Азат Перуашев
2.47K subscribers
6K photos
1.27K videos
222 files
4.06K links
🇰🇿 "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің ресми телеграм каналы

🇰🇿 Официальный канал Председателя Демпартии "Ақ жол"
Перуашева Азата Тұрлыбекұлы
Download Telegram
Азат Перуашев
Photo
Алаштан басқа ұлттық идеология жоқ

«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. А.Смайыловқа

Автор – Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса


Биыл 32 жылдығы аталып өтетін Қазақ Елі Тәуелсіздігі жолындағы ғасырлар бойғы жанқиярлық күрестердің ішінде Алаштың орны айрықша! Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстары Азаттық жолындағы ұлы майданда ұлт болашағы үшін саналы түрде құрбандыққа бара білуімен қандай жоғары құрметке де лайықты.
Басты Ұраны - Жерді сатпау, Елді сақтау,Тілді сақтау болған Алаш арыстарын аттарын Қазақ парламенті тарихында ең алғаш 2007 жылы “Ақ жол” партиясы атап, мәселе көтерді. 2012 жылы парламентте “Ақ жол” фракциясы құрылғалы бері Алашқа байланысты 30-дан астам депутаттық сауал жасады.
Биыл “ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы” жалпыхалықтық байқауы 12-ші рет өтеді. Алашқа арналып бес рет халықаралық мүшәйра өткіздік.
“Ақ жол” партиясының Саяси бағдарламасында Алашқа басым бағыт беріліп, “Алаш идеясы - Ұлттық идеямыз!”-деп атап көрсетілген!
Кезінде айтуға тыйым салынған Алаш тақырыбы соңғы кезде кең тарала бастағаны қуанышты тенденция.
Кешегі “Алаштың атын айтқызбаймыз” деген идеология тізгінін ұстаған шенеуніктер бүгінде Астанадағы Алаш көсемдері ескерткішін айналып өтіп жатқан болар...
Еліміздің түкпір-түкпіріндегі Алаш ұстанымын насихаттаған, сол үшін құрбан болған жергілікті Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ерліктері ескерілмей, есімдері әліге дейін белгісіз болып отырғаны өкінішті. Бұлардың бәрі Тәуелсіз Қазақ Елі үшін құрбан болғандар! "Әруақ риза болмай, тірі байымайды" деген дана халқымыздың сөзін ұмытуға болмайды.
Сол себептен, 2019 жылы «Ақ жол» партиясы «Алаш» институтымен бірлесіп, бұрын белгісіз болып келген 700-ден астам жергілікті Алаш қайраткерлерінің тізімін дайындады. Әрбір облыс, қала әкімдеріне сол жерге қатысы бар, сол жерден шыққан Алашшыл азаматтардың тізімі жіберіліп, олардың аттарын жергілікті жердегі көше, мектеп, т.б. нысандарға беруді ұсынған болатынбыз.
Алайда, нәтиже шамалы. Бір ғана мысал, біз Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өзіне ғана Алаш арманы үшін айқасқан 125 адамның тізімін жібердік! Осы 125 батырдан бір адамның аты да ескерілген жоқ.
Ең өкініштісі - осындай жағдай барлық облыстар мен қалаларда да қалыптасып отыр.
Жалпы, бізде мемлекет тарапынан бекітілген тізім бар, соған енген тұлғалар ғана әлгідей құрметке ие бола алады. Ол тізімге көп Алаш қайраткерлері кірмеген. Ал Кеңес империясына қызмет еткендер әлі төрден түспей келеді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында: "Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында Тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. Осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек" – деп, атап көрсеткен ҚР Президенті Қ.Тоқаев таяуда Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда: «Шын мәнінде, қазақтың қайсар рухы ешқашан сынбаған. Керісінше, әрбір қиындық жұртымыздың жігерін жанып, халықты шыңдай түскен. Алаш рухы Қазақ мемлекетімен бірге мәңгі жасайды.»-деп мәлімдеді. Сонымен қатар: “Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екені белгілі. Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар. Ондай жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет!»-деп, турасын айтты.

Толық нұсқа сілтемеде:

https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/alashtan-basa-ltt-ideologiia-zho
ℹ️Розничный налог снизили в Астане

Маслихат Астаны рассмотрел вопрос снижения в городе розничного налога при продажах физическим лицам. Налог снизили с 4 до 3%.

Розничный налог в столице платят более 63 тысяч субъектов бизнеса. Ранее предприниматели неоднократно просили уменьшить ставку налога вдвое, что позволяется законодательством.

Налоговики выступали против, указывая, что при снижении розничного налога на 1 процентный пункт налоговые поступления могут остаться на прежнем уровне либо сократиться относительно несущественно. Снижение же до 2%, по их подсчётам, повлечёт уже серьёзные потери.

Режим розничного налога, который действует с 2023 года, охватывает 190 видов деятельности, включая розничную торговлю, ремонт автомобилей, одежды и мебели, столярные, малярные и штукатурные работы, общепит, перевозку пассажиров. Ставка налога при продажах юридическим лицам составляет 8%.

Подписаться на @informburo.kz
Informburo.kz – Новости Казахстана
ℹ️Розничный налог снизили в Астане Маслихат Астаны рассмотрел вопрос снижения в городе розничного налога при продажах физическим лицам. Налог снизили с 4 до 3%. Розничный налог в столице платят более 63 тысяч субъектов бизнеса. Ранее предприниматели неоднократно…
Тағы бір өңір, дәлірек - білдей ел астанасы! - «Ақ жол» фракциясының сауалынан кейін шағын бизнеске жеңілдік жасады (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-barl-ajmatard-kmdernen-blshek-sal-mlsherlemesn-ek-pajza-dejn-tmendetud-srajd). Алғаш болып Қарағанды мен Қостанай облыстары үн қатқан болатын.

Келесі қай өңір?


Ещё один регион, точнее - целая столица! - пошёл навстречу малому бизнесу после запроса фракции «Ак жол» (https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/dempartiia-ak-zhol-trebuet-ot-akimov-vseh-regionov-ponizit-roznichnj-nalog-dlia-msb-do-2). Первыми отреагировали Карагандинская и Костанайская области.

Кто следующий?
ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОРДАСЫН ОТБАСЫДАН ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ - Қазыбек Иса

https://vm.tiktok.com/ZM2PL9pnQ/
С 3 марта 2023 года в Казахстане начался прием заявлений от граждан на банкротство. Только за первый месяц поступило более 49 тысяч заявлений. Однако свыше 80% из них были отклонены.

Хуже всего дела обстоят в Туркестанской и Алматинской областях.

Туркестанская область:
Общее количество поданных заявлений – 8 550, из них принято 846 (9,89%), на рассмотрении находятся – 225 (2,63%), отказано в рассмотрении – 7 474 (87,4%).
Общая сумма задолженности – 13 400 176 967 тенге

Любопытно, что больше всего займов в области берут и не возвращают женщины – 4 457 (52,13%), средний возраст – 40 лет

Мужчины меньше берут кредиты и в основном погашают – 4 093 шт (47,87%), средний возраст – 39 лет.
Количество заявлений по возрасту:

18-36 лет – 46,3%
37-58 лет – 45,8%
59-87 лет – 7,9%

Алматинская область:
Общее количество поданных заявлений – 6 801
Общая сумма задолженности – 13 080 738 755 тенге
Принято заявлений – 1 025 шт.
На рассмотрении – 243 шт.
Отказано в рассмотрении – 5 519 шт. (на сумму 10,076 млрд тенге)
Forwarded from PRO КАДРЫ KZ
Утильпост принял, или Чем «Жасыл даму» от «Оператора РОП» отличается👇🏻https://ulysmedia.kz/analitika/17864-utilpost-prinial-ili-chem-zhasyl-damu-ot-operatora-rop-otlichaetsia/

Подпишись на t.me/prokadrykz
Қазыбек Иса: Тілдаму

“БУДИЛЬНИК” сөзінің ҚАЗАҚШАСЫ ҚАНДАЙ?!.

Кеше аяқ астынан орысша “будильникті” “оятар” деп аудардым экспромт.
Тіл осылай мәжбүрліктен дамиды. Кейін аудармасы қалай екен деп “Гугл-аудармадан” қарасам, “дабыл” деп аударыпты😂. Бұл сөз, әрине тура мағынасын бермейді. Негізі, жалпы интернет аудармалар тура аударма емес!

“Ақ жол” партиясы чатынан осы жазбамды оқыған Азат Перуашев:
-“Будильникті” “Дабыл” деп аудару дұрыс емес қой). Сіз жазған “Оятар” одан жақын, бірақ оны да реттеу керек).
Мысалы, “Оятқыр”) десек ше?-деп жазды.

Мен мектепті орысша оқыған Азекеңнің қазақ тіліне деген құштарлығына разы болып, “күшті” екен дедім. Бірақ өзім айтқан “оятар” деген сөз өзіме жақындау көрініп тұр.

Сонымен, “Будильник” дегенді

“ОЯТАР” дейміз бе,
“ОЯТҚЫР” дейміз бе?

Ал сіздер не дейсіздер, құрметті ағайын?!.

Ажарлы аударманы бірге жасайық!

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0utzqBYg2wem6hiM4nCt8Tqg7mjrpwy5nxYMmGi17pPSRh6fBDMDCqni2G83BPzhyl&id=100001908576595&mibextid=qC1gEa