, инсайдерлер қазіргі жағдайда Гаутам Аданидің жаңа жобаларды тоқтатып қойғанын хабарлайды. Яғни, үнді миллиардері Қазақстан туралы жобасын ысырып қоюға мәжбүр.

Қазақстан Каспийдің транзиттік әлеуетін ТМТМ халықаралық коридоры арқылы ақырындап пайдалана бастады. Бізге әрине, инвесторлар, ірі капитал ауадай керек еді. Каспийдегі порттардың өткізу қабілеті Қытай сынды алпауыт елдер үшін баланың ойыншығы сияқты болып отыр.
Сондықтан Гаутам Адани мен Удай Котактың қазақ еліне жете алмай қалуы қуанышты емес, өкінішті нәрсе.

https://xn--r1a.website/dalainside
😁66👍45😱10👎8😢6👏2🙏1
📜 Араб қазаққа емес, қазақ арабқа ақша бермек

Олигарх Александр Машкевич бастаған ERG корпорациясы Сауд Арабиясына 50 миллион доллар инвестиция құятын болды. Негізі бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан да бар, керісінше Сауд Арабиясынан инвестиция күтетін.

ERG 50 миллион долларды биылғы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсайтын болады. ERG-ге тиісті лицензия беріліп қойды.

Мұнайдан басқа дымы жоқ Парсы шығанағының шөлінен Машкевич не іздеп жүр?

Оның ойынша, Ад-Давидими аймағында аккумулятор өндіруге қажетті пайдалы қазбалар бар. Тек оны барлап, осы қазбаны табуы керек. Егер тапса, онда Машкевич екі жеп биге шығады.

Электромобильдер индустриясы қарыштап дамып жатқан заманда кім аккумулятор жасайды соның дәурені жүріп тұр. ERG негізгі табысын Қазақстаннан табады. Бізде олар ескі технологиямен көмір, металл өндіреді. Бірақ заман өзгеріп, уақыт ауаны энергияның жаңа түрлеріне ойысты. Сондықтан Қазақстаннан түскен кірісті пайдаланып, басқа елдерде жаңа өндіріс ашып алған жөн. Сонда көмір дәуірі біткенде, Қазақстанға "шалом" деп ескі зауыттар мен шұңқыр болып аңырап жатқан карьерлерді қалдырып кетеді де қалады.

Сондықтан біздің олигархтардың Сауд Аравиясына инвестиция салғанына таңдаңбаңыздар. Олар да Илон Маскке бір қадам жақын болғысы келеді.

Dalainside сіздер үшін ізденуін тоқтатпайды. Әйтсе де, тәуелсіз болып қалу үшін бізге қолдау қажет. Ол туралы төмендегі посттан оқыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
😱56👍46👎21
🙏 Қазақ телеграмына халықтың қолдауы қажет

DAlA INSIDE телеграм арнасының ERR көрсеткіші 100%-дан асты. Бұл Қазақстандағы телеграм индустриясы тарихындағы тұңғыш көрсеткіш. Тіпті ең мықты деген орыстілді каналдардың ERR деңгейі 60-70%.

Демек DALA инсайдты 10 900 оқырманның әрбірі қалдырмай оқиды. Тіпті жазылмаған азаматтар да оқып жатқандықтан ERR жүзден асып кетті. Біз арнаны қазақ аудиториясының әлеуетін дәлелдейміз, орыстілділерден кем емеспіз деп ашқан болатынбыз. Біз қазақ тілінің телеграмда да болашағы зор екенін дәлелдедік.

Бірақ бізге даму керек. Жаңа авторлар тартып, зерттеу нәтижелерін, инсайдтарды, базаларды, басқа арналарды сатып алуға инвестиция керек. Тәуелсіз болып қалу үшін, дөкей олигархтарға қол жаймай, оқырмандардың қолдауын сұрайық деп шештік. Қазақ телеграмы бұлақ сияқты, қазір көзін ашып, қолдап жіберсек, ертең айдын көлге айналады.

Донат жіберу үшін:
Каспидегі телефон нөмірі: +7 707 826 1401 Думан Т.
Карта нөмірі: 4400 4302 4386 2304
👏173👍86🙏10👎1
DALA INSIDE pinned «🙏 Қазақ телеграмына халықтың қолдауы қажет DAlA INSIDE телеграм арнасының ERR көрсеткіші 100%-дан асты. Бұл Қазақстандағы телеграм индустриясы тарихындағы тұңғыш көрсеткіш. Тіпті ең мықты деген орыстілді каналдардың ERR деңгейі 60-70%. Демек DALA инсайдты…»
🚂 Қазақстанда жабық вагонның тәуліктік арендасы Алматының орталығындағы пәтер арендасымен теңесті

Былтыр тәуліктік құны 11 мың теңге тұратын жүк вагонының ставкасы 20 мың теңгеге дейін өскен. Ал фитингтік платформа құны 17 000 теңгеге жетті.

argusmedia.com сұрау салған сарапшылардың пікірінше, оның екі себебі бар.

Біріншіден, биыл Қазақстанда мұнай-химия өнімдерін өндіру екі есеге ұлғаяды. Былтыр 256 мың тонна өндірсек, биыл осы көлем 515 мың тоннаға дейін өспек.

Екіншіден, ҚТЖ-дағы кризис. Қазір "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында логистикалық дағдарыс орын алуда. Оларда жүк составтарын таситын локомотивтер жетпей жатыр. Локомотив паркі тозған, жүргеннен сынуы көп.

Қазақстан бірінші саты - өндіріс көлемін арттыру мәселесін шеше бастаса, екінші сатыда - оны тасымалдау қиындығына кезігіп отыр. Шын мәнінде, 30 жыл бойы ауқымды логистикалық жұмыс жүргізілмеген. Мысалы, батыс логистері әлі күнге дейін Қытайдың жіңішке иінді теміржолын Алтынкөлден Самара және Ақтауға дейін тартпағанымызға таңданады. Себебі дайын теміржол инфрақұрылымы бар ғой, тек соның жанына жіңішке иінді жолды тарта салуға болар еді.

Бар ойлап тапқанымыз - пойыздың астындағы дөңгелекті ауыстыру. Ол тек вагондарға ғана келеді. Ал локотив бұл жағдайда өзімізден болуы тиіс. Мұны біз локомотив дефицитінің маңызды себебі деп айтар едік.

Мәмин және оның ҚТЖ-дағы былықтары? Ол туралы жақын күндері жазамыз. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍93😱8👎6👏3
🙅 Алматылықтар "Динара" кафесіне толық байкот жариялады

Кафе Алматы қаласындағы Жароков пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан.

Кафеде қазақ тілінде ас мәзірі болмаған. Қазақша ас мәзірін талап еткен Алматы тұрғындарына кафе басшылығы "нацист, фашистсіңдер" деп ауыр сөз айтқан.

Жалпы - бұл өте ауыр айыптау. Және оны дәлелдей алса, кафе басшылығын соттап жіберуге болады. Ал алматылықтардың талабы толық заң аясында. Себебі, "Тіл туралы" заңның 21-ші бабы ас мәзірінің міндетті түрде мемлекеттік тілде, және қажет болса басқа да тілде жазылуын айқындайды.

Сонымен, қазір бойкотта "Динара" кафесі мен Choco сервистері тұр. Ал Сәнім, Оазис кафелерінен бойкот алынды. "Чечил паб" дер кезінде қимылдағандықтан бойкотқа ілікпеген еді.

Dalainside бұл іске белсенді араласатын болады. Бізге ауызбірлік керек. Арнаға тіркеліп алыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍749👏58😢6🙏6😁1😱1
🤳 "2GIS" сервисі кафелерден қазақша ас мәзірін талап еткен пікірлерді жаппай өшіре бастады

Соңғы рет ондай жағдай Алматыдағы "Динара" кафесіне қатысты пікірлерде орын алды. Қазақ тіліне қатысты пікірлердің барлығы 4-ші ақпаннан бастап "расталмаған" категориясына енгізіліп, артынан өшіріле бастаған. Керісінше кафені жақтайтын пікірлердің барлығы бірден расталған.

"2GIS" Ресейдің мобильді қосымшасы болып табылады. Оның иесі "ДаблГИС" ашық акционерлік қоғамы. Өз кезегінде "ДаблГИС" Сбербанкке қарайды.

"2GIS" Сбербанк санкцияға ұшырағаннан кейін AppStore-ден алынып тасталған болатын. Олар дереу DG-SOFT деп аталатын қазақстандық компанияның атынан тіркеліп, AppStore-ге қайтадан кіріп алды.

DALA INSIDE бұл туралы Apple корпорациясына арнайы сұрау салатын болады. Жалпы Ресейлік компанияның біздің атымызды жамылып, санкцияны айналып өтуі, қазір Ресейдің біз арқылы паралелльді импорт жасауы биыл Қазақстанға қосалқы санкция әкелуі мүмкін.

https://xn--r1a.website/dalainside
👎143👍94😱30😢4
🏭 Қазақстандағы АЭС: вендор компания биыл белгілі болмақ

Қазір қоғамда біздегі АЭС-ті Франция мемлекеті салады деген пікір желдей есіп жүр. Бұл асығыстау айтылған жаңсақ ой. Себебі, әлі мәселе шешілген жоқ.

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-нің атом энергетика бөлімінің инженері Асуан Сиябековтың айтуынша, бізде қазір 4 компаниядан тұратын шорт парақ жасақталған. Атап айтқанда, Ресейдің Росатом, Қытайдың CNNC, Оңтүстік Кореяның KHNP және Францияның EDF компаниялары. Барлығымен келіссөз бірдей деңгейде жүріп жатыр. Ешқайсысына да басымдық беріліп отырған жоқ. Енді реакторларына келетін болсақ, барлығының қуаты шамалас: 1200 – 1400 МВт. Былтыр қараша айының соңында Президент Францияға барған сапарында қаралған басты мәселенің бірі – АЭС тақырыбы болды. Assystem компаниясымен меморандумға қол қойылып, мұның аясында АЭС салынған жағдайда кадр дайындауға көмектесу, техникалық қадағалау жұмыстары қарастырылған. Бұл француз компаниясы бізге АЭС салып береді деген сөз емес. Оның үстіне бұл компания шорт-парақта жоқ. Ал АЭС салуы мүмкін тізімде Францияның EDF компаниясы ғана бар.

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Болат Ақшолақов 2022 жылы Қытай, Ресей, Франция Оңтүстік Корея сияқты елдердің жеткізушілерінен тексерілген реакторлық технологиялардың қысқа тізімі жасалғанын еске салған еді. Министр осы жылы реакторлық технологияны таңдау бойынша жұмыс жүргізілетіндігін атап өтті.
https://dalainside.kz/02/manyzdy/06/2023/856/
👍54👎5👏2😁2😢1🙏1
📈 Қазақстанда үшінші биржа пайда болды

Оны Санкт-Петербург биржасының платформалық технологиясын пайдаланып, Freedom Holding басшысы Тимур Турлов ашып отыр.

Жаңа биржа ITS деп аталады және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында жұмыс істейді. АХҚО-ның өзінің халықаралық AIX биржасы бар екенін ескерсек, онда бір орталықта екі биржа болмақ. Бірақ ITS толығымен электронды биржа.

Қазақстанда инвесторлар саны жыл сайын артып келеді, финтех және цифрлық экожүйелер белсенді түрде дами бастады. Инвесторлар тарапынан шетелдік қағаздарды осында отырып сатып алуға және сатуға деген үлкен сұраныс бар.

Сарапшылар ITS-ті классикалық биржа деп танудан бас тартты. Себебі, онда IPO өткізе алмайсыз. ITS тек қайталама нарық, онда қолдан сатылатын акциялар саудаланады.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍38👎13😁1🤩1🙏1
🧐 Аймағамбетов пен Зайытов жүр! Amanat-тың атынан Мәжіліске ұсынылған кандидаттар тізімі шықты

“Amanat” партиясынан Мәжілісінің депутаттығына ұсынылатын кандидаттар тізімі жарияланды деп жазады DALA INSIDE.

Билікшіл блогерлер: "партия құрамы 75 пайызға жаңарып, ескі Қазақстанның ескі-құсқы өкілдерінен арылды" дейді.

Dalainside депутаттықтан үмітті кандидаттардың тізімін сүзіп шықты: арасында қазақтілді аудиторияның алқауына бөлінген азаматтар бар екен, популистер де жоқ емес.

Атап айтқанда, экс-Білім министрі Асхат Аймағамбетов партияның атынан Мәжіліске үміткер ретінде ұсынылған. Тізімде бұдан бөлек атышулы айтыскер Ринат Зайытов та жүр. Рәкеңнің өзі бұған қатысты : "Өмір жолы бұралаң..." деген пікір білдірді.

“Жайдарманның” негізін қалаған Есен Елеукен де осы жерде. Билікшіл блогер Самат Нұртаза мен билікшіл сарапшы Бауыржан Серікбаев та үміткерлер сапына енген.

Белгілі тележүргізушілер Мақсат Толықбай мен Нартай Аралбай да депутаттықтан дәмелі. Артұр Платонов дейтін әріптесімізді де көзіміз шалып қалды.

Қоғам белсендісі Мұрат Әбенов, ақындар Жанарбек Әшімжан мен Аманжол Әлтай да осы тізімге еніпті. Блогер Ғалым Байтұққа да Мәжілістен бір орын “бұйырып” тұрған сыңайлы.

Ауру қалса да, әдеттен арылу қиын. Тізімде спортшылар да жүр: боксшы Фируза Шарипова мен шахматшы Динара Сәдуақасова мәжілісмен атанып жатса, таң қалмаңыз.

“Жаңа Қазақстан” депутаттық тобының белсенділері – Жаңбыршин, Сарым, Саиров үштігі осы көшті бастап тұрғаны анық.

Сайлауға қатысты тосын жаңалықтарды аңдып отырыңыздар. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍110😁16👎12👏2🤩1
💥 Шораевтың Мәжіліске баруына шектеу қойылмайды: Тоқаевқа Ресейдің ақпараттық агрессиясына қарсы тұратын тұлғалар қажет

Жаңа Қазақстан Ресейдің ақпараттық шабуылына тойтарыс беретін тұлғалар шоғырын қалыптастыруды көздеп отыр.

Dalainside дереккөзінің айтуынша Ақордада Мәжіліс сайлауына түскелі отырған танымал журналист Арман Шораевқа қатысты қызу талқы жүруде.

Оның Мәжіліске баруын қолдайтындар, Ресейдің астамшыл саясаты асқына түсерін, осы себепті Парламентте Кремль пропагандасына төтеп беретін азаматтар отыруы тиіс деген аргумент айтады.

Олардың ойынша, Соловьев бастаған шовинистерге қарсы тұру, қарымта қайтару функциясын – Шораев секілді екі тілге де жүйрік тұлғаларға табыстау қажет. Олар Мәжіліс трибуналын пайдаланып, пропаганданың уытын қайтаратын болады.

Шораевты тобықтан қаққысы келетін топтың да өз уәжі бар. Бұл топтың пәрмені алдыңғыға қарағанда басымырақ боп тұр. Бұлар Астанадағы округтен сайлауға түскелі отырған Шораевқа оппонент ретінде киноактер Ерік Жолжақсыновты таңдап алған. Актерді "Аманаттың" сапына өткізіп, Мәжіліске сүйреп алып шығуды көздейді.

Бұған дейін Dalanews.kz-ке пікір білдірген Шораев билікке қарата: "Қазақ ұлтшылдығы біреудің басын жарып, көзін шығарған кезі болды ма?.." деген сауал тастаған.

"Арманның саяси ұстанымы Жаңа Қазақстанға қайшы емес. Ол Тоқаевтың билігін төңкеруді көздемейді. Алайда 🇷🇺 Ресей тұрғысында Ақорданың кейбір шешімдеріне зығырданы қайнайды. Қалай болғанда да, Шораев керек адам. Оның феномені сонда: Ресей пропагандасының күшін қайтаратын андидот іспетті", – дейді Dalainside дереккөзі.

Ақордадағы Шораевқа келгенде пікірі қақ жарылған екі топтың қайсысы басым түсерін уақыт көрсетеді. Бұл арада бақылаушыларға да көп нәрсе байланысты.

Мәжіліс пен Мәслихатқа өз адамдарын әкелуді көздейтін биліктің жолын жабудың жалғыз жолы - бақылаушылардың белсенділігі.

Астананың шенеуніктер қаласы екенін ескерсек Шораевқа қарсы тараптың қауқары мен қарқыны күшті болады деген қауіп бар.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍530👏42🙏37😱2👎1
🔴 Зілзаладан зардап шеккен түрік бауырларға көмек қолын созайық!

Dalainside Ақпарат министрлігінің үйлестіруімен Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге жылу жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.

Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады.

Гуманитарлық көмек еліміздегі «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңсесінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстандағы Түркия елшілігіне тапсырылады.

Қажетті заттар:

- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.

- Термос, қол шамы, пауэрбанк.

- Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).

- Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.

Қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:

Заңды тұлғалар үшін:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ

БСН 120940015916

БИК: HSBKKZKX

Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар үшін:

Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.

Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» волонтерлер фронт-офисінің ақпарат орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.

📱 https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍106🙏13😢3
🏦💸 Биыл Тимур мен Динара Құлыбаевтар Халық банкінен тағы 375 миллиард теңге ала алады

2022 жылдың қорытындысы бойынша "Қазақстанның Халық банкі" АҚ таза пайдасы 539,2 миллиард теңгені құрады. Бірақ бұл әлі аудиттелмеген көрсеткіш, мұндай мәліметтер Ұлттық Банктің шоғырланған статистикасында ғана бар. Өткенде Халық банкі Тимур мен Динара Құлыбаевтарға 2021 жылдың табысы есебінен 96 миллиард теңгені төлеп біткен еді.

Халық банкінің 69,52% үлесі "Алмэкс" холдингі арқылы Тимур мен Динара Құлыбаеваға тиесілі. Ал 28,51 пайызын Лондон қор биржасындағы инвесторлардың атынан The Bank of New York ұстап отыр.

Ал Kaspi Bank басшысы (СЕО) Михеил Ломтадзе 84 миллиард теңгені дивиденд ретінде ала алады. Былтырдың нәтижесі бойынша қызыл банк 361,7 миллиард теңге таза кіріс көрді. "Kaspi Bank" акционерлік қоғамына акциялары Лондон қор биржасында (LSE) саудаланатын Kaspi.kz технологиялық алпауыты иелік етеді. Осы алпауыттың 24,55% акциясы Ломтадзенің қолында.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👎106👍31😢5👏3🙏3😁2
🇰🇿🤏 Путиннің көңіліне қарау бізге 3 жылда 15 миллиард теңге шығын әкелді. Ал жарты жылдан кейін санкция сыйлауы мүмкін

Еуразиялық Одақта ештеңе өзгертпесек, Батыс санкциясына ұшырайтын боламыз.

Кедендік пошлина бойынша біз Одақта әлі күнге дейін ескі нормативпен отырмыз. Пошлинаның 85,06 пайызын Ресей алады. Ал Қазақстанның үлесі бар-жоғы 6,95 пайыз. Ал бұл - санкциялардан кейінгі Ресейдің импорттық картинасына мүлде сәйкес келмейді. Қазақстан атынан өз үлесінің кем дегенде екі есеге өсуін талап етуі тиіс Бақытжан Сағынтаев Мәскеудегі экономикалық комиссияда бір рет те "мяу" демеді.

2015 жылы Евразиялық одақ пошлинасы бөлініске салынғанда, Қазақстанның үлесі 7,11% деп бекітілген еді. 2019 жылы өзінде импортті көбейткен Беларусь бірден мәселе көтеріп, Қазақстан мен Ресей есебінен өзіне 0,7% қосып алды. Соның салдарынан біздің үлес одан да төмендеп, 6,95 пайызға барып тоқтады. Экономисттердің есебінше, біздің делегацияның сол кезде солқылдақтық танытқандығынан мемлекеттік бюджетіміз 2020 жылы 4,6 миллиард теңге, 2021 жылы 4,9 миллиард теңге, 2022 жылы 5,2 миллиард теңге жоғалтқан.

Қазақстан 2022 жылдың қорытындысы бойынша осы квоталарды қайта қарауды көтеруі тиіс болатын. Ресей қазір ресми импортты санкцияға дейінгідей қабылдамайды. Оның импорт көлемі 2 есеге түскен. Керісінше, паралелльді импорт бойынша Қазақстан арқылы баратын тауарлары көбейген. Бірақ ол тауар ресми Қазақстанға кірді деп есептеледі. Сондықтан біздің қазіргі 6,95 пайыз үлесіміз Ресейдің есебінен 14%-ға көтерілуі тиіс.

Мысалы, 2021 жылы Ресейдің сыртқы сауда айналымы Ресей Банкінің мәліметі бойынша 798 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішіндегі импорты 303,9 миллиард доллар болды. Ал 2022 жылы олар өз статистикасын құпияда ұстай бастады. Бірақ БҰҰ Сауда деректер базасының мәліметтері бойынша, 2022 жылдың алғашқы 10 айында Ресейдің импорты 2021 жылмен салыстырғанда 51,5%-ға төмендеген.

Демек, осы пропорция өзгермесе, онда біз Батыс алдында Ресейді параллельді импортпен қамтамасыз етіп отырғанымызды ашық мойындадық деген сөз. Онда алдағы күзде Еуропарламентте бізге де санкция салу бойынша бастама көтерілетінін болжауға болады.

Бұған қатысты тағы бір маңызды мәліметті алдағы уақытта жария етеміз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍152😱46😢8👎5😁31🤩1
⚡️ "Ақжол" осы сайлауда фиаскоға ұшырайды. Перуашев мұның себебін біледі...

Соңғы рет Назарбаевты шығарып саларда көңілі босап, көзіне жас үйірілген Перуашев бұл жолы ботадай боздауы мүмкін.

Путиннің шапқыншылығын қолдайтынын айтып, Зеленскийге тіл тигізген экс-ақжолдық Азамат Әбілдаевтың сұхбатынан кейін партияның позициясы шатқаяқтап кеткен.

Dalainside дереккөзінің айтуынша, алдағы сайлауда Мәжілістегі "ақжолдықтардың" үлесі мардымсыз болады.

Қазақтілді аудитория алашшыл партияның сөзі мен ісі қабыспайтынын аңғарған.

"Әрісі Бәйменовтың, берісі Қосановтың "сатқындығын" әлі күнге дейін еске салатын қазақтілді қауым "Ақжолдың" ағаттығын да кешірмейді.

"Түнеукүнгі келеңсіздіктен кейін қазақтар Перуашевтың Алашқа қатысты ұстанымдарын манипуляция деп санайтын болды. Сайлауда "Ақжолды" қолдап дауыс беруге дайын отырған электораттың көңіліне күдік ұялап, сеніміне селкеу түсті.

Сайлау компаниясында "Әбілдаев факторы" партияның алдынан шығып, әлі талай рет жолын бөгейтін болады. "Ақжолдың" жолын кес-кестейтін тағы бір салмақты аргумент - "Республика" партиясы...", – дейді Dalainside дереккөзі.

Бізге жеткен мәлімет бойынша келешекте "Республика" толыққанды Тоқаевтың партиясына айналады. Саяси ұйымның төңірегіне топтасқан табысты азаматтар Жаңа Қазақстанның қабырғасын қаласуға әзір. Ал олардың саяси амбициясын тояттандыру "Ақжолдың" есебінен жүзеге асады. Ескі Қазақстанда "Нұр Отаннан" артылған орынды місе тұтып келген "Ақжол" ендігіде екінші кезектен үшінші, төртінші сатыға сырғанайды.

Өкінішке орай, Тоқаевтың дәуірінде Перуашевтың құлдырау кезеңі басталады, тиісінше ол жетекшілік ететін партияның саяси салмағы да кеми түседі. Алдағы "жеті жылда" Республиканың дәуірлеу кезеңіне куә боламыз.

Ал "Республиканың" арғы жағында кім тұр? Dalainside алдағы уақытта бұл жайлы егжей-тегжейлі айтады. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👎1.13K👍136😱5😢3🙏2👏1😁1
🙅 Туған күні мен соты осы айда: Арыстанбек Мұхамедиұлы жазадан құтылып кете ме?

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 60-қа толды. Онысын изоляторда қарсы алды. Кезінде "Ескі Қазақстандағы" тәкаппар шенеуіктің жиынтық образын бір өзіне жинап, жалғанды жалпағынан басқан болатын. Бірақ "Қаңтар оқиғасынан" кейін Антикор құрықтап, дәуірі ерте аяқталды.

DALA экосистемасы Арыстанбектің жүріп өткен жолдарын көріп, онда талай адамның көз жасы жатқанын жазады. Осынау қырғын байлық оған қалай келгенін де түсіндіреді.

Экс-министр 2000 жылы "Саха гауһарлары" дүкенін аштым және сол арқылы байыдым деген мәлімет келтіреді. Бірақ, ол дүкен небары 9 шаршы метр жерде арендаға алынған болып шықты.

Тек "Ескі Қазақстанда" ғана бір дүкен мен мемлекеттік қызметші табысына құны миллиард теңге тұратын «The Family» мейрамханасы, «Сауран» сауда орталығы, Қазақ энциклопедиясының ғимараты, колледж, «Дипломат» қонақ үйін, елордадағы «Шапағат» базарының 45 пайыздық үлесін, Көктөбедегі коттеджді иеленуге болатын таңғажайыптар орын алды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бизнес империясын қалай құрды? Миллиардтаған соманың нысандары жалақысы жоғары емес мемлекеттік қызметкердің қолына қалайша түсті?

Бұл өте қызық сұрақ. Және ол билік басындағы беделді қамқоршысынан айрылғаннан кейінгі тағдыры нешік болмақ?

Толығырақ мына жерде 👉 Dalanews.kz
👍120😁15😱13👏4🤩4😢2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥 Dala экосистемасымен әріптестікте дайындалған өнім. Арна оқырмандары, көріп бағасын беріп жіберіңіздер.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍80😱5😢5👏4🔥1
⚡️Тоқаев пен Назарбаевтың айырмашылығы неде? Жәкішев оның жауабын айтты...

ҚазАтомның экс-төрағасы, саясаткер Мұхтар Жәкішев украиндық танымал журналист Дмитрий Гордонға сұхбат берді. Dalainside Жәкішевтың Тоқаев пен Назарбаевты салыстырған тұсын арна оқырмандарына жеткізуді жөн көрді.

Мұхтардың пікірінше Тоқаев экс-президентке қарағанда әлдеқайда сауатты, білімді. Ол ақшаға келгенде дәл Назарбаевтай ашкөз емес. Дүние-байлыққа деген құмарлығы жоқ. Ақшаны көргенде бүкіл моральдық құндылықтарды жиып теріп, адами принциптерден аттап кететін адам емес.

Осы тұста Гордон: "Демек, Назарбаевта мұндай дерттің болғаны анық қой?" деген сауал қойды. Жәкішев бұған бас изеп жауап берді.

"Иә, бұл дау туғызбайтын ақиқат", – деді ол.

Гордон бұдан сырт Тоқаевтың тұсындағы Қазақстан мен Назарбаевтың дәуірін салыстыруды сұрады.

"Тоқаевтың Қазақстаны маған көбірек ұнайды. Себеп: аз да болсын ойыңды ашық айтатын мүмкіндік берілуде.

Назарбаевтың заманында негізінен үй ішілік күбір-сыбырмен шектелетін едік. Мұндай билік әдетте халықтың жауы іспетті болып келеді.

Қазір біршама кеңдік бар, қыл бұраудан құтылғандаймыз. Сөйлеуге, пікір білдіруге шектеу қойылып отырған жоқ. Ой еркіндігі, сөз бостандығы көрден тіріліп келгендей күй кешіп жүрміз.

Десе де, Жаңа Қазақстан толыққанды орнады деуге әлі ерте. Ескі Қазақстанның өкілдері орынтағын сақтап қалды.

Ел күткен әділеттіліктің ауылы алыс боп тұр. Ал қоғам үшін әділдіктен асқан құндылық жоқ. Соның ішінде сот саласындағы сорақы шешімдер азаймай отыр. Аға-көке, Бәке-Сәкеге құрылған жүйе тамырын тереңге жайған түрі бар.

Назарбаевтың тұсында төрелік еткен соттар автоматты түрде Жаңа Қазақстанға өтіп кетті, олардың мұртын балта шапқан жоқ", – дейді Жәкішев.

Жәкішев Путин туралы пікірін де ашық айтты, аздан соң оны да жариялаймыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍208😁12👏10🔥8🙏2👎1😱1