AMANAT партиясы
6.57K subscribers
22.2K photos
3.82K videos
12 files
5.73K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎥«AMANAT» партиясы «Алтын домбыра»-дан бөлек «Бабалар аманаты» айтысын ұйымдастыруды ұсынды

🔗Толығырақ: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇
​​📢Құрметті достар!

Бүгін сағат 14.00-де «AMANAT» партиясының Youtube желісіндегі ресми аккаунтында және Астана телеарнасының Facebook-тағы парақшасында «TALQYLAU» диалог алаңының онлайн көрсетілімін көріңіздер.

▫️Отырыс тақырыбы: «Екінші Республика: мемлекеттік модельді жаңарту».

Айта кетейік, 2022 жылғы 21 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші Республика – мемлекетті қайта құрудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Бұл қоғам мен сарапшылар қауымының үлкен қызығушылығын тудырды. Саяси реформалар жағдайында бұл тұжырым сарапшылық пайымдауды, талдауды және кәсіби талқылауды қажет етеді.

◽️Шараға депутаттар, сарапшылар, аналитиктер, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері, журналистер қатысады.

▫️Модератор – «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек.

@AMANATPartiasy
​​📢Уважаемые подписчики!

Смотрите сегодня в 14.00 на официальном аккаунте партии «AMANAT» в Youtube и в Facebook странице телеканала Астана live-трансляцию диалоговой площадки «TALQYLAU».

▫️Тема заседания: «Вторая Республика: обновление государственной модели».

Стоит отметить, что 21 марта 2022 года Глава государства Касым-Жомарт Токаев предложил новую концепцию трансформации государства – Вторая Республика. Это вызвало широкий интерес общественности, экспертного сообщества. В условиях политического реформирования, данная концепция требует экспертного осмысления, анализа, профессионального разговора.

▫️В работе диалоговой площадки примут участие депутаты, эксперты, аналитики, общественные деятели, представители НПО, журналисты и др.

▫️Модератор – член депутатской фракции партии «AMANAT» Саясат Нурбек.

@AMANATPartiyasy
​​«Екінші Республика»: «TALQYLAU» алаңында мемлекеттік модельдің жаңартылуы талқыланды

Елордада «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жанынан іске қосылған «TALQYLAU» диалог алаңының екінші отырысы өтті. Институттың telegram арнасында дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған талқылау тақырыбы Мемлекет басшысы айтқан мемлекетті трансформациялау жөніндегі идеологема – «Екінші Республика» болды.

Әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тарату арқылы өткен ашық пікірталас барысында сарапшылар, қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары ел Президенті ұсынған реформаларға қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

▫️Отырысқа қатысқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин бұл термин билік институттары арасында неғұрлым тиімді теңгерім жасайтын мемлекеттік басқару моделінің өзгеруін бейнелейтінін атап өтті.

«Жаңа Қазақстан» – бұл маңызды қоғамдық трансформацияны жүзеге асыратын кең ауқымды идеологема болса, «Екінші Республика» – бұл мемлекеттік модельді өзгерту. Яғни, бірінші жағдайда құндылықтар деңгейінде, ал екінші жағдайда – бұл институционалдық, құқықтық деңгейде жүзеге асатын өзгерістер.16 наурыздағы Жолдауда Президент нақты жаңа саяси бастамаларды жария еткенін және оларды жүзеге асыру іс жүзінде басталып кеткенін ескерсек, «Екінші республикаға» көшу жақын арада орын алады деп айтуға болады», - деді Е.Қарин.

◽️Мемлекеттік хатшы Президенттің жаңа бастамалары бүкіл саяси жүйені жаңғыртып, қайта бастауды білдіретінін атап өтті. Жаңа заңдар қабылданып, Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін іс жүзінде осы жылдың өзінде Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшу жүзеге асырылады. Ол тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін институционалдық тұрғыдан күшейтіп, жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.

▫️Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов елімізде саяси жүйені трансформациялау партияны жаңғыртудан басталғанын атап өтті.

«Заңнаманы либерализациялауды, жаңа партияларды тіркеу ресімдерінің жеңілдетілуін ескерсек, еліміздің партиялық-саяси алаңына жаңа ұйымдардың келетінін түсіну қиын емес. Бұл жағдай – біздің партиямыз үшін өзінің ұзақ мерзімді, жауапты көшбасшылыққа және бәсекелестікке дайын екенін дәлелдеу мүмкіндігі. Осы алаңдағы кездесу «AMANAT» сындарлы диалог аясында Қазақстанды дамыту бойынша нақты идеялар мен ұсыныстар әзірленетін саяси мәдениетті арттыруға барынша ықпал ететінін көрсетеді»,- деп атап өтті А. Оралов.

▫️«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтің айтуынша, «республика» әркез сайлау жолымен қалыптасатын мемлекеттік билік жүйесін айқындап келді.

▫️Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның пікірінше, бүгінде қазақстандықтар Конституция ғана емес, мемлекеттік басқару жүйесі де өзгеріп жатқан тарихи кезеңде өмір сүріп жатыр.

📌Кездесу барысында Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеев, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры, профессор Марат Бәшімов өз пікірлерімен бөлісті. Залдағы қатысушылар ғана емес, онлайн-көрермендер де сұрақтарын қойды.

@AMANATPartiyasy
​​«Вторая Республика»: на площадке «TALQYLAU» обсудили обновление государственной модели

В столице состоялось второе заседание диалоговой площадки «TALQYLAU», запущенной на базе Института общественной политики партии «AMANAT». Темой обсуждения, определенной по итогам голосования на telegram-канале Института, стала идеологема Главы государства по трансформации государства – «Вторая Республика».

В ходе открытой дискуссии с трансляцией прямого эфира в социальных сетях эксперты, общественные деятели, депутаты Мажилиса высказали свое мнение касательно реформ, предложенных Президентом страны.

▫️Принявший участие в заседании Государственный секретарь РК Ерлан Карин отметил, что данный термин олицетворяет изменение модели государственного управления, предполагающей более эффективный баланс между институтами власти.

«Если «Новый Казахстан» — это более широкая идеологема, несущая широкую общественную трансформацию, то «Вторая Республика» — это изменения уже государственной модели. То есть в первом случае это содержательный процесс, а во втором – институциональный. И с учетом того, что в Послании 16 марта Президентом были озвучены конкретные новые политические инициативы, реализация которых практически началась, можно сказать, что переход ко «Второй Республике» уже состоится в ближайшее время», - сказал Е.Карин.

Государственный секретарь отметил, что новые президентские инициативы означают перезапуск, рестарт всей политической системы. После принятия новых законов и внесения изменений в Конституцию фактически уже в этом году в Казахстане состоится переход к новой модели государственного управления. Она институционально усилит систему сдержек и противовесов, будет способствовать формированию новой политической культуры.

▫️В свою очередь Исполнительный секретарь партии «AMANAT» Асхат Оралов подчеркнул, что трансформация политической системы страны началась с модернизации партии.

«С учетом либерализации законодательства, упрощения процедур регистрации новых партий, можно ожидать появления новых игроков на партийно-политическом поле страны. Эта ситуация для нашей партии является возможностью доказать свою нацеленность на долгосрочное, ответственное лидерство и готовность к конкурентной борьбе. Встреча на данной площадке, где в рамках конструктивного диалога вырабатываются конкретные идеи и предложения по развитию Казахстана подчеркивает, что «AMANAT» максимально способствует повышению политической культуры», - отметил А. Оралов.

▫️По словам директора Центра актуальных исследований «Альтернатива» Андрея Чеботарева, «республика» во все времена олицетворяла систему государственной власти, формируемую выборным путем.

▫️По мнению депутата Мажилиса Айдоса Сарыма, сегодня казахстанцы проживают исторический период, когда меняется не только конституция, но и система госуправления.

📌В ходе встречи своим мнением поделились директор Института евразийской интеграции Уразгали Сельтеев, директор Института Европейского права и прав человека, профессор Марат Башимов. При этом вопросы звучали не только от участников из зала, но и от онлайн-зрителей.

@AMANATPartiyasy
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Екінші Республика»: «AMANAT» партиясының «TALQYLAU» алаңында мемлекеттік модельдің жаңартылуы талқыланды.

-
«Вторая Республика»: на площадке TALQYLAU партии «AMANAT» обсудили обновление государственной модели.


@AMANATPartiyasy
«AMANAT» партиясы: өңірлердегі кездесулер еліміздің шығысында жалғасты

Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов тұрғындармен, зиялы қауым өкілдерімен, партия белсенділерімен және жастармен бірқатар кездесулер өткізіп, «Жаңа Қазақстанды» құру міндеттеріне сәйкес Жолдауды іске асыру және партияны жаңғырту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Атқарушы хатшы «Ардагерлерді ардақтайық!» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында өткен іс-шараларға қатысты.

▫️Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайында партияның Атқарушы хатшысы Абай ауданының ақсақалдарымен жүздесті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 16 наурыздағы тарихи Жолдауында үш жаңа облыс құрылатынын айтты. Абай облысының орталығы Семей қаласы болады. Бұл тарихи әрі әділетті шешім, ең алдымен, өңірдің дамуына қуатты серпін беріп, оның тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды»,- деді А.Оралов.

▫️Өз кезегінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жанғалиев мұның Семей тұрғындары көптен күткенін шешім болғанын атап өтті.

«Біз Президенттің Жолдауын мұқият тыңдадық және оны толық қолдаймыз. Әсіресе, Абай облысын құру жөніндегі шешіміне айрықша қуандық. Бұл шешім – Мемлекет басшысының хәкім Абайға және Шығыс жұртына деген құрметінің белгісі. Осында отырған ақсақалдар жағымды жаңалықты естіген күннің ертеңінде Мемлекет басшысына алғысын айтып, телеграмма жолдады»,- деді Т. Жанғалиев.

▫️Семей қаласында зиялы қауыммен кездесуде тарихи мұраны сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту мәселелері талқыланды.

▫️Сондай-ақ, Атқарушы хатшы Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жастағы Александр Атавин, партия ардагерлері Оралхан Сартаев пен Владимир Халиннің үйлеріне арнайы барды. Асхат Оралов аға буын өкілдеріне қамқорлық жасау мақсатында 2014 жылдан бастап «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы жүзеге асып келе жатқанын жеткізді. Осы уақыт аралығында ел аумағында белсенді ұзақ өмір сүрудің 45 орталығы ашылды. Онда зейнет жасындағы 60 мыңнан астам адам бос уақытын өткізеді.

▫️Бұдан соң «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы «Gold King» спорттық-сауықтыру кешенінде параспортшылармен жүздесіп, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау және қолжетімді қалалық орта құру мәселелерін талқылады.

▫️Осы күні Асхат Оралов Шығыс Қазақстан облысының партия активімен кездесіп, «AMANAT» партиясын жаңғыртудың басымдықтарын талқылады.

▫️Белсенді жастармен кездесу кезінде өскелең ұрпақты жергілікті жерлерде толғандыратын негізгі мәселелер талқыланды. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы жас депутаттар корпусында «AMANAT» партиясына мүше 35 жасқа дейінгі 43 отандасымыз бар.

🔗Толығырақ: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy
​​Партия «AMANAT»: встречи в регионах продолжились на востоке страны

В Восточно-Казахстанской области Исполнительный секретарь партии «AMANAT» Асхат Оралов провел ряд встреч с общественностью, представителями интеллигенции, активом партии и молодежью, обсудив вопросы реализации Послания и модернизации партии в соответствии с задачами по построению «Жаңа Қазақстан». Кроме того, Исполнительный секретарь принял участие в мероприятиях по линии партийных проектов «Ардагерлерді ардақтайық» и «Кедергісіз келешек».

▫️В музее-заповеднике Абая «Жидебай-Бөрілі» Исполнительный секретарь партии встретился с аксакалами Абайского района.

«Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем историческом Послании 16 марта сообщил об образовании трех новых областей. Центром Абайской области станет город Семей, это исторически справедливое решение, которое прежде всего придаст мощный импульс развитию региона, создав новые возможности для его жителей», - сказал А.Оралов.

▫️В свою очередь акын, член Союза писателей Казахстана Толеген Жангалиев отметил, что этого решения жители Семея ждали давно.

«Мы внимательно слушали Послание Президента и полностью его поддерживаем. Особую радость у нас вызвало решение Президента о создании Абайской области. Оно свидетельствует о его особом отношение к родине великого Абая. На следующее же утро аксакалы района направили Главе государства телеграмму с благодарностью», - поделился Т.Жангалиев.

▫️В городе Семей на встрече с интеллигенцией были обсуждены вопросы сохранения исторического наследия, восстановления историко-культурных памятников и развития искусства.

▫️Также Исполнительный секретарь навестил ветерана Великой Отечественной Войны 100-летнего Александра Атавина и заслуженных деятелей партии Оралхана Сартаева и Владимира Халина. Асхат Оралов отметил, что с целью заботы о людях старшего поколения с 2014 года реализуется партийный проект «Ардагерлерді ардақтайық». За это время по всей стране открыто 45 центров активного долголетия, где проводят досуг более 60 тысяч пожилых людей.

▫️Далее в спортивно-оздоровительном комплексе «Gold King» Исполнительный секретарь «AMANAT» встретился с параспортсменами, обсудив вопросы поддержки людей с особыми потребностями и создания доступной городской среды в рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек».

▫️В этот же день Асхат Оралов встретился с партийным активом Восточно-Казахстанской области, обсудив приоритеты модернизации «AMANAT».

▫️В ходе встречи с молодыми активистами были обсуждены ключевые вопросы, волнующие молодежь на местах. На сегодня в Восточно-Казахстанской области в корпусе молодых депутатов от партии «AMANAT» состоят 43 казахстанца в возрасте до 35 лет.

🔗Подробнее: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇

@AMANATPartiyasy