AMANAT партиясы
6.57K subscribers
22.2K photos
3.82K videos
12 files
5.73K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
🇰🇿🇰🇿🇰🇿Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында өткен бокс кешінде Риота Муратаны тоғызыншы раундта нокаутқа жіберді. Бұл – біздің чемпионның кәсіпқой рингтегі 42-жеңісі. Боксшы WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанды.

Жеңіс құтты болсын!
​​«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды

Биыл наурыз айынан бастап партияның мобильді қоғамдық қабылдауларына 147 шалғай ауылдың 1500-ден астам тұрғыны жүгінді.

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Бүгін партия мүшелері Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды. Қабылдауға бір күнде 250-ге жуық азамат келіп, барлығы 10 шалғай елді мекен қамтылды.

Кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта жандандыруды тапсырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс екенін атап өтті.

«AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов көшпелі мобильді топтардың басты міндеті –тұрғындардың түйінді мәселелерді алға тартып келуін күту емес, оларға өздері бару екенін атап өтті.

«Шалғай ауылдардың тұрғындары үшін облыс орталығына жету үшін 300 шақырымды жүріп өту қажет. Ал жолдың нашарлағыннан қарттар мен көлігі жоқ адамдар үшін діттеген жеріне жету тіптен қиын.Сондықтан алдағы уақытта мобильді қоғамдық қабылдаулар Қазақстанның барлық өңірлерін аралайды», - деді ол.

@AMANATPartiasy
​​Мобильные общественные приемные партии «AMANAT» выехали в Туркестанскую и Северо-Казахстанскую области

Начиная с марта месяца т.г. в мобильные общественные приемные партии обратилось более 1500 жителей из 147 отдаленных сел.

Продолжаются выезды мобильных общественных приемных «AMANAT». Сегодня партийцы выехали в Туркестанскую и Северо-Казахстанскую области. Всего за день было охвачено 10 отдаленных населенных пунктов, на прием пришли порядка 250 граждан.

Как известно, на внеочередном ХХІІ Съезде Председатель партии Касым-Жомарт Токаев поручил перестроить партийную работу, отметив, что общественные приемные партии должны стать местами притяжения для граждан, которые могли бы приходить туда не только с жалобами, но и с конкретными идеями по развитию страны.

Заместитель заведующей Республиканской общественной приемной партии «AMANAT» Азамат Биржанов подчеркнул, что главная задача выездных мобильных групп – не ждать, когда люди придут с проблемой, а самим приехать к ним.

«Для жителей отдаленных сел выезд в областной центр – это всегда целое событие, когда нужно преодолеть 300 км и более, и не всегда по хорошей дороге. Особенно сложно пожилым, и людям, у которых нет машины. Поэтому в ближайшие месяцы мобильные общественные приемные объедут все регионы Казахстана», – сказал он.

@AMANATPartiasy
​​📌Бүгін «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Бүгін партия мүшелері Түркістан және Солтүстік Қазақста облыстарына барды. Қабылдауға бір күнде 250-ге жуық азамат келіп, барлығы 10 шалғай елді мекен қамтылды.

◽️Аманаттықтар Түркістан облысына қарасты Жеңіс, Ақтөбе, Темір, Қарақоңыр және Қоғам сияқты барлығы 5 ауылға барды. Тұрғындарды фермерлік шаруашылықты субсидиялау, мектептер мен балабақша құрылысын жүргізу, жер телімдерін бөлу және басқа да мәселелер толғандырады.

▫️Мәселен, Түркістан облысына қарасты Жеңіс ауылының тұрғыны Әуескүл Үздеубай ауылдық емхана жанынан дәріхана ашылуына көмек көрсетуді сұрады.

«Зейнеткерлерге қажетті дәрі-дәрмекті сатып алу үшін аудан орталығына баруға тура келеді. Тіпті туыстарынан немесе достарынан Шымкенттен қажетті дәрілерді жеткізіп беруді сұрайтын сәттер де болады. Егер дәріхана емханамен бір ғимаратта болса, бұл өте ыңғайлы болар еді», - деді Әуескөл Үздеубай.

◽️Ал жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Жаңабекұлы ауылға газ құбырын тарту мәселесін көтерді.

«Елімізде газ мәселесі өзекті. Ауылымыз шағын, 420 үй бар. Егер газ берілсе, тұрмысымыз жеңілдеп қалар еді. «AMANAT» партиясының осылай халықпен кездесулер өткізуі игілікті іс», - деді ақсақал.

◽️Өз кезегінде Жеңіс ауылының тұрғыны Әділбек Усманов су тапшылығы мен оның қымбаттығына назар аударды.

«Р-6 каналы» 1967 жылы құрылып, су сыйымдылығы секундына 2000 куб текше метр болған. Қазіргі таңда 1400 метрге азайған. Арықтың бойында жүзден астам шаруа қожалық бар. Жаңа жайылым жерлерге су жеткізу қиын. Сонымен қатар, мың текше метр үшін тариф 800 теңге алады, бұл өте көп. Барлық су арналарына күрделі жөндеу қажет. Ал сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мамандар мен жергілікті тұрғындардан бақылау комиссиясы болуы қажет. Мәселе шешіледі деп үміттенеміз», – деді ол.

@AMANATPartiasy
​​📌Бүгін «AMANAT» мобильді бригадалары Солтүстік Қазақстан облысындағы шалғай елді мекендердің тұрғындарын қабылдады. Партия мүшелері Келлеровка, Имантау, Ясная Поляна, Далматово, Қиялы ауылдарында болды.

◽️Келлеровка ауылында тұрғындар азық-түлік бағасын реттеуді және дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мүмкіндігін қарастыруды және көшге жарық орнатуды сұрады.

«Біздің округтегі ең өзекті мәселенің бірі – Октябрь көшесіндегі жол. Биылдан қалмай жөндеу және жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі деп үміттенеміз», - дейді жергілікті тұрғын Сандуғаш Боранбаева.

◽️Тұрғындардың су жүйелерінің жұмысына қатысты да көптеген шағымдары бар. Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелерінің айтуынша, мұндай мәселелер әрбір ауданда көтеріледі деуге болады. Келлеровкадағы жағдайға келетін болсақ, мұнда орталық сумен жабдықтау ешқашан болған емес, тұрғындар суды арнайы пункттерден сатып алуға мәжбүр.

«Бүгін бізге айтылған сұрақтарды Экология министрлігіне қоямыз. Келлеровкада 2,5 мың адам тұрады және XXI ғасырда суға қатысты осындай проблемалардың болуы, әрине өте қолайсыз жағдай», - деп атап өтті «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева.

@AMANATPArtiasy
​​«AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті. Оған депутаттар, үкімет мүшелері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеңесте Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған реформаларды жүзеге асыру кезеңінде БАҚ-тың рөлі, жауапкершілігі, әлеуметтік күйі, кәсіби әлеуеті және «Жаңа Қазақстан: мәдени-рухани әлем және кітап шығару» тақырыптары қаралды.

Партияның кезектен тыс ХХІІ-ші Съезінде Президент, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны түбегейлі қайта жаңғыртудың мақсат-міндеттерін айқындап, «AMANAT» партиясының мемлекеттің тәуелсіздігі мен елдің бірлігі үшін қызмет ететініне зор сенім білдірді.

Осы орайда кеңес отырысын ашқан партия Атқарушы хатшысы Асхат Оралов соңғы екі айда қоғамда, партия құрылысында үлкен өзгерістер орын алып, Жаңа Қазақстан құру жолындағы трансформацияның партиядан басталғанын айтты.

Ол халықпен кері байланысты жетілдіру мақсатында құрылымы қайта жасақталған партия жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысындағы өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясы биыл ұлттық мәдениет пен өнерді қолдауда бірнеше іс-шараны қолға алады. Соның бірі – айтыс.

«Дәстүрлі «Алтын домбыра» ақындар айтысынан бөлек биыл «Бабалар аманаты» айтысын да ұйымдастыруды ұсынамыз. Партия әрдайым халықтың сөзін сөйлейтін сөз зергерлерін қолдайды. Бұдан бөлек, биыл еліміз ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы және Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл секілді айтулы даталарды атап өтеді. Осы мерейтойларды атап өтуге партия жан-жақты қолдау көрсетеді», - деді А.Оралов.

Кеңес отырысында сөз алған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Президент Жолдауында айтылған мәдени мұраларымыз бен тарихымызды тануға қатысты қойылған міндеттерге сәйкес, министрліктің қолға алған ауқымды жұмыстарына тоқталды.

📌Сондай-ақ, жиында жазушы, қоғам қайраткері Алдан Смайыл, «Қазақстан Жазушылар Одағы» басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли, «Қазақ медиа қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі басқару кеңесінің төрағасы Ербол Азанбек, тележурналист Әйгерім Ағылтаева және басқа да зиялы қауым мен БАҚ өкілдері мәдениет пен руханият төңірегінде келелі әңгіме қозғап, ұсыныстарын ортаға салды.

🔗Толығырақ: 𝗔𝗺𝗮𝗻𝗮𝘁𝗽𝗮𝗿𝘁𝗶𝗮𝘀𝘆.𝗸𝘇

@AMANATPartiasy