BAQ.kz
2.67K subscribers
20.4K photos
4.59K videos
8 files
11.2K links
BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.

Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз:

Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/
Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU
TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_
Download Telegram
⚡️ Трамп Гренландия жөніндегі АҚШ жоспарын қолдамаған елдерге қоқан-лоқы көрсетті

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны АҚШ бақылауына алу жөніндегі жоспарын қолдамаған елдерге қарсы сауда баждарын енгізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Трамп бұл туралы жұма күні, 16 қаңтарда, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында айтты.

Мен мұны Гренландияға байланысты да жасай аламын, – деді Трамп өзінің тарифтік саясатын талқылағаннан кейін. – Егер елдер Гренландия жөніндегі жоспарды қолдамаса, оларға қарсы баж салығын енгізуім мүмкін, өйткені ол бізге ұлттық қауіпсіздік үшін қажет.


@baq_kz
📲 Австралия 5 млн баланың аккаунтын өшірді

Австралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу туралы заң күшіне енгелі 5 миллионға жуық жасөспірімнің аккаунты бұғатталып, жабылды.

Жаңа заң әлеуметтік желілерге кәмелетке толмағандар үшін қолжетімділікті шектеуге міндеттейді. Талаптарды орындамаған платформаларға 50 млн долларға дейін айыппұл салынады. Әлемдік қауымдастық, оның ішінде Франция мен АҚШ Австралияның осы бағыттағы тәжірибесін ел ішінде пайдалануға ниетті.

@baq_kz
👍6
⚡️Астанада 35 жастағы әйелден ірі көлемде есірткі тәркіленді

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол тыйым салынған заттарды анонимді мессенджерлер арқылы таратқан. Тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту барысында ас үй шкафтарынан және балконнан ерекше иісі бар, каннабис шайырына ұқсас сұйық консистенциядағы заты бар екі пластик ыдыс табылды.

Сондай-ақ ерекше иісі бар, гашиш майына ұқсас сұйық зат құйылған 200-ден астам флакон, ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті түйіршікті зат — марихуана салынған полиэтилен пакет тәркіленді. Бұдан бөлек, пәтерден электронды таразылар мен есірткіні бөлшектеп орауға арналған бос ыдыстар анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 4 келіні құрады.

Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

@baq_kz
⚡️АҚШ пен Израиль басшылары Иран төңірегіндегі жағдайды талқылады

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесіп, әңгіме барысында Иран төңірегіндегі ахуалды талқылады.

Бұл – соңғы екі күн ішіндегі көшбасшылар арасындағы екінші байланыс. Келіссөздер Ирандағы ішкі жағдайдың ушығуы, елде жаппай наразылықтардың жалғасуы аясында, сондай-ақ Вашингтонда алдағы қадамдарға қатысты: дипломатиялық бастамалардан бастап күш қолдану сценарийіне дейінгі нұсқалар талқыланып жатқан кезеңде өтті.

@baq_kz
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

@baq_kz
👍1
BAQ.kz
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды @baq_kz
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды

@baq_kz
⚡️Талғарда ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 14 қаңтарда болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Рысқұлов ауылының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол марқұм әйелмен азаматтық некеде тұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның нақтылауынша, тұрмыстық жанжал кезінде әйелге пышақ жарақаттары салынған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Оқиға сәтінде үйде кәмелетке толмаған бала болған.

Жәбірленушіні туыстары тауып, құқық қорғау органдарына хабар берген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстады.

@baq_kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген сұхбатынан кейін білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы жан басына сәйкес қаржыландыру жүйесін реформалау мәселесі күн тәртібіне шықты.

Осыған байланысты Аида Балаева жекеменшік мектептер, балабақшалар, даму орталықтары мен медициналық ұйымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыстарға жүргізілген кешенді талдаудың нәтижелерін жариялады.

@baq_kz
1
⚡️Сарапшылар Әлімханұлы үшін допинг сынамасына байланысты нақты қауіптерді атады

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауының ортасында қалды. Кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек қарсаңында қазақстандық боксшының қанынан мельдоний анықталған.

Допингтің А сынамасының нәтижелері жарияланғаннан кейін Алимханұлының командасы В сынамасын ашу рәсімін бастады. Қазір боксшы тарапы қайта талдаудың қорытындысын күтіп отыр. Дәл осы нәтиже спортшының алдағы тағдырын айқындайтын басты фактор болуы мүмкін.

Қалыптасқан жағдай чемпионның мансабына қалай әсер етуі ықтимал екені жөнінде BAQ.KZ тілшісі сарапшылармен әңгімелесті👇🏼👇🏼👇🏼

https://baq.kz/sarapshylar-alimhanuly-ushin-doping-synamasyna-baylanysty-naqty-qauipterdi-atady-200029505/

@baq_kz
BAQ.kz
‼️ 21 жастағы қыз өлімі: Шымкент полициясына қатысты қызметтік тексеру тағайындалды Қазіргі таңда күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Іс бойынша тәжірибелі қызметкерлерден құралған арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Қылмыстық іс аясында жүргізіліп…
⚡️"Күйеуінің інісі": Шымкенттегі 21 жастағы қызды өлтірді деген күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

Бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрайды қатігездікпен өлтірген Шерхан Аймахан белгілі блогер Камила Әділханның күйеуі Мағжан Аймаханның інісі деген қауесет тараған болатын. Блогерлер ақпаратты растап, пікір білдірді.

Барлықтарыңыз: "Шерхан Аймаханның сіздерге қандай қатысы бар?" деген сұрақты қойып жатырсыздар. Иә, Шерхам – әкемнің інісінің баласы. Біздің туысымыз. Ешкім баласын қатыгез, зұлым болсын деп тәрбиелемейді. Сондықтан бұл жағдай бізге ауып иміп жатыр. Ешкім қызын аяқасты біреудің қолынан өліп кеткенін қаламайды. Екі жақтың ата-анасына да ауыр жағдай. Қазіргі жағдайды адам баласына тілемейміз, - деді блогер Мағжан Аймахан.


@baq_kz
⚡️Екібастұзда төрт балықшы отырған шағын автобус мұз астына түсіп кетті

Екібастұз қаласында 9-насос станциясы маңындағы су қоймасында төрт балықшы отырған шағын автобус мұз астына түсіп кетті. Оқиға туралы хабар полицияға 17 қаңтар күні сағат 7:33-те түскен.

Оқиға орнына алғаш болып учаскелік полиция инспекторы Архар Оспанов жеткен. Ол көлікті және оның маңында жүрген ер адамдарды байқап, деректерді жедел-тергеу тобына және төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына жеткізген.

Құтқару операциясы нәтижесінде төрт ер адам түгел эвакуацияланып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

@baq_kz
⚡️Дания халқы АҚШ-тың Гренландияға қатысты жоспарына қарсы митингке шықты

Данияда мыңдаған адам АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны аннексиялау туралы мәлімдемелеріне қарсы наразылық акциясына қатысты.

Елдің екінші ірі қаласы – Орхус қаласында өткен митингке гренландиялық отбасылар, белсенділер мен жергілікті тұрғындар жиналды. Наразылық білдірушілер «Қолдарыңды Гренландиядан аулақ ұстаңдар!» және «Американы елден шығарайық!» деген жазуы бар плакаттар ұстап шықты.

Шеруге қатысушылар Гренландияның болашағын тек оның халқы өзі шешуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ Дания өз аумағын саяси мақсатта ешқашан бермейтіні айтылды.

@baq_kz
⚡️Жамбыл облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталады

Биыл Жамбыл облысында қуаттылығы 1 гигаватт болатын ірі жел электр станциясының құрылысы басталады. Қазіргі таңда жоба қаржыландыру кезеңінде. Бұл туралы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға маманданған Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниясы өкілдері мәлімдеді 👇🏼👇🏼👇🏼

https://baq.kz/zhambyl-oblysynda-iri-zhel-elektr-stantsiyasynyn-qurylysy-bastalady-200029545/

@baq_kz
⚡️Трамп Гренландияға қатысты Еуропаның 8 еліне қосымша баж салығын енгізбек

Трамптың айтуынша, 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Нидерланды, Финляндия және Ұлыбританиядан келетін тауарларға 10 пайыздық баж салығы енгізіледі. Ал 1 маусымнан бастап бұл көрсеткіш 25 пайызға дейін ұлғаяды. Баж салығы АҚШ пен Гренландия бойынша келісім жасалғанға дейін қолданыста болады.

Президент Гренландияны АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар аймақ деп атап, аралдың орналасуы мен пайдалы қазбалар қорына назар аударды. Ол қажет болған жағдайда күш қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармады.

@baq_kz
⚡️Алматыда алғашқы "Сириус" мектебі салынады

Алматыда "Сириус" білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар саммиті өтті. Саммит барысында "Сириус" мектебі мен білім беру орталығының іргетасы қаланды.

«Сириус» мектебінде математика, физика, химия және биология пәндері бойынша кіріктірілген бағдарламалар, сондай-ақ жасанды интеллект, ғарыш, инженерия және өмір туралы ғылымдар бағытындағы пәнаралық курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

Толығырақ⤵️

https://baq.kz/almatyda-algashqy-sirius-mektebi-salynady-200029549/

@baq_kz
⚡️Қазақстанда түркі тілдерін тануға арналған ең ірі ЖИ моделі әзірленді

Қазақстандық Cybernet AI стартапы түркі тілдерін автоматты түрде тануға арналған (ASR) ең ірі модельді ұсынды. Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы ауқымды жоба және түркі тілдер тобының ерекшеліктерін ескере отырып, әуелден ағылшынтілді шешімдерге бейімделмей әзірленген толыққанды жасанды интеллект моделі.

Жоба Astana Hub, Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің стратегиялық қолдауымен әрі Microsoft компаниясының GPU-инфрақұрылымында жүзеге асырылды.

Толығырақ ⤵️

https://baq.kz/qazaqstanda-turki-tilderin-tanuga-arnalgan-en-iri-zhi-modeli-azirlendi-200029552/

@baq_kz
👍2
⚡️Теңізде ГТЭС-4 нысанында трансформатор өртенді

Бүгін таңертең сағат 09:53-те Теңіз кен орнындағы ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 турбинасының трансформаторы тұтанды.

Қызметкерлер қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. ТШО-ның апаттық қызметі өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз".

Шамамен сағат 11:20-да ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 турбинасының трансформаторы да тұтанған. Өрт толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

@baq_kz
⚡️Колумбияда қарулы топтар арасындағы қақтығыста 30 адам қаза тапты

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, атыс Колумбияның Гуавиаре департаменті аумағында, Ла-Пас пен Ла-Либертад ауылдарын жалғайтын жолда болған. Қазіргі уақытта екі тараптан да 30 адамның қаза тапқаны расталып отыр, ал кейбір аудандарда ұрыс әлі де жалғасып жатқанын жергілікті билік өкілдері мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда жол бойында камуфляж киім киген және әскери етік киген адамдардың денелері көрінеді.

Гуавиаре департаментінің губернаторы Йейсон Рохас жағдайды тұрақтандыру шараларын талқылау үшін қорғаныс министрі Педро Санчеспен кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

@baq_kz
⚡️"Жасанды интеллект туралы" жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда "Жасанды интеллект туралы" жаңа заң күшіне енді. Заңға қол қойылған сәттен бастап 60 күн өтті және белгіленген рәсімдерге сәйкес, бүгіннен бастап құжат толық көлемде қолданысқа енгізілді.

Қабылданған заң елде жасанды интеллектіні қолданудың құқықтық негізін қалыптастырып, саладағы мемлекеттік саясаттың басты қағидаты - адам, оның құқықтары, бостандықтары мен әл-ауқатының басымдығы туралы ережелерді бекітеді. Адам, оның өмірі мен ерік-жігері жасанды интеллект жүйелерін құру және пайдалануда ең жоғарғы құндылық ретінде қарастырылады. ЖИ-ді қолдану адамның саналы түрде шешім қабылдау қабілетін шектемеуі тиіс, ал азаматтардың еркіндігі технологияларды қолданудың барлық кезеңінде сақталуы қажет.

Толығырақ ⤵️

https://baq.kz/zhasandy-intellekt-turaly-zhana-zan-kushine-endi-200029560/

@baq_kz
⚡️Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды

14 қаңтар күні Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен 21 және 39 жастағы екі күдікті ұсталды.

Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан әртүрлі телефондар, электронды таразылар, қаптама материалдары, сондай-ақ өсімдік және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктілердің 2025 жылдың тамыз айынан бастап есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер ретінде заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды.

@baq_kz