AMANAT партиясы
6.58K subscribers
22.2K photos
3.81K videos
12 files
5.73K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
🗣«AMANAT және AI: Bolashaqqa Qadam»: партия Digital Bridge-де цифрлық бастамаларды ұсынды

«Digital Bridge 2025» халықаралық форумы аясында «AMANAT» партиясы «AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam» панельдік сессиясын өткізді. Онда саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды. Заманауи ақпараттық технологиялардың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері, жасанды интеллектті заңнамалық тұрғыда реттеу, сондай-ақ техноұлт қалыптастыру перспективалары басты назарда болды.

Сессияда сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек цифрлық күн тәртібі жекелеген салалар шеңберінен шығып, еліміздің тұрақты дамуына қажет жағдайға айналатынын атап өтті.

«Әлемде цифрлық жарыс жүріп жатыр. Мұның бізге де тікелей қатысы бар. Осы цифрлық бәсекеде табысты болуымыз керек. Бұл туралы кеше осы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егжей-тегжейлі айтып берді.

Ол Қазақстан Еуразияның негізгі цифрлық хабына айналуға тиіс екенін атап өтті. Бұл бағытта мемлекет тарапынан айтарлықтай ауқымды жұмыс жүргізілді. Бізде мемлекеттік қызметтердің 92%-ы онлайн-форматта көрсетіледі. ТМД бойынша 1-ші және электронды үкімет индексі бойынша әлемде 28-ші орындамыз.

Ал бүгінде еліміз eGov-тан AI-Gov-қа көшіп жатыр. Осылайша, Қазақстан енді әлемдік үрдістерге бейімделіп қана қоймай, өзінің дербес цифрлық мемлекет үлгісін қалыптастыруда»
, – деді ол.


🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣«AMANAT и AI: шаг в будущее»: партия презентовала цифровые инициативы на Digital Bridge

На полях международного форума «Digital Bridge 2025» партия «AMANAT» провела панельную сессию «AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam», где обсуждалась роль искусственного интеллекта в политике, экономике и социальной сфере. В центре внимания оказались вызовы и возможности современных информационных технологий, законодательное регулирование ИИ, а также перспективы формирования технонации.

Выступая на сессии, Исполнительный секретарь партии «AMANAT» Дәулет Кәрібек подчеркнул, что цифровая повестка выходит за рамки отдельных отраслей и становится необходимым условием для устойчивого развития страны.

«В мире разворачивается цифровая гонка. И это напрямую касается нас. В этой цифровой конкуренции мы должны быть успешными. Об этом вчера на этой площадке подробно говорил Глава государства Касым-Жомарт Токаев.

Он отметил, что Казахстан должен стать одним из ключевых цифровых хабом Евразии. В этом направлении уже проведена значительная работа со стороны государства. Мы имеем 92% госуслуг в онлайн-формате. Это 1-е место в СНГ и 28-е место в мире по индексу электронного правительства. А сегодня наша страна переходит от e-Gov к AI-Gov.

Таким образом, мы теперь не просто следуем за мировыми трендами, а формируем собственную модель цифрового государства»
, – сказал он.


🌐Подробнее: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💐Достар!

Бүгін, 5 қазан – Ұстаздар күні!

«Ұстаз – ұлы есім» деп халқымыз бекер айтпаған. Ұстаз – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, олардың болашағына бағыт-бағдар көрсететін тұлға.

Елімізде білім беру саласына айрықша мән беріліп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Президент ретінде қабылдаған алғашқы шешімдердің бірі ұстаздарға қатысты болды. Мемлекет басшысының бастамасымен педагогтердің мәртебесін арттыру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұстаз – ұлттың шамшырағы, сондықтан елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты, олардың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс екенін атап өткен.

«AMANAT» партиясы да білім беру саласына тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасында ұстаздардың жалақысын көтеру, кәсіби біліктілігін арттыру, жас мамандарды қолдау мәселелері басты басымдықтардың бірі ретінде белгіленген. Бүгінде партия тарапынан білім беру нысандарының жағдайын жақсарту, ауыл мектептерін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, дарынды балаларға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Осынау айтулы күні барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM