AMANAT партиясы
6.57K subscribers
22.2K photos
3.82K videos
12 files
5.73K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Екінші Республика»: «AMANAT» партиясының «TALQYLAU» алаңында мемлекеттік модельдің жаңартылуы талқыланды.

-
«Вторая Республика»: на площадке TALQYLAU партии «AMANAT» обсудили обновление государственной модели.


@AMANATPartiyasy
«AMANAT» партиясы: өңірлердегі кездесулер еліміздің шығысында жалғасты

Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов тұрғындармен, зиялы қауым өкілдерімен, партия белсенділерімен және жастармен бірқатар кездесулер өткізіп, «Жаңа Қазақстанды» құру міндеттеріне сәйкес Жолдауды іске асыру және партияны жаңғырту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Атқарушы хатшы «Ардагерлерді ардақтайық!» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында өткен іс-шараларға қатысты.

▫️Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында партияның Атқарушы хатшысы Абай ауданының ақсақалдарымен жүздесті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 16 наурыздағы тарихи Жолдауында үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Абай облысының орталығы Семей қаласы болады. Бұл тарихи әрі әділетті шешім, ең алдымен, өңірдің дамуына қуатты серпін беріп, оның тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды»,- деді А.Оралов.

▫️Өз кезегінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жанғалиев мұның Семей тұрғындары көптен күткенін шешім болғанын атап өтті.

«Біз Президенттің Жолдауын мұқият тыңдадық және оны толық қолдаймыз. Әсіресе, Абай облысын құру жөніндегі шешіміне айрықша қуандық. Бұл шешім – Мемлекет басшысының хәкім Абайға және Шығыс жұртына деген құрметінің белгісі. Осында отырған ақсақалдар жағымды жаңалықты естіген күннің ертеңінде Мемлекет басшысына алғысын айтып, телеграмма жолдады»,- деді Т. Жанғалиев.

▫️Семей қаласында зиялы қауыммен кездесуде тарихи мұраны сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту мәселелері талқыланды.

▫️Сондай-ақ, Атқарушы хатшы Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жастағы Александр Атавин, партия ардагерлері Оралхан Сартаев пен Владимир Халиннің үйлеріне арнайы барды. Асхат Оралов аға буын өкілдеріне қамқорлық жасау мақсатында 2014 жылдан бастап «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы жүзеге асып келе жатқанын жеткізді. Осы уақыт аралығында ел аумағында белсенді ұзақ өмір сүрудің 45 орталығы ашылды. Онда зейнет жасындағы 60 мыңнан астам адам бос уақытын өткізеді.

▫️Бұдан соң «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы «Gold King» спорттық-сауықтыру кешенінде параспортшылармен жүздесіп, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және қолжетімді қалалық орта құру мәселелерін талқылады.

▫️Осы күні Асхат Оралов Шығыс Қазақстан облысының партия активімен кездесіп, «AMANAT» партиясын жаңғыртудың басымдықтарын талқылады.

▫️Белсенді жастармен кездесу кезінде өскелең ұрпақты жергілікті жерлерде толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы жас депутаттар корпусында «AMANAT» партиясына мүше 35 жасқа дейінгі 43 отандасымыз бар.

🔗Толығырақ: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy
​​Партия «AMANAT»: встречи в регионах продолжились на востоке страны

В Восточно-Казахстанской области Исполнительный секретарь партии «AMANAT» Асхат Оралов провел ряд встреч с общественностью, представителями интеллигенции, активом партии и молодежью, обсудив вопросы реализации Послания и модернизации партии в соответствии с задачами по построению «Жаңа Қазақстан». Кроме того, Исполнительный секретарь принял участие в мероприятиях по линии партийных проектов «Ардагерлерді ардақтайық» и «Кедергісіз келешек».

▫️В музее-заповеднике Абая «Жидебай-Бөрілі» Исполнительный секретарь партии встретился с аксакалами Абайского района.

«Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем историческом Послании 16 марта сообщил об образовании трех новых областей. Центром Абайской области станет город Семей, это исторически справедливое решение, которое прежде всего придаст мощный импульс развитию региона, создав новые возможности для его жителей», - сказал А.Оралов.

▫️В свою очередь акын, член Союза писателей Казахстана Толеген Жангалиев отметил, что этого решения жители Семея ждали давно.

«Мы внимательно слушали Послание Президента и полностью его поддерживаем. Особую радость у нас вызвало решение Президента о создании Абайской области. Оно свидетельствует о его особом отношение к родине великого Абая. На следующее же утро аксакалы района направили Главе государства телеграмму с благодарностью», - поделился Т.Жангалиев.

▫️В городе Семей на встрече с интеллигенцией были обсуждены вопросы сохранения исторического наследия, восстановления историко-культурных памятников и развития искусства.

▫️Также Исполнительный секретарь навестил ветерана Великой Отечественной Войны 100-летнего Александра Атавина и заслуженных деятелей партии Оралхана Сартаева и Владимира Халина. Асхат Оралов отметил, что с целью заботы о людях старшего поколения с 2014 года реализуется партийный проект «Ардагерлерді ардақтайық». За это время по всей стране открыто 45 центров активного долголетия, где проводят досуг более 60 тысяч пожилых людей.

▫️Далее в спортивно-оздоровительном комплексе «Gold King» Исполнительный секретарь «AMANAT» встретился с параспортсменами, обсудив вопросы поддержки людей с особыми потребностями и создания доступной городской среды в рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек».

▫️В этот же день Асхат Оралов встретился с партийным активом Восточно-Казахстанской области, обсудив приоритеты модернизации «AMANAT».

▫️В ходе встречи с молодыми активистами были обсуждены ключевые вопросы, волнующие молодежь на местах. На сегодня в Восточно-Казахстанской области в корпусе молодых депутатов от партии «AMANAT» состоят 43 казахстанца в возрасте до 35 лет.

🔗Подробнее: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy
​​«AMANAT» партиясы жанынан көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды

«Ашық партия» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында бүгін «AMANAT» Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді.

«AMANAT» жанындағы баспасөз орталығы партияның халықпен кері байланысының, партиялықтардың ашықтығы мен жариялылығын арттырып, сондай-ақ БАҚ-пен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді енгізудің тиімді құралдарының бірі болмақ.

«1 наурызда өткен кезектен тыс Съезде «AMANAT» Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғырту, оның ішінде сайлаушылармен кері байланысты күшейтуге және партиялықтардың қоғаммен ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты негізгі міндеттерді атап өтті. Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, депутаттық фракцияның жұмысы және партиялық жобалардың іске асырылуы туралы жедел ақпарат беру мақсатында бүгін көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Бұл – партия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы қадамдардың бірі»,- деп атап өтті «AMANAT» партиясының Хатшысы Ринат Кертаев.

Сондай-ақ, баспасөз конференциялары партияның әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында онлайн режімде көрсетіледі. Баспасөз орталығы журналистер мен спикерлерге ыңғайлы болу үшін қажетті мультимедиа жабдығымен жабдықталған. «AMANAT» партиясы жанындағы баспасөз орталығының жетекшісі болып Қымбат Қали тағайындалды.

«Баспасөз орталығы партияның күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ақпаратты талқылау және тарату орнына айналуы тиіс. Дәстүрлі баспасөз конференцияларынан бөлек, іскерлік әрі бейресми жағдайда түрлі кездесулер ұйымдастыру үшін диалог алаңын ұсынамыз»,- деді Қ.Қали.

📌Баспасөз мәслихатының негізгі тақырыптары «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының заң шығару бастамалары, қоғамдық кеңестер мен Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі, партиялық жобаларды іске асыру және сайлауалды бағдарламаны орындау болады деп жоспарланып отыр.

@AMANATPartiyasy
Многофункциональный пресс-центр открыт при партии «AMANAT»

В целях реализации концепции «Открытая партия» сегодня в Центральном аппарате «AMANAT» открыт многофункциональный пресс-центр, где на постоянной основе будут проводиться брифинги, пресс-конференции и встречи в различных форматах с представителями медиасферы.

Пресс-центр при партии «AMANAT» призван стать одним из эффективных инструментов обратной связи партии с населением, повышения открытости и публичности партийцев, а также внедрения новых подходов работы со СМИ.

«На прошедшем 1 марта внеочередном Съезде Председатель партии «AMANAT» Касым-Жомарт Токаев обозначил основные задачи по модернизации партии, в том числе по усилению обратной связи с избирателями и повышению открытости партийцев. В целях оперативного информирования об исполнении Предвыборной программы, работе депутатской фракции и реализации партпроектов сегодня открывается многофункциональный пресс-центр. Это один из шагов на пути к повышению прозрачности деятельности партии», - подчеркнул на открытии Секретарь партии «AMANAT» Ринат Кертаев.

Пресс-конференции будут также транслироваться онлайн в партийных аккаунтах в социальных сетях. Помещение пресс-центра оснащено необходимым мультимедиа оборудованием для удобства журналистов и спикеров. Руководителем пресс-центра при партии «AMANAT» назначена Кымбат Кали.

«Пресс-центр призван стать местом обсуждения и распространения информации по актуальным вопросам партийной повестки. Помимо классических пресс-конференций мы предлагаем также свою диалоговую площадку для организации самых разных встреч, как в деловой, так и в неформальной обстановке», - отметила К.Кали.

📌Планируется, что основными темами брифингов станут законотворческие инициативы депутатской фракции партии «AMANAT», деятельность общественных советов и Республиканской общественной приемной, реализация партийных проектов и исполнение Предвыборной программы.

@AMANATPartiyasy