КГА 🇰🇿
3.44K subscribers
2.21K photos
123 videos
4 files
339 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Көлік саласындағы 2025 жылдың негізгі оқиғалары

2025 жылы еліміздің көлік саласында тұрақты өсім сақталып оң динамика көрсетуде. Мемлекет басшысының тапсырмалары мен саланы дамыту жоспарларына сәйкес транзиттік әлеуетті нығайтуға, логистикалық үдерістерді жетілдіруге және көлік қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.

🛣️Автомобиль жолдарын жөндеу және қайта жаңарту
Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары рекордтық 13 мың шақырымды қамтыды. Қалбатау – Майқапшағай, Ұзынағаш – Отар және Қызылорда – Жезқазған (Қызылорда облысы аумағындағы учаске) бағыттарындағы негізгі жобалар толық аяқталды. Сонымен қатар, Жезқазған – Петропавл және Қарағанды – Қарқаралы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында орташа жөндеу жүргізілді.

Қазіргі уақытта Қызылорда – Жезқазған автомобиль жолын қайта жаңғырту (Ұлытау облысы аумағындағы учаске), Ертіс өзені арқылы көпір салу және басқа да ірі жобалар жүзеге асырылуда. Алдағы жылы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу жалғасын табады.

🚊Теміржол инфрақұрылымын дамыту жобалары
Ұзындығы 836 шақырымды құрайтын Достық – Мойынты теміржол желісінің құрылысы аяқталып, Қазақстан – Қытай бағытының өткізу қабілеті 5 есеге артты. Бұл халықаралық көлік дәліздері арқылы транзиттік жүк тасымалдарының өсуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ ұзындығы 75 шақырымды құрайтын Алматы қаласының айналма теміржол желісі жобасы аяқталуға жақын, бұл транзиттік ағынды қайта бөлуге және қаладағы экологиялық әрі көлік жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

323 шақырымдық Мойынты – Қызылжар жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды, сондай-ақ ұзындығы 157 шақырым Дарбаза – Мақтаарал және 297 шақырымды құрайтын Аягөз – Бақты жобалары жүзеге асырылуда.

🏫Вокзал инфрақұрылымы
Вокзал кешендерін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ел аумағындағы 124 вокзалдың 46-сында құрылыс-монтаж жұмыстары биыл аяқталады.

⛴️Су көлігі және логистика
Ақтау портындағы контейнерлік хабтың құрылысы толық аяқталып, жүк өңдеу үдерістері жеделдетіліп, қазақстандық логистиканың халықаралық бағыттардағы бәсекеге қабілеттілігі артты.

✈️Авиация және әуежай инфрақұрылымы
Авиация саласында Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестіктің 95,7 пайызына қол жеткізді. Бұл ТМД және Еуразия өңіріндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Ақтау әуежайында ұшу-қону жолағына, рульдеу жолдарына және перронның бір бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынуда, ал Павлодар, Балқаш және Арқалық әуежайларында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл әуе қатынасының өткізу қабілетін арттырып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Аталған жобалардың барлығы көлік инфрақұрылымын жүйелі дамытуға, елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға және логистика саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған.
3
Ключевые события транспортной отрасли Казахстана в 2025 году

В 2025 году в транспортной отрасли Казахстана сохраняется устойчивая положительная динамика. В рамках реализации поручений Главы государства и планов развития отрасли реализуются инфраструктурные проекты, ориентированные на укрепление транзитного потенциала, совершенствование логистических процессов и повышение качества транспортных услуг.

🛣️Ремонт и реконструкция автомобильных дорог
Ремонтные работы охватили рекордные 13 000 км дорог. Завершены ключевые проекты: участки Қалбатау – Майқапшағай, Ұзынағаш – Отар и Қызылорда – Жезқазған (участок Кызылординской области).
Кроме того, проведён средний ремонт на республиканских дорогах Жезқазған – Петропавл и Қарағанды – Қарқаралы.

Продолжается реализация крупных проектов как реконструкция дороги Қызылорда - Жезказган (участок области Ұлытау), строительство моста через реку Иртыш и др. проекты. В новом году будет продолжена реализация инициативы Главы государства по масштабному среднему ремонту 10 тысяч километров автомобильных дорог республиканского значения.

🚊Проекты развития железнодорожной инфраструктуры
Завершена железнодорожная линия Достык – Мойынты протяжённостью 836 км, что увеличивает пропускную способность направления Казахстан – Китай в 5 раз и способствует росту транзитных грузоперевозок в рамках международных транспортных коридоров. Также близится к завершению проект обводной железной дороги Алматы длиной 75 км, что позволит перераспределить транзитный поток и улучшить экологическую и транспортную ситуацию в городе.

Начато строительство новой железнодорожной линии Мойынты – Қызылжар – протяжённость 323 км, продолжаются проекты Дарбаза – Мактарал – 157 км и Аягоз – Бахты – 297 км.

🏫Вокзальная инфраструктура
Проводится масштабная модернизация вокзальных комплексов, так из 124 вокзалах страны на 46 объектах уже в этом году будут завершены строительно- монтажные работы.

⛴️Морской транспорт и логистика
Завершено строительство Контейнерного хаба в порту Актау, обеспечивающего ускоренную обработку грузов и повышение конкурентоспособности казахстанской логистики на международных направлениях.

✈️Авиация и аэропортовая инфраструктура
В авиационной отрасли Казахстан достиг 95,7 % соответствия стандартам ИКАО по авиационной безопасности — одного из самых высоких показателей среди стран СНГ и Евро-Азиатского региона.
Завершены капитальные ремонты взлётно-посадочной полосы, рулёжных дорожек и части перрона аэропорта Актау. Ведётся строительство новых аэропортов в курортных зонах Зайсан, Катон-Карагай и Кендерли, а также реконструкция аэропортов Павлодара, Балхаша и Аркалыка, что позволит увеличить пропускную способность и повысить качество обслуживания пассажиров.

Реализация указанных проектов соответствует системному подходу к развитию транспортной инфраструктуры, укреплению транзитного потенциала и развитию логистики.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет»

«Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселені мұқият пысықтап, нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын.

Жуырда біз елімізде толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Соның ішінде елорда әуежайына қатысты жұмыс та бар.

Бірақ Қазақстанда өндірілетін авиа жанармай көлемі жеткіліксіз. Осы жағдай авиахабтарды дамытуға кедергі болуы мүмкін.

Сондықтан Үкімет авиа жанармай өндірісін арттыру үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бәлкім, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу керек шығар. Оның артықшылығы да, кемшін тұстары да бар.

Үкімет осыған қатысты өз ұстанымын айқындап, нақты шешім қабылдауы қажет».

t.me/aqorda_resmi
1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Для увеличения транспортно-транзитного потенциала города необходимо рассмотреть возможность строительства нового аэропорта»

«Поручаю Правительству совместно с акиматом тщательно изучить этот вопрос и внести конкретные предложения.

Недавно на совещании мы обсуждали вопрос формирования в стране полноценных авиахабов, в том числе на базе столичного аэропорта.

Однако в Казахстане производится недостаточно авиационного топлива, что может негативно сказаться на развитии авиахабов, можно сказать, уже сказывается.

Правительству нужно принять конкретные меры по увеличению производства данного вида топлива. Возможно, необходимо построить новый нефтеперерабатывающий завод. Конечно, у этого предложения есть и положительные, и отрицательные стороны.

Правительству необходимо обозначить свою позицию по данному вопросу и выработать практическое решение».

t.me/aqorda_resmi
2
Авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудитінің қорытындысына арналған марапаттау

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының(ИКАО) авиациялық қауіпсіздік және формальдылықтарды оңайлату жөніндегі аудитінің қорытындысы бойынша, 2–14 қыркүйек аралығында Қазақстанда өткізілген тексеру нәтижесінде халықаралық ИКАО стандарттарына сәйкестіктің 95,7%-дық жоғары көрсеткішіне қолжеткізуге елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Бұл 2017 жылғы 83% көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай өсім болып табылады. Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық талаптарға сәйкестік деңгейі бойынша әлемнің үздік 20 елінің қатарына енді.
Аталған нәтиже авиация саласының барлық қатысушыларының үйлесімді жұмысы, жоғары кәсіби деңгейі және тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылының арқасында мүмкін болды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Олжас Бектеновтің атынан авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі және ИКАО аудитінен сәтті өткені үшін алғыс хаттардыКөлік вице-министрі Талғат Ластаев табыс етті.

Марапатталғандар:
Дәрібеков Батихан Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетініңофицері;
Әбілов Талғат Қаратайұлы – ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қонқызметі комитетінің басқарма басшысы;
Қатышев Дархан Маратұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары;
Өмірәлиев Бауыржан Ойратұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы;
Евадилла Мұхамедияр Әлішерұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің Авиациялық қауіпсіздік басқармасының сарапшысы;
Шәріпбаев Жәнібек Азатұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры – Басқарма мүшесі;
Қаңлыбаев Данияр Оңласынұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры;
Ким Всеволод Вячеславович – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Формальдықты оңайлату, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсету департаментінің директоры;
Әділбекұлы Дәулетбек – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары;
Ахметов Ерік Тоқшылықұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаменті авиациялық қауіпсіздікті қадағалау және бақылау басқармасының басшысы;
Төлешов Марат Сәбитұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы;
Сүлеев Ғабит Нығметұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімінің бастығы;
Бектұрсынов Санжар Байбосынұлы – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Вице-президенті – Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Көлік-министрі Нұрлан Сауранбаевтың Алғысхаттарымен марапатталғандар:

Иманбаев Дулат Талғатұлы – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының штабы әскер қызметі бөлімінің бастығы;
Жүсіпов Ринат Болатұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Біріккен Ұлттар Ұйымы басқармасының бірінші хатшысы;
Тұрубаев Қанат Хамидоллаұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті басқармасының бастығы;
Ртищев Павел Владимирович – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Апуов Адылет Даниярұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Батталов Ерлан Серікжанұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Даньяров Ерлан Кильденұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Ахметқалиев Максат Оралқанұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері;
Дубаев Марат Хасанұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көлік полициясы департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы (Полиция полковнигі);
2
Жұмажанов Алихан Бейсенбайұлы- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көлік полициясы департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы (Полиция подполковнигі);
Малаев Нұржан Сәрсенбайұлы – Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің директоры;
Қабанбаев Рүстем Ержанатұлы – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы;
Тойбеков Алихан Әділханұлы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің әкімшілік бөлімшесі бастығы;
Рахимбеков Ануар Нұрланұлы – «НұрсұлтанНазарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қауіпсіздік бөлімшесінің бастығының орынбасары;
Марсеитова Дания Қалдыбекқызы - «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсатнама бюросының бастығы;
Veysel Karani Ozokcu – «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Президентінің авиациялық қауіпсіздік бойынша аға кеңесшісі;
Жакашова Қаламқас Әшірбекқызы – «Эйр Астана» АҚ Вице-президенті;
Ислямов Аян Ерикович – «Казаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары;
Аугалиев Женис Алтынханович – «Казаэронавигация» РМК бас директорының кеңесшісі;
Акимов Денис Константинович – «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жүйелерді сүйемелдеу және дамыту басқармасының бастығы;
Оспанов Тимур Төлегенұлы – «QAZAQSTAN IDENTITY SECURITY» ЖШС Бас директоры;
Бәйдібекова Жанна Александровна - «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ Бас аудиторы;
Табиров Ілияс Бақытұлы - «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ аға бортсерігі;
Лесхан Берік Есенханұлы - «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ бортсерігігі;
Лупундюк Ирина Владимировна – «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ Астана желілік станциясының аға өкілі;
Казанцева Светлана Юрьевна – «СКАТ» әуекомпаниясы» АҚ Нұсқаушы-бортсерігі.