ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
14.2K subscribers
20.2K photos
6.83K videos
5 files
10.1K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
🇰🇿 Әйгерім Ағылтаева Қорғаныс министрінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі – ресми өкіл болып тағайындалды

Әйгерім Ағылтаева журналистика саласындағы кәсіби білімін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде және КИМЭП университетінде (магистратура) алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, саясаттану ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Нью-Йорк киноакадемиясында «Продюсерлік» мамандығы бойынша білім алып, АҚШ-тағы Джорджия университетінде мультимедиалық журналистика бағытында тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын КТК телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында тележүргізуші және редактор, продюсер, «31 арнада» бағдарламалық менеджер, «Алматы» телеарнасының бас редакторы - департамент директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің модераторы, «Жетісу» телеарнасы бас директорының орынбасары, сондай-ақ Жетісу облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.

🇰🇿 Айгерим Агылтаева назначена советником Министра обороны по коммуникациям - официальным представителем

Профессиональное образование в сфере журналистики получила в Казахском университете международных отношений и мировых языков имени Абылай хана и университете КИМЭП (магистратура). Окончила Казахский национальный университет имени аль-Фараби, где получила степень магистра политологии.

По международной стипендии «Болашақ» прошла обучение в Нью-Йоркской киноакадемии по специальности «Продюсирование», а также стажировку в Университете Джорджии (США) в области мультимедийной журналистики.

Карьеру начинала корреспондентом в КТК. В разные годы работала телеведущей и редактором, продюсером в Республиканской телерадиокорпорации «Казахстан», программным менеджером на телеканале «31 канал», главным редактором телеканала «Алматы», модератором в Службе центральных коммуникаций при Президенте Республики Казахстан, заместителем генерального директора телеканала «Жетісу», а также пресс-секретарём — руководителем пресс-службы аппарата акима области Жетісу.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍146🔥1👏1🤔1🤯1
Әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруді жергілікті денсаулық сақтау органдары жүргізеді

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мамандарынан құралған дәрігерлік комиссиялар әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексеруден өткізіп, олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтайды.

Азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы – облыс әкімінің орынбасары.

Шақырылатын азаматтардың тізімін жасау, шақыртуларды жіберу және шақырылым іс-шараларын ұйымдастыру жергілікті әскери басқару органдарының міндетіне жатады. Әскерге шақырылған азаматтар комиссиясының шақыруымен жиын пунктіне келуге міндетті.

Егер шақыртуды жеке тапсыру мүмкін болмаса, азаматтарды жеткізу міндеті ішкі істер органдарына жүктеледі. Олар әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздеп, жеткізумен айналысады.

Жергілікті атқарушы органдар полициямен бірлесіп әскерге шақыру ережесін бұзған азаматтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Шақырылған азаматтар жиын пунктінде өзінің әскерге жарамдылық мәртебесі бойынша тексеруден өтеді.

Медициналық тексеру денсаулық сақтау органдарының мамандары арқылы жүргізіліп, сарбаздардың денсаулығы бағаланады, жарамдылық категориясы анықталады және олардың мерзімді әскери қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылданады.

Заңды негіздер болса, азаматтарға әскерден кейінге қалдыру немесе босату беріледі. Басқа жағдайларда олар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлерге және әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке жіберіледі.

Айта кетейік, 18-ден 27 жасқа дейінгі, әскерден кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ азаматтарды әскерге шақыру жылына екі рет – наурыздан маусымға және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі.
👍82🔥1
Медицинское освидетельствование призывников проводят местные органы здравоохранения

Врачебные комиссии, сформированные из специалистов местных органов здравоохранения, отвечают за медицинское освидетельствование граждан призывного возраста и определяют их годность к прохождению срочной воинской службы.

За организацию и обеспечение проведения призыва граждан в пределах своей компетенции отвечают местные исполнительные органы. Председателем призывной комиссии является заместитель акима региона.

Формирование списков призывников, направление повесток и организация призывных мероприятий обеспечиваются местными органами военного управления. Граждане, подлежащие призыву, обязаны явиться на призывной пункт по вызову призывной комиссии.

Если повестку невозможно вручить лично, обеспечение прибытия граждан возлагается на органы внутренних дел, которые осуществляют розыск и доставку лиц, уклоняющихся от призыва.

Совместно с полицией местные исполнительные органы проводят рейдовые мероприятия по выявлению граждан, нарушающих правила воинского учёта. Доставленные на призывные пункты граждане проходят проверку своего статуса.

Медицинское освидетельствование проводится специалистами органов здравоохранения, которые оценивают состояние здоровья призывников, определяют категорию годности и принимают решение о возможности прохождения срочной службы.

При наличии законных оснований гражданам предоставляется отсрочка или освобождение от службы. В остальных случаях они направляются для прохождения срочной воинской службы в Вооружённые Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан.

Отметим, что призыв граждан мужского пола в возрасте от 18 до 27 лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от воинской службы проводится дважды в год — с марта по июнь и с сентября по декабрь.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍134🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Маңғыстау облысынан әскерге шақырылған матрос Әсет Жақсығалиев Әскери-теңіз күштерінің десанттық-шабуылдау батальонында қызмет атқарып жүр. Ол бөлімше командирі ретінде тәртіпті, жауапкершілігі жоғары әскери қызметші екенін дәлелдеп, әріптестері мен қолбасшылық тарапынан құрметке ие болды.

Алдағы уақытта ол Қарулы күштер қатарында келісімшарт бойынша қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр. Командирлерін үлгі тұта отырып, матрос Әсет өмірін Отанға қызмет етуге арнауды мақсат еткен.

🇰🇿 Матрос Әсет Жақсығалиев, призванный из Мангистауской области, проходит службу в десантно-штурмовом батальоне Военно-морских сил. В качестве командира отделения он зарекомендовал себя как дисциплинированный и ответственный военнослужащий, пользующийся уважением среди сослуживцев и командования.

В дальнейшем он планирует продолжить службу в Вооружённых силах по контракту. Равняясь на командиров, матрос решил посвятить свою жизнь служению Отечеству.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍203🔥2😁2👏1
🇰🇿 «Smart военкомат» жобасы: әскери қызметке жарамдылық туралы анықтама e-Gov порталы арқылы қолжетімді

«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov электрондық үкімет порталының «Жеке кабинетінде» азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты.

🇰🇿 Проект «Smart военкомат»: справка о степени годности к воинской службе доступна на портале e-Gov по одному клику

В рамках проекта «Smart военкомат» Министерство обороны реализовало новую функцию, доступную гражданам в их «личном кабинете» на портале «электронного правительства» e-Gov.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍153🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Бөлімше командирі, кіші сержант Ералхан Мақсотов – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын әскери қызметші. Оның күнделікті қызметі сарбаздармен тығыз қарым-қатынаста өтеді. Әрбір сарбаздың тағдырына жауапкершілікпен қарайтын ол талапшылдық пен әділдікті қатар ұстанады.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍134🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Мотоатқыштар мамандыққа қатысты негізгі дайындық кезеңін толық аяқтап, енді бөлімшелер деңгейінде үйлесімділікті арттыруға кірісті. Сарбаздар тәжірибелік жаттығулар барысында бөлімше құрамында әрекет ету дағдыларын бекітіп, оқу полигонында түрлі тактикалық жағдайларды іс жүзінде пысықтайтын болады. Бұл дайындық олардың бірлескен іс-қимылын нығайтып, жауынгерлік қабілеттерін арттыруға бағытталған.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍172🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қонаев гарнизонының 32363 әскери бөлімінде бөлімшелердің жауынгерлік атыстары өтті. Мерзімді әскери қызметтің сарбаздары гвардия қатардағы жауынгерлері Дарын Көшер мен Мұхамеджан Жәмкенов атыс тапсырмаларын орындағаннан кейін туған-туыстарымен байланысқа шығып, әскери қызмет туралы әсерлерін бөлісті.

🇰🇿 В войсковой части 32363 Конаевского гарнизона прошли боевые стрельбы отделений. Выполнив огневые задачи, солдаты срочной службы – гвардии рядовые Дарын Көшер и Мухамеджан Жамкенов вышли на связь с родными и поделились впечатлениями о службе.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍164🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Абай гарнизонындағы 11098 әскери бөлімінің сарбаздары қызмет орындарын заман талабына сай жаңартты. Олар өз бастамаларымен жатын орындарын безендіріп, тәртіп пен қолайлылыққа баса мән берді. Бұл бастама сарбаздарға қолайлы жағдай жасап, әскери бөлімнің ішкі мәдениетін арттыруға ықпал етті.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🔥41
🇰🇿 Астанада Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталі жаңа жабдықтармен толықты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бөлімшесінде материалдық-техникалық жаңарту жұмыстары толық аяқталды.

🇰🇿 В Астане военный госпиталь Минобороны пополнился новым оборудованием

В отделении первичной медико-санитарной помощи Главного военного клинического госпиталя Министерства обороны РК полностью завершены работы по его материально-техническому обновлению.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍145🔥2😁1