AMANAT партиясы
6.57K subscribers
22.2K photos
3.81K videos
12 files
5.66K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌Жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мәселесі талқыланды

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы Қазақстан-Американдық еркін университетінде өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алуға және шешуге бағытталған «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының, партияның «Қарызсыз қоғам» жобасының өкілдері, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қорлан Тұғамбаева қатысты.

Жиынға қатысушылар қазіргі цифрлық қоғамда алаяқтардан және өзге де қауіпті тұлғалардан қалай сақтануға болатынына қатысты мол тәжірибесімен, терең білімімен бөлісті.

«Интернет кеңістігінде алаяқтық схемалары өте көп. Одан ешкім толық сақтандырылмаған. Әр азамат қаржылық алаяқтықтың қандай түрлері және нендей салдары бар екенін білуге тиіс. Өкінішке қарай, студенттер қауымы да осындай схемалардың тұзағына түсіп, құмар ойындардың, қаржы пирамидаларының құрбанына айналып жатады. Сондықтан жастардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмысын күшейтіп, барлық ақпаратпен бөлісуге әркез дайынбыз», – деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жанар Тайқаранова.


Сондай-ақ, басқосу барысында лудомания мәселесі де назардан тыс қалмады. Жастардың тәуекелді түсініп қана қоймай, тәуелділік пайда болған жағдайда көмек сұрай білуі қаншалықты маңызды екені айтылды.

«Басты мақсат – студент жастарға интернет алаяқтықтан қалай сақтану керек екенін үйретіп, мұндай жағдайда қайда жүгінуге болатынын түсіндіру. Жастар қауымы алаяқтардың құрбанына айналса қалай әрекет ету керек екенін білуі аса маңызды», – деді Қорлан Тұғамбаева.


Іс-шара ашық пікірталас форматында өтіп, студенттер сарапшылар қауымына өздерін толғандырған сұрақ-сауалдарын жолдады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
♻️Таза бейсенбі: Игі іске тұрғындар мен белсенділер де қатысуда

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. Бұл шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асуда.

Ақтөбе облысында партия белсенділері Ақжар ауылындағы зейнеткер Сәуле Исмағұлова мен Қобда ауылындағы тыл ардагері Петр Резниктің ауласын қардан тазартты.

«Еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған акция аясында осыған дейін бірнеше өзен маңын тазарттық, ардагерлерге құрмет көрсетіп, ескерткіштер маңында сенбіліктер өткіздік. Бұл жолы қарияларға көмек көрсетуді ұйғардық. Өйткені табиғат ортақ, ал қариялар қашан да құрметке лайық», – деді партияның Хромтау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Майра Балқыбаева.


Атырау облысы Махамбет ауданындағы «Таза бейсенбі» акциясында орталық алаң қардан тазартылып, 2 тонна қар шығарылды.

Қыстыгүні қарт кісілерге қол ұшын созу жұмыстары Батыс Қазақстан облысында да жалғасын тапты. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың еріктілер тобымен бірлесіп, жалғызбасты қарияларға көмек көрсетті.

Алматы қаласының Наурызбай ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында егде жастағы тұрғындардың аулалары мен үйлері тазаланды. Акцияға ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алматы департаментінің сержанттар құрамын даярлау бөлімі мен ерікті жастар қатысты.

«Бұл іс-шара ауданымызды көркейтуге және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға үлкен үлес қосады. Экологиялық мәдениетті дамытып, таза әрі жайлы орта қалыптастыру – ортақ міндетіміз», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Алматы қаласы Наурызабай аудандық филиалының төрағасы Баймұрат Жамбылов.


🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
♻️В экоакции «Таза бейсенбі» участвует всё больше людей

По инициативе партии «AMANAT» во всех регионах страны продолжается экологическая акция «Таза бейсенбі», направленная на защиту окружающей среды и развитие экологической культуры. Эти мероприятия проходят в рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан», объявленной Президентом Касым-Жомартом Токаевым.

В Актюбинской области партийные активисты очистили от снега дворы пенсионерки Сауле Исмагуловой в селе Акжар и ветерана тыла Петра Резника в селе Кобда.

– В рамках этой акции мы уже очистили берега нескольких рек, провели субботники возле памятников, оказываем помощь ветеранам. В этот раз мы решили помочь пожилым людям. Ведь природа принадлежит всем, а уважение к старшим – наша святая обязанность, – отметила исполнительный секретарь Хромтауского районного филиала партии Майра Балкыбаева.


В Махамбетском районе Атырауской области в ходе акции «Таза бейсенбі» центральная площадь была очищена от снега, вывезено 2 тонны снега.

Помощь пожилым людям в зимний период продолжается и в Западно-Казахстанской области. Активисты молодежного крыла «Жастар Рухы» совместно с волонтерами ресурсного центра по работе с молодежью помогли одиноким пенсионерам.

В Наурызбайском районе Алматы в рамках партийного проекта «Ардагерлерді ардақтайық» активисты очистили дворы и дома пожилых жителей. В акции приняли участие сотрудники Департамента пограничной службы КНБ РК и волонтеры.

– Это мероприятие вносит значительный вклад в благоустройство нашего района и улучшение качества жизни горожан. Развитие экологической культуры и создание чистой, уютной среды – наша общая задача, – подчеркнул председатель Наурызбайского районного филиала партии «AMANAT» Баймурат Жамбылов.


🌐Подробнее: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Достар!

📚Баршаңызды 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген болатын. Осы орайда, кітап сыйлау үрдісі де ел азаматтары арасындағы кітап оқу мәдениетін нығайта түседі деген сенімдеміз. «Жақсы кітап – жан азығы». Жата-жастана оқитын, бір-бірімізге сыйлай алатын кітаптарымыз әрдайым көп болғай!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Елімізде Байланыс, көлік және пошта салаларында елеулі өзгерістер болмақ. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Заңға қол қойды. Айта кету керек, бұл заң Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері бастамашылық еткен құжат негізінде әзірленген.

Заң күшіне енгеннен кейін қандай өзгерістер болатынын инфографикамыздан көре аласыз ➡️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Сферы связи, транспорта и почты ждут значительные изменения. На днях соответствующий Закон подписал Глава государства Касым-Жомарт Токаев. Стоит отметить, что он был разработан по инициативе депутатов Мажилиса, членов фракции партии «AMANAT».

О том, что изменится со вступлением Закона в силу, смотрите в нашей инфографике ➡️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM