ТРК Президента
16.7K subscribers
5.48K photos
4.51K videos
929 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
📸«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне дейінгі сәт

@ptrkkz
Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде бірінші болып сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы әлемдегі климаттың өзгеруі, қуаңшылық, биоалуантүрліліктің жойылуы, су тапшылығы және азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтты:

▫️Еліміздегі алғашқы АЭС құрылысы отандық энергетика саласын орнықты дамыту бағытындағы елеулі қадам болмақ. Бұл бастама жалпыұлттық референдумда қолдау тапқан

▫️Қазақстан әлемдік нарыққа аса маңызды шикізат түрлерін жеткізуге ұмтылып отыр. Ауаға тарайтын көміртегі мөлшерін азайту жөніндегі жаһандық мақсатты орындау үшін бұл материалдар өте қажет

▫️Байланыс мүмкіндіктерінің аясын одан әрі кеңейту үшін Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамытуға, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасында елеулі рөл атқаруға ниетті

▫️Мақсатымыз – өңіраралық қатынастарды нығайтып қана қоймай, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ететін тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыру

▫️Біздің өңір трансшекаралық өзендерге тәуелді. Сондықтан бізге ерте ескерту жүйесін құрып, су және жер ресурстарын басқару ісін жетілдіру керек

▫️Су үнемдеу технологияларына инвестиция салып, ирригация жүйелерін жаңғыртуға тиіспіз

▫️Су ресурстарын тиімді басқару келісімдеріне қол жеткізіп, жасанды интеллекттің, жерсерік арқылы мониторингтің және басқа да цифрлық құралдардың көмегіне жүгінгеніміз жөн

▫️Қазақстан халықаралық нарыққа мол көлемде бидай мен ұн экспорттайтын ел ретінде орнықты ауыл шаруашылығының әдістері мен технологияларын одан әрі жетілдіруді көздейді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде бірінші болып сөз сөйледі. Мемлекет басшысы әлемдегі климаттың өзгеруі, қуаңшылық, биоалуантүрліліктің жойылуы, су тапшылығы және азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтты: ▫️Еліміздегі алғашқы АЭС құрылысы…
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған сын-қатерлерге төтеп беру үшін әлемге жаңа даму парадигмасы керек.

🔷Бірінші, «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігі

🔷Екінші, технология трансферті, техникалық қолдау және ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейту.

🔷Үшінші, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі басымдықтардың, экономикалық даму мен жасанды интеллекттің синергиялық ықпалдастығы.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент о глобальном потеплении:

«Нам крайне необходимо создать системы раннего предупреждения и улучшить управление водными и земельными ресурсами»

Из выступления Главы государства на саммите «Неделя устойчивого развития Абу-Даби»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент:

«Жаһандық проблемаларды үш маңызды қағидатқа арқа сүйеген біртұтас жүйе арқылы шешуге болады»

Мемлекет басшысының «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде сөйлеген сөзінен

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде cөйлеген сөзінде жаһандық проблемаларды шешудің үш жолын ұсынды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Казинформ
🇰🇿 Съемки сериала «Золотая Империя» начнутся в Казахстане в феврале 2025 года

👆🏻🎬 Об этом стало ясно на встрече с участием Госcоветника Казахстана Ерлана Карина и основателей Karga Seven Pictures. Также финально согласованы сценарии шести эпизодов и утвержден актерский состав на главные роли.

Проект приурочен к 800-летию Улуса Жошы Хана. Съемки пройдут полностью на территории Казахстана.

ℹ️ О сюжете, съемках и амбициях создателей читайте здесь

@kazinform_news
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент Абу Дабиде бірқатар кездесу өткізді

▫️Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады.

Президент компания өкілдерімен бірге Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға қатысты келісімдерге қол жеткізілгенін айтты. Аталған жобаға $1,4 млрд инвестиция салынады.

▫️Сондай-ақ Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Abu Dhabi Ports компаниясының бірқатар ірі нысан құрылысына қатысты жоспарына қолдау көрсетіп, бұл бастамалар Қазақстанның Каспий теңізіндегі айлақ және теңіз инфрақұрылымын дамыту жөніндегі стратегиялық мүддесіне сай келетінін атап өтті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Содан кейін Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті

Жиын барысында Президенттің сөйлеген сөзінен:

🔷Қазақстанда жасанды интеллектті ілгерілетуге берік негіз қалау үшін маңызды қадамдар жасалып жатыр. Институционалдық орта қалыптастыруға, инфрақұрылым мен адам капиталын дамытуға баса мән беріліп отыр.

🔷Институционалдық құрылым аясында Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық консультативтік кеңес құрылады. Оған өзім жетекшілік жасаймын.

🔷Біз ЖИ саласындағы адам капиталын дамыту мақсатында AI-Sana деп аталатын инновациялық білім беру бағдарламасын жасадық. Бағдарлама түрлі сала мамандарының пәнаралық даярлығын қамтамасыз етеді және ЖИ-ге қатысты озық шешімдерді әзірлеуге септігін тигізеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇹 Президент Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алды. Сондай-ақ Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы:

«Қазақстанда жасанды интеллектті ілгерілетуге берік негіз қалау үшін маңызды қадамдар жасалып жатыр»

Президенттің БАӘ-де жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесуде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы:

«Біз ЖИ саласындағы адам капиталын дамыту мақсатында AI-Sana инновациялық білім беру бағдарламасын жасадық»

Президенттің БАӘ-де жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесуде сөйлеген сөзінен.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Гость программы «Уәде» на Jibek Joly — советник Президента РК Куанышбек Есекеев

🗣️В эксклюзивном интервью Куанышбек Есекеев подробно ответил на следующие вопросы:

▫️Почему 5G интернет не доходит до сел?
▫️Является ли «Казахтелеком» монополистом?
▫️Почему личные данные граждан переданы банкам?
▫️Могут ли казахстанцы не переживать за защиту своих данных?

📰📺Смотрите сегодня, 17 января, в 19:30 на телеканале Jibek Joly!

#jibekjoly #уәде
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥«ADSW 2025: ТЫҢ БАСТАМАЛАР»

🇰🇿🇦🇪ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа деректі фильмі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарына арналады.

▫️Сапар аясында мемлекет басшысы әлемдік көшбасшылар жиналған «Абу Даби орнықты даму апталығы» саммитіне қатысты.

Фильмде жаһандық жасанды интеллект экожүйесінің белсенді мүшесі болуға ұмтылыс жасап жатқан Қазақстанның алдағы қадамдары қамтылған. Сондай-ақ, Жамбыл облысында Біріккен Араб Әмірліктері салатын қуаты 1 гигаватт жел электр станциясының мән-жайы айтылды.

📰Бүгін, 19 қаңтар сағат 14:30-да Jibek Joly телеарнасынан өткізіп алмаңыз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▫️Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады.

– «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! – делінген жеделхатта.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM