KazService
5.1K subscribers
3.72K photos
337 videos
191 files
2.79K links
Новости и аналитические материалы нефтегазовой индустрии Казахстана.

Связь с админом:
+7 7172 57 42 49
info@kazservice.kz
Download Telegram
🛑 «КҚК-ның балама жолдарын дамытпағанымыз тарихи қателік болды» — Абзал Нарымбетов

«Қазақстан құны $1 млрд-қа жуық мұнайды экспорттай алмады»

Кеше Украина тарапынан Каспий құбыр кәсіпорнына (КҚК) дрон шабуылы жасалды. Бұл шабуыл Қазақстан инфрақұрылымына тікелей әсер етіп, мұнай өндірісі мен экспортқа үлкен қауіп төндірді. Осы оқиғаның салдары, КҚК-ның қауіпсіздігі мәселесі және баламалы тасымал бағыттарын дамыту қажеттілігі туралы Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетовпен сөйлестік.

— Украина тарапынан КҚК инфрақұрылымына шабуылдардың алдын алу үшін бұл мәселені қалай шешуге болады?

— Мемлекет тарапынан ресми түрде нота жолданды. Шабуыл Қазақстан инфрақұрылымына тікелей әсер етеді. Бұл Украина мен Ресей арасындағы мәселе емес. Себебі КҚК арқылы өтетін мұнайдың 90% Қазақстандікі, 10% ғана Ресейдікі. Сондықтан ондай шабуылдарды тек дипломатиялық жолмен тоқтатпай, жағдай жақсармайды. Бірақ дипломатиялық жолмен болмайтын болса, басқа қандай жолмен тоқтатуға болады деген сұрақ туындайды. КҚК арқылы өтетін мұнайдың көп бөлігі Еуропа елдерінің үлесіне тиеді. Еуропа Украинаға қолдау білдіруде. Алайда, Украина КҚК-ға шабуыл жасап, Еуропаның мұнай үлесіне зақым келтіріп отыр. Бәлкім, Батыс елдеріне шабуылдың салдарын тоқтату қажеттігін жеткізу қажет шығар. Себебі, КҚК-дағы шабуылдың салдарын Ресейден гөрі біз және батыс елдеріндегі, яғни АҚШ пен Еуропа мұнай-газ компаниялары көбірек тартуда. Оны күштеп немесе жұмсақ айтып жеткізу керек, Қазақстан оны батыс елдеріне жеткізуі қажет деген ойдамын.

Ресей бұны қатты тоқтатуға тырыспауы мүмкін. Себебі инфрақұрылым көбіне Қазақстан мен батыс елдеріне тиесілі. Мұнда Ресейдің үлесі төмен. Сол себепті қорғауға қатты қызығушылық болмауы мүмкін.

— Сіздің болжамыңыз бойынша, кеше болған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай нарығына қандай әсер етуі мүмкін?


Оның әсері орасан. КҚК толық жұмыс істемегендіктен 2026 жылдың алғашқы он күндігінде мұнай өндірісі қатты төмен түсті. Бұл Қазақстан мен батыс компаниялары үшін зиян. Қазір түрлі есептер жүргізілуде. Күніне 800 мың баррель мұнайды тасымалдай алмай отыр. Экспортталмаған мұнай бәлкім $1 млрд жетеді. Орташа есеппен – $1 млрд қаржыдан қағылып отырмыз. Бұл – жалпы кіріс. Оның салығы, өз құны т.б. бар. Қазақстан құны $1 млрд-қа жуық мұнайды экспорттай алмады.

Мұнайды экспорттаудың басқа баламалы жолдарын әлі қолдана алмайды. Оның басқа баламалы жолы болса да ҚКК мен салыстыруға келмейді. Себебі, КҚК-ның өткізу қабілеті орасан. КҚК арқылы 2024 жылы 55 млн тонна мұнай экспортталса, 2025 жылы бәлкім 60 млн тонна шығар. Қазақстанда 60 млн тонна мұнайды шетелге жібере алатындай басқа бағыт жоқ. Мысалы, Баку – Джейханға 1,5 млн тонна жібереміз. 60 млн пен 1,5 млн тоннаны салыстыруға келмейді. Қытайға 1 млн тонна ғана жібере аламыз. 1 млн тонна қайда, 60 млн тонна қайда? Көріп отырғаныңыздай, 60 млн тоннаның оннан бір бөлігін де жіберетіндей баламалы жол жоқ.

Мен 2022 жылдан бері айтып келемін «мұнай тасымалы бір бағытқа тәуелді болмауы керек. Ол экономикалық тұрғыдан бізге минус». Біз тәуелсіз ел болсақ та, бір бағытқа экономикалық тұрғыдан тәуелді болып отырмыз. Мысалы, Қазақстан бюджетінің 40–50% мұнай-газдан келеді, соның 40%-ы КҚК арқылы тасымалданатын мұнайдан түскен кіріс. Біздің 80% мұнай КҚК арқылы экспортталатыны үшін бұл бағыт өте маңызды.

Бірінші бөлім

🔹
KazService
7
Hexagon компаниясының демеушілігімен жарияланды

EMIA мұнай-газ саласындағы 2026 жылға арналған төрт тенденция


Мұнай-газ саласына болжам жасау — тәуекелі жоғары іс. АҚШ геология қызметінің бас геологы Дэвид Уайт «мұнай өндірісінің шарықтау шегіне 1920 жылы жетеміз» деп мәлімдеген. Сол уақыттан бері аталмыш мәлімдеме қате екені талай мәрте дәлелденді.
Екі әлемдік держава болжау мүмкіндігінің болмауын стратегияға айналдырғандықтан 2025 жылдың соңына қарай жағдай күрделене түсті. Тарифтердің экономикалық салдары мен ЕО-ның АҚШ-тан жыл сайын 250 млрд АҚШ долларына мұнай мен газ сатып алу жөніндегі міндеттемесінің нақты әсері қандай болатынына ешкім баға бермеді. Сарапшылар үшін Қытайдың мұнай қорларын жинақтау стратегиясы әлі де түсініксіз. Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларының ұзақмерзімді салдары да айқындалып келеді. Арзан ресейлік мұнай Үндістанның мұнай өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Алайда бұл АҚШ пен Үндістан арасындағы саудадағы келіспеушіліктердің пайда болуына сеп болды. Оның әсері 2026 жылы да сезіледі.

Осы жағдайларға қарамастан, бағыт-бағдар бар. «Жыл соңына қарай нарықта мұнай бағасы жоғары қорлар мен жаһандық экономикалық өсімнің баяулауына байланысты барреліне 60 АҚШ долларына дейін төмендеуі мүмкін» деген болжам бар. Сонымен қатар, 2025 жыл тарихта тоқтату аяқталғаннан кейінгі алғашқы жыл ретінде қалуы ықтимал. «Мұнай мен газ сөзсіз құлдырайды» деген пікір жоққа шықты. Сарапшылар әлі жиырма жыл жаһандық сұраныс өсуі мүмкін деген пікірде.

Төменде келтірілген төрт үрдіс осы қарама-қайшы сигналдарды айшықтайды. Сондай-ақ, олар компаниялар үшін шығындарды азайту, әлеуметтік лицензияны нығайту және болашаққа икемделудің маңызын айқындайды. Себебі, болашаққа имкемделу өндіріс көлеміндей ерекше маңызға ие.

1. Капитал тәртібі — негізгі қағида

2026 жылы капиталдық шығындар қысқарады. Wood Mackenzie болжамына сәйкес, мұнай мен газды барлауға және өндіруге арналған жаһандық капиталдық шығындар 4,3%-ға қысқарып, 341,9 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл 2020 жылдан бері алғашқы жылдық төмендеу болмақ.

EMIA өңірінде инвестициялар шығын деңгейіне қарай бөлінеді. Таяу Шығыстың ұлттық мұнай компаниялары өз құнды кен орындарының артықшылығын пайдалануды жалғастыруда. Aramco 2025 жылға 52–58 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияны жоспарлап отыр. Ал upstream сегментіндегі капитальдық шығындар 2024 жылы 19%-ға өсіп, шамамен 39 млрд АҚШ долларына жетті. ADNOC өз кезегінде 2027 жылға қарай мұнай өндіруді тәулігіне 5 млн баррельге дейін ұлғайтуға бағытталған көпжылдық бағдарламаны іске асыруда. Бұл жобалар төмен шығынды, ұзақмерзімді және экономикалық тұрғыдан тартымды бастамалар санатына жатады.

Еуропада керісінше «өнімді жинау» кезеңі басталды. Солтүстік теңізде өндірістің төмендеуін өтей алатын жаңа ірі жобалар аз. Ал Ұлыбританияның мұнай өндіру көлемі 2030 жылға қарай көпжылдық минимумға жетуі мүмкін. Норвегиядағы соңғы жобалар толқыны өндірісті уақытша тұрақтандырады. Десек те, жаңа жобалар іске аспаса, өндіріс қайта төмендей бастайды.

🔹 KazService
6👍1
II Бөлім

2026 жыл EMIA өңіріндегі мұнайды барлау және өндіру үшін өндіріс көлемінің өсуінен гөрі капитал тәртібі басым болатын жылға айналады. Ірі компаниялар барлау мен өндіруге емес, қолданыстағы кен орындарын жетілдіру және кезең-кезеңімен кеңейту сияқты салыстырмалы түрде шағын инвестицияларды таңдауға бейім болады. Негізгі назар тәуекелге негізделген табыс пен жобаларды сенімді іскке асыра алу мүмкіндіктеріне аударылады.

Бұл тәсіл жаңа өңірлердегі жобаларға да әсер етеді. Гайана құны төмендігінің арқасында тартымдылығын сақтайды. Ал Намибиядағы жобалар шығындарды бақылау және сенімді екенін дәлелдеу үшін кезең-кезеңімен іске асырылуы қажет. Үндістан секілді реттеуде қиындықтары бар елдерде кен орындарын игеру - ірі бір жолғы инвестициялардан гөрі кезеңдік жобалар мен бірлескен кәсіпорындар арқылы жүзеге асады.

Капитал тәртібіне басымдық беру арқылы жобаларды бақылау мен тәуекелдерді басқаруды күшейтетін құралдар мен әдістерді кеңінен қолдануға болады. Жұмыс көлемі, шығын және кестені біріктіретін Enterprise Project Performance (EPP) платформалары, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың өзгеруіне байланысты құрылыс тоқтап қалу тәуекелін азайту үшін жасанды интеллектіні пайдалану кеңінен таралады.

2. Пайдалану және техникалық қызмет көрсету шығындарын қысқарту: ИИ мен APM-ге басымдық

Шығындарды қысқарту жобаларға ғана емес, операциялық қызметке де әсер етуде. Кейбір компаниялар қызметкерлер санын қысқарта бастады. Chevron компаниясының бас директоры Майк Уир «Жұмыс орындарын сақтаудың ең тиімді жолы — бәсекеге қабілетті болу» деген болатын.

Экономиканың ең үлкен потенциалы активтерді басқаруда. ӨАБ (өндірістік активтерді басқару) жүйесін зауыт деңгейіндегі цифрлық егізбен біріктіру жабдықтың жай-күйі туралы деректерді еңбек шығындарын, қосалқы бөлшектерді және энергия тұтынуды азайтатын техникалық қызмет көрсету шешімдеріне айналдыруға мүмкіндік береді. Британдық және австралиялық ғалымдардың жарияланған зерттеулеріне сәйкес, мұндай комбинация пайдалану және техникалық қызмет көрсету шығындарын 20%-ға дейін төмендете алады. Бұл жетілген активті ұтымды пайдалануды жалғастыру мен оны жабу арасындағы шешуші фактор болуы ықтимал.

Ең жылдам нәтиже компрессорлық қондырғылар, газ турбиналары, пештер, каталитикалық крекинг және гидрокрекинг қондырғылары, күкіртті газды өңдеу жүйелері және өндірілген суды тазалау қондырғылары секілді критикалық деңгейі жоғары жабдықтарда байқалады. Ақауларды ерте кезеңде болжау арқылы шығындарды қысқартып қана қоймай, Scope 1 және Scope 2 аясындағы шығарындыларды да азайтады.

Компаниялар жасанды интеллектіні тек бэк-офисті автоматтандыру үшін емес, сонымен қатар аса маңызды активтерді басқару үшін де кеңінен қолдана бастайды. 2024 жыл жасанды интеллектті енгізудің бастапқы кезеңінде болды. Қызметкерлердің тек төрттен бірі ғана жұмыс істейтін компанияда жасанды интеллект қолданылатынын айтқан. Сол кезде ЖИ-ді қолданудың негізгі бағыттары жұмыс процестерін автоматтандыру және өзара әрекеттесуді жақсарту (30%), деректер аналитикасы арқылы өндірісті оңтайландыру (28%) және қашықтан мониторинг болды.

3. Метан шығарындыларын қысқарту және көміртекті ұстау: декарбонизация операциялық модельдің бір бөлігіне айналуда

Шығарындыларды қысқарту — операциялық қызметтің тағы бір негізгі бағыты. 2025 жыл сала үшін табыстылығы төмен немесе негізгі бизнес-модельге сәйкес келмейтін жаңартылатын энергия көздеріндегі жанама жобалардан бас тарту кезеңі болды.

2026 жыл бір мезгілде шығарындыларды азайтып, экономикалық пайда әкелетін екі стратегияның уақыты болуы мүмкін: метан шығарындыларын қысқарту және көміртекті ұстау, пайдалану және сақтау (CCUS).

Халықаралық энергетика агенттігінің Global Methane Tracker 2025 деректеріне сәйкес, энергетика секторындағы метан шығарындылары жылына 120 млн тоннадан асады, ал олардың шамамен 70%-ын қолданыстағы технологиялар арқылы болдырмауға болады.

🔹 KazService
4🔥2
III Бөлім

Бұл шаралардың көпшілігі бір жылдан аз уақытта өзін-өзі ақтайды, өйткені ұсталған газды нарыққа шығаруға болады. Бұған қоса, метан шығарындыларын тиісті түрде қысқарту арқылы 2024 жылы 100 млрд текше метр газ нарыққа жеткізілуі мүмкін еді, ал әлем бойынша жыл сайын шамамен 150 млрд текше метр газ факелдерде жағылады.

2026 жыл EMIA өңіріндегі операторлар үшін метан шығарындылары мен газды алаулатып жағуды беделдік мәселе емес, нақты өндірістік шығын ретінде қарастыра бастайтын бетбұрыс кезеңі болуы ықтимал. Компаниялар метан шығарындыларының қарқындылығын төмендетіп, жекелеген активтерде тұрақты факельдік жағуды біртіндеп тоқтатады. Спутниктер арқылы анықталған «суперэмиттерлер» жедел жойылады, ал тәуекелі жоғары объектілерде үздіксіз мониторинг жүйелері енгізіледі. Қазіргі таңда әлемдік мұнай мен газ өндірісінің тек 5%-ы метанның дерлік нөлдік шығарындылары стандарттарына сәйкес келеді, ал алдағы жылдары бұл үлес өсуі тиіс.

Сонымен қатар CCUS технологиялары пилоттық жобалардан өнеркәсіптік деңгейдегі жаңғыртуға өтуде. Негізгі назар сутек ағындарына, каталитикалық крекинг (FCC) және риформинг қондырғыларына интеграцияланған көміртекті ұстау жүйелеріне аударылады. Еуропада көміртек бағасының өсуі (өткен жылы орта есеппен тоннасына шамамен 70 еуро) мұндай жобалардың экономикалық тартымдылығын арттырады. 2026 жылғы маңызды ерекшелік — операторлар алдымен метан шығарындылары мен газды жағуды азайтудың төмен шығынды шараларын іске асырып, содан кейін ғана көміртек концентрациясы жоғары және жүктемесі тұрақты технологиялық ағындарда CCUS енгізеді.

Шығарындыларды басқару күнделікті операциялық құралдарға айналуда. Кәсіпорын деңгейіндегі активтерді басқару жүйелері (EAM) сенімділік көрсеткіштерімен қатар шығарындылар бойынша KPI-ларды да қамтиды. Кәсіпорынның цифрлық егіздері көміртекті ұстау жүйелерінің жүктемесін, қысым айырмаларын және бу балансын модельдей отырып, өнімділікті оңтайландырады. Жасанды интеллект стационарлық датчиктерден, дрондардан және спутниктерден алынған деректерді біріктіре отырып, ағып кетулерді анықтауды жеделдетеді. Қысқасы, декарбонизация операциялық құралдар арқылы шешілетін нақты өндірістік міндетке айналуда.

4. Еуропалық мұнай өңдеу қысқарып, бірақ «ақылдырақ» бола түсуде
Атлантикалық бассейндегі құрылымдық құлдырауға байланысты


Еуропадағы мұнай өңдеу саласы рентабельділіктің төмендеуімен және басқа өңірлерден импортқа тәуелділіктің артуымен сипатталатын дағдарысты бастан кешіруде. Бұл үрдіс 2026 жылы мұнай өңдеу зауыттарының жабылуын жеделдетуі мүмкін, ал кейбір алаңдар шикі мұнайды өңдеудің орнына биожанармай немесе тұрақты авиаотын (SAF) өндірісіне көшуі ықтимал. Shell Весселингтегі (Германия) зауытын жапты, Petroineos Грэнджмуттағы өндірісті тоқтатты, тағы бірнеше нысан қайта қарау сатысында тұр. Салалық зерттеулерге сәйкес, егер төмен маржалар мен саяси шектеулер сақталса, 2030 жылға қарай Еуропа бастапқы өңдеу (CDU) қуаттарының тәулігіне 2,1 млн баррельге дейінін жоғалтуы мүмкін.

2027 жылға қарай Еуропа шикі мұнай өңдеу қуаттары аз, бірақ орташа жүктемесі жоғары және төмен көміртекті интеграцияланған қондырғылары көп жаңа кезеңге қадам басады. Құндылық тек өңдеу көлемімен емес, энергия тиімділігімен, сенімділікпен және икемділікпен анықталады.

🔹 KazService
7
IV Бөлім

Сенімділік шешуші факторға айналуда. Орташа НПЗ-дағы жоспардан тыс тоқтаулар жыл сайын ондаған миллион доллар шығын әкеледі. Зауыттар кәсіпорын деңгейіндегі активтерді басқару (EAM) аясында APM жүйелерін енгізіп, процестерді басқарудың озық жүйелері мен болжамдық аналитиканы пайдалана отырып, жылу тасығыш қондырғылар мен сутек жүйелерінің тұрақтылығын арттыруда. Еуропадағы бірқатар алаңдар «цифрлық жөндеу» жүргізіп, өзгерістерді басқару және жұмысқа рұқсаттарды бақылау үшін бүкіл зауыт деңгейіндегі цифрлық егіздерді құруда. Басқа салалардан алынған тәжірибе, мысалы жылумен жабдықтау жүйелерін интеграциялау және «қағазсыз» операциялық модельдер, НПЗ-лардың әлеуметтік лицензиясын нығайта отырып, отын тұтынуды қалай қысқартуға болатынын көрсетеді.

Бұл инвестициялар бір қарапайым міндетті шешеді: 2026 жыл мұнай-газ компаниялары үшін кезекті циклдің аяқталуы болуы тиіс. Мұндай кезеңдер маржаға, шығындарға және капиталдық салымдарға қысымның күшеюімен сипатталады. Бұрынғыдай «мұнай-газ дәуірінің аяқталуы» туралы мәлімдемелер айтылады. Алайда мұндай болжамдар 1920 жылдан бері жасалып келеді және әрдайым қате болып шықты. Шындық мынада: салаға тән «бум — құлдырау» циклдарында дәл осы құлдырау кезеңі бәсекелік артықшылық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл кезеңнен сәтті өткен компаниялар алға шығады.

Қосымша ақпарат алу үшін Илья Шилинге хабарласыңыз.
Илья Шилин — Клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджер Hexagon
Активтердің өмірлік циклін басқару және талдау департаменті
M: +34 646 387 993

🔹 KazService
5👍2
💸Цена молчания: как война и зависимость от одного маршрута бьют по экономике Казахстана

Журналист Гульнар Рахметова в своём Facebook прокомментировала ситуацию вокруг экспорта казахстанской нефти, связав резкое падение поставок не только с атаками на инфраструктуру КТК, но и с многолетним отсутствием диверсификации экспортных маршрутов, с политическими и экономическими рисками.

«Говорят, после удара по танкерам, перевозившим казахстанскую нефть, экспорт рухнул на 45%. Другие уточняют: нет, мол, экспорт упал на 45%, а добыча - на 50% ещё до атаки. Кто-то путается в процентах, но все сходятся в одном - «это удар по экономике Казахстана».
И вот здесь хочется спросить: а разве это был удар стопроцентно извне? Или это всё же один из автоголов, которые мы загоняем в свои ворота с завидной регулярностью?

Я намекаю, что кризис экспорта нефти не является результатом лишь внезапной атаки на КТК. Это следствие многолетнего и весьма комфортного сидения на одной трубе. Экспортные маршруты не диверсифицировались, хотя альтернативы, помнится, обсуждались, рисовались красивые презентации различных веток, прежде всего, Баку-Тбилиси-Джейхан, создавались рабочие группы, и на этом… в общем-то, всё. То есть наши разные правительства не слишком старались, чтобы снизить зависимость от страны, которая годами демонстрировала склонность к авантюризму.

Отдельная тема - «мы ни при чём, это не наша война». Формально - да, тут, к счастью, не поспоришь, но фактически так не получается. Потому что когда твой «союзник» развязывает в XXI веке кровавую войну, ее не только невозможно игнорировать из моральных соображений, но она неизбежно бьёт по твоей экономике, как и по экономикам других партнеров, нагибая их в неловкой позе между этим «союзником» и всем остальным - цивилизованным - миром с его возможными санкциями, которые для и без того уязвимых страшнее пистолета.

Но кто мешал лидерам центральноазиатских государств коллективно, вовремя и публично обратиться к Путину с требованием остановить эту авантюру? Не из гуманизма даже, а из холодного экономического расчёта. Ведь кому-кому, а руководителям экономически зависимых от РФ республик было заранее понятно, что война ударит не только по нефтяному транзиту, но и по инвестициям, обмену трудовыми ресурсами, совместным проектам, малому и среднему бизнесу, репутации и создаст риски вторичных санкций. Обязательно ли для понимания таких вещей быть пророком? По-моему, достаточно знать школьный курс политэкономии или экономической географии. Боялись испортить отношения с могущественным соседом? Но эти отношения, как бы партнеры не лояльничали и не говорили всякие приятные его уху слова вроде «Россия непобедима», все равно не гарантированы от сюрпризов. Вон как безумствует в эфире пропагандист Соловьев, и что, кто-то цыкнул на него? Так, к нашему сведению, выглядит спасибо за поддержку.

Но, если честно, никто и не ждёт благодарности. Просто уже очевидно, что нежелание что-то сделать от нас зависящее для прекращения безумия не снижает рисков, не улучшает жизнь в нашем «домике», где мы прячемся. Рост цен в Казахстане говорит громче любых официальных заявлений. Дорожает почти всё: коммунальные услуги, жильё, продукты питания... Мы чувствуем на себе инфляцию, проверяя магазинные чеки у кассы и платёжки из почтового ящика. В ответ на внешние шоки правительство выбирает самый простой путь: латать дыры за счёт собственных граждан. Повышать налоги, расширять фискальное давление, выжимать бизнес, который и так балансирует на грани и намеревается бежать то ли в Узбекистан, то ли в Кыргызстан, то ли ещё куда.

Мы боимся сказать слово поперек беспокойному «союзнику» (даже товарищеское, партнерское, показывающее не только озабоченность, но и наши жертвы во имя сохранения отношений), боимся сказать ему, что если он будет оставаться источником риска, то нам придется пересматривать свои приоритеты (впрочем, их давно пора пересмотреть). А без этого что ж сокрушаться и удивляться. Реальность, которую мы долго игнорировали, все-таки догоняет».

Коллаж: Orda.kz

🔹 KazService
💯114🔥3
KazService
🛑 «КҚК-ның балама жолдарын дамытпағанымыз тарихи қателік болды» — Абзал Нарымбетов «Қазақстан құны $1 млрд-қа жуық мұнайды экспорттай алмады» Кеше Украина тарапынан Каспий құбыр кәсіпорнына (КҚК) дрон шабуылы жасалды. Бұл шабуыл Қазақстан инфрақұрылымына…
II Бөлім

КҚК-ға балама тасымал бағыттарын табу қаншалықты мүмкін, әлде негізгі назарды КҚК мәселесін шешуге аудару қажет пе?

Бір жылда 60 млн тонна мұнай экспорттайтын балама бағыт өкінішке қарай жоқ. Бұл біздің тарихи қателігіміз. Барлық жұмыртқаны бір себетке салғандай. Бұрыннан басқа бағыттарды дамыту қажет еді. Әлі де кеш емес. 2022 жылдан бері КҚК-дағы ақауларды біліп келеміз. Сол себепті баламалы жолдарды дамыту керек еді, бірақ ол жүзеге аспаған. Оны іске асыратын және жауапкершілікті алатын ұйым да жоқ. Елбасы тапсырма берді, бірақ онымен кім айналысады, кім жауапты болады, белгісіз. Сондықтан бұл сұрақ ашық қалды.

Күнделікті КҚК-да не болды деген уайыммен тұру әдетке айналды. Бұл дұрыс емес. Кеңес Одағы құрамындағы барлық елдер дерлік мұнайды тек Ресей арқылы жіберіп жатқанда, Әзербайжан Баку – Тбилиси – Джейхан бағытын екі балама жол ретінде жасады. 2001 жылы құрылысын бастап, 2005–2006 жылдары іске қосты. Сол уақыттан бері Әзербайжан Грузия, Түркия арқылы мұнайын тасымалдайды. Түркменстан мысалында, 2008 жылы Газпроммен дау болғанда, 2009 жылы Қытайға газ құбырын тартты, 2012 жылдан бастап Иранға тартты. Ресейге, Иранға, Қытайға мұнайын сата алады. Қазір Түркменстан барлық газын үш бағыт арқылы жібере алады. Ал Қазақстан 80% КҚК арқылы тасымалдауға тәуелді.

Балама деген тек атау емес, нақты көлемді тасымалдауға мүмкіндік беруі керек. Балама бағыттар арқылы КҚК арқылы жіберіп отырған мұнай көлемін экспорттай алатындай жол болуы қажет.

Қазір бүкіл әлем «Қазақстан қандай реакция береді?» деп қарап отыр. Қазақстан қазір тиімді емес позицияда. Ресей КҚК жөнінде қатты уайымдап отырғаны жоқ. Оған шабуыл жасап отырған басқа ел. Тасымалданатын мұнай батыс елдеріне жеткізілуі керек. Тәуекелді басқаруды қолға алып, баламалы жолдарды дамыту қажет.

Біз тарихи қателік жасадық, бірақ бұдан кейін қателік жібермеу біздің қолымызда.

— Ой бөліскеніңіз үшін рахмет!

🔹 
KazService
👍42
👍4🔥2
🚨 Казахстан обсудил с ЕС и США безопасность транспортировки нефти после атаки на танкеры

Министерство иностранных дел Казахстана провело экстренные встречи с послами ЕС и США после атаки беспилотников на три танкера, перевозившие казахстанскую нефть к терминалу Каспийского трубопроводного консорциума (КТК).

В ходе проведённых экстренных встреч с послами ряда европейских стран, а также контактов с американской стороной и другими зарубежными партнёрами акцентировали необходимость принятия действенных мер по обеспечению безопасности транспортировки углеводородов, в том числе на морских путях, в строгом соответствии с нормами международного права, как отмечается в заявлении МИД РК.

В МИД подчеркнули необходимость мер по обеспечению безопасности перевозок углеводородов, в том числе морских, в строгом соответствии с международным правом.

Официальный представитель МИД Ерлан Жетыбаев отметил, что танкеры имели все разрешения и идентификационное оборудование. Казахстан выразил «серьёзную озабоченность» из‑за инцидента и призвал к тесному взаимодействию с партнёрами для предотвращения подобных случаев в будущем.

🔹 KazService
👍6💯2
В нефтяной индустрии мира сегодня произошли несколько важных событий

⚡️ Геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді
https://xn--r1a.website/kazservice/7002

⚡️ Казахстан побил очередной рекорд по административным штрафам
https://xn--r1a.website/kazservice/7003

⚡️ «КҚК-ның балама жолдарын дамытпағанымыз тарихи қателік болды» — Абзал Нарымбетов
 I Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7006
II Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7015

⚡️ Hexagon компаниясының демеушілігімен жарияланды
EMIA мұнай-газ саласындағы 2026 жылға арналған төрт тенденция
 I Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7008
 II Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7010
III Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7011
IV Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7012

⚡️ Цена молчания: как война и зависимость от одного маршрута бьют по экономике Казахстана
https://xn--r1a.website/kazservice/7013

⚡️ Казахстан обсудил с ЕС и США безопасность транспортировки нефти после атаки на танкеры
https://xn--r1a.website/kazservice/7017

🔹 KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛑 Айдос Сарым: Россия и США должны обеспечить безопасность объектов КТК

Депутат Мажилиса Айдос Сарым высказался по поводу атак беспилотников на танкеры и инфраструктуру Каспийского трубопроводного консорциума.

"Россия является таким же акционером, соответственно Россия должна больше делать для обеспечения безопасности. Это первое. Я уже говорил об этом ранее.

Мне кажется, одним из крупных акционеров является компания Chevron. Мы знаем, что Украина критически зависит от поддержки США. Chevron не самая последняя компания в этом мире. Я думаю, США и другие наши партнёры должны совместно оказать давление на Украину, чтобы она более тщательно выбирала свои цели", — сказал депутат.

Видео: Atameken Business

🔹 KazService
6😁5👍4
🤖Роботтар мұнай-газ саласында: Кофе брейк, үзіліссіз жұмыс істейтін мамандар

Мұнай-газ саласында роботтарды қолдану жағдайлары артып келеді. Fortune Business Insights мәліметіне сәйкес, 2030 жылға дейін мұнай-газ саласында инспекция жасай алатын роботтар саны жоғары қарқынмен өседі. KazService мұнай-газ саласына қажетті роботтарды жасауға қанша қаржы қажет, робототехникамен айналысатын мамандар Қазақстанда жеткілікті ме және роботтар мұнай-газ саласында қандай функцияларды атқара алатынын білу үшін робототехника саласында жұмыс істеп жүрген «Kerneu Group» компаниясының директоры Бекнұр Әбитаевпен әңгімелесті.

🔹Роботтар мұнай-газ саласында қандай функцияларды атқара алады?

Бүгінгі таңда мұнай-газ саласында роботтар негізінен инспекция және мониторинг саласында қолданылады. Жасанды интеллект арқылы роботтар деректерді талдап, ақаулар мен қауіп-қатерлерді алдын ала анықтай алады. Мысалы, базадағы жұмысшылар каска немесе қорғаныш көзілдірік кимеген жағдайда, робот бұл ақпаратты жүйеге тіркеп, қауіпсіздік шараларын жақсартады.

«Біздің басты мақсатымыз роботтарды инспекция саласында толық қолдану. Робот объектінің ішіндегі барлық деректерді жинап, талдай алады. Бұл Қазақстанда қауіпсіздік пен өндіріс тиімділігін арттыруға нақты мүмкіндік береді», — дейді Бекнұр Әбитаев.

Роботтардың мұнай-газ саласында атқаратын негізгі функциялары бірнеше бағытты қамтиды. Олар резервуарлар мен құбырларды тексеру, температура мен қысымды тіркеу және ақауларды ерте анықтау. Сондай-ақ роботтар суасты инспекциясы, логистика және деректерді өңдеу саласында да кеңінен қолданылады.

🔹Роботтарды жасау үшін қанша қаржы керек?

Бекнұр Әбитаевтың айтуынша, бір роботты жасауға қажетті қаржы оның функциясына байланысты өзгереді. Толық функционалды инспекция роботын жасауға шамамен 1–1,5 миллиард теңге қажет. Ал аппараттық жабдық құны шамамен $100 мыңға дейін. «Негізгі қаржы роботты өндіріс процесіне бейімдеу және жасанды интеллект жүйесімен интеграциялауға кетеді», — дейді ол.

🔹Мұнай-газ саласында робот жасайтын мамандар жеткілікті ме?

Қазақстанда робототехника мамандарына деген сұраныс жоғары, бірақ «Қазақстанда аталмыш сала мамандарына тапшы ма?» деген сауалымызға Бекнұр Әбитаев мамандар жеткілікті екенін және оларға тек ресурс пен қолдау қажет екенін атап өтті.

«Біздің командада қажетті кадрлар бар. Олар жобаларды іске асыра алады. Сингапур мен Қытайда да серіктестеріміз бар. Солармен бірге роботты бейімдеп, кейін компания оны өзі оңтайландырады».

🔹Мұнай-газ саласындағы инспекция жасай алатын роботтарды жасауға қанша уақыт қажет?

«Біздің жоспарт бойынша 3 жыл уақыт қажет. Бізде жол картасы бар. Сол бойынша роботқа барлық функция енгізіледі», дейді маман.

Фото: ЖИ арқылы жасалды

🔹 KazService
7
Мади Касымбаев назначен генеральным директором ТОО «КазМунайГаз-Бурение».

Мади Касымбаев выпускник КБТУ и Университета Манчестера.

Фото: LinkedIn

🔹
KazService
3👍3
KazService pinned a photo
♦️Отчисления недропользователей на науку (1%) теперь будут поступать напрямую в республиканский бюджет

Министерство энергетики РК сообщило, что недропользователи, добывающие углеводороды и уран, с 2026 г. обязаны перечислять обязательные отчисления на научно‑исследовательские и опытно‑конструкторские работы прямо в республиканский бюджет.

Это предусмотрено изменениями, внесёнными в правила финансирования НИОКР и согласованными Минэнерго и Министерством науки и высшего образования РК. Для таких поступлений утвержден новый код бюджетной классификации — 401103.

🔹 KazService
👍8🤔2
🛢️В Европе ощущается дефицит нефти из-за проблем с казахстанскими поставками

Цены на нефть в Европе резко выросли после сокращения поставок сорта CPC Blend через Каспийский трубопроводный консорциум, сообщает Bloomberg.

Спрос на лёгкую нефть растёт, тогда как тяжёлые сорта, включая венесуэльские, остаются в избытке. В результате Европа сталкивается с дефицитом, а Азия продолжает покупать нефть по скидке.

По данным Bloomberg, январские отгрузки из Казахстана упали почти вдвое — минус 900 тыс. баррелей в сутки по сравнению с сентябрём. Причины: погодные условия, ремонт оборудования и последствия атак дронов на терминал КТК.

Фото: Arbat Media

🔹 KazService
3
В нефтяной индустрии мира сегодня произошли несколько важных событий

⚡️ Айдос Сарым: Россия и США должны обеспечить безопасность объектов КТК
https://xn--r1a.website/kazservice/7019

⚡️ Роботтар мұнай-газ саласында: Кофе брейк, үзіліссіз жұмыс істейтін мамандар
https://xn--r1a.website/kazservice/7020

⚡️ Мади Касымбаев назначен генеральным директором ТОО «КазМунайГаз-Бурение».
https://xn--r1a.website/kazservice/7021

⚡️ Отчисления недропользователей на науку (1%) теперь будут поступать напрямую в республиканский бюджет
https://xn--r1a.website/kazservice/7023

⚡️ В Европе ощущается дефицит нефти из-за проблем с казахстанскими поставками
https://xn--r1a.website/kazservice/7024

🔹 KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👍2
🇺🇸АҚШ «Лукойл»-дың шетелдегі активтерін сату уақытын ұзартты

АҚШ «Лукойл»-ға шетелдік активтерін сату уақытын 28 ақпанға дейін созды. Аталмыш ресейлік компания бұған дейін барлық активтерін 17 қаңтарға дейін аяқтау қажет еді.

АҚШ тарапынан қазанда салынған санкция «Лукойл» компаниясын сатып алушыларды шұғыл іздеуге мәжбүр болды. Уақыт тығыз болғандықтан аталған компания қосымша уақыт сұрады. Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) келісім берді.

Естеріңізге сала кетейік, Carlyle Group, Chevron консорциумы Quantum Capital Group және БАӘ-нің International Holding Company компаниялары «Лукойл»-дың қазақстандық үлесін сатып алуға ниет білдірген. Активтер 22 миллиард АҚШ долларына бағаланады.

Коллаж: Ulysmedia

🔹 KazService
👍2😁21
🛢️Из-за атак на КТК 300 тыс. тонн казахстанской нефти были перенаправлены по другим маршрутам

В конце 2025 года в связи с ограничением поставок казахстанской нефти через систему Каспийского трубопроводного консорциума (КТК) была оперативно проведена работа по перенаправлению нефти по альтернативным маршрутам через систему АО «КазТрансОйл» (КТО). По данным АО «КазМунайГаз», около 300 000 тонн нефти были перенаправлены для дальнейшей поставки в Германию, Китай, по маршруту Баку‑Тбилиси‑Джейхан и через порты Новороссийск и Усть‑Луга.

Продолжается работа по расширению экспортных маршрутов:

Поставки казахстанской нефти в Германию (НПЗ Шведт) в 2025 году составили 2,1 млн тонн, в 2026 году ожидается рост до 2,5 млн тонн.

Поставки нефти из порта Актау в направлении БТД составили 1,3 млн тонн, ожидаемый объем на 2026 год — до 1,6 млн тонн.

Сохраняется стабильная транспортировка нефти в Китай — 1,1 млн тонн в 2025 году.

Фото: Пресс-служба "КазМунайГаз"

🔹 KazService
4👍2
🗓Дайджест недели 12.01 – 18.01

⚡️ Генштаб ВСУ заявила о поражении буровых установок "Лукойла"
https://xn--r1a.website/kazservice/6979

⚡️ Узбекистан начал производство авиационного топлива из казахстанской нефти
https://xn--r1a.website/kazservice/6980

⚡️ Гренландия будущий центр мировой торговли?
https://xn--r1a.website/kazservice/6981

⚡️ QazaqGaz және Аджип Каспиан Си Б.В.Каменковский учаскесін бірлесіп зерттейтін болды
https://xn--r1a.website/kazservice/6982

⚡️ Four Oil and Gas Trends for 2026 in EMIA
Part I https://xn--r1a.website/kazservice/6984
Part II https://xn--r1a.website/kazservice/6986
Part III https://xn--r1a.website/kazservice/6987

⚡️ Поставки казахстанской нефти вновь резко сокращены из-за сбоев в работе порта КТК
https://xn--r1a.website/kazservice/6988

⚡️ «Лукойл» уходит из Казахстана. Назвали новых потенциальных владельцев его долей
https://xn--r1a.website/kazservice/6989

⚡️ КТК терминалында екі мұнай танкері дронмен шабуыл нәтижесінде зақымданды
https://xn--r1a.website/kazservice/6990

⚡️ Четыре тенденции в нефтегазовой отрасли EMIA на 2026 год
Part I https://xn--r1a.website/kazservice/6992
Part II https://xn--r1a.website/kazservice/6994
Part III https://xn--r1a.website/kazservice/6995
Part IV https://xn--r1a.website/kazservice/6996

⚡️ «КазМунайГаз« прокомментировал инцидент с танкером Matilda
https://xn--r1a.website/kazservice/6998

⚡️ Министерство энергетики РК прокомментировало ситуацию на терминале КТК
https://xn--r1a.website/kazservice/6999

⚡️ Геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді
https://xn--r1a.website/kazservice/7002

⚡️ Казахстан побил очередной рекорд по административным штрафам
https://xn--r1a.website/kazservice/7003

⚡️ «КҚК-ның балама жолдарын дамытпағанымыз тарихи қателік болды» — Абзал Нарымбетов
 I Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7006
II Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7015

⚡️ Hexagon компаниясының демеушілігімен жарияланды
EMIA мұнай-газ саласындағы 2026 жылға арналған төрт тенденция
 I Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7008
 II Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7010
III Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7011
IV Бөлім https://xn--r1a.website/kazservice/7012

⚡️ Цена молчания: как война и зависимость от одного маршрута бьют по экономике Казахстана
https://xn--r1a.website/kazservice/7013

⚡️ Казахстан обсудил с ЕС и США безопасность транспортировки нефти после атаки на танкеры
https://xn--r1a.website/kazservice/7017

В нефтяной индустрии мира сегодня произошли несколько важных событий

⚡️ Айдос Сарым: Россия и США должны обеспечить безопасность объектов КТК
https://xn--r1a.website/kazservice/7019

⚡️ Роботтар мұнай-газ саласында: Кофе брейк, үзіліссіз жұмыс істейтін мамандар
https://xn--r1a.website/kazservice/7020

⚡️ Мади Касымбаев назначен генеральным директором ТОО «КазМунайГаз-Бурение».
https://xn--r1a.website/kazservice/7021

⚡️ Отчисления недропользователей на науку (1%) теперь будут поступать напрямую в республиканский бюджет
https://xn--r1a.website/kazservice/7023

⚡️ В Европе ощущается дефицит нефти из-за проблем с казахстанскими поставками
https://xn--r1a.website/kazservice/7024

⚡️ АҚШ «Лукойл»-дың шетелдегі активтерін сату уақытын ұзартты
https://xn--r1a.website/kazservice/7026

⚡️ АҚШ «Лукойл»-дың шетелдегі активтерін сату уақытын ұзартты
https://xn--r1a.website/kazservice/7026

⚡️ Из-за атак на КТК 300 тыс. тонн казахстанской нефти были перенаправлены по другим маршрутам
https://xn--r1a.website/kazservice/7027

🔹 KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6