КГА 🇰🇿
3.43K subscribers
2.22K photos
125 videos
4 files
343 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Азаматтық авиацияны оқыту және кадрлық ресурстарды жоспарлау мәселелері бойынша ИКАО өңірлік семинары Алматыда өтеді

2025 жылдың 5–6 қарашасы аралығында Алматы қаласында Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) Еуропа және Солтүстік Атлантика бюросының (EUR/NAT) азаматтық авиацияны оқыту және кадрлық ресурстарды жоспарлау мәселелері жөніндегі өңірлік семинары өтеді.
Семинарға ИКАО EUR/NAT бюросының Өңірлік директоры Николас Ралло қатысады. Іс-шара авиациялық кадрлық әлеуетті дамыту, тәжірибе алмасу және ICAO NGAP бағдарламасына сәйкес келетін өңірлік және ұлттық стратегияларды талқыла авиация саласының мамандарын, оқу ұйымдары мен ғылыми қауымдастықтарының өкілдерін біріктіретін болады.
Панельдік сессияларда халықаралық сарапшылар баяндама жасайды, олардың қатарында: JAA TO Еуропалық үздік тәжірибе орталығының директоры Паула В. де Алмейда, Eurocontrol әуе кеңістігі және жүйелер жөніндегі атқарушы менеджері Милена Боуман, GATE Aviation Training бас директоры Дирх Янс, Францияның жоғары авиациялық инженерлер мектебінің вице-президенті Николя Казалис, ACI World оқу және серіктестік бағдарламаларының директоры Исса Кастро, Сингапур авиациялық академиясының деканы Тай Тианг Гуан, Инчхон әуежайы авиациялық академиясының кадрларды дамыту бөлімінің директоры Вон Сун Пак, AeroShift негізін қалаушы Дэвид Мерсер және басқа да мамандар бар.
Семинардың негізгі тақырыптары: өңірлік дағдылар мониторингі, кадрларға деген сұранысты болжау құрылымын қалыптастыру; авиацияның трансформация жағдайында мамандардың икемділігін және білімдерінің өзектілігін сақтау; сондай-ақ EUR/NAT аймағында ИКАО NGAP («Авиация мамандарының келесі буыны») бағдарламасының сәтті жүзеге асырылуының мысалдарын талқылау.

ИКАО EUR/NAT – ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының бөлімшесі болып табылады, оның құрамына ИКАО-ға мүше 193 елдің ішінде Қазақстан Республикасын қоса алғанда, аймақтағы 56 мемлекет кіреді.
3
Региональный семинар ИКАО по вопросам авиационного обучения и планирования кадровых ресурсов пройдет в Алматы

С 5 по 6 ноября 2025 года в Алматы состоится Региональный семинар Международной организации гражданской авиации ИКАО EUR/NAT по вопросам авиационного обучения и планирования кадровых ресурсов.
В семинаре примет участие Региональный директор бюро ИКАО EUR/NAT Николас Ралло. Мероприятие объединит представителей учебных организаций, научных кругов для обсуждения актуальных вопросов развития кадрового потенциала, обмена опытом и изучения региональных и национальных стратегий, согласованных с программой NGAP ИКАО.
В числе спикеров директор Европейского центра передового опыта JAA TO Паула В. де Алмейда, исполнительный менеджер по воздушному пространству и системам Eurocontrol Милена Боуман, генеральный директор GATE Aviation Training Дирх Янс, вице-президент Французской высшей школы подготовки авиационных инженеров Николя Казалис, директор программ обучения и партнерства ACI World Исса Кастро, декан Сингапурской авиационной академии Тай Тианг Гуан, директор отдела развития персонала Авиационной академии аэропорта Инчхон Вон Сун Пак, основатель AeroShift Дэвид Мерсер и другие.
Ключевые темы семинара – региональный мониторинг навыков, формирование структуры прогнозирования потребностей в персонале, поддержка специалистов для сохранения гибкости и актуальности знаний в условиях трансформации авиации, а также примеры успешного внедрения программы ИКАО NGAP («Следующее поколение авиационных специалистов») в регионе EUR/NAT.

Региональное бюро ИКАО EUR/NAT – Европейское и Северо-Атлантическое бюро ИКАО, являющееся подразделением Международной организации гражданской авиации, в которое входят 56 государств региона из 193 стран-членов ИКАО, в том числе Республика Казахстан.
🔥3
Forwarded from UKIMET
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

✈️ TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан мен Алматы халықаралық әуежайының президенті Гөкер Көсе Horizon компаниясының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда ішкі рейстер терминалын реконструкциялау, мұздан тазартатын заманауи платформасын құру, жақын маңдағы тұрғын үйлерді шудан оқшаулау және басқа да жұмыстар жүргізілуде.

🛫 Жалпы, тұжырымдамада негізгі жолақты толық реконструкциялау арқылы үш ұшу-қону жолағынан тұратын жүйе құру, жүк перронының құрылысы, логистикалық және қойма кешендерін, жолаушыларға арналған заманауи инфрақұрылымды салу және тағы да басқалар көзделген. Жаңғырту жұмыстары 2050 жылға қарай әуежайдың жыл сайынғы өткізу қабілетін 55 млн жолаушыға және 500 мың тонна жүкке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әуе айлағы жылына 12 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, ҚР-да авиатасымалдау көлемінің 70%-ын қамтамасыз етеді.

📈 TAV Airports Holding басшылығы бүгінгі күнге дейін $260 млн инвестицияланғанын хабарлады және жобаның барлық кезеңінің жедел орындалуы үшін әуежай пайдасын одан әрі қайта инвестициялауға дайын екенін растады.

🔸 Олжас Бектенов Алматы қаласының әуежайы Президент тапсырмасымен еліміздің алты қаласында құрылып жатқан біртұтас экожүйе тізбегіне кіретінін атап өтті. Жаңа деңгейдегі инфрақұрылымды құру және әуе айлағының өткізу қабілетін арттыру үшін барлық жұмысты уақтылы аяқтаудың маңыздылығын айтты.

🔹 Нысанның қолжетімділігі мәселелерін шешу және азаматтарға қолайлылықты қамтамасыз ету үшін әуежай аумағын айналып өтетін, қалалық автомагистральды, Үлкен Алматы айналма автожолын, жүк кешенін және әуежайға негізгі кіреберісті жылдам шығу мүмкіндігімен байланыстыратын айналма жол салу мәселелері қаралды. Авиаотынды жеткізу мен сақтаудың тұрақты жағдайларын қамтамасыз етуге назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен Алматы қаласы әкімдігіне реконструкциялау жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқталуын жіті қадағалауды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1
Forwarded from UKIMET
Реализация поручений Президента: в Правительстве рассмотрели ход модернизации аэропорта города Алматы

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития аэропорта города Алматы в рамках реализации поручений Главы государства по созданию международного авиахаба.

✈️ Генеральный директор TAV Airports Holding Серкан Каптан и президент Международного аэропорта Алматы Гокер Косе проинформировали о ходе реализации стратегической программы развития Horizon до 2050 года. На сегодня ведутся работы по реконструкции терминала внутренних рейсов, созданию современной платформы антиобледенения, шумоизоляции близлежащих жилых домов и др.

🛫 В целом, концепцией предусмотрено создание системы из трех взлетно-посадочных полос с полной реконструкцией основной полосы, строительство грузового перрона, логистических и складских комплексов, современной инфраструктуры для пассажиров и др. Модернизация обеспечит увеличение ежегодной пропускной способности аэропорта до 55 млн пассажиров и 500 тыс. тонн грузов к 2050 году. На сегодня воздушная гавань обслуживает более 12 млн пассажиров в год и обеспечивает порядка 70% объема авиаперевозок в РК.

📈 Руководство TAV Airports Holding сообщило, что на сегодня вложено $260 млн и подтвердило готовность дальнейшего реинвестирования прибыли аэропорта для оперативного выполнения всех этапов проекта.

🔸Олжас Бектенов отметил, что аэропорт города Алматы входит в цепочку целостной экосистемы, создаваемой по поручению Президента в шести городах РК. Подчеркнута важность своевременного завершения всех работ для создания инфраструктуры нового уровня и увеличения мощностей воздушной гавани.

🔹Для решения вопросов доступности объекта и обеспечения удобства для граждан рассмотрены вопросы создания кольцевой дороги вокруг территории аэропорта, соединяющей городскую автомагистраль, БАКАД, грузовой комплекс и главный вход в аэропорт с возможностью быстрого выезда. Внимание уделено обеспечению стабильных условий поставок и хранения авиатоплива.

По итогам совещания Премьер-министр поручил профильным министерствам и акимату города Алматы на особом контроле держать вопрос качественного и своевременного завершения реконструкции.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4
Алматыда авиациялық оқыту және адами ресурстарды жоспарлау бойынша ИКАО аймақтық семинары өтуде

ИКАО (EUR/NAT) Авиациялық оқыту және кадрлық ресурстарды жоспарлау бойынша аймақтық семинарына Германия, Дания, Латвия, Португалия, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Швеция, Оңтүстік Корея және басқа да елдерден халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, авиация саласының және оқу орталықтарының өкілдері жиналды.
ИКАО EUR/NAT аймақтық директоры Николас Ралло семинардың ашылуы кезінде іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі сала көшбасшылары, оқытушылар және болашақ мамандар арасында кәсіби байланыс орнату екенін атап өтті: «Орталық Азияны қоса алғанда, үкімет, азаматтық авиация органдары, өнеркәсіппен және академиялық ортаның өкілдерімен кездескенімде мен маңызды пікірлер естідім. Бұл пікірталастар авиация саласындағы кадрлық ресурстар мәселелерін бірлесіп, ынтымақтастық және ортақ міндеттеме арқылы шешуіміз керек деген сенімімді нығайтты».
Кездесудің ашылуында сөз сөйлеген ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев авиациялық білім беру жүйесін дамыту мен білікті мамандарды даярлау саланың тұрақты өсуінің негізгі шарты екенін атап өтті:
«Бүгінгі күні білім беру бағдарламалары мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету ерекше маңызды. Жаңа буын мамандары заманауи авиацияның сын-қатерлеріне дайын болып, ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізуге қабілетті болуы тиіс».
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева өз баяндамасында биылғы жылдың 9 айындағы саланың өсім көрсеткіштерін келтірді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 7,2%-ға артты, ал соңғы үш жылда әуе кемелері паркі шамамен 15%-ға өсті. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 45%-ға арттыру жоспарлануда.
«Өнеркәсіптің қарқынды дамуымен авиация саласында кадрларға деген қажеттілік артып келеді. Осыған байланысты біз ИКАО-ның, соның ішінде NGAP бастамаларының маңызына ерекше назар аударамыз. Әсіресе жастар арасында кәсіби бағдар беру және авиация мамандықтарын насихаттау жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде», – деп атап өтті С. Томпиева.
Екі күндік семинар авиация саласындағы кадрлық ресурстарға деген қажеттіліктер туралы деректерді жинау, талдау және бөлісудегі озық тәжірибелерді талқылауды, сондай-ақ келесі буын авиация мамандарын тарту бойынша табысты бастамалардың тұсаукесерін қамтиды. Авиация саласын оқыту бойынша панельдік сессияларда оқыту ұйымдарының бағдарламаларды практикалық талаптарға қалай бейімдей алатыны және ең сұранысқа ие құзыреттіліктерді қалай дамыта алатыны талқыланады.
Спикерлердің қатарында Еуропалық біліктілікті арттыру орталығының (JAA TO) бас директоры Паула В. де Альмейда; Eurocontrol әуе кеңістігі, жүйелері және процедуралары жөніндегі атқарушы менеджер Милена Боуман; GATE авиациялық оқыту бас директоры Дирх Янс; ENAC вице-президенті Николя Казалис және басқалар бар.
Семинардың негізгі тақырыптарына салалық персоналдың қажеттіліктерін болжау жүйесін әзірлеу және авиация саласында оқыту мен практикалық қажеттіліктер арасындағы алшақтықты жою; жылдам технологиялық өзгерістер жағдайында авиация мамандарын қолдау және бейімделу дағдыларын дамыту; тәлімгерлік бағдарламалар, тәжірибе алмасу және стипендиялық бастамалар арқылы гендерлік теңдік пен жастардың қатысуын ілгерілету; және тұрақты және болашаққа бағытталған оқыту шешімдерін жасау үшін авиация экожүйесі бойынша серіктестікті нығайту кіреді.
Іс-шара авиация қызметкерлеріне арналған шешімдерді әзірлеуге және ИКАО «Авиация мамандарының келесі буыны» (NGAP) бастамасымен үйлесетін аймақтық және ұлттық стратегияларды әзірлеуге әкеледі.
👍1
👍4
👍3❤‍🔥1
👍3
❤‍🔥2
👍2
В Алматы проходит Региональный воркшоп ИКАО по вопросам авиационного обучения и планирования кадровых ресурсов

Региональный воркшоп ИКАО (EUR/NAT) по вопросам авиационного обучения и планирования кадровых ресурсов объединил представителей международных организаций, госорганов, авиационной индустрии и учебных центров из Германии, Дании, Латвии, Португалии, России, Сингапура, Турции, Узбекистана, Чехии, Швеции, Южной Кореи и других стран.
На открытии мероприятия Региональный директор бюро ИКАО EUR/NAT Николас Ралло отметил, что одной из главных целей семинара является налаживание профессиональных контактов между руководителями отрасли, преподавателями и будущими специалистами:
«В ходе общения с представителями правительств, органов гражданской авиации, отрасли и академических кругов, в том числе здесь, в Центральной Азии, я услышал убедительные мнения. Эти беседы укрепили мою уверенность в том, что мы должны решать проблемы, связанные с кадрами в авиационной отрасли, сообща, посредством сотрудничества и общей приверженности».
В своем приветственном слове к участникам Вице-министр транспорта РК Талгат Ластаев отметил, что развитие системы авиационного образования и подготовка квалифицированных специалистов являются ключевыми условиями устойчивого роста отрасли: «Сегодня особенно важно обеспечить тесную связь между образовательными программами и потребностями рынка труда, чтобы новое поколение специалистов было готово отвечать на вызовы современной авиации и внедрять инновационные решения в сферу безопасности и эффективности полётов».
Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева в своем докладе привела данные о росте показателей отрасли за 9 месяцев т.г. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года пассажирские перевозки выросли на 7,2%, авиапарк продемонстрировал прирост почти на 15% за последние три года, и в перспективе до 2030 года планируется его увеличение ещё на 45%.
«В условиях стремительного роста отрасли возрастает потребность в кадрах, и в этой связи мы придаём большое значение инициативам ИКАО, в том числе NGAP. Особое внимание – профориентационной работе и популяризации авиационных профессий среди молодёжи», - подчеркнула С. Томпиева.
В ходе двухдневного воркшопа состоится обсуждение лучших практик в сборе, анализе и обмене данными о кадровых потребностях авиации, а также пройдет презентация успешных инициатив по привлечению и удержанию нового поколения авиационных специалистов. На панельных сессиях по подготовке кадров для авиационной индустрии расскажут о том, как учебные организации могут адаптировать программы к практическим требованиям и формировать наиболее востребованные компетенции.
В числе спикеров генеральный директор Европейского учебного центра передового опыта (JAA TO) Паула В. де Алмейда, Исполнительный менеджер по воздушному пространству, системам и процедурам Евроконтроля Милена Боуман, Генеральный директор учебного центра GATE Aviation Training Дирх Янс, вице-президент ENAC Николя Казалис и другие.
Ключевые направления семинара также касаются разработки системы прогнозирования потребностей отрасли в кадрах и сокращение разрыва между обучением и практическими запросами авиационной индустрии; поддержки профессионалов авиации в условиях стремительных технологических изменений и развитие навыков адаптивности; продвижение принципов гендерного равенства и вовлечение молодежи через программы наставничества, обмен опытом и стипендиальные инициативы, а также укрепление партнерств между всеми участниками авиационной экосистемы для создания устойчивых и ориентированных на будущее решений в области обучения.
По итогам мероприятия будут выработаны решения в области развития авиационных кадров, выработки региональных и национальных стратегий, согласованных с глобальной инициативой ИКАО «Следующее поколение авиационных специалистов» (NGAP).
👍4👏1
Forwarded from UKIMET.POINTS
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен Дайырбеков Қуаныш Рысбекұлы Көлік министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.



Приказом министра транспорта Республики Казахстан Дайырбеков Куаныш Рысбекулы назначен на должность руководителя аппарата ведомства.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3
Air Astana алыс бағыттарға арналған флотын кеңейту үшін Boeing 787-9 Dreamliner ұшақтарына жаңа тапсырыс берді
 
Air Astana әуе компаниясы Boeing компаниясымен 15 Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойғанын хабарлайды. Әуе компаниясы тарихындағы бұл ең ірі тапсырыс: оған расталған бес ұшақ, бес опцион және бес сатып алу құқығы кіреді. Келісімшартты Air Astana директорлар кеңесі мақұлдап, қазіргі уақытта қажетті корпоративтік рәсімдер аяқталу үстінде.
 
Бұл тапсырыс 2026-2027 жылдары жеткізілуі жоспарланған үш Boeing 787-9 ұшағына қатысты келісімшартты толықтырады. Осылайша, жалпы тапсырыс көлемі 18 әуекемесіне дейін ұлғайды. Жаңа ұшақтар 2032-2035 жылдар аралығында жеткізіледі. Қозғалтқыштарымен қоса есептегенде, Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының 18 данасының жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды.
 
«Air Astana алдағы онжылдықта Орталық Азия мен Кавказ өңірінен Азияға, Еуропаға және әлемнің басқа аймақтарына ұшу мүмкіндіктерін кеңейту стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Келесі жылы алғашқы Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының жеткізілуі компания дамуының жаңа кезеңін ашады. Dreamliner жайлы салонымен, отын үнемділігімен және әртүрлі бағыттарда тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін икемділігімен ерекшеленеді. Бұл үлгідегі 18 ұшақтан тұратын флот жолаушыларымызға қызмет пен жайлылықтың жаңа деңгейін ұсынады.» - деді Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер.
 
Air Astana компаниясы Boeing әуе кемелерін ұзақ жылдар бойы сәтті пайдаланып келеді. Компания өз қызметін 2002 жылы Boeing 737-700/800 ұшақтарымен бастап, Қазақстан ішіндегі және Орталық Азия елдеріне рейстер орындады. 2003 жылы флотқа Boeing 757-200 ұшақтары қосылып, Азия мен Еуропа бағыттарына алыс рейстер ашылды. Boeing 737 және Boeing 757 ұшақтары 2007 және 2020 жылдары пайдаланудан шығарылды. 2013 жылы компания әуепаркі үш жаңа Boeing 767-300ER ұшағымен толықты, олар бүгінде халықаралық және сұранысы жоғары ішкі бағыттарда қолданылады.
👍1
Air Astana расширяет дальнемагистральный флот новым заказом на B787-9 Dreamliner

Авиакомпания Air Astana объявляет о подписании контракта с компанией Boeing на поставку до 15 самолетов Boeing 787-9 Dreamliner. Это крупнейший заказ, когда-либо размещенный авиакомпанией, который включает пять подтвержденных позиций, пять опционов и пять прав на покупку. Сделка одобрена Советом директоров, и в настоящее время компания завершает выполнение необходимых корпоративных процедур.
 
Данный заказ дополняет ранее заключенное соглашение на поставку трех самолетов Boeing 787-9, поставка которых запланирована на 2026-2027 годы, что увеличивает общий объем до 18 воздушных судов. Новый заказ будет поставлен в период с 2032 по 2035 годы. Совокупная каталожная стоимость парка из 18 Boeing 787-9, включая двигатели, составляет 7 миллиардов долларов США.
 
«Air Astana последовательно реализует стратегию по расширению возможностей для перевозок из Центральной Азии и Кавказа в Азию, Европу и другие регионы мира в течение следующего десятилетия. Поставка первого Boeing 787-9 Dreamliner в следующем году ознаменует начало нового этапа развития авиакомпании. Dreamliner сочетает в себе комфортный салон, топливную эффективность и возможность эффективной эксплуатации на маршрутах различной протяженности. Парк из 18 самолетов этого типа обеспечит наших пассажиров еще более высоким уровнем сервиса и комфорта», - отметил Питер Фостер, главный исполнительный директор Air Astana.
 
Air Astana имеет многолетний опыт эксплуатации воздушных судов Boeing. Операционная деятельность авиакомпании началась в 2002 году с флота B737-700/800, выполнявших рейсы внутри Казахстана и в страны Центральной Азии. В 2003 году парк был дополнен дальнемагистральными B757-200, открывшими новые направления в Азию и Европу. Самолеты B737 и B757 были выведены из эксплуатации в 2007 и 2020 годах соответственно. В 2013 году авиакомпания пополнила флот тремя новыми B767-300ER, которые по-прежнему успешно эксплуатируются на международных дальнемагистральных и популярных внутренних направлениях.
❤‍🔥63🍾2
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов авиациялық хаб құру жөніндегі Президент тапсырмалары аясында Астана әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі міндеттері шеңберінде Астана қаласының халықаралық әуежайын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

🛫 Жиын барысында Премьер-министрге Астана әуежайының ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу мерзімінің аяқталғаны туралы баяндалды. Жүргізілген жұмыстар инфрақұрылымның сенімділігі мен ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әуе айлағының материалдық-техникалық базасын одан әрі реконструкциялау және нығайту жоспарлары туралы хабардар етті.

🏗 Жобада жаңа ұшу-қону жолағын салу, перрондар мен терминалдарды жөндеу, техникалық құралдарды жаңарту сынды тағы да басқа жұмыстар қарастырылған. Одан бөлек, логистикалық кешендер, қоймалар, қонақүйлер, кеңселер және әкімшілік ғимараттарды қоса алғанда инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда әуежай жылына 9 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Жобаны жүзеге асыру таяудағы бірнеше жылда бұл көрсеткішті орта есеппен 12 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

💬 Жиынға қатысушылар әуежайды одан әрі дамыту үшін инвесторлар тарту мәселесін талқылады. Ірі халықаралық корпорациялар тарапынан қызығушылық бары атап өтілді.

Кеңес қорытындысында Премьер-министр Көлік министрлігі мен Астана қаласының әкімдігіне елорданың авиациялық әлеуетін дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыру мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.



Олжас Бектенов провел совещание по развитию аэропорта Астаны в рамках поручений Президента по созданию аэрохаба

Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития международного аэропорта города Астаны в рамках задач, поставленных Главой государства по созданию международного авиационного хаба.

🛫 В ходе совещания Премьер-министру было доложено о завершении в срок планового ремонта взлетно-посадочной полосы аэропорта Астаны. Проведенные работы направлены на повышение надежности инфраструктуры и безопасности осуществления полетов. Аким города Астаны Женис Касымбек проинформировал о планах по дальнейшей реконструкции и укреплению материально-технической базы воздушной гавани.

🏗 Проектом предусмотрено строительство новой взлетно-посадочной полосы, ремонт перронов, терминалов, обновление технических средств и др. Кроме того, планируется развитие инфраструктуры, включающей логистические комплексы, склады, отели, офисы и административные здания. На сегодняшний день аэропорт обслуживает порядка 9 млн пассажиров в год. Реализация проекта позволит нарастить мощности в среднем до 12 млн пассажиров в ближайшие несколько лет.

💬 На совещании участники обсудили вопросы привлечения инвесторов для дальнейшего развития аэропорта. Отмечен интерес со стороны крупных международных корпораций.

По итогам совещания Премьер-министр поручил Министерству транспорта и акимату города Астаны держать на контроле вопрос реализации проекта, направленного на развитие авиационного потенциала столицы.

@KZgovernment
2🆒1