ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
14.2K subscribers
20.2K photos
6.83K videos
5 files
10.1K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар! Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жыл еліміз үшін жауапты шешімдер мен жүйелі жаңғыру кезеңі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында орнықты әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, ауқымды цифрландыру мен заманауи технологияларды енгізуге, азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ұлттық дамудың негізгі басымдықтары айқындалды. Бұл ретте барлық реформалардың өзегінде адам және ұлттық тұрақтылықты нығайту тұрғаны ерекше атап өтілді. Аталған бағдарлар мемлекеттік органдар қызметінің басты бағыттарын белгілеп, ортақ жұмысымыздың берік негізіне айналды.

Қазақстан экономикалық әлеуетін нығайта отырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, қауіпсіздік пен азаматтардың әл-ауқаты басты басымдық саналатын заманауи, жауапты әрі бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде сенімді даму жолын жалғастырды.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін өткен жыл қарқынды қызметке, жоғары талаптар мен маңызды нәтижелерге толы болды. Жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіруге, заманауи ақпараттық және басқару технологияларын енгізуге басымдық берілді. Патриоттық тәрбие мен идеологиялық жұмыс, әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер жоспарлы түрде жүзеге асырылды.

Бүгінде Қарулы күштердің әскери қызметшілері жауынгерлік кезекшілікті абыроймен атқарып, оқу-жаттығулар мен дайындықтарға қатысып, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ миссиялары аясында, соның ішінде Голан жоталарында, жүктелген міндеттерді лайықты орындап, мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

Бүгінгі мерекеде Қарулы күштердің жеке құрамына, сондай-ақ басқа да күштік құрылымдардың әскери қызметшілеріне кәсібилігі мен бірлескен үйлесімді қызметі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Әрине, ерекше ризашылық – сіздердің отбасыларыңызға. Олардың төзімі, сабыры мен қолдауы әскери қызметтегі ең сенімді тірек екені сөзсіз.

Келген 2026 жыл жасампаздықтың, жаңа мүмкіндіктер мен нық қадамдардың жылы болсын. Бірлік, жауапкершілік және Отанға адалдық алдағы уақытта да басты құндылықтарымыз болып қала берсін.

Қарулы күштердің бүкіл жеке құрамына және барша отандастарға зор денсаулық, бақ-береке, қызметте табыс, ашық аспан тілеймін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов
👍13🔥84❤‍🔥1
Уважаемые солдаты и сержанты, офицеры и генералы! Дорогие соотечественники!

Искренне и сердечно поздравляю вас с Новым 2026 годом!

Ушедший год стал для нашей страны периодом ответственных решений и последовательных преобразований. В Послании народу Казахстана Глава государства Касым-Жомарт Токаев обозначил ключевые приоритеты национального развития, направленные на обеспечение устойчивого социально-экономического роста, масштабную цифровизацию и внедрение современных технологий, повышение качества жизни граждан, подчеркнув, что в центре всех реформ остается человек и укрепление национальной устойчивости. Эти ориентиры определили направления деятельности государственных органов и стали основой нашей совместной работы.
Казахстан продолжил уверенное поступательное развитие, укрепляя экономический потенциал, расширяя международное сотрудничество и формируя современное, ответственное и конкурентоспособное государство, в котором безопасность и благополучие граждан остаются безусловным приоритетом.

Для Вооруженных Сил Республики Казахстан прошедший год был насыщен напряженной службой, высокими требованиями и значимыми результатами. Приоритетное внимание уделялось совершенствованию системы боевой подготовки, а также внедрению современных информационных и управленческих технологий. Последовательно реализовывались задачи патриотического воспитания и идеологической работы и обеспечения безопасности воинской службы.

Сегодня военнослужащие Вооруженных Сил с честью несут боевое дежурство, принимают участие в учениях и тренировках, обеспечивают защиту и безопасность страны. Казахстанские миротворцы достойно выполняют задачи в составе миссий ООН, в том числе на Голанских высотах, внося вклад в укрепление международного авторитета государства.

В этот праздничный день выражаю искреннюю благодарность личному составу Вооруженных Сил, а также военнослужащим других силовых ведомств за профессионализм и слаженную совместную работу. Отдельные слова признательности – членам ваших семей за выдержку, терпение и поддержку, которые являются надежной опорой в службе. Пусть 2026 год станет годом созидания, новых возможностей и уверенного движения вперед. Желаю, чтобы единство, ответственность и преданность Отечеству и впредь оставались нашими главными ценностями.
Желаю всему личному составу Вооруженных Сил и всем соотечественникам крепкого здоровья, благополучия, успехов в службе и мирного неба над головой!

С уважением, Министр обороны Республики Казахстан генерал-лейтенант авиации Д. Косанов
👍20🔥98
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎄 Абай гарнизонындағы 44793 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында «Үздік сарбаз» байқауы өтті. Сайыс әскери тәртіп, кәсіби шеберлік пен жауынгерлік дайындықты айқындауға бағытталды. Қатысушылар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, күш-қуат төзімділігі мен тапсырмаларды мінсіз орындау қабілеті бойынша бағаланды. Нәтижесінде қызметіне адал, жауапкершілігі жоғары үздік сарбаз анықталды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍94🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎄 97617 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері 2026 жылғы Жаңа жылды ұйымшылдық, тәртіп және жауынгерлік бауырластық рухында қарсы алды. Қызметтік міндеттерін атқаруына қарамастан, жеке құрам үшін мерекелік көңіл күй ұйымдастырылды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍163🔥2
🇰🇿 Қара белбеулі десантшы: ерлік пен таңдауға толы жол

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет ету оңай емес. Бұл әскер қатарына қосылу үшін мықты денсаулық, жоғары күш-қуат дайындығы мен ерік-жігер қажет. Осындай қасиеттердің барлығы Астана қаласының тумасы қатардағы жауынгер Нөгербек Тәттімбекке тән. Ол әрдайым жеңіс төрінен көрінуге бойы үйренген жігіт.

🇰🇿 Десантник с черным поясом: история о мужестве и выборе

Служба в Десантно-штурмовых войсках – дело не простое. Чтобы попасть в ряды десантников нужно обладать отменным здоровьем, хорошей физической подготовкой и большой силой воли. Все эти качества присущи рядовому Нугербеку Татымбеку из Астаны, парню, привыкшему побеждать.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥52
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылды Голан жоталарында қарсы алған қазақстандық бітімгерлер өздерін үйде күтіп отырған жақындарын ерекше жылылықпен еске алады. Отбасының қолдауы оларға күш-қуат пен сенім береді. Әскерилер туыстарымен байланысқа шығып, Жаңа жылмен құттықтап, ең ізгі тілектерін жеткізді.

Встречая 2026 год на Голанских высотах, казахстанские миротворцы с особым теплом вспоминают о тех, кто их ждет дома. Именно поддержка семьи придает им силы и уверенность. Военнослужащие вышли на связь с родными, чтобы обменяться новостями, поздравить их с Новым годом и высказать самые лучшие пожелания.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13🔥93
🇰🇿 Гвардейск гарнизонында 600-ден астам сарбаз ант берді

Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығында 620 мерзімді әскери қызметшінің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті.

🇰🇿 В Гвардейском гарнизоне свыше 600 солдат присягнули на верность Родине

В Учебном центре Сухопутных войск имени Карасай батыра состоялась торжественная церемония принятия Военной присяги у 620 военнослужащих срочной службы.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍153🔥2
🇰🇿 Ұлттық қорғаныс университетінде полиглот сарбаз қызмет етеді

Қатардағы жауынгер Мәди Қайсарұлын әріптестері «полиглот» деп атайды. Оның себебі 24 жастағы әскери қызметші төрт түрлі тілдік топқа жататын бес тілді еркін меңгерген.

🇰🇿 В Национальном университете обороны служит солдат-полиглот

Рядового срочной службы Мади Кайсарулы сослуживцы называют полиглотом, ведь 24-летний военнослужащий освоил пять языков, восходящих к четырем разным языковым группам.  

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍174🔥2
🇰🇿Президент: «Әскери қызметтің абырой-беделін көтеру және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру – мемлекеттің басты басымдығының бірі»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍253🔥3💯2