Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тарихи мұраны дәріптеу мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.
«Елді біріктіріп, жастардың патриоттық сезімін арттыратын құрал – төл тарихымызды ұлықтау. 2027 жылы қазақ халқының тағдырын өзгерткен Бұланты шайқасына 300 жыл толады», – деді депутат.
Оның айтуынша, қазақ қолы жоңғарларға күйрете соққы берген осы шайқас ұлт тарихында алтын әріппен жазылды. «Бұланты шайқасы» туралы деректер болғанымен, оны ұлықтау әлі де тиісті деңгейде жүргізілмей отыр.
Осыған байланысты депутат Ерболат Сатыбалдин 2027 жылы Бұланты–Білеуті шайқасының 300 жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, тарихи тақырыптағы ғылыми жобаларға қолдау көрсетуді және Ұлытаудағы батырлар стелласын жаңғыртып, туризмді дамыту шараларын қолға алуды ұсынды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Отечественные производители все чаще сталкиваются с необоснованными задержками при таможенном оформлении импортного сырья, что угрожает их стабильной работе. Об этом заявил депутат Мажилиса, член фракции партии «AMANAT» Айдос Сарым.
По словам парламентария, отсутствие прозрачных и четких регламентов на таможне превращает процесс оформления в «лототрон»: грузы распределяются по режимам контроля случайным образом, а проведение экспертиз затягивается на долгий срок. Это особенно критично для предприятий, зависящих от скоропортящихся или специфических материалов, которые не производятся в Казахстане.
«Предприятие ввезло товар. Оплатило все необходимые налоги и сборы. Почему не может использовать товар? Таможенный инспектор при взятии образца - видит, что данный товар не контрабандный. Нет подмены товара. Почему груз должен хранится платно у частной компании? А нет ли здесь коррупционного сговора?», – задался вопросом Айдос Сарым.
Депутат подчеркнул, что подобная практика противоречит Посланию Президента, где акцент сделан на поддержку МСБ, устранение административных барьеров, цифровизацию госуслуг и внедрение искусственного интеллекта. В связи с этим он призвал Министерство финансов принять системные меры по упрощению таможенных процедур и обеспечить реальную поддержку производственного сектора.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге шағын және орта бизнесті қолдау шаралары бойынша депутаттық сауал жолдады.
«Кез келген мемлекеттің дамуы кәсіпкерліктің өркендеуіне байланысты. Бірақ қазір шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне кәсіпкерлер күмәнмен қарай бастады. Өйткені уәде етілген субсидия уақытылы төленбей, бағдарламалар өңірлерде тоқтап тұр. Ал банктер 25 пайыздық жоғары мөлшерлемемен несие ұсынып, кәсіпкерлерді қарыздың қамытына байлап отыр», – деді депутат.
Мәжілісменнің айтуынша, ресми деректерде 300 млрд теңгеге жуық жобалар мақұлданғаны айтылады. Алайда іс жүзінде оның тек 120 млрд теңгесі ғана кәсіпкерлерге жеткен. Бұл – өтініш бергендердің небәрі 40 пайызы.
«Жағдай осылай жалғаса берсе, мемлекеттік қолдаудың беделі түсіп, бизнестің сенімі жоғалады. Сондықтан субсидия төлемдерін қайта жандандырып, «Даму» қорының жұмысын ашық әрі тиімді ету қажет. Сонымен қатар кәсіпкерлер үшін кепілдік шарттарын жеңілдету керек. Қазір бизнес қолдаудан гөрі түрлі тосқауылға тап болып отыр»
, – деді Мақсат Толықбаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Биыл сегіз айда Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар арасында 122 өз-өзіне қол жұмсау фактісі тіркелді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға төмен. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысында айтылды. Кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева былтыр ашылған психологиялық қолдау орталықтары барлық өңірде суицидтің алдын алудың негізгі институционалдық құралы болғанын атап өтті.
Оның айтуынша, басты міндет – өз-өзіне қол жұмсау тәуекелдерін уақтылы анықтау және мұқтаж жандарға дер кезінде қолдау көрсету. Ол үшін психологиялық қолдау орталықтары (ПҚО) мектеп психологтарының жұмысын жүйелі әрі кәсіби тұрғыда ұйымдастыруы аса маңызды.
«AMANAT» партиясының Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесі алаңында еліміздің барлық өңіріндегі ПҚО жетекшілері жиналды. Оның жұмысына Мәжіліс депутаттары, министрліктердің, әкімдіктердің және бейінді ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен әлеуметтік педагогтар қатысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
За восемь месяцев текущего года в Казахстане зафиксировано 122 факта суицида среди несовершеннолетних – это на 5,5% меньше, чем за аналогичный период прошлого года. Об этом стало известно в ходе заседания Республиканского совета по вопросам семьи и социальной защиты населения при партии «AMANAT». Председатель Совета, Уполномоченный по правам ребенка в Республике Казахстан Динара Закиева отметила, что ключевым институциональным инструментом профилактики суицидов во всех регионах являются открытые в прошлом году центры психологической поддержки.
По ее словам, главная задача – вовремя выявить суицидальные риски и своевременно оказать нуждающимся необходимую помощь и поддержку. Для этого крайне важно, чтобы центры психологической поддержки (ЦПП) организовали системный и профессиональный подход в работе психологов школ.
Совет по вопросам семьи и социальной защиты собрал на площадке партии «AMANAT» руководителей ЦПП со всех регионов страны. В его работе также приняли участие депутаты Мажилиса, представители министерств, акиматов и профильных ведомств, а также эксперты и социальные педагоги.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы аясында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері «Тұлғалар тұғыры» мемориалдық кешенінде тазалық акциясын өткізді. Бұл іс-шара абаттандыру жұмысынан бөлек, жастар үшін ел тарихын ұлықтаған тағылымды дәріске айналды.
Қордай ауданының Кенен ауылында орналасқан «Тұлғалар тұғыры» кешені ел тарихында аты қалған бірқатар дара тұлғаларға арналған. Мұнда жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқан жауынгер Өтеген батыр, әділдігімен, шешендігімен танылған Кебекбай шешен, Жетісу өңірінің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарған тұлға Ноғайбай би, сондай-ақ 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде алдыңғы қатарда жүрген ақындардың бірі Кенен Әзірбаев есімдері мәңгілікке қашалып жазылған.
«Бұл іс-шараның мәні тек тазалықпен шектелмейді. Бұл – тарихқа тағзым, елді қорғап, іргесін бекіткен бабалар рухына құрмет. Ата-бабамыздың ерен еңбегі, бірлігі, туған жерге адалдығы бізге мәңгі өнеге. Осындай ескерткіштер бүгінгі ұрпақ үшін нағыз патриотизм мектебі. Егер бірлікті жоғалтсақ, бізді халық қылып ұйыстыратын қасиетті құндылықтардан айырылып қалуымыз мүмкін», – дейді жергілікті тұрғын Көшербай Абдраманұлы.
Вандализмге қарсы күрес – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі. Себебі ескерткіштерді бүлдіру – халықтың тарихи жадына жасалған қастандық. Өткен жылдың жазында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализм әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейтетін арнайы заңға қол қойды. Бұл құжатты Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері әзірлеген болатын. Заң – қоғам талабының айқын көрінісі. Себебі вандализмге қарсы азаматтық петицияны мыңдаған тұрғын мен «Жастар Рухы» жастар қанаты қолдаған еді.
«Тұлғалар тұғыры» – қасиетті мекен, ұлттық бірліктің және ұрпақтар сабақтастығының символы. Бұл кешен елдің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың есімін дәріптейді. Жастар олардың ерлігін, еңбегін білуі тиіс. Өйткені тарихын білмеген халықтың болашағы болмайды»
, – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Акерке Искандерова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Жамбылской области в рамках Road-эстафеты «Taza Qazaqstan» активисты партии «AMANAT» и молодёжного крыла «Жастар Рухы» провели акцию по очистке мемориального комплекса «Тұлғалар тұғыры». Это событие стало не просто мероприятием по благоустройству, а настоящим уроком истории под открытым небом, в котором молодёжь соприкоснулась с памятью о великих личностях.
Комплекс «Тұлғалар тұғыры», расположенный в селе Кенен Кордайского района, посвящён выдающимся личностям, чьи имена навсегда вписаны в летопись Казахстана. Здесь увековечены Отеген Батыр, бесстрашный воин, сражавшийся с джунгарскими захватчиками; Кебекбай шешен – неподкупный судья, мастер слова и народной мудрости; Ногайбай би, сыгравший важную роль в общественной жизни Жетысу и выступавший за развитие образования и сохранение независимости; выдающийся композитор, певец, импровизатор Кенен Азербаев был сторонником национально-освободительного движения 1916 года.
«Для нас эта акция – не только про чистоту. Это возможность прикоснуться к великой истории, вспомнить имена тех, кто защищал и строил Казахстан. Убирая территорию, мы словно учимся у предков стойкости, единству и верности своей земле. Такие памятники – это школа патриотизма для нашего поколения. Мы должны быть едины, чтобы не позволить забвению или вандализму разрушать то, что связывает нас как народ», – говорит местный житель Кошербай Абдраманулы.
Борьба с вандализмом остаётся важнейшей задачей для партии «AMANAT». Любое осквернение памятников – это покушение на историческую память народа. Летом прошлого года Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал специальный закон, который ужесточил ответственность за акты вандализма. Его разработали депутаты Мажилиса, члены фракции партии «AMANAT». Документ стал прямым ответом на общественный запрос: петицию против вандализма, инициированную активистами, поддержали тысячи граждан и молодёжное крыло «Жастар Рухы».
«Тұлғалар тұғыры» – сакральное место, символ национального единства и преемственности поколений. Комплекс увековечивает имена героев, внесших неоценимый вклад в становление и развитие страны. Молодёжь должна знать об этих личностях, их жертвах и подвигах, чтобы чувствовать ответственность за развитие Казахстана. Народ, который не знает свою историю, не имеет будущего»
, – сказала председатель молодежного крыла «Жастар Рухы» Акерке Искандерова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM