Алматыда дәрігерлер 10 айлық қыздың өмірін сақтап қалды.
Бала ойнап жүріп тыныс жолына пластик сынығын жұтып қойған. Жағдайы ауырлап, өздігінен тыныс ала алмай қалған сәби санитарлық авиациямен Алматыға жеткізілді.
Дәрігерлер бронхоскопия жасап, көлемі 1,5 см болатын өткір пластик бөлшегін алып шықты. Мамандардың айтуынша, бөгде зат тыныс жолын толық жауып, өміріне қауіп төндірген.
Қазір қыздың жағдайы тұрақты, ол екі жақты пневмониядан ем қабылдап жатыр және өздігінен тыныс алады.

👍13👏2💊1
✍️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды.
▪️Конституциялық заңдар Конституция талаптарына сәйкестендіріліп, сайлау және прокуратура туралы заңнама жетілдірілді.
▪️Сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру салаларына қатысты заңнамалық өзгерістер енгізілді.
▪️Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстері мен ӘҚБтК-ге түзетулер енгізілді.

👍46🤡2🤔1
💰 Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп үлгергенін айтты.
Оның сөзінше, қаражат Отбасы банкіндегі шотқа аударылған, бірақ әлі пайдаланылмаған.
Әмриннің айтуынша, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану бағдарламасы іске қосылғалы қазақстандықтар 5 трлн теңгеден астам қаражат алған. Ол мүмкіндігі болған азаматтардың көбі бұл мүмкіндікті пайдаланып қойғанын атап өтті.

👍67😁5
🏠 Алматыда алаяқтардың кесірінен 75 жастағы әже мен 12 жастағы немересі баспанасыз қалды. Оқиға туралы видео әлеуметтік желіде тарады. Мәліметке сәйкес, отбасы жалғыз үйінен айырылып, көшеде қалған. Үйден шығарылғаннан кейін зейнеткер ауруханаға жеткізілген.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, анасы, қызы және әжесі қазір дағдарыс орталығында. Істі Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы қарап жатыр.
Қала прокуратурасы жағдайды бақылауға алды. Отбасының баспанадан қалай айырылғанын құзырлы органдар анықтайды.

😱7🤯3
🏇 Астана маңында үш жасар баланы бәйге кезінде ат таптап кетті. Бүлдіршін ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түсті.
Оқиға Талапкер ауылында болған. Бала үйінің жанында ойнап жүргенде, көшеде бәйге ұйымдастырған шабандоздардың жолында қалып қойған. Дәрігерлер оның басы жарақаттанғанын, қолы сынғанын және ішкі ағзалары зақымданғанын анықтады.
Анасының айтуынша, ұлына бірнеше ота жасалған, алайда шабандоз кешірім де сұрамаған. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

😱15🙏1
🐍 Шымкентте жыландар мен шаяндар көбейіп, құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Соңғы екі айда тұрғын аудандарда жылан көрінуіне байланысты 130-дан астам шақырту түскен. Құтқарушылар 90-ға жуық жылан ұстаған.
Мамандардың айтуынша, жыландар қорек іздеп жеке үйлерге, тұрғын массивтерге, саябақтар мен тоғайларға жиі шыға бастады.
Қазірге дейін жылан шағу дерегі тіркелмеген. Ал шаяндардың шағуынан 80 адам зардап шеккен. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарды табиғатта демалғанда сақ болуға шақырды.

😱4👀2🤔1
Tengri.kz
Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes көлігі Астана полициясына берілді. Көлік алдымен мемлекеттік ұйымдарға ұсынылған. Өтінімдерді қарау нәтижесінде Астана ПД жеңімпаз деп танылды. Енді 15 жұмыс күнінде көлік полиция теңгеріміне өтеді. 2026 жылғы бағалау…
Неге Перизат Қайраттың көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді?
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбековтің айтуынша, тәркіленген қымбат көліктер аукционда сатылмай қалған жағдайда мемлекеттік органдарға тегін беріледі.

“Бұл бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа көлік сатып алғаннан гөрі, тәркіленген мүлікті пайдалану тиімді. Мұндай құқық заңда қарастырылған”, – деді Әділбеков.
👍43😁4👎3💩1🤨1
Гонконгта өткен кездесулерде Қазақстан делегациясы Alatau City жобасына инвесторлар мен технологиялық серіктестер тарту мәселесін талқылады.
▪️Вице-премьер Қанат Бозымбаев бастаған делегация JD Group және Solana Foundation өкілдерімен келіссөз жүргізді.
▪️JD Group Alatau City үшін цифрлық басқару платформасын ұсынды. Тараптар деректер қауіпсіздігі мен ашық технологиялық стандарттар бойынша меморандумға қол қоюға келісті.
▪️Solana Foundation Alatau City-ді Web3 және токенизация орталығына айналдыру жоспарын қолдап, 2027 жылы қалада халықаралық саммит өткізуді ұсынды.
▪️Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Alatau City-де ағылшын құқығына негізделген арнайы құқықтық режим енгізіліп, инвесторларға қолайлы жағдай жасалады.
▪️Гонконг әкімшілігінің басшысы John Lee Қазақстан мен Гонконгты Азиядағы екі маңызды хаб ретінде атап өтті.
▪️Сапар қорытындысында Solana, ANT Digital, SRG, Dasco Capital және Templewater Group компанияларымен алты меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, Макао инвесторлары туризм және ойын-сауық жобаларына қызығушылық танытты.
Толығырақ сілтемеден оқыңыз.

👍46👎1🤔1
Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанады.
12 маусымда SpaceX акцияларының биржадағы саудасы басталады. Компанияның IPO көлемі 75 миллиард долларды құрайды.
Reuters мәліметінше, Масктың SpaceX-тегі үлесі шамамен 866 миллиард долларға бағаланады. Ал Tesla, xAI, Neuralink және басқа да жобалардағы активтерін қосқанда оның байлығы 1,1 триллион доллардан асуы ықтимал.
Сарапшылар SpaceX құнын 1,75 триллион долларға дейін бағалап отыр. Бұл соңғы жылдардағы ең ірі IPO-лардың бірі болмақ.

👏8
Қазақстанның Салық кодексіне терминологиялық түзетулер енгізіледі. Құжат 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Негізгі өзгерістер:
▪️«тенге» сөзі ресми түрде «теңге» болып жазылады;
▪️«шетелдік» термині «шетелдік азамат» деп өзгертіледі;
▪️кей нормаларда Парламент атауы Құрылтай болып ауыстырылады;
▪️«республикалық референдум» орнына «бүкілхалықтық референдум» қолданылады;
▪️кодекс жаңа конституциялық модельге сәйкестендіріледі.

👍60🤡3👎1
Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС пен ТМККБК аясындағы медициналық қызметтер тізімін кеңейтуді ұсынып отыр.
🔹 МӘМС жүйесіне жұлын бұлшықет атрофиясының (ЖБА) тасымалдаушылығын анықтайтын генетикалық скрининг енгізілуі мүмкін. Бұл тұқым қуалайтын аурулардың қаупін алдын ала анықтауға көмектеседі.
🔹 Бет сүйегінің туа біткен ақауы бар балаларға жасалатын заманауи реконструктивті және пластикалық оталар МӘМС есебінен қаржыландырылмақ.
🔹 Кейбір сұранысқа ие диагностикалық қызметтердің тарифтері қайта қаралады.
🔹 Онкологиялық науқастарға көрсетілетін көмекке бөлінетін қаржы жаңартылып, дәрі-дәрмекпен емдеу, сәулелік терапия және хирургиялық емдеу тарифтері өзгереді. Сондай-ақ томотерапия сияқты жоғары технологиялық сәулелік емдеу әдістерін қаржыландыру тетігі жетілдіріледі.
Құжат 29 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады. Қабылданса, жаңа ережелер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

👍43👎1
АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Данияр Мейірхан Threads әлеуметтік желісінде жариялады.
24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында (Ford Heights, Illinois) тұрады. Ол соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап телефоны сөндірулі. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған.
Қазақстан СІМ бұл оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

«10 маусымда полиция оның Toyota Camry (DP 86722) автокөлігін тапты, алайда Әсеттің қайда екені әлі белгісіз. Егер кімде-кім оны көрсе немесе қандай да бір ақпарат білсе, жеке хабарлама арқылы хабарлауды немесе отбасымен байланысуды сұраймыз. Мейлінше көп репост жасауды өтінемін», - делінген хабарламада.
Қазақстан СІМ бұл оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.
😱4
Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп 80 жасқа толды. Осыған орай Мемлекет басшысы америкалық әріптесін құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен амандық тіледі.
Айта кетейік, АҚШ көшбасшысы туған күнін Ақ үйдің көгалында өтетін ауқымды UFC турнирімен атап өтпек.
Сондай-ақ дәл бүгін АҚШ Иранмен бейбіт келісімге қол жеткізуді көздеп отыр.

👍61🎅1
Tengri.kz
Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылған. ІІМ орынбасары Санжар Әділовтің сөзінше, қылмыстық іс бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізілген. "Сот-психиатриялық сараптама жүргізілді, нәтижесі шықты. Ол заң алдында есі дұрыс адам…
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың аяусыз өлтірілуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Марқұмның отбасының адвокаты
Аянхан Омаровтың айтуынша, жәбірленуші тарап қылмыстық істің 7 томымен танысып, олардың көшірмесін алған. Бұл процедура аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады.
Тергеудің аяқталуына байланысты түсініктеме алу үшін Шымкент Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Алайда жауап келмеді.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Киевке түнде ауқымды шабуыл жасалды.
Қаланың барлық дерлік аудандарында қираулар мен өрт тіркелді. Түнгі сағат бір шамасында Ресей әскері Киевке әуеден шабуыл жасай бастағаны хабарланды. Бірден Киев-Печерск лаврасының аумағына - Успен соборына снаряд түскені белгілі болды.
Соңғы мәліметтер бойынша, 4 адам қаза тауып, 25 адам жараланған. Зардап шеккендердің үшеуі ауыр халде жатыр.
Сонымен қатар Ресейлік БАҚ Украинаның стратегиялық нысандарының жойылғанын хабарлап жатыр.

🔥1😱1