DALA INSIDE
11.9K subscribers
399 photos
126 videos
1 file
1.12K links
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
Download Telegram
🇷🇺🪓 Za наш дом - Казахстан!

"Орыс әлемі" идеологиясын жүргізетін Россотрудничество ұйымы Қазақстанда Ресейді қолдайтын және орыс тілінің ықпалын сақтап қалуға ниетті азаматтардың басын қосып, олардың бастамашыл топ ретінде қозғалыс не партия құру мүмкіндігін ойластыра бастады.

Осы орайда, мандатынан айрылған депутат Азамат Әбілдаевтың кандидатурасы лайық деп танылған. Бірақ бұл мәселені шешу үшін, алдымен Әбілдаевпен келіссөздер өтетін болады. Партияның идеологиялық блогын Ресейден көп жылдан бері грант алып жүрген саясаттанушылар Данияр Әшімбаев пен Марат Шибұтовтар оңай құрып бере алады.

Россотрудничествомен жұмыс істейтін саяси технологтар лидер ретінде міндетті түрде қазақша жақсы сөйлейтін қазақ керек екенін түсінген. Азамат Әбілдаев осы рөлге таптырмайтын кандидат болып тұр. Болашақ партияның нақты атауы бекітілмеді. Әзірге Россотрудничествоға "Za наш дом - Казахстан!" атауы көбірек ұнап отыр.

Бір қызығы, "🔤a наш дом - Казахстан!" көбіне қазақ аудиториясымен жұмыс істеп, қазақша насихат жүргізетін болады. Себебі, олардың әлеуметтік зерттеуі бойынша бізде Ресей, Путин мен орыс тіліне барынша қарсы осы қазақтілді аудитория болып отыр. Қазақ аудиториясының Ресейге деген қатып қалған жүрегін жібіту үшін бірнеше вирусты дүние ойластырылған. Мысалы, елшінің шапан киіп, Абай өленін оқуы, домбыра шертіп, қазақша ән айтуы, тб.

Бәрі ойдағыдай болса, Россотрудничество Sputnik.kz порталының қазақ редакциясындағы тәжірибелі журналистеріне партияны насихаттайтын ақпараттық материалдар дайындатып, астыртын келіскен қазақтілді инста және tik-tok блогерлермен жұмысты бастап кете алады.

Dalainside жағдайды бақылауда ұстайды, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎147😱51👍28😢3
Қазақстан қанша тырысса да, жылына 100 миллион тонна мұнай өндіре алмайтын болды

Энергетика министрлігі 2023-2026 жылдарға арналған мұнай өндіру жоспарларын қайта қарады. Оптимизмге еш орын жоқ сияқты.

Қазір Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына өзгерістер енгізілуде. Оның жобасы ашық порталда жарияланды.

Алдын-ала жоспар бойынша биыл біз 92,6 миллион тонна мұнай өндіру керек едік. Енді осы меже 90,5 миллион тоннаға дейін түскен. Ал 2024 жылы жоспарды 98,1-ден 95,4 миллион тоннаға дейін қысқартып отыр.

Сонда 100 миллион тонна межесіне біз тек 2025 жылы ғана жетеміз деп ойластырылған. Бірақ оның өзі неғайбыл. Теңіз бен Қашаған кен орнындағы бітпейтін проблемалар жоспарларды артқа тартуда.

Мысалы, «Теңізшевройл» болашақ кеңею жобасын аяқтауды 2024 жылдың ортасына дейін созып отыр. Ал «Болашақ» зауытындағы (Қашаған жобасы) газ-сұйықтық сепараторындағы ақауға байланысты, Қашағандағы газ өңдеу зауытын іске қосу 2025 жылға кейінге қалды.

https://xn--r1a.website/dalainside
😢18👍11😱11
⚡️Ресей Қазақстанға басып кіре ме? "Тоқаевтың тұсында мұндай қауіп жоққа тән..." дейді АҚШ елшісі

Байден әкімшілігі Орта Азияның есігін ойрандап, төрін талқандауға жол бермейді.

Тоқаевтың көршінің көңіліне кірбің түсірмейтін саясаты ел қамын ойлағаннан туған амал.

Қазақтардың көмегімен Батыстың блокадасын айналып өтуді көздеген Кремль Ақорданың желкесіне міне алмады.

Агрессорды қолтығынан демейтіндей қазақ билігінің ақылы таяз емес...

АҚШ елшісі Даниель Розенблуммен сауалдасқан Dalainside алпауыт елдің Қазақстанға қатысты ұстанымын білді.

Алматыда бір топ журналиспен пікірлескен Розенблум теріскейден төнетін қауіпке қатысты бойдағы үрей мен күдікті сәл-пәл сейілткендей болды.

"Геосаяси тұрғыда Тоқаевтың "жеті жылы" ыңсыз-шыңсыз, айғай-сүреңсіз өтеді.

Ресей бүгін-ертең Қазақстанға басып кіреді деген қауіпті көріп тұрған жоқпыз.

Ақ үйдегі аналитиктер Кремльдің басқан ізін аңдып отыр, олар Путиннің аузынан шыққан әрі сөзге талдау жүргізеді.

Дабыл қағарлық жағдай туса Ақорданы түрлі каналдар арқылы алдын-ала құлағдар етеміз. Ресейдің шабуылға дайындалып жатқанын Киевке де ерте бастан ескерткен едік.

Америка егемендік мен аумақтық тұтастық мәселесіне сергек қарайды.

Путиннен өктемдік күтетін кез-келген мемлекетке консультация беруге әзірміз", – дейді елші.

Розенблум Кремльмен арасын суытқысы келмейтін Тоқаевтың саясатын түсінеді. Жағрафиясында Ресеймен көрші болуды жазған Қазақстанға көпвекторлы саясатқа арқасүйеуден өзге жол жоқ.

"Дей тұрғанмен Ақорданың аумақтық тұтастық пен егемендікке қатысты ұстанымы айқын. ДНР мен ЛНР секілді квазиқұрылымдарды мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып, Петербор форумында Мәскеудің шымбайына бататын шындықты айтты.

Санкция құрсауындағы Ресейге жәрдемдесіп, ағаттық жіберген елдің тұщы етіне ащы таяқ тиеді. Тоқаев толарсақтан су кешкісі келмейді...", - дейді мұны соңы жақсы болмасын меңзеген елші.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍100👏10🤩4👎2
🙇 Шағын фирмалар республикасы

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бизнес саны 399 378-ге жетті. Оның ішінде 390 310 фирма - қызметкерлер саны 100 адамға жетпейтін кішкентай бизнестер.

Сонда бізде үлкен, тұщымды салық төлейтін 9 мың компания ғана бар. Бюджеттің де негізін солар құрайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,5 пайыз болды. Яғни, 2021 жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға артық дегенді білдіреді.

Индикатор, ІЖӨ өсуде, бірақ халық осыған қарамастан кедейленіп барады. 2022 жылы халықтың нақты ақшалай табысы 12,8%-ға төмендеген. Жұмыссыздар саны 451 мың адамға жеткен. Сонда, жұмыс істей алатын адамдардын 5 пайызы жұмыссыз жүр.

2022 – қымбатшылық жылы болды. Азық-түлік 25,3%-ға қымбаттаса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4 пайызға қымбаттады. Ақылы қызметтер бағасы 14,1%-ға өсті.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍27👎5🤩3👏1
🔥 ⚖️ Козачковтың хаты: Түрменің тілі - қазақ тілі екен...

Болат Назарбаевтың "оң қолы" болған Елдос Қоспаевқа рейдерлікпен айналысуға көмектесті деп күдікке ілінген танымал журналист Михаил Козачков абақтыдан хат жолдады деп хабарлайды Dalainside.

Козачков өзіне тағылған "айыптау материалдарымен" әлі күнге дейін толық таныспағанын айтады. Тергеу жұмыстарына әлі толық нүкте қойылмаған. Қылмыстық іске том-том құжат тігіліп жатыр. Журналист кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.

"Себебі, бұның бәрі сандырақ, маған тағылған айыптың барлығы ойдан құралған", – дейді әріптесіміз.

Түрмеден жолданған хатта Козачков Өскемендегі № 17 түзеу колониясында отырғанын, мұндағы изолятор елдегі ең үлкен түзеу мекемесі екенін, әзір мұнда 1500 сотталушы жазасын өтеп жатқанын баян еткен.

"Мұндағы қауым түгелдей кітап оқиды. Уақыт өткізудің ең ұтымды амалы кітап кеміру. Жанымдағы жігіттермен тіл табысып алдық. Кітаптан бөлек аракідік шахмат ойнаймыз. Туыс-туған жеткізетін ас-суды тең бөлісеміз.

Әйткенмен де түрменің аты түрме. Тазалық сақтауға тырысқаныңмен, еркіндіктегі өмір салтыңды сақтай алмайсың. Аптасына бір мәрте 🚿 жуынып-шайынамыз. Шашымды тақырлап тастадым. Осындағы қауыммен біте қайнасып кеткен жайымыз бар...", – дейді Козачков.

Журналистің айтуынша, түрменің тілі - қазақ тілі. Содан болса керек әуелгіде әріптесімізге мұндағы жұртпен тілдесу қиынға соққан. Козачков мемлекеттік тілді меңгеруге күш саламын дейді.

Айтпақшы, еркіндікте жүргенде журналистің нысанасына іліккен экс-шенді-шекпенділердің біразы осы изоляторда жатқан көрінеді.

"Бұл арада "ескі таныстарды" да кездестіріп жатырмыз. Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевпен ұшырасып қалдық. "Қорғас ісінің" 💰 басты куәгері Талғат Махатов пен Қаңтар оқиғасын ушықтырды деп күдіктелген, Садақ ату федерациясының төрағасы Азамат Оспанов та осында екен.

Менің осында екенімді біліп, дұғай-дұғай сәлем жолдапты. Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне кінәлі Мұратхан Тоқмади мені көре сала аузынан ақ көбігі ақтарылды. Мені танып жатқандардың қатары көбейіп келеді. Бұл жайт менің заңгерлерімді алаңдатып отыр", – дейді түрмеде өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін меңзеген журналист.

Әріптесіміз сөзінің соңын өзіне демеу көрсетіп, қолдау білдіріп жатқан желідегі жұртқа алғыс айтумен аяқтапты.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍66👎3😱3👏1🙏1
⚡️ Әблязов бір ажалдан аман қалды: банкирдің банкрот болғаны рас па?

Экс-президент Назарбаевтың ата жауы, қазірде қиыр жайлап, шет қонып жүрген саясаткер Мұхтар Әблязов бір ажалдан аман қалғанын айтты деп хабарлайды Dalainside.

Талай жыл бойы іздеуде жүрген банкир тамақтан уланып, төсек тартып қалған. Әп-сәтте ыстығы көтеріліп, көзі қарауытып, аяқ-қолынан жан кете бастапты.

"Келесі күні жағдайым тіптен мүшкілденіп, есімнен танып қалдым. Ажал алқымдаған сәтте адамның ойына не келіп, не кетпейді. Өлерімді білгенде өзегімді өкініш кернеді. Алдыма қойған мақсатқа жете алмай арманда кетерімді ойлағанда тіптен түңілдім.

Жаңарған, демократияланған Қазақстанды көре алмай, дәл осылай кете барам ба? Ойым сан-саққа сапырылысып, сандырақтай бастадым", – дейді Әблязов.

Назарбаевтан кейін назарын Тоқаевқа бұрған саясаткер бір ажалдан аман қалыпты. Бұзылған астың уыты тарқап, беті бері қараған екен. Есін жиған сәтте көз алдына Алматының таулары елестеген...

"Әйткенмен, әлі де су ішерлігім бар екен, өмір мен өлімнің күресінде алдыңғысы жеңіп шықты", – дейді ол.

Оппозиционер қазіргі жүйемен күресуге қажетті қаражаты 🤑 таусылғанын айтады.

"Маған қарсы бұрын-соңды болмаған қысым жасалып жатыр. Ресурсым сарқылды. Тіпті заңгерлермен есеп айырысатын ақша таппай, тыпыршып отырған жайым бар. Түрлі тараптан төнген қауіп-қатер күшейіп келеді. Бірақ, біз беріспейміз...", – депті өзін қолдайтын аудиторияға үн қатқан Әблязов.

Бұған дейін Бас прокуратура "Әблязовты елге қайтаруға бар күшімізді саламыз" деген еді.

Dalainside дереккөзінің мәлім еткеніндей Жаңа Қазақстан Әблязовты елге экстрадициялау мәселесінде табандылық танытуда. Бұл мәселе жыл аяғына таман біржақты болуы тиіс.

Мұхаңа қатысты тағы бір "бомба" мәлімет бар.

Арнамызды бақылап отырыңыз, бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍91😱9🙏7👎5😁5😢3
🏦🇷🇺 ВТБ-ның соңғы демі

Қазақстандағы ВТБ банкінің жағдайы ауыр. Оған Ресейге салынған санкциялар қатты тиді.

Банк секторы 2022 жылдың алғашқы 9 айы бойынша аудиттелмеген қортындыларын шығара бастады.

"ВТБ Қазақстан" АҚ былтырғы 9 айда 37,1 миллиард теңге таза шығынға батқан. Мысалы, 2021 жылы банк табысты болатын және жылды 8,3 миллиард теңге кіріспен аяқтаған.

2021 жылы банк клиенттердің 391 миллиард теңге депозитін ұстап отырған еді. 2022 жылдың қыркүйегінде сол сомадан тек 54,5 миллиард теңге ғана қалды. Клиенттердің барлығы дерлік кетіп қалды.

Банк кассасында 2021 жылы 260 миллиард теңге жатса, енді содан қалғаны 71 миллиард қана.

Қазақстандағы ВТБ толығымен Ресейдегі ВТБ банкіне тиесілі. 2022 жылы банк өзінің Қазақстандағы еншілес ұйымына қаржылай қолдау көрсеткен болатын. Бірақ ол мәселені түбегейлі шеше алмады. Және бәрібір ол ақшаны біздегі ВТБ акционеріне қайтарып беруі тиіс.

Банк жабыла ма? ВТБ Сбербанк немесе Альфаның жолымен жүрмеді. Яғни, Қазақстан үкіметіне немесе басқа банктерге сатылмады. Біздің ойымызша, Ресейдегі ВТБ-ның 2022 жылғы көрсеткіштерін күту керек. Сонда көп нәрсе анық болады.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍76👏9😱4😁1
🔥 Әбілов vs Машкевич: танымал саясаткер Еуразиялық топтың былығын әшкереледі...

Саясатқа қайта оралған Болат Әбілов олигарх Александр Машкевичке (Майшеке, ред.) қатысты біраз былықтың қоясын ақтарып, мәлімдеме жасады.

Dalainside осы мақсатта арнайы жиын өткізген "Елге қайтару" қоғамдық қорының құрылтайшылары Болат Әбілов пен Оразалы Ержановтың талабын тыңдап қайтты.

Түсінгеніміз, Бутя бастаған белсенділер еліміздегі бай-манаптардың арам жолмен тапқан активтерін елге қайтаруға білек сыбана кірісіпті.

"Машкевичтің Еуразиялық тобы 2017-2021 жылдары елдің ен байлығын теспей сорып, қазақтарды шығынға батырды", – дейді қор мүшелері.

Осы жерден мұқият оқыңыз ⬇️

ERG-дің корпоративті есебіне қарағанда "Еуразиялық топ":

2017 жылы 2,09 млрд доллар;
2018 жылы 1,913 млрд доллар;
2019 жылы 1,538 млрд доллар;
2020 жылы 2,23 млрд доллар;
2021 жылы 4,210 млрд доллар ТАЗА пайда тапқан
.

Айналасы 5 жылда Машкевичке тиесілі Еуразиялық топ жиын-терімі 11,774 млрд 💲- ды қалтаға басқан.

Ең қызығы әлі алда, әрі қарай оқи түсіңіз:

Дәл осы аралықта (2017-2021 жылдары) Еуразиялық топ Қазақстанға яғни, ел бюджетіне тапқан табысының 40 🔤-ын дивидент ретінде төлеуге міндеттелген. Майшекенің осы көлемде Үкіметке дивиденд төлеуі керектігін Қаржымин Nege ақпарат порталына жолдаған хатында да тайға таңба басқандай анық жазып, көрсеткен.

Dalainside-тың есебінше бұл шамамен 4-5 млрд доллардың төңірегіндегі сұрапыл ақша.

Енді мына парадоксқа назар аударыңыз:

Жалпақ тілмен айтқанда Машкевич Үкіметті "лақтырып" кеткен. Осы аралықта Майшекенің бюджетке аударған ақшасы "мизер": бар болғаны 365 млн доллар!

Турасын айтқанда, Еуразиялық топ мемлекеттің қазынасын қампайтуға тиісті миллиардтарды қалтаға басқан.

🙈 Ең қызығы, сол тұстағы Үкімет те бұған көз жұма қарап, Майшекенің есеп-шотынан аударылған жарымаған 365 млн-ды місе тұтқан...

Болат Әбілов "жабулы қазанның қақпағын қайта ашып көрмекке" бекініп отыр. Машкевичтің жемсауында кеткен жұрттың ақшасын қайтару керек дейді.

"Сол тұстағы Үкімет мүшелері Марат Бекетаев, Бақыт Сұлтанов, Бейбіт Атамқұловтардың салғырттығынан қазынамыз миллиардтаған доллардан қағылды", – дейді "Елге қайтару" қоғамдық қорының құрылтайшылары.

Бутяның аузымен айтылған тағы бір inside:

Қаңтарда, Қазақстанда бүлік басталғанын құлағы шалған Машкевич Еуропада тіркелген еншілес компанияға қарыз керек дегенді желеу етіп, елдегі 1,1 млрд долларды шетел асырып жібергенін.

Қаңтарда ел қан-жоса болып, қара жамылған сәтте Майшекенің компаниясы қазақтың жер асты байлығын сатып тапқан қаражатты шетел асырудан қолы босамаған.

Әбіловтың мәлім еткеніндей Қаңтардың қарсаңында Еуразиялық топ тағы 500 млн долларды шетелге шығарған. Осылайша Машкевичтің компаниясы бір айдың аралығында 1,6 млрд долларды елден жылыстатқан.

Шараға қатысқан қаржыгер Ескендір Бейсембетов: "Қазақстанда 1 млрд долларға 50 мың жұмыс орнын ашуға болады", – дейді.

Бутя бастаған белсенділер Машкевичтің ізіне түсіп, шетел асқан ақшаны қайтаруды көздеп отыр.

Сондай-ақ, қор белсенділері Тоқаевтың шеттегі капиталды қайтару туралы шешім қолдайтынын, бірақ Үкіметбасы Смайловтың сылбырлық танытып отырғанын сынға алды.

Әбілов өзге де шулы жайттарды сөз етті. Оны алдағы күндері жариялаймыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍167😱17😢3👏2
🏦🇰🇿 Тимур мен Динара Құлыбаевтар Халық банктегі үлесін қысқартпақ

Тимур мен Динара Құлыбаеваның "Алмэкс" холдингі өзіне тиесілі Халық банк акцияларының 18,1% акцияларын Лондон биржасындағы жеке инвесторларға сату туралы ойлана бастады. Бұл туралы, өз дереккөздеріне сүйеніп, Bloomberg жазады.

Сонда олар Халық банкті бақылауға мүмкіндік беретін 51% акцияны өздерінде қалдырады. Ал қалған 49% акция жеке инвесторлардың қолында болады және ашық нарықта әрі-бері сатылып жүре береді.

Бұл өте ақылды стратегия екенін айта кеткен жөн. Халық банкі акцияларын бүкіл әлем бойынша түрлі инвесторлар ұстап отырғандықтан оның халықаралық компания статусы бар. Демек банкке "Жаңа Қазақстан" билігі тиісе алмайды. Ал "Алмэкс" банк пайдасынан 51% дивиденд алып отырады. Яғни банк негізгі қожайындарына пайда әкелуін жалғастыра береді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Халық банк Тимур мен Динара Құлыбаевтарға 96 милллиард теңге пайда алып келді. 2022 жылдың кірісі одан да көп болады деп болжанып отыр. Оған қоса, банктің 18,1% акциясын сату олардың байлығын еселеп жіберетіні сөзсіз.

Dalainside-тың қолында Құлыбаевқа қатысты "қызықты" ақпараттар бар. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍47😱38😁8👏3🙏3
👊 Қазаққа дәу "Коtак" келе жатыр

Қазақстанға инвестиция салуға ниетті Үндістанның ірі «Adani Group» конгламератының біздегі жобаларын "Коtак Mahindra bank" бастаған үнді инвестияциялық банктерінің пулы қаржыландыруы мүмкін. Үнді инсайдерлері қазір синдикатталған заем бойынша қадамдардың басталғанын айтады.

"Коtак Mahindra bank" 2022 жылдың қортындысы бойынша 344 миллион доллар таза пайда тапты. Ол Үндістанның үздік династиялық бизнесінің бірі. Ел бойынша дәу инвестбанк. Оны көп жылдан бері банкир Удай Коtак басқарып келеді.

Ал осы инвестбанктердің қаржысын тартатын «Adani Group» конгламератының бастықтары өткенде бізге келіп, сөйлесіп кеткен болатын. Үндістан делегациясын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Премьер-Министр Әлихан Смайылов және орталық мемлекеттік органдардың басшылары қабылдаған еді.

Тараптар логистика, энергетика және газ және мұнай химиясы сияқты салалардағы ынтымақтастық мәселелерін өзара талқылаған.

«Adani Group» - энергетика, теңіз порттары мен логистика, тау-кен өнеркәсібі салаларын, сондай-ақ әуежайларды, дата орталықтарды біріктірген алпауыт конгломерат. Нарықтағы капитализациясы 280 миллиард долларға бағаланады. Ол бізде Каспий теңізі жағалауында порт салуға, Еуропаға транзитті дамытуға қызығып отыр.

Бірақ бүгін "Adani Group" капитализациясы 50 миллиард долларға бірден құлады. Үндістанда оның басшылығы корпоративті махинациялар жасады деп айыпталуда. Арнамызға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
😁114👍29😱11👏8👎7🙏2
🌐 DALA INSIDE жасанды интеллект енгізбек. Оған GPT қарсы емес

Қазақтілді телеграм арна өзінің лентасына Microsoft инвестиция салған Open AI компаниясының жасанды интеллектісін енгізудің техникалық жұмысын бастады. Әзірге платформалардың API синхронизациялары ойластырылуда.

Жасанды интеллект бастапқы кезеңде телеграм арнасының жазылушылары көбіне қандай жаңалықты оқитынын және қандай комментарий қалдыратынын зерттейтін болады. Және қазір авторлар жазып жүрген посттардың стилін, қазақ тілінің грамматикасы мен сөз құрастыру ерекшелігін үйренуі тиіс. Ол үшін нейросетьке біраз уақыт керек.

"Біздің болжауымызша, бір жылдан кейін жасанды интеллект қазақша пост жазып үйренеді", - дейді, DALA INSIDE телеграмының бас редакторы Думан Бықай.

Сол кезден бастап, жасанды интеллект қазақтілді телеграмды түгел өз қолына алмақ.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍98👏10👎1🤩1
⚡️Қаңтар оқиғасы: Әуежайға асыққан Дариға Назарбаева шешесін ұмытып кеткен...

Қаңтар қырғынында Назарбаев әулеті қайда бас сауғалады? Экс-президенттің Бішкекті бетке алып, әрі қарай Дубайға ұшқаны рас па?

Тоқаевты тобықтан қағып, "екі жеп, биге шыққысы" келген Дариға қайда жүрді?

Назарбаевтың шылбырына оралып, шашбауын көтерген жақын серіктері қайда болды?

Dalainside осы турасында ой өрбітіп, бірқатар қызықты тезистерді ортаға салған танымал саясаткер Жақсыбек Құлекеевтың кітабына қайта үңілді.

Қаңтардың қарсаңында экс-президент Германияда ота жасатқан "сантехник" інісі Болаттың көңілі сұрау үшін Шамалғанға келген.

Жағдай ушыққан тұста Назарбаев пен кейбір әулет өкілдері 🚘 брондалған көлікпен қырғыз шекарасын кесіп өткен. Қырғыз жеріне табаны тигесін, қауіп бұлты сейіліп, Назарбаев кланы сол арадан әуежайға жеткізілген, әрі қарай Дубай қайдасың деп Араб жеріне тартып отырған.

Құлекеевтің айтуынша Әлия әуелден-ақ Араб әмірлігінде болған. Бұған оның кейіннен өшіріп тастаған әлеуметтік желідегі аккаунты дәлел.

"Сервис Әлияның орналасқан жерін автоматты түрде Араб әмірлігі деп анықтады. Жария тұлғаның аккаунты көкпен белгіленсе, мұндай анықтама қойылады", – дейді ол.

Қаңтар кезінде Назарбаевтың басқан кешкендерін көзі қарақты қауым шет-шағалай біледі. Ал экс-президенттің тұла бойы тұңғышы Дариғаның Алматыдан шыға алмай, соры қайнағанын біреу білсе, біреу білмес.

Құлекеев бұл орайда келесідей инсайдпен бөліскен екен.

"Біраз басқа оқиғалар болған. Маған экс-президенттің үлкен қызының ұмытшақтығы туралы айтты. Қаңтардың қарсаңында Дариға Назарбаева Жаңа жылды тойлаудың қызығына кіргені соншалық, оны Алматыдан тез арада қауіпсіз жерге кету туралы көндірген соң, ол Науаи көшесіндегі 🏫резиденциядан анасы Сара Назарбаеваны өзімен бірге алып кетуді ұмытып кеткен...".

Dalainside назар аударған тағы бір жайт Құлекеев кітапта Сара апамызды Назарбаевтың бірінші әйелі деп жазады. Бұған тоқталып жатқанды жөн көрмедік, бұл жағы көпшілікке таңсық емес деп топшыладық.

"(Дариға) Шешесін үйде қалдырып кеткені еске түскенде, қалада бүлік басталып, эвакуациялауда қиындық туындаған. Мемкүзеттің қызметкерлері Сара Назарбаеваға бронды машинаның күзетімен төрт көлік жіберуге мәжбүр болған. Тек осылай ғана бұрынғы бірінші ханымның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды", – дейді Құлекеев.

Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады, кейбір күзетшілер халықтың қаһарынан қорқып, Сара апамыз отырған кортежді тастап кеткен. Қол созым жердегі Алматы әуежайына жету мұң болған...

"Салдарынан бронды көлік "Оңтүстік қақпа" бақылау - өткізу бекетінің маңындағы қоршауды бұзып өтуге мәжбүр болған. Осыдан кейін ғана 🛩 VIP жеке ұшақтың бортына жеткізілген", – дейді саясаткер.

Құлекеевтың айтуынша Қаңтарда Назарбаевтың өзге туыстары мен серіктері де солқылдақтық танытқан. Мәселен, экс-президенттің немере інісі Ахметжан Есімовтың зәре-құты қашқаны сонша бір топ нөкерімен Медеу мұз айдынын бөктерлеп, "Шымбұлақ" шипажайына жасырынған.

Dalainside Қаңтар оқиғасының себеп-салдарын таразыға тартып, тың мәліметтер іздестіре түседі. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍163😁46😱11😢4👎1
🇰🇿🤜🇷🇺 Қазақтар Ресей қаржы жүйесін толық қолына алды

Алексей Коровин Азия-Тынық мұхиты банкінің (АТБ) директорлар кеңесінен кетті. Естеріңізде болса, бұған дейін Dalainside Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейден банк сатып алғанын жазған болатынбыз. Кеткен Коровин ескі команданың адамы еді. Қазір оның орнына Қазақстанда бас банкир болған, яғни 2015-2019 жылдары Ұлттық Банкке төрағалық еткен Данияр Әкішев бар билікті қолына шоғырландырды. АТБ Банктің уақытша басқарма бастығы болып Қайрат Алтынбеков тағайындалды.

Қайрат Алтынбеков "7-20-25" ипотекасының негізін қалаған қаржыгер. Бірақ аз уақыттан кейін бұл орынға Олег Смоляков келуі тиіс. Ол да қазақ қаржыгері. Кезінде Ұлттық Банкте, артынан ҚНРДА-да төраға орынбасары болып қызмет атқарған.

Назарбаев үздік финансистерін Ресейге жіберіп отыр. Бұл оның банк фокусын Қазақстаннан Ресейге аударғанын аңғартады. Қазақ жерінде қалған "Jusan bank" акционерлеріне енді аса қызық емес сияқты. Себебі, заңға енгізілген өзгертулер бойынша, "Jusan bank" мемлекеттік көмекті қайтармайынша, қожайындарына дивиденд төлей алмайды. Жусан 1,5 триллион теңгені мемлекетке қайтарамын дегенше қай заман. Сондықтан акцент Ресейге ауып отыр.

АТБ-ны қазақстандық инвестициялық компания - "Pioneer Capital Invest" ЖШС-і Ресейдің Орталық банкінен аукционда 193 миллион долларға сатып алған болатын. Артынан олар өзі сатып алған Ресей банкін "Назарбаев фонд" дербес қорына аударып берді. Ол қорды - зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев басқарады.

Инсайдерлердің айтуынша АТБ биыл мол табыс тапты. Бірақ бізге есептіліктің шыққанын күту керек. АТБ кейсі оңды болатын болса, "Ескі Қазақстанның" біздегі бизнесі түгел Ресейге көше бастауы мүмкін.

Dalainside жағдайды бақылауды ұстайды. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍76😱18👎4👏3😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Бұл жолғы саяси бәсекенің бәсі жоғары ма? Бұл сайлауда популистерге орын бар ма?

"Amanat" партиясынан сайланған Мәжілістің экс-депутаты, атышулы Еділ Жаңбыршин алдағы саяси додаға қатысты ойын былайша тарқатыпты. Тыңдайық...

https://xn--r1a.website/dalainside
👏25👍13🙏6👎2😢2
💥 Бозымбаевтың оралуы: Тоқаевтың сенімді адамы сайлаудың аяқталар сәтін күтіп отыр...

Саясаттың қара қазанын бұрқ-сарқ қайнату үшін алақанын ысқылап, алдағы саяси науқанның аяқталуын күтіп отырған тұлғалар бар. Соның бірі – Қанат Бозымбаев.

"Мәжіліс сайлауынан кейін, жаңа Үкімет жасақталған тұста Тоқаевтың төңірегі Бозымбаевқа қатысты шешім қабылдайды" дейді Dalainside дереккөзі.

Қаңтардың қарсаңында Назарбаевтың үрім-бұтағы билеп-төстеп отырған Алматы облысын басқаруды Тоқаев Бозымбаевқа сеніп тапсырған.

Dalainside бұған дейін Қаңтардағы аласапыранда "ескі жүйенің" жанталаса күресуі 2️⃣ жерде қатты жүргенін жазған болатын.

Ең басты күрес – Астанадағы 🏰 Ақордада жүрсе, екінші жанталастың ошағына – Алматы мен Алматы облысы айналды.

Ақорда үшін арпалыста Тоқаев табандылық танытып, мемлекеттің іргесін шайқалтпай ұстап қалды. Алматы қаласында Сағынтаев позицияны беріп қойса, Алматы облысында Бозымбаев Назарбаев жандайшаптарына қарсы тұра білді. Бозымбаевтың Сағынтаевтан ерекшелігі сол, сын сағатта халықтың ортасында болды.

Оның бұл әрекеті Ақорда тарапынан сөзсіз бағалануы керек. Иә, сіз бен біз жақсы білетін әттеген-айы да бар...

Оның аузынан шыққан әйгілі 🤨 былапыт сөз экс-әкімнің мансабына балта шапты деген әңгіме бар. Расымен, сол оқиғадан кейін Бозымбаев көлеңкеге кетуге мәжбүр болды.

"Қаңтардағы былапыт сөзі үшін Тоқаев Бозымбаевты сыртқа тепті..." дейді білетіндер. Бірақ, бұл Бозымбаевты санаттан сызғанның белгісі емес.

"Ол бәрібір қайтып келеді. Президенттің маңайындағы топ оны жанынан ұзатқан жоқ. Биліктің барлық баспалдағынан өткен Бозымбаевтың арыны мен қарымына күмән келтіруге болмайды. Әзір бұған қатысты Президентті иландыру, сендіру жұмысы қызу жүріп жатыр.

Жаңа Қазақстанның саясат сахнасынан Бозымбаев сырт қалды деп сұқ саусақты бүгуге әлі ерте. Ол Үкіметті басқаруға лайықты кандидаттың біріне айналуы мүмкін, ең кемі кеңесшілік қызметке келеді. Ол президентке уәзір болуға дайын кандидат", – дейді Dalainside дереккөзі.

Оның жалайыр екені өз алдына бөлек әңгіме. Ол бірінші кезекте технократ маман. Тоқаевтың технарларға сусап отырғанын бәріміз білеміз. Бозымбаев "Кегокты" басқарып тұрғанда еліміздің Солтүстігіндегі электр қуатын Оңтүстікке жеткізіп, үлкен іс тындырғанын біреу білсе, біреу білмес.

Атышулы Әблязов Назарбаевпен сөзге келгеннен кейін "Кегоктың" көсегесін көгерту ісі Жетісудың экс-әкіміне бұйырған еді. Бұл туралы "Қала мен Дала" газетінің осы аптадағы нөмірінде егжей-тегжейі жазылады.

Айтпақшы, бұған дейін "Бозымбаевтың үстінен іс қозғалды..." деген қауесет тараған. Егер рас болса, оның дұшпандары әлдеқашан "утечка" берер еді. Соған қарағанда, бұл өсек сөз болуы әбден мүмкін.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍101🤩5👏3👎2😱2🙏2
"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев мемлекетке қарсы шығып, сотта ойсырай ұтылды

Болат Назарбаев Алматыдағы "Оптовка" базарын қайтарып аламын деген үмітінен біржолата айрылды.

Өткен жылдың қазан айында сот оптовканы басқаратын "Найза-БН" фирмасын мемлекетке қайтару туралы шешім шығарған болатын. Себебі, 1,5 миллиард теңге тұратын базарды "Бөкең" небары 300 миллион теңгеге сатып алған. Одан мемлекетке үлкен шығын келді.

Болат Назарбаев онымен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген еді. Бүгін аппеляциялық сот ол шағымды қанағаттандырмады.

Болат дәуірінің аяқталуымен олигополияның базардағы диктатурасы бітті деуге болады. "Алтын Орда" мен "Оптовка" мәселесі шешілді. Енді мемлекетке соңғы қадам жасап, Алматының қақ ортасындағы "Никольский" базарын өзіне қайтару ғана қалып отыр. Бұл ретте, 2017 жылдары Жер қатынастары басқармасында басшының орынбасары болған, жерді Болат Назарбаевқа жазып берген Ардақ Самамбетов деген шенеуікке үлкен сұрақтар туындайтын болады.

DALA INSIDE дереккөзі Болат Назарбаевтың "Никольский" базары үшін қасық қаны қалғанша айқасуға буынып отырғанын хабарлады. Бірақ мемлекет те бұл істі соңына дейін жеткізбек. Сондықтан "Қазақстан VS Болат Назарбаев" жекпе-жегінде біз үшінші раундты көретін боламыз.

Оптовканың коммуналды балансқа оралуымен биыл Алматы экономикасы одан да тезірек өсетін болады. Бұған дейін Болат Назарбаев Алматының дамуына мүмкіндік бермей келген еді. Қазір Алматы Қазақстандағы бүкіл сауданың үштен бірін (32.3%) жасайды.

Алматының экономикасы былтыр 43 миллиард доллар болды. Биыл Алматы Қазақстан бюджетіне 207 миллиард теңге беруі тиіс. Егер "Болат дәуірі" аяқталып, "Никольский" базары коммуналды меншікке қайтса, қаланың ішкі аймақтық өнімі тағы 0,3% импульс алмақ.

Бөкең туралы әңгіме әлі алда. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
👍222👏17🤩9
💸🤌 Не істесе де, Қазақстан жемқорлықты жеңе алмады. Жағдай жылдан-жылға нашарлап барады

Қазақстан әлемдік рейтингте тағы бір сатыға құлдырады. 2022 жылы Transparency International халықаралық ұйымы есептеген сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде еліміз 100 ұпайдан 36 ұпай жинады. 2021 жылмен салыстырғанда бұл бір ұпайға, 2020 жылмен салыстырғанда екі ұпайға аз.

Қазақстанның бағасы орташа әлемдік деңгейден төмен болып шықты. Қазір орташа әлемдік деңгей 43 ұпай.

Дания, Финляндия және Жаңа Зеландия жемқорлық атымен жоқ елдер қатарына жатқызылды. Сирия, Сомали және Оңтүстік Судан - жемқорлыққа белшесінен батқан мемлекеттер. Қазақстан Данияға қарағанда Сомалиге жақынырақ орналасты.

https://xn--r1a.website/dalainside
👍51😱31👎10😢8😁5👏2
🤌🏦 Қазақстанға "Kotak" та келмейтін болды

Үндістандық миллиардер Гаутам Аданидің компанияларында орын алған махинациялар туралы есеп жарияланғаннан кейін "Adani group" капитализациясы бір аптада 100 миллиард долларға құлдырады. Адани бір сөзбен айтқанда Қазақстанның екі Ұлттық қорына пара-пар ақшаны жеті күнде жоғалтып, "Азияның ең бай азаматы" мәртебесінен де айрылды.

Аданидің 10 корпорациясы Мумбай биржасында акцияларын арзандатып алды. Ал жүйеқұраушы Adani Enterprises, Adani Transmission және Adani Ports компанияларының акциялары 10 пайызға төмендеді.

Кеше "Adani Enterprises" акциялары 2 179,75 рупийге дейін төмендегеннен кейін Гаутам Адани инвесторларға ақшасын қайтарып беру туралы шешім қабылдады. Ол шешім қаржы тобының ахуалын тағы 20 миллиард долларға нашарлатып жіберді.

Бұған дейін Гаутам Адани Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу өткізіп, Каспий түбіне логистикалық-порттық инфрақұрылым салу туралы ойланып жүрген. Ол жобаға синдикатталған заем тартылған жағдайда тағы бір олигарх, банкир Удай Котак басқаратын "Котак Mahindra group" қарыз береді деп жоспарланды. Бірақ, инсайдерлер қазіргі жағдайда Гаутам Аданидің жаңа жобаларды тоқтатып қойғанын хабарлайды. Яғни, үнді миллиардері Қазақстан туралы жобасын ысырып қоюға мәжбүр.

Қазақстан Каспийдің транзиттік әлеуетін ТМТМ халықаралық коридоры арқылы ақырындап пайдалана бастады. Бізге әрине, инвесторлар, ірі капитал ауадай керек еді. Каспийдегі порттардың өткізу қабілеті Қытай сынды алпауыт елдер үшін баланың ойыншығы сияқты болып отыр.
Сондықтан Гаутам Адани мен Удай Котактың қазақ еліне жете алмай қалуы қуанышты емес, өкінішті нәрсе.

https://xn--r1a.website/dalainside
😁66👍45😱10👎8😢6👏2🙏1
📜 Араб қазаққа емес, қазақ арабқа ақша бермек

Олигарх Александр Машкевич бастаған ERG корпорациясы Сауд Арабиясына 50 миллион доллар инвестиция құятын болды. Негізі бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан да бар, керісінше Сауд Арабиясынан инвестиция күтетін.

ERG 50 миллион долларды биылғы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсайтын болады. ERG-ге тиісті лицензия беріліп қойды.

Мұнайдан басқа дымы жоқ Парсы шығанағының шөлінен Машкевич не іздеп жүр?

Оның ойынша, Ад-Давидими аймағында аккумулятор өндіруге қажетті пайдалы қазбалар бар. Тек оны барлап, осы қазбаны табуы керек. Егер тапса, онда Машкевич екі жеп биге шығады.

Электромобильдер индустриясы қарыштап дамып жатқан заманда кім аккумулятор жасайды соның дәурені жүріп тұр. ERG негізгі табысын Қазақстаннан табады. Бізде олар ескі технологиямен көмір, металл өндіреді. Бірақ заман өзгеріп, уақыт ауаны энергияның жаңа түрлеріне ойысты. Сондықтан Қазақстаннан түскен кірісті пайдаланып, басқа елдерде жаңа өндіріс ашып алған жөн. Сонда көмір дәуірі біткенде, Қазақстанға "шалом" деп ескі зауыттар мен шұңқыр болып аңырап жатқан карьерлерді қалдырып кетеді де қалады.

Сондықтан біздің олигархтардың Сауд Аравиясына инвестиция салғанына таңдаңбаңыздар. Олар да Илон Маскке бір қадам жақын болғысы келеді.

Dalainside сіздер үшін ізденуін тоқтатпайды. Әйтсе де, тәуелсіз болып қалу үшін бізге қолдау қажет. Ол туралы төмендегі посттан оқыңыз👇

https://xn--r1a.website/dalainside
😱56👍46👎21
🙏 Қазақ телеграмына халықтың қолдауы қажет

DAlA INSIDE телеграм арнасының ERR көрсеткіші 100%-дан асты. Бұл Қазақстандағы телеграм индустриясы тарихындағы тұңғыш көрсеткіш. Тіпті ең мықты деген орыстілді каналдардың ERR деңгейі 60-70%.

Демек DALA инсайдты 10 900 оқырманның әрбірі қалдырмай оқиды. Тіпті жазылмаған азаматтар да оқып жатқандықтан ERR жүзден асып кетті. Біз арнаны қазақ аудиториясының әлеуетін дәлелдейміз, орыстілділерден кем емеспіз деп ашқан болатынбыз. Біз қазақ тілінің телеграмда да болашағы зор екенін дәлелдедік.

Бірақ бізге даму керек. Жаңа авторлар тартып, зерттеу нәтижелерін, инсайдтарды, базаларды, басқа арналарды сатып алуға инвестиция керек. Тәуелсіз болып қалу үшін, дөкей олигархтарға қол жаймай, оқырмандардың қолдауын сұрайық деп шештік. Қазақ телеграмы бұлақ сияқты, қазір көзін ашып, қолдап жіберсек, ертең айдын көлге айналады.

Донат жіберу үшін:
Каспидегі телефон нөмірі: +7 707 826 1401 Думан Т.
Карта нөмірі: 4400 4302 4386 2304
👏173👍86🙏10👎1
DALA INSIDE pinned «🙏 Қазақ телеграмына халықтың қолдауы қажет DAlA INSIDE телеграм арнасының ERR көрсеткіші 100%-дан асты. Бұл Қазақстандағы телеграм индустриясы тарихындағы тұңғыш көрсеткіш. Тіпті ең мықты деген орыстілді каналдардың ERR деңгейі 60-70%. Демек DALA инсайдты…»