КТЖ пресс-релизы
949 subscribers
2.23K photos
125 videos
27 files
132 links
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның БАҚ үшін ресми ақпараты / официальные
сообщения АО «НК «ҚТЖ» для СМИ
Download Telegram
Жолаушылар пойыздарында багажды тасымалдау ережелері

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызбен жүк пен багажды тасымалдау ережелерін еске салады. Сапардың жайлы өтуін қамтамасыз ету мақсатында қол жүгінің салмағы мен өлшеміне қатысты қолданыстағы нормаларды сақтау талап етіледі. Белгіленген шектерден асқан жағдайда артық жүк теміржол вокзалдарының багаж бөлімшелерінде ресми тәртіппен қабылданып, тасымалдауға рәсімделеді.

Уәкілетті органның бұйрығына сәйкес, жолаушылар пойыздарында қол жүгін тегін алып жүрудің нормалары бекітілген. Атап айтқанда, «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған құрамдарда салмағы 25 килограмнан аспайтын және үш өлшемнің қосындысы 150 сантиметрден аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге болады. Қалған вагондар үшін бұл көрсеткіш – 35 килограммға дейін, ал өлшемі үш жақтың қосындысымен 200 сантиметрден аспауы тиіс.

Сонымен қатар, жолаушылар бөлшектеліп, қапталған және көлемі қол жүгін орналастыру орындарына сыйған жағдайда балалар арбасын, қылқайық және моторсыз велосипедті ақысыз алып өте алады. Мүгедектігі бар жолаушылар жеке пайдалануына арналған көмекші техникалық құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарын қосымша ақысыз алып жүруге болады.

Қол жүгін жолаушылар отыратын орындарға, өткелдерге, дәліздерге және тамбурларға орналастыруға қатаң тыйым салынады. Белгіленген нормадан асқан жағдайда артық қол жүк немесе багаж теміржол вокзалдарының багаж бөлімшелерінде ресімделуге тиіс.

Бұл қызмет №33/34 «Ақтөбе – Алматы», №41/42 «Алматы – Атырау», №77/78 «Алматы – Маңғышлақ», №691/692 «Ақтөбе – Атырау», №9/10 «Алматы – Астана»
бағыттарында көрсетіледі. Құны станциялар арасындағы арақашықтыққа қарай есептеледі және қолданыстағы тарифтер мен ережелерге сәйкес айқындалады.

Мысалы, танымал бағыттарда жеке және заңды тұлғалар үшін багаж бен жүк-багажды тасымалдау құны (1 кг үшін) төмендегідей белгіленген:
• Алматы – Маңғыстау: багаж – 57 теңге, жүк-багаж – 114 теңге;
• Алматы – Астана: багаж – 39 теңге, жүк-багаж – 94 теңге;
• Шымкент – Алматы: багаж – 27 теңге, жүк-багаж – 57 теңге

Айта кетейік, жолсеріктер арқылы жүк жіберу заң талаптарына сәйкес келмейді және әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ қызметкердің жұмыстан босатылуына әкеп соғады.

Багаж және жүк-багажды тасымалдау қағидалары жөніндегі толық ақпаратты 1433 (тегін) нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе bilet.railways.kz сайтындағы «Жолаушыларға» бөлімінен алуға болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Правила провоза багажа в пассажирских поездах: что важно знать

Перевозка грузобагажа в поездах — это не только удобный, но и безопасный способ доставки вещей. Для обеспечения комфортного путешествия пассажирам необходимо соблюдать установленные нормы веса и размера ручной клади. В случае превышения этих параметров АО «Пассажирские перевозки» предлагает воспользоваться специальной услугой багажных перевозок.

Согласно приказу уполномоченного органа, установлены нормы для бесплатного провоза ручной клади в пассажирских поездах. В частности, для составов, сформированных из вагонов «Тулпар-Тальго», допускается бесплатная перевозка ручной клади весом до 25 килограммов и размерами не более 150 сантиметров в сумме трех измерений. Для остальных вагонов — до 35 килограммов и не более 200 сантиметров в сумме трех измерений.

Также пассажирам разрешено перевозить в разобранном и упакованном виде детские коляски, байдарки, велосипеды без мотора, если они по своим размерам помещаются на местах, предназначенных для ручной клади. Пассажиры с инвалидностью дополнительно могут провозить бесплатно технические вспомогательные средства и специальные средства передвижения, предназначенные для личного пользования.

Размещение ручной клади на пассажирских местах, в проходах, коридорах и тамбурах строго запрещено. В случае превышения установленных параметров пассажирам необходимо оформить перевозку излишней ручной клади, багажа или грузобагажа в багажном отделении железнодорожного вокзала.

Данная услуга предоставляется на маршрутах: №33/34 «Актобе – Алматы», №41/42 «Алматы – Атырау», №77/78 «Алматы – Мангышлак», №691/692 «Актобе – Атырау», №9/10 «Алматы – Астана». Стоимость зависит от дальности поездки и рассчитывается в соответствии с действующими правилами.

К примеру, стоимость провоза багажа и грузобагажа для физических и юридических лиц на популярных маршрутах установлены следующие тарифы за 1 кг:
• Алматы – Мангистаy: багаж – 57 тенге, грузобагаж – 114 тенге;
• Алматы – Астана: багаж – 39 тенге, грузобагаж – 94 тенге;
• Шымкент – Алматы: багаж – 27 тенге, грузобагаж – 57 тенге.

Важно отметить, что отправка посылок через проводников является незаконной и влечет административную ответственность, включая увольнение работника.
Подробные правила перевозки багажа и грузобагажа доступны по бесплатному номеру 1433 и на сайте bilet.railways.kz в разделе «Пассажирам».

Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки»
1
Көктұма вокзалы жаңғыртылады

ҚТЖ бүкіл ел бойынша теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын жалғастыруда. Қайта жаңартуға жататын объектілер тізбесіне Жетісу облысының курорттық аймағында орналасқан Көктұма вокзалы да кірді.
Қайта құру инфрақұрылымды жаңартуға, жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ тұрғындардың мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімділікті жасауға мүмкіндік береді.
Сатып алу рәсімдері «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібіне сәйкес 2025 жылдың мамыр айында аяқталды. Жоба бір ұйымның материалдарды жобалауды, сатып алуды және құрылыс жұмыстарын орындауды көздейтін EPC-келісімшарт тетігі бойынша іске асырылады. Барлық ақпарат zakup.sk.kz ашық алаңында жарияланады. Қайта құруды қаржыландыру ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Көктұма вокзалын жаңғырту жолаушылар үшін неғұрлым қолайлы және заманауи жағдайлар жасай отырып, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болады.
Вокзалдарды жаңғырту бағдарламасын ҚТЖ кезең-кезеңімен жүзеге асыруда. Нысандарды таңдау кезінде жолаушылар ағыны, станциялардың техникалық жағдайы және туристік маңыздылығы ескерілді.
Вокзалдарды жаңғырту – ҚТЖ-ның маңызды әлеуметтік жобасы. Заманауи вокзалдар ыңғайлы, қауіпсіз және жолаушылардың барлық санаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

_

Вокзал Коктума будет модернизирован

 
КТЖ продолжает программу по модернизации железнодорожных вокзалов по всей стране. В перечень объектов, подлежащих реконструкции, вошели вокзал Коктума, расположенный в курортной зоне области Жетысу.
Реконструкция позволит обновить инфраструктуру, повысить комфорт и безопасность пассажиров, а также создать условия для доступа маломобильных групп населения.
Закупочные процедуры завершены в мае 2025 года в соответствии с Порядком закупок АО «Самрук-Қазына». Проект реализуется по механизму EPC-контракта, предусматривающему проектирование, закупку материалов и выполнение строительных работ одной организацией. Вся информация публикуется на открытой площадке zakup.sk.kz. Финансирование реконструкции осуществляется за счёт собственных средств КТЖ.
Модернизация вокзала Коктума станет важным шагом в развитии транспортной инфраструктуры региона, создавая для пассажиров более комфортные и современные условия.
Программа модернизации вокзалов реализуется КТЖ поэтапно. При выборе объектов учитывались пассажиропоток, техническое состояние и туристическая значимость станций.
Модернизация вокзалов — это важный социальный проект КТЖ. Современные вокзалы должны быть удобными, безопасными и соответствовать потребностям всех категорий пассажиров.
 
Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуде. Барлық өңірлер бойынша, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен профилактиканы күшейту және қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ауқымды, жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2025 жылдың 8 айында арнайы іс шаралар жоспары шеңберінде пәрменді қадамдар жасалды:
- Көлік прокуратурасы, полиция, көліктік бақылау органдары, БАҚ және бейінді қызметтер өкілдерінің қатысуымен Үйлестіру кеңестерінің 122 отырысы өткізілді. Бөгде адамдардың жолға шығуын болдырмау жөніндегі бірлескен шаралар қаралды.
- Теміржол инфрақұрылымына жақын тұратын тұрғындармен 2 177 түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Қамту - 21,6 мыңнан астам азамат.
- 1 041 оқу орнында «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбы бойынша оқушылармен әңгімелер өтті. 28,6 мыңнан астам оқушы ақпараттандырылды.
- Өңірлік деңгейдегі БАҚ-та, оның ішінде радио мен теледидарда теміржолда сақтық танытуға шақырған басшылардың қатысуымен 442 сөз сөйлеу өткізілді.
- Құқық қорғау органдарымен бірлесіп жолдар арқылы жаппай рұқсатсыз өту орындарында 2 142 рейд ұйымдастырылды. Құқық бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
- Тәуекел деңгейі жоғары жерлерде 693 ескерту белгісі жаңартылды. ҚТЖ қауіпсіздікті қамтамасыз етуді басымдық ретінде ғана емес, ұжымдық жауапкершілік ретінде де қарастырады. Компания азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін белсенді ағарту және алдын алу қызметін жалғастырады.

____

Железная дорога – зона повышенной опасности

 
АО «НК «Қазақстан темір жолы» усиливает меры по обеспечению безопасности на железной дороге. По всем регионам проводится масштабная, системная работа, в том числе с местными исполнительными органами, по усилению профилактики и повышению уровня безопасности.
За 8 месяцев 2025 года в рамках специального плана мероприятий предприняты действенные шаги:
- Проведено 122 заседания координационных советов с участием представителей транспортной прокуратуры, полиции, органов транспортного контроля, СМИ и профильных служб. Рассматривались совместные меры по предотвращению выхода посторонних лиц на пути.
- Организовано 2 177 разъяснительных встреч с населением, проживающим вблизи железнодорожной инфраструктуры. Охват — более 21,6 тысячи граждан.
- В 1 041 учебном заведении прошли беседы с учащимися по теме «Железная дорога – зона повышенной опасности». Информированы более 28,6 тысячи школьников.
- Проведено 442 выступления в СМИ регионального уровня, в том числе на радио и телевидении, с участием руководителей, призывающих к осторожности у железной дороги.
- Совместно с правоохранительными органами организованы 2 142 рейда в местах массового несанкционированного перехода через пути. С нарушителями проведены профилактические беседы.
- Обновлено 693 предупреждающих знака в местах повышенного риска.
КТЖ рассматривает обеспечение безопасности не только как приоритет, но и как коллективную ответственность. Компания продолжит активную просветительскую и профилактическую деятельность, чтобы сохранить здоровье и жизни граждан.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
ҚТЖ ескі жүк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзартудан кезең кезеңімен бас тартуды қолдайды және паркті жаңартуды жалғастыруда

2025 жылдың басында Қазақстанда шамамен 142 мың жүк вагоны бар, олардың орташа жылы шамамен 15 жылды құрайды. Оның 39 мыңы ҚТЖ-ға тиесілі, қалғаны жеке операторлар иелігінде.
Қазіргі уақытта вагондарды пайдалану мерзімін ұзарту уәкілетті орган бекіткен белгіленген қағидалар және ТМД теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімдері бойынша жүргізіледі. Мұндай рәсімдердің сапасына жеке жөндеу кәсіпорындары жауап береді.
Қазақстанда бес мамандандырылған вагон жасау кәсіпорны жұмыс істейді. Олар бірлесіп жылына 12 мыңға дейін заманауи вагон шығара алады, бұл елдің теміржол паркін жаңартуға кең мүмкіндіктер ашады.
ҚТЖ мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен және жылжымалы құрам операторларымен тығыз өзара іс-қимылға дайын.
Компанияның басты мақсаты – ел экономикасының қажеттіліктеріне жауап беретін қауіпсіз, сенімді және
теміржол саласы.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

_____

КТЖ поддерживает поэтапный отказ от продления срока службы старых грузовых вагонов и продолжает обновление парка
 
На начало 2025 года в Казахстане насчитывается порядка 142 тыс. грузовых вагонов, средний возраст которых составляет около 15 лет. Из них 39 тыс. принадлежат КТЖ, остальная часть находится на балансе частных операторов.
В настоящее время продление срока эксплуатации вагонов проводится по установленным правилам, утверждённым уполномоченным органом и решениями Совета по железнодорожному транспорту СНГ. Ответственность за качество таких процедур несут частные ремонтные предприятия.
B Казахстане действуют пять специализированных вагоностроительных предприятий. Совместно они способны выпускать до 12 тыс. современных вагонов в год, что открывает широкие возможности для обновления железнодорожного парка страны.
КТЖ готово к тесному взаимодействию с государственными органами, промышленными предприятиями и операторами подвижного состава.
Главная цель компании безопасная, надёжная и современная железнодорожная отрасль, отвечающая потребностям экономики страны.
 
Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
3
ҚТЖ көшпелі комиссиялары
125 вокзалдағы жөндеу жұмыстарын тексерді


“ҚТЖ” ҰК” АҚ вокзалдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда. Бір мезгілде еліміздің 125 вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. “ҚТЖ” ҰК” АҚ басқарма төрағасының тапсырмасы бойынша көшпелі комиссиялар құрылып, 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында объектілердің алдағы жылу маусымына дайындығына кешенді тексеру жүргізді.
Уақытша ғимараттардың жай-күйі және олардың алаңы мен жабдықталуы бойынша талаптарға сәйкестігі, жылыту, жарықтандыру жүйелерінің және ақпараттық сервистердің жұмыс істеуі тексерілді. Қауіпсіздік шараларына, жолаушылар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ кассирлердің, анықтамалық қызметтердің және вокзал бойынша кезекшілердің жұмыс орындарын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
Комиссиялар объектілердің жай-күйін тіркеп қана қоймай, мердігер ұйымдар мен жауапты қызметтерге тапсырмалар бере отырып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдады.
Тексеру нәтижелері жергілікті атқарушы органдар мен мердігер компанияларға жеткізілді, олар уақытша үй-жайлардың жылу беру маусымына уақтылы дайындығын қамтамасыз етуге міндеттенді. Жасалған шарттар шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасы мен мерзімдері үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдар ұсынған мердігерлік ұйымдарға жүктелген.
Вокзалдарда және жолаушы пойыздарында бір мезгілде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жөндеу жұмыстарының барысы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Комиссиялардың қайта шығуы 15-20 қыркүйек аралығында жоспарланған.

“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметі

___

Выездные комиссии КТЖ проверили ремонтные работы на 125 вокзалах

АО «НК «ҚТЖ» реализует программу масштабной модернизации вокзальной инфраструктуры. Одновременно ремонтные работы ведутся на 125 вокзалах страны. По поручению председателя правления АО «НК «ҚТЖ» были созданы выездные комиссии, которые в период с 25 августа по 1 сентября провели комплексную проверку готовности объектов к предстоящему отопительному сезону.
Проверено состояние временных зданий и их соответствие требованиям по площади и оснащению, функционирование систем отопления, освещения и информационных сервисов. Особое внимание уделялось мерам безопасности, обеспечению благоприятных условий для пассажиров, а также организации рабочих мест кассиров, справочных служб и дежурных по вокзалу.
Комиссии не только фиксировали состояние объектов, но и оперативно принимали меры по устранению выявленных недостатков, давая поручения подрядным организациям и ответственным службам.
Результаты проверок доведены до местных исполнительных органов и подрядных компаний, которые обязались обеспечить своевременную готовность временных помещений к отопительному сезону. В рамках заключенных договоров ответственность за качество и сроки проведения строительно-монтажных работ возложены на подрядные организации, рекомендованные местными исполнительными органами.
Одновременно на вокзалах и в пассажирских поездах проводится разъяснительная работа о ходе ремонтных работ, направленных на улучшение качества предоставляемых услуг.
Повторные выезды комиссий запланированы на период с 15 по 20 сентября.


Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»