ТРК Президента
17.1K subscribers
5.48K photos
4.51K videos
929 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Президент Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпорынның жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Зауытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен 380 жүк және 70 жолаушылар электровозы шығарылған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы теміржолға қажетті құрал-жабдықтар шығаратын отандық кәсіпорындардың өнімдері көрмесін аралады. Қазір елімізде 600-ден астам компания теміржол саласына арналған бөлшектерді өндірумен айналысады.

▫️Электровоз құрастыру зауытында еңбек ететін жас мамандармен жүздесуде Президент 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғанын еске салып, мемлекет өндіріс саласында жұмыс істейтін жастарға қолдау көрсете беретінін айтты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты

Asyl Qala, бұл – 100-ден астам адам еңбек ететін арнаулы кәсіпорын. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 8 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 4500 шаршы метр тротуар жабындысын өндіруге жетеді.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы автоклавты газ блоктарын шығаратын Uniton зауытымен танысты. Sensata Group құрылыс компаниясына қарасты кәсіпорын жылына 150 мың шаршы метр газ блоктарын өндіре алады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты

▫️Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады.

▫️Президентке фискалдық орнықтылықты арттыруға арналған платформалық шешімдер енгізу, Маңғыстау облысын өркендету, адами капиталды қалыптастыру және дамыту секілді стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты ▫️Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады. ▫️Президентке фискалдық орнықтылықты…
Министрлер де, әкімдер де батыл шешім қабылдауға дайын болуға тиіс Мемлекет басшысы

Жобалармен танысқаннан кейін Президент маңызды ойларын атап өтті:

– Ең бастысы, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын мұқият бақылауда ұстау қажет. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – реформалардың тиімділігін арттыру

– Министрлер де, әкімдер де батыл шешім қабылдауға дайын болуға тиіс. Мен осыған дейін Үкіметтің алдына нақты міндет қойдым. Нақты нәтижелерді талап етемін

– Біз қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларға, цифрландыруға, жасанды интеллект пен ядролық энергетикаға баса мән беріп жатырмыз. Үкімет осы маңызды мәселелерді жұмыс барысында міндетті түрде ескеруге тиіс

– Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін

– Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент: По строительству атомных станций – надо ускоряться

@ptrkkz
🇰🇿🇦🇪 Мемлекет басшысы 14-15 қаңтар күндері БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇪Президент «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді

Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Былтыр БАӘ-ден келген тікелей инвестиция көлемі екі есеге ұлғайды – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті

🇰🇿🇦🇪Мемлекет басшысы 2023 жылы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Абу Дабиде және Дубайда өткен кездесулерді ықыласпен еске алып, келіссөздер нәтижесі екіжақты қатынастарға тың серпін бергеніне әрі ықпалдастықтың жаңа бағыттарына жол ашқанына назар аударды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.

Саммит аясында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Биыл форум «Болашақпен байланыс: Орнықты дамуды жеделдету» (The Nexus of Next. Supercharging Sustainable Progress) тақырыбында өтеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📸«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне дейінгі сәт

@ptrkkz
Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде бірінші болып сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы әлемдегі климаттың өзгеруі, қуаңшылық, биоалуантүрліліктің жойылуы, су тапшылығы және азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтты:

▫️Еліміздегі алғашқы АЭС құрылысы отандық энергетика саласын орнықты дамыту бағытындағы елеулі қадам болмақ. Бұл бастама жалпыұлттық референдумда қолдау тапқан

▫️Қазақстан әлемдік нарыққа аса маңызды шикізат түрлерін жеткізуге ұмтылып отыр. Ауаға тарайтын көміртегі мөлшерін азайту жөніндегі жаһандық мақсатты орындау үшін бұл материалдар өте қажет

▫️Байланыс мүмкіндіктерінің аясын одан әрі кеңейту үшін Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізін дамытуға, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасында елеулі рөл атқаруға ниетті

▫️Мақсатымыз – өңіраралық қатынастарды нығайтып қана қоймай, орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ететін тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыру

▫️Біздің өңір трансшекаралық өзендерге тәуелді. Сондықтан бізге ерте ескерту жүйесін құрып, су және жер ресурстарын басқару ісін жетілдіру керек

▫️Су үнемдеу технологияларына инвестиция салып, ирригация жүйелерін жаңғыртуға тиіспіз

▫️Су ресурстарын тиімді басқару келісімдеріне қол жеткізіп, жасанды интеллекттің, жерсерік арқылы мониторингтің және басқа да цифрлық құралдардың көмегіне жүгінгеніміз жөн

▫️Қазақстан халықаралық нарыққа мол көлемде бидай мен ұн экспорттайтын ел ретінде орнықты ауыл шаруашылығының әдістері мен технологияларын одан әрі жетілдіруді көздейді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
Президент «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде бірінші болып сөз сөйледі. Мемлекет басшысы әлемдегі климаттың өзгеруі, қуаңшылық, биоалуантүрліліктің жойылуы, су тапшылығы және азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтты: ▫️Еліміздегі алғашқы АЭС құрылысы…
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған сын-қатерлерге төтеп беру үшін әлемге жаңа даму парадигмасы керек.

🔷Бірінші, «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігі

🔷Екінші, технология трансферті, техникалық қолдау және ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейту.

🔷Үшінші, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі басымдықтардың, экономикалық даму мен жасанды интеллекттің синергиялық ықпалдастығы.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент о глобальном потеплении:

«Нам крайне необходимо создать системы раннего предупреждения и улучшить управление водными и земельными ресурсами»

Из выступления Главы государства на саммите «Неделя устойчивого развития Абу-Даби»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент:

«Жаһандық проблемаларды үш маңызды қағидатқа арқа сүйеген біртұтас жүйе арқылы шешуге болады»

Мемлекет басшысының «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде сөйлеген сөзінен

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде cөйлеген сөзінде жаһандық проблемаларды шешудің үш жолын ұсынды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Казинформ
🇰🇿 Съемки сериала «Золотая Империя» начнутся в Казахстане в феврале 2025 года

👆🏻🎬 Об этом стало ясно на встрече с участием Госcоветника Казахстана Ерлана Карина и основателей Karga Seven Pictures. Также финально согласованы сценарии шести эпизодов и утвержден актерский состав на главные роли.

Проект приурочен к 800-летию Улуса Жошы Хана. Съемки пройдут полностью на территории Казахстана.

ℹ️ О сюжете, съемках и амбициях создателей читайте здесь

@kazinform_news
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM