КТЖ пресс-релизы
975 subscribers
2.27K photos
126 videos
27 files
139 links
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның БАҚ үшін ресми ақпараты / официальные
сообщения АО «НК «ҚТЖ» для СМИ
Download Telegram
ҚХР- ға теміржол көлігімен астық жүктерін
тасымалдау 46% өсті

2025 жылдың бес айында ҚТЖ желісі бойынша Қытай бағытында 1,6 млн тонна астық жүктері (астық, ұн, құрама жем) тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46% артық.
Жөнелтілген астық көлемі 328 мың тоннаны құрады, оның 239 мың тоннасы контейнерлерде тасымалданды. Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы 155 мың тонна, Достық станциясы арқылы 173 мың тонна шығарылды. Жөнелтілген ұнтақ өнімдерінің көлемі 179 мың тоннаны құрады, оның 112 мың тоннасы — контейнерлерде.
Қосылған құны жоғары қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауда тұрақты оң динамика байқалады. ҚХР-ға құрама жем тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 5 есе артық. Тасымалданған жүктердің негізгі үлесі контейнерлік жөнелтілімдерге тиесілі болды.
Астық маркетинг жылының қорытындысы бойынша (2024 жылғы қыркүйек — 2025 жылғы мамыр) Қытайға астық жүктерін тасымалдаудың жалпы көлемі 2,7 млн тоннадан асты, бұл 2023-2024 маркетинг жылдарғымен салыстырғанда 22% артық. Астық көлемі 920 мың тоннадан астам болса, оның 600 мың тоннадан астамы контейнерлерде тасымалданды. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 282 мың тоннаны құрады. Осы кезеңде 1,5 млн тонна құрама жем тасымалданса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 есе көп. Оның 1,4 млн тоннасы контейнерлерде жеткізілді, бұл өткен жылғы деңгейден 5,7 есеге жоғары.
ҚТЖ Қазақстан мен ҚХР арасындағы тұрақты теміржол тасымалын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

_______

Перевозка железнодорожным транспортом зерновых грузов в КНР выросла на 46%


За пять месяцев 2025 года по сети КТЖ в направлении Китая было перевезено 1,6 млн тонн зерновых грузов (зерно, мука, комбикорм), что на 46% больше по сравнению с аналогичным периодом 2024 года.
Объём отгруженного зерна составил 328 тыс. тонн, из них 239 тыс. тонн — в контейнерах. Через пограничный переход Алтынколь было направлено 155 тыс. тонн, через станцию Достык — 173 тыс. тонн. Объём отправленных продуктов перемола составил 179 тыс. тонн, из которых 112 тыс. тонн — в контейнерах.
Отмечается устойчивая положительная динамика в перевозке переработанной сельскохозяйственной продукции с высокой добавленной стоимостью. Объём перевозок комбикормов в КНР достиг 1,1 млн тонн, что в 5 раз превышает показатель аналогичного периода прошлого года. Основная доля отправок также пришлась на контейнерные отправки.
По итогам зернового маркетингового года (сентябрь 2024 г. — май 2025 г.) общий объём перевозок зерновых грузов в Китай составил свыше 2,7 млн тонн, что на 22% больше по сравнению с маркетинговым годом 2023–2024. Зерна перевезено более 920 тыс. тонн, из которых свыше 600 тыс. тонн — в контейнерах. Объём перевозок продуктов перемола составил 282 тыс. тонн. За этот период было перевезено 1,5 млн тонн комбикормов, что в 5 раз превышает прошлогодний показатель. Из них 1,4 млн тонн доставлены в контейнерах, что в 5,7 раза выше уровня прошлого года.
КТЖ продолжает системную работу по обеспечению стабильных железнодорожных перевозок между Казахстаном и КНР.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
1
Жыл басынан бері 240 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жолаушы Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен сапарға шықты

Теміржол көлігінің барлық жолаушылар үшін қолжетімді әрі жайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. 2025 жылдың басынан бері компания пойыздарымен 240 мыңнан астам ерекше қажеттіліктері бар жолаушы сапарға шықты.
Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушының пойыздары еліміздің 112 бағыты бойынша қатынайды. Аталған бағыттардың барлығында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнаулы купелері бар штабтық вагондар қарастырылған.
Арнайы жабдықталған вагондарда арба пайдаланатын жолаушылардың еркін қозғалуы үшін көтергіш платформалар, кеңейтілген тамбурлар мен дәліздер орнатылған. Купелерде мүмкіндігі шектеулі жолаушылар арналған бекіткіштері бар жайлы орындар, сондай-ақ тұтқалары мен төмен орналастырылған раковинасы бар санитарлық тораптар қарастырылған.
Теміржол көлігімен сапар шегуді барынша қолжетімді ету мақсатында жеңілдіктер жүйесі енгізілген. Коммерциялық пойыздар мен «Talgo» құрамдарында арнайы купелер болған жағдайда, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жолаушылар мен олардың серіктестері үшін жол жүру құнына 50 пайыздық жеңілдік беріледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

______

С начала года более 240 тысяч пассажиров с особыми потребностями воспользовались поездами Нацперевозчика

С начала текущего года более 240 тысяч пассажиров с ограниченными возможностями совершили поездки на поездах АО «Пассажирские перевозки».
Для маломобильных пассажиров на 112 маршрутах курсируют штабные вагоны, оборудованные специализированными купе. Конструкция таких вагонов включает подъемные платформы, расширенные тамбурные зоны и коридоры, позволяющие свободно передвигаться на инвалидной коляске.
В каждом специализированном купе предусмотрены удобные места с креплениями для пассажира и сопровождающего, а также санузел с поручнями и раковиной, расположенной на комфортной высоте.
Для повышения доступности железнодорожных перевозок предусмотрены льготы. В коммерческих поездах и составах «Talgo» действует скидка 50% на проезд для всех категорий инвалидности, а также для сопровождающих, при наличии специализированного купе.

Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки»
⚡️2025 жылғы 23 маусымда сағат 19:10-да Ақсеңгір-Бурундай аралығының Отар – Алматы – 1 учаскесінде пойыз машинисі екі адамның темір жолға кенеттен шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Олар локомотив сигналдарына назар аудармады.
Қашықтықтың қысқалығына байланысты басудың алдын алу мүмкін болмады.
Оқиға туралы Алматы-1 станциясының ЖПБ-ға хабарланды. Оқиға орнында құзыретті қызметтер жұмыс істеуде. Тергеу жүргізілуде.
ҚТЖ темір жолдарында болу ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Темір жолы - қауіптілігі жоғары аймақ.

____

⚡️23 июня 2025 года в 19:10 на участке Отар – Алматы-1, на перегоне Аксенгер – Бурундай, машинист поезда применил экстренное торможение из-за внезапного выхода двух человек на железнодорожные пути. На подаваемые сигналы локомотива они не реагировали.
Из-за малого расстояния наезд предотвратить не удалось.
О случившемся сообщено в ЛОП станции Алматы-1. На месте происшествия работают компетентные службы. Проводится расследование.
КТЖ напоминает о необходимости строго соблюдать правила нахождения на железнодорожных путях.
Железная дорога — зона повышенной опасности.
2025 жылдың соңына дейін Ұлттық тасымалдаушының барлық 112 бағыт бойынша жүретін пойыздары бейнекамералармен жабдықталатын болады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылықты және жедел ден қоюды арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Пойыздарда 4000 камера орнатылған.
Бейне мұрағаттар ахуал орталығының экрандары арқылы қаралады, онда мамандар жағдайды жедел бақылайды және стандартты емес жағдайларды талдайды.
Бейне жүйелер ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, бұзушылықтарды тіркеуге және қалдырылған заттарға ден қоюға мүмкіндік береді. Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқық бұзушылықтар 2024 жылмен салыстырғанда 21% төмендеп, шағымдар 32% азайды және ұмытылған заттардың 91% иелеріне қайтарылды.
Барлық жаңа жолаушылар вагондары интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізілуде.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

______

До конца 2025 года поезда Нацперевозчика, курсирующие по всем 112 маршрутам, будут оснащены видеокамерами

АО «Пассажирские перевозки» внедряет в поездах современные системы видеонаблюдения и видеоаналитики, направленные на повышение безопасности, комфорта и оперативного реагирования в пути. В поездах уже установлено 4000 камер.
Видеоархивы просматриваются через экраны ситуационного центра, где специалисты оперативно отслеживают обстановку и анализируют нестандартные ситуации.
Видеосистемы позволяют своевременно выявлять потенциальные угрозы, фиксировать нарушения и реагировать на оставленные предметы. Благодаря установленным камерам уровень правонарушений в поездах снизился на 21% по сравнению с 2024 годом, количество жалоб уменьшилось на 32%, а 91% забытых вещей были возвращены владельцам.
Все новые пассажирские вагоны поступают уже с интегрированной системой видеонаблюдения.

Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Қазақстан теміржол желісін ауқымды жаңғыртуды жүргізуде

ҚТЖ желісінің өткізу қабілетін арттыру үшін Алтынкөл - Жетіген (293 км) учаскесін жаңғыртуға, Қызылжар – Сексеуіл (712 км), Қандыағаш - Тобыл (653 км), Ақсу-1 - Жаңа-Семей (352 км) учаскелерінде автоматты бұғаттау жүйесін енгізуге кірісті.
Жобалар ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Трансқазақстандық теміржол дәлізін жедел дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде іске асырылуда.
Қысқа мерзімде 230 бірлік техника мен 363 қызметкерді жұмылдыру қамтамасыз етілді. Пойыздар қозғалысын басқарудың заманауи жүйесін енгізумен қатар учаскелерде жаңа разъездер салу және қолданыстағы станцияларды дамыту жүргізіледі.
Жаңа разъездер үшін 1 миллион текше метрден астам жер төсемі төгілді, бұл жалпы жұмыс көлемінің 30% құрайды. Жер жұмыстары 48-дің 10 бөлек пунктінде аяқталды.
Жолдың жоғарғы құрылымын төсеу басталды. Ақсу - Жаңа-Семей учаскесінің Май станциясында алғашқы бағыттамалық бұрма салынып, Алтынкөл - Жетіген учаскесінің Нұрлы станциясында рельс-шпалдық тор төселуде.
Сондай – ақ, Алтынкөл-Жетіген учаскесінде су өткізу құрылыстарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жұмыстар бір уақытта 15 құрылыста жүргізіледі, оның ішінде 3 құбыр дайын.

Казахстан ведет масштабную модернизацию железнодорожной сети
 

Для увеличения пропускной способности сети КТЖ приступило к модернизации участка Алтынколь - Жетыген (293 км), внедрению системы автоматической блокировки на участках Кызылжар – Саксаульская (712 км), Кандыагаш - Тобол (653 км), Аксу-1 - Жана-Семей (352 км).
Проекты реализуются в рамках исполнения поручений Президента РК К. К. Токаева по ускоренному развитию Трансказахстанского железнодорожного коридора.
За короткие сроки обеспечена мобилизация 230 единиц техники и 363 работников. Наряду с внедрением современной системы управления движением поездов на участках производится строительство новых разъездов и путевое развитие существующих станций..
Произведена отсыпка более 1 миллиона кубических метров земляного полотна для новых разъездов, что составляет 30% от общего объема работ. Земляные работы уже завершены на 10 раздельных пунктах из 48.
Начата укладка верхнего строения пути. Уложен первый стрелочный перевод на станции Май участка  Аксу – Жана-Семей и производится укладка рельсошпальной решетки на станции Нурлы участка Алтынколь - Жетыген.  
Также на участке Алтынколь – Жетыген полным ходом идет реконструкция водопропускных сооружений.  Работы одновременно производятся на 15 сооружениях, из которых  3 трубы уже готовы.