🗣2025 жылдың басынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондар паркі Петропавлдағы RWS Wagon («ЗИКСТО» ЖШС) зауытында өндірілген «44-сериялы» 107 жаңа вагонмен толықты. Олардың қатарында купе, плацкарт және штабтық үлгілер бар. Жалпы алғанда, 2024–2025 жылдары тасымалдаушыға барлығы 237 вагон тапсырылды. Бұл жаңартулар Өнеркәсіпті дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асырылды.
✔️Жаңа вагондар «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана» бағыттарында қатынайды. Жолаушылар бұл вагондардың сапасы мен жайлылығына оң баға беруде.
✔️Жыл соңына дейін Ұлттық тасымалдаушыға жаңа буындағы «45-сериялы» 60 жолаушылар вагонын жеткізу жоспарланған. Бұл құрамдар теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігіне қойылатын техникалық талаптарға толық сай екені арнайы сертификатпен расталған.
✔️«45-сериялы» вагондарда қауіпсіздік, энергия тиімділігі және экологиялық талаптар толық ескерілген. Ішкі жабдықталуы заманауи стандарттарға сай. Жолаушылардың жайлылығы үшін микроклиматты реттеу және ауаны баптау жүйелері, төсектер, USB және 220V розеткалар, Wi-Fi желісі мен климат-бақылау орнатылған. Сонымен қатар, биотуалеттер, LED жарықтандыру және тиімді жылу оқшаулауы қарастырылған. Мұндай шешімдер тұрақты температураны сақтап, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
✔️Вагондар бейнебақылау және өртке қарсы автоматты жүйелермен, сондай-ақ орталықтандырылған кондиционермен жабдықталған. Жолаушыларға қолайлы болу үшін жарықпен белгіленген есік шығулары, ақпараттық жүгіртпе жол және дыбыстық хабарлау жүйесі қарастырылған. Қос вагонды әрі бір тамбурлы құрылым пойызды бір бригадамен тиімді басқаруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қызмет көрсету процесін оңтайландырып, операциялық шығындарды азайтады.
➖➖➖
🗣С начала 2025 года в вагонный парк Национального перевозчика поступило 107 современных пассажирских вагонов, включая купейные, плацкартные и штабные модели изготовлены серии «44» петропавловским заводом RWS Wagon (ТОО ЗИКСТО). Всего за 2024-2025 году Национальному перевозчику было передано 237 вагонов RWS Wagon. Поставка была совершена совместно с Фондом развития промышленности (ФРП).
✔️Новые вагоны курсируют по маршрутам «Актобе-Атырау», «Павлодар-Туркестан», «Павлодар-Алматы», «Кызылорда-Семей», «Алматы-Саратов», «Алматы-Оскемен», «Астана-Кокшетау», «Астана-Курорт-Боровое», «Караганды-Астана». Пассажиры, уже воспользовавшиеся новыми вагонами, отмечают их высокое качество и уровень комфорта.
✔️До конца текущего года планируется поставка 60 пассажирских вагонов новой серии «45» для Национального перевозчика. Эти вагоны нового поколения уже успешно прошли сертификацию на соответствие требованиям технического регламента «О безопасности железнодорожного подвижного состава».
✔️Вагоны новой серии «45» отличаются рядом современных решений, разработанных с учётом требований безопасности, энергоэффективности и экологичности. Интерьер выполнен из износостойких материалов, предусмотрены микроклимат, обеззараживание воздуха, трансформируемое спальное место, розетки USB и 220 В, Wi-Fi и климат-контроль. Установлены биотуалеты с замкнутым циклом, LED-освещение и современная теплоизоляция, поддерживающие стабильную температуру и сниженные энергозатраты.
✔️Вагоны оснащены системами видеонаблюдения и пожаротушения, а также центральной системой кондиционирования, которая обеспечивает комфорт в любое время года. Для удобства пассажиров реализованы выходы с подсветкой, бегущая строка и аудиоинформатор. Конструкция с двухвагонным сцепом и однотамбурным решением позволяет обслуживать состав одной бригадой, что оптимизирует эксплуатационные процессы и снижает затраты.