AMANAT партиясы
6.58K subscribers
22.2K photos
3.81K videos
12 files
5.73K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 После приема Президента Асхат Оралов рассказал о трансформации партии Amanat.

t.me/bort_01
​​📢Құрметті достар!

Бүгін сағат 11.00-де «АМANAT» партиясының жаңа баспасөз орталығында өтетін баспасөз маслихатының тікелей эфирін партияның Facebook-тағы және Youtube желісіндегі ресми аккаунттарынан көріңіздер.

▫️Мәжілістегі «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері Альберт Рау, Жұлдыз Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Берік Оспанов аймақтарға сапарының нәтижелері бойынша журналистердің сұрақтарына жауап береді.

▫️Айта кетейік, ақпан айында аймақтарға сапары барысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері – мәжілісмендер 766 елді мекенге барып, онда 1 200-ден астам кездесу өткізді.

Қанша өткір мәселелер анықталды? Депутаттармен кездесулерде аймақтағы жұртшылықты не алаңдатты? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын төмендегі сілтемелер бойынша тікелей эфирден көріңіздер:

https://www.facebook.com/amanat.partiasy

https://youtube.com/channel/UCFSxyV97uoGMR4ztETM66vw
​​📢Уважаемые подписчики!

Смотрите сегодня в 11.00 прямую трансляцию пресс-конференции из нового пресс-центра партии «AMANAT» на официальных аккаунтах в Facebook и Youtube.

▫️Члены депутатской фракции «AMANAT» в Мажилисе Альберт Рау, Жулдыз Сулейменова, Екатерина Смышляева и Берик Оспанов расскажут и ответят на вопросы журналистов об итогах выездов в регионы.

▫️Стоит отметить, что в рамках выездной работы в регионах за февраль мажилисмены – члены Фракции партии «AMANAT» посетили 766 населенных пунктов, проведя там более 1 200 встреч.

Сколько было выявлено проблемных вопросов? Что волновало жителей регионов на встречах с депутатами? Ответы на эти и другие вопросы смотрите в прямой трансляции по ссылкам:

https://www.facebook.com/amanat.partiasy

https://youtube.com/channel/UCFSxyV97uoGMR4ztETM66vw
​​📌26 сәуірде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезі өтеді

Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында мәлімдеді.

Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.

Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда.

-

📌26 апреля состоится внеочередной XXIII Съезд партии «AMANA

Сегодня Председатель партии «AMANAT» Касым-Жомарт Токаев принял решение о созыве внеочередного XXIII Съезда на 26 апреля т.г. Об этом сообщил Исполнительный секретарь партии Асхат Оралов на своей странице в Facebook.

В нем примут участие делегаты со всех регионов. Съезд пройдет в онлайн-формате. Центральный аппарат совместно с филиалами начал подготовительные мероприятия.

Планируется, что в ходе Съезда будет рассмотрен вопрос о присоединении политической партии «ADAL» к партии «AMANAT».

@AMANATPartiyasy
​​📌Парламент Мәжілісі «AMANAT» фракциясының мүшелері өңірлерде 1200-ден астам кездесу өткізді

Парламенттің заң шығару қызметін түсіндіру бойынша өңірлердегі көшпелі жұмыс аясында депутаттар – «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшелері 766 елді мекенде болып, 1 200-ден астам кездесу өткізді.

Бұл туралы «AMANAT» партиясының жаңа баспасөз орталығында өткен баспасөз маслихатында халық қалаулылары Альберт Рау, Жұлдыз Сүлейменова, Екатерина Смышляева және Берік Оспанов айтты.

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қ.Қ.Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІ Съезінде депутаттардың азаматтармен тікелей кездесуінің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Сайлаушылармен тікелей диалог құру, тұрақты түрде азаматтармен кездесу аса маңызды, осы орайда шалғайдағы ауылдарға бару керек. Депутаттық сауалдар формализмнен аулақ болып, олардың мазмұны нақты мәселені қамтып, тұрғындар проблемасын көрсетуі керек»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Түсіндіру жұмыстарынан басқа, депутаттар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп азаматтарды жеке қабылдады. Барлығы 2,5 мыңнан астам өтініш қаралып, олардың 321-і бірден оң шешімін тапты.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша 1 209 түйінді мәселе анықталды. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің көпшілігі әлеуметтік салаға, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты болды.

▫️Барлық сұрақтар арнайы талдау хатқа жинақталып, Үкіметке жіберілді. 6 сәуірдегі жалпы отырыс барысында вице-премьер Ералы Тоғжанов проблемалардың бір бөлігін қарау қорытындылары бойынша есеп берді. Жалпы отырыс барысында қаралмаған барлық мәселелер бойынша Үкіметпен жұмыс жалғасуда.

🔗Толығырақ: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy
​​📌Более 1200 встреч в регионах провели члены фракции
«AMANAT» Мажилиса Парламента


В рамках выездной работы в регионах по разъяснению законодательной деятельности Парламента, депутаты – члены Фракции партии «AMANAT» посетили 766 населенных пунктов, проведя более 1 200 встреч.

Об этом на пресс-конференции в новом пресс-центре партии «AMANAT» рассказали народные избранники Альберт Рау, Жулдыз Сулейменова, Екатерина Смышляева и Берик Оспанов.

Глава государства, Председатель партии К.К. Токаев на внеочередном XXI Съезде партии особо отметил важность живых встреч депутатов с гражданами. «Принципиально важно выстраивать прямой диалог с избирателями; регулярно встречаться с гражданами, в том числе в отдаленных селах; депутатские запросы должны быть не формализованными, а конкретными по содержанию, отражать реальные проблемы жителей» - подчеркнул Глава государства.

Помимо разъяснительной работы, депутаты проводили личные приемы граждан совместно с представителями местных исполнительных органов. Всего было рассмотрено более 2,5 тысяч обращений, из которых 321 сразу же были решены положительно.

В целом, по итогам встреч было выявлено 1 209 проблемных вопросов. Больше всего жалоб и обращений граждан касались социальной сферы, а именно здравоохранения, образования, социальной защиты и охраны труда.

Также гражданами поднимались вопросы поддержки сельского хозяйства, малого и среднего бизнеса, развития инженерной инфраструктуры и др.

Все вопросы были сведены в аналитическую записку и направлены в Правительство. В ходе пленарного заседания 6 апреля вице-премьер Ералы Тогжанов отчитался по итогам рассмотрения части проблем. По всем вопросам, которые не были рассмотрены в ходе пленарного заседания работа с Правительством продолжается.

🔗Подробнее: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy
​​📌«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезіне 403 делегат сайланды

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде Саяси кеңестердің отырыстары өтті. Оның қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезіне 403 делегат сайланды. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат
Оралов Facebook парақшасында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезі 26 сәуір күні өтетін болып белгіленді. Іс-шара барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселені қарау жоспарлануда.

-
📌На внеочередной XXIII Съезд партии «AMANAT» избрано 403 делегата

Сегодня во всех регионах страны прошли заседания политических советов, по итогам которых на внеочередной XXIII Съезд партии «AMANAT» избрано 403 делегата. Об этом сообщил Исполнительный секретарь партии Асхат Оралов на своей странице в Facebook.

Решением Главы государства, Председателя партии Касым-Жомарта Токаева внеочередной XXIII Съезд «AMANAT» назначен на 26 апреля. В ходе мероприятия планируется рассмотреть вопрос о присоединении политической партии «ADAL» к партии «AMANAT».

@AMANATPartiyasy
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясының мүшелері елордадағы жалпықалалық сенбілікке қатысып, көшет отырғызды.

-
Сегодня в рамках экологической акции «Бiрге – таза Қазақстан» члены партии «AMANAT» приняли участие в общегородском субботнике и посадке деревьев в столице.

@AMANATPartiyasy
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥«AMANAT» партиясының 18-24 сәуір аралығындағы негізгі іс-шараларына бейне шолу

@AMANATPartiyasy
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Видеообзор ключевых мероприятий партии «AMANAT» с 18 по 24 апреля

@AMANATPartiyasy
​​📌«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарына барды

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Бүгін партия мүшелері Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарына барды. Қабылдауға бір күнде 250-ден астам азамат келіп, барлығы 10 шалғай елді мекен қамтылды.

Кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта жандандыруды тапсырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс екенін атап өтті.

▫️Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданына қарасты Полянское ауылының тұрғыны Андрей Шишкунов ауылдағы ұялы байланыс пен интернет сапасынын жақсартуға көмек сұрады.

«Бүгінде қоғамдық өмірде көптеген дүниелер онлайн режімге ауысты. Біз бұны әлемді коронавирус індеті жайлаған тұста, жаппай үйден шықпай отыруға мәжбүр болғанда қатты сезіндік. Балаларымыз онлайн сабақ оқып жүрген кезде көптеген қиындықтар туындады», - деді өтініш беруші.

Полянский тұрғындарын алаңатқан тағы бір мәселеле - жолдың жоқтығы. Олардың айтуынша, республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тас жолының құрылысы үш жылдан бері жүріп жатыр.

«Ауырып қалған адам үшін жедел жәрдем шақырдық. Бірақ ол біздің ауылға жете алмады, трактормен 7 км жүруге тура келді. Қазіргі уақытта бұл біз үшін өткір мәселе. Біздің жан айқайымызға құлақ асады деп үміттенеміз», - деді ауыл тұрғыны Ольга Логвинова.

«Өңірлерде ауыз су және жолдарды жөндеу мәселелері жиі көтеріледі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер топтастырылып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді. Біз әрбір сұраққа толыққанды жауап берілгенін қадағалаймыз», - деді Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Ардан Аралбай.

Өз кезегінде Жарма ауданы Белтерек ауылының тұрғыны Шынар Ақатаева су сапасының нашарлығына шағым білдірді.

«Балықтыкөл станциясындағы су ішуге де, малға беруге де жарамсыз, тұзды. Бәріміз су алу үшін «8 Наурыз» ауылына барамыз. Ауыз су мәселесін шешуге көмек берулеріңізді сұраймыз», - деді Шынар.

▫️Аманаттықтар Шығыс Қазақстан облысына қарасты Полянское, Малонарым, Жаңғызтөбе, Белтерек және Қарағайлы сияқты барлығы 5 ауылға барды.

▫️Осы күні «AMANAT» мобильді бригадалары Атырау облысындағы шалғай елді мекендерінің тұрғындарын да қабылдады. Партиялықтар Таңдай, Нарын, Мұқыр, Нұржау және Қарағай ауылдарында болды.

«Астрахань-Ақтөбе» республикалық маңызы бар жолдың сметасында мал өткелдерін ұйымдастыруға кететін шығын қарастырылмаған. Ал олар бізге, қарапайым фермерлерге мал айдау бағытын өзгертпеу үшін, ең бастысы жол апаты орын алмас үшін қажет. Ауылымызда жолды немқұрайлы қарамай, шын ниетімен дұрыстап салынғанын қалаймыз», - деді Құрманғазы ауданы Нұржау ауылының тұрғыны Оразғали Алғаязов.

🔗Толығырақ: https://amanatpartiasy.kz/news/news-detail/290941?lang=kz